Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 74-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:

      1) 3-баптың 3) тармағындағы "214-бапта" деген сөздер "214 және 301-1-баптарда" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) мынадай мазмұндағы 301-1-баппен толықтырылсын:

      "301-1-бап. Шегілмейтін темекі бұйымдарының, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтардың айналымы

      1. Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды сату және тарату –

      екі жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не елу тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды әкелу, өндіру –

      мүлкі тәркіленіп немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген іс-әрекеттер, егер:

      1) оларды қылмыстық топ жасаса;

      2) олар аса ірі мөлшерде кіріс алумен ұштасса;

      3) бірнеше рет жасалса, –

      мүлкі тәркіленіп, бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.";

      3) 317-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "317-бап. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы

      1. Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы, тиісінше орындамауы, егер бұл іс-әрекеттер абайсызда адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтіруге алып келсе, –

      бір жүз айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не бір жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не отыз тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады.

      2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда денсаулыққа ауыр зиян келтіруге алып келген іс-әрекеттер –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан бір жылға дейінгі мерзімге айыра отырып немесе онсыз, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      3. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда адам өліміне алып келген іс-әрекеттер –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, төрт жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      4. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне алып келген іс-әрекеттер –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, алты жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

      5. Медицина қызметкерінің, сол сияқты халыққа тұрмыстық немесе өзге де қызмет көрсету ұйымы қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды тиісінше орындамауы, егер бұл іс-әрекет басқа адамға АИТВ жұқтыруға алып келсе, –

      белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан үш жылға дейінгі мерзімге айыра отырып, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.".

      2. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:

      1) 32-баптың үшінші бөлігі "251 (бірінші бөлігінде)," деген сөздерден кейін "317 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын;

      2) 187-баптың 4-1-бөлігінің бірінші абзацындағы "250-баптарында" деген сөздер "250, 301-1 (үшінші бөлігінде)-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 191-бапта:

      үшінші бөліктегі "248 (бірінші бөлігінде)-баптарында" деген сөздер "248 (бірінші бөлігінде), 301-1 (екінші бөлігінде)-баптарында" деген сөздермен ауыстырылсын;

      он алтыншы бөлік "296 (бiрiншi, екiншi және үшiншi бөлiктерiнде)," деген сөздерден кейін "301-1 (бірінші бөлігінде)," деген сөздермен толықтырылсын.

      3. 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне:

      1) 133-бапта бүкіл мәтін бойынша ", тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды" деген сөздер алып тасталсын;

      2) 197-бапта бүкіл мәтін бойынша ", тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 199-бапта бүкіл мәтін бойынша ", тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 423-1-бапта бүкіл мәтін бойынша ", тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды" деген сөздер алып тасталсын.

      4. 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне:

      144-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру бөлігіндегі жеке тұлғалардың жолданымдары бойынша жоспардан тыс тексеру Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.".

      5. 2020 жылғы 7 шілдедегі "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне:

      1) 1-баптың 1-тармағында:

      82) тармақшадағы "жеке тұлға біліктілігінің" деген сөздер "жеке тұлғаның біліктілік деңгейінің" деген сөздермен ауыстырылсын;

      83) тармақшадағы "біліктілігін" деген сөз "біліктілік деңгейін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      261) тармақша алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 294-1) және 294-2) тармақшалармен толықтырылсын:

      "294-1) электрондық тұтыну жүйелері (вейптер) – никотинді жеткізудің электрондық жүйелері және никотин болып табылмайтын өнімдерді жеткізудің электрондық жүйелері – құрамында никотин бар немесе жоқ сұйықтықты, басқа да химиялық заттарды, пайдаланушы жұтатын аэрозоль түзілетін хош иістендіргіштерді (картридждерде, резервуарларда және басқа да контейнерлерде) электрондық технологиялардың (аккумулятордың) көмегімен қыздыратын құрылғылар (оның ішінде электрондық сигареттер);

      294-2) электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) арналған хош иістендіргіш – электрондық тұтыну жүйелері (вейптер) өнімдерінің дәмі мен иісінің, оның ішінде бөлінетін аэрозоль (түтін, бу) иісінің тартымдылығын арттыру мақсатында аксессуарлар немесе басқа да әртүрлі тәсілдер мен материалдар арқылы берілетін табиғи немесе жасанды жолмен алынған кез келген ингредиент немесе заттар комбинациясы;";

      2) 7-бапта:

      мынадай мазмұндағы 31-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "31-1) медицина қызметкерлерінің толтыруы үшін міндетті құжаттаманың тізбесін әзірлейді және бекітеді;";

      41) тармақша "растау" деген сөзден кейін ", біліктілік деңгейін беру және растау" деген сөздермен толықтырылсын;

      104-1) тармақшадағы "104-1) стратегиялық" деген сөздер "104-2) стратегиялық" деген сөздермен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 104-3) және 104-4) тармақшалармен толықтырылсын:

      "104-3) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шартын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;

      104-4) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларын қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша әзірлейді және бекітеді;";

      3) 13-баптың 20) тармақшасындағы "уәкілетті органмен келісу бойынша" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 30-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:

      "6. Пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеуі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жеке тұлғаның жолданымы бойынша медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауға негіз болып табылады.";

      5) 35-баптың 3-тармағының екінші бөлігі "медициналық оқыс оқиғалар" деген сөздерден кейін "немесе медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру" деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 63-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Жеке тұлғалардың денсаулық сақтау саласындағы маман сертификаты, тиісті мамандық бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі және медициналық қызметке арналған лицензиясы, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты болған кезде жеке медициналық практикамен айналысуға құқығы бар.";

      7) 77-баптың 1-тармағында:

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) медицина қызметкері мен денсаулық сақтау субъектісін еркін таңдауға;";

      12) тармақша "зиянды" деген сөзден кейін ", оның ішінде сақтандыру төлемін жүзеге асыру арқылы" деген сөздермен толықтырылсын;

      8) 110-бапта:

      бүкіл мәтін бойынша ", тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды", ", тұтынудың электрондық жүйелерін", ", тұтынудың электрондық жүйелерінің және оларға арналған сұйықтықтардың", ", тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтарды", "тұтынудың электрондық жүйелері және оларға арналған сұйықтықтар", ", тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтардың", ", тұтынудың электрондық жүйелерін және сұйықтықтарды", "тұтынудың электрондық жүйелеріндегі және оларға арналған сұйықтықтардағы", ", сондай-ақ тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды" деген сөздер алып тасталсын;

      9-тармақ "темекі бұйымдарын" деген сөздерден кейін ", электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды" деген сөздермен толықтырылсын;

      16-тармақта:

      бірінші бөлікте:

      "Темекіге" деген сөз "Шегілмейтін темекі бұйымдарына, темекіге" деген сөздермен ауыстырылсын;

      "темекі бұйымдарына" деген сөздерден кейін ", оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекі қыздыруға арналған жүйелерге, электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге), оларға арналған хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарға" деген сөздермен толықтырылсын;

      9) 115-бапта:

      2-тармақ 10) тармақшасының бесінші абзацындағы "(шұғыл хабарлауды) қамтамасыз етуге міндетті." деген сөздер "(шұғыл хабарлауды);" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:

      "11) медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды қамтамасыз етуге міндетті.";

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Денсаулық сақтау субъектілері медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына, медициналық көмек көрсету қағидаларына сәйкес медициналық көмек көрсетеді.

      Медицина қызметкерлері профилактиканың, диагностиканың, емдеудің және оңалтудың ең тиімді әдістерін таңдау кезінде ұсынымдық сипаттағы клиникалық хаттамаларды басшылыққа алады.";

      10) 128-баптың 2-тармағындағы "клиникалық хаттамаларға," деген сөздер алып тасталсын;

      11) 196-баптың 2-тармағындағы "клиникалық хаттамалар негізінде" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 270-бапта:

      1-тармақта:

      мынадай мазмұндағы 3-1), 3-2), 3-3), 3-4), 3-5) және 3-6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "3-1) медицина қызметкерлерінің балаларына тұрғылықты жеріндегі мектепке дейінгі ұйымдарда жергілікті атқарушы органдардың басым тәртіппен орын беруіне;

      3-2) пациент пен басқа да адамдар тарапынан медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметіне заңсыз араласудан және кедергі келтіруден қорғалуға;

      3-3) кәсібіне пациент пен басқа да адамдар тарапынан құрмет көрсетілуіне;

      3-4) ғылыми, зерттеу қызметін жүзеге асыруға, медициналық практикаға жаңа әдістемелер мен технологиялар ендіруге қатысуға;

      3-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен педагогикалық қызметті жүзеге асыруға;

      3-6) "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес медициналық мамандық бойынша әскери қызметті өткеруге немесе әскери қызметке шақыруды кейінге қалдыруға;";

      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "10) кәсіптік қызметті жүзеге асыру үшін жол жүруге байланысты көліктік шығыстарды өтетуге құқығы бар.";

      мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Медицина қызметкерлерінің осы бапта көзделген құқықтарын жүзеге асыру басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға тиіс.";

      2 және 5-тармақтар алып тасталсын;

      13) мынадай мазмұндағы 270-1, 270-2, 270-3 және 270-4-баптармен толықтырылсын:

      "270-1-бап. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру

      1. Медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектісі мен бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар арасында жасалатын медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты негізінде жүзеге асырылады.

      2. Медицина қызметкерлері осы Кодекстің 64-бабының 1), 2), 3), 4), 5) және 8) тармақшаларында көзделген медициналық қызмет түрін жүзеге асырғанға дейін денсаулық сақтау субъектілері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасасуға міндетті.

      Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты жыл сайын жасалады, сақтандыру мерзімі ішінде қолданылады және алғашқы сақтандыру жағдайы басталғанда өз қолданысын тоқтатпайды.

      Денсаулық сақтау субъектісі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасаспай медициналық қызметті жүзеге асыруға құқылы емес.

      3. Денсаулық сақтау субъектілерінің және (немесе) медицина қызметкерінің медициналық қызметті жүзеге асыруға байланысты өзінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін ерікті сақтандыру шартын жасасуы оларды медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасасу жөніндегі міндеттен босатпайды.

      Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының денсаулық сақтау субъектісімен медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шартын жасасудан бас тартуына жол берілмейді.

      4. Медицина қызметкерлерінің медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген зиянды өтеуге байланысты мүліктік мүдделері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру объектісі болып табылады.

      5. Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісі медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру жағдайы деп танылады.

      Медициналық оқыс оқиға сақтандыру жағдайы болып табылмайды.

      6. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік қызметті жүзеге асыруы кезінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру ықтималдығы сақтандыру тәуекелі деп танылады.

      7. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандырудың тәртібі мен өзге де шарттары медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандырудың үлгілік шарты негізінде тараптардың келісімімен айқындалады.

      270-2. Тәуелсіз сараптама комиссиясы. Тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы

      1. Денсаулық сақтау субъектісі пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінен пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туыстарының немесе заңды өкілінің медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жолданымы келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күні ішінде тәуелсіз сараптама комиссиясын құрады.

      Тәуелсіз сараптама комиссиясы медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау және растау мақсатында құрылады.

      Тәуелсіз сараптама комиссиясы сарапшылар ретінде тартылатын бейінді мамандардан, кәсіптік медициналық қауымдастықтардың және бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымының өкілдерінен тұрады.

      Тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысына медицина қызметкерлерінің кәсіптік одақтарының өкілдері және медиатор тартылуы мүмкін.

      Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы жолданымдарды қарау үшін сарапшылар ретінде тартылатын бейінді мамандар тізілімін облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қалыптастырады.

      Сарапшы ретінде тартылатын бейінді маман уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес келуге тиіс.

      Мынадай:

      1) сарапшы ретінде тартылғанға дейін бір жыл ішінде көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған;

      2) Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы бар;

      3) сарапшы ретінде тартылғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шығарылған немесе сарапшы ретінде тартылғанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) және 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде босатылған адам сарапшы ретінде тартылатын бейінді маман бола алмайды.

      Пациент не оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе заңды өкілі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жолданымды тәуелсіз сараптама комиссиясы қараған кезде қатысуға құқылы.

      Оқиға орын алған денсаулық сақтау субъектісінің өкілдері тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамына кіргізілмейді.

      Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамына бейінді мамандарды тарту мүмкін болмаған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы денсаулық сақтау субъектісінің жолданымы бойынша тиісті бейінді маманмен қамтамасыз етеді.

      Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің тәртібін және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды уәкілетті орган айқындайды.

      Тәуелсіз сараптама комиссиясы бес жұмыс күні ішінде медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) растайтын қорытынды шығарады.

      Тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы бейінді мамандардың медициналық көрсетілетін қызметтің (көмектің) тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы дәлелденген ғылыми және клиникалық деректер негізінде тұжырымдардың негізділігі мен дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беретін ережелерге негізделген сарапшылық пікірінен қалыптастырылады.

      Тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы сақтандыру жағдайының басталғанын растайды және медицина қызметкерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру шеңберінде ғана қолданылады.

      Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жолданымды қарау мерзімі тәуелсіз сараптама комиссиясының уәжді шешімімен ақылға қонымды мерзімге, бірақ медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге ұзартылуы мүмкін, ол жөнінде пациентке не оның жұбайына (зайыбына), жақын туысына немесе заңды өкіліне мерзім ұзартылған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде хабарланады.

      2. Денсаулық сақтау субъектісі тәуелсіз сараптама комиссиясының медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы туралы қорытындысын алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде оны пациентке не оның жұбайына (зайыбына), жақын туысына немесе заңды өкіліне және сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымына жібереді.

      Пациент не оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе заңды өкілі тәуелсіз сараптама комиссиясының медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы қорытындысымен келіспеген жағдайда медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік органға жүгінуге құқылы.

      Медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес шаралар қабылдайды.

      Пациент не оның жұбайы (зайыбы), жақын туысы немесе заңды өкілі тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысымен келіспеген жағдайда оған сот тәртібімен не Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасауға құқылы.

      3. Пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінің медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтірілгені туралы жолданымдары келіп түскен кезде облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары не медициналық қызметтер (көмек) көрсету саласындағы мемлекеттік орган пациентті не оның жұбайын (зайыбын), жақын туысын немесе заңды өкілін бірмезгілде хабардар ете отырып, осы баптың 1-тармағында көзделген шараларды қабылдау үшін жолданымдарды үш жұмыс күні ішінде денсаулық сақтау субъектісіне жібереді.

      270-3-бап. Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау

      1. Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілеріне ағымдағы талдауды жүргізеді, оның нәтижелері медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізіліміне енгізіледі.

      Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау медициналық ұйымның ішкі аудиті арқылы жүзеге асырылады, сондай-ақ оны облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары, медициналық қызметтер (көмек) көрсету, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар, уәкілетті орган жүзеге асырады.

      Медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін есепке алудың бірыңғай тізілімін қалыптастыру мен жүргізу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

      Қазақстан Республиканың әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетуге және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдалануға байланысты, пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің өліміне алып келуі мүмкін организмнің қалыпты жұмыс істеуінен ауытқуға негізделген оқиға медициналық оқыс оқиға болып табылады.

      2. Уәкілетті орган медициналық оқыс оқиғаның және сақтандыру жағдайларының басталу фактілерін талдау нәтижелері бойынша мыналарды:

      1) медициналық қызметтер көрсету стандарттары мен клиникалық хаттамаларды жаңартып отыруды;

      2) медициналық қызметтер (көмек) көрсету кезінде медициналық оқыс оқиға жағдайларын және сақтандыру жағдайларын жою және болғызбау жөнінде шаралар қабылдауды;

      3) білім беру бағдарламалары мен біліктілікті арттыру курстарын жетілдіруді;

      4) медицина қызметкерлерінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз етеді.

      270-4-бап. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерлері және сақтандыру төлемдерінің мөлшерлері

      1. Сақтандыру сыйлықақыларының (жарналарының) ең төменгі мөлшерлері, оларды төлеу тәртібі мен мерзімдері, сондай-ақ сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен мерзімдері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру қағидаларында белгіленеді.

      2. Медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру денсаулық сақтау субъектісінің есебінен жүзеге асырылады.

      3. Сақтандыру төлемінің мөлшері медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты негізінде айқындалады және мынадай мөлшерден кем болмайды:

      1) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген, мынадай мүгедектіктің белгіленуіне алып келген зиян үшін:

      үшінші топ – бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      екінші топ – алты жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      бірінші топ – сегіз жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      мүгедектігі бар бала – бес жүз еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      2) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген, оның өліміне алып келген зиян үшін үш мың еселенген айлық есептік көрсеткіш;

      3) медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына келтірілген, мүгедектік белгіленбеген зиян үшін ауруға байланысты нақты шығыстар мөлшерінде, бірақ үш жүз еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшерде.

      Сақтандыру төлемінің мөлшерін есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш пайдаланылады.

      4. Сақтандырылған медицина қызметкеріне қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 317-бабында көзделген құқық бұзушылықтар бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру қозғалған жағдайда, ол адвокат қызметіне ақы төлеуге нақты жүзеге асырылған шығыстарды өтету үшін бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына жүгінуге құқылы.

      Бір денсаулық сақтау субъектісінің сақтандырылған медицина қызметкерлеріне олардың адвокаттар қызметтеріне ақы төлеуге жұмсаған шығыстарын өтеудің жиынтық сомасы жыл сайын медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін ортақ сақтандыру шарты бойынша осы денсаулық сақтау субъектісі төлеген сақтандыру сыйлықақысы сомасының бес пайызынан аспауға тиіс.

      Медицина қызметкерінің адвокат қызметіне ақы төлеуге жұмсалатын шығыстары пациентке төленетін сақтандыру төлемінің мөлшеріне әсер етпейді.";

      14) 272-бап мынадай мазмұндағы 3-1 және 3-2-тармақтармен толықтырылсын:

      "3-1. Уәкiлеттi орган "Өз кәсібінің үздiгі" республикалық конкурсының әрбір аталымдағы жеңiмпаздарына республикалық бюджет туралы заңда белгiленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептiк көрсеткiштің бес жүз еселенген мөлшерiнде бiржолғы төлем бередi.

      "Өз кәсібінің үздiгі" атағын беру қағидаларын уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.

      3-2. Медицина қызметкерінің аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін оған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің бір мың еселенген мөлшерінде біржолғы төлем беріле отырып, "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағы беріледі.";

      15) 273-баптың 4-тармағы 9) тармақшасындағы "сұрау салуы бойынша жол беріледі." деген сөздер "сұрау салуы бойынша;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:

      "10) сақтандыру жағдайының басталуын анықтау мақсатында тәуелсіз сараптама комиссиясына және бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушыға беруге жол беріледі.".

      6. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы" 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 24-бапта:

      бірінші бөлік мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері;";

      мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" құрметті атағына ие болған медицина қызметкерлері "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде белгіленген мөлшерде біржолғы төлем алады.";

      2) 25-бап мынадай мазмұндағы төртінші абзацпен толықтырылсын:

      "− "Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері" − денсаулық сақтау саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін медицина қызметкерлеріне;".

      7. "Сақтандыру қызметі туралы" 2000 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 13-бапта:

      2-тармақ мынадай мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "4-1) сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы қызметінің нысанасы болып табылатын сақтандыру сыныбы (түрі) бойынша лицензиядан айырылған жағдайда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының міндеттемелерін қайта бөлуді қоса алғанда, қатысушыларды қосу және шығару рәсімдері;";

      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Уәкілетті органның нормативтік құқықтық актісінде көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушының пулдың қызметі шеңберінде өзі қабылдаған міндеттемелерді орындаудан бас тартуына жол берілмейді.

      Сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы өз қатысушыларының пул қызметі шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді, сол сияқты сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушылар да басқа қатысушылардың пул қызметі шеңберінен тыс туындаған міндеттемелері бойынша жауап бермейді.";

      2) 54-баптың 1-тармағының 2-6) тармақшасындағы "сақтандыру шартын жасасуға байланысты қызметтерді" деген сөздер "сақтандыру (қайта сақтандыру) пулының қызметін басқару жөніндегі көрсетілетін қызметтерді ұсынуды қоспағанда, сақтандыру шартын жасасуға байланысты көрсетілетін қызметтерді" деген сөздермен ауыстырылсын.

      8. "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      27-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 14-8) және 14-9) тармақшалармен толықтырылсын:

      "14-8) ауылдық елді мекендердегі аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындайды;

      14-9) кемінде бес жыл мерзімге ауылдық жерге жұмыс істеуге келген аса тапшы мамандықтардың медицина қызметкерлеріне республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын ең төмен жалақының бір жүз еселенген мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем төлеуді қамтамасыз етеді;".

      9. "Жарнама туралы" 2003 жылғы 19 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      13-бапта:

      1-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) темекі мен темекі бұйымдарын, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарын, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды, темекі бұйымдарын имитациялайтын өнімдерді;";

      5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) алкоголь өніміне, темекі және темекі бұйымдарына, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарына, қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға, қорқорға арналған темекіге, қорқор қоспасына, темекіні қыздыруға арналған жүйелерге, электрондық тұтыну жүйелеріне (вейптерге) және оларға арналған сұйықтықтарға сұраныс пен қызығушылықты ынталандыруға бағытталған әртүрлі іс-шаралар өткізу, соның ішінде жүлделі ұтыс ойындарын, лотереяларды ойнату нысанында;";

      1-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-1. Осы Заңның 14-2-бабының талаптарына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген шараптың тауар белгісін және (немесе) атауын жарнамалауды қоспағанда, алкоголь өнімін, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімді, темекі және темекі бұйымын, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарын, электрондық тұтыну жүйелерін (вейптерді) және оларға арналған сұйықтықтарды тікелей немесе жанама ұсынатын, алкоголь өнімінің, алкогольді сусындарды имитациялайтын өнімнің, темекі және темекі бұйымының, оның ішінде шегілмейтін темекі бұйымдарының, қыздырылатын темекісі бар бұйымдардың, қорқорға арналған темекінің, қорқор қоспасының, темекі қыздыруға арналған жүйелердің, электрондық тұтыну жүйелерінің (вейптердің) және оларға арналған сұйықтықтардың атауы ретінде белгілі болған тауар белгісінің элементтерін және (немесе) атауын пайдалана отырып, тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жарнамалауға тыйым салынады.".

      10. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 3) тармақшасындағы "медициналық көмек көрсету" деген сөздер "медициналық қызметтер (көмек) көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 22-баптың 2-тармағының 26-18) тармақшасындағы "əскери интернатурадағы дайындық қағидаларын жəне мамандықтар тізбесін" деген сөздер "Қарулы Күштердің әскери медицина мамандарын даярлау қағидаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) 24-бапта:

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі "медициналық көмек көрсету" деген сөздер "медициналық қызметтер (көмек) көрсету" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2-1-тармақтағы "тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде медициналық көмек көрсету саласында" деген сөздер "медициналық қызметтерді (көмекті), оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсету саласында" деген сөздермен ауыстырылсын.

      11. "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      26-баптың 8-1-тармағы "әскери қызметшілердің" деген сөздерден кейін ", сондай-ақ медицина қызметкерлерінің" деген сөздермен толықтырылсын.

      12. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 25-2) тармақшамен толықтырылсын:

      "25-2) әскери резидент-дәрігер – медициналық ұйым тәлімгерінің қадағалауымен резидентураның білім беру бағдарламасы шеңберінде білім алып жатқан әскери қызметші;";

      2) 8-баптың бірінші бөлігінің 2) тармақшасы "келтірмейтін" деген сөзден кейін "медициналық," деген сөзбен толықтырылсын;

      3) 18-баптың 1-тармағы үшінші бөлігінің 2) тармақшасы "əскери интерндерінің" деген сөздерден кейін ", әскери резидент-дәрігерлерінің" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 21-бапта:

      4-1-тармақтың екінші бөлігі "докторант" деген сөзден кейін ", әскери резидент-дәрігер" деген сөздермен толықтырылсын;

      4-2-тармақтың екінші бөлігіндегі "не докторанты" деген сөздер "докторанты, әскери резидент-дәрігері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 26-баптың 1-тармағының 10) тармақшасы "әскери интерндерді," деген сөздерден кейін "әскери резидент-дәрігерлерді," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) 38-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) мыналарды:

      əйелдерді;

      медициналық немесе фармацевтикалық білімі бар ерлерді қоспағанда, мерзімді əскери қызметті өткеруге не əскери кафедрада оқудан немесе əскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында əскери даярлықтан өтеулі негізде өтуге тиіс.";

      7) 39-баптың 5-тармағының үшінші және төртінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Әскери-медицина факультетінің курсанттарына "медицина қызметінің лейтенанты" әскери атағы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқуды аяқтағаннан кейін не үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасының бесінші оқу жылын аяқтағаннан кейін беріледі.

      Әскери интернатура бағдарламалары бойынша не үздіксіз интеграцияланған медициналық білімнің білім беру бағдарламасының алтыншы курсында оқуын жалғастыратын әскери қызметшілер əскери интернінің ауыспалы құрамының əскери лауазымында əскери қызмет өткереді.";

      8) 39-1-бапта:

      3-тармақ "сақтала отырып," деген сөздерден кейін "әскери резидент-дәрігер," деген сөздермен толықтырылсын;

      4-тармақтағы "Магистрант" деген сөз "Әскери резидент-дәрігер, магистрант" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 40-баптың 1-тармағының 6) тармақшасы "жылына" деген сөзден кейін ", әскери резидент-дәрігерлер үшін – әскери қызметтің он жылына" деген сөздермен толықтырылсын;

      10) 44-баптың 5-1-тармағының төртінші және бесінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "Медициналық көрсетілімдер болған кезде әскери қызметшіге құрылымында өздері әскери қызмет өткеретін Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қаражаты есебінен санаторийлік-курорттық емдеу ұсынылады.";

      11) 46-баптың 1-тармағында:

      төртінші бөлік "әскери интерндерге," деген сөздерден кейін "әскери резидент-дәрігерлерге," деген сөздермен толықтырылсын;

      бесінші бөлік "Әскери интерндердің," деген сөздерден кейін "әскери резидент-дәрігерлердің," деген сөздермен толықтырылсын.

      13. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      13-баптың 1-тармағының 3) тармақшасы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:

      "Медициналық әскери-есептік мамандыққа сәйкес келетін лауазымдарда келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер әскери қызмет міндеттерін атқаруға кедергі келтірмейтін ақылы медициналық қызметпен айналысуға құқылы.".

      14. "Мемлекеттік сатып алу туралы" 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 6-баптың 6-тармағындағы "Сақтандыру агенттері" деген сөздер "Сақтандыру қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, сақтандыру агенттері" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 41-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Осы баптың 1-тармағының талабы мәліметтері Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған таратылуы шектелген қызметтік ақпаратты қамтитын, мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру бөлігінде қаржылық көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға және осы Заңның 39-бабы 3-тармағының 4), 9), 17), 18), 20), 21), 23), 26), 31), 32), 35), 40), 41) және 46) тармақшалары негізінде жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алуға қолданылмайды.".

      2-бап. Осы Заң:

      1) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағының 1) және 2) тармақшаларын, 2-тармағының 2) және 3) тармақшаларын, 3-тармағын, 5-тармағының 1) тармақшасын, 2) тармақшасының төртінші абзацын, 8) тармақшасын, 9) тармақшасының төртінші, бесінші және алтыншы абзацтарын, 10) және 11) тармақшаларын және 9-тармағын;

      2) алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 4-тармағын, 5-тармағы 2) тармақшасының алтыншы, жетінші және сегізінші абзацтарын, 4), 5) және 6) тармақшаларын, 7) тармақшасының төртінші абзацын, 9) тармақшасының екінші және үшінші абзацтарын, 12) тармақшасының он төртінші абзацын, 13) және 15) тармақшаларын, 7 және 14-тармақтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады