Алматыда 1998 жылғы 16 сәуірде қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігі арасындағы Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы конвенция бекітілсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдігі
арасындағы табыс пен капиталға
салынатын салыққа қатысты қосарланған
салық салуды болдырмау және салық төлеуден
жалтаруға жол бермеу туралы
Конвенция
2000 жылғы 13 сәуірде күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары
бюллетені, 2003 ж., N 8, 51-құжат
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Бельгия Корольдігінің Үкіметі Табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенция жасау ниетімен,
мыналар туралы уағдаласты:
1-бап
Осы Конвенция қолданылатын тұлғалар
Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резидентi болып табылатын тұлғаларына қолданылады.
2-бап
Конвенция қолданылатын салықтар
1. Осы Конвенция, салық салу әдiсiнен тәуелсiз, Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiнiң немесе жергiлiктi өкiмет органдарының атынан алынатын табыс пен капиталға салынатын салықтарға қолданылады.
2. Табыстың жалпы сомасынан, капиталдың жалпы сомасынан алынатын барлық салық түрлерi немесе табыстың немесе капиталдың жекелеген элементтерiнен, жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi шеттетуден түсетiн пайдаға салынатын салықтарды, кәсiпорындар төлейтiн жалақылар мен ырзықақылардың жалпы сомаларына салынатын салықтарды қосқанда, сондай-ақ мүлiк құнының өсiмiнен түсетiн табыстарға салынатын салықтар табыс пен капиталға салынатын салық болып саналады.
3. Конвенция қолданылатын қазiргi салықтар мыналар болып табылады, атап айтқанда:
а) Қазақстан Республикасында:
(i) заңды және жеке тұлғалардың табыстарына салынатын салық;
(ii) заңды және жеке тұлғалардың мүлiктерiне салынатын салық;
(бұдан әрi "Қазақстан салығы" деп аталатын)
b) Бельгия Корольдiгiнде:
(i) жеке тұлғаларға салынатын табыс салығы;
(ii) корпоративтiк салық;
(ііі) заңды тұлғалардың табыстарына салынатын салық;
(іv) резидент еместердiң табыстарына салынатын салық;
(v) дағдарыс болған жағдайларға арналған қосымша аударымдар;
осы салықтарға алдын-ала жасалатын төлемдердi, қосымша алымдарды және жеке тұлғаның табыс салығына қосымша төлемдердi қоса алғанда,
(бұдан әрi "Бельгия салығы" деп аталатын).
4. Конвенция сондай-ақ қолданылып жүрген салықтарға қосымша, не болмаса осы Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн салық салынатын барлық бiрдей немесе айтарлықтай ұқсас салықтардың барлығына қолданылады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзыреттi органдары олардың тиiстi салық заңдарына енгiзілген кез-келген елеулi өзгерiстер туралы бiр-бiрiн хабардар етедi.
3-бап
Жалпы айқындамалар
1. Осы Конвенцияның мақсаты үшiн, егер контекст басқаны талап етпесе:
а) терминдер:
(i) "Қазақстан" Қазақстан Республикасын бiлдiредi және географиялық мағынада алғанда "Қазақстан" терминi аумақтық суларды, сондай-ақ Қазақстан белгiлi бiр мақсаттар үшiн халықаралық құқықтарға сәйкес егемендiк құқын және заңын жүзеге асыра алатын және Қазақстанның салық заңдары қолданылатын бiрыңғай экономикалық аймақ пен континентальдық шельфтi қамтиды;
(ii) "Бельгия" Бельгия Корольдiгiн бiлдiредi және географиялық мағынада алғанда, халықаралық құқықтарға сәйкес егемендiк құқығын немесе өзiнiң заңдарын Бельгия Корольдiгi жүзеге асыратын аумақтық суларды және теңiз және әуе кеңiстiгiнiң кез келген учаскесiн қосқанда, Бельгия Корольдiгiнiң аумағын бiлдiредi;
b) "тұлға" терминi жеке тұлғаны, компанияны және кез-келген басқа бiрлескен тұлғаларды қамтиды;
с) "компания" терминi кез келген корпоративтiк бiрлестiктi немесе салық салу мақсаты үшiн корпоративтiк бiрлестiк ретiнде қарастырылатын кез келген кәсiпорынды бiлдiредi;
d) "Уағдаласушы Мемлекет" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет" терминдерi контекстке байланысты Қазақстанды немесе Бельгияны бiлдiредi;
е) "бiр Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорны" және "басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорны" терминдерi тиiсiнше бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқаратын кәсiпорынды бiлдiредi;
f) "халықаралық тасымалдар" терминi теңiз немесе әуе көлiгi тек қана басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi пункттер аралығында пайдаланылатын жағдайлардан басқа жағдайларда, бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны пайдаланатын теңiз немесе әуе көлiгiнiң кез-келген тасымалын бiлдiредi;
g) "құзыреттi орган" терминi:
(i) Қазақстанда: Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн, және
(ii) Бельгияда: Қаржы министрлiгiн немесе оның өкiлеттi өкiлiн бiлдiредi;
h) "ұлттық тұлға" терминi:
(i) Уағдаласушы Мемлекеттiң азаматтығы бар кез-келген жеке тұлғаны;
(ii) Уағдаласушы Мемлекетте қолданылып жүрген заңдар негiзiнде өзiнiң мәртебесiн алған кез келген заңды тұлғаны, серiктестiктi немесе кез келген басқа қауымдастықты бiлдiредi;
(i) "капитал" терминi 22-баптың мақсаттары үшiн жылжымалы немесе жылжымайтын мүлiктi бiлдiредi және қолма-қол ақша қаражаттарын, акцияларды немесе мүлiкке деген құқықтарды қуаттайтын өзге құжаттарды, вексельдердi, облигацияларды немесе өзге борыштық мiндеттемелердi қуаттайтын құжаттарды, сондай-ақ патенттердi, сауда белгiлерiн, авторлық құқықтарды немесе басқа ұқсас құқықтарды немесе мүлiктi қамтиды (бiрақ шектелiп қалмайды).
2. Осы Конвенцияны қолдану кезiнде кез келген уақытта Уағдаласушы Мемлекет Конвенцияда айқындамаған кез келген термин, егер түпнұсқадан өзгедей туындамаса, Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес, осындай мағынаға ие болады.
4-бап
Резидент
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "Уағдаласушы Мемлекет резидентi" терминi осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес онда өзiнiң тұрғылықты мекен жайына, резиденциясына, басқару орнына, оған заңды тұлға құқығын беретiн орнына немесе ұқсас сипаттағы кез-келген өзге өлшемге байланысты салық салынатын кез-келген тұлғаны бiлдiредi, сондай-ақ бұл Мемлекеттi және оның кез-келген саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiн немесе жергiлiктi өкiмет органын қамтиды.
Алайда, бұл термин тек осы Мемлекеттегi көздерден алынатын табысқа қатысты немесе сонда орналасқан капиталға қатысты осы Мемлекетте салық салынуға тиiстi кез келген тұлғаны қамтиды.
2. 1-тармақ күшiнiң ережелерiне сәйкес жеке тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болған жағдайда оның мәртебесi былай айқындалады:
а) ол оның қарауында оған қарайтын тұрақты баспанасы бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi; егер, ол оның қарауында оған қарайтын тұрақты баспанасы Мемлекеттердiң екеуiнде де бар болса, оның бiршама тығыз жеке және экономикалық байланыстары (өмiрлiк мүдделер орталығы) бар Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
b) егер, оның өмiрлiк мүдделерi ортақ Мемлекеттi айқындау мүмкiн болмаса немесе егер, оның оған қарайтын тұрақты баспанасы Мемлекеттердiң бiрде-бiрiнде болмаса, әдетте өзi тұрып жатқан Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
с) егер, оның әдетте Мемлекеттердiң екеуiнде де тұрып жатса немесе олардың бiрде-бiрiнде де тұрмаса, ол өзi азаматы болып табылатын Мемлекеттiң резидентi болып есептеледi;
d) егер ол екi Мемлекеттiң де азаматы болса немесе бiреуiнiң де азаматы болмаса, Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары мәселенi өзара келiсе отырып шешедi.
3. Егер, 1-тармақ ережелерiнiң себептерi бойынша жеке тұлғадан өзге тұлға Уағдаласушы Мемлекеттердiң екеуiнiң де резидентi болса, онда ол өзiнiң нақты басқару орны орналасқан Мемлекеттiң резидентi болып саналады.
5-бап
Тұрақты мекеме
1. Осы Конвенцияның мақсаттары үшiн "тұрақты мекеме" терминi сол арқылы кәсiпорынның кәсiпкерлiк қызметi толық немесе iшiнара жүзеге асырылатын тұрақты қызмет орнын бiлдiредi.
2. "Тұрақты мекеме" терминi iшiнара мыналарды:
а) басқару орнын;
b) бөлiмшенi;
с) кеңсенi;
d) фабриканы;
е) шеберхананы; және
f) шахтаны, мұнай немесе газ скважинасын, карьердi немесе табиғи ресурстар өндiрiлетiн кез келген басқа орынды қамтиды.
3. "Тұрақты мекеме" терминi сондай-ақ, мыналарды қамтиды:
а) Уағдаласушы Мемлекеттегi құрылыс алаңын немесе құрылыс объектiсiн, немесе монтаждау немесе құрастыру объектiсiн, немесе бақылау бойынша олармен жүргiзiлетiн жұмыстарға байланысты жұмыстарды, егер тек мұндай алаңдардағы немесе объектiдегi немесе бақылау бойынша жүргiзiлетiн мұндай жұмыстардың ұзақтығы осы тек Уағдаласушы Мемлекетте 12 айдан астам уақыт болса; және
b) Уағдаласушы Мемлекетте табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғыны немесе құрылысты немесе оларға байланысты бақылау бойынша жұмыстарды немесе табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын бұрғылау қондырғысын немесе кеменi, егер тек мұндай пайдалану Уағдаласушы Мемлекетте 12 айдан астам уақытқа созылса; және
с) Уағдаласушы Мемлекет шегiнде қызмет көрсету, резиденттiң қызметшiлер немесе осы мақсаттар үшiн және осы Уағдаласушы Мемлекетте тұратын резидент жалдаған өзге қызметкерлер арқылы консультациялық қызметтер көрсетудi қоса, бiрақ мұндай сипаттағы қызметтердiң (сол жоба немесе соған байланысты жоба бойынша) ұзақтығы тек осы Уағдаласушы Мемлекет шегiнде 12 айдан астам уақытты құраған жағдайда ғана.
4. Осы Баптың мұның алдындағы ережелерiне тәуелсiз "тұрақты мекеме" терминi мыналарды:
а) объектiлердi кәсiпорындарға тиесiлi тауарларды немесе бұйымдарды сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана пайдалануды;
b) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек сақтау, көрсету немесе жiберiп тұру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
с) кәсiпорынға тиесiлi тауарлар немесе бұйымдар қорын тек басқа бiр кәсiпорынның өңдеу мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
d) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн тауарлар немесе бұйымдар сатып алу немесе ақпарат жинау мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
е) тұрақты қызмет орнын кәсiпорын үшiн даярлық немесе көмекшi сипаттағы кез келген басқа бiр қызметтi жүзеге асыру мақсаттары үшiн ғана ұстауды;
f) тұрақты қызмет орнының мұндай қоса жүргiзу нәтижесiнде пайда болатын жиынтық қызметi а) е)- тармақшаларына дейiн айтылғанындай жағдайда тұрақты қызмет орнын тек қандай да бiр қызмет түрлерiн қоса жүргiзу үшiн ғана ұстауды қамтымайтын болып есептеледi.
5. Егер, 6-тармақта айтылған тәуелсiз мәртебесi бар агенттен басқа,1 және 2-тармақтардың ережелерiне тәуелсiз басқа тұлға кәсiпорынның атынан әрекет етсе және Уағдаласушы Мемлекетте кәсiпорынның атынан шарт жасасу бойынша өкiлеттiгi болса және әдетте, оны iске асырып жүрсе, егер мұндай тұлғаны қызметi 4-тармақтың ережелерiнде айтылғанындай қызмет түрлерiмен шектелмесе және егер олар тұрақты қызмет орыны арқылы жүзеге асырылса, осы тұрақты қызмет орнын осы тармақтың ережелерiне сәйкес түрiн өзгертуге әкелiп соқпаса, онда бұл кәсiпорын осы кез келген қызмет түрлерiне қатысты тұрақты мекемесi бар деп есептеледi.
6. Кәсiпорын осы Мемлекетте делдал, жалпы агент-комиссионер немесе тәуелсiз мәртебесi бар кез келген өзге сенiмдi тұлға арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысқаны үшiн ғана, мұндай адамдар өздерiнiң әдеттегi қызмет шеңберiнде әрекет еткен жағдайда, кәсiпорын Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi бар болып саналмайды.
7. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын немесе осы басқа Мемлекетте кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын (тұрақты мекеме арқылы немесе басқадай жолмен) компанияны бақылауы немесе соның бақылауында болуы осы компаниялардың бiрiн өз бетiнше екiншiсiнiң тұрақты мекемесiне айналдыра алмайды.
6-бап
Жылжымайтын мүліктен алынатын табыс
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiнiң басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктен (ауыл немесе орман шаруашылықтарынан түскен табысты қосқанда) алған табысына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. "Жылжымайтын мүлiк" терминi қарастырылып отырған мүлiк орналасқан сол Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес қандай мағынаға ие болса, сондай мағынаға ие болады. Термин кез-келген жағдайда жылжымайтын мүлiкке қосалқы мүлiктi, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында пайдаланылатын мал мен жабдықтарды, жер меншiгiне жататын жалпы заңдардың ережелерi қолданылатын құқықтарды, жылжымайтын мүлiктiң узуфруктысын және пайдалы кен орындарын, көздердi және басқа да табиғи ресурстарды игеруге деген құқығы үшiн өтемақы ретiнде төленетiн сыйақы ретiнде немесе тұрақты төлемдерге деген құқығын қамтиды; теңiз және әуе кемелерi жылжымайтын мүлiкке есептелмейдi.
3. 1-тармақтың ережелерi жылжымайтын мүлiктi тiкелей пайдаланудан, жалға беруден немесе кез-келген өзгедей нысанда пайдаланудан алынған табыстарға қолданылады.
4. 1 және 2-тармақтардың ережелерi кәсiпорынның жылжымайтын мүлiктен алған және тәуелсiз жеке қызметтер көрсету үшiн пайдаланылатын жылжымайтын мүлiктен түскен табысқа қолданылады.
7-бап
Кәсіпкерлік қызметтен алынатын табыс
1. Егер, кәсiпорын басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан соңғы тұрақты мекеме арқылы онда кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырмаса, кәсiпорын табысына тек осы Мемлекетте ғана салық салынады. Егер кәсiпорын жоғарыда аталған кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырса, онда кәсiпорынның табысына, бiрақ оның осы тұрақты мекеменің есебiне жатқызылатын бөлiгiне ғана басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. 3-параграфтың ережелерiн ескере отырып, егер Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған жағдайда, онда егер, олар осындай немесе ұқсас қызмет түрлерiмен айналысатын, мұндай немесе осыған ұқсас жағдайларда ол тұрақты мекеме болып табылатын кәсiпорынға толық тәуелсiз әрекет ететiн және жеке және дербес кәсiпорын болып, оның алуы мүмкiн табысы, әрбiр Уағдаласушы Мемлекетте осы тұрақты мекемеге жатқызылады.
3. Тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде, тұрақты мекеме орналасқан Мемлекетте немесе басқа жерде жұмсалғанына қарамастан, осылайша басқару және жалпы әкiмшiлiк шығындарын қосқанда, тұрақты мекеменiң қызметi мақсаттары үшiн жұмсалған шығыстарды есептен шығаруға жол берiледi. Алайда, патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғанына тұрақты мекеме кәсiпорынының бас офисiне немесе кез келген оның өзге ұқсас бөлiмшесiне роялти, гонорарлар немесе өзге ұқсас төлемдер түрiнде немесе нақты қызмет көрсеткенi немесе менеджмент үшiн комиссиондық төлем жасау түрiнде, не банк кәсiпорындары жағдайын қоспағанда, тұрақты мекеменiң ақша қаражаты заемына проценттер төлеу жолымен аударатын қаржы мөлшерiне қатысты, егер мұндайлар бар болса (нақты шығыстарды өтеу үшiн өзге мақсатта) рұқсат етiлмейдi.
Сондай-ақ, патенттердi немесе басқа құқықтарды пайдаланғанында роялти, гонорарлар немесе өзге ұқсас төлемдер жасау түрiнде немесе қызмет ұсынғанына немесе көрсетiлген қызметтер үшiн немесе банк қызметтерi туралы әңгiме болған жағдайлардан басқа жағдайларда тұрақты мекеме кәсiпорыны немесе кез-келген оның бөлiмшесi бас офисiне берген қарыздарының ақшалай сомаларына проценттер түрiнде, тұрақты мекеме кәсiпорынның бас кеңсесiне немесе кез келген оның бөлiмшесiне мiндеттi түрде есептейтiн сол тұрақты мекеменiң пайдасын айқындау кезiнде (нақты шығыстарды өтеу үшiн өзге мақсатта) есепке алынбайды.
4. Уағдаласушы Мемлекеттегi кәсiпорынның оның түрлi бөлiмшелерiнiң табыстарының жалпы сомасын тепе-тең бөлу негiзiнде айқындау мөлшерi бойынша тұрақты мекемеге жататын пайданы айқындауға 2-тармақ ережелерiнiң бiрде-бiрi осы Уағдаласушы Мемлекетке әдеттегi тәжiрибеде қолданылуы мүмкiн, осындай тепе-тең бөлу жолымен салық салуға жататын пайданы айқындауға кедергi келтiрмейдi; бөлудiң таңдалған әдiсi осы бапта айтылған принциптерге сәйкес нәтиже беруi керек.
5. Осы тұрақты мекемеге тауарларды немесе кәсiпорындар үшiн бұйымдарды қарапайым сатып алу негiзiнде тұрақты мекемеге түскен ешқандай пайда жатпайды.
6. Мұның алдындағы тармақтардың мақсаттары үшiн тұрақты мекемеге қатысты пайда, егер оны өзгерту үшiн бұлтартпас және жеткiлiктi себептер болмаса, жыл сайын бiрдей әдiспен айқындалады.
7. Табыс осы Конвенцияның басқа баптарында бөлек айтылған табыстардың түрлерiн қамтыған жағдайда, онда бұл Баптардың ережелерiне осы баптың ережелерi қозғамайды.
8-бап
Теңіз және әуе көлігі
1. Халықаралық тасымалдарда теңiз немесе әуе кемесiн немесе жер үстi көлiгiн пайдаланудан алған пайда кәсiпорынның нақты басшы органы орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
2. Осы баптың мақсаттары үшiн халықаралық тасымалдарда теңiз немесе әуе көлiгiн пайдаланудан алған пайда iшiнара мыналарды қамтиды:
а) теңiз немесе әуе көлiгiн толық жалдаудан алынған пайдаларды және халықаралық тасымалдарда пайдаланылатын, теңiз көлiгiнiң қуатын немесе әуе кемесiн жалдаудың жекелеген жағдайларына байланысты алынған пайдаларды;
b) контейнерлердi пайдаланудан немесе контейнерлердi жалға беруден алынған пайдаларды, егер мұндай пайда 1-тармақтың ережелерi қолданылатын пайдаға қосымша немесе күтiлмеген болса.
3. Егер, кеме кәсiпорыны компаниясының нақты басқару орны кеме бортында орныққан болса, онда мұндай жағдайда, сол Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын кеме тiркелген немесе мұндай тiркелiмi жоқ, айлақ орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан деп есептеледi.
4. 1 тармақтың ережелерi, сондай-ақ көлiк құралдарын пайдалану жөнiндегi бiрлескен кәсiпорындар мен халықаралық ұйымдардың пульға қатысуынан түскен пайдаға қолданылады.
9-бап
Ассоциацияланған кәсіпорындар
1. Мынадай жағдайларда, егер:
а) Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорыны басқаруға, бақылауға немесе капиталға тiкелей немесе жанама түрде қатысса, немесе
b) бір ғана тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны мен басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорынының басқаруына, бақылауына немесе капиталына тiкелей немесе жанама түрде қатысса.
және әрбiр жағдайда екi кәсiпорын арасындағы коммерциялық және қаржы қатынастарында екi тәуелсiз кәсiпорын арасында жасалуы мүмкiн жағдайлардан өзгеше жағдайлар жасалса немесе орнықса, кез келген пайда олардың бiрiне есептелуi мүмкiн болса, бiрақ осы жағдайлар болғандығынан оған есептелмесе, осы пайда кәсiпорынның пайдасына енгiзiлуi және тиiсiнше салық салынуы мүмкiн.
10-бап
Дивидендтер
1. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияның басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн дивидендтерiне осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, мұндай дивидендтерге дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып отырған сол Уағдаласушы Мемлекетте осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер дивидендтердiң иесi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болса, онда осылайша алынатын салық:
а) егер дивидендтер төленетiн капиталдың кемiнде 10 процентiне тiкелей немесе жанама ие болып табылатын компания дивидендтердiң нақты иесi болса, оның жалпы сомасының 5 процентiнен;
b) қалған жағдайлардың барлығында дивидендтердiң жалпы сомасының 15 процентiнен аспайды.
Осы тармақ компанияның дивидендтер төленiп отырған пайдасына қатысты салық салуға ықпал етпейдi.
3. "Дивидендтер" терминi осы бапта пайдаланылған кезде акциялардан, кен өндiру өнеркәсiбiнiң акцияларын пайдаланудан немесе құқығына деген пайдаланудан, борыштық талаптар болып табылмайтын, пайдаға қатысуға, сондай-ақ резидентi төлейтiн компания болып табылатын сол Мемлекеттiң салық заңдары бойынша, акциялардан түскен табыс сияқты осындай салық тәртiбiне ұшырайтын проценттер түрiнде төленетiн табысқа деген құқық беретiн табысты бiлдiредi.
4. Егер дивидендтердiң нақтылы иесi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, дивидендтер төлейтiн компания резидентi болып табылатын басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы коммерциялық қызметтi жүзеге асырса немесе басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты база және холдинг орналасқан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және төленiп жүрген дивидендтерге қатысы бар осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға iс жүзiнде қатысты болса, 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
5. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып отырған компания басқа Уағдаласушы Мемлекеттен пайда немесе табыс алса, егер мұндай дивидендтер осы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн акция пакеттерi нақтылы осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға жатса, компания төлейтiн дивидендтердi осы басқа Мемлекет салықтан толық босатады, егер холдинг мұндай дивидендтердi осы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлеуге қатысты немесе бөлiнбеген табыс толық немесе толық емес осы басқа Мемлекетте пайда болған табыстан басқа жағдайларда, компанияның бөлiнбеген табысына бөлiнбеген табысқа салынатын салық салығын салмау керек.
6. Осы Конвенция ережелерiнiң ешқайсысы да Уағдаласушы Мемлекетке осы Мемлекеттiң тұрақты мекемесiне жататын компанияның пайдасына осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғасы болып отырған компанияның пайдасына есептелген салыққа қосымша салық салуға бөгет ретiнде түсiнiлмейдi, егер, осылай есептелген кез келген қосымша салық бұрынғы салық салынатын жылдары мұндай қосымша салық салынбаған мұндай табыс сомасының 5 %-iнен аспаса. Осы ереженiң мақсаттары үшiн пайда тұрақты мекеме орналасқан, сол Уағдаласушы Мемлекетте тағайындалған, осы тармақта айтылған қосымша салықтан өзгеше барлық салықтардың сомаларынан шегерiлгеннен кейiн және осы тұрақты мекемеде қайта инвестицияланғаннан кейiн кез келген соманы шегергеннен кейiн айқындалады.
11-бап
Проценттер
1. Бiр Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн проценттерге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, мұндай проценттерге олар есептелетiн Мемлекетте және осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес салық салынуы мүмкiн, бiрақ егер проценттердiң нақтылы иесi Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болса, онда осылайша есептелетiн салық проценттерi 10 проценттен аспайтын болады.
3. 2-тармақтың ережелерiне тәуелсiз, проценттер, олар пайда болған сол Уағдаласушы Мемлекетте салық салудан босатылады, егер олар:
а) өзге Уағдаласушы Мемлекетке, оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiне немесе жергiлiктi өкiмет органына немесе осы басқа Мемлекеттiң Орталық Банкiне төленетiн проценттер;
b) мақсаты экспортты қолдау болып табылатын оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiне немесе жергiлiктi өкiмет органына, осы Мемлекет ұйымдары немесе мекемесi кепiлдiкпен немесе қамсыздандырып берiлген заемға немесе кепiлдiкпен немесе қамсыздандырып берiлген кредитке қатысты төленетiн проценттер болса.
4. "Проценттер" термині осы бапта пайдаланғанда олар ипотекамен қамтамасыз етілген немесе қамтамасыз етілмегеніне тәуелсiз борышты өндiрiп алу туралы кез келген түрдегi борыштық талаптардан алынған және борышкердiң табыстарына деген құқығына иелiк етуден тәуелсiз, iшiнара мемлекеттiк бағалы қағаздардан алынған табысты немесе облигациялардан немесе борыштық мiндеттемелерден алынған табысты, осындай бағалы қағаздар, облигациялар немесе борыштық мiндеттемелер бойынша қосымша жасалатын төлемдердi және сыйақыларды қосқанда, табысты бiлдiредi. Алайда, осы баптың мақсаттары үшiн "проценттер" терминi 10-баптың 3-тармағына сәйкес дивидендтер болып саналатын мерзiмi өткен төлемдер немесе проценттер үшiн айыппұл алымдарын қамтымайды.
5. Егер проценттердiң нақтылы иесi бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, проценттер туындайтын басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты мекеме арқылы кәсiпкерлiк қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты базада тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе, ал төленетiн проценттерге қатысты борыш мiндеттемесi нақтылы осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға және борыштық талапқа қатысты болса, жоғарыда көрсетiлген 1 және 2 тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
6. Егер төлеушi осы Мемлекеттiң өзi, саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi, жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң резидентi болса, проценттер Уағдаласушы Мемлекетте туындаған болып есептеледi. Егер алайда, проценттер төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па, осыған қарамастан, Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса, соларға байланысты мұндай проценттердi төлеу бойынша шығындар туындаса және мұндай проценттердi осы тұрақты мекеме немесе тұрақты база төлейтiн болса, онда проценттер тұрақты мекеме немесе тұрақты база орналасқан Мемлекетте пайда болған болып есептеледi.
7. Егер проценттер төлеушi мен нақтылы иесi арасындағы немесе бiр жағынан төлеушi мен нақтылы иесi және екiншi жағынан қандай да болсын басқа тұлға арасындағы ерекше қатынастардың салдарынан проценттер сомасы борыштық талап етуге қатысты проценттер сомасына осындай қатынастар болмай тұрғанда проценттер төлеушi мен олардың нақтылы иесi арасында келiсiлуi мүмкiн сомадан асып кетсе, осы баптың ережелерi тек соңғы аталған сомаға ғана қолданылады. Мұндай жағдайда, осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес проценттер есептелетiн, сол Уағдаласушы Мемлекетте салық салынатын төлемнiң басы артық бөлiгi қалдырылады.
8. Егер оған қатысты проценттер төленетiн, борыштық талаптарды құруға немесе беруге қатысы бар қандай да болсын тұлғаның негiзгi мақсаты мұндай талап етудi құру немесе беру жолымен осы баптың ережелерi өзiнiң жеке мақсатына пайдаланған болса, осы баптың ережелерi қолданылады.
12-бап
Роялти
1. Уағдаласушы Мемлекетте пайда болған және басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төленетiн роялтиге осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Алайда, мұндай роялти, сондай-ақ ол осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес пайда болған сол Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады, бiрақ егер роялти алушы оның нақтылы иесi өзге Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болса, онда осылайша алынатын салық роялтидiң жалпы сомасының 10 процентiнен аспауы тиiс.
3. "Роялти" терминi осы Бапта пайдаланғанда әдебиет, өнер шығармаларына немесе ғылыми еңбектерге берiлетiн авторлық құқықтың кез келген пайдаланылуына немесе ұсынылуына, бағдарламалық қамтамасыз етудi, кинематографиялық фильмдердi және теле- немесе радио хабарларын тартуға арналған фильмдердi, кез келген патентке сауда маркасына, өнеркәсiптiк үлгiге немесе модельге, жоспарға, құпия формулаға немесе ғылыми жабдықтарды пайдаланғаны үшiн өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдыққа қатысты ақпарат үшiн сыйақы ретiнде алынатын кез келген төлем түрiн бiлдiредi.
4. Егер роялтидің иесi - пайдаланушысы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, роялти пайда болған басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан тұрақты мекеме арқылы осы қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты базадан дербес тұрмыстық қызметтер көрсетсе және есептелетiн роялтиге қатысты құқық немесе мүлiк шын мәнiнде осындай тұрақты мекемемен немесе тұрақты базамен байланысты болса, 1 және 2-тармақтың ережелерi қолданылмайды. Мұндай жағдайда ретiне қарай 7- баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
5. Егер төлеуші осы Мемлекеттiң өзi, саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң өзi резидентi болса, роялти Уағдаласушы Мемлекетте есептелген болып есептелген. Алайда, егер роялти төлеушi тұлға Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi ме, жоқ па, осыған қарамастан Уағдаласушы Мемлекетте тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы бар болып осыған байланысты роялти төлеу бойынша мiндеттеме туындаса және мұндай роялтилердi төлеу бойынша жауапкершiлiк осы тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға жүктелсе, онда мұндай роялти тұрақты мекеме немесе тұрақты базаға орналасқан Мемлекетте пайда болған болып саналады.
6. Егер, роялти төлеушi мен оның нақтылы иесi немесе екеуiнiң және қандай да бiр басқа тұлға арасында арнайы қатынастар болуына байланысты пайдалануға, құқыққа немесе ақпаратқа қатысты төленетiн роялтидiң сомасы негiзiнде осындай қатынастар болмай тұрғанда роялти төлеушi мен оның нақтылы иесі арасында келiсiле алатындай сомадан асып кеткен жағдайда, осы Баптың ережелерi тек соңғы ескертiлген сомаға ғана қолданылады. Бұл жағдайда, осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес проценттер есептелетiн, сол Уағдаласушы Мемлекетте салық салуға жататын төлемнiң басы артық бөлiгi қалдырылады.
7. Егер, оған қатысты роялти төленетiн немесе беруге қатысы бар қандай да болсын тұлғаның негiзгi мақсаты мұндай талап етудi құру немесе беру жолымен осы баптың ережелерi пайда түсiру мақсатында пайдаланған болса, осы баптың ережелерi қолданылмайды.
13-бап
Мүлік құнының өсімінен түскен пайда
1. Бiр Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң 6-бапта айтылған және екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi шеттетуден алған табыстарына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Бiр Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң:
а) ресми түрде танылған Қор Биржасында котировкадан өткен, құнының үлкен бөлiгi екiншi Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiк құнымен байланысты акциялардан өзге акцияларды, немесе
b) активтерi, ең бастысы, басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан жылжымайтын мүлiктi қамтитын әрiптестiктегi үлестi шеттетуден алған табысқа, осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа бiр Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң кәсiпкерлiк мүлкiнiң бiр бөлiгiн құрайтын жылжымалы мүлiктi шеттетуден немесе осындай тұрақты мекеменi (жекелей немесе барлық кәсiпорындармен бiрге) немесе осындай тұрақты базаны шеттетуден алынған табыстарды қоса алғанда, Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденті тәуелсіз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн екiнші Уағдаласушы Мемлекет иелiк етiп отырған тұрақты базаға тиесiлi жылжымалы мүлiктен алынатын табыстарға осы екiншi Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
4. Кәсiпорынның халықаралық тасымалдауларда пайдаланатын теңiз немесе әуе кемелерiн немесе осындай теңiз немесе әуе кемелерiн пайдалануға қатысты жылжымалы мүлiктi шеттетуден алған табыстарға кәсiпорынның нақты басқару орны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
5. Өткен тармақтарда айтылған мүлiк түрлерiн одан өзге кез-келген мүлiктi шеттетуден алынатын табыстарға мүлiктi шеттетушi тұлға резидентi болып табылатын Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салуға жатады.
14-бап
Тәуелсіз жеке қызметтер көрсету
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi кәсiптiк қызметтерге немесе тәуелсiз сипаттағы басқа қызметке қатысты алған табысқа тек осы Мемлекетте салық салуға жатады, егер оның мұндай қызметi басқа Уағдаласушы Мемлекетте көрсетiлмесе; және
а) осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте оның тұрақты қарауындағы тұрақты базаға жататын табысқа; немесе
b) мұндай резидент осы басқа Мемлекетте жалпы жиыны кез келген он екi айлық кезеңде немесе кезеңдер iшiнде жиыны 183 күннен аспайтын кезеңде тұрған болса басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
Мұндай жағдайда, қызмет көрсетуге байланысты кәсiпкерлiк қызметтен және оларды тұрақты мекемеге жатқызудан алынатын пайданың сомасын анықтау үшiн 7-баптағы сөз болған ұқсас принциптерге сәйкес осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. "Кәсiби қызметтер көрсету" терминi, iшiнара өз бетiнше жүргiзiлетiн ғылыми, әдеби, әртiстiк, тәрбие беру немесе оқытушылық қызметтердi, сондай-ақ дәрiгерлердiң, заңгерлердiң, инженерлердiң, сәулетшiлердiң, тiс дәрiгерлерiнiң және бухгалтерлердiң тәуелсiз қызметтерiн білдiредi.
15-бап
Тәуелді жеке қызметтер көрсету
1. 16, 18, 19 және 20-баптардың ережелерiн ескере отырып, бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi жалдау бойынша жұмысқа байланысты алған жалақыға және басқа да ұқсас сыйақы түрлерiне, егер осындай жалдау бойынша жұмыс басқа Уағдаласушы Мемлекетте орындалмаса, тек осы Мемлекетте ғана салық салуға жатады. Егер жалдау бойынша жұмыс осылайша орындалған болса, осындай жұмыстарға байланысты алынған сыйақының сомасына осы Мемлекетте салық салынады.
2. 1-тармақтың ережелерiне тәуелсiз, басқа бiр Уағдаласушы Мемлекетте орындалатын жалдау бойынша жұмысқа қатысты Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi алған сыйақыға тек алғашқы аталған Мемлекетте ғана салық салынады, егер:
а) алушы кез-келген 12 айлық кезеңде жалпы жиыны 183 күннен аспайтын кезең немесе кезеңдер бойы басқа Мемлекетте тұрып жатса, және
b) сыйақыны басқа Мемлекеттiң резидентi болып табылмайтын жалдаушы немесе жалдаушының атынан төлесе, және
с) жалдаушының басқа Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемесi немесе тұрақты базасы болса, сыйақыны төлеу бойынша шығындарға ұшырамайды.
3. Осы Баптың осының алдындағы ережелерiне тәуелсiз халықаралық тасымалдар кезiндегi пайдаланылатын теңiз немесе әуе көлiгiнiң бортында атқарылатын жалдау бойынша жұмысқа қатысты алынған сыйақының сомасына кәсiпорынның нақты басшылығының орыны орналасқан сол Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкін.
16-бап
Компаниялардың жетекшілері
1. Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын әкiмшiлік мүшесi немесе компанияның соған ұқсас органының мүшесi ретiнде алған директорлардың сыйақыларының және басқа да осындай төлемдердiң сомаларына осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
Мұның алдындағы ереже, сондай-ақ аталған ережеде айтылған тұлғаның атқаратын функцияларымен ұқсас сипаттағы функциялары болып есептелетiн компанияның резидентi болып табылатын, сол Мемлекеттiң заңдарына сәйкес функцияларды атқаруға қатысты алынатын төлем сомаларына да қолданылады.
2. Басқару немесе техникалық сипаттағы күнделiктi функциялардың атқарылуына қатысты компаниядан, 1-тармақта сөз болған тұлғаның алған сыйақы сомасына және бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын, компаниядан акционерлiк капиталымен ерекшеленетiн компаниялардың әрiптесi ретiнде оның жеке қызметiне қатысты алған сыйақы сомасына, 15-баптың ережелерiне сәйкес, қызметкердiң жалдау бойынша жұмыстарға қатысты алған сыйақысы осындай сыйақы болса және "жалдаушыға" жасалған сiлтеме компанияға жасалған сiлтеме болса, салық салынуы мүмкiн.
17-бап
Артистер мен спортшылар
1. 14 және 15-баптардың ережелерiне тәуелсiз, бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi мәдениет немесе өнер қызметкерi ретiнде, сондай-ақ мысалы, театр, кино әртiсi, радио немесе телевидение қайраткерi немесе музыка қайраткерi немесе спортшы ретiнде басқа Уағдаласушы Мемлекетте, осындай, өзiнiң жеке қызметтерiн жүзеге асырудан алған табысқа осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
2. Егер, мәдениет немесе өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiнiң осы тұрпатында жүзеге асыратын жеке қызметiне қатысты табысы мәдениет немесе өнер қызметкерiнiң немесе спортшының өзiне емес, басқа адамға есептелген жағдайда, онда осы табысқа 7, 14 және 15-баптардың ережелерiне тәуелсiз мәдениет немесе өнер қызметкерiнiң немесе спортшының қызметi жүзеге асырылған сол Уағдаласушы Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Егер бiр Уағдаласушы Мемлекетте жүзеге асырылатын қызмет, ең бастысы, басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң мемлекеттiк қорынан немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiнен немесе жергiлiктi өзiн-өзi басқару қорынан қаржыландырылса 1 және 2-тармақтардың ережелерi қолданылмайды. Бұл жағдайда, мұндай қызметтен алынатын табысқа осы басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады.
18-бап
Зейнетақылар және басқа да төлемдер
1. 19-баптың 2-тармағының ережелерiн ескере отырып, қандай да бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне бұрынғы жұмыстарына сыйақы ретiнде төленетiн зейнетақыларға және ұқсас басқа да сыйақыларға және осындай резидентке төленетiн кез-келген аннуитетке тек осы Мемлекетте салық салынады.
2. Алайда, Уағдаласушы Мемлекеттiң әлеуметтiк қамсыздандыру туралы заңдарына сәйкес дүркiн-дүркiн немесе дүркiн-дүркiн емес төленетiн зейнетақыларға және басқа жәрдемақыларға осы басқа Уағдаласушы, Мемлекетте салық салынуы мүмкiн. Осы ереже, сондай-ақ, осы заңда көзделген жеңiлдiктердi толықтыру үшiн Уағдаласушы Мемлекетте ұйымдастырылған мемлекеттiк бағдарламаға сәйкес төленетiн зейнетақылар мен жәрдемақыларға да қолданылады.
3. "Аннуитет" терминi жеке тұлғаға өмiр бойы тағайындалған уақытта немесе сыйақы төлемдерiн ақшалай немесе ақша түрiндегi ұқсас және толық өтемақы төлеудi жүзеге асыру туралы мiндеттемеге сәйкес уақыт кезеңiнде айқындалған немесе мерзiм iшiнде дүркiн-дүркiн төлеуге жататын белгiленген соманы бiлдiредi.
19-бап
Мемлекеттік қызмет
1. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы жеке тұлғаға осы Мемлекетке немесе саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi көрсетiп отырған қызметiне байланысты төленетiн ырыздықақыға, еңбекақыға және зейнетақы төлемдерiнен өзгеше басқа да ұқсас сыйақыларға тек осы Мемлекетте салық салуға жатады.
b) Алайда, егер осы Мемлекетте қызмет көрсетiлсе және жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi болса мұндай ырыздықақыға, жалақыға және басқа да соған ұқсас сыйақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте салық салынады, егер:
(i) осы Мемлекеттiң азаматы болса; немесе
(ii) тек қызметтi жүзеге асыру мақсаты мен ғана осы Мемлекеттiң резидентi болмаған болса.
2. а) Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы немесе олар құрған қорлардан жеке тұлғаға осы Мемлекетке немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесiне немесе жергiлiктi өкiмет басқару органына көрсеткен қызметiне қатысты төленетiн кез-келген зейнетақыға тек осы Мемлекетте салық салынады.
b) Алайда, егер жеке тұлға осы Мемлекеттiң резидентi және ұлттық тұлғасы болса, мұндай зейнетақыға тек басқа Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салуға жатады.
3. 15, 16, 17 және 18-баптардың ережелерi Уағдаласушы Мемлекет немесе оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы жүзеге асыратын кәсiпкерлiк қызметке байланысты қызметтi жүзеге асыруға қатысты ырыздықақыға, жалақыға және басқа да ұқсас сыйақыға қолданылады.
20-бап
Студенттер, тағылымдамадан өтушілер,
оқытушылар және ғылыми қызметкерлер
1. Бiр Уағдаласушы Мемлекетке келер алдында басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болған және тiкелей болып табылған және алғашқы аталған Мемлекетте бiлiм алу немесе тағылымдамадан өту мақсатында және өмiр сүру, оқу және бiлiм алу мақсаты үшiн студенттiң немесе тағылымдамадан өтушiнiң алатын төлемдерi, егер мұндай төлем сомаларының төлем көздерi осы Мемлекеттен тыс жерде орналасса осы Мемлекетте салық салынбайды.
2. Уағдаласушы Мемлекет, оның саяси-әкiмшiлiк бөлiмшесi немесе жергiлiктi өкiмет органы немесе осы Мемлекеттiң заң шығарушы органы немесе басқару органы жеке тұлғаға оның оқытушылық немесе зерттеушiлiк тұрпатына төлейтiн сыйақы сомасына тек осы Мемлекетте салық салуға жатады.
21-бап
Басқа табыстар
1. Осы Конвенцияның мұның алдындағы баптарында қаралмаған және осы Мемлекетте салық салынатын, Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң табыс түрлерiне оның қайда пайда болғанына тәуелсiз, тек осы басқа Мемлекетте ғана салық салуға жатады.
2. 6-баптың 2-параграфында анықтама берiлген, жылжымайтын мүлiктен алынатын табыстан өзге табысқа, егер мұндай табысты алушы Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi бола отырып, басқа Уағдаласушы Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты мекеме арқылы осы қызметпен айналысса немесе осы басқа Мемлекетте сонда орналасқан соңғы тұрақты базадан тәуелсiз жеке қызметтер көрсетсе және алынған табысқа қатысты құқық немесе мүлiк iс жүзiнде осындай тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға қатысты болса, 1-тармақтың ережесi қолданылмайды. Мұндай жағдайда, ретiне қарай 7-баптың немесе 14-баптың ережелерi қолданылады.
22-бап
Капитал
1. 6-бапта сөз болған, жылжымайтын мүлiк түрiнде ұсынылған, бiр Уағдаласушы Мемлекет резидентiнiң меншiгi болып табылатын және басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан капиталға осы басқа Мемлекетте салық салуға жатады.
2. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте иеленiп отырған тұрақты мекеменiң жұмыс мүлкiнiң бiр бөлiгi болып табылатын жылжымалы мүлiк немесе тәуелсiз жеке қызметтер көрсету мақсаттары үшiн Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты базаға тиесілi жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осы басқа Мемлекетте салық салынуы мүмкiн.
3. Уағдаласушы Мемлекет резидентiне тиесiлi және халықаралық тасымалда пайдаланылатын теңiз және әуе кемелерiмен және осындай теңiз және әуе кемелерiн пайдалануға қатысты жылжымалы мүлiк түрiнде ұсынылған капиталға осындай кәсiпорынның нақтылы басқару орыны орналасқан Уағдаласушы Мемлекетте ғана салық салынады.
4. Уағдаласушы Мемлекет резидентi капиталының барлық басқа элементтерiне осы Мемлекетте ғана салық салынады.
23-бап
Қосарланған салық салуды жою
1. Қазақстан жағдайында қосарланған салық салуды болдырмау мынадай түрде жүргiзiледi:
а) Егер, Қазақстанның резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес Бельгияда салық салынуы мүмкiн табыс алған немесе капиталды иеленген жағдайда, Қазақстан:
(i) осы резиденттiң табысының сомасына салынатын салықтан Бельгияда төленетiн табыс салығының сомасына тең соманы шегерiп тастау ретiнде;
(ii) осы резиденттiң капиталына салынатын салықтан Бельгияда төленетiн капиталға салынатын салық сомасына тең соманы шегерiп тастау ретiнде рұқсат бередi.
Мұндай шегерiмнiң сомасы кез-келген жағдайда қолданылып жүрген соңғы ставкалар бойынша Қазақстандағы сондай табысқа немесе капиталға айқындалған салық сомасынан аспайтын болады.
b) Егер, Қазақстанның резидентi осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес тек Бельгияда ғана салық салынатын табыс алған немесе капиталды иеленген жағдайда Қазақстан осы табысты немесе капиталды салық салу базасына, бiрақ Қазақстанда салық салынатын осындай басқа табысқа немесе капиталға салынатын салық ставкасын айқындау мақсаттары үшiн енгiзе алады.
2. Бельгияда қосарланған салық салуды болдырмау мынадай түрде жүргiзiледi:
а) Егер Бельгияның резидентi осы Конвенцияның 10-бабының 2-тармағының, 11-бабының 2 және 7-тармақтарының және 12-бабының 2 және 6-тармақтарының ережелерiнен өзге ережелерiне сәйкес Қазақстанда салық салынатын табыс алса немесе капитал элементтерiне ие болған жағдайда, Бельгия мұндай табысты немесе капиталдың мұндай элементтерiн салық салудан босатады, бiрақ осы резидент табыстың немесе капиталдың қалған бөлiгiне салынатын салық сомасын есептеу кезiнде, егер мұндай табыс немесе капиталдың мұндай элементi салық салудан босатылмаған болса қолданылатын болуы мүмкiн.
b) Дивиденд болып табылатын, 10-баптың 2-тармағына сәйкес салық салуға жататын және төменде келтiрiлген с)-тармақшасына сәйкес Бельгия салығынан босатылмаған 11-баптың 2 немесе 7-тармақтарына сәйкес салық салуға жататын немесе 12-баптың 2 немесе 6-тармақтарына сәйкес салық салуға жататын роялти, Бельгия салығының мақсаттары үшiн Бельгия резидентi оның жиынтық табысының баптарын алған жағдайда, Бельгиядан тыс жерде төленетiн салықтардың сомаларын Бельгия салығынан шегеруге жататын, Бельгия заңдарының ережелерiн ескере отырып, осы табыстан алынатын Қазақстан салығы осындай табысқа жататын, Бельгия салығына қатысы бойынша шегерiм ретiнде рұқсат етiледi.
с) Бельгия резидентi болып табылатын компанияның Қазақстан резидентi болып табылатын компаниядан алатын дивидендтерi Бельгия заңдарында көзделген шарттарға сәйкес және мерзiмi бiткенде Бельгиядағы корпоративтi салықтан босатылады.
d) Бельгия заңдарына сәйкес Қазақстанда орналасқан тұрақты мекемеде Бельгияның резидентi жүзеге асыратын, салықтардан босату
а) тармақшасында көзделген, Бельгияда оған салық салу үшiн осы кәсiпорынның түсiрген пайдаларынан нақтылы шығарылған шығындарға кәсiпорында ұшыраған жағдайда Бельгияда осы табыс сондай мөлшерде осы мекеменiң қарауына жатқызылатын басқа салық салу кезеңдердiң табыстарына аталған шығындардың өтемақысы негiзiнде, сондай-ақ Қазақстанда салық салудан босатылады.
24-бап
Кемсітпеу
1. Басқа Уағдаласушы Мемлекеттегi бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң ұлттық тұлғаларына салық салу тәртiбiнен өзгеше немесе бiршама ауыртпалықты болып табылатын және осы басқа Мемлекеттiң ұлттық тұлғасына iшiнара, орналасқан орнына қатысты осындай жағдайда қолданылатын немесе қолданылуы мүмкiн қандай да бiр салық салу тәртiбi немесе оларға байланысты қандай да бiр талап қолданылмайды. Осы ереже - бiрiншi баптың ережелерiне тәуелсiз сондай-ақ, Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де резиденттерi болып табылмайтын тұлғаларға қолданылады.
2. Уағдаласушы Мемлекеттiң резиденттерi болып табылатын азаматтығы жоқ тұлғалар осындай жағдайлар кезiнде осы Мемлекеттiң ұлттық тұлғаларына қолданылатын немесе қолданылуы мүмкiн салық салу тәртiптерiне және соған байланысты талаптарға қарағанда өзгеше немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын қандай да бiр салық салу тәртiбi немесе соған байланысты қандай да бiр талапқа Уағдаласушы Мемлекеттердiң ешқайсысында да ұшырамауы тиiс.
3. Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте ие болып отырған тұрақты мекемеге салық салу осындай қызметпен айналысатын осы басқа Мемлекеттiң кәсiпорындарына салық салуға қарағанда осы басқа Мемлекетте қолайсыздау болмайды. Осы ереже бiр Уағдаласушы Мемлекеттi басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне оларды салық төлеуден босатудың және азаматтық мәртебе немесе өзінiң төл резидентiне беретiн отбасы мiндеттемелерi негiзiнде салық салу бойынша қандай да бiр жеңiлдiктер, шегерiмдер мен кемiтiп көрсетулер берiлетiндей болып пайымдалмауы тиiс.
4. 9-баптың, 11-баптың 7-тармағының немесе 12-бағытын 6-тармағының ережелерi қолданылатын жағдайды қоспағанда Уағдаласушы Мемлекеттiң басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне төлейтiн проценттер, роялти және басқа төлемдер осындай кәсiпорынның пайдасын айқындау мақсаты үшін олар бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне қалай төленсе, нақ осындай жағдайлар кезiнде шегерiлiп тасталуы тиiс. Осыған ұқсас түрде, Уағдаласушы Мемлекет кәсiпорнының басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентiне кез-келген берешегi осы кәсiпорынның капиталын айқындау мақсаты үшiн ол бойынша егер, бiрiншi аталған Мемлекеттiң резидентiне мiндеттеме берiлген болса, нақ осындай жағдайларда қалай шегерiлсе солай шегерiлiп тасталуы тиiс.
5. Капиталы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң бiр немесе бiрнеше резиденттерiне толық немесе iшiнара тиесiлi немесе олар толық немесе жанама түрде бақылауға алып отырған бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорынына бiрiншi аталған Мемлекеттiң осындай басқа кәсiпорындарына қолданылатын немесе қолданылуы мүмкiн салық салу тәртiптерiне және соған байланысты мiндеттерге қарағанда ерекшеленетiн немесе анағұрлым ауыртпалықты болып табылатын салық салу мiндеттерiне немесе соған байланысты қандай да бiр мiндеттерге бiрiншi аталған Мемлекетте қолданылмауы тиiс.
6. Осы Баптың ережелерi екiншi баптың ережелерiнен тәуелсiз, кез-келген түрдегі және сипаттағы салықтарға Қолданылады.
25-бап
Өзара келісім рәсімдері
1. Егер, осы тұлғаның пiкiрiнше Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң немесе екеуiнiң де iс-әрекеттерi оған осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салу нәтижесiне ие немесе iшкi заңдарында көзделген құқық қорғау құралдарына тәуелсiз, өзiнiң талап етуiн өзi резидентi болып табылатын сол Уағдаласушы Мемлекеттiң немесе егер оның талап етуi 24-баптың 1-тармағы қолданылатын болса, өзi ұлттық тұлғасы болып табылатын Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органына бере алады. Бұл талап ету Конвенцияның ережелерiне сәйкес емес салық салу нәтижелерi орын алып отырған iс-әрекеттер туралы алғашқы хабар тиген күннен бастап үш жыл iшiнде берiлуге тиiс.
2. Егер құзырлы орган, қарсылықты орынды деп есептесе және ол өзi қанағаттанарлық шешiм қабылдай алмаса, онда ол Конвенция ережелерiне сәйкес келмейтiн салық салуды болдырмау мақсатында басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органымен өзара келiсiм бойынша осы мәселенi шешу жөнiнде шешiм қабылдайды. Қол жеткiзiлген кез-келген уағдаластық Уағдаласушы Мемлекеттердiң iшкi заңдарында көзделген мерзiмге тәуелсiз орындалуға жатады.
3. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары Конвенцияны пайымдау немесе қолдану кезiнде пайда болған барлық қиындықтарды немесе күдiктердi өзара келiсе отырып шешуге ұмтылады. Олар сондай-ақ келiсiмде ескерiлмеген жағдайларда қосарланған салық салуды жою үшiн бiр-бiрiмен ақылдаса алады.
4. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары Конвенцияның ережелерiн орындау үшін қажеттi және iшiнара, Конвенцияда көзделген, салық төлеуден босатуға немесе соңғысының сомасын кемiтуге деген құқықты басқа Мемлекетте пайдалану үшiн Уағдаласушы Мемлекеттердiң резиденттерiнiң бiрi ұсынуы тиiс қуаттайтын құжатты, әкiмшiлiк шараларды келiседi.
5. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары Конвенцияны қолдану үшiн өзара тiкелей хабарлар алмасуды жүргiзедi.
26-бап
Ақпарат алмасу
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары осы Конвенцияның ережелерiн және салық салу әзiрге Конвенцияға қайшы келмейтiндей мөлшерде Конвенция қолданылатын салықтарға қатысты Уағдаласушы Мемлекеттердiң ұлттық заңдарын орындауға қажеттi ақпараттармен алмасып тұрады. Ақпарат алмасу 1-баппен шектелмейдi. Уағдаласушы Мемлекет алатын кез-келген ақпарат осы Мемлекеттiң iшкi заңдарына сәйкес алынған ақпарат секiлдi конфеденциалды болып есептеледi және тек Конвенция қолданылатын салық жинаумен немесе оларды өндiрiп алумен немесе күштеп өндiрiп алумен немесе оларға қатысты сот арқылы iс жүргiзумен немесе оларға байланысты апелляциялық шағымдар бойынша айқындаумен айналысатын адамдарға немесе органдарға ғана (соның iшiнде соттар мен әкiмшiлiк органдарына) жария етiледi. Мұндай тұлғалар немесе органдар ақпаратты тек осындай мақсаттар үшiн ғана пайдаланады. Олар ақпаратты iстiң ашық сотта қаралу барысында немесе сот шешiмдерiн қабылдаған кезде аша алады.
2. 1-тармақтың ережелерi ешбiр жағдайда Уағдаласушы Мемлекеттердiң қайсы бiрiнде де мiндеттеме жүктейтiндей:
а) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдары мен әкiмшiлiк тәжiрибесiне қайшы келетiн әкiмшiлiк шараларын жүргiзетiндей;
b) осы немесе басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес немесе әдеттегi әкiмшiлiк тәжiрибесi барысында алу мүмкiн емес ақпарат беретiндей;
с) қандай да болсын сауда, кәсiпкерлiк, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе кәсiби құпияны немесе сауда процесiн немесе ашылуы қоғамдық мүддеге (мемлекеттiк принциптерге) қайшы келуi мүмкiн ақпарат беретiндей пайымдалмауы тиiс.
27-бап
Салық жинауда көрсетілетін көмек
1. Уағдаласушы Мемлекеттердiң құзырлы органдары осы Бапта "бюджеттiк түсiмдер бойынша талаптар" деп аталатын, осындай салықтарға байланысты бiр-бiрiне хабарлауда және салықтарды проценттерiмен, шығындарымен және қабылданған әкiмшiлiк шаралармен жинауда көмек көрсету бойынша шаралар қабылдайды.
2. Уағдаласушы Мемлекеттердiң салықтық талаптарды жинауда құзыреттi органдардың көмек көрсету туралы өтiнiштерi, осы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес, мұндай органдардың салықтық талаптардың түпкiлiктi айқындалғандығын қуаттағандығын қосады. Осы баптың мақсаты үшiн салықтық талаптар Уағдаласушы Мемлекет салықтық талаптар үшiн алымдар алуды өзiнiң мемлекетiшiлiк заңдарына сәйкес құқығы болған жағдайда түпкiлiктi айқындалған болып табылады және салық төлеушi мұндай алымды одан әрi ұстауға құқығы жоқ.
3. Көмек көрсету туралы өтiнiш бiлдiру әрекетi болып табылатын талап ету көмек көрсетушi Уағдаласушы Мемлекетте басым болып табылмайды және 26-баптың 1-тармағының ережесi, сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң құзыреттi органы ұсынатын осы Баптың күшiне сәйкес кез-келген ақпаратқа қолданылады.
4. Басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы олар бойынша салық жинау үшiн қабылданған Уағдаласушы Мемлекеттiң салықтық талаптары оның салықтық алымдарына жататын, оның заңдарының ережелерiне сәйкес түпкiлiктi айқындалған салықтық талаптар бойынша егер, мұндай талаптар басқа Мемлекеттiң жеке талаптары болса басқа Мемлекет орындайды.
5. Осы бапқа сәйкес бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органы жинаған сома басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзыреттi органына берiледi.
6. Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi осы Бапқа сәйкес, егер, осы Мемлекет салықтық талаптары бойынша өндiрiп алу үшiн өзiнiң жеке аумағында барлық қаражатты түгескен жағдайда өтiнiш бiлдiредi.
7. Салық төлеушi уақыт аралығында Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрде-бiрiнiң де резидентi болмаған кезеңге жататын салықтық түсiмдер бойынша талаптар шегiнде, салық төлеушiге қатысты Уағдаласушы Мемлекеттiң салықтық талаптары бойынша осы Бапқа сәйкес ешқандай көмек көрсетiлмейтiн болады.
8. Осы баптың ережелерiнiң бiрде-бiрi өздерiнiң жеке салықтарын жинауда немесе оның қоғамдық тәртiбiне (мемлекеттiк саясатына) қайшы келетiн шараларда қолданылатын шаралардың сипатынан ерекшеленетiн әкiмшiлiк шараларды қолдану мiндеттемесiн Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiне жүктелетiнiндей пайымдалмайды.
9. Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрiнiң құзыреттi органы шағымдану үшiн ашық болып табылатын салықтық талаптарға қатысты өздерiнiң құқықтарын қорғау мақсатында осы басқа Уағдаласушы Мемлекеттердiң заңдарында көзделген қорғаныс шараларын қабылдау туралы басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң құзырлы органына өтiнiш бiлдiре алады; мұның алдындағы тармақтардың ережелерi мұндай шараларға қажеттi өзгерiстермен қолданылады.
28-бап
Дипломатиялық миссиялардың мүшелері
және консульдықтардың қызметкерлері
Осы Конвенцияда еш нәрсе де дипломатиялық миссия мүшелеріне немесе консульдық бекеттерге халықаралық құқықтың жалпы нормалармен немесе арнаулы келiсiмдердiң ережелерiне сәйкес берiлген салықтық артықшылықтарды қозғамайды.
29-бап
Күшіне енуі
Осы Конвенция бекiтiлуге жатады және әр Мемлекетте оның күшiне енуi үшiн талап ететiн, олардың iшкi заңдарында көзделген екi Уағдаласушы Мемлекетте орындағаны айтылған соңғы хабарланған күннен кейiн 30-ыншы күнi күшiне енедi.
Конвенция:
а) Конвенция күшiне енген күнтiзбелiк жылдың 1 қаңтарынан немесе осы күннен кейiн төленген немесе есептелген сомаларға қатысты көздерден ұсталатын салықтарға қатысты; және
b) Конвенция күшiне енген күнтiзбелiк жылдың бiрiншi қаңтарынан басталатын немесе одан кейiн салық салынатын кезеңге қатысты табысқа салынатын басқа салықтарға қатысты;
с) Конвенция күшiне енген жылдан бастап кез келген жылдың бiрiншi қаңтарында болған капитал элементтерiне қосып есептелетiн капиталға салынатын салықтарға қатысты қолданылады.
30-бап
Әрекетінің тоқтатылуы
Осы Конвенция Уағдаласушы Мемлекеттердiң бiрi оның әрекетiн тоқтатпайынша күшiнде қалады. Уағдаласушы Мемлекеттердiң әрқайсысы Конвенция күшiне енген күннен бастап бес жыл толғаннан кейiн кез келген күнтiзбелiк жылдың соңына дейiн алты айға дейiн оның әрекетiн тоқтату туралы хабарлап, дипломатиялық арналармен Конвенцияның әрекетiн тоқтата алады.
Мұндай жағдайда Конвенция өзiнiң әрекетiн тоқтатады.
а) Конвенцияның әрекетiн тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан немесе одан кейiнгi күннен кейiн төленген немесе кредитке жатқызылған сомалар бойынша көздерден ұсталатын салықтарға қатысты;
b) Конвенцияның әрекетiн тоқтату туралы хабарлама берiлген жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан басталатын немесе одан кейiнгi күннен кейiн салық салынған кезеңдер бойынша табысқа салынатын басқа салықтарға қатысты;
с) Конвенцияның әрекетiн тоқтату туралы хабарлама берілген жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарында бар болған капитал элементтерiне есептелетiн капиталға салынатын салықтарға қатысты.
Осыны растау үшін өздерiнiң Yкiметтерi тиiстi түрде өкiлдiк берген төменде қол қоюшылар, осы Конвенцияға қол қойды.
Алматыда 1998 жылдың бүгiнгi 16 сәуiрде екi данада, қазақ, орыс, нидерланд, француз және ағылшын тiлдерiнде жасалды, мәтiндердiң барлығы бiрдей күшке ие. Мәтiндердiң арасында алшақтық болған жағдайда ағылшын тiлiндегi мәтiн айқындаушы болады.
Қазақстан Бельгия
Республикасының Корольдігінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін
Хаттама
Қазақстан Республикасы мен Бельгия Корольдiгi арасындағы табыс пен капиталға салынатын салыққа қатысты қосарланған салық салуды болдырмау және салық төлеуден жалтаруға жол бермеу туралы Конвенцияға қол қою сәтiнде төмендегi қол қоюшылар мынадай ережелер Конвенцияның құрамдас бөлiгi болып табылатынына келiсiмдерiн бердi.
1. 2-бапқа:
3-тармақтың b) тармақшасында пайдаланылатын: "алдын ала төлемдер, бұл салықтарға және алдын ала төлемдерге қосымша алымдар, жеке тұлғалардан алынатын табыс салығына қосымша төлемдер терминi:
- жылжымалы мүлiктен алынатын табыс салығын (дивидендтердi, проценттердi және роялтилердi);
- жылжымайтын мүлiктен түсетiн, табыстан алынатын табыс салығын;
- кәсiптiк қызметтен түсетiн табыстан алынатын, табыс салығын;
- жеке тұлғалардан түсетiн табыс салығынан және жылжымайтын мүлiкке салынатын табыс салығынан алынатын қосымша жергiлiктi салықтарды бiлдiредi.
2. 4-бапқа:
"Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi" терминi сондай-ақ Уағдаласушы Мемлекеттiң заңдарына сәйкес құрылған, қызметкерлерге зейнеткерлiк жәрдемақы немесе әлеуметтiк төлемдер беру мақсаты үшiн ғана жұмыс iстейтiн, тiптi мұндай мекеме немесе ұйым олар құрылған Мемлекетте салық төлеуден босатылған болса да, кез-келген мекеменi немесе ұйымды қамтиды.
3. 6 және 7-баптарға:
Басқа Уағдаласушы Мемлекетте пайдалы қазбаларды, кен көздерiн немесе басқа да табиғи ресурстарды игерумен айналысатын, бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны 7-баптың 1-6-тармақтарының ережелерi қолданылатын, осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесi арқылы жүзеге асыратын, осы жұмыстарға қатысты кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратынын бiлдiредi. Мұндай кәсiпорын сондай-ақ, егер ол осы басқа Мемлекетте пайдалы қазбаларды, кен көздерiн немесе басқа табиғи ресурстарды игеруге құқығы болса, осы басқа Мемлекетте орналасқан тұрақты мекеме арқылы 7-баптың 1-6 тармақтарының ережелерi қолданылатын кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырады деп есептеледi.
4. 7-бапқа:
а) (i) Егер бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң кәсiпорыны басқа Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемесi арқылы тауарларды немесе бұйымдарды сатса немесе сонда орналасқан тұрақты мекемесi арқылы кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырған жағдайда, осы тұрақты мекеменiң кiрiстерi кәсiпорын алған жалпы соманың негiзiнде кiрiстердi анықтамайды, олар осындай алып-сату немесе аталған қызмет үшiн тұрақты мекеменiң iс жүзiндегi қызметiне жатқызылатын төлем сомалары негiзiнде ғана анықталады.
(ii) Келiсiм шарттардың, атап айтқанда, өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды немесе құрылыс жайларын қарау, беру, монтаждау немесе салу туралы немесе кәсiпорынның тұрақты мекемесi жоқ жердегi қоғамдық жұмыстар бойынша мұндай тұрақты мекемелердiң кiрiстерi шарттың жалпы сомасының негiзiнде анықталмайды; олар шарттың тұрақты мекеме iс жүзiнде орындайтын бөлiгi негiзiнде ғана анықталады.
b) Алайда, аталған сауданың мақсаты тұрақты мекеме орналасқан Уағдаласушы мемлекетте салық төлеуден жалтару мақсатын көздегенi дәлелденген болса, сол немесе сол сияқты тауарларды немесе бұйымдарды тұрақты мекемесi арқылы сатудан алынған кiрiстер осы тұрақты мекемеге тиесiлi деп саналуы мүмкiн.
с) Берiлген капиталдан айырмашылығы жәрдемақы ретiнде төленетiн проценттер түрiндегi оның бас офисiне немесе кез-келген басқа бөлiмшелерiне төленетiн сомалар бойынша тұрақты мекемелерден қайтарып алуға банк мекемелерiне рұқсат етiледi. Алайда мұндай қайтарып алу, егер тұрақты мекеме кәсiпорынның бас кеңсесiмен немесе кез-келген басқа бөлiмшелерiмен толықтай тәуелсiз қатынастар негiзiнде байланыс жасайтын болса бұл қайтарып алу әдеттегi сомалармен шектеледi.
5. 10-бапқа:
а) Бiр Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компанияға басқа Уағдаласушы Мемлекеттiң резидентi болып табылатын компания төлейтiн дивидендтер бiрiншi аталған Мемлекетте егер, компанияға төленетін дивидендтер елу миллион АҚШ долларынан кем емес соманы құрайтын инвестициялардың орнын толтыру ретiнде төленген жағдайда, салық төлеуден босатылады.
Салық төлеуден мұндай босатылу елу миллион АҚШ долларын құрайтын инвестиция жасалған жылдан кейiнгi жылдың 1-қаңтарынан бастап қолданылады, бiрақ дивиденд төленетiн компанияны инвестициялау басталған жылдан кейiнгi жылдың 1-қаңтарынан бастап ұзақтығы он жыл кезең бiткенше қолданылмайды.
Осы ереже Конвенция күшiне енген жылдан кейiн тiкелей келетiн жылдың 1-қаңтарынан бастап жиырма жыл iшiнде ғана қолданылады.
b) Қосарланған салық салуды болдырмау туралы Конвенция Қазақстан мен ЭЫДҰ-ның мүшесi болып табылатын елдiң арасында қолданылатын болғандықтан және Конвенцияның 10-бабының 6-тармағында көзделген арнаулы салықты қарастырмайтын болғандықтан Бельгияның резидентi жүзеге асыратын кәсiпорынға бұл арнаулы салық салынбайды.
6. 11-бапқа:
Бельгия жағдайында 3-тармақтың b) тармақшасының ережелерiн кепiлдiк берiлген немесе сақтандырылған заемға немесе кепiлдiк берiлген немесе сақтандырылған несиеге:
- office National du Ducroire (Дюкруар Ұлттық Басқармасы);
- Association pour la Coordination du Financement a Moyen Terme des Exportations Belges (Бельгия Экспортын Қаржыландыруды Yйлестiру жөнiндегi Ассоциация);
- Comite pour la Promotion des Exportations de Biens d'Equipement Belges ("Сорrомех") (Бельгия Жабдықтарын Экспорттауға Көмектесу жөнiндегi Комитетi ("Компромекс"));
- Institut de Reescompte et de Gаrаntіе (Вексельдер мен берiлетiн Кепiлдiктердi Қайта есепке алу Институты) қолданады.
7. 12-бапқа:
а) Егер, Европа Одағының мүшесi болып табылатын үшiншi Мемлекетпен осы Конвенцияға қол қойылған күннен кейiн Қазақстан қосарланған салық салуды болдырмау туралы кез-келген келiсiм ниет бiлдiрсе, Қазақстан 2-тармақта көзделген салық салудан босатуға немесе ставканы кемiтуге келiсiм беруге әзiр, Уағдаласушы Мемлекеттер келiссөз жүргiзе бастайды.
b) Конвенцияның 12-бабының 2-тармағын қолданған кезде техникалық көмек немесе техникалық қызмет көрсету үшiн жасалған төлемдердiң сомасы өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми тәжiрибе жөнiндегi ақпараттар үшiн төлемдерге саналмайды, жағдайларға байланысты 7-баптың немесе 14-баптың ережелерiне сәйкес салық салуға жатқызылады.
с) Өнеркәсiптiк, коммерциялық немесе ғылыми жабдықтарды пайдалану немесе пайдалану құқығы үшiн роялти төленген жағдайда iс жүзiндегi-пайдаланушысы, егер мұндай табыс роялти пайда болатын Уағдаласушы Мемлекетте орналасқан тұрақты мекемеге немесе тұрақты базаға тиесiлi болса, нетто негiзiнде салық сомасымен есеп айырысу үшiн шешiм қабылдай алады.
d) 14 және 7-баптар қызметкерлерге немесе сатып алушының жұмыста пайдалануына арналған бағдарламалық құралдардың ақысын өтеуге немесе бағдарламалық құралдарға байланысты құқықтарды шеттетудiң өтемiне жұмсалатын төлемдерге қолданылатынын бiлдiредi.
е) 12-баптың 3-тармағының ережелерi 8-баптың 2-тармағында айтылған жабдықтарға қолданылмайды.
8. 13-бапқа:
Егер осы тармақта айтылған табыстар корпорацияны қайта құру, бiріктiру, бөлу немесе осындай басқа шаралар барысында алынса, 2-тармақ қолданылмайды.
9. 25-бапқа:
25-баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi, сондай-ақ 9-бапты қолдану салдарынан орын алуы мүмкiн экономикалық қосарланған салық салу жағдайларында қолданылады.
Осыны растау үшін, өздерінің Үкіметтері тиісті түрде өкілетті берген төменде қол қоюшылар осы Хаттамаға қол қойды.
Алматыда 1998 жылдың 16 сәуірде қазақ, орыс және голланд, француз, ағылшын тілдерінде екі данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Мәтіндердің арасында алшақтық болған жағдайда ағылшын тіліндегі мәтін айқындаушы болып табылады.
Қазақстан Бельгия
Республикасының Корольдігінің
Үкіметі үшін Үкіметі үшін