1996 жылғы 1 шiлдеде Алматыда қол қойылған Қазақстан
Республикасы Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң Грузия Үкiметiне берген мемлекеттiк несиелерi
бойынша Грузия Үкiметiнiң қарызын қайта құрылымдар туралы келiсiм
бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Грузия Үкiметi
арасындағы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Грузия Үкiметiне
берген мемлекеттiк кредиттерi бойынша Грузия Үкiметiнiң қарызын
қайта құрылымдау туралы
Келісім
Бұдан әрi Қазақстан Тарабы деп аталатын және бұдан әрi Грузия Тарабы деп аталатын және бұдан әрi бiрлесiп Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi,
- Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы шеңберiнде интеграциялық процестердi дамытудың, үйлестiрудiң және одан әрi тереңдетудiң қажеттiлiгiн ескере отырып;
- Қазақстан Республикасы Үкiметi, Халықаралық Валюта қоры, Дүниежүзiлiк Банк және тұтастай дүниежүзiлiк қоғамдастық қолдаған Грузия халқының экономикалық реформалар бағдарламасын жүзеге асыру жөнiндегi күш-жiгерiн қолдай отырып;
- үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi Грузия Үкiметiне берген мемлекеттiк кредиттер бойынша оның қарыз проблемаларын тездетiп реттеу қажеттiлiгiн мойындай отырып;
мына төмендегiлер туралы уағдаласты:
1-БАП
Тараптар төмендегi үкiметаралық келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Тарабы Грузия Тарабына берген мемлекеттiк кредиттер бойынша оның қарызын қайта құрылымдауды жүзеге асыруға келiседi:
"1992 жылдың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Грузия Республикасы Үкiметi арасындағы техникалық кредиттер жөнiндегi қарызды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мемлекеттiк кредитiне қайта рәсiмдеу туралы" 1993 жылғы 1 маусымдағы келiсiм (бұдан әрi Бiрiншi келiсiм деп аталады),
"Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Грузия Республикасы Үкiметi арасындағы 1993 жылдың қаңтар-қазан айларындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың қорытындылары бойынша қарызды қайта рәсiмдеу туралы" 1994 жылғы 24 қарашадағы келiсiм (бұдан әрi Екiншi келiсiм деп аталады).
2-БАП
2.1. Тараптар осы Келiсiмнiң 1-Бабында көрсетiлген екi келiсiм бойынша Грузия Тарабының борыштық мiндеттемелерiнен туындаған және 1996 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша көрсетiлген келiсiм күшiне енген кезден бастап есептелген Грузия Тарабының 27,774 млн. АҚШ доллары мөлшерiндегi жалпы қарызын Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Грузия Үкiметiне қайта құрылымдалған кредитi етiп қайта рәсiмдеуге келiстi.
2.2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 27,774 млн. АҚШ доллары мөлшерiндегi қайта құрылымдалған кредитi Грузия Үкiметiне 1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап 10 (он) жыл мерзiмге берiлген болып есептеледi, оның алғашқы 5 (бес) жылы жеңiлдiк кезеңiн құрайды, осы кезеңде Грузия Тарабы қарыздың проценттiк борыш сомасын ғана қайтарады.
3-БАП
3.1. Грузия тарабы қайта құрылымдалған кредит бойынша негiзгi борыш сомасын 2001 жылдың 1 қаңтарынан 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезеңде қайтаруға мiндеттенедi.
3.2. Негiзгi-қарыз сомасын қайтаруда кезеңдiк төлем үшiн соманы есептеу 2001 жылдың 1 қаңтарынан 2006 жылдың 1 қаңтарына дейiнгi кезеңдегi тоқсандар саны есебi және қайта құрылымдық кредит сомасына қарай тоқсандық үлестiң теңдiгi негiзiнде жүргiзiледi.
3.3. Негiзгi қарыз сомасын қайтару төлемдерi қайта құрылымдалған кредит сомасының 20-дан бiр бөлiгi мөлшерiнде тоқсандар бойынша бiрдей үлесте жүргiзiледi.
3.4. Негiзгi қарыз сомасын қайтару төлемдерi кезеңi тоқсанның соңғы айы болып анықталады. Қазақстан Тарабының өкiлеттi банкiнiң (банктерiнiң) шотына сома түскен күн төлем орындалған күн болып есептеледi.
3.4.1. Тараптар осы Келiсiмнiң 3-бабының 3.4-тармағында көрсетiлген кезең iшiнде жүргiзiлмеген негiзгi борыш сомасының төлемiн осы тоқсанға арналған негiзгi борышты өтеудiң мерзiмi өткен төлемi деп есептеуге уағдаласты.
3.4.2. Грузия Тарабы негiзгi борыш сомасын өтеудiң бiрiншi төлемiн 2001 жылғы 01 шiлдеге дейiн жүргiзедi.
3.5. Грузия Тарабы Қазақстан Тарабымен келiсе отырып негiзгi борыш сомасын мерзiмiнен бұрын өтеуге құқылы.
4-БАП
4.1. Грузия Тарабы қайта құрылымдалған кредиттi пайдаланғаны үшiн проценттiк борыш сомасын 01.01.1996 жылдан 01.01.2006 жылға дейiн өтеуге мiндеттенедi.
4.2. Есептелетiн тоқсандағы нақты күн саны бойынша кредит сомасының нақты ауыстырылатын қалдығына проценттiк борыш сомасын есептеу үшiн жылдың 360 күнiне шаққанда кесiмдi жылдық 4 % (төрт процент) ставка бойынша проценттер есептеледi.
4.3. Проценттiк борыш сомасын өтеу төлемдердi тоқсан бойынша жүргiзiледi.
4.4. Проценттiк борыш сомасын өтеу төлемдерiнiң кезеңi тоқсанның соңғы айы болып айқындалады. Қазақстан Тарабы өкiлеттiк берген банктiң шотына сома түскен күн төлемнiң орындалған күнi болып есептеледi.
4.4.1. Тараптар осы Келiсiмнiң 4-бабының 4.4.-тармағында көрсетiлген кезеңде жүргiзiлмеген проценттiк борыш сомасының төлемiн осы тоқсанға арналған проценттiк борышты өтеудiң мерзiмi өткен төлемi деп есептеуге уағдаласты.
4.4.2. Грузия Тарабы проценттiк борыш сомасын өтеудiң бiрiншi төлемiн 1996 жылғы 31 шiлдеге дейiн жүргiзедi.
5-БАП
5.1. Грузия Тарабы негiзiнде негiзгi борыш сомасын өтеу жөнiндегi қарыз және/немесе проценттiк борыш сомасын өтеу жөнiндегi қарыз жатқан айыппұл борышының сомасын ол толық өтелiп болғанша өтеуге мiндеттенедi.
5.2. Қарыз сомасының (негiзгi борыш сомасын өтеу жөнiндегi және/немесе проценттiк борыш сомасын өтеу жөнiндегi) ауыспалы нақты қалдығына есептелетiн айыппұл борышының сомасын есептеп шығару үшiн жыл iшiндегi 360 күнге шаққанда жылдық кесiмдi 5% (бес процент) ставка бойынша қарыздың әр күнiнен айып проценттерi есептеледi.
5.3. Айыппұл борышы сомасының өтемiне төленетiн төлемдер тоқсан сайын төленiп отырады.
6-БАП
Грузия тарабы осы Келiсiмнiң 3-Бабының 3.1-тармағында, 4-Бабының
4.1-тармағында және 5-бабының 5.1-тармағында өзiне қабылдаған
мiндеттемелерiн орындамаған жағдайда ол негiзгi және проценттiк
борыштар бойынша қарыздың өтемiне төленетiн төлемдердi, сондай-ақ
айыппұл борышының өтемiне төленетiн төлемдердi олар толық өтелiп
болғанша өтеуге мiндеттенедi.
7-БАП
Негiзгi борышты, проценттiк және айыппұл борыштарын Грузия
Тарабы АҚШ долларымен өтейдi.
8-БАП
8.1. Осы Келiсiм бойынша қандай да бiр төлем Қазақстан Республикасында немесе Грузияда банктiң күнi болып табылмайтын күнге тап келген жағдайда мұндай төлем банктiң келесi жұмыс күнiнде төленедi.
8.2. Тараптардың өкiлеттi банктерi:
- бiр ай мерзiмде есеп айырысуды жүзеге асырудың және шоттарды жүргiзудiң осы Келiсiм шарттарынан туындайтын техникалық тәртiбiн келiсiп алуға,
- өздерi келiскен есеп айырысуды жүзеге асырудың және шоттардың жүргiзудiң осы Келiсiм шарттарынан туындайтын техникалық тәртiбiн олардың арасындағы банкаралық келiсiм түрiнде хаттап, Тараптардың Қаржы министрлiктерiне ресми түрде ұсынуға,
- бiр-бiрiне қарамастан есептi тоқсан аяқталған күннен бастап 10 (он) күн iшiнде есептi тоқсан аяқталған күнгi Тараптардың шоттарының жай-күйi туралы Тараптардың Қаржы министрлiктерiнiң екеуiне де ресми түрде анықтама берiп отыруға мiндеттi.
9-БАП
Грузия тарабы осы Келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiнен туындайтын борыштардың және/немесе қарыздардың өтемiне оның қайта құрылымдалған сыртқы борышына қызмет көрсету үшiн халықаралық қаржы ұйымдары өзiне берген халықаралық қаржы көмегiнiң бiр бөлiгiн осы ұйымдармен келiсiлген шарттарда жұмсауға мiндеттенедi.
10-БАП
Осы Келiсiм бойынша Тараптардың мiндеттемелерi сөзсiз болып табылады және ол бойынша төленетiн барлық төлемдер қандай да болсын өндiрiп алуларсыз, ұстап қалуларсыз және кез-келген түрдегi өзара есептемелерсiз жүзеге асырылады, сондай-ақ Тараптардың аумақтарында қолданылып жүрген барлық салықтардан, комиссиялық төлемдер мен алымдардан азат және таза болады.
11-БАП
Осы Келiсiм Тараптар оның күшіне енуi үшiн қажеттi өздерiнiң iшкi мемлекеттiк рәсiмдерiн орындағаны туралы бiр-бiрiне ең соңғы хабарлама берiлген күннен бастап күшiне енедi және Тараптар осы Келiсiм бойынша өз мiндеттемелерiн толық орындаған күннен бастап өзiнiң қолданылу күшiн тоқтатады.
12-БАП
Осы Келiсiм күшiне енуiне байланысты осы Келiсiмнiң I-Бабында көрсетiлген барлық үкiметаралық келiсiмдер, сондай-ақ осы келiсiмдер бойынша Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелерi күшiн жояды және олар Тараптардың бiр-бiрiне қаржы немесе өзге де талаптар қоюы үшiн
негiз бола алмайды.
Қазақстан Республикасында, Алматы қаласында 1996 жылғы 01
шiлдеде әрқайсысы қазақ, орыс және грузин тiлдерiнде түпнұсқалық 2
(екi) дана етiп жасалды, бұл ретте олардың әрқайсысының заң жүзiндегi
күшi бiрдей.
Тараптар осы Келiсiмнiң ережелерiн түрлiше пайымдаған жағдайда
орыс тiлiндегi мәтiн пайдаланылады.
Қазақстан Республикасының Грузияның
Үкiметi атынан Үкiметi атынан