Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 20 маусымдағы N 137.

      1-бап. Қазақстан Республикасының мына заң актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын:

      1. "Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1991 жылғы 17 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 25, 328-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 125-құжат; N 13-14, 323-құжат; N 16, 401-құжат; 1993 ж., N 8, 159-құжат; 1994 ж., N 9-10, 148-құжат; Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағы, 1994 ж., N 8, 77-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң жаршысы, 1995 ж., N 20, 120-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 1, 176-құжат; N 14, 276-құжат).

      2. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң "Қазақ КСР-iнде азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақ КСР Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1991 жылғы 17 маусымдағы Қаулысы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 25, 329-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 6, 114-құжат).

      3. "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамсыздандыру туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 35-құжат; 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; N 23, 152-құжат).

      4. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң "Әскери қызметшiлердi, iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдары мен олардың отбасыларын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1993 жылғы 21 қаңтардағы Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 2, 36-құжат).

      5. "Мемлекеттiк емес ерiктi зейнетақы қорлары туралы" 1996 жылғы 3 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., N 8-9, 235-құжат).

      6. Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесiнiң "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Прокуратура органдарының, Жоғары, Төрелiк және Конституциялық соттарының және "Халық кеңесi", "Советы Казахстана", "Қазақстан әйелдерi", "Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы" газеттерi мен журналдары редакцияларының 1994 жылға арналған шығыстарының нақтыланған сметалар жобасы туралы" 1994 жылғы 14 шiлдедегi Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 157-құжат).

      7. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жалақы мен жасына байланысты зейнетақының ең төменгi жаңа мөлшерiн белгiлеу туралы" 1994 жылғы 12 сәуiрдегi Жарлығы (Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлер жинағы, 1994 ж., N 18, 176-құжат).

      2-бап. Осы Заң 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап күшiне енгiзiлетiн 1-баптың 1-4-тармақтарын қоспағанда, 1997 жылғы 1 шiлдеден бастап күшiне енгiзiледi.

Қазақстан Республикасының
Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады