"Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасы Заңына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу жөнiнде

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 8 қаңтардағы N 66

      "Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының бiр жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 13, 271-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1. 18-баптың 1-тармақшасы: "(214-баптың IҮ бөлiгi)" деген сөздерден кейiн мынадай сөздермен толықтырылсын: "бiр топ адамның немесе Қылмыстық кодекстiң 213, 213-1, 213-2 баптарында, 215-1-бабының екiншi бөлiгiнде көзделген қылмыстардың бiрiн бұрын жасаған адамның, немесе ерекше қауiптi қылмыскердiң қайталап, немесе алдын-ала келiсiм бойынша тап сондай әрекеттер жасағаны, сондай-ақ егер бұл әрекеттердiң мән-мақсаты iрi мөлшердегi есiрткi заттар болғаны (214-баптың Ү бөлiгi)". 
      2. 28-баптың 8) тармақшасындағы "үш айдан кешiкпей" деген сөздер "алты айдан кешiкпей" деген сөздермен ауыстырылсын.
      3. 29-баптың үшiншi, төртiншi азатжолдарындағы "7" және "9" деген цифрлар тиiсiнше "8" және "10" деген цифрлармен ауыстырылсын.        4. 36-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "Осы Заңның 18-бабы 1) тармақшасының күшi сондай-ақ Қазақ КСР Қылмыстық кодексiнiң мынадай баптары бойынша:
      214-баптың III, IҮ бөлiктерi бойынша (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1975 жылғы 21 ақпандағы және 1982 жылғы  29 желтоқсандағы, 1987 жылғы 30 шiлдедегi Жарлықтарының, 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақ КСР Заңының редакциясында), 76-1-баптың II, III, IҮ бөлiктерi бойынша (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1961 жылғы 21 шiлдедегi және 1982 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлықтарының редакциясында);
      76-2-бап бойынша (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1961 жылғы 21 шiлдедегi және 1982 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлықтарының редакциясында);
      76-3-баптың III бөлiгi бойынша (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1961 жылғы 21 шiлдедегi және 1982 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлықтарының редакциясында);
      76-5-бап бойынша (ұрлау арқылы жасалған) (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1961 жылғы 21 шiлдедегi Жарлығының редакциясында);
      76-7-баптың II, III бөлiктерi бойынша (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1989 жылғы 21 қазандағы Жарлығының редакциясында);
      133-баптың II, III, IҮ бөлiктерi бойынша (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1982 жылғы 29 желтоқсандағы және 1987 жылғы 4 ақпандағы Жарлықтарының редакциясында);
      134-бап бойынша (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1961 жылғы 21 шiлдедегi және 1982 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлықтарының редакциясында);
      135-баптың II, III бөлiктерi бойынша (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1989 жылғы 31 қазандағы Жарлығының редакциясында);
      136-баптың III бөлiгi бойынша (Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесi Төралқасының 1961 жылғы 21 шiлдедегi және 1982 жылғы 29 желтоқсандағы Жарлықтарының редакциясында) сотталған адамдарға қолданылады". 

      Қазақстан Республикасының
           Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады