Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1996 жылғы 15 шiлде N 31-I

      Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына Z937000_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 1, 1-құжат):
      1. Кiрiспенiң бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағы қазiргi шекарасында тұтас, оған қол сұғылмайды және бөлiнбейдi".
      2. 1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы
      Қазақстан Республикасының шекарасы дегенiмiз Қазақстан аумағының шегiн - құрлығын, суын, жер қойнауын және әуе кеңiстiгiн айқындайтын сызық және осы сызық бойынша тiгiнен өтетiн үстiңгi қабаты.
      Мемлекеттiк шекара Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi".
      3. 5-бапта:
      1) үшiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының аумақтық теңiзiне жағалаудағы теңiз сулары жатады, олардың енi Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi";
      2) бесiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын:
      "Каспий теңiзiнде - iшкi суларға жататын айдын Қазақстан Республикасының Парламентi бекiткен Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен белгiленедi";
      3) алтыншы бөлiктегi "Жоғарғы Кеңесiнiң" деген сөздер "Парламентiнiң" деген сөзбен ауыстырылсын.
      4. 6, 9, 11, 13 және 17-баптарда "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын.
      5. 10-бапта:
      1) баптың атауындағы "ұшып келуi (кіруi)" деген сөздер "келiп қонуы (кiруi)" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2) үшiншi бөлiк "кеден" деген сөзден кейiн "экологиялық" деген сөзбен толықтырылсын.
      6. 18-баптың екiншi бөлiгiндегi "жапсарлас жатқан поселкенiң, селолық Кеңестiң, ауылдық Кеңестiң, ауданның, қаланың, қаладағы ауданның" деген сөздер "iргелес жатқан тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң" деген сөзбен ауыстырылсын.
      7. 19-баптың үшiншi бөлiгiндегi "халық депутаттары", "халық депутатының" деген сөздер "Парламент пен мәслихаттар депутаттары", "Парламент пен мәслихат депутатының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      8. VI тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "VI. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасымен мемлекеттiк шекарасын реттеу мен қорғау саласындағы құзыретi".
      9. 23-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "23-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң, мемлекеттiк органдарының Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын реттеу мен қорғау саласындағы құзыретi
      Қазақстан Республикасының Президентi
      Қазақстан Республикасының Президентi мемлекеттiк билiктiң барлық тармақтарының мемлекеттiк шекараны күзету саласында келiсiп қызмет iстеуiн қамтамасыз етедi, мемлекеттiк шекара бойынша келiссөздер жүргiзедi және халықаралық шарттарға қол қояды.
      Қазақстан Республикасының Парламентi
      Қазақстан Республикасының Парламентi мемлекет қауiпсiздiгiнiң құрамдас бөлiгi ретiнде мемлекеттiк шекараны күзету саласында заңдар қабылдайды және басып шығарады, Қазақстан Республикасының басқа мемлекеттермен аумақтық шектелу межесi туралы халықаралық шарттарға, соның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасының өтуi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының айрықша экономикалық аймағы мен континенттiк шельфiнiң шектелу межесi туралы шарттарды бекiтедi және олардың күшiн жояды.
      Қазақстан Республикасының Үкiметi
      Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетудi қамтамасыз ету жөнiндегi шараларды әзiрлейдi және оларды жүзеге асырады;
      министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттер мен басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың осы Заңды орындауына бақылау жасайды.
      Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар
      Шекаралық облыстардың жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдары өздерiнiң аумақтарында:
      шекара әскерлерiне мемлекеттiк шекараны күзету мен оның тәртiбiн қамтамасыз етуге көмек көрсетедi;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзету мұқтажы үшiн тегiн пайдалануға жер бередi, оның пайдаланылуына және осы жерде Қазақстан Республикасының табиғат қорғау заңдарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
      шекара әскерлерi мен әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерiнiң объектiлерiне, әскери қызметшiлерге, жұмысшылар мен қызметшiлерге, олардың отбасы мүшелерi мен тұратын жерлерiне қатысты құқыққа қарсы әрекеттердiң жасалуына жол бермеу жөнiнде шаралар қолданады;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасын күзетуге азаматтарды өз еркiмен тартуына жағдай жасайды және жәрдемдеседi;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы заңдарды барлық заңды және жеке тұлғалардың орындауын қамтамасыз етедi;
      шекаралық облыстардың (аудандардың) әкiмдерi мемлекеттiк шекарадағы шаруашылық қызмет, соның iшiнде мемлекеттiк шекарадағы шектес жақпен бiрлескен қызметтiң мәселелерiн шешу кезiнде шекаралық өкiлдi аппараттың жұмысына қатысады".
      10. 24-бапта:
      1) баптың атауындағы "мемлекеттiк басқару органдарының" деген сөздер "мемлекеттiк органдардың" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) бап мынадай мазмұндағы бiрiншi бөлiкпен толықтырылсын:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк шекара күзетi саласында:
      мемлекеттiк шекарада Қазақстан Республикасының мемлекеттiк саясатын жүзеге асырады;
      шекара әскерлерiнiң мемлекеттiк шекара күзетi саласындағы Қазақстан Республикасының заңдары мен халықаралық-құқықтық актiлерiн, шекара әскерлерiнiң мәртебесi мен қызмет ету жағдайлары туралы келiсiмдердiң орындалуын ұйымдастырады және оған бақылау жасайды;
      мемлекеттiк шекара күзетiне қатысты мәселелер бойынша халықаралық ұйымдардың қызметiне, оны халықаралық-құқықтық ресiмдеу жөнiндегi шаралар кешенiн жүзеге асыруға, шекара мәселелерi жөнiндегi халықаралық келiссөздерге қатысады, шет мемлекеттердiң шекара органдарымен өзара iс-қимылды жүзеге асырады;
      мемлекеттiк шекара күзетi мүддесiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен, Iшкi iстер министрлiгiмен, Мемлекеттiк тергеу комитетiмен, Қорғаныс министрлiгiмен және Кеден комитетiмен, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң тиiстi шекаралық ведомстволарымен өзара iс-қимылды ұйымдастырады;
      заңдармен белгiленетiн өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады";
      3) алтыншы бөлiктегi "жарлықтары", "Министрлер Кабинетiнiң" деген сөздер тиiсiнше "актiлерi", "Үкіметтiң" деген сөздермен ауыстырылсын, "қаулыларында" деген сөз алынып тасталсын;
      4) бiрiншi-алтыншы бөлiктер екiншi-жетiншi бөлiктер болып есептелсiн.
      11. 33-бапта:
      1) бiрiншi бөлiктегi "өзге де заттарды" деген сөздер "өзге де мүлiктi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) үшiншi бөлiктегi "белгiленген" деген сөздiң алдынан "заңмен" деген сөз қосылып толықтырылсын, "жоғары тұрған лауазымды адамға, үкiмет пен басқару органдарына, прокуратураға немесе сотқа" деген сөздер алынып тасталсын.
      II. "Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 13 қаңтардағы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 1, 3-құжат; 1995 ж., N 8, 56-құжат):
      1. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "5-бап. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң құрылымы
      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерi: басқару органдарын, шекара құрамаларын (шекара отрядтарын), шекара комендатураларын, шекара заставаларын, жекелеген бақылау-өткiзу пункттерiн (бақылау-өткiзу пункттерiн), авиация, теңiз және арнаулы бөлiмдердi, әскери-оқу орындарын, өзге де мекемелердi, ұйымдар мен кәсiпорындарды, сондай-ақ қамтамасыз ету бөлiмдерi мен бөлiмшелерiн қамтиды.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мемлекеттiк шекара күзетi саласындағы республиканың орталық атқарушы органы болып табылады және Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiне басшылық етедi.
      Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiне тiкелей басшылық жасау Қазақстан Республикасының Шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасына - Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiнiң қолбасшысына жүктеледi.
      Қазақстан Республикасының Шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасын - Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң Қолбасшысын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      Шекара әскерлерiнiң құрамалары, бөлiмдерi мен бөлiмшелерi жұмысының ұйымдастырылуы, олардың құрылымы мен штат саны осы Заңға сәйкес және Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң қаржыландыру шегiнде Қазақстан Республикасының Шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Төрағасы бекiтетiн жарғылармен, нұсқаулармен және ережелермен белгiленедi. Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң жалпы санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң қызметiн қаржы және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Үкiметiне жүктеледi. Қазақстан Республикасының Шекара әскерлерiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады".
      2. 7-баптың алтыншы абзацындағы "оқ-дәрiлердi" деген сөзден кейiн "мүлiктi" деген сөзбен толықтырылсын.
      3. 8-бапта:
      1) бiрiншi бөлiктiң жетiншi абзацы "шақыру" деген сөзден кейiн "және қажет болған жағдайларда әкелу" деген сөздермен толықтырылсын;
      2) мынадай мазмұндағы сегiзiншi абзацпен толықтырылсын:
      "қарсы күрес жүргiзу Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерiнiң құзыретiне жататын құқық бұзушылықтардың алдын алуды жүзеге асыру";
      3) сегiзiншi-жиырмасыншы абзацтар тиiсiнше тоғызыншы-жиырма бiрiншi абзацтар болып есептелсiн.
      4. 9-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "Шекара әскерлерiнiң киiм үлгiсiн Қазақстан Республикасы Шекара әскерлерi Қолбасшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi" деген сөйлем "Шекара әскерлерi әскери қызметшiлерiнiң әскери киiм үлгiсi мен айырым белгiлерiн Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi, олармен жабдықтау нормаларын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi" деген сөйлеммен ауыстырылсын.
      III. "Жедел-iздестiру қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 15 қыркүйектегi Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 13-14, 199-құжат; 1995 ж., N 24, 167-құжат):
      1. 6-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай мазмұндағы "3" тармақшасымен толықтырылсын:
      "3) Шекара әскерлерiнiң органдары".
      2. 10-баптың 2-тармағының екiншi абзацы "салық полициясы" деген

 

сөзден кейiн "Шекара әскерлерi" деген сөздермен толықтырылсын.

     3. 12-баптың 2-тармағында:

     1) "в" тармақшасының бiрiншi абзацы "Қорғаныс министрлiгi" деген

сөздерден кейiн "Шекара әскерлерiнiң жедел органдары" деген сөздермен

толықтырылсын.

     2) екiншi абзац "салық полициясы" деген сөздерден кейiн "Шекара

әскерлерi" деген сөздермен толықтырылсын.

     4. 10, 12, 20, 21, 23-баптардағы "Министрлер Кабинетi" деген

сөздер "Үкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады