Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Түркістан қаласының ерекше мәртебесі және шет елдегі мәдениет орталықтары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 3 наурыздағы № 166-VIII ҚРЗ

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. 2023 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексіне:

      1) 14-1-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 21) тармақшамен толықтырылсын:

      "21) осы Кодекске және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өтеусіз берілген жер учаскелерінде мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу кезеңіне уақытша өтеусіз жер пайдалану шарттарын жасасу жатады.";

      2) 18-бап мынадай мазмұндағы 8-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "8-7) мемлекет мұқтажы үшін алып қойылған жер учаскелерін мемлекеттік әлеуметтік объектілер (мемлекеттік жалпы білім беретін мектептер мен мектепке дейінгі ұйымдар, ауруханалар мен емханалар) салу үшін оларды, оның ішінде жер учаскелерін сәйкестендіру сипаттамаларын өзгертпей, "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне одан әрі өтеусіз бере отырып, мемлекеттік емес жер пайдаланушыларға уақытша өтеусіз жер пайдалануға беру;";

      3) 32-баптың 3-тармағының екінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасының Заңына", "негізгі шарт" деген сөздер тиісінше "және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына", "негізгі талап" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4) 36-баптың 1-тармағының алтыншы абзацындағы "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "18-бабының 8-7) тармақшасына, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 84-баптың 2-тармағының 5) тармақшасындағы "Кодекс пен "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына" деген сөздер "Кодекске, "Алматы қаласының ерекше мәртебесі туралы" және "Түркістан қаласының ерекше мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы" 2001 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-баптың 13) тармақшасындағы "сапар мақсатына қарай көрсетілетін, туристік қызмет көрсету шартында көзделген басқа да көрсетілетін қызметтер)" деген сөздер "туристік қызмет көрсету шартында көзделген, сапар мақсатына қарай көрсетілетін басқа да қызметтер, сондай-ақ мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған көрсетілетін қызметтер" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 9-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "қамтамасыз ететiн" деген сөздерден кейін ", оның ішінде мүгедектігі бар адамдар мен халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтарын (инклюзивті туризмді) қоса алғанда, барлық туристер үшін туризм инфрақұрылымына тең (кедергісіз) қолжетімділікті қамтамасыз етуге бағытталған" деген сөздермен толықтырылсын;

      3) 11-бапта:

      20-4) тармақшадағы "туристік" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жергілікті өкілді органдар бекітетін туристерді тасымалдау жөніндегі туристік қызметтер көрсету қағидаларын қоспағанда, туристік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-17) тармақшадағы "астананың" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздермен толықтырылсын;

      4) 12-баптың 1-тармағында:

      8) тармақшадағы "тиісті" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10) тармақшадағы "туристік" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын субъектілерді қоспағанда, туристік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақшадағы "халықты" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында жүзеге асырылатын кәсіпкерлікті қоспағанда, халықты" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-2) тармақшадағы "гидті" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын гидті қоспағанда, гидті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-5) тармақшадағы "тиісті" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағын қоспағанда, тиісті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-8) тармақшадағы "туристік", "кезінде" деген сөздер тиісінше "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында қызметін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін қоспағанда, туристік", "кезіндегі" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-9) тармақшадағы "уәкілетті" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың санитариялық-гигиеналық тораптарының тізбесін қоспағанда, уәкілетті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-11) тармақшадағы "кәсіпкерлік" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жол бойындағы сервис объектілерін қоспағанда, кәсіпкерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-12) тармақшадағы "кәсіпкерлік" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы санитариялық-гигиеналық тораптарды қоспағанда, кәсіпкерлік" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13-13) тармақшадағы "туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын қоспағанда," деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағында туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сатып алатын автомобиль көлігі құралдарын қоспағанда, туристік қызметті жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне сыйымдылығы жүргiзушiнiң орнын есепке алмағанда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      3. "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 20-баптың 23-29) тармақшасындағы "қалалар мен астананың" деген сөздер "қалалардың, астананың және Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 22-баптың 1-1-тармағының 4) тармақшасындағы "бекiту кiредi." деген сөздер "бекіту;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органмен келісілген, Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын бекіту кіреді.";

      3) 25-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 11-3) тармақшамен толықтырылсын:

      "11-3) Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың сәулет келбетін қалыптастыру және қала құрылысын жоспарлау қағидаларын әзірлеу және сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органға келісуге енгізу;".

      4. "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 1-бап мынадай мазмұндағы 2-7) тармақшамен толықтырылсын:

      "2-7) Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтары – Қазақстан Республикасының мәдени құндылықтарын дамыту және тарату мәселелері бойынша өзара іс-қимылды білім беру, ғылыми және мәдени әлеуетін пайдаланып жүзеге асыратын ұйымдар;";

      2) 6-бап мынадай мазмұндағы 1-4) тармақшамен толықтырылсын:

      "1-4) Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтарын қаржыландыру қағидаларын бекітеді;";

      3) 19-баптың 5-тармағы мынадай мазмұндағы он үшінші абзацпен толықтырылсын:

      "Қазақстан Республикасының шет елдегі мәдениет орталықтары;".

      5. "Тарихи-мәдени мұра объектілерін қорғау және пайдалану туралы" 2019 жылғы 26 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:

      1) 11-баптың 1-тармағында:

      1) тармақшадағы "тарихи-мәдени" деген сөздер "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы тарихи-мәдени мұра объектілерін қоспағанда, тарихи-мәдени" деген сөздермен ауыстырылсын;

      3) тармақшадағы "тиiстi" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін қоспағанда, тиісті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) тармақша "бекiту кезiнде" деген сөздерден кейін ", Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың іс-шараларын орындауды, тарихи-сәулет тірек жоспарларын және карта-схемаларын жасауды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;

      6) тармақшадағы "тиісті" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың жоспарын қоспағанда, тиісті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) тармақшадағы "жергілікті" деген сөз "Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың аумағындағы жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштеріне жоспарланатын ғылыми-реставрациялық жұмыстардың ғылыми-жобалау құжаттамасын қоспағанда, жергілікті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2) 13-бапта:

      1-тармақтың екінші бөлігі "астананың" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтың бірінші абзацы "астананың" деген сөзден кейін ", Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ерекше мәртебеге ие облыстық маңызы бар қаланың" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады