Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы соттар мен судьялардың мәртебесi туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңы 1997 жылғы 17 маусымдағы N 128.

      1-бап. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" 1995 жылғы 20 желтоқсандағы N 2694 Конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 23, 147-құжат; 1995 жылғы 15 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақтан Республикасының Парламентi және оның депутаттарының мәртебесi туралы" және "Қазақстан Республикасындағы соттар және судьялардың мәртебесi туралы" Конституциялық заң күшi бар Жарлықтарына азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi реттеу мәселелерi жөнiнде толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 11 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Конституциялық заңды) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:

      69-баптың 6-тармағында "айлық ақшалай үлес мөлшерiнде

     

      асыраушысынан айырылуына байланысты зейнетақы" деген сөздер

      "Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әлеуметтiк жәрдемақы"

      деген сөздермен алмастырылсын;

      72-бап мынадай редакцияда жазылсын:

      "72-бап. Судьяларды зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру

      Судьяларды зейнетақымен және әлеуметтiк қамсыздандыру Қазақстан

      Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады.".

      2-бап. Осы Конституциялық заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап

      күшiне енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының

      Президентi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады