"Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына толықтыру енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының заңы 1997 жылғы 16 шiлдедегi N 166

      "Қазақстан Республикасында мүгедектердiң әлеуметтiк қорғалуы туралы" 1991 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., N 26, 345-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., N 9-10, 158-құжат; N 15, 208-құжат; 1995 ж., N 20, 120-құжат; 1997 жылғы 3 сәуiрде "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Азаматтардың жекелеген санаттарына жеңiлдiктер берудi ретке келтiру мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" 1997 жылғы 2 сәуiрдегi Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      49-баптың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерi мен олардың кәсiпорындары, протез-ортопедиялық кәсiпорындары салық заңдарында, сондай-ақ кеден iсi заңдарында көзделгеннен басқа әртүрлi қорларға қаржы аударымдарынан (жеңiлдiктi тариф бойынша әлеуметтiк сақтандыруға қаржы аударымдарынан басқа), баж бен мiндеттi төлемдердiң барлық түрiнен босатылады. Мүгедектердiң қоғамдық бiрлестiктерiнiң тiршiлiк әрекетi үшiн сырттан әкелiнетiн немесе олардың кәсiпорындарының өндiрiстiк қызметiнде Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша қажет көлемде пайдаланылатын тауарлар кеден iсi туралы заңдарда көзделген барлық баж түрлерiнен босатылады.
 

     Қазақстан Республикасының

           Президентi



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады