1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Үкiметi арасындағы Табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция бекiтiлсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі екі Мемлекеттің арасындағы экономикалық, ғылыми, техникалық және мәдени байланыстарды нығайтып, дамыту ниетін басшылыққа алып және табыс пен капиталға қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция жасасуға ниет білдіре отырып, мынаған келісті: 1-бап Конвенция қолданылатын тұлғалар Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінің немесе екеуінің де резиденттері болып табылатын тұлғаларға қолданылады. 2-бап Конвенция қолданылатын салықтар
1. Осы Конвенция салықтарды алу әдістеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси әкімшілік бөлімшелері немесе жергілікті үкімет органдары алатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға қолданылады.
2. Жылжымалы және жылжымайтын капиталды шеттетуден алынған
табыстарға салынатын салықтарды, кәсіпорындар төлейтін ырзықақының немесе еңбекақының жалпы мөлшерінен алынатын салықтарды қоса табыстың жалпы сомасынан, сондай-ақ капитал құнының өсімінен алынған табыстарға салынатын салықтар табыс пен капиталға салынатын салықтар болып есептеледі. 3. Осы Конвенция қолданылатын, қазір алынып жүрген салықтар, атап айтқанда, мыналар болып табылады: а) Қазақстан Республикасында: (і) заңды және жеке тұлғалардың табысына салынатын салық; (іі) заңды және жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық; (Бұдан әрі "Қазақстан салықтары" делінеді); б) Грузияда: (і) кәсіпорынның кірісіне (табыс) салынатын салық; (іі) жеке тұлғалардан алынатын табыс салығы; (ііі) кәсіпорынның мүлкіне салынатын салық; (IV) жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салықтар; (Бұдан әрі "Грузия салықтары" делінеді). 4. Конвенция, сондай-ақ Конвенцияға қол қойылған күннен кейін қолданылып жүрген салықтарға қосымша ретінде алынатын кез-келген бірдей немесе іс жүзінде ұқсас салықтарға да қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары өздерінің қолданылып жүрген салық заңдарына енгізілетін кез-келген елеулі өзгертулер жайында бір-бірін хабардар етіп отырады. 3-бап Ортақ айқындамалар 1. егер контекстен басқадай мағына тумайтын болса, осы Конвенцияның мақсаттары үшін: а) терминдер:
(і) "Қазақстан" Қазақстан Республикасын және географиялық мағынасында қолданған кезде "Қазақстан" термині аумақтық суларды, сондай-ақ Қазақстан халықаралық құқықтарға сәйкес және Қазақстанның салықтарын реттейтін заңдар қолданылатын айқын мақсаттар үшін егеменді құқықтары мен юрисдикциясын жүзеге асыруға болатын айрықша экономикалық аймақ пен континентальды қойнауды білдіреді;
(іі) "Грузия" термині географиялық мағынасында Грузияның мемлекеттік шекарасының шегінде, ішкі және сыртқы суларды қоса, аумағын сондай-ақ Грузияның халықаралық құқықтары мен ұлттық заңдарына сәйкес Грузияның юрисдикциясы, егемендік құқықтары мен салықтық заңдары таратылатын айрықша экономикалық аймақ пен континентальдық қойнауды білдіреді;
б) "тұлға" термині жеке тұлғаны, компанияны және адамдардың кез- келген басқа да бірлестігін, қамтиды;
с) "компания" термині салық салу мақсаттары үшін корпоративтік бірлестік ретінде қарастырылатын кез-келген кооперативтік бірлестікті немесе экономикалық бірлікті білдіреді;
д) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдері контекске байланысты Қазақстанды немесе Грузияны білдіреді;
е) "Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны" және "басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны" терминдері тиісінше Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті басқаратын кәсіпорынды білдіреді;
f) "халықаралық тасымал" мұндай тасымал басқа Уағдаласушы Мемлекеттің бекеттері арасында ғана жүзеге асатын жағдайдан басқа жағдайларды қоспағанда Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны пайдаланатын теңіз немесе әуе кемесімен, автомобиль және теміржол көлігімен жасалатын кез-келген тасымалды білдіреді;
g) "Құзырлы орган" термині:
(і) қазақстанда: Қаржы министрлігін немесе оның өкілетті өкілін;
(іі) Грузияда: Қаржы министрін немесе оның өкілетті өкілін білдіреді.
h) "ұлттық тұлға" термині:
(i) Уағдаласушы Мемлекеттердің азаматтығына ие кез-келген жеке тұлғаны;
(іі) Уағдаласушы Мемлекеттердің қолданылып жүрген заңдары негізінде өз мәртебесін алған кез-келген заңды тұлғаны, серіктестік немесе ассоциацияны білдіреді.
і) "капитал" термині 23-баптың (Капитал) мақсаттары үшін жылжымалы және жылжымайтын мүлікті білдіреді және оған қолма-қол ақшалай қаражаттар акциялар немесе мүліктік құқықтарды растайтын басқа құжаттар, вексельдер, облигациялар немесе басқа борыш міндеттемелері, сондай-ақ патенттер, тауар белгілері немесе басқа ұқсас құқық немесе мүлік кіреді (бірақ олармен шектелмейді).
2. Уағдаласушы Мемлекет Конвенцияны кез-келген уақытта қолдану кезінде, онда айқындалмаған кез келген термин, егер контекстен өзге туындамаса, сол уақытта сол Мемлекеттің заңдары бойынша, Конвенция ықпал ететін, салықтарына қатысты мағынаға ие болады. Уағдаласушы Мемлекеттің қолданылатын салық заңдары бойынша кез келген терминнің мағынасы, оған осы Мемлекеттің басқа заңдары бойынша берілетін мағынаға қарағанда басым болады.
4-бап
Резидент
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті" термині өзінің тұрғылықты мекені, резиденттігі, нақты басқару орнының, орналасқан жерін немесе құрылған жерін, ұқсас сипаттағы кез келген басқа да критерий негізінде онда салық салынуға тиіс кез келген тұлғаны білдіреді.
Термин сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекетті, оның саяси әкімшілік бөлімшесін немесе жергілікті өкілеттерді қамтиды.
Алайда бұл термин осы Мемлекеттегі көздерден немесе осы капиталдан табыс келтіріп отырған тұлға ғана осы Мемлекетте салық салынуға тиіс кез-келген тұлғаны білдіреді.
2. 1 тармағының ережелері негізінде жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болған жағдайда, оның мәртебесі былайша айқындалады:
а) ол өзінің тұрақты баспанасы бар Мемлекеттің резиденті болып есептеледі; егер оның Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінде де тұрақты баспанасы болса, ол барынша тығыз жеке және экономикалық байланыстары (өмірлік мүдделер орталығы) бар Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
б) егер оның өмірлік мүдделер орталығы бар Уағдаласушы Мемлекетті айқындау мүмкін болмаса немесе егер Уағдаласушы Мемлекеттердің біреуінде де тұрақты баспанасы болмаса, ол өзі әдетте тұрып жатқан Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
с) егер ол әдетте Мемлекеттердің екеуінде де тұратын болса немесе олардың беруінде де тұрмаса, ол өзі азаматы болып отырған Мемлекеттің резиденті болып есептеледі;
д) егер резиденттің мәртебесі а)-е) тармақшаларына сәйкес
айқындалмаған болса Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары мәселені өзара келісе отырып шешеді. 3. Егер 1-тармақтың ережелеріне сәйкес жеке тұлға болып табылмайтын тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің екеуінің де резиденті болса, ол өзінің іс жүзіндегі басқару органы тұрған Мемлекеттің резиденті болып есептеледі. 5-бап Тұрақты мекеме Осы Конвенцияның мақсаттары үшін "тұрақты мекеме" термині кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметі толық немесе ішінара жүзеге асатын тұрақты қызмет орнын бідіреді. 2. "Тұрақты мекеме" термині, атап айтқанда, мыналарды қамтиды: а) басқару орны; б) бөлімі; с) кеңсе; д) фабрика; е) шеберхана; және
f) шахта, кеніш, мұнай немесе газ скважинасы, карьер немесе табиғи ресурстар барлайтын, өңдейтін және өндірілетін басқа да кез-келген орын.
3. "тұрақты мекеме" термині сондай-ақ мыналарды қамтиды:
а) құрылыс алаңы немесе құрылыс, монтаждау немесе құрастыру объектісі немесе осы жұмыстардың орындалуын қадағалауға байланысты қызметтер, егер мұндай алаң немесе объект 6 айдан астам уақыт бойы жұмыс істеп тұрған болса ғана мұндай қызметтер 6 айдан астам уақыт бойы көрсетілген болса;
б) қондырғыны немесе табиғи ресурстарды пайдаланатын құрылысты немесе осы жұмыстардың орындалуын бақылауға байланысты қызметтерді немесе табиғи ресурстарды барлау үшін пайдаланылатын бұрғылау қондырғыларын немесе кемелерді, егер бұларды пайдалану 6 айдан астам уақытқа созылса, немесе мұндай қызметтер 6 айдан астам уақыт бойы көрсетілсе;
с) резиденттермен кеңес қызметін қоса қызметкерлер арқылы немесе осы мақсаттар үшін резидент жалдаған, басқа да бірақ тек егер осындай сипаттағы қызметтер (осындай немесе оған қатысты жоба үшін) ел шегінде 6 айдан астам уақыт созылса басқа да қызметтер.
4. Осы баптың осының алдындағы ережелеріне қарамастан "тұрақты мекеме" термині мыналарды қамтымайды:
а) ғимараттарды кәсіпорынға тиесілі тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жіберіп тұру мақсаттары үшін ғана пайдалану;
б) осы кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын сақтау, көрсету немесе жіберіп тұру мақсаттары үшін ғана ұстау;
с) кәсіпорынға тиесілі тауарлар немесе бұйымдар қорын өзге кәсіпорынның ұқсату мақсаттары үшін ғана ұстау;
д) тұрақты қызмет орнын тауарлар немесе бұйымдар сатып алу мақсаттары үшін ғана немесе кәсіпорынға арналған ақпарат жинау үшін ғана ұстау;
е) тұрақты қызмет орнын кәсіпорын үшін дайындық немесе көмекші сипаттағы кез-келген басқа қызметпен айналысу мақсаттары үшін ғана ұстау;
ф) тұрақты қызмет орнынан а) тармақшасынан е) тармақшасына дейін санамалап көрсетілген амал нәтижесінде туындаған жиынтық қызметі дайындық немесе көмекші сипатта болған жағдайда тұрақты қызмет орнын қызмет түрлерінің кез-келген осындай амалын жүзеге асыру үшін ғана ұстау.
5. 1 және 2-тармақтардың ережелеріне қарамастан, егер осы баптың 6-тармағында айтылған тәуелсіз мәртебесі бар агенттен өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттің бірінде басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны атынан әрекет етсе, онда бұл кәсіпорын кез-келген қызмет қатысында бұл кәсіпорын үшін аталған Мемлекет тұрақты мекемесі бар ретінде қарастырылады, егер бұл тұлға:
а) осы тармақтың ережесіне сәйкес егер тұрақты қызмет орны арқылы жүзеге асырылса да тұрақты қызмет орнынан тұрақты мекеме жасамайтын егер осы тұлғаның қызметі ескертілген 4-тармақта шектелгеннен басқа осы Мемлекетте өкілеттік кәсіпорын атынан келісімді бекітеді, жасайды және әдетте пайдаланады; немесе
б) мұндай өкілеттіктері болмайды, бірақ әдетте бірінші ескертілген Мемлекетте кәсіпорын атынан тауарлар мен бұйымдар қорлары бар.
6. Кәсіпорын кәсіпкерлік қызметін осы Уағдаласушы Мемлекетте делдал, комиссионер немесе тәуелсіз мәртебесі бар кез-келген басқа агент арқылы жүзеге асырғаны үшін ғана, осындай тұлғалар өздерінің әдеттегі қызметі шеңберінде әрекет еткен жағдайда, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі бар кәсіпорын ретінде қарастырылмайды. Алайда, егер осы мұндай агенттіктің қызметі осы кәсіпорын үшін әрекеттерде толықтай және толыққа жақын сәйкестендірілсе, онда осы тармақтың шеңберінде ол тәуелсіздік мәртебесі бар агент ретінде қарастырылмайды.
7. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияны бақылаушы немесе оның бақылауында болуы немесе осы басқа Мемлекетте кәсіпкерлік қызметпен айналысуы (не тұрақты мекеме арқылы немесе басқадай жолмен) фактісінің өзі-ақ осы компаниялардың брін екіншісінің тұрақты мекемесіне айналдырмайды.
6-бап
Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резидентінің басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүліктен алған табыстарына (соның ішінде ауыл шаруашылығынан немесе орман шаруашылығынан алған табыстарға) осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. "Жылжымайтын мүлік" термині қарастырылып отырған мүлік орналасқан Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары бойынша қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Бұл термин кез-келген жағдайда жылжымайтын мүлікке қатысты қосалқы мүлікті, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланатын мал мен жабдықтарды, жер меншігіне қатысты жалпы құқық ережелері қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлік узуфруктың және минералдық қорларды, кен көздерін және басқа да табиғи ресурстарды игеру үшін немесе игеру құқығы үшін берілетін өтемақы ретіндегі өзгермелі немесе кесімді төлемдерге арналған құқықтарды қамтиды; теңіз және әуе кемелері, автомобиль немесе темір жол көліктері жылжымайтын мүлік ретінде қарастырылмайды.
3. 1-тармақтың ережелері жылжымайтын мүлікті тікелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез-келген басқа жолмен пайдаланудан алынған табыстарға қолданылады.
4. 1 және 3-тармақтардың ережелері сондай-ақ кәсіпорындардың жылжымайтын мүлкінен алынатын табыстарға және тәуелсіз жеке қызметтер көрсету үшін пайдаланылатын жылжымайтын мүліктен алынатын табыстарға да қолданылады.
7-бап
Кәсіпкерлік қызметтен алынатын пайда
1. Егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты өкілділік арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналыспаса немесе айналыспаған болса, осындай кәсіпорынның пайдасына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсіпорын жоғарыда көрсетілгендей кәсіпкерлік қызметпен айналысса немесе айналысқан болса, кәсіпорынның пайдасына басқа Мемлекетте бірақ мыналарға:
а) осындай тұрақты мекемеге;
б) тұрақты арқылы сатылатын тауарларға немесе бұйымдарға сәйкес келетін немесе ұқсас тауарларды не бұйымдарды осы басқа Мемлекетте сатуына; немесе
с) өзінің сипаты бойынша осындай кәсіпкерлік қызметке сәйкес келетін немесе ұқсас осы басқа мемлекетте жүзеге асатын кәсіпкерлік қызметке қатысты бөлігіне ғана салық салынады.
2. 3-тармақтың ережелерін ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса, немесе айналысқан болса, онда осы тұрақты мекеме нақ осындай немесе осыған ұқсас жағдайларда дәл осындай немесе осыған ұқсас қызметпен айналысатын дербес және бөлек кәсіпорын болып, өзі тұрақты мекемесі болып табылатын кәсіпорыннан мүлдем дербес әрекет жасағанда алуы мүмкін пайда әрбір Уағдаласушы Мемлекетте осындай тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. Тұрақты мекеменің пайдасын айқындау кезінде тұрақты мекеменің мақсаттары үшін жүмсалған шығындарды, соның ішінде тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе жерлерде жұмсалғанына қарамастан, басқару және жалпы әкімшілік шығындарын қоса шегеріп тастауға болады.
Тұрақты мекемеден оның басты офисіне немесе резиденттің кез-келген басқа офистеріне роялтилер, сыйақылар жолымен немесе патенттерді немесе басқа да құқықтарды пайдаланғаны үшін қайтарылатын басқа да осындай төлемдер немесе коммиссиялық төлемдер жолымен нақты қызметтер көрсеткені үшін немесе менеджмент үшін тұрақты мекемеге берілген сомалар шегерілмейді.
4. Тұрақты мекеменің кәсіпорын үшін тауарларды немесе бұйымдарды жай ғана сатып алуы негізінде осы тұрақты мекемеге ешқандай пайда есептелмейді.
5. Егер пайда осы Конвенцияның басқа баптарында жекелеп айтылған кірістердің түрлерін қамтитын болса, онда бұл баптың ережесі осы баптардың ережелерінде қарастырылмайды.
6. Өткен мақсаттары үшін тұрақты мекемеге қатысты пайда егер бұл
тәртіпті өзгертуге жеткілікті және маңызды себеп болмаса, бір жылдан бір жылға бірдей тәсілмен анықталады. 8-бап Халықаралық тасымал 1. Теңіз немесе әуе кемелерін, автомобиль немесе темір жол көлігі құралдарын халықаралық тасымалда пайдаланудан алған пайдаға тек кәсіпорынның нақты басқарушы органы орналасқан осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады. 2. 1-тармақтың ережелері сондай-ақ пульге, бірлескен кәсіпорынға немесе көлік құралдарын пайдалану жөніндегі халықаралық ұйымға қатысудан алынған пайдаға да таратылады.
9-бап
Ассоцияланған кәсіпорындар
1. Мына жағдайда:
а) Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса; немесе
b) белгілі бір тұлғалар Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорнын басқаруға, бақылауға немесе оның капиталына тікелей немесе жанама түрде қатысса;
және әрбір жағдайда екі кәсіпорынның арасында олардың коммерциялық немесе қаржы тұрғысындағы өзара қарым-қатынастарында тәуелсіз екі кәсіпорынның арасында орын алуы мүмкін жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, онда солардың біріне есептелуі мүмкін, бірақ осы жағдайлардың орын алуына байланысты оған есептелмеген кез-келген пайда осы кәсіпорынның табысына қосылып, оған тиісінше салық салынуы мүмкін.
2. Егер осы Уағдаласушы Мемлекет басқа Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорыны басқа Мемлекетте салық салынған пайдасын осы Мемлекет кәсіпорынының пайдасына қосып, тиісінше салық салса және осылай қосылған пайда бірінші аталған Мемлекеттің кәсіпорнына есептелуі мүмкін пайда болса, егер екі кәсіпорынның арасындағы қатынастар тәуелсіз кәсіпорындардың арасындағы қатынастардай болса, онда осы басқа Мемлекет осы Пайдадан алынатын салық сомасына тиісті түзетулер жасауы мүмкін. Осындай түзетулерді айқындау кезінде осы Конвенцияның басқа ережелері қаралуға тиіс, ал Уағдаласушы Мемлекеттердің құзіретті органдары қажет болған жағдайда бір-бірімен ақылдасып отырады.
10-бап
Дивидендтер
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін дивидендттеріне осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда, осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес дивидендттер төленетін компания болып табылатын резидент те Уағдаласушы Мемлекетте салық салуға жатқызылмауы мүмкін, бірақ дивидендтердің нақты иесі басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылса, мұндай тәртіппен алынатын салық дивидендтердің жалпы сомасының 15 процентінен артпауға тиіс.
Бұл тармақ дивидендтер төленетін кірістерге қатысты салықтарға жатқызылмайды.
3. "Дивидендтер" термині осы бапта пайдаланылғанда акциялардан немесе пайдаға қатысу құқығын беретін борыш талаптары болып табылмайтын басқа да құқықтардан алынатын табысты, сондай-ақ пайданы бөлетін компания резиденті болып табылатын Мемлекеттің заңдарына сәйкес акциялардан алынатын табыс секілді нақ сондай салық салуды реттейтін басқа да корпоративтік құқықтардан алынатын табысты білдіреді.
4. Егер дивидендтердің нақты иесі Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің резиденті бола отырып, дивидендтер төлейтін компания резиденті болып отырған басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және төленіп жүрген дивидендтерге қатысы бар холдинг шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретіне қарай 7-баптың (Кәсіпкерліктен түсетін пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсіз жеке қызметтер) ережелері қолданылады.
5. Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің резиденті болып табылатын компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алып тұрған жағдайда, осы басқа Мемлекет, мұндай дивидендтер осы басқа Мемлекеттің резидентіне төленетін немесе өзіне қатысты дивидендтер төленетін холдинг шын мәнінде осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болатын жағдайды қоспағанда, осы компания төлейтін дивидендтерді салықтан толық босата алады және, егер тіпті дивидендтер төленген немесе бөлінбеген пайда толық не ішінара осы басқа Мемлекетте пайда болатын пайдадан немесе табыстан тұрған күннің өзінде, компанияның пайдасына салық сала алмайды.
5. Осы Конвенцияда ешнәрсе Уағдаласушы Мемлекетке компанияның осы Мемлекетті тұрақты мекемеге қатысты таза пайдасына осы Мемлекеттің ұлттық тұлғасы болып табылатын компанияның пайдасына есептелінетін салыққа қосымша, осылай есептелген кез-келген қосымша салық бұның алдындағы салық салынған жылдары осындай салық салуға ұшырамаған осындай пайда сомасының 5 процентінен аспайтын жағдайда, салық салуға кедергі келтіретіндей болып пайымдала алмайды. Осы тармақтың мақсаттары үшін пайда осы тармақта ескертілген, тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте алынатын қосымша салыққа қарағанда өзгеше барлық салықтарды одан шегеріп тастағаннан кейін айқындалады.
11-бап
Проценттер
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін проценттерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда, мұндай проценттерге сондай-ақ олар пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте де осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ егер проценттер алушы және оның нақты иесі басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болса, онда мұндай жолмен алынатын салық проценттердің жалпы сомасының 10 процентінен аспауы тиіс.
3. 2-тармақтың ережелеріне қарамастан:
а) Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінде пайда болған проценттер және оның облигациялары, нысаналы міндеттері немесе басқа да сәйкес мінеттері қатысында төленуі осы Мемлекеттің Үкіметін, осы Мемлекеттің орталық банкісін, оның саяси әкімшілік бөлімдері немесе жергілікті өкімет органдарынан Мемлекетте салудан босатады;
б) Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінде пайда болатын проценттер және облигациялары, нысаналы міндеттері немесе басқа да сәйкес міндеттері қатысында төленуі басқа Мемлекеттің Үкіметі, басқа Мемлекеттің орталық банкісі, оның саяси-әкімшілік бөлімдері немесе жергілікті өкімет органдары бірінші аталған Мемлекеттің салығынан босатылады.
4. "Проценттер" термині осы бапта пайдаланылған кезде кепілмен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмеген және борышқорлардың пайдасына қатысу құқығын беретін немесе бермейтін кез-келген түрдегі борыш талаптарынан алынатын табысты және атап айтқанда, осы бағалы қағаздар, облигациялар және борыштық міндеттемелер сыйақылар мен ұтыстарды қоса, үкіметтің бағалы қағаздарынан алынатын табыс пен облигациялардан немесе борыштық міндеттемелерден алынатын табысты білдіреді. Мезгілінде төленбеген төлемдер үшін алынатын айыппұлдар осы баптың мақсаттары үшін проценттер ретінде қарастырылмайды.
5. Егер проценттердің нақты иесі Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола отырып, проценттер пайда болатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызметтер көрсетсе және проценттер төлеуге негіз болып отырған борыш талабы шын мәнінде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты бола, 1 және 2-тармақтардың ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретіне қарай осы Конвенцияның 7-бабының (Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс) немесе 14-бабының (Тәуелсіз жеке қызметтер) ережелері қолданылады.
6. Егер проценттер төлеуші Уағдаласушы Мемлекеттің өзі, оның саяси-әкімшілік бөлімшесі, жергілікті өкімет органы немесе осы Мемлекеттің резиденті болса, проценттер осы Мемлекетте пайда болады деп есептеледі. Алайда, егер проценттер төлеуші тұлға проценттер төленетін қарыздың туындауына байланысты Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса және мұндай проценттерді тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтін болса, онда мұндай проценттер тұрақты мекеме немесе тұрқты база орналасқан Мемлекетте пайда болады деп есептеледі.
7. Егер проценттер төлеуші мен оның нақты иесі арасындағы немесе сол екеуі мен қандай да болсын үшінші тұлғаның арасныдағы айрықша қатынастарға байланысты борыштық талапқа қатысты және соның негізінде төленетін проценттердің сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда проценттер төлеуші мен оның нақты иесі арасында келісіле алатындай сомадан асып кетсе, онда осы баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің басы артық бөлігіне осы Конвенцияның басқа ережелерін ескере отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуға тиіс.
8. Егер проценттер төленетін борыш талабының туындауына немесе тапсырылуына байланысы бар кез-келген тұлғаның басты мақсаты немесе басты мақсаттарының бірі осы борыш талаптарын жасау немесе тапсыру арқылы осы баптан пайда алу болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.
12-бап
Роялти
1. Уағдаласушы Мемлекеттің бірінде пайда болатын және басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төленетін роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Алайда мұндай роялтиге сондай-ақ ол пайда болатын Уағдаласушы Мемлекет де осы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкін, бірақ егер роялтиді алушы және оның нақты иесі басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болса, онда осылайша алынатын салық роялтидің жалпы сомасының 10 процентінен аспауы тиіс.
3. "Роялти" термині осы бапта пайдаланылғанда әдеби, өнер немесе ғылым шығарамаларына, бағдарламалық қамтамасыз етуді қоса, кинематографиялық фильмдерге, кез-келген патентке, сауда маркасына, дизайнға немесе үлгіге, жоспарға, құпия формулаға яки процеске берілген кез-келген авторлық құқықты пайдаланғаны үшін немесе пайдалану құқығын бергені үшін немесе өнеркәсіптік, коммерциялық яки ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны үшін немесе пайдалану құқығын бергені үшін сыйақы ретінде алынған төлемдердің кез-келген түрін білдіреді.
4. Егер роялтидің нақты иесі бір Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті бола отырып, роялти пайда болатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы кәсіпкерлік қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты базадан тәуелсіз жеке қызмет көрсетсе және өздеріне қатысты роялти төленетін құқы немесе мүлік шын мәнінде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелері қолданылмайды. Мұндай жағдайда, ретіне қарай, 7-баптың (Кәсіпкерлік қызметтен түсетін пайда) немесе 14-баптың (Тәуелсіз жеке қызмет көрсету) ережелері қолданылады.
5. Егер роялти төлеуші Уағдаласушы Мемлекеттің өзі, оның саяси әкімшілік бөлімі, жергілікті өкімет органы немесе осы Мемлекеттің резиденті болса, роялти осы Мемлекетте туындаған болып есептеледі. Алайда, егер роялти төлейтін тұлға ол Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табыла ма, жоқ па оған тәуелсіз Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы болса, соларға байланысты роялти төлеу міндеттемесі туындаса және мұндай роялтиді тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болған деп есептеледі.
6. Егер роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасындағы немесе сол екеуі мен қандай да болсын үшінші тұлғаның арасындағы айрықша қатынастарға байланысты өзі негізге алынып төленетін пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты роялтидің сомасы осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеуші мен оның нақты иесі арасында келісіле алатындай сомадан асып кетсе, осы баптың ережелері тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда төлемнің бас артық бөлігіне осы Конвенцияның басқа ережелерін тиісінше ескере отырып, әрбір Уағдаласушы Мемлекеттің заңдарына сәйкес салық салуға жатады.
7. Егер төленетін роялтиге қатысы бар құқықтарды жасауға немесе беруге байланысы бар кез-келген тұлғаның негізгі мақсаты немесе негізгі мақсаттарының бірі осындай құқықтарды жасау немесе беру арқылы осы баптан пайда алу болса, осы баптың ережелері қолданылмайды.
13-бап
Мүлік құнының өсуінен алынатын табыстар
1. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті, осы Келісімнің 6-бабында (Жылжымайтын мүліктен алынатын табыстар) айқындалғанындай, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлікті шеттетуден алатын табыстарға осы басқа мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Уағдаласушы Мемлекет резидентінің шеттетуден алған табыстары:
а) мүлкі негізінен басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымалы мүліктен тікелей немесе жанама құны яки оның құнының үлкен бөлігінен алынатын, ресми мойындалған биржада маңызды және қалыпты негізде сатылатын акциялардан, немесе
b) мүлкі негізінен басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан мүліктен тұратын, серіктестіктегі немесе трастағы үлестерге яки жоғарыда а) тармақшасында ескертілген акцияларға, осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Уағдаласушы Мемлекет кәсіпорынының басқа Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты мекемесінің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігін құрайтын жылжымалы мүлікті немесе тәуелсіз жеке қызмет көрсету мақсаттары үшін Уағдаласушы Мемлекет резидентінің басқа Уағдаласушы Мемлекетте ұдайы қолы жетерлік тұрақты базаға қатысты жылжымалы мүлікті шеттетуден алынған табыстарға, соның ішінде осындай тұрақты мекемені (жеке немесе барлық кәсіпорындардың жиынтығын қоса алғанда) немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынған осындай табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
4. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңіз немесе әуе кемелерін, автомобиль немесе темір жол көлік құралдарын пайдалануға байланысты жылжымалы мүлікті шеттетуден алынған табыстарға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
5. Өткен тармақтарда сөз етілгеннен өзге кез-келген мүлікті шеттетуден алынған табыстарға мүлікті шеттетуші тұлға резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
14-бап
Тәуелсіз жеке қызмет көрсету
1. Уағдаласушы Мемлекет резидентінің тәуелсіз сипаттағы кәсіпкерлік қызмет көрсету немесе басқа қызметтерге қатысты алған табысына, егер мұндай қызмет көрсету басқа Уағдаласушы Мемлекетте көрсетіліп жатпаса немесе көрсетілмесе салық салынады; және
а) басқа Мемлекетте жеке тұлға жүйелі негізде бар немесе бар болған тұрақты базасына қатысты табыс; немесе
б) мұндай жеке тұлға жалпы алғанда он екі айлық кезеңдегі 183 жұмыс күнінен артық кезеңде немесе кезеңдерде тікелей қатысқаны немесе қатысатыны туралы - шешімдеріне байланысты табыстар.
Табыс мұндай жағдайда, тұрақты мекемеге табыс сомасын және кәсіпкерлік табысты енгізуді анықтау үшін 7-бапта (Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс) мазмұндалған принциптерге, ұқсас принциптерге сәйкес қызмет көрсетуге байланысты осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. "Кәсіпкерлік қызмет көрсету" термині атап айтқанда тәуелсіз ғылыми, әдеби, әртістік, білім беру немесе оқытушылық қызметті, сондай-ақ дәрігерлердің, тіс дәрігерлерінің, заңгерлердің, инженерлердің, сәулетшілердің, бухгалтерлердің және аудиторлардың тәуелсіз қызметтерін қамтиды.
15-бап
Тәуелді жеке қызмет көрсету
1. Жалдау жөніндегі жұмысқа байланысты Уағдаласушы Мемлекетті резиденті алған, 16 (Директорлардың сыйақылары), 18 (Зейнетақылар), 19 (Мемлекеттік қызмет) баптардың ережелерін есептей отырып, ырзықақылар, жалақылар және басқа да ұқсас сыйақылар, егер басқа Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырымайтын болса, жалға алу жөніндегі жұмыстарға байланысты қолданылады. Егер жалдау бойынша жұмыс осындай жолмен орындалатын болса, басқа жақтан алынған табыстарға осы басқа Мемлекетте салық салынады.
2. Ереженің 1-тармағының ережесіне қарамастан, жалға алу жөніндегі жұмысқа, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орындалған жұмысқа байланысты резидент алатын сыйақыға бірінші аталған Мемлекетте салық салынады, егер:
а) тиісті салық жылының басталуы мен аяқталуы, жалпы алғанда кез-келген күнтізбелік жылдың 183 күнінен аспайтын кезеңде немесе кезеңдер ішінде алушы осы басқа Мемлекетте тұрса; және
b) сыйақы басқа Мемлекеттің резиденті болып саналмайтын жалға алушы немесе жалға алушы атынан төленеді; және
с) басқа Мемлекетте тұрақты мекемесі немесе тұрақты базасы бар жалға алушыға сыйақы төленбейді.
3. Осы баптың алдындағы ережеге қарамастан, халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын теңіз немесе әуе кемелерімен, яки автомобиль немесе теміржол көлік құралдарымен орындалған жалдау бойынша жұмыстарға қатысты алынған сыйақылар теңіз немесе әуе кемелерін пайдаланушы кәсіпорындар болып табылатын резиденттерге Уағдаласушы
Мемлекетте салық салынуы мүмкін. 16-бап Директорлардың сыйақылары Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің резиденті директорлар кеңесінің немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болып табылатын компанияның осындай органының мүшесі ретінде алатын директорлар сыйақылары мен басқа да осындай төлемдерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін. 17-бап Артистер мен спортшылар
1. 14 баптың (Тәуелсіз жеке қызмет көрсету) және 15 баптың (Тәуелді жеке қызмет көрсету) ережелеріне қарамастан, Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті өнер қызметтері ретінде театр, кино, эстрада, радио немесе телевидение артисі немесе сазгер немесе спортшы ретінде басқа Уағдаласушы Мемлекетте айналысатын өзінің жеке қызметінен алатын табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Егер өнер қызметкерінің немесе спортшының өзінің осы сипатында айналысатын өзінің жеке қызметінен алатын табысы өнер қызметкерінің немесе спортшының өзіне емес, басқа тұлғаға есептелсе, онда бұл табысқа ереженің 7 (Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс), 14 (Тәуелсіз жеке қызмет көрсету) және 15 (Тәуелді жеке қызмет көрсету) баптарына қарамастан, өнер қызметкерінің немесе спортшының қызметі жүзеге асырылатын Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Уағдаласушы Мемлекеттің өнер қызметкерлері немесе спортшылары жүзеге асыратын қызметтерден алынатын табыс, егер бұл Мемлекетке бару мәдени немесе спорттық алмасу туралы келісім шеңберінде жүзеге асырылса және (немесе) бір яки екі Уағдаласушы Мемлекеттің қоғамдық қорларынан, олардың әкімшілік-аумақтық бөлімшелері немесе жергілікті өкімет органдары толық қаржыландырылса, 1 және 2-тармақтың ережелері табысқа жатпайды. Мұндай жағдайда осы өнер қызметкері немесе спортшы резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте табысқа салық салынады.
18-бап
Зейнетақылар және төленетін басқа төлемдер
1. 19-баптың 2-тармағының (Мемлекеттік қызмет) ережелеріне сәйкес Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне бұрынғы жұмысына қатысты төленетін зейнетақылар мен басқа да осындай сыйақыларға және осы резидентке төленетін қандай да болсын аннуитетке осы төлемдер аударылатын Мемлекетте ғана салық салынады.
2. "Аннуитет" термині баламалы және толық өтемақы үшін ақшалай қайтарым төлемдерін төлеу міндеттемесі бойынша бүкіл өмір бойы немесе белгілі яки белгіленген уақыт кезеңінде жеке тұлғаға белгіленген уақытта жүйелі түрде төленіп тұратын белгіленген соманы білдіреді.
3. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болатын басқа Мемлекеттің резидентіне төленетін алиименттерге және ұқсас сомаларға (балаларды ұстауға арналған төлемдерді қосатын) осы басқа Мемлекетте салық салынады.
19-бап
Мемлекеттік қызмет
1. а) Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның саяси-әкімшілік бөлімшелерінің яки жергілікті өкімет органының осы Мемлекетке немесе саяси-әкімшілік бөлімшелерінің яки жергілікті әкімшілік органына көрсеткен қызметіне қатысты кез-келген заңды тұлғаға төленетін ырыздықақыға, еңбекақыға және басқа да ұқсас сыйақыларға, зейнетақылардан басқа, тек осы Мемлекетте ғана салық салынады;
б) Алайда, мұндай ырыздықақы, еңбек ақы және басқа да ұқсас сыйақыға тек Уағдаласқан басқа Мемлекетте осы Мемлекеттің резиденті болып табылатын жеке тұлғаға, егер қызмет осы Мемлекетте жүзеге асырылса, мынадай жағдайларда салық салынады:
(і) осы Мемлекеттің ұлттық тұлғасы болса; немесе
(іі) қызметті жүзеге асыру мақсатында ғана осы Мемлекеттің резиденті болмаса.
2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе әкімшілік аумақтық бөлімшесі яки жергілікті өкімет органы жеке тұлғаға төлейтін төлемдерге немесе олар құрған қорлардан осы Мемлекет немесе оның әкімшілік бөлімшесі яки өкімет органы осы мемлекет немесе оның бөлімшелері үшін төлейтін төлемдерге басқа да төлемдерге осы мемлекетте ғана салық салынады.
b) Алайда, мұндай зейнетақыға, егер жеке тұлға осы Мемлекеттің резиденті және ұлттық тұлғасы болып табылса, басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
3. 15 (Тәуелді жеке қызмет көрсету), 16 (Директорлардың сыйқақылары) және 18 (Зейнетақылар және төленетін басқа төлемдер) баптарының ережелері Уағдаласушы Мемлекеттің немесе оның саяси-әкімшілік бөлімшесінің немесе жергілікті өкімет органының кәсіпкерлік қызметті ырыздықақыларға, еңбекақыға және басқа да ұқсас сыйақылар мен зейнетақыларға қолданылады.
20-бап
Студенттер
Уағдаласушы Мемлекеттің біріне келердің нақ алдында басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті болған немесе болып табылатын және бірінші аталған Мемлекетте тек оқу немесе білім алу мақсатында тұрып жатқан студент немесе кәсіби оқудан өтіп жатқан жеке тұлға алатын, тұруға, оқуға және білім алуға арналған төлемдерге, мұндай төлемдердің көздері осы Мемлекеттен тыс жерлерде болған жағдайда, бірінші аталған Мемлекетте салық салынбайды.
21-бап
Профессорлар, мұғалімдер және ғылыми қызметкерлер
1. Бір Уағдаласушы Мемлекетке келгенге дейін басқа Уағдаласушы Мемлекеттің тікелей резиденті болған немесе болып табылатын және алғшқы аталған Мемлекетте тек қана оқыту мақсатында тұрып жатқан яки екі жылдан аспайтын кезеңде университетте, колледжде, және басқа оқу немесе ғылыми-зерттеу орындарында ғылыми-зерттеулерді жүргізетін процфессорлар, мұғалімдер және ғылыми қызметкерлер алатын төлемдерге, төлем көздері осы Мемлекеттен тыс жерде болса, алғашқы аталған Мемлекетте салық салынбайды.
2. Осы Баптың 1-тармағының Ережесі егер мұндай жұмыстар қоғамдық қажеттіліктен емес, тұлғалардың немесе адамның жеке тиімділігі үшін жүргізілсе, зерттеу жұмыстарының табыстарына қолданылмайды.
22-бап
Басқа табыстар
1. Осы Конвенцияның алдыңғы баптарында қаралмағанына қарамастан, Уағдаласушы Мемлекет резидентінің табыстарының түрлеріне тек осы мемлекетте ғана салық салынады.
2. 1-тармақтың ережелері, егер алушы Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің резиденті болып, 6-баптың (Жылжымайтын мүліктен түсетін табыс) 2-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүліктен түсетін қайтарымдарға қатысты болса, басқа Уағдаласушы Мемлекетте оның тұрақты мекемелері арқылы осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте оның тұрақты мекемелері арқылы осы басқа мемлекетте тұрақты базалар және мүліктерді иелену құқықтары арқылы әрекет жасайды, осыған байланысты тұрақты мекеменің (өкілдіктің) немесе тұрақты базалар және мүліктерді иелену құқықтары арқылы әрекет жасайды, осыған байланысты тұрақты мекеменің (өкілдіктің) немесе тұрақты базаның орнына байланысты қайтарым төлемдерін жүргізеді. Мұндай жағдайда ахуалға байланысты 7-баптың (Кәсіпкерлік қызметтен түсетін табыс) немесе 14-баптың (Тәуелсіз жеке қызмет көрсету) ережелері қолданылады.
23-бап
Капитал
1. 6-бапта (Жылжымайтын мүліктен түсетін табыс) аталған, Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің резидентіне тиесілі және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлік ретінде көрсетілген капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
2. Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекеменің кәсіпкерлік мүлкінің бір бөлігі болып табылатын жылжымалы мүлікке немесе тәуелсіз жеке қызмет көрсету мақсаттары үшін Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің резидентінің басқа Уағдаласушы Мемлекеттегі тұрақты базасына жататын жылжымалы капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
3. Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің резиденті халықаралық тасымалдарда пайдаланатын теңіз және әуе кемелерін, автомобиль немесе теміржол көліктері құралдарын пайдалануға байланысы бар жылжымалы капиталға тек осы Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. Уағдаласушы Мемлекет резиденті капиталының барлық басқа элементтеріне түрлеріне тек осы Мемлекетте ғана салық салынады.
24-бап
Қосарланған салық салуды жою
Егер Уағдаласушы Мемлекеттің резиденті осы Келісімнің ережелеріне сәйкес басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін табыс тапса, бірінші аталған Уағдаласушы Мемлекет:
(і) осы резиденттің табысына салынатын салықтан басқа Уағдаласушы Мемлекетте төленген табыс салығына тең салық салынады;
(іі) осы басқа Мемлекетте төленетін салықтың капиталға тең сомасы, осы резиденттің капиталы салығынан шегеріледі;
Бұл шегерімдер жағдайларға байланысты осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкін табыс немесе капиталға қатысты шегерімдерді ұсынғанға дейін есептелген табысқа салынған салықтың немесе капиталға салынған салықтың бөлігінен қандай жағдайда да аспауы керек.
25-бап
Кемсітпеу
1. Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің ұлттық тұлғалары нақ осындай жағдайларда осы басқа Мемлекеттің ұлттық тұлғалары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға немесе соған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анғұрлым ауыртпалықты салық салуға немесе соған байланысты міндеттемеге басқа Уағдаласушы Мемлекеттегі резиденттік қатынасқа ұшырамайтын болады. Бұл ереже 1-баптың (Конвенция қолданылатын адамдарға) ережелеріне қарамастан екі жақты Уағдаласқан Мемлекеттердің бірінің резиденті де емес тұлғаларға да қолданылады.
2. Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттері болып табылатын азаматтығы жоқ тұлғалар нақ осындай жағдайларда осы Мемлекеттің азаматтары ұшырайтын немесе ұшырауы мүмкін салық салуға және соған байланысты міндеттемелерге қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты кез-келген салық салуға немесе соған байланысты міндеттемеге Уағдаласушы Мемлекеттердің ешқайсысында да ұшырамайтын болады.
3. Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осы басқа Мемлекетте нақ осындай қызметпен айналысатын осы басқа Мемлекеттің кәсіпорнына салық салуға қарағанда қолайсыздау жағдайда болмауға тиіс. Бұл ереже Уағдаласушы Мемлекеттің бірін ол өзінің өз резидентіне олардың азаматтық мәртебесі немесе отбасы жағдайлары негізінде беріп отырған салық салу жөніндегі қандай да болсын жеке жеңілдіктерді, шегерімдер мен шегерулерді басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резиденттеріне де беруге міндеттейтіндей болып пайымдалмауға тиіс.
4. 9-баптың (Ассоциацияланған кәсіпорындар) 1-тармағының, 11-баптың (Проценттер) 7-тармағының, 12-баптың (Роялтилер) 6-тармағының ережелері қолданылатын жағдайларды қоспағанда, Уағдаласушы Мемлекеттің бірінің кәсіпорны басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне төлейтін проценттер, роялти және басқа да төлемдер осындай кәсіпорынның салық салынатын пайдасын айқындау мақсатында бірінші аталған Мемлекеттің резидентіне басқаша немесе артық ауыртпалықты болмай, олар қалай төленсе, нақ сондай жағдайларда шегеріліп тасталуға тиіс. Уағдаласушы Мемлекеттің кез-келген борышы басқа Уағдаласушы Мемлекеттің резидентіне осындай кәсіпорынның салық салу капиталын айқындау мақсатында бірінші аталған мемлекеттің резидентінің борышы сияқты нақ сондай жағдайларда шегеріліп тасталуға тиіс.
5. Капиталы басқа Уағдаласушы Мемлекеттің бір немесе бірнеше резиденттеріне тікелей немесе жанама тұрғыда толық немесе ішінара бақылауда болатын Уағдаласушы Мемлекеттің кәсіпорны бірінші ескертілген мемлекетте бірінші ескертілген Мемлекеттің басқа осыған ұқсас кәсіпорындары тартылатын немесе тартылуы мүмкін салық салу және оған байланысты міндеттемелерден басқа оларға байланысты өзге немесе одан да жоғары ауыртпалықтар болып табылатын капитал салық салуға тартылмауы керек.
26-бап
Өзара келісім алу рәсімі
1. Егер тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердің бірінің немесе екеуінің де іс-әрекеттері өзін осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға душар етіп отыр немесе душар ететін болады деп есептесе, ол осы Мемлекеттердің ішкі заңдарында көзделген қорғану құралдарына қарамастан өзінің ісін өзі резиденті болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің немесе, егер оның жағдайы 25-баптың 1-тармағының қолданылу аясына жататын болса, өзі ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органдарының қарауы үшін бере алады. Арыз осы Конвенцияның ережелеріне сәйкес келмейтін салық салуға душар еткен іс-әрекеттер туралы алғашқы хабар жеткізілген сәттен бастап үш жыл ішінде берілуі тиіс.
2. Құзыретті орган, егер ол шағымды орынды деп есептесе және егер өзі қанағаттанарлық шешімге келе алмайтын болса, осы Конвенциға сәйкес келмейтін салық салуды болдырмау мақсатында мәселені басқа Уағдаласушы Мемлекеттің құзыретті органымен өзара келісе отырып шешуге келе алады. Кез-келген қол жеткізілген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердің ішкі заңдарында бар қандайда да бір уақыт шектеулеріне қарамастан орындалуға тиіс.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары Конвенция пайымдау немесе қолдану кезінде туындаған кез келген қиындықтар мен күмәндарды шешу үшін өзара келісімге ұмтыла алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы жоғарыда көрсетілген тармақтарды пайымдау немесе қолдану кезінде туындайтын кез-келген қиындықтарды немесе күмәндарды келісе отырып шешу мақсатында өзара байланысқа ұмтылатын болады. Егер келісімге келу үшін ауызша пікір алысу ұйымдастырылған болса, мұндай пікір алысу Уағдаласушы Мемлекеттердің құзырлы органдарының өкілдерінен құрылған комиссияның отырысы деңгейінде өте алады.
27-бап
Ақпарат алмасу
1. Уағдаласушы Мемлекеттердің құзыретті органдары осы Конвенцияның немесе Уағдаласушы Мемлекеттердің салық салуға байланысты ішкі заңдары осы Конвенцияға қайшы келмейтіндей дәрежеде Конвенция қолданылатын ережелерін орындау үшін қажетті ақпарат алысып тұрады. Уағдаласушы Мемлекеттік алған кез-келген ақпарат осы Мемлекеттің ішкі заңдары шеңберінде алынған ақпарат секілді нақ сондай ретпен құпия ақпарат деп есептеледі және осы Конвенция қолданылатын салықтарды бағалаумен немесе оларды алумен, күшпен өндіріп алумен немесе сот арқылы қудалаумен яки шағымдарды қараумен айналысатын тұлғаларға немесе органдарға ғана (соттар мен әкімшілік органдарды қоса) хабарланатын болады. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты осы мақсаттар үшін ғана пайдаланады. Олар бұл ақпаратты ашық сот мәжілісі барысында немесе сот шешімдерін қабылдаған кезде аша алады.
2. Ешқандай жағдайда осы баптың 1-тармағының ережелері Уағдаласушы Мемлекеттерге:
а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттердің заңдары мен әкімшілік тәжірибесіне қайшы келетін әкмішілік шараларын қолдану;
б) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттің заңдары немесе әдеттегі әкімшілік тәжірибесі бойынша алуға болмайтын ақпарат беру;
с) қандай да болсын сауда, кәсіпкерлік, өнеркәсіптік, коммерциялық немесе кәсіби құпияны, немесе сауда процесін, немесе хабарды ашуы мүмкін ақпарат мемлекеттік саясатқа қоғамдық тәжірибелерде қайшы келетіндей ақпарат беру, - міндетін жүктейтіндей болып пайымдалатын болады.
28-бап
Дипломатиялық миссиялардың және
консульдық мекемелердің мүшелері
Бұл Конвенцияда арнаулы келісімдердің ережелеріне сәйкес немесе халықаралық құқықтардың жалпы межелерінде көрсетілген дипломатиялық миссиялардың және консульдық мекемелердің мүшелеріне ешқандай салық артықшылықтары қолданылмайды.
29-бап
Күшіне енуі
1. Осы Конвенция оның күшіне енуіне қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Уағдаласушы Мемлекеттердің орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарланған күнінен күшіне енеді және Конвенцияның ережелері:
а) Конвенция күшіне енгеннен кейінгі күнтізбелік жылдың 1 қаңтарынан соң төленетін қайтарымдардың сомасына қосылатын, қаржы көзінен алынатын салықтарға; және
б) күнтізбелік жылы басталған соң қолданылатын кез-келген салық мерзімі осындай салықтарға - осындай салықтар мен капиталдың салықтарына қатысты алынатын төлемдерге қолданылады.
30-бап
Әрекеттердің тоқтатылуы
Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердің бірі оның тоқтатқанға дейін күшінде қалады. Әрбір Уағдаласушы Мемлекет Конвенция күшіне енген күннен бес жыл толғаннан кейін, Конвенцияның әрекеті тоқтатылғандығы туралы дипломатиялық арналар бойынша, ары кеткенде, кез-келген күнтізбелік жыл аяқталғанға дейін алты ай ішінде жазбаша хабарлап, тоқтата алады.
Мұндай жағдайда Конвенция өз әрекетін тоқтатады:
а) әрекеттің тоқтатылғандығы туралы хабарлама берілгеннен кейінгі жылдың қаңтарының бірінші немесе одан кейінгі күндері төленген немесе есептелген сомалар бойынша көздерден ұсталатын салықтарға қатысты; және
b) әрекеттің тоқтатылғандығы туралы хабарлама берілгеннен кейінгі
жылдың қаңтарының бірінен немесе одан кейінгі күндерінен басталатын салық салынатын кезеңдегі басқа салықтарға қатысты өз әрекетін тоқтатады. Осыларды мақұлдап, төменде қол қоюшы, міндетті түрдегі өкілетті өкілдер осы Конвенцияға қол қойды. 1997 жылғы 11 күні қараша айы қазақ, грузин және орыс тілдерінде екі дана етіп, Жасалды мәтіндердің барлығы бірдей күшке ие. Мәтіндерде алшақтық болған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін айқындаушы болады. Қазақстан Республикасының Грузия Үкіметі үшін Үкіметі үшін Хаттама
Табысқа және капиталға салықтарға қатысты қосарланған салық салуды болдырмау туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Конвенцияға қол қою кезінде төмендегі ережелер Конвенцияның ажырамас бөлігін құрайды деп келісті.
8-бапқа қатысты:
"Нақты атқару органы" терминін пайдаланғанда осы Конвенцияның мағынасында тұрақты мекеме болып табылмайтын бөлімшенің қызметіне жоғарғы бақылау қай жерде жүзеге асырылуына тәуелсіз әр күндік басқарманы жүзеге асыратын орган ретінде түсіндіріледі. 1997 жылғы 11 күні қараша айы қазақ, грузия және орыс тілдерінде екі дана етіп Жасалды, мәтіндердің барлығы бірдей күшке ие. Мәтіндерде алшақтық болған жағдайда, орыс тіліндегі мәтін айқындаушы болады. Қазақстан Республикасының Грузия Үкіметі үшін Үкіметі үшін Оқығандар: Қасымбеков Б. Нарбаев Е.