Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөнiндегi кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу және кейбiр заң актiлерiнiң күшi жойылды деп тану туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 14 шiлдедегi N 158

      1-бап. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөнiндегi мынадай заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1. "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" 1994 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына Z941100_ (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 20, 248-құжат):
      1) 1-бапта:
      екiншi бөлiгiндегi "жер учаскелерi бөлiнген" деген сөздер "белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген жер учаскелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiгiндегi "бөлiнген" деген сөз "берiлген" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) 2-баптың екiншi бөлiгiндегi "бөлуден" деген сөз "беруден" деген сөзбен ауыстырылсын;
      3) 3-баптың екiншi бөлiгiндегi "бөлiнген" деген сөз "белгiленген тәртiппен бекiтiлiп берiлген" деген сөздермен, "жердi шектес пайдаланушылардың құрылыстары арасындағы" деген сөздер "шектес жер учаскелерiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 4-бапта
      үшiншi бөлiгiндегi "көлемiн өкiлдi өкiмет органдары белгiлейдi" деген сөздер "көлемi Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен белгiленедi" сөздермен ауыстырылсын;
      төртiншi бөлiгiндегi "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкiметi" деген сөзбен ауыстырылсын;
      жетiншi бөлiгiндегi "бөлуден" деген сөз "беруден" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 6-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын;
      6) 7-бапта:
      екiншi бөлiгiндегi "Жер және Тұрғын үй кодекстерiмен" деген сөздер "жер және тұрғын үй заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын;
      үшiншi бөлiгiндегi "иелiгiне" деген сөз "меншiгiне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      төртiншi және бесiншi бөлiктер алып тасталсын;
      7) 8-баптың төртiншi азатжолындағы "бөлу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы N 2717 U952717_ заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 24, 159-құжат):
      1) 1-бапта:
      3) тармақшада "Жер үлесi" деген сөздерден кейiн "(шартты жер үлесi)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын:
      "16) төлемнiң базалық ставкасы - жеке меншiкке берiлетiн немесе мемлекет жерді пайдаланушыға беретiн жер үшiн төлемақы нормативi.";
      2) 8-бапта:
      3-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "ақы төлеу арқылы" деген сөздер "жер учаскесiн жалға беру шарты негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын;
      6-тармақтағы "төлем мөлшерiн" деген сөздер "базалық төлем ставкаларын" деген сөздермен ауыстырылсын;
      3) 10-баптың 6) тармақшасы "жер үшiн" деген сөздерден кейiн "базалық" деген сөзбен толықтырылсын;
      4) 12-баптың 7) тармақшасы "көзделген жағдайларда" деген сөздерден кейiн "бiрiншi топқа жататын ормандардағы орман қоры жерлерiнен басқа" деген сөздермен толықтырылсын;
      5) 27-баптың 2-тармағы "тұрақты" деген сөзден кейiн "және ұзақ мерзiмге уақытша" деген сөздермен толықтырылсын;
      6) 56-бапта:
      1-тармақ "жер пайдалану құқығы" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ жер (шартты жер) үлесiне құқық" деген сөздермен толықтырылсын;
      2-тармақ "жер пайдалану құқығының" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ жер (шартты жер) үлесiне құқығының" деген сөздермен толықтырылсын;
      7) 59-бап "жер пайдалану құқығын" деген сөздерден кейiн "жер (шартты жер) үлесiне құқығын" деген сөздермен толықтырылсын;
      8) 77-баптың 1-тармағы "тұрақты" деген сөзден кейiн "немесе уақытша" деген сөздермен, ал "құқығымен" деген сөзден кейiн "заңдарда көзделген жағдайларда және тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын;
      9) 79-баптың 2-тармағында:
      бiрiншi азатжолындағы "шартты жер" деген сөздер "жер (шартты жер)" деген сөздермен толықтырылсын;
      мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) жер (шартты жер) үлесiне деген құқықты жалға немесе кепiлге беру.";
      10) 122-баптың 2-тармағының екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Тұрақты пайдалану құқығын сатып алмаған азаматтар мен мемлекеттiк емес заңды тұлғалар жер учаскелерiн меншiкке сатып алады немесе оларды меншiкке сатып алғанға дейiн жалға беру шартымен қысқа мерзiмге немесе ұзақ мерзiмге жердi уақытша пайдалануға қайта ресiмдейдi.".
 
      2-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актiлерiнiң күшi жойылды деп танылсын:
      1. "Жер реформасы туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ КСР Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 28, 384-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 13-14 309-құжат; N 16, 411-құжат).
      2. "Қазақ КСР-iндегi Жер реформасы туралы" Қазақ КСР Заңын күшiне енгiзу тәртiбi туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 28, 385-құжат).
      3. "Ерекше бағалы жерлердiң, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер тұрған, мемлекеттiк немесе қоғамдық қажеттер үшiн алып қоюға жатпайтын жерлердiң тiзбесi туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 395-құжат).
      4. "Бiрлескен кәсiпорындардың, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдардың, шетелдiк заңды ұйымдар мен азаматтардың пайдалануына жер беру тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., N 16, 396-құжат).
      5. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қатынастарын

 

реттеудiң кейбiр мәселелерi туралы" 1994 жылғы 24 қаңтардағы N 1516

заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 4,

33-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N

8, 54-құжат).

     6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Жер қатынастарын одан

әрi жетiлдiру туралы" 1994 жылғы 5 сәуiрдегi N 1639 заң күшi бар

Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., N 17,

165-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж.,

N 8, 54-құжат).


     Қазақстан Республикасының

           Президентi





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады