ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Су кодексіне:
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 21-3) тармақшамен толықтырылсын:
"21-3) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін мониторингтеу және бағалау – суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйін бағалауға және оларды жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуге бағытталған іздестіру жұмыстарының кешені;";
2) 37-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай мазмұндағы 28-7), 28-8) және 28-9) тармақшалармен толықтырылсын:
"28-7) мынадай:
ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын;
суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28-8) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізу және оны бағалау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
28-9) суармалы жерлердің мелиорациялық жай-күйіне мониторинг жүргізуді және оны бағалауды ұйымдастырады;";
3) 95-баптың 7-тармағындағы "жай-күйiнiң мониторингiн және оны бағалауды бюджет қаражаты есебiнен мамандандырылған мемлекеттiк мекемелер жүргiзедi" деген сөздер "жай-күйіне мониторинг және оны бағалау бюджет қаражаты есебiнен жүргiзіледi" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 135-баптың 1-тармағы 7) тармақшасындағы "қаржыландыру болып табылады." деген сөздер "қаржыландыру;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7-1) және 7-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"7-1) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау;
7-2) суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау болып табылады;".
2. 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне:
3-баптың 6) тармағындағы "шақыру бойынша не келiсiмшарт бойынша Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, сондай-ақ запастағы азаматтар жиындардан өтуi кезiнде" деген сөздер "әскери қызметшiлер" деген сөздермен ауыстырылсын.
3. 2014 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексіне:
1) 61-баптың екінші бөлігінде:
5) тармақтың бірінші абзацындағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген әскери қызметшiлер, әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар" деген сөздер "әскери қызметшiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақтағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында шақыру немесе келiсiмшарт бойынша әскери қызметiн өткеріп жүрген, өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер, сондай-ақ әскери жиындардан өту кезiнде запаста тұрған азаматтар" деген сөздер "өздерiне бағынысты әскери қызметшiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 143-баптың бірінші бөлігіндегі "немесе оқу жиынына шақырылған әскери мiндеттiлер" деген сөздер алып тасталсын;
3) 191-бапта:
төртінші бөліктегі "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар" деген сөздер "әскери қызметшiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
жиырмасыншы бөліктегі "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, Қазақстан Республикасының басқа да әскерлерi мен әскери құралымдарында әскери қызметтi шақыру немесе келiсiмшарт бойынша өткерiп жүрген әскери қызметшiлер; әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтар" деген сөздер "әскери қызметшiлер" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 309-баптың екінші бөлігінің 2) тармағындағы және үшінші бөлігінің 2) тармағындағы "Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлерде және әскери құралымдарда шақыру немесе келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметшілер, әскери жиындардан өту кезінде запастағы азаматтар" деген сөздер "әскери қызметшілер" деген сөздермен ауыстырылсын.
4. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне:
1) 22-баптың 2-тармағы 7) тармақшасындағы "өтеуге міндетті." деген сөздер "өтеуге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын:
"8) резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасасқаны жөнінде жұмыс берушіні үш жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етуге міндетті.";
2) 65-баптың 4-тармағы 5) тармақшасындағы "жүргізілген кезеңде шығарылмайды." деген сөздер "жүргізілген;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген жұмыскер жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңде шығарылмайды.";
3) 66-баптың 3-тармағы 8) тармақшасындағы "тану кезеңінде тоқтатыла тұрады." деген сөздер "тану;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 9) тармақшамен толықтырылсын:
"9) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген жұмыскер жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болу кезеңінде тоқтатыла тұрады.";
4) 93-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген жұмыскерлерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалыстарын берудің кезектілігі осы баптың 1-тармағы негізінде, сондай-ақ жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар өткізу графигіне (ол болған кезде) сәйкес айқындалады.";
5) мынадай мазмұндағы 124-1-баппен толықтырылсын:
"124-1-бап. Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген жұмыскерлер үшін кепілдік
Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген жұмыскерлердің жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезеңдерінде жұмыс орны (лауазымы) сақталады.".
5. 2023 жылғы 20 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне:
1) 1-баптың 1-тармағы 77) тармақшасының үшінші абзацындағы "әскери қызметшілерге" деген сөздер "резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілерге" деген сөздермен ауыстырылсын;
2) 176-баптың 1-тармағының 4) және 5) тармақшалары "әскери қызметшілерден" деген сөздерден кейін "және резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерден" деген сөздермен толықтырылсын;
3) 190-баптың 3-тармағының 6) тармақшасындағы "бейбіт" деген сөз "резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, бейбіт" деген сөздермен ауыстырылсын;
4) 212-бапта:
2) тармақша "кезде" деген сөзден кейін ", сондай-ақ келісімшарт мерзімі өткеннен кейін" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "мерзімді қызметтегі" деген сөздерден кейін ", резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген" деген сөздермен толықтырылсын;
"отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар" деген сөздер "отырып, қызметтен босатылған күннен бастап бүкіл кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген жыл сайынғы арттыруларды қолдана отырып, еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің тағайындалуына құқығы бар" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"2016 жылғы 1 қаңтардан бастап 2023 жылғы 31 желтоқсан аралығындағы кезеңде тағайындалған еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері қызметтен босатылған күннен бастап бүкіл кезеңге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жүргізілген жыл сайынғы арттырулар ескеріле отырып, қайта қаралуға жатады және 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап төленеді.";
6-тармақ "мемлекеттік қызметке" деген сөздерден кейін "(резервтегі әскери қызметтен басқа)" деген сөздермен толықтырылсын.
6. "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы" 1992 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-бап "кезде" деген сөзден кейін "резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын.
7. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 101-2-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі "міндеттілерді" деген сөзден кейін ", резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді" деген сөздермен толықтырылсын;
11-тармақ "қызметшілерден" деген сөзден кейін ", резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерден" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 101-3-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің бірінші абзацы "міндеттілерді" деген сөзден кейін ", резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді" деген сөздермен толықтырылсын.
8. "Жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру туралы" 1997 жылғы 16 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына:
17-бап мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Мемлекеттік органдарға және ұйымдарға бекітіп қойылған әскери міндеттілер резервтегі әскери қызметке қабылданбайды.".
9. "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
15-баптың 6-тармағындағы "Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері," деген сөздер "Резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың әскери қызметшілері, сондай-ақ" деген сөздермен ауыстырылсын.
10. "Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" 2000 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
тақырыптағы ", әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтардың" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақтағы ", сондай-ақ әскери жиындардан өтуі кезінде запастағы азаматтардың" деген сөздер алып тасталсын.
11. "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" 2005 жылғы 7 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
23-баптың 1-тармағының 9) тармақшасындағы "мерзiмдi қызметтің әскери қызметшілерiмен, келiсім-шарт бойынша" деген сөздер "әскери қызметшілермен" деген сөздермен ауыстырылсын.
12. "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" 2005 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-баптың 26-1) тармақшасы алып тасталсын;
2) 6-баптың 1-тармағының 21-1), 22-1), 37), 40-1), 40-2) тармақшалары және 41) тармақшасының бесінші абзацы алып тасталсын;
3) 7-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 17-17) және 17-18) тармақшалармен толықтырылсын:
"17-17) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялауды жүзеге асыру;
17-18) суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу;";
4) 11-бапта:
2-тармақтың 5-3) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақтың бірінші абзацындағы "Агроөнеркәсіп кешенін" деген сөздер "Осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, агроөнеркәсіп кешенін" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру бойынша, сондай-ақ суарудың су үнемдейтін технологияларын ендіруге бағытталған инвестициялық салымдар кезінде ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын субсидиялау су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.";
5) 13-2-бап алып тасталсын.
13. "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 1-бапта:
мынадай мазмұндағы 26-1), 30-1) және 42-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындар – дағдарыстық ахуалды оқшаулауға және жоюға қатысу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;";
"30-1) жауынгерлік даярлық бойынша жиындар – жауынгерлік даярлық бағдарламалары бойынша резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілермен өткізілетін іс-шаралар;";
"42-1) резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілер (бұдан әрі – резервтегі әскери адамдар) – Қарулы Күштерге, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарға резервтегі әскери қызметке өз еркімен кірген Қазақстан Республикасының азаматтары;";
48) тармақша "келісімшарт" деген сөзден кейін "немесе резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 4-баптың бірінші бөлігіндегі "және әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерге" деген сөздер алып тасталсын;
3) 5-бапта:
үшінші бөлік бесінші абзацындағы "бастап ие болады." деген сөздер "бастап;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
"резервтегі әскери адамдар – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға келу туралы әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) бұйрығы шыққан күннен бастап ие болады.";
төртінші бөлік "бөлімнің" деген сөзден кейін "(мекеменің)" деген сөзбен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Резервтегі әскери адам әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды немесе жиындарды, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарды аяқтау туралы бұйрығы шыққан күннен бастап не резервтегі әскери қызметтен шығарылуына байланысты әскери бөлім (мекеме) тізімдерінен алып тасталған күннен бастап әскери қызметші мәртебесін жоғалтады.";
бірінші бөліктің 7) тармақшасы "бөлімнің" деген сөзден кейін "(мекеменің)" деген сөзбен толықтырылсын;
екінші бөлік "келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
"Резервтегі әскери адамдар әскери бөлімде (мекемеде) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, сондай-ақ дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде әскери қызмет міндеттерін орындауда болады.";
4) 6-бапта:
екінші бөлікте:
1) және 2) тармақшалардағы "мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
16) тармақшадағы "педагогтік" деген сөз "медициналық, педагогтік" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың 1), 7), 13) (еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері бөлігінде), 15) (жыл сайынғы еңбек демалысын беру бөлігінде) және 16) тармақшаларының күші резервтегі әскери адамға қолданылмайды.";
2-тармақтың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы "бөлімдердің" деген сөзден кейін "(мекемелердің)" деген сөзбен толықтырылсын;
5) 7-баптың 3-тармағындағы "бойынша" деген сөзден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
6) 18-баптың 1-тармағында:
бірінші бөлік 2) тармақшасындағы "әскери қызметті қамтиды." деген сөздер "әскери қызметті;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
"3) резервтегі әскери қызметті қамтиды.";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында резервтегі әскери адамдар келісімшарт бойынша әскери қызметке ауысады.";
7) 21-баптың 4-1-тармағының екінші бөлігі және 4-2-тармағының екінші бөлігі "келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
8) 22-1-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі және 2-тармағының бірінші бөлігі "келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
9) 23-баптың 1-тармағының екінші бөлігіндегі "Әскери" деген сөз "Далалық киім нысанымен қамтамасыз етілетін резервтегі әскери адамдарды қоспағанда, әскери" деген сөздермен ауыстырылсын;
10) 24-баптың 1-тармағы 3) тармақшасындағы "мерзімге белгіленеді." деген сөздер "мерзімге;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) резервтегі әскери адамдар үшін – жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болу кезеңдеріне белгіленеді.";
11) 25-бап мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Резервтегі әскери қызметте болудың шекті жасын мыналар құрайды:
1) қатардағы және сержанттық құрамдар – елу жас;
2) офицерлік құрам – алпыс жас.";
12) 26-бапта:
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Резервтегі әскери адамды әскери қызметтен шығару осы баптың 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 7), 8) және 11) тармақшаларында, 2-тармағының бірінші бөлігінің 1), 2), 3), 4), 5), 9), 10) және 11) тармақшаларында, 3-тармағында көзделген негіздер бойынша (кәсіпкерлік және (немесе) кәсіптік қызметпен айналысу жағдайларын қоспағанда), сондай-ақ жасалған күніне қарамастан, осы Заңның 40-2-бабының 2-тармағында көрсетілген мәліметтер ұсынылмаған немесе бұрмаланған жағдайда жүргізіледі.";
бірінші бөліктегі "енгiзілген жағдайда, оның" деген сөздер ", дағдарыстық ахуал енгізілген жағдайда, олардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
екінші бөлік "жағдайы" деген сөзден кейін ", дағдарыстық ахуал" деген сөздермен толықтырылсын;
13) 29-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы "қызметке" деген сөзден кейін ", резервтегі әскери қызметке" деген сөздермен толықтырылсын;
14) 34-баптың 3-тармағы "бөлiмдерге" деген сөзден кейін "(мекемелерге)" деген сөзбен толықтырылсын;
15) 37-бапта:
2-тармақтың бірінші абзацындағы "Келiсiмшарт" деген сөз "Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақ "және" деген сөзден кейін "әскери қызметті өткеру туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші сөйлем "азаматтың" деген сөзден кейін "әскери қызметті өткеру туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші сөйлемдегі "Келiсiмшарт" деген сөз "Әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт" деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың бірінші бөлігінің екінші сөйлемі "бойынша" деген сөзден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
16) 38-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
бірінші бөлікте:
4) тармақшадағы "заңдарда" деген сөз "Қазақстан Республикасының заңдарында" деген сөздермен ауыстырылсын;
7) тармақша "қоспағанда," деген сөзден кейін "келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
7) тармақша "не" деген сөз "және (немесе)" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөлік "арнаулы мемлекеттік органдардан" деген сөздер "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарынан" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік "органдарына" деген сөзден кейін "келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
екінші бөліктегі "Əскери" деген сөз "Келісімшарт бойынша әскери" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік "болуы" деген сөзден кейін "келісімшарт бойынша" деген сөздермен толықтырылсын;
17) 39-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі "жəне" деген сөзден кейін "әскери қызметті өткеру туралы" деген сөздермен толықтырылсын;
18) 40-бапта:
тақырыптағы "Келісімшарт" деген сөз "Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-тармақ 6) тармақшасындағы "толғанға дейін жасалады." деген сөздер "толғанға дейін;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
"7) резервтегі әскери адамдар үшін – үш жылға жасалады.";
19) мынадай мазмұндағы 6-1-тараумен толықтырылсын:
"6-1-тарау. Резервтегі әскери қызмет
40-1-бап. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт
1. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшартты Қазақстан Республикасының азаматы Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкілетті лауазымды адамымен жасасады.
2. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт ерікті түрде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес екі тарап арасында жазбаша жасалады және өзінің қолданысын:
1) мерзімінің өтуі бойынша;
2) әскери қызметшінің мерзімінен бұрын босатылуына байланысты;
3) әскери қызметші әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт немесе резервтегі әскери қызметті өткеру туралы басқа келісімшарт жасасқан күннен бастап;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген өзге де жағдайларда тоқтатады.
3. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшартта азаматтың әскери қызметке кіруінің еріктілігі, азаматтың әскери қызметті өткеруге міндеттенген мерзімі және резервтегі әскери қызметті өткерудің басқа да талаптары бекітіледі.
4. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың талаптарында азаматтың резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған мерзімдерде және тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға немесе жиындарға және дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарға келу міндеті қамтылады.
Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жеңілдіктер, кепілдіктер мен өтемақылар алуды қоса алғанда, азаматтың өз құқықтары мен өзінің отбасы мүшелері құқықтарының сақталу құқығы қамтылады.
40-2-бап. Резервтегі әскери қызметке кіретін адамдарға қойылатын талаптар
1. Резервтегі әскери қызметке кіретін адамдар мынадай талаптарға сай келуге тиіс:
1) Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы;
2) қажетті жеке, моральдық және кәсіби қасиеттерінің, білім деңгейінің болуы, денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамды болуы;
3) он сегіз жастан кіші болмауы және резервтегі әскери қызметте болудың шекті жасына дейін үш жыл қалуы;
4) әйелдерді қоспағанда, мерзімді әскери қызметті өткеруі не әскери кафедрада оқудан немесе әскери-техникалық мамандарды даярлау бойынша Қорғаныс министрлігінің мамандандырылған ұйымдарында әскери даярлықтан өтеулі негізде өтуі.
Резервтегі әскери қызметке кіретін адамдар əскери қызмет өткеруге байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдайды, олар жазбаша нысанда тіркеледі.
2. Резервтегі әскери қызметке:
1) сот əрекетке қабiлетсiз немесе əрекет қабілеті шектеулi деп таныған;
2) медициналық (әскери-дәрігерлік) комиссия резервтегі әскери қызметке кіруге жарамсыз деп таныған;
3) сот белгілі бір мерзім ішінде мемлекеттік лауазымдарды атқару құқығынан айырған;
4) резервтегі əскери адамның əскери қызметте болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді жəне "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді өзіне қабылдаудан бас тартқан;
5) қылмыс жасағаны үшін бұрын сотталған немесе Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
6) мемлекеттік қызметші ретінде активтері мен міндеттемелері туралы декларацияны ұсынбаған адамды жұмысқа қабылдағаны үшін алғаш рет әкімшілік жауаптылыққа тартылған жағдайды қоспағанда, резервтегі әскери қызметке кіргенге дейінгі үш жыл ішінде әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жаза қолданылған;
7) психофизиологиялық зерттеуден және (немесе) медициналық куəландырудан өтпеген;
8) резервтегі әскери қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін өзіне қатысты соттың айыптау үкімі шыққан немесе қызметке кірер алдындағы үш жыл ішінде қылмыстық теріс қылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабы бірінші бөлігінің 3), 4), 9), 10) жəне 12) тармақтары немесе 36-бабы негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылған;
9) Қазақстан Республикасының мемлекеттік немесе әскери қызметінен, арнаулы мемлекеттік органдарынан, құқық қорғау органдарынан теріс себептер бойынша шығарылған, сондай-ақ теріс себептер бойынша судья өкілеттігін тоқтатқан адам қабылданбайды.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінің күші:
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі комиссияның кәсіптік жарамсыздығына орай атқаратын лауазымына сай келмеуі туралы шешімінің негізінде судья өкілеттігін тоқтатқан;
қатарынан үш және одан көп сағат бойы дәлелді себепсіз қызметте болмауына байланысты қызметтен шығарылған адамға қолданылмайды, ол осындай қызметтен шығарылғаннан кейін екі жыл өткен соң резервтегі әскери қызметке кіруге құқылы.
Адам "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оның шығыстарының өз кірістеріне сәйкес келмеуіне байланысты жұмыстан шығарылғаннан немесе атқарып жүрген лауазымынан босатылғаннан, сол сияқты өкілеттігі тоқтатылғаннан кейін екі жыл ішінде резервтегі әскери қызметке қабылданбайды.
Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарына резервтегі әскери қызметке "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып кіреді;
10) арнаулы тексеруден өтпеген жəне (немесе) өзі не өзінің ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) немесе жұбайы жəне оның ата-анасы, балалары, асырап алушылары, асырап алған балалары, ата-анасы бір жəне ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары) туралы көрінеу жалған мəліметтер хабарлаған;
11) резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген уəкілетті органның бірінші басшысы бекіткен дене шынықтыру дайындығы бойынша нормативтерді орындамаған;
12) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарында және құқық қорғау органдарында қызмет өткеріп жүрген;
13) вахталық әдіспен не ауысымдық жұмыста жұмыс істеп жүрген адам;
14) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де адамдар қабылданбайды.
Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген жағдайлардың кез келгенінің болуы резервтегі әскери қызметке қабылдаудан бас тартуға негіз болып табылады.
3. Резервтегі әскери қызметке кіретін адамға қатысты арнайы тексеру жүргізiледi.
Резервтегі әскери қызметке кіретін адамдарға қатысты резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның басшысы айқындаған тəртіппен психофизиологиялық зерттеулер қолданыла отырып, тексеру жүргізіледі.
4. Денсаулық жағдайы бойынша резервтегі әскери қызметке жарамдылығын айқындау үшін Әскери-дәрігерлік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес медициналық куәландыру жүргізіледі.
5. Сондай-ақ мыналар:
1) осы баптың 2-тармағының бірінші бөлігінде көрсетілген мəліметтерді ұсынбау немесе бұрмалау;
2) кандидаттың әскери-есептiк мамандығы бойынша бос лауазымдардың болмауы;
3) психофизиологиялық зерттеулердің теріс нәтижелері;
4) осы Заңның 36-бабы 1-тармағының 4) тармақшасында және 2-тармағының 1), 2), 5) және 9) тармақшаларында көрсетілген босату резервтегі әскери қызметке кiретiн адамға бас тарту үшін негiздер болып табылады.
6. Осы Заңның 8-бабының 2), 3) және 4) тармақшаларының талаптары резервтегі әскери адамға қолданылмайды.
40-3-бап. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарттың мерзімі және оны жасасу тәртібі
1. Резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт үш жылға жасалады.
2. Кандидаттарды іріктеу және олардың резервтегі әскери қызметке кіру тәртібі Әскери қызмет өткеру қағидаларында айқындалады.
40-4-бап. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту
1. Резервтегі әскери адамдар резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған тәртіппен жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өтеді.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар айына күнтізбелік үш күнге дейінгі, бірақ жылына күнтізбелік отыз күннен аспайтын мерзімде өткізіледі.
Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарды өткізіп алған кезде резервтегі әскери адам көрсетілген сабақтарға әскери бөлімнің (мекеменің) командирімен (бастығымен) келісу бойынша басқа бос уақытта баруға міндетті.
Ұзақтығы күнтізбелік отыз күн болатын жауынгерлік даярлық бойынша жиындар осы жиындардың соңғы күндерінде екі демалыс күні беріле отырып, жылына бір рет өткізіледі.
2. Резервтегі әскери адамдар дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар жарияланған жағдайда, резервтегі әскери қызметті өткеру көзделген мемлекеттік органның бірінші басшысы айқындаған мерзімдерде және тәртіппен әскери бөлімге (мекемеге) келуге міндетті.
3. Жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.";
20) 43-баптың 6-тармағының бірінші бөлігіндегі "мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
21) 44-бапта:
бірінші бөлік "міндеттілерді" деген сөзден кейін "және резервтегі әскери адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөлік "Келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Резервтегі әскери адамдар жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезеңін қоспағанда, ай сайын бюджет қаражаты есебінен ең төмен жалақы мөлшерінде ақшалай төлем алады.
Резервтегі әскери адамдарға жауынгерлік даярлық бойынша жиындарды немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарды өткізу кезеңінде бюджет қаражаты есебінен:
жұмыс істейтін адамдарға – жұмыс орны бойынша орташа айлық жалақы;
жұмыссыз адамдарға – ең төмен жалақы төленеді.
Резервтегі әскери адамдарға өзге төлемдер, үстемеақылар, қосымша ақылар көзделмейді.";
4-тармақ "бойынша" деген сөзден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
5-1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Резервтегі әскери адамдар жауынгерлік даярлық бойынша сабақтардан немесе жиындардан не дағдарыстық ахуал кезіндегі жиындардан өту кезеңінде келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін көзделген бюджет қаражаты есебінен медициналық қамтамасыз етуді толық көлемде алады.";
6-тармақтағы "мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөлік "келісімшарт бойынша" деген сөздерден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
бесінші бөліктегі "мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
жетінші бөлікте:
"мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын:
"Әскери бөлімдердің тізбесін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі айқындайды.";
сегізінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Резервтегі әскери адамдар:
1) жауынгерлік даярлық бойынша жиындардан немесе дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындардан өту кезінде тамақтандырумен;
2) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда болған кезеңде түскі аспен қамтамасыз етіледі.";
мәтіндегі "мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші бөліктің 2) тармақшасы "бөлімнің" деген сөзден кейін "(мекеменің)" деген сөзбен толықтырылсын;
үшінші бөліктегі "және мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді" деген сөздер ", мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші бөліктің бірінші абзацындағы "жəне əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді" деген сөздер ", əскерге шақыру бойынша əскери қызметшілерді және резервтегі әскери адамдарды" деген сөздермен ауыстырылсын;
22) 45-баптың 1-тармағындағы "мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
23) 46-бапта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы "бойынша" деген сөзден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
төртінші бөлік "бойынша" деген сөзден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
алтыншы бөлік "бойынша" деген сөзден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Резервтегі әскери адамдарға жыл сайынғы еңбек демалысы жұмыс орны бойынша беріледі.
Жыл сайынғы еңбек демалысы жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар өткізу кезеңімен сәйкес келмеуге тиіс.";
2-тармақтың төртінші бөлігі "бойынша" деген сөзден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
24) 47-баптың тақырыбы "бойынша" деген сөзден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
25) 48-баптың үшінші бөлігіндегі "мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
26) 50-бапта:
1-тармақтағы "мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
бірінші және екінші бөліктердегі "мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
үшінші бөлік "күші" деген сөзден кейін ", резервтегі әскери адамдарды қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын;
27) 51-бапта:
1-тармақ "қызметші" деген сөзден кейін ", жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақтың бірінші бөлігі "кадеттің" деген сөзден кейін ", жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамның" деген сөздермен толықтырылсын;
3-тармақтың үшінші бөлігінің бірінші абзацы "кадеттерге," деген сөзден кейін "жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адамдарға және" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақ 5) тармақшасындағы "нәтижесінде туындағаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді." деген сөздер "нәтижесінде;" деген сөзбен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт талабын бұзған резервтегі әскери адамның әрекеттері нәтижесінде туындағаны Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен дәлелденсе, біржолғы өтемақы төленбейді.";
5-тармақтың бірінші бөлігінде:
", әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілерді" деген сөздер алып тасталсын;
", әскери жиындарға шақырылған әскери міндеттілер" деген сөздер алып тасталсын;
28) 52-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігі "бойынша" деген сөзден кейін "әскери қызмет өткеретін" деген сөздермен толықтырылсын;
бірінші абзацта:
"бойынша әскери қызметшілердің" деген сөздерден кейін ", резервтегі әскери адамдардың" деген сөздермен толықтырылсын;
орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
екінші және үшінші абзацтардағы "бөлімнің", "бөлім" деген сөздер тиісінше "бөлімнің (мекеменің)", "бөлім (мекеме)" деген сөздермен ауыстырылсын;
төртінші абзацтағы "мемлекет есебінен" деген сөздер "бюджет қаражаты есебінен" деген сөздермен ауыстырылсын;
3-тармақтың екінші бөлігіндегі "мектеп-интернаттарына" деген сөздер "колледждерге" деген сөзбен ауыстырылсын;
4-тармақтың бірінші бөлігі "әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті" деген сөздерден кейін ", жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда және дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда жүрген резервтегі әскери адам" деген сөздермен толықтырылсын;
29) 53-1-баптың 2-тармағында:
1) тармақша "міндеттілерді" деген сөзден кейін ", резервтегі әскери адамдарды" деген сөздермен толықтырылсын;
3) тармақша "міндеттілер" деген сөзден кейін ", резервтегі әскери адамдар" деген сөздермен толықтырылсын.
14. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы" 2013 жылғы 16 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
68-баптың 1-тармағының бірінші бөлігіндегі "(шақыру бойынша келген әскери қызметшілер, келісімшарт бойынша келген әскери қызметшілер)" деген сөздер алып тасталсын.
15. "Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланы туралы" 2015 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 7-баптың 13) тармақшасындағы "мерзімді қызметтегі, келісімшарт бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
2) 8-баптың 2-тармағында:
3) тармақшадағы "мерзімді қызметтегі, келісімшарт бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
17) тармақшадағы "келісімшарт бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
3) 9-баптың 6) тармақшасындағы "келісімшарт бойынша" деген сөздер алып тасталсын;
4) 19-баптың 3-тармағы "бойынша" деген сөзден кейін "әскери" деген сөзбен толықтырылсын.
16. "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 27-баптың 3-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;";
2) 28-баптың 7-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) өздеріне қатысты әскери бөлім (мекеме) командирінің (бастығының) жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарға келу туралы бұйрығы шыққан, резервтегі әскери қызметті өткеріп жүрген әскери қызметшілерді қоспағанда, әскери қызметшілер;".
17. "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
13-баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3) тармақшасы "қызметті" деген сөзден кейін ", резервтегі әскери қызмет өткеруді" деген сөздермен толықтырылсын.
18. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1) 13-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы "қызметті" деген сөзден кейін ", резервтегі әскери қызмет өткеруді" деген сөздермен толықтырылсын;
2) 40-бап ", ал резервтегі әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт жасалған жағдайда жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде жұмыс орны (мемлекеттік лауазымы) сақталады" деген сөздермен толықтырылсын.
19. "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2025 жылғы 10 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына:
1-баптың 5-тармағы 5) тармақшасының он бірінші абзацындағы "құқық қорғау қызметіне" деген сөздер "келісімшарт бойынша әскери қызметке" деген сөздермен ауыстырылсын.
2-бап. Осы Заң:
алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1 және 12-тармақтарын;
2027 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 13-тармағы 19) тармақшасының отыз үшінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Қ. ТОҚАЕВ |