Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1997 жылғы 28 қазандағы N 170

      1995 жылғы 22 қарашада Алматыда қол қойылған Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы келiсiм бекiтiлсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi арасындағы
Келiсiм

(1997 жылғы 5 жедтоқсанда күшіне енді - СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасының Үкiметi, бұдан әрi Тараптар деп аталады,
      теңдiк пен өзара пайдалы негiзде Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасы арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты үйлесiмдi дамытуға ықпал ете отырып,
      еркiн сауда аймағын құру туралы ТМД мемлекеттерi басшылары Кеңесiнiң 1994 жылғы 15 сәуiрдегi Келiсiмiн басшылыққа алып,
      Тарифтер мен сауда жөнiндегi бас келiсiмiнiң ГАТТ негiзгi қағидаларына сәйкес екi елдiң арасындағы сауда қатынастарын дамытуға ұмтылып, төмендегiлер жайында келiстi:

1-бап

      1. Тараптардың бiрiнiң кеден аумағынан әкелiнген және басқа Тараптың кеден аумағына арналған тауарлардың экспортына немесе импортына пара-пар күшi бар кеден баждарын, салықтар мен алымдарды Тараптар қолданбайды. Тауарлардың келiсiлген номенклатурасы бойынша осы сауда тәртiбiнен шығару жыл сайын жеке хаттамамен ресiмделiп отырылатын болады.
      2. Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн және Тараптардың кеден аумақтарынан әкелiнетiн тауарларға оның күшi жүретiн кезеңде тауарлар деп мыналар:
      а) тараптар аумағында толық өндiрiлген немесе;
      б) үшiншi елдерден әкелiнген, шикiзатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды пайдалана отырып, Тараптардың аумағында өңдеуден өткiзiлген және осыған байланысты алғашқы белгiлердiң төртеуiнiң бiреуi бойынша болса да, Тауарлардың сипаттамасы мен кодталуының ырғақты жүйесiнiң жiктемесiне жататындығы өзгергенi;
      в) "б" тармақшасында көрсетiлген шикiзатты, материалдар мен жинақтаушы бұйымдарды пайдалана отырып өндiрiлген тауарлар ұғынылады;
      Тауарлардың шығу тегi толық қамтылған ережелердi тараптар жеке құжатпен жүргiзедi, оны дайындауды Тараптар өкiлеттi ұйымдарға тапсырады.

2-бап

      Тараптар мыналарды:
      - осы Келiсiмнiң қолданылуына жатқызылатын тауарларға тура немесе жанама түрде iшкi өндiрiстiң сол тектес тауарларына немесе үшiншi елдерден әкелiнетiн тауарларға салынатындай тиiстi салықтар мен адамдардан асып түсетiн, iшкi салықтар салынуын немесе алымдар алынуын;
      - осы Келісiмнiң қолданылуына жатқызылатын тауарлардың импорты немесе экспортына қатысты мұндай жағдайда iшкi өндiрiстiң сол тектес тауарларына немесе үшiншi елдерден әкелiнген тауарларға қолданылмайтын қандай да бiр арнайы шектеулер мен талаптардың енгiзiлуiн;
      - басқа Тараптан шығарылған тауарларды қоймаға салу, қайта тиеу, сақтау, тасымалдау, сондай-ақ төлемдер мен төлемдердi аудару жөнiнде осындай жағдайда өз тауарлары немесе үшiншi елдерден әкелiнген тауарлар жөнiнде қолданылатынын өзге ережелердiң қолданылуын болғызбайтын болады.

3-бап

      1. Таратар өзара саудада осы келiсiмнiң шеңберiнде тауарлардың экспортына және/немесе импортына кемсiтушiлiк шараларын қолданудан, сандық шектеу немесе оларға пара-пар шаралар енгiзуден тартынатын болады.
      Тараптар бiржақтылық тәртiбiмен шектеулер белгiлей алады, бiрақ мұның өзi ақылға сиымды шегiнде және нақты белгiлi бiр мерзiмге арналады.
      Бұл шектеулердiң ерекшелiк ретiнде сипаты болуға тиiс әрi сол таурлардың iшкi рыноктағы өте тапшылығы мен төлем балансының өте тапшылығы жағдайында ғана қолданыла алады.
      Осы бапқа сәйкес сандық шектеулер қолданылатын Тарап мүмкiндiгiне қарай алдын ала басқа тарапқа аталған шектеулердi енгiзудiң негiзгi себептерi, олардың түрлерi мен қолданылуының межелi мерзiмi туралы толық ақпаратты басқа Тарапқа беруге тиiс, содан кейiн консультациялар тағайындалады.
      Осы бапқа сәйкес сандық шектеулер енгiзу жеке хаттамамен ресiмделедi.

4-бап

      Тараптардың шаруашылық жүргiзушi объектiлерi арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық жөнiндегi барлық есеп айырысулары мен төлемдер жасауы Тараптардың өкiлеттi банктерi арасындағы келiсiмге сәйкес жүзеге асырылады.

5-бап

      Әрбiр Тарап тауарлардың қайта экспортталуына жол бермейдi, оның аймағына бұл тауарлар әкелiнген Тарап олардың экспортына қатысты тарифтiк және/немесе тарифтiк емес шаралар қолданады.
      Мұндай тауарларды үшiншi елдерде қайта экспорттау осы тауарлар шыққан елдiң өкiлеттi мекемесiнiң жазбаша келiсiмiмен және айқындаған шарттарымен ғана жүзеге асыруға болады. Осы қағида сақталмаған жағдайда мүдделi Тарап басқа Тараппен алдын-ала консультациялар жасалғаннан кейiн келiсiмсiз қайта экспорттауға жол берген басқа Тараптың аумағына сондай тауарлардың апарылуын реттеу жөнiнде бiржақтылық тәртiбiмен шаралар қолдануға құқықты.

6-бап

      Тараптар экономикалық қызметпен байланысты заңдар туралы, соның iшiнде сауда, инвестиция, салық салу, банкiлiк және сақтандыру қызметi мен өзге де қаржылық қызмет көрсету мәселелерi жөнiнде, кедендiк статистиканы қосқанда, көлiк және кеден мәселелерi жөнiнде тұрақты негiзде ақпарат алмасатын болады.
      Тараптар осы Келiсiмдi орындауға әсер етуi мүмкiн ұлттық заңдардағы өзгерiстер туралы бiр-бiрiне уақытыл хабарлап отыратын болады.
      Тараптардың өкiлеттi органдары мұндай ақпарат ауыстырудың тәртiбiн келiседi.

7-бап

      Тараптар үшiншi елдермен саудада қолданылатын кеден баждары ставкаларының деңгейiн жақындастыруға ұмтылатын болады және осы мақсатта тұрақты консультациялар өткiзу туралы келiстi.
      Тараптар қолданылып жүрген кеден тарифтерi туралы және олардан шығарылғандардың бәрi туралы бiр-бiрiн хабардар етiп отыратын болады.

8-бап

      Тараптар жауапсыздық iс тәжiрибесiн осы Келiсiмнiң мақсатымен сиыспайды деп таниды және оның, атап айтқанда, мынадай әдiстерiне;
      - мақсаты бәсекеге бөгет жасайтын немесе оны шектемейтiн немесе ол үшiн Тараптар аумағында жағдай туғызбайтын кәсiпорындар арасындағы шарттарға, олардың бiрлестiктерi қабылдаған шешiмдерге және iскерлiк тәжiрибенiң жалпы әдiстерiне;
      - Тараптардың бүкiл аумағында немесе едәуiр бөлiгiнде бәсекелестiктi шектей отырып, бiр немесе бiрнеше кәсiпорынның өз үстемдiк жағдайын пайдаланатын iс-қимылдарға жол бермеуге және оларды жоюға мiндеттенедi.

9-бап

      Екiжақты экономикалық қатынастарды тарифтiк және тарифсiз жағынан реттеу шараларын жүзеге асырған кезде статистикалық ақпарат алмасу, кеден процедураларын жүргiзу үшiн Тараптар Европалық экономикалық қоғамдастықтың Тауарларды сипаттау мен кодтаудың ырғақты жүйесiне және Құрамды тарифтiк-статистикалық номенклатурасына негiзделген сыртқы экономикалық байланыс қызметiнiң бiртұтас тоғыз таңбалы Тауар номенклатурасын (СЭҚ ТН) пайдалануға келiстi. Бұл орайда өз мемлекеттерiнiң жеке мұқтажы үшiн Тараптар қажет болған жағдайда Тауар номенклатурасының тоғыз таңбадан асырыла өрiстетiлуiн жүзеге асырады.
      Тауар номенклатурасының эталондық данасын енгiзу тиiстi халықаралық ұйымдарда орныққан өкiлдiк арқылы өзара келiсу негiзiнде жүзеге асырылады.

10-бап

      Тасымал өткiзудiң еркiндiгi қағидатын сақтау осы Келiсiмнiң мақсатына жетудiң аса маңызды шарты және оларды халықаралық еңбек бөлiнiсi мен кооперациялауға қосу процесiнiң елеулi бөлшегi болып табылатынына Тараптар келiседi.
      Осыған байланысты басқа Тараптың немесе үшiншi елдердiң кеден аумағынан әкелiнетiн және басқа Тараптың немесе үшiншi елдiң кеден аумағына арналған тауарларды әрбiр Тарап өз аумағы арқылы кедергiсiз тасымалдауды қамтамасыз етедi және осындай тасымалды жүзеге асыратын экспорттаушыларға, импорттаушыларға немесе тасымалдаушыларға тасымалды қамтамасыз ету үшiн қолда бар және қажеттi құралдарды беру мен қызмет көрсету жағдайлары, соның iшiнде қаржылық та, кез келген үшiншi мемлекеттiң экспорттаушыларына, импорттаушыларына ұлттық тасымалдаушыларына берiлетiн сондай құралдар мен қызмет көрсетуден кем соқпайтындай етiп жүзеге асырылатын болады.

11-бап

      Осы келiсiм Тараптардың кез келгенiнiң өзi қатысушы болып табылатын немесе қатысуға ниетi бар Тараптың халықаралық шарттарды орындау үшiн қажеттi деп санайтын халықаралық тәжiрибеде жалпыға бiрдей қабылданған шараларды қолдану құқығына, егер бұл шаралар мыналарға:
      ұлттық қорғаныстың мүддесiн көздейтiн ақпаратқа;
      қару, оқ дәрi мен әскери техника саудасына;
      қорғаныс мұқтажына байланысты зерттеулерге немесе өндiрiске;
      ядролық өнеркәсiпте пайдаланылатын материалдар мен жабдықтарды берiп тұруға;
      қоғамдық мораль мен қоғамдық тәртiптi сақтауға;
      өнеркәсiптiк және ақыл-ой меншiгiн қорғауға;
      алтын күмiс немесе өзге де қымбат металдар мен асыл тастар саудасына;
      адамдардың өмiрi мен денсаулығын қорғауға қатысы болса, кедергi жасамайды.

12-бап

      Үшiншi елдер жөнiнде экспорттық бақылаудың келiсiлген саясатын жүргiзу мақсатында Тараптар экспорттық бақылаудың тиiмдi жүйесiн жасау үшiн тұрақты консультациялар жүргiзедi және өзара келiсiлген шаралар қолданатын болады.

13-бап

      Тараптар арасында бұрын жасалған келiсiмдерiнiң ережелерiн, кейiнгiлерiнiң алғашқылармен не үйлеспейтiндiгiне, не олармен бiр тектес келетiнiне қарай, осы Келiсiмнiң ережелерi ауыстырады.

14-бап

      Тараптың осы Келiсiм жағында болып табылмайтын мемлекеттермен, сондай-ақ олардың бiрлестiктерiмен және халықаралық ұйымдармен қатынас орнатуға осы Келiсiмнiң мақсаты мен шартына қайшы келмейтiн осы Келiсiмнiң ештеңесi де кедергi келтiрмейдi.

15-бап

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiру немесе қолдану жөнiндегi Тараптар арасындағы даулар келiссөздер жолымен шешiлетiн болады.
      Тараптар өзара саудада кикiлжiңдерден тартынуға тырысатын болады.
      Тараптар былайша белгiлейдi: екi елдiң шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi арасындағы шағымдар мен даулар түсiндiру немесе коммерциялық контрактiлердi немесе мәмiлелердi орындау нәтижесiнде, оларды консультация мен келiссөздер негiзiнде достық жолымен шешу мүмкiн болмаған жағдайда, әрi өзгеше келiсiлмесе, контрактiге қол қойған Тараптар айқындайтын Тараптардың аумағында немесе үшiншi мемлекеттердiң аумағында құрылатын, шаруашылық дауларын қарайтын соттардың айрықша құзырында болады.
      Соңғылары қолданылатын материалдық құқықты, нормалар мен процедураларды, сондай-ақ iстiң тыңдалуын өткiзетiн орынды белгiлей алады.
      Әрбiр Тарап шешiмдердi тану және орындалуы жөнiнде өз аумағында тиiмдi құралдар болуын қамтамасыз етедi.

16-бап

      Осы Келiсiмнiң мақсатын жүзеге асыру және екi мемлекет арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастығын жетiлдiру жөнiндегi ұсынымдар әзiрлеу үшiн Тараптар бiрлескен қазақстан-тәжiкстан комиссиясын құруға келiстi. Ол тараптардың бiреуiнiң тiлегi бойынша Қазақстан Республикасында немесе Тәжiкстан Республикасында жиналады.

17-бап

      Осы Келiсiм олардың ұлттық заңдарында көзделген мемлекетаралық процедураларын Тараптардың орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшiне енедi.
      Осы Келiсiм бес жылға жасалады және, егер Тараптардың бiрi оның қолданылуын тоқтататын өз ұйғарымы туралы екiншi Тарапты алты ай iшiнде хабардар етпесе, өзiнен өзi келесi бес жылдық мерзiмге ұзартылады.
      Алматы қаласында 1995 жылғы 22 қарашада қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данасында жасалды, бұл ретте барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Келiсiмнiң мәтiнi бойынша Тараптардың түсiнiспеушiлiгi орын алған жағдайда Тараптар орыс тiлiндегi мәтiнiн басшылыққа алатын болады.

      Қазақстан Республикасының   Тәжiкстан Республикасының
           Үкiметi үшiн              Үкiметi үшiн

Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы 
1995 жылғы 22 қарашадағы Келiсiмге еркiн сауда  
тәртiбiнен шығару туралы              
Хаттама                      

      Қазақстан Республикасы мен Тәжiкстан Республикасының өкiлеттi өкiлдерi төмендегiлер туралы осы Хаттаманы жасады:

1-бап

      Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы 1995 жылғы 22 қарашадағы Келiсiмнiң 1-бабында көзделген шығарулар мыналарға тарайды:
      1. Оларды Қазақстаннан Тәжiкстанға экспорттау кезiнде Тауарларды кедендiк рәсiмдеу сәтiнде қолданылған тауарларды экспорттау мен импорттау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасы заңдарының қолданылуына жатқызылатын тауарларға.
      Астық дақылдарына экспорттық кеден баждары мәселелерiн Тараптар қосымша қарайды.
      2. Тауарларды Тәжiкстан Республикасынан Қазақстан Республикасына экспорттау кезiнде экспорттық тариф туралы Тәжiкстан заңдарының, сондай-ақ тауарларды кедендiк ресiмдеу сәтiнде қолданылған тауарлардың (жұмыстың, қызмет көрсетудiң) экспортталуы мен импортталуын лицензиялау мен квоталау туралы заңдарының қолданылуына жатқызылатын тауарларға қолданылады.

2-бап

      1. Осы Хаттаманың 1-бабына сәйкес еркiн сауда тәртiбiнен шығаруға жатқызылған тауарлар бойынша Тараптар мыналарға қатысты:
      - сондай салықтар мен алымдардың алыну әдiстерiн қосқанда, экспорттау кезiнде алынатын кеден баждары, салықтар мен алымдарға;
      - тасымалды, тасымалдауды, қоймаға салуды, қайта тиеудi және басқа сондай қызмет көрсетудi кедендiк ресiмдеуге қатысты ережелерге;
      - төлемнiң және төлемдердi аударудың әдiстерiне;
      - экспорттық лицензиялардың берiлуiне;
      - iшкi рынокта тауарларды сатуға, сатып алуға, тасымалдауға, бөлу мен пайдалану ережелерiне қатысты бiр-бiрiне неғұрлым қолайлы ұлттық тәртiп жасайды.
      2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi мыналарға:
      - кеден одағын немесе еркiн сауда аймағын құру мақсатында не мұндай одақтың немесе аймақтың құрылуы нәтижесiнде Тараптардың кез келгенiнiң үшiншi елдерге берген артықшылықтарына;
      - Тараптардың заңдарына сәйкес дамушы елдерге берiлген артықшылықтарға;
      - шекара маңындағы сауданы жеңiлдету мақсатымен көршiлес елдерге берiлген артықшылықтарға;
      - арнайы келiсiмдерге сәйкес Тараптардың бiр-бiрiне берген артықшылықтарға қолданылмайды.

3-бап

      1. Осы Хаттама Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы 1995 жылғы 22 қарашадағы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi болып табылады және аталған Келiсiммен бiр мезгiлде күшiне енедi.
      2. Осы Хаттама Еркiн сауда туралы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Тәжiкстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы 1995 жылғы 22 қарашадағы Келiсiмнiң 1-бабында көзделген жаңа Хаттама жасалғанға дейiнгi кезеңде күшiнде болады.
      1995 жылғы 22 қарашада Алматы қаласында екi түпнұсқа данасында, әрқайсысы, қазақ, тәжiк және орыс тiлдерiнде жасалды.

      Қазақстан Республикасының       Тәжiкстан Республикасының
            Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады