Ескерту. Күші жойылды - ҚР Президентiнiң 15.03.1995 N 2120 Заң күшi бар Жарлығымен.
1-бап. Қордың негізгі мақсаттары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту қоры - бұл тиімді әлеуметтік бағдарланған нарықтық экономиканы калыптастыру мен оның дүниежүзілік рыноктағы бәсекелестік қабылетін арттыруға бағытталған, жүзеге асырылып жатқан экономикалық реформаларды инвестициялық қолдау мақсатында құрылатын республикалық бюджет құрамындағы мемлекеттік қор.
Қордың негізгі міндеттері:
- экономиканы құрылымдық жағынан қайта бағдарлауды қамтамасыз ету мен қайта өңдеуші және ұқсатушы салаларды басым дамыту негізінде оның шикізаттық бағытын жою;
- республиканың экспорттық-өнеркәсіптік әлеуетін арттыру;
- экспорттық және импортты алмастыра алатын өндірістерді дамыту жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру;
- кен-металлургия, химия-орман және мұнай-газ кешендері кәсіпорындарын диверсификациялау және қорғаныс кәсіпорындарын конверсиялау;
- жаңа және жоғары технологиялар, техникалық құралдар мен материалдар жасау, оларды экономикаға тиімді енгізу;
- тұрғын үй рыногын жасау;
- тұтыну рыногын азық-түлікпен және халық тұтынатын тауарлармен молықтыру;
- жастар кәсіпкерлігі мен жеке кәсіпкерлікті қорғау және қолдау;
- инфрақұрылымдық салалар мен жалпымемлекеттік мәні бар және бүкіл экономиканың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ететін салаларды дамыту;
- әзірленген, бірақ пайдаланылмаған өндіргіш күштері бар аумақтардың дамуына жағдай жасау;
- республиканың дәрі-дәрмекке және жабдықтарға қажетін қанағаттандыру үшін медицина және дәрі жасау өнеркәсібінің жаңа кәсіпорындарын құру мен жұмыс істеп тұрғандарын жаңғыру болып табылады.
Ескерту. 1-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.1994 № 137-ХIII Заңымен.2-бап. Қор қаражатының құралу кездері
Қор меншік түрлеріне қарамастан шаруашылық қызметпен айналысатын кәсіпорындар мен ұйымдар /залалдарын қоспағанда, жарғылық қордағы үлесi 30 процентке жетпейтiн шетел капиталын тартатын және Қазақстан Республикасының Үкiметiмен жасалған келiсiмдер мен контрактiлерге сәйкес пайдалы қазбаларды игеру мен өндiруге қатысатын кәсiпорындар/ өнімінің (жұмысының, қызметінің) өзіндік құнынан жыл сайын республикалық бюджетті бекіту кезінде белгіленетін мөлшерде жарна бөлу есебінен құралады.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.1994 № 137-ХIII Заңымен.3-бап. Қорға қаражат аудару тәртібі
Төлеушілер Қорға төлемдерді - ай сайын, ал аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің шаруашылық жүргізуші субъектілері тоқсан сайын аударады.
Тоқсан аяқталған соң тоқсандық есептер мен баланстар негізінде төлемдер қайта есептеледі. Қайта есептеу нәтижелері бойынша қосымша тиесілі төлемдер есеп тапсырылғаннан кейін бес күн мерзімінде төленеді, ал артық төленген сома кезекті төлемдер есебіне жатқызылады.
4-бап. Қор қаражатының орналасуы
Қор қаражаты Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінде арнаулы бюджеттiк есепте орналасады және оның қызметін пайдаланады.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.1994 № 137-ХIII Заңымен.5-бап. Төлеушілердің жауаптылығы
Төлемдерді Қор есебіне дұрыс есептеу және дер кезінде төлеу үшін жауаптылық төлеушілер мен лауазымды адамдарға жүктеледі.
Төлемдерді дер кезінде төлемегені үшін төлеушілерге "Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген шаралар қолданылады.
Төлеушілердің Қорға аударылатын төлемдерді дұрыс есептеуі мен дер кезінде қаржы аударуға бақылауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас салық инспекциясы органдары жүзеге асырады.
Төлеушілер өздері тұрған жердегі салық инспекциясына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бас салық инспекциясы белгілейтін форма бойынша Қорға төленетін төлемдердің тоқсан сайынғы есебін Қазақстан табыс етіп отырады.
6-бап. Қор қаражатын пайдалану
1. Жыл сайын, республикалық бюджет бекітілерде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесіне Қор көлемінің және оны салалар мен объектілер бойынша пайдаланудың негізгі бағыттарының есеп-қисабын, сондай-ақ осы Қор қаражатының өткен жылғы жұмсалуы туралы есеп табыс етеді.
Қор қаражатын пайдаланудың негізгі принциптері олардың қайтарымдылығы және Қор қаражатынан өндірістік құрылыс мақсатына бөлінген кредиттердің қайта қайтарылуы болып табылады.
2. Қор қаражатын бөлген кезде оны қайтарудың мерзімдері мен кезеңдері белгіленеді. Қор қаражатын қайтару басталғанға дейінгі мерзім кредит беру аяқталғаннан кейінгі бес жылдан аспауға тиіс.
3. Қор қаражатын пайдаланғаны үшін нақты проценттік ставканы Үйлестіру кеңесі әрбір инвестициялық жоба мен бағдарлама бойынша жеке-жеке белгілейді.
4. Қор қаражаты кредитті ұзақ пайдалануға, бірақ инвестициялауға қабылданған жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру мерзімін ескере отырып, он жылдан аспайтын мерзімге, сондай-ақ жеңілдікті кредит ставкасын белгілеумен, бірақ іске қосылған кәсіпорындар мен ұйымдар рентабельділігін ескере отырып, қолданылып жүрген коммерциялық ставкалардың елу процентінен аспайтын мөлшерде жеңілдікті негізде бөлінеді.
5. Үйлестіру кеңесінің шешімімен бекітілген инвестициялық кредит бөлу тізіміне кәсіпорындар мен ұйымдар меншік түрлеріне қарамастан әдетте конкурстық негізде, ірі жобалар мен бағдарламаларға міндетті түрде сараптама жасай отырып енгізіледі. Конкурсты өткізу тәртібі мен шарттары үйлестіру кеңесі бекіткен тиісті Ережеде белгіленеді.
Бұл орайда аграрлық-өнеркәсіптік кешен жобалары мен бағдарламаларын инвестициялауға жұмсалатын Қор қаражатының үлесі аграрлық-өнеркәсіптік кешеннің заңды ұйымдары түсетін жарна сомасынан кем емес мөлшерде белгіленеді.
6. Қор қаражатының жиырма проценттен аспайтын шамасы әлеуметтік қажеттерді шешу үшін қайтарылмайтын негізде пайдаланылуы мүмкін.
Мұндай жобалар мен бағдарламалардың тізімін, сондай-ақ оларды қаржыландырудың абсолюттік мөлшерін Үйлестіру кеңесі белгілейді.
Ескерту. 6-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.1994 № 137-ХIII Заңымен.7-бап. Қорды басқаратын жоғары орган
Қорды басқаратын жоғары орган Үйлестіру кеңесі болып табылады, ол Қорды пайдалану жөніндегі ұсыныстарды қарайды және бекітеді.
Қызметі бойынша Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Үйлестіру кеңесінің төрағасы болып табылады.
Үйлестіру кеңесінің дербес құрамын Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына кеңесші дауыс құқығымен ғалымдар мен мамандарды, соның ішінде шетелдік ғалымдар мен мамандарды да тартуға болады.
8-бап. Қорды басқаратын жүмысшы орган
Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі Қорды басқаратын жұмысшы орган болып табылады.
Қазақстан Республикасының Экономика министрлігі:
- Қор қаражатын құрау мен пайдалану тәртібін жасайды;
- Қор қаражатын пайдаланудың басым бағыттары жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- Қор қаражатын пайдалануға арналған бәйге жариялайды және оны өткізеді әрі Қор қаражаты есебінен инвестицияланатын жобалар мен бағдарламалар жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
- жобалар мен бағдарламаларды инвестициялау шарттары және тәртібі жөніндегі ұсыныстарды әзірлейді;
- "Конкурстар өткізу тәртібі туралы", "Инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды сараптан өткізу тәртібі туралы" ережелерді бекітуге әзірлейді;
- Конкурстар кеңесінің Қор қаражатын пайдалану туралы есебінің жобасын әзірлейді.
Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 14.07.1994 № 137-ХIII Заңымен.9-бап. Қор қаражатының пайдаланылуын бақылау
Қор қаражатының нысаналы пайдалануын бақылауды Үйлестіру кеңесі, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Бақылау Палатасы, Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Мемлекеттік қаржы бақылау комитеті жүзеге асырады.
Үйлестіру кеңесінің төрағасы жыл сайын Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында Қор қаражатын пайдалану туралы есеп береді. Есеп Жоғарғы Кеңес Бақылау Палатасы төрағасының қосымша баяндамасымен қоса жіберіледі.
Қордың бөлінген қаражатын нысаналы пайдаланбау кредит беруді тоқтатып, бұрын осы мақсатқа бөлінген кредиттерді қайтарып алуға негіз болады.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н. НАЗАРБАЕВ |