Измир Шартын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1998 жылғы 29 маусым N 241


     Измирде (Түркия) 1996 жылғы 14 қыркүйекте қол қойылған Измир
Шарты бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Президентi 
     
                           Измир шарты 



      Афганистан Ислам Мемлекетінің, Әзірбайжан Республикасының, Иран Ислам Республикасының, Қазақстан Республикасының, Қырғыз Республикасының, Пакистан Ислам Республикасының, Тәжiкстан Республикасының, Түрiк Республикасының, Түркiменстанның және Өзбекстан Республикасының Үкiметтерi:
      Алғашында Измирде (Түркия) қаласында 1997 жылғы 12 наурызда Иран, Пакистан және Түркия қол қойған және 1990 жылы және 1992 жылы Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының (ЭКО) Бас Жарғысы ретiнде толықтырылған Измир Шартын назарға ала отырып;
      Өз халықтары арасындағы терең тарихи және мәдени байланыстарды жете түсiне отырып;
      Бейбiтшiлiк пен тұрақтылық экономикалық ынтымақтастықтың қажеттi алғы шарттары болып табылатынын мойындай отырып;
      Мақсаттары мен принциптерi барлық халықтар арасындағы жемiстi ынтымақтастық үшiн негiз құратын БҰҰ Жарғысына өз адалдығын тағы да растай отырып;
      ЭКО-ға мүше елдердiң әлеуметтiк-экономикалық прогресiн қамтамасыз етуге нық бел байлай отырып;
      Экономикалық ынтымақтастық Ұйымын оның жаңа өскелең рөлiне сай келтiруде батылдық көрсете отырып;
      Өз елдерiнiң ортақ қажеттiлiгiн есепке ала отырып және халықаралық аренада болып жатқан әрi ЭКО-ға мүше-елдерге әсер ететiн экономикалық және саяси өзгерiстер шешiмi тұрғысынан аймақтық экономикалық ынтымақтастықты жалғастыруда өздерiнiң табанды

позицияларын тағы да растай отырып;
     Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Жарғысы ретiндегi Измир Шарты 
ережелерiн қайта қарауды шештi және осы мақсатта тағайындалып, 
өкiлдiктермен алмасқан және олардың заңдылығына өздерiнің көзi жеткен 
уәкiлеттi өкiлдерi Шарттың төмендегi баптары туралы келiстi: - 
     
                         I - Бап
                       Анықтамалар
     
     Егер мәтiнде басқаша көзделмеген болса, онда осы Шарттағы: 
     а) Сондай-ақ "ЭКО" деп те аталуы мүмкiн Ұйым "Экономикалық 
Ынтымақтастық Ұйымын" бiлдiредi.
     б) "Мүше-елдер" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымға мүше болып 
табылатын мемлекеттердi бiлдiредi.


      в) "Бақылаушылар" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы бақылаушы статусын беретiн мемлекеттер мен ұйымдарды бiлдiредi.
      г) "Диалог бойынша серiктестер" келiсiлген өзара мүдде өрiсiнде ЭКО-мен консультативтi сипаттағы қарым-қатынасы бар мемлекеттер мен ұйымдарды бiлдiредi.
      д) "ЭКО аймағы" мүше-елдер аумақтарын бiлдiредi.
      е) "Шарт" Измир Шартын бiлдiредi.
      ж) "Жоғарғы деңгейде кездесу" ЭКО-ға мүше-елдер мемлекеттер/үкiметтер басшыларын бiлдiредi.
      з) "Министрлер Кеңесi" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Министрлер Кеңесiн бiлдiредi.
      и) "Тұрақты Өкiлдер Кеңесi" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Тұрақты Өкiлдер Кеңесiн бiлдiредi.
      к) "Аймақтық Жоспарлау Кеңесi" Экономикалық ынтымақтастық Ұйымының Аймақтық Жоспарлау Кеңесiн бiлдiредi.
      л) "Мамандандырылған мекемелер" мүше-елдердiң шешiмi бойынша мүше- елдер арасында ЭКО Хатшылығымен байланыса отырып әлеуметтiк, мәдени, техникалық және ғылыми салаларда тығыз ынтымақтастықты қалыптастыру мақсатында жеке заңды ұйымдар нысанында құрылған ЭКО-ның органдарын бiлдiредi.
      м) "Аймақтық мекемелер" аймақ iшiнде жеке бюджетi, заңды статусы және жеке басқарымы бар, қаржы және коммерциялық мүмкiндiктердi және ақша қаражатын жұмсауды қамтамасыз ету жолымен ЭКО аймағында экономикалық дамуға жәрдемдесу мақсатында құрылған ЭКО-ның экономикалық, коммерциялық және қаржы органдарын бiлдiредi.
      н) "Штаб-пәтер" деп те аталуы мүмкiн "Хатшылық" Теhранда

орналасқан Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Хатшылығын бiлдiредi.
     о) "Бас Хатшы" Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының Бас Хатшысын
бiлдiредi.
     п) "Болу елiнiң Елi/Үкiметi" Иран Ислам Республикасының 
мемлекетiн/үкiметiн бiлдiредi.
     
                         II - Бап
                        Мiндеттерi
     
     Ұйымның мiндеттерi:


      а) үздiксiз әлеуметтiк-экономикалық дамудың жағдайларын жасау және осының негiзiнде мүше-елдердiң тiршiлiгi деңгейiн және сапасын көтеру;
      б) тәжiрибе мен ғаламдық экономикалық бағыттарды ескере отырып, ЭКО аймағындағы сауда барьерлерiн бiрте-бiрте жою бойынша шараларды қабылдау және iшкi - және аймақ аралық сауданы кеңейту;
      в) мүше-елдерiнiң басты ұмтылысына сәйкес дүниежүзiлiк сауданың өсуiне ЭКО аймағының рөлiн және қосар үлесiн жандандыру мақсатында және дамушы елдер, атап айтқанда, ЭКО елдерi саудасын қолайсыз жағдайларға әкелiп соқтыратын әдiлетсiз сауда саясатын болдырмау үшiн халықаралық форумдарда iстiң бабын табудың ортақ жүйесiн жасау жолымен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту;
      г) олардың ғаламдандыру процесiне барынша белсендi араласуын қамтамасыз ету үшiн мүше-елдер экономикасының дүниежүзi экономикасына жүйелi және бiрте-бiрте енуi;
      д) экономикалық, әлеуметтiк, мәдени, техникалық және ғылыми салаларда белсендi аймақтық ынтымақтастықты және өзара көмектi қалыптастыру;
      е) мүше-елдердi өзара және басқа елдермен байланыстыратын көлiк және коммуникация инфрақұрылымының дамуын жеделдету;
      ж) экономиканы ырықтандыру мен жекешелендiруге айрықша назар аудара отырып және жеке сектордың бiрлескен кәсiпорындар мен инвестициялар нысанында аймақтық экономиканың дамуына қатысуын кеңейтуге ұмтыла отырып, мемлекеттiк пен жеке секторлардың iс-әрекеттерiн интеграциялауға жәрдемдесу;
      з) ЭКО аймағындағы адам ресурстарын дамыту жөнiнде бiрлескен бағдарламаларды әзiрлеу;
      и) ЭКО аймағының табиғи, атап айтқанда, энергетика ресурстарын жұмылдыру және пайдалану;
      к) ЭКО аймағының ауыл шаруашылық және өнеркәсiптiк әлеуетiн тиiмдi пайдалану бойынша күш-жiгердi жандандыру;
      л) есiрткi және психотроптық заттарды терiс пайдалануды жою бойынша аймақтық ынтымақтастықты дамыту;
      м) қоршаған ортаны қорғау және экология проблемаларын шешу салаларындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу;
      н) ЭКО-ның басқа да аймақтық және халықаралық ұйымдармен, сондай-ақ қаржы мекемелерiмен өзара тиiмдi iс-әрекеттерi мен ынтымақтастығын қалыптастыру;
      о) ЭКО аймағының халықтары арасындағы тарихи және мәдени байланыстарды, сондай-ақ туризм саласында алмасуларды ары қарай нығайту болып табылады.

                             III Бап
                     Ынтымақтастық принциптері

      Осы Шарт шеңберiндегi аймақтық ынтымақтастық төмендегi принциптер мен саясатқа негiзделедi:
      а) осы Келiсiм шеңберiнде өздерiнiң екi жақты және көпжақты мiндеттемелерiне зиян келтiрмейтiндей ерiктiлiк рухында өз мiндеттемелерiн орындайтын мүше-елдердiң егемендiк тең құқықтылығы;
      б) мүше-елдер дамуының ұлттық жоспарлары мен ЭКО-ның ең жақын және ұзақ мерзiмдi жоспарларын бiр-бiрiне барынша ұштастыру;
      в) ЭКО аймағының шегiнен тыс рыноктарға мүше-елдердiң шикiзаты мен дайын өнiмдерiнiң барынша еркiн жетуiн қамтамасыз етуде бiрлескен күш-жiгер жұмсау;
      г) ЭКО-ның басқа аймақтық және халықаралық ұйымдарымен, соның iшiнде көпжақты қаржы мекемелерiмен келiсiлген институттарды, аймақтық келiсiмдердi және әрiптестiк келiсушiлiктердi тиiмдi пайдалану;
      д) мүше-елдердiң аймақтық және ғаламдық келiсiмдерге қатысын жандандыру мақсатында олардың келiсiлген iстің мән-жайын әзiрлеудегi бiрлескен күш-жiгерлерi;
      е) өзге аймақтық және халықаралық мекемелермен жасаған келiсiмдер мен келiсушiлiктерге тиiстi назар аудара отырып, ЭКО аймағының iс жүзiндегi әлеуетiн және iшкi ресурстарды, сондай-ақ мүше-елдердiң экономикалық дамуындағы айырмашылықтарды есепке ала отырып, iстiң байыбына қалыптасқан жағдаяттар мен бiрте-бiрте жақындауға негiзделген стратегиясын өмiрге енгiзу бойынша мүше-елдер арасындағы ынтымақтастық;
      ж) бiлiм, ғылым, техника және мәдениет салаларындағы алмасулар.

                            IV - Бап

          Мемлекет пен үкімет басшыларының кездесулері
     
     Егер мүше-елдер қажет деп тапса, мүше-елдер мемлекеттерi мен 
үкiметтерiнiң басшылары жылына бiр рет немесе одан да жиiрек кездеседi.
Жоғарғы деңгейдегi кездесулерде ЭКО бағдарламалары мен жобаларын 
жүзеге асырудың объективтi шарттары мен барысы қаралады. Жоғарғы 
деңгейдегi кездесулер ЭКО аймағын толғандыратын аймақтық және ғаламдық 
проблемалар жөнiнде пiкiр алмасулар үшiн ең жоғары деңгейдегi форум 
қызметiн атқарады.
     
                          V - Бап
                  ЭКО-ның ұйымдастыру құрылымы
     
     Ұйымның басты органдары - Министрлер Кеңесi, Тұрақты Өкiлдер 
Кеңесi, Аймақтық Жоспарлау Кеңесi, Хатшылық және ынтымақтастықтың 
нақты салаларында маманданған мекемелер болады. Аймақтық мекемелер мен 
уақытша комитеттер, сонымен бiрге Министрлер Кеңесiнiң шешiмiмен 
құрылуы мүмкiн.
      
                            VI - Бап
                        Министрлер Кеңесi
     


      Министрлер Кеңесi ЭКО саясатын айқындайтын және шешiмдер қабылдайтын басты орган болып табылады. Кеңес құрамына мүше-елдердің сыртқы iстер министрлерi немесе мүше-елдердiң үкiметтерi тағайындайтын министрлер дәрежесiндегi басқа да кез-келген өкілдер кiредi. Министрлер Кеңесi өз мәжiлiстерiн кезекпен, жылына бiрден кем емес мүше-елдер аумақтарында өткiзедi. Мүше-елдердiң өзара келiсiмiмен Министрлер Кеңесi өзiнiң кезектен тыс мәжiлiстерiн мүше-елдер аумақтарында немесе басқа мемлекеттер аумақтарында өткiзе алады. Қажет болған жағдайда, Министрлер Кеңесi өздерi бақылайтын салалардағы жоспарлар мен жобаларды әзiрлеу үшiн салалық мәжiлiстер немесе министрлер деңгейiндегi бiрлескен мәжiлiстер ұйымдастыру жолымен басқа да мүдделi министрлiктердi тарта алады.

                            VII - Бап
                        Тұрақты Өкілдер Кеңесі

      Тұрақты Өкiлдер Кеңесi Министрлер Кеңесiн өткiзуден басқа кезеңдi есептемегенде, Министрлер атынан және олардың тапсыруымен Ұйым саясатын жүзеге асыру үшiн мүше-елдер шешiмдерiн және Министрлер Кеңесi шешiмдерiн орындауда тиiстi шараларды талап ететiн мәселелердi дайындайтын тұрақты iс атқарушы орган болып табылады. Оның құрамына ЭКО жанында тiркелген тұрақты өкiлдер/елшiлер кiредi. Тұрақты Өкiлдер Кеңесi Министрлер Кеңесiнде төрағалық ететiн мүше-елдер өкiлдерi төрағалығымен бiр айда бiрден кем емес жүргiзiлетiн мәжiлiстерiн өткiзедi.

                            VIII - БАП
                     Аймақтық жоспарлау Кеңесі

      Аймақтық Жоспарлау Кеңесiне мүше-елдердiң жоспарлы органдарының басшылары және/немесе осы елдер үкiметтерi тағайындайтын тиiстi өкiлеттiгi бар басқа да өкілдер кiредi. Аймақтық Жоспарлау Кеңесi жылына ең аз дегенде бiр рет Ұйымның штаб-пәтерiнде Министрлер Кеңесiнде төрағалық ететiн мүше-елдер өкiлiнің төрағалығымен өтетiн жыл сайынғы мәжiлiстің алдында жиналады.
      Аймақтық Жоспарлау Кеңесi Министрлер Кеңесiне бұрынғы iс-әрекет бағдарламалары мен қол жеткен нәтижелердi бағалауды қоса алғанда Ұйым мiндеттерiн жүзеге асыру жөнiңде iс-қимыл бағдарламаларын талқылауға ұсынады. Аймақтық Жоспарлау Кеңесiне бұл мiндеттердi орындауда Хатшылық көмектеседi. Кеңес Министрлер Кеңесiне аймақтық мекемелер немесе ынтымақтастықтың басым бағыттары бойынша уақытша комитеттер құруды ұсынуы мүмкiн.

                          IХ - Бап
                          Хатшылық

      1. ЭКО Хатшылығы Бас Хатшыдан және Ұйымға қажеттi қызметкерлерден тұрады. Хатшылық өзiнiң Теhрандағы штаб-пәтерiнде Министрлер Кеңесi қолдаған және болу елiнiң сыртқы iстер министрi мен Бас Хатшы қол қойған Иран Ислам Республикасының Yкiметi мен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымы арасындағы ЭКО Хатшылығының құқықтары, артықшылықтары мен иммунитеттерi туралы келiсiмнiң ережелерiне сәйкес қызмет атқарады.
      2. Бас Хатшыны ЭКО Хатшылығының Штаттық ережелерiне сай бiлiктiлiгi, тәжiрибесi және кәсiптiк шеберлiгi ескерiле отырып, мүше-елдер ұсынатын кандидатуралар iшiнен 3 (үш) жыл мерзiмге екiншi тағайындалудың алдын-ала отырып Министрлер Кеңесi сайлайды және тағайындайды. Ұйымның бiрiншi басқарушысы бола отырып, ол Министрлер Кеңесi алдында Ұйымның қызметi үшiн толығымен жауап бередi және оның елшi рангiсi мен статусы бар. Ол Кеңестің барлық мәжiлiстерiне қатысады және осы органдар жүктеуi мүмкiн кез-келген басқа да функцияларды атқарады. Ол Министрлер Кеңесiне Ұйым жұмысы жөнiнде жыл сайын есеп берiп отырады.
      3. Қызметкерлер Штаттық ережелерде баяндалып, Министрлер Кеңесi әзiрлеген процедураларға сәйкес тағайындалады. Барлық қызметкерлер халықаралық шенеуiктер болып есептеледi және Хатшылық бюджетiнен Министрлер Кеңесi бекiткен жалақы және өтемақы шкалаларына сәйкес өз жалақысын және өтемақыларын алады.
      4. Хатшылық рөлi ЭКО қызметiн бастау, реттеу және мониторингiн жүзеге асыру, сондай-ақ Ұйымның барлық шараларына қызмет көрсету болып табылады. Хатшылықтың функциялары мен құрылымы Министрлер Кеңесi бекiтетiн ЭКО Хатшылығының Штаттық ережелерiмен реттеледi.
      5. Хатшылықтың Бас Хатшысы мен Хатшылық қызметкерлерi өз қызмет бабының мiндеттерiн атқару кезiнде Ұйымнан тыс кез-келген мемлекет немесе үкiмет нұсқаулықтарын орындау үшiн алуға немесе қабылдауға тырыспайды. Олардың тек қана Ұйым алдында жауапты халықаралық шенеуiктер ретiндегi жағдайына әсер ететiн кез-келген iс-қимылдан тартынады.

                             Х- Бап
           Мамандандырылған ұйымдар мен аймақтық мекемелер

      Мамандандырылған ұйымдар мен аймақтық мекемелер ынтымақтастықтың нақты салаларында құрылады. Ұйымдар санын, олардың сипаты мен мiндеттерiн Министрлер Кеңесi айқындауы мүмкiн және қажет болған жағдайда қайта қаралуы мүмкiн. Барлық мамандандырылған ұйымдар мен аймақтық мекемелер жыл сайын Министрлер кеңесiне өз жұмысы жөнiнде есеп берiп отырады, сондай-ақ бұл жөнiнде Ұйымның Бас Хатшысына хабарлайды.

                             ХI - Бап
                        Қаржылау ережелері

      Хатшылықтың орталықтандырылған бюджетi болады. Мүше-елдер үкiметтерiнiң жарналары туралы шешiмдi олардың төлем қабiлетiн және БҰҰ-ның жарналар есеп айырысуындағы басым шкаласын ескере отырып, Министрлер Кеңесi енгiзедi.

                             ХII - Бап
                 Шешімдер қабылдаудың механизмі

      1. Жаңа мүшелердi, бақылаушыларды немесе диалог жөнiнде әрiптестердi қабылдау бюджет, қаржы, Бас Хатшыны тағайындау, экономикалық стратегияны және iс-қимылдар жоспарларын қабылдау, сондай-ақ Шартқа және ЭКО-ның сыртқы байланыстарына түзетулер енгiзу мәселелер сияқты өте маңызды мәселелер бойынша, сондай-ақ Министрлер Кеңесi Ұйым үшiн өте маңызды деп есептейтiн мәселелер жөнiнде барлық шешiмдер бiрауыздан қабылданады.
      2. Басқа мәселелер жөнiнде шешiмдер басқа мүшелер осы шешiмнен қалыс қалған және/немесе осы шешiмге қарсы болған жағдайда Ұйым мүшелерiнiң көптiгiне орай қабылданады.

                             ХIII - Бап
                              Мүшелiк

      1. Аймаққа географиялық жақындықта орналасқан және/немесе ЭКО мiндеттерi мен принциптерiн бөлiсетiн кез-келген мемлекет Ұйым мүшелiгiне қабылдау туралы өтiнiш бере алады. Бұндай мемлекет өз өтiнiшiн жаңа мүшенi қабылдау туралы шешiмдi қабылдай алатын ЭКО Министрлер Кеңесiнiң Бас Хатшысы арқылы бере алады.
      2. Өтiнiш берушi мемлекет осы Шарттың ережелерiн құрметтеуге және бұлжытпай орындауға мiндеттенедi және өзiне одан шығатын мiндеттердi қабылдайды. Өтiнiш қабылдағаннан кейiн өтiнушi-мемлекет өзiнiң конституциялық нормалары мен практикасына сәйкес Шартқа қосылады.
      3. Бекiту грамотасының куәландырылған көшiрмелерi қалған мүше-елдерге және Хатшылыкқа берiлетiн болу елiнің - Иран Ислам Республикасының Үкiметiне барынша тез арада сақтау үшiн тапсырылады.
      4. Бекiтуге дейiн жаңа мүше-ел Министрлер Кеңесiнiң келiсiмiмен толық құқықты мүшесi ретiнде ЭКО барлық органдарының қызметiне қатыса және ЭКО бюджетiне сол елге бекiтiлген мөлшерде жарна төлей алады.
      5. Кез-келген мүше-ел өзiнiң мүшелiктен шыққысы келетiн ниетi жөнiнде өз кезегiнде бұл туралы қалған мүше-елдерге хабарлайтын Бас Хатшыға ресми мәлiмдей отырып, кез-келген уақытта Ұйымға мүшелiктен шыға алады. Мүшелiктен шығу Бас Хатшы тиiстi мәлiмдеме алғаннан кейiн және осы ел Ұйымға қатысты барлық қаржы мiндеттерiн орындаған соң күшiне енедi.

                          ХIV - Бап
                         Жалпы ережелер

      Юрисдикциялық статус
      1. Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымының оған мүше-елдер аумағында юрисдикциялық статусы бар және осы Шартқа қоса берiлiп отырған "Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымның (ЭКО), Мүше- Елдердiң және Халықаралық Персоналдың юрисдикциялық статусы туралы Келiсiмде" келтiрiлген шарттарға сәйкес өз функцияларын орындауға және өз мiндеттерiн шешуге қажет көлемде артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана алады.

      Ресми тiл
      2. Ұйымның ресми тiлi - ағылшын тiлi болып табылады. Сонымен бiрге ресми аударманы ауызша және жазбаша орыс тiлiнде қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылданып жатыр.
      Процедуралар ережелерi
      3. Кез-келген деңгейдегi Ұйымның шаралары Министрлер Кеңесi бекiтетiн Процедуралар ережелерiне сәйкес өткiзiледi.
      Сыртқы байланыстар
      4. Ұйым басқа аймақтық немесе халықаралық ұйымдар, мемлекеттер және мекемелермен ынтымақтастық қатынастарын қалыптастыра алады. Аталған ынтымақтастықтың сипаты мен масштабтарын Министрлер Кеңесi бiрауыздан айқындайды.
      5. Ұйым диалог жөнiнде басқа аймақтық немесе халықаралық ұйымдар,

мемлекеттер және мекемелерге бақылаушы немесе серiктес статусын бере 
алады. Осындай статустың сипаты мен масштабтарын Министрлер Кеңесi 
бiрауыздан айқындайды.
     
                             ХV - Бап
                             Түзетулер
     
     1. Кез-келген мүше-елдiң үкiметi Хатшылық арқылы Министрлер 
Кеңесiне осы Шартқа өзгерiстер мен түзетулер енгiзу туралы ұсыныстар 
жасай алады.
     2. Министрлер Кеңесi бекiткен соң кейiнгi түзетулер мен 
өзгерiстер мүше-елдердiң үштен екiсi олардың конституциялық нормалары 
мен практикаларына сәйкес өздерiнiң бекiту грамоталарын тапсырғаннан кейiн 
күшiне енедi.
     
                               ХVI - Бап
                            Қорытынды ережелер
     


      1. Осы Шартты олардың конституциялық нормалары мен практикасына сәйкес мүше-елдер бекiтiуi тиiс және сақтау үшiн бекiту грамоталарының расталған көшiрмелерiн қалған мүше-елдер мен Хатшылыққа беретiн Иран Ислам Республикасының Yкiметiне тапсырылады.
      2. Осы Шарт мүше-елдердің үштен екiсi Иран Ислам Республикасына

өздерiнiң бекiту грамоталарын тапсырғаннан кейiн күшiне енедi.
     3. Күшіне енгеннен кейін осы Шарт 1977 жылғы наурыздағы бастапқы 
Измир Шартының және 1990 мен 1992 жылдардағы Хаттамалардың орнына жүреді.
     4. Осы Шарт ағылшын тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
     5. Осыны растау үшін төменде қол қоюшы өкілетті өкілдер осы 
Шарттың соңында өз қолдарын қойды.
     Измирде бір мың тоңғыз жүз тоқсан алтыншы жылғы _________ айының  
_______ күні жасалды.
     
     Афганистан Ислам Мемлекеті үшін
     
     Әзірбайжан Республикасы үшін
     
     Иран Ислам Республикасы үшін
     
     Қазақстан Республикасы үшін
     
     Қырғыз Республикасы үшін
     
     Пакистан Ислам Республикасы үшін
     
     Тәжікстан Республикасы үшін
     
     Түрік Республикасы үшін
     
     Түркіменстан үшін
     
     Өзбекстан Республикасы үшін
     
      Оқығандар:
     Омарбекова А.
     Нарбаев Е. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады