Сыртқы қарыз алу және сыртқы борышты басқару туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 10 сәуiр N 90. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 1999.08.02. N 465 Заңымен. ~Z990465

      Осы Заң сыртқы қарыз алуды жүзеге асыру процесiнде, сондай-ақ мемлекеттiк органдардың мемлекеттiк сыртқы қарыздарды тарту, игеру және өтеу жөнiндегi, мемлекеттiк сыртқы борышты, мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борышты қоса мемлекеттiк емес борышты басқару жөнiндегi өкiлеттiктi жүзеге асыруы кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң қарызға алынған қаражатты тартуға, игеруге және қайтаруға қатысты құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн белгiлейдi.
 
                      1-тарау. Жалпы ережелер
 
      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
 
      Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      жалпы сыртқы қарыз - белгiлi бiр күнде игерiлген және өтелмеген мемлекеттiк және мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар сомасы;
      сыртқы қарыз - шетелдiк несие берушi - қарыз берушi, ал Қазақстан Республикасы немесе Қазақстан Республикасының резидентi қарыз алушы болатын қарыз қатынасы;
      сыртқы қарыз алу - қарыз қаражатын тарту қажеттiгi туралы шешiмдер қабылдауды, шетелдiк несие берушiлермен келiссөздер жүргiзудi, қарыз бойынша тиiстi құжаттарға қол қоюды, қарыз шартын бекiтудi (мемлекеттiк сыртқы қарыз алу жағдайында), қарыз қаражатын алуды, есептеудi және пайдалануды, сондай-ақ алынған қаражатқа қызмет көрсетудi және оларды өтеудi қамтитын процесс;
      iшкi қарыз алушы (түпкi қарыз алушы) - Қазақстан Республикасының Үкiметiнен және Ұлттық Банкiнен қарыз ресурстарын алушы Қазақстан Республикасының резидентi;
      мемлекет кепiлдiк берген сыртқы борыш - белгiлi бiр күнде игерiлген және өтелмеген, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар сомасы;
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi - қарыз алушы өзiнен алынатын сомасы белгiленген мерзiмде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң несие берушi алдында берешектi толық немесе iшiнара өтеуге алған мiндеттемесi;
      мемлекеттiк сыртқы борыш - белгiлi бiр күнде игерiлген және өтелмеген мемлекеттiк сыртқы қарыздар сомасы;
      мемлекеттiк сыртқы қарыз - Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Ұлттық Банкi арқылы Қазақстан Республикасы қарыз алушы болып табылатын сыртқы қарыз қатынасы;
      борыштық бағалы қағаз - бағалы қағаз түрi, ол өзiн ұстаушының оны шығарған тұлғадан онда көзделген мерзiмде борыштық бағалы қағаздың атаулы құнын немесе өзге де мүлiктiк эквивалентiн алу құқығын куәландырады. Борыштық бағалы қағаз өзiн ұстаушыға оның атаулы құнынан сыйақы (мүдде) алу құқығын не өзге мүлiктiк құқық беруi де мүмкiн;
      шетелдiк несие берушiлер - шет мемлекеттер, халықаралық ұйымдар және Қазақстан Республикасының резиденттерi емес несие берушiлер;
      қарсы кепiлдiк - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шетелдiк несие берушi алдындағы кепiлдiк мiндеттемелерiн орындауы нәтижесiнде пайда болған берешектi заңды тұлғаның толық және iшiнара өтеуге Қазақстан Республикасының Үкiметi алдындағы мiндеттемесi;
      мемлекеттiк борыш лимитi - Үкiмет сыртқы және iшкi рыноктарда алған қарыз капиталы мен өтелмеген қарыздың жыл сайын республикалық бюджетте бекiтiлiп отыратын тiркелген сомасы, қаржы жылының аяғындағы мемлекеттiк борыш одан аспауға тиiс;
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кепiлдiктерiнiң лимитi - тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджеттiң құрамында бекiтiлетiн тiркелген сома, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi сол сома шегiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн беруi мүмкiн;
      сыртқы борыш мониторингi - сыртқы борыштың қалыптасуын, өзгеруiн және оған қызмет көрсетудi қадағалау мен бақылау жөнiнде соған уәкiлеттi органдар арқылы мемлекет атқаратын қызмет;
      мемлекеттiк емес сыртқы борыш - белгiлi бiр күнде игерiлген және өтелмеген мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар сомасы;
      мемлекеттiк емес сыртқы қарыз - Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Ұлттық Банкiн қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденттерi қарыз алушы болып табылатын сыртқы қарыз қатынасы;
      сыртқы қарызға қызмет көрсету - банк-агенттiң қарыз қаражатын қарыз алушының шотына есептеу және қарыз алушының сыртқы қарызда белгiленген шарттармен сыйақыларды (мүдделердi), комиссиялық алымдарды және басқа да төлемдердi жұмсауға, өтеуге және төлеуге байланысты төлемдердi жүзеге асыру жөнiндегi қызметi;
      мемлекеттiк сыртқы борышқа қызмет көрсету - белгiлi бiр кезеңдегi мемлекеттiк борыш бойынша негiзгi борышты, сыйақыларды (мүдделердi), комиссиялық алымдар мен айыппұлдарды өтеудiң жиынтық төлемдерi;
      мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасы - Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтетiн экономиканың басым секторлары бойынша мемлекеттiк қаражатты және/немесе мемлекет тартатын, соның iшiнде мемлекет кепiлдiк бере отырып тартатын қаражатты инвестициялау бағдарламасы;
      мемлекеттiк сыртқы борышты басқару - мемлекеттiк өзi уәкiлдiк берген органдар арқылы ұтымды (тиiмдi) сыртқы қарыз алуды қамтамасыз ету және болашақ кезеңдердегi төлем балансының макроэкономикалық қиындықтары мен проблемаларын болғызбау мақсатында сыртқы қарыздарға қызмет көрсету құнын оңтайландыру жөнiндегi қызметi;
      өтiнiш жасаушы тұлға - өзi қарыз алушы болатын мемлекеттiк емес сыртқы қарыз бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн беру жөнiнде өтiнiш жасаған Қазақстан Республикасының резидентi.
      ЕСКЕРТУ. 1-бап өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.07.11. N 154
               Заңымен. Z970154_
 
      2-бап. Қазақстан Республикасының сыртқы қарыз алу
             туралы заңдары
 
      1. Қазақстан Республикасының сыртқы қарыз алу туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң және осы Заңның нормалары мен басқа да заң және өзге нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.
      2. Егер Қазақстан Республикасы Бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының сыртқы қарыз алу туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
 
      3-бап. Сыртқы қарыздың түрлерi мен нысандары
 
      1. Сыртқы қарыздар мынадай түрлерге бөлiнедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы қарыздарынан және

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық банкiнiң сыртқы қарыздарынан тұратын

мемлекеттiк сыртқы қарыздар;

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк

емес сыртқы қарыздар;

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi жоқ мемлекеттiк

емес сыртқы қарыздар.

     2. Сыртқы қарыздар мынадай нысанда болуы мүмкiн:

     сыртқы қарыздар туралы шарттар;

     борыштық бағалы қағаз.


     4-бап. Сыртқы борыштың жай-күйi туралы

            мәлiметтердiң жариялылығы



 
       Қазақстан Республикасы жалпы және мемлекеттiк сыртқы борыштарының ағымдағы жай-күйi туралы, сыртқы қарыз бойынша алынған қаражаттың сомасы және олардың пайдаланылуы туралы, сыртқы борышты өтеу есебiне, төленген қаражат сомасы туралы, сондай-ақ мемлекеттiк емес сыртқы қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының берiлген мемлекеттiк кепiлдiктерi және осындай кепiлдiктер бойынша төленген қаражат сомалары туралы мәлiметтер ашық мәлiметтер болып табылады және оларды уәкiлеттi мемлекеттiк орган мемлекеттiк статистикалық есеп беру нысанында жыл сайын жариялап отыруға тиiс.
 
      5-бап. Мемлекеттiк органдардың сыртқы қарыз алу және сыртқы
             борышты басқару саласындағы өкiлеттiгi
 
      1. Қазақстан Республикасының парламентi республикалық бюджеттi бекiту және мемлекеттiк қарыз мәселелерi бойынша халықаралық шарттарды бекiту жөнiндегi өзiне Қазақстан Республикасының Конституциясы жүктеген өкiлеттiктердi жүзеге асырады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      1) жыл сайын ағымдағы жылдың 1 тамызына дейiн алдағы 10 жылдық кезеңге арналған қарыз алу бағдарламасын қабылдайды, Қазақстан Республикасының қарыз алуы соған сәйкес мемлекеттiк бюджет саясатын ескере отырып жүзеге асырылады;
      2) Үкiметтiң сыртқы қарызды тартуы қажет екенi туралы шешiм қабылдайды, шетелдiк несие берушiлермен келiссөздер жүргiзу, қарыз бойынша тиiстi құжаттарға қол қою, қарыз қаражатын алу, есептеу және пайдалану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы қарызына қызмет көрсету және оларды өтеу тәртiбiн белгiлейдi, мемлекеттiк сыртқы борышты басқаруды ұйымдастырады;
      3) кезектi қарыз жылына арналған республикалық бюджет жобасының құрамында осы бюджетке түсетiн мемлекеттiк сыртқы қарыздың, берiлетiн кепiлдiктер лимиттерiнiң сомасын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы борышына қызмет көрсетуге арналған қаражат сомасын белгiлейдi;
      4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасы министрлiктерi мен мемлекеттiк комитеттерiнiң, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң құрамына кiрмейтiн өзге де орталық атқарушы органдардың мемлекеттiк сыртқы қарыз алу және мемлекеттiк сыртқы борышты басқару саласындағы құзыретiн белгiлейдi;
      5) Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдарының мемлекеттiк сыртқы қарыз алу және Үкiметтiң сыртқы қарызы бойынша мемлекеттiк сыртқы борышты басқару саласындағы қызметiн жалпы үйлестiрудi жүзеге асырады;
      6) мемлекеттiк кепiлдiгi бар мемлекеттiк емес сыртқы қарыз бойынша кепiл болады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сыртқы қарызы бойынша кепiлдiк ете алады.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi:
      1) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, Үкiметтiң сыртқы қарызына қызмет көрсетудi жүзеге асырады;
      2) сыртқы қарызды тарту қажеттiгi туралы шешiм қабылдайды, шетелдiк несие берушiлермен келiссөз жүргiзедi, қарыз бойынша тиiстi құжаттарға қол қояды, қарыз қаражатын алып, оның есебiн жүргiзедi және оны пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сыртқы қарыз қаражатына қызмет көрсетедi және оны қайтарады; осындай сыртқы қарыз бойынша мемлекеттiк сыртқы борышты басқаруды жүзеге асырады;
      3) мемлекеттiк кепiлдiгi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы қарыз бойынша несие келiсiмдерiн (шарттарын) тiркеу мен олардың мониторингiн және Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы борышын бағалауды жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      1) экономикалық дамудың ұзақ мерзiмдi болжамы негiзiнде және мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасын ескере отырып, алдағы 10 жыл кезеңге арналған қарыз алу бағдарламасын әзiрлейдi;
      2) Қазақстан Республикасы Үкiметiне қарыз қаражатын тарту қажеттiгi туралы ұсыныстар енгiзедi, шетелдiк несие берушiлермен келiссөз жүргiзедi, сыртқы қарыз бойынша тиiстi құжаттарға қол қояды, сыртқы қарыз қаражатын алады, оның есебiн жүргiзедi және пайдаланады, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы қарыз қаражатын қайтарады, мемлекеттiк сыртқы борышты басқаруды жүзеге асырады;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес сыртқы қарыз бойынша мемлекеттiк кепiлдiктерiн бередi және тiркейдi;
      4) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келiсе отырып, екiншi деңгейдегi банктерге мемлекеттiк және мемлекеттiк кепiлдiгi бар, мемлекеттiк емес сыртқы қарызға қызмет көрсетуге уәкiлдiк бередi;
 
      2-тарау. Мемлекеттiк сыртқы қарыз алу
 
      6-бап. Мемлекеттiк сыртқы қарыз алу мақсаттары
      Мемлекеттiк сыртқы қарыз төлем балансын көтермелеу және республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру үшiн тартылады.
 
      7-бап. Сыртқы қарыз мiндеттемелерiндегi тұлғаларды ауыстыру
      1. Қайта ұйымдастыру кезiнде заңды тұлғаның - қарыз берушiнiң сыртқы қарыз мiндеттемесi бойынша құқық сабақтастығы, сондай-ақ сыртқы қарыз мiндеттемесi бойынша борышты аудару осы мiндеттемелер бойынша құқықтары мен мiндеттерiн жаңа қарыз алушыға белгiленген тәртiппен мiндеттi түрде қайта ресiмдей отырып жүзеге асырылады.
      2. Қарыз қатынастары субъектiсiн және банк-агенттi кез келген өзгерту мемлекет кепiлдiк берген мемлекеттiк емес сыртқы қарыз бойынша Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсе отырып жүзеге асырылады.
 
      8-бап. Мемлекеттiк сыртқы қарыз алу субъектiлерi
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыртқы қарызы бойынша қарыз берушiлер - шетелдiк несие берушiлер, қарыз алушы - Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi болып табылады.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сыртқы қарызы бойынша кепiл болуға құқылы. Мұндай кепiлдiктер берудiң шарттарын талаптар уағдаластық бойынша белгiлейдi.
      3. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Қазақстан Республикасы Үкiметi мен Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң сыртқы қарызы бойынша кепiлдiктер беруге құқығы жоқ.
 
      9-бап. Мемлекеттiк сыртқы қарызды алуды шектеу
      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi сыртқы қарыз алуды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бағдарламасына сәйкес жүзеге асырады. Белгiлi бiр күнде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi тартатын сыртқы қарыздың көлемi оның таза алтын-валюталық активтерiнiң 50 процентiнен аспауы керек.
      2. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстерiнiң жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарына, арнаулы экономикалық аймақтардың әкiмшiлiк кеңестерiн қоса алғанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының басқа да мемлекеттiк органдарына, соның iшiнде олардың аумақтық бөлiмшелерiне кез келген нысанда сыртқы қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым салынады.
      ЕСКЕРТУ. 9-бап өзгертiлдi - ҚР Президентiнiң 1997.07.11. N 154
               Заңымен. Z970154_
 
      10-бап. Қарыз қаражатын есепке алу мен пайдалану
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң сыртқы қарыз бойынша алынған қаражаты республикалық бюджетке есептеледi және бюджеттiң атқарылуы тәртiбiмен пайдаланылады.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң сыртқы қарыз бойынша алған қаражаты Ұлттық Банктiң балансында ескерiледi және оның жүргiзетiн ақша-несие саясатына сәйкес пайдаланылады.
      3. Iшкi қарыз алушылар (түпкi қарыз алушылар) Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне, Ұлттық Банкiне, мемлекеттiк статистика органдарына сыртқы қарыздың пайдаланылуы және оған қызмет көрсету жөнiнде мәлiметтер берiп отыруға мiндеттi. Мәлiметтер беру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, Ұлттық Банкi және мемлекеттiк статистика органдары белгiлейдi.
 
      11-бап. Қарыз қаражатын пайдалану тәртiбi
      1. Мемлекеттiк сыртқы қарыз бойынша алынған қаражат оның нысаналы мақсатына қарай тiкелей өтемсiз пайдалану үшiн бағытталуы немесе iшкi қарыз алушыларға (түпкi қарыз алушыларға) қайтарымдық негiзде берiлуi мүмкiн.
      2. Қарыз қаражатын өтемсiз пайдалану - бюджеттiк шығыс жасау (қаржы бөлу) немесе оларды Ұлттық Банктiң пайдалануы арқылы, ал қарыз қаражатын iшкi қарыз алушыларға (түпкi қарыз алушыларға) беру - мемлекеттiк несие беру арқылы жүзеге асырылады.
      3. Мемлекеттiк сыртқы қарыз қаражаты тек мемлекеттiк сыртқы қарыз шарттарында көзделген мақсаттарға ғана пайдаланылуға тиiс.
 
      12-бап. Сыртқы қарыз қаражаты есебiнен
              мемлекеттiк несие беру
      1. Сыртқы мемлекеттiк қарыз бойынша түскен қаражат iшкi қарыз алушыларға (түпкi қарыз алушыларға) несие шарттары бойынша берiледi, ол бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе Ұлттық Банкi қарыз берушi болады.
      2. Мемлекеттiк несиелер өтелетiн және нысанда несиелер болып табылады. Несие қаражатының нысаналы пайдаланылуын бақылауды қарыз берушi заңдарда және шартта көзделген тәртiппен жүзеге асырады. Iшкi қарыз алушылардың (түпкi қарыз алушылардың) несие қаражатын нысаналы пайдаланбауы заңдарда және шарттарда көзделген салдарға әкеп соғады.
      3. Мемлекеттiк несиелердi iшкi қарыз алушыларға (түпкi қарыз алушыларға) берудiң өзге ережелерi, соның iшiнде оларды қамтамасыз ету нысандары шартпен белгiленедi.
 
      3-тарау. Мемлекеттiк емес сыртқы қарыз алу және
               Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
               кепiлдiктерi
 
      13-бап. Мемлекеттiк емес сыртқы қарыз алу
      1. Мемлекеттiк емес сыртқы қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттерi кез келген мөлшерде, кез келген валюта түрiнде және кез келген нысанда Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген шектеулердi ескере отырып дербес жүзеге асырады.
      2. Мемлекеттiк емес сыртқы қарыз Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылуы мүмкiн.
 
      14-бап. Мемлекеттiк емес сыртқы қарыз алу субъектiлерi
      1. Өз атынан шарт жасалатын Қазақстан Республикасының резиденттерi мемлекеттiк емес сыртқы қарыз бойынша қарыз алушылар болады.
      2. Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң сыртқы қарыз алуды жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқ мемлекеттiк емес сыртқы қарыз бойынша қарыз алушылардың - Қазақстан Республикасы резиденттерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi.
 
      15-бап. Мемлекеттiк емес сыртқы қарызды есепке алу
      1. Мемлекеттiк емес сыртқы қарыз алуды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының резиденттерi мемлекеттiк кепiлдiктерi бар сыртқы қарыз туралы шарттарын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнде, мемлекеттiк кепiлдiктерi жоқтарын - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнде тiркеуi мiндеттi.
      2. Төлем мiндеттемелерiн тауарлар жеткiзiлгеннен кейiн, жұмыс атқарылып, қызмет көрсетiлгеннен кейiн кемiнде 180 күннен кешiктiрмей төлеу керек болатын ағымдағы сауда немесе есеп айырысу операциялары тiркеуге жатпайды.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi өзi тiркеген мемлекеттiк емес сыртқы қарыз бойынша жауап бермейдi.
      4. Жалпы сыртқы борышты бағалау үшiн бағалы қағаздар рыногын реттейтiн мемлекеттiк орган Қазақстан Республикасының резиденттерi шығаратын, Қазақстан Республикасының резидент еместерi ұстаушылар болып табылатын борыштық бағалы қағаздар туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақпарат бередi. Қазақстан Республикасының резиденттерi шығаратын борыштық бағалы қағаздарды есепке алу тәртiбiн бағалы қағаздар рыногын реттейтiн мемлекеттiк орган белгiлейдi.
 
      16-бап. Мемлекеттiк емес сыртқы қарызға Қазақстан
              Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiн
              беру ережелерi
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет құрамында бекiтiлген лимиттер шегiнде берiледi.
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн беру туралы өтiнiштi қанағаттандыруға сыртқы қарыз қаражатын инвестициялық жобаларға пайдалану және өтiнiш берушi тұлғаның Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен бұрын алынып, өтеу мерзiмi келген сыртқы қарызын толық өтеген жағдайда жол берiледi.
      3. Осы Заңның 19 және 20-баптарындағы талаптарға сәйкес келетiн құжат қана Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi деп танылуы мүмкiн.
      4. Мемлекеттiк органдардың және олардың лауазымды адамдарының сыртқы қарыз шарттың және (немесе) оның ережелерiн мақұлдайтын және (немесе) қарыз алушының төлем қабiлетiн растайтын, бiрақ осы Заңның 19 және 20-баптарының талаптарына сай келмейтiн ешбiр актiлерiнiң немесе өзге де құжаттарының, визаларының, бұрыштамаларының және (немесе) өкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi күшi болмайды.
      5. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн беру тәртiбi мен ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Мемлекеттiк емес сыртқы қарыз бойынша мемлекеттiк кепiлдiк берiлгенi үшiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тәртiппен ақы алынады.
 
      17-бап. Өтiнiш берушi тұлғаларға қойылатын жалпы талаптар
 
      1. Өтiнiш берушi тұлғаларға мынадай талаптар қойылады:
      1) заңды тұлға - Қазақстан Республикасының резидентi болу;
      2) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру;
      3) мемлекеттiк тiркеуге жататын активтерi немесе қарсы кепiлдерге сыртқы қарыздың қайтарылуын қамтамасыз ету ретiнде қойылатын талаптарды қанағаттандыратын үшiншi бiр тұлғаның қарсы кепiлдiгi болуы;
      4) осы Заңның 5-бабы 4-тармағының 4) тармақшасында аталған екiншi деңгейдi банкте сыртқы қарызға қызмет көрсетiлетiнiне мiндеттеме беру.
      2. Қазақстан Республикасының Үкiметi өтiнiш берушi тұлғаларға мемлекеттiк емес сыртқы қарыздың және инвестициялық жоба тәуекелiнiң ережелерiне байланысты қойылатын қосымша талаптар белгiлеуi мүмкiн.
 
      18-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен
              қарыз қаражатын тарту есебiнен қаржыландырылуға
              үмiткер инвестициялық жобаларды iрiктеу тәртiбi
 
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерi экономиканың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiмен мемлекеттiк емес сыртқы қарыз тарту есебiнен қаржыландырылуы көзделiп отырған басым секторларының Қазақстан Республикасының Үкiметi жыл сайын бекiтiп отыратын тiзбесiне сәйкес берiледi. Бұл тiзбе мiндеттi түрде жариялануға тиiс.
      2. Егер өтiнiш берушi тұлғаның тиiстi несие рейтингi болса және инвестициялық жоба бойынша кепiлдi мiндеттеменi тиiсiнше қамтамасыз ететiн болса не осындай жоба бойынша үшiншi тұлғаның тиiстi қарсы кепiлдiгi болса, өтiнiш берушi тұлға Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiнен Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн беру туралы тiкелей сұрауға хақылы.
      Несие рейтингiнiң деңгейiн, рейтинг агенттiктерiнiң тiзiмiн және қарсы кепiлдерге қойылатын талаптарды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Осы баптың 2-тармағында белгiленген талаптар болмаған жағдайда, сыртқы қарыз алу шарттары бойынша қаржыландырылуды талап ететiн инвестициялық жоба жөнiндегi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн алу үшiн берiлетiн өтiнiштердi Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi қабылдайды.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлiгi мынадай шарттар болған ретте өтiнiштi қарауға қабылдайды:
      1) ұсынылып отырған инвестициялық жобаны қосылып қаржыландыру үшiн қажеттi өз ресурстарының болуы, олар осы жобаның жалпы құнының кемiнде 15 процентi болуға тиiс;
      2) мемлекеттiк бюджеттiң, бюджеттiк емес мемлекеттiк қорлардың алдында берешектерiнiң, сондай-ақ несие берушiлер алдында өзге берешектерiнiң болмауы.
      5. Инвестициялық жобаларды iрiктеп алу iсiн қорытынды ресiмдеу және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен тартылған сыртқы қарыз қаражаты пайдаланылған жобаның нақты экономикалық тиiмдiлiгiн кейiннен бағалау арқылы конкурстық негiзде Қазақстан Республикасының экономика және сауда министрлiгi жүргiзедi.
      6. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi өзi алған өтiнiштер, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлiгiнiң оң қорытындысымен келiп түскен өтiнiштер бойынша жобаларды қаржыландыру ережелерi жөнiнде және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiнiң бекiтiлген лимитi шеңберiнде қорытынды дайындайды және Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен сыртқы қарыз қаражатын тарту есебiнен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық жобалардың тiзбесiн әзiрлеп, Қазақстан Республикасының Үкiметiне табыс етедi.
      7. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен сыртқы қарыз қаражатын тарту есебiнен қаржыландырылуы жүзеге асырылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
 
      19-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кепiлдiгiнiң
              нысаны
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi шетелдiк несие берушiлермен жасасқан мемлекеттiк кепiлдiк беру туралы шарт (кепiлдiктi шарт), Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң жазбаша хабарламасы (кепiлдiктi мiндеттемесi) нысанында болуға тиiс.
      2. Егер шартта өзгеше көзделмесе, кепiлдiктi шарт оған талаптар қол қойған күннен бастап күшiне енедi.
      Кепiлдiктi мiндеттеме берiлген күнiнен бастап күшiне енедi.
      3. Әрбiр инвестициялық жоба бойынша кепiлдiктi шартқа, кепiлдiктi мiндеттемеге Қазақстан Республикасының Қаржы министрi не оның мiндетiн атқарушы адам қол қояды.
      4. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiнiң бәрi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi белгiлейтiн тәртiппен тiркелуге тиiс.
 
      20-бап. Қазақстан Республикасы мемлекеттiк
              кепiлдiгiнiң мазмұны
      1. Кепiлдiктi шартта және кепiлдiктi мiндеттемеде:
      1) инвестициялық жобаны Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiмен қарыз тарту есебiнен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың тiзбесiне енгiзiлгенде негiзге алынған Қазақстан Республикасы үкiметiнiң қаулысы;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiне қол қойған лауазымды адам;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi берiлетiн жалпы сома;
      4) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар сыртқы қарыз бойынша қарыз алушының негiзгi мiндеттемесiнiң мазмұны;
      5) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi берiлген мерзiм көрсетiлуге тиiс.
      2. Кепiлдiктi шарт пен кепiлдiктi мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 3) -5) тармақшаларында көзделген ережелер болмаған жағдайда:
      1) Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кепiлдiгiнiң жалпы сомасы қарыз алушы берешегiнiң жалпы сомасына тең;
      2) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi сыртқы қарыз бойынша борышкердiң барлық мiндеттемелерiн орындауды қамтамасыз етедi;
      3) Мемлекеттiк кепiлдiк сыртқы қарыз шарты бойынша мiндеттемелердiң орындалуымен тоқтатылады.
      3. Кепiлдiктi шарт пен кепiлдiктi мiндеттемеде осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптар болмаған не оларға осы Заңның 19-бабының 3-тармағын бұзып, уәкiлеттi емес адам қол қойған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi жарамсыз деп есептеледi.
 
      21-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк
              кепiлдiгiн орындау
      Егер Қазақстан Республикасы мемлекеттiк кепiлдiгiнiң ережелерiнде өзгеше көзделмесе, егер кепiлдiкпен қамтамасыз етiлген сыртқы қарызды қарыз алушы төлем мерзiм басталған күнi және несие берушi осы талаптарды қарыз алушының қанағаттандыруына барлық орынды шараларды қолданғаннан кейiн толық немесе iшiнара өтелмеген жағдайда,

 

шетелдiк несие берушiнiң талап етуi бойынша ондай кепiлдiк төлем күнi

келгеннен кейiн, бiрақ одан кейiн кемiнде 30 күннен кейiн орындалуға

тиiс.

     22-бап. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар

             сыртқы қарыз шарты бойынша алынған қаражаттың

             пайдаланылуын бақылау

     Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгi бар сыртқы қарыз

шарты бойынша алынған қаражаттың пайдаланылуын бақылау Қазақстан

Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады.


     4-тарау. Шетелдiк несие берушiлердiң

              мүдделерiн қорғау


     23-бап. Шетелдiк несие берушiлер алдындағы мiндеттемелердiң

             күшiн жоюға немесе оларды кейiнге қалдыруға

             жол берiлмеуi

     Шетелдiк несие берушiлер алдындағы мiндеттемелердiң, соның

iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiктерiнен

туындайтын мiндеттемелердiң бiржақты тәртiппен күшiн жоюға немесе

оларды кейiнге қалдыруға болмайды.


     24-бап. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың

             заңсыз iс-әрекеттерiнен қорғау


 
       Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасы заңдарын бұзып қабылдаған және сыртқы қарызды тартуды, пайдалануды немесе өтеудi нашарлататын актiлерiнiң заңды күшi болмайды.
 
      25-бап. Шетелдiк несие берушiлерге келтiрiлген зиянды
              өтеу және оның орнын толтыру
      1. Соғыстың немесе басқа да қарулы жанжалдың, революцияның, төтенше жағдайдың, азаматты қақтығыстардың немесе сол сияқты жағдаяттардың салдарынан, сондай-ақ заңсыз нормативтiк құқықтық актiлер мен сот шешiмдерiнiң қабылдануына немесе мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдарының заңсыз iс-әрекеттердi жүзеге асыруына байланысты шетелдiк несие берушiлердiң Қазақстан Республикасындағы мүдделерiне залал келтiрсе, оларға Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғаларына жоғарыда аталған жағдаяттар салдарынан келтiрiлген залалдың орнын толтыру және (немесе) өтем төлеу кезiнде қолданылатын қолайлылығы жағынан кем түспейтiн режим жасалады.
      2. Мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдарының сыртқы қарызды заңсыз тоқтата тұруын, пайдаланылуы немесе қайтарылуын шектеуiнен келтiрiлген зияндар шетелдiк несие берушiге заңсыз шешiмдi қабылдаған мемлекеттiк орган қаржыландырылған бюджет қаражаты есебiнен онымен келiсiлген валютамен өтеледi.
 
      26-бап. Сыртқы қарызға байланысты қызметтегi жариялылық
      Барлық нормативтiк құқықтық актiлер, сондай-ақ сыртқы қарыздарға қатысты сот шешiмдерi мүдделi тұлғалар үшiн алуға оңай болуға тиiс.
 
      5-тарау. Қорытынды ережелер
 
      27-бап. Қолданылатын құқық
      Қазақстан Республикасының құқығы, егер сыртқы қарыздың, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiнiң немесе шетелдiк несие берушiмен өзге де келiсiмдердiң ережелерiнде өзгеше тiкелей көзделмесе, қолданылатын құқық болып табылады.
 
      28-бап. Дауларды шешу
      1. Сыртқы қарыз шартын жасауға және (немесе) орындауға, сыртқы қарыздың қайтарылмауына, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк кепiлдiгiн беруге және орындауға байланысты даулар, сыртқы қарызға тiкелей байланысты өзге де даулар мүмкiндiгiнше дауларды шешудiң бұрын келiсiлген шарттарында белгiленген рәсiмдерiне сәйкес не келiссөз арқылы, соның iшiнде сарапшыларды тарта отырып шешiледi.
      2. Егер шетелдiк несие берушi қатысатын мұндай даулардың кез келген тарап екiншi тарапқа жазбаша жолдау жасаған күннен бастап үш ай iшiнде келiссөз арқылы шешiлуi мүмкiн болмаса, дауласушы кез келген тарап шетелдiк несие берушiнiң жазбаша келiсiмi болған жағдайда дауды шешу үшiн Қазақстан Республикасының соттарына немесе мына төрелiк органдарының бiрiне:
      1) мемлекеттердiң және басқа мемлекеттiк азаматтарының арасындағы халықаралық дауларды реттеу жөнiндегi конвенцияға сәйкес құрылған, егер инвестордың мемлекетi осы Конвенцияға қатысушы болса, 1965 жылғы 18 наурызда Вашингтонда қол қою үшiн ашылған (ИКСИД Конвенциясы) Инвестициялық дауларды реттеу жөнiндегi халықаралық орталыққа (бұдан әрi - Орталық);
      2) егер инвестордың мемлекетi ИКСИД Конвенциясына қатысушы болмаса, Орталықтың (қосымша органның ережелерi бойынша жұмыс iстейтiн) қосымша мекемесiне;
      3) Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Халықаралық сауда құқығы жөнiндегi комиссиясының (ЮНСИТРАЛ) Төрелiк регламентiне сәйкес құрылатын төрелiк органдарға;
      4) Стокгольмдегi Халықаралық сауда палатасы төрелiк институты жанындағы төрелiк қарауға бере алады.
      3. Егер тарап басқа тарапқа алғашқы жазбаша жолдау жасаған күннен бастап алты ай iшiнде осы баптың 2-тармағында көзделген тәртiппен дауды қарауға жазбаша жауап алмаса, дау Қазақстан Республикасының соттарына берiлуi мүмкiн.
      4. Осы баптың 1-тармағының шеңберiнде қамтылмаған өзге даулардың

 

бәрiн, оның iшiнде шетелдiк несие берушiнiң Қазақстан

Республикасының заңды тұлғаларымен және азаматтарымен дауларын, егер

тараптардың келiсiмiнде өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының

соттары шешедi.


     29-бап. Сыртқы қарыз алу және сыртқы борышты басқару

             жөнiндегi заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

     Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген

жауаптылыққа әкеп соғады.


     30-бап. Қорытынды ережелер

     1. Осы Заң өзi күшiне енгiзiлгеннен кейiн туындаған құқықтық

қатынастарға қолданылады.

     2. Осы Заң күшiне енгiзiлгенге дейiн туындаған және ол күшiне

енгiзiлгеннен кейiн жалғастырыла беретiн құқықтық қатынастар бойынша

осы Заңның нормалары сыртқы қарыздардың, берiлген кепiлдiктер мен

өзге де мiндеттемелердiң ережелерiне қайшы келмейтiн бөлiгiнде

қолданылады.


     Қазақстан Республикасының

             Президентi






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады