"Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне су қорын қорғау және пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 2025 жылғы 9 сәуірдегі № 180-VIII ҚРЗ

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы Заңның қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз.

      1-бап. 2017 жылғы 27 желтоқсандағы "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      1) 25-баптың 3-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Осы баптың 1-тармағының 4) тармақшасында белгіленген тыйым салу Каспий теңізінің қазақстандық секторында көмірсутектерді барлау және (немесе) өндіру, жерасты суларын барлау мен алу жөніндегі операцияларға, сондай-ақ кен іздеушілікке, ас тұзын, емдік балшықты өндіруге қолданылмайды.";

      2) 28-баптың 2-тармағының үшінші бөлігіндегі "немесе Арал" деген сөздер алып тасталсын;

      3) 36-баптың 1-2-тармағының 1) тармақшасындағы "немесе Арал" деген сөздер алып тасталсын;

      4) 62-бапта:

      8) тармақшадағы "және ішкі су айдындарында" деген сөздер алып тасталсын;

      12) тармақшадағы ", Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және сақтық аймағында мұнай" деген сөздер "және Қазақстан Республикасының сақтық аймағында мұнайдың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5) 64-бапта:

      10) тармақша алып тасталсын;

      14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "14) иесіз авариялық мұнай-газ ұңғымаларын жою мен консервациялауды жүзеге асыру;";

      6) 65-баптың 7) тармақшасы алып тасталсын;

      7) 74-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді жер қойнауын зерттеу жөніндегі уәкілетті орган ұйымдастырады және жүргізеді. Елді мекендерді шаруашылық сумен және ауызсумен жабдықтау, жерді суару, техникалық тұрғыдан сумен жабдықтау үшін жерасты суларына және минералдық термалды суларға арналған жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуді су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ұйымдастырады.";

      8) 89-баптың 5-тармағының үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Жерасты суларын алу мен пайдалану Қазақстан Республикасының су заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.";

      9) 93-баптың 3-тармағының бірінші бөлігіндегі "немесе Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында" деген сөздер алып тасталсын;

      10) 125-баптың 7-тармағында:

      бірінші бөліктегі "жерасты ілеспе суларын қосымша шығару арнайы" деген сөздер "жерасты суларын ілеспе алу арнаулы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "Қосымша өндіріліп алынған жерасты ілеспе суларын", "экологиялық" деген сөздер тиісінше "Ілеспе алынған жерасты суларын", "экология" деген сөздермен ауыстырылсын;

      11) 21-тараудың тақырыбындағы ", ішкі су айдындарында" деген сөздер алып тасталсын;

      12) 154-бапта:

      тақырыптағы ", ішкі су айдындарында" деген сөздер алып тасталсын;

      1-тармақтағы "мен Арал теңіздерінің" деген сөздер "теңізінің" деген сөзбен ауыстырылсын;

      2-тармақ алып тасталсын;

      3-тармақтағы "және ішкі су қоймалары" деген сөздер алып тасталсын;

      13-тармақтағы "Ішкі су айдындарында және сақтық" деген сөздер "Сақтық" деген сөзбен ауыстырылсын;

      14-тармақтағы ", ішкі су айдындарында" деген сөздер алып тасталсын;

      13) 155-баптағы ", ішкі су айдындарында" деген сөздер алып тасталып, ", Қазақстан Республикасының ішкі су айдындарында және" деген сөздер "және Қазақстан Республикасының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14) 156-баптағы ", ішкі су айдындарында", ", су айдындарында" деген сөздер алып тасталсын;

      15) 157-бапта:

      1-тармақта:

      бірінші бөліктегі "және ішкі су айдындарында" деген сөздер алып тасталсын;

      екінші бөліктегі "су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органмен" деген сөздер "су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекциясымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4 және 5-тармақтардағы "және ішкі су айдындарында" деген сөздер алып тасталсын;

      16) 176-бапта:

      5-тармақтағы "өндіруге" деген сөз "алуға" деген сөзбен ауыстырылсын;

      6-тармақта:

      бірінші бөліктегі "пайдалы қазбаларды" деген сөздер "ілеспе пайдалы қазбаларды" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші бөліктегі "өндірілген", "экологиялық" деген сөздер тиісінше "алынған", "экология" деген сөздермен ауыстырылсын;

      17) 216-баптың 4-тармағының екінші бөлігіндегі "су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, суды бұру саласындағы уәкілетті органның өңірлік органдарымен" деген сөздер "су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларымен" деген сөздермен ауыстырылсын;

      18) 264-баптың 1-тармағы "бөлімшелерімен" деген сөзден кейін ", су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларымен" деген сөздермен толықтырылсын.

      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Қ. ТОҚАЕВ

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады