Кишинэуде 1997 жылғы 23 қазанда қол қойылған Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы Консулдық конвенция бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы Консулдық конвенция (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2000 ж., N 4, 46-құжат) (1999 жылғы 13 тамызда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 84 бет) Бұдан әрi "Уағдаласушы Тараптар" деп аталатын Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы, екi мемлекет арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастықты одан әрi нығайту мүдделерiне орай, олардың арасындағы консулдық қатынастарды реттеу ниетiн басшылыққа ала отырып, осы Консулдық конвенцияны жасауды ұйғарды және төмендегiлер жөнiнде келiстi: 1-Бап Анықтамалар Осы Конвенциядағы төменде келтiрiлген терминдердiң мағынасы мынадай:
а) консулдық мекеме - кез келген бас консулдықты, консулдықты, вице-консулдықты немесе консулдық агенттiктi бiлдiредi;
b) "консулдық округ" - консулдық қызметтi орындау үшiн консулдық мекемеге бөлiнiп берiлген, консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң ауданын бiлдiредi;
с) "консулдық мекеменiң басшысы" - өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы сапада жұмыс iстеудi тапсырған адамды бiлдiредi;
d) "консулдық қызмет адамы - осы сапада консулдық қызметтердi орындау тапсырылған, консулдық мекеменiң басшысын қоса алғанда, кез келген адамды бiлдiредi;
е) "консулдық мекеменiң қызметшiсi" - консулдық мекемеде әкiмшiлiк немесе техникалық мiндеттердi орындайтын консулдық қызмет адамы болып табылмайтын кез келген адамды бiлдiредi;
f) "қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерi" - консулдық мекемеге қызмет көрсету жөнiндегi мiндеттердi орындайтын кез келген адамды бiлдiредi;
g) "консулдық мекеменiң қызметкерлерi" - консулдық қызмет адамдарын, консулдық қызметкерлерiн және қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерiн бiлдiредi;
h) "отбасы мүшесi" - әйелiн (ерiн), консулдық мекеме қызметкерлерiнiң олармен бiрге тұрып жатқан балаларын, ата-аналарын бiлдiредi;
i) "жеке үй қызметшiсi" - консулдық мекеме қызметкерiнiң жеке үй қызметiнде ғана болатын кез келген адамды бiлдiредi;
j) "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы"- өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтығы бар кез келген адамды, сонымен бiрге ыңғайлы жағдайларда өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кез келген заңды тұлғасын бiлдiредi;
k) "консулдық үй-жайлар" - консулдық мекеменiң мақсаттары үшiн ғана пайдаланылатын үйдi немесе үйдiң бөлiгiн және осы үйге немесе үйлердiң бiр бөлiгiне, консулдық мекеме басшысының резиденциясын қоса алғанда, оларға меншiк құқығы кiмге тиесiлi болса да қызмет көрсететiн жер учаскесiн бiлдiредi;
l) "консулдық архивтер" - барлық қағаздарды, құжаттарды, хат-хабарларды, кiтаптарды, фильмдердi, дыбыс жазылған таспаларды және шифрлар мен кодтарды, картотекаларды және оларды сақтауды қамтамасыз етуге лайықталған жабдықтардың кез келгенiн бiрге алғанда консулдық мекеменiң реестрлерiн бiлдiредi;
m) "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесi" - өкiлдiгiн жiберген
мемлекеттiң заңына сәйкес осы мемлекеттiң жалауы астында жүзуге құқығы бар, әскери кемелердi қоспағанда, кез келген кеменi бiлдiредi; n) "өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесi" - өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң тану белгiлерi бар, әскери ұшу аппараттарын қоспағанда, кез келген әуе кемесiн бiлдiредi. I Бөлім Консулдық мекемелердің ашылуы, консулдық мекемелердің қызметкерлерін тағайындау 2-Бап Консулдық мекеменің ашылуы 1. Консулдық мекеме өзi орналасатын мемлекеттiң аумағында осы мемлекеттiң келiсiмiмен ғана ашыла алады.
2. Консулдық мекеменiң орналасатын жерi, оның сыныбы және консулдық округ өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттiң арасындағы келiсiм бойынша анықталады.
Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң саны туралы мәселе бойынша пiкiр
алшақтығы болған жағдайда бұл мәселе өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң арасындағы уағдаластық бойынша шешiледi. 3. Консулдық мекеменiң орналасқан жерiнiң, оның сыныбының немесе консулдық округтiң одан әрi қарайғы өзгерiстерiн өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен ғана жүзеге асыра алады. 3-Бап Консулдық мекеме басшысын тағайындау және оның өзі міндеттерін орындауына рұқсат ету
1. Консулдық мекеме басшысы тағайындалғанға дейiн өкiлдiгiн жiберген мемлекет дипломатиялық жолмен, аталған адамға оны консулдық орналасқан мемлекеттiң оны консулдық мекеме басшысы ретiнде танитынына келiсiмдi алатынына көзi жетуi тиiс.
2. Консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң келiсiмiн алған соң өкiлдiгiн жiберген мемлекет өзiнiң дипломатиялық өкiлдiгi арқылы немесе өзге тиiстi жолмен консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң сыртқы iстер министрлiгiне әрбiр тағайындау кезiнде жасалатын, консулдық мекеме басшысының өкiлеттiктерiн, оның толық атын, тегiн, қызметiн, өзiнiң мiндеттерiн орындайтын консулдық округ және консулдық мекеменiң орналасқан жерiн куәландыратын, патент немесе соған ұқсас куәлiк нысанындағы құжатты жiбередi.
3. Консулдық орналасқан мемлекет тағайындау туралы консулдық патенттi немесе соған ұқсас куәлiктi алған соң, консулдық мекеменiң басшысына консулдық орналасқан мемлекет тарапынан экзекватура деп аталатын рұқсатпен, мұндай рұқсат қандай нысанда болса да, өз мiндеттерiн орындауға рұқсат етiледi.
Консулдық орналасқан мемлекет экзекватураны мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде және тегiн бередi.
4. Консулдық мекеменiң басшысы өзiнiң мiндеттерiн орындауға консулдық орналасқан мемлекеттiң жазбаша растауын алысымен кiрiсе алады. Растауды алғанға дейiн консулдық мекеменiң басшысы консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен өз мiндеттерiн уақытша орындай бередi.
5. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме басшысының тағайындалғанын растаған соң немесе оған өз мiндеттерiн уақытша орындай тұруға рұқсатын бергеннен кейiн ол бұл туралы округтiң құзыреттi органдарына тез арада мәлiмдеуге және консулдық мекеме басшысының өз мiндеттерiн орындай беруi және осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана алуы үшiн қажеттi шаралардың бәрiн қабылдауға тиiс.
6. Егер консулдық орналасқан мемлекет қайсыбiр адамды консулдық мекеме басшысы ретiнде тағайындауға келiсiмiн бермесе, онда ол өзiнiң мұндай бас тартуының себептерiн хабарлауға мiндеттi емес.
4-бап
Консулдық мекеме басшысының міндеттерін
уақытша орындау
1. Егер консулдық мекеменiң басшысы қандай да бiр себептермен өзiнiң мiндеттерiн орындай алмаса немесе егер консулдық мекеме басшысының қызмет орны уақытша бос болса, өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекеттегi осы немесе басқа консулдық мекеменiң консулдық қызмет адамына немесе өкiлдiгiнiң дипломатиялық персоналы мүшелерiнің бiрiне консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн уақытша орындауға өкiлеттiк бере алады. Осы адамның толық аты, тегi, қызметi мен дәрежесi консулдық мекеме орналасқан мемлекеттiң сыртқы iстер министрлiгiне күнiбұрын хабарланады.
2. Консулдық мекеме басшысының мiндеттерiн уақытша орындауға өкiлеттiк алған адамға бұл сапада болған уақытында осы Конвенциядағы консулдық мекеме басшысына берiлетiн артықшылықтар мен иммунитеттер оған да таралады.
3. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң дипломатиялық өкiлдiгi мүшесiнiң осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық өкiлдiктiң басшысының мiндеттерiн орындаушы ретiнде тағайындалуы оның дипломатиялық статусына сай берiлген артықшылықтары мен иммунитеттерiне нұқсан келтiрмейдi.
5-Бап
Консулдық қызмет адамдарын тағайындаулар,
келулер мен кетулер туралы консулдық орналасқан
мемлекетке мәлімдеу
1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық орналасқан мемлекетке мына төмендегiлер туралы күнiбұрын жазбаша мәлiмдейдi:
а) консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тегi, аты, азаматтығы, дәрежесi, қызметi, олардың келу, түпкiлiктi кету күнi немесе қызметiн тоқтатқаны туралы, сондай-ақ консулдық мекемедегi жұмыс iстеген кезеңiнде олардың статусының кез келген өзгерiсi туралы;
b) консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшелерiнiң тегi, аты, азаматтығы, келу күнi мен түпкiлiктi кету күнi, сондай-ақ сол немесе өзге бiр адамның отбасының осындай мүшесi болатыны немесе болмайтыны туралы.
с) жеке үй қызметкерiнiң тегi, аты, азаматтығы, келу және
түпкiлiктi кету күнi және, тиiстi жағдайларда, олардың осы сипатта қызметiн тоқтатқаны туралы; d) консулдық орналасқан мемлекетте артықшылықтар мен иммунитеттерге құқы бар консулдық мекеменiң қызметкерi немесе жеке үй қызметкерi ретiнде тұратын адамдарды жалдау немесе жұмыстан босату туралы. 2. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары консулдық мекеменiң қызметкерлерiне және олардың отбасы мүшелерiне, консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылатындарды немесе онда тұрақты тұратындарды қоспағанда, осы мемлекетте белгiленген тәртiпке сәйкес тегiн куәлiк бередi. 6-Бап Консулдық қызмет адамдарының азаматтығы Консулдық қызмет адамы болып консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында тұрақты тұрмайтын өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы ғана бола алады. 7-Бап "PERSONA NON GRATA" немесе қолайсыз деп танылған адамдар
1. Консулдық орналасқан мемлекет кез келген уақытта өкiлдiгiн жiберген мемлекетке дипломатиялық жолмен, өз шешiмiнiң себептерiн хабарлауға мiндеттi болмай, консулдық мекеменiң сол немесе өзге қызметкерiнiң "persona non grata" немесе қолайсыз болып табылатындығы туралы мәлiмдей алады. Мұндай жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеменiң тиiстi қызметкерiн керi шақырып алуға немесе оның
консулдық мекемедегi қызметiн тоқтатуға тиiс. 2. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекет ақылға сиятын мерзiм iшiнде өзiнiң мiндеттемелерiн орындамаса, онда консулдық орналасқан мемлекет тиiсiнше осы адамның экзекватурасының күшiн жояды немесе мұндай адамды консулдық мекеменiң қызметкерi деп танудан бас тарта алады. ІІ Бөлім Консулдық міндеттер 8-Бап Жалпы ережелер Консулдық қызмет адамы:
а) өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет арасындағы достық қатынастардың әрi қарай нығаюына жәрдемдеседi;
b) өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттiң арасындағы сауда, экономика, мәдениет, спорт, ғылыми-техникалық, туристiк және басқа салалардағы қатынастардың дамуына жәрдемдеседi;
с) консулдық орналасқан мемлекеттiң саяси, сауда, экономика, мәдениет, спорт, ғылыми-техника және басқа салаларындағы жағдайды заңды жолдардың бәрiмен анықтайды және бұл туралы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң үкiметiне хабарлайды;
d) халықаралық құқық нормаларына сәйкес консулдық орналасқан
мемлекетте өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң, оның азаматтары мен заңды тұлғаларының құқықтары мен мүдделерiн қорғайды; е) консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарымен және ережелерiмен тыйым салынбайтын немесе олардың орындалуына консулдық орналасқан мемлекет қарсылық бiлдiрмейтiн басқа да мiндеттердi орындайды. 9-Бап Азаматтық және азаматтық хал мәселелері жөніндегі міндеттер 1. Консулдық қызмет адамы: а) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының есебiн жүргiзуге; b) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтығы мәселелерi жөнiндегi кез келген өтiнiштердi қабылдауға;
с) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының туғандығын және қайтыс болғандығын тiркеуге және тиiстi құжаттарды беруге;
d) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының арасындағы некелердiң
жасалуы мен бұзылуын тiркеуге және тиiстi құжаттарды беруге құқылы. 2. Консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарына туғандығы және қайтыс болғандығы, некелердің жасалуы мен бұзылғанын тiркеудiң жүргiзiлгенi туралы, егер мұны консулдық орналасқан мемлекет заңды талап ететiн болса, хабарлайды. 3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi мүдделi адамдарды консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн сақтау мiндеттерiнен босатпайды. 10-Бап Паспорттар мен визалар мәселелері жөніндегі міндеттер Консулдық қызмет адамы:
а) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарына паспорттар мен осыған ұқсас құжаттарды беруге, жаңартуға, жоюға, олардың қолданыс мерзiмiн ұзартуға, оларға қажеттi белгiлердi енгiзуге;
b) өкiлдiгiн жiберген мемлекетке баруға немесе ол арқылы жол жүруге тiлек бiлдiрген адамдарға жол жүру, транзиттiк және басқа да визалар беруге, ұзартуға, күшiн жоюға, сондай-ақ оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзуге құқылы.
11-Бап
Рәсімдік куәландыру және ресмилендіру
1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес консулдық қызмет адамы:
а) егер бұндай құжаттарды беру заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн болса, кез келген адамның өтiнiшi бойынша, оның азаматтығынан тәуелсiз, оған өкiлдiгiн жiберген мемлекетте пайдалану үшiн әр түрлi құжаттар беруге;
b) егер бұндай құжаттарды беру заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн болса, өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өтiнiшi бойынша оларға консулдық орналасқан мемлекетте немесе оның шектерiнен тыс жерлерде пайдалану үшiн әр түрлi құжаттар беруге;
с) құжаттарды өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң ресми тiлiне аударуға және осы аударманың дұрыстығын куәландыруға;
d) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет органдары берген құжаттарды ресмилендiруге, олардың көшiрмелерiнiң, аудармасының және үзiндiсiнiң растығын куәландыруға;
е) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өтiнiштерiн қабылдауға, жасауға және куәландыруға өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының әр түрлi құжаттардағы қойған қолдарын куәландыруға;
f) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өсиеттерiн жасауға, куәландыруға және сақтау үшiн қабылдауға;
g) өкілдігін жіберген мемлекет азаматтарының өсиеттерін жасауға, куәландыруға және сақтау үшін қабылдауға;
h) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының арасындағы актiлер мен келiсiмдердi жасауға және куәландыруға, өйткенi мұндай актiлер мен келiсiмдер консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейдi және қозғалмайтын мүлiкке құқықтарды белгiлеу мен тапсыруға қатысы жоқ; бiр жағынан, өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының және екiншi жағынан, басқа мемлекеттер азаматтарының арасындағы актiлер мен келiсiмдердi жасауға және куәландыруға, өйткенi бұл актiлер мен келiсiмдердiң өкiлдiгiн жiберген мемлекеттегi мүлiк немесе құқықтарға ғана қатысы бар және осы мемлекеттегi, бұл актiлер мен келiсiмдер консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейтiн жағдайда, қарауға жататын iстерге қатысты болады;
i) өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының мүлкi мен құжаттарын
сақтау үшiн қабылдауға, өйткенi бұл консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына қайшы келмейдi, құқылы. 2. Осы баптың 1-тармағына сәйкес консулдық қызмет адамы жасаған, берген, куәландырған немесе аударған құжаттар консулдық орналасқан мемлекетте осы мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары және мекемелерi берген, куәландырған немесе аударған құжаттар сияқты, олар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес сияқты, олар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес келген жағдайда, сондай заңдық күшi бар құжаттар ретiнде қаралады. 12-Бап Ұсталғаны, қамауға алынғаны және барып тұру туралы мәлімдеме
1. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы консулдық округтiң шегiнде қамауға алынса, ұсталса немесе өзге бiр нысанда бас бостандығынан айырылса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары болған жағдайдан соң төрт күннiң iшiнде бұл туралы консулдық мекемеге мәлiмдейдi.
2. Консулдық қызмет адамы қамауға алынған, ұсталған немесе өзге бiр нысанда бас бостандығынан айырылған өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматына барып шығуға, қатынасуға, онымен кездесуге және оған құқықтық көмек көрсетуге құқылы. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде консулдық қызмет адамының өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматымен кездесуiн, бiрақ өтiнiш берiлген күннен бастап үш күннен кешiктiрмей, ұйымдастыруға тиiс.
Әрi қарайғы барулар уақыттың ақылға сиятын аралығында жүзеге асырыла алады.
3. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары
өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қамауға алынған, ұсталған немесе өзге бiр нысанда бас бостандығынан айырылғаны азаматына осы баптың 1 және 2-тармақтарының ережелерi туралы тез арада мәлiмдеуге тиiстi. 4. Осы баптағы көзделген құқықтар консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес жүзеге асырылады. Бiрақ консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн қолдану осы бапта көзделген құқықтарды жүзеге асыруды шектемеуге тиiс. 13-бап Өкілдігін жіберген мемлекеттің азаматтарына көмек көрсету 1. Консулдық қызмет адамы:
а) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматтарымен кездесуге және қатынасуға, оларға ақыл-кеңес беруге және жан-жақты жәрдем, құқықтық көмек көрсету үшiн шараларды қабылдауды қоса алғанда, көрсетуге құқылы. Консулдық орналасқан мемлекет ешқандай түрде өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының консулдық мекемемен қатынасуына және олардың консулдық мекемеге кiру рұқсатына шек қоймайды;
b) консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарынан осы мемлекеттiң аумағында тұрақты тұрып жатқан немесе уақытша жүрген, хабарсыз жоғалып кеткен өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарын iздестiруде жәрдем сұрай алады;
с) консулдық орналасқан мемлекеттегi өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматтарының өмiрi және жұмыс жағдайларымен танысу және оған қажеттi көмек көрсетуге;
d) консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарына өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кез келген азаматына қатысты ақпарат беру туралы сұрау салуға, ал бұл органдар осындай ақпаратты беру үшiн барлық мүмкiндiктердi жасауға тиiс;
е) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кез келген азаматының құжаттарын, ақшалай қаражаттарын және құнды заттарын, егер бұл консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмесе, уақытша сақтауға қабылдауға;
f) егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы оның консулдық орналасқан мемлекетте болмауына байланысты немесе басқа да себептер бойынша өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн қорғауды консулдық орналасқан мемлекетте жүзеге асыра алмаса онда консулдық қызмет адамы ерекше бiр сенiмхатсыз осы азаматтың атынан консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары мен басқа органдарында өкiлдiк етедi немесе осы азамат өзiнiң өкiлеттi адамдарын тағайындағанға дейiн немесе өзiнiң құқықтары мен мүдделерiн өзi қорғайтын болғанша, оның тиiстi өкiлдiгiн қамтамасыз етедi.
14-Бап
Қамқоршылық пен шапағатшылық
1. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары оларда ақпарат болған жағдайда консулдық қызмет адамына консулдық мемлекеттiң аумағында тұрақты тұрып жатқан өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң азаматы үшiн қамқоршыны немесе шапағатшыны тағайындау қажеттiгi туралы мәлiмдейдi.
2. Консулдық қызмет адамы осы баптың 1-тармағында аталған мәселе бойынша консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарымен бiрлесiп iс-қимыл жасайды және қажет болғанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес қамқоршының немесе шапағатшының мiндеттерiн орындау үшiн адам ұсынады.
3. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң соты немесе басқа құзыреттi органдары ұсынылған адамды қандай да бiр себептермен қамқоршы немесе шапағатшы ретiнде қолайсыз деп тапса, онда консулдық қызмет адамы басқа кандидатураны ұсына алады.
15-Бап
Қайтыс болғаны туралы мәлімдеме
1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматы консулдық орналасқан мемлекетте қайтыс болған жағдайда, консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде бұл туралы консулдық мекемеге хабарлайды және оның өтiнiшi бойынша оған қайтыс болғанын дәлелдейтiн куәлiк немесе басқа құжаттарды бередi.
2. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының консулдық орналасқан мемлекетте қайтыс болғаны туралы консулдық қызмет адамы бұрынырақ бiлген болса, бұл туралы консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарына хабарлайды.
16-Бап
Мұрагерлік мүлікті қорғау
жөніндегі іс-шаралар
1. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қайтыс болған азаматы консулдық орналасқан мемлекетте мұра қалдырса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде консулдық мекемеге мұрагерлiк мүлiктiң құрамы, мұрагерлерi, қайтыс болған кiсiнiң мұра құқығы берiлмеген адамдары туралы, сондай-ақ өсиеттiң бар екендiгi туралы хабарлайды.
2. Консулдық қызмет адамы осы баптың 1-тармағында аталған мұрагерлiк мүлiктiң тiзiмiн жасау және сүргi салу кезiнде өзінiң қатысуына консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарының келiсiмiн сұрай алады.
3. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң қайсыбiр азаматы консулдық орналасқан мемлекетте кез келген азаматтықтағы қайтыс болған адамның мүлкiне ие болуға немесе алуға құқық алса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары оларда ақпарат болғанда консулдық мекемеге, тiптi, егер бұл азамат консулдық орналасқан мемлекеттiң шектерiнен тыс жерлерде жүрсе, хабарлауға тиiс.
4. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекет азаматының атынан, егер мұндай азамат консулдық орналасқан мемлекетте жоқ болғанда, соттан, басқа органдардан немесе жеке бiр адамнан қандай да бiр кiсiнiң қайтыс болуының салдарынан осы азаматқа берiлуге тиiс, мұраны, өтемақыны төлеудi және қамсыздандыру жөнiндегi тиесiлi сомаларды қоса алғанда, ақшаны немесе өзге де мүлiктi қабылдай алады және осы ақша мен мүлiктi аталған азаматқа тапсыра алады.
5. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте уақытша жүрген азаматы қайтыс болған жағдайда, сондай-ақ егер қайтыс болған адамның консулдық орналасқан мемлекетте туыстары немесе оның өкiлдерi жоқ болса және ол қалдырған заттар қайтыс болған адамның консулдық орналасқан мемлекетте өзiне алған мiндеттемелерiне байланысты
болмаса, онда консулдық қызмет адамы қалып қойған заттарды алуға сақтауға және тиiстi жерiне тапсыруға құқылы. 6. Осы баптың 3, 4 және 5-тармақтарында аталған функцияларды орындау кезiнде консулдық қызмет адамы консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн ұстануға мiндеттi. 17-Бап Өкілдігін жіберген мемлекеттің әуе кемесіне көмек беру
1. Консулдық қызмет адамы өз консулдық округiнiң шегiнде консулдық орналасқан мемлекеттiң порттары мен басқа да зәкiрлiк тұрақтарын қоса алғанда iшкi суларында немесе аумақтық теңiздерiнде жүрген өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесiне, сондай-ақ кеменiң капитаны мен экипаж мүшелерiне көмек көрсетуге, сонымен бiрге:
а) кеме бортына көтерiлуге, капитанның кеме, жүк, жүзу жағдайлары туралы баяндамасын тыңдауға, ал кеме капитаны мен экипаж мүшелерi, кемеге жағалаумен еркiн қарым-қатынас жасай алады;
b) консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарының құқықтарына нұқсан келтiрместен, өкiлдiгiн жiберген мемлекет кемесiнiң жүзуi кезiнде болған оқиғаларды тергеуге, командир мен экипаж мүшелерiнен жауап алуға, кеменiң құжаттарын тексеруге; кеменiң жүзуi және баратын жерi туралы баяндауды қабылдауға қажет болғанда, кеменiң портқа кiруi, кетуi және портта тұруы кезiнде оған жәрдемдесуге;
с) консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi орындарының құқықтарына нұқсан келтiрместен, өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдарына сәйкес командир мен экипаж мүшелерінің арасындағы, еңбекақы мен жалдау туралы шартқа қатысты дауларды қоса алғанда, дауларды шешуге;
d) қажет болған жағдайда кеме капитаны немесе экипаж мүшелерiн
ауруханада емдеудi немесе елге оралуын қамтамасыз етуге жәрдемдесуге; е) кемеге қатысты құжаттарды алуға, тексеруге, беруге, куәландыруға немесе ресмилендiруге; f) кеменi шетелден сатып алған жағдайда, осы кеменiң өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң жалауымен жүзуiне уақытша куәлiк беруге; q) кемеге қатысты өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындары тапсырған басқа да iс-әрекеттердi орындауға құқылы. 2. Консулдық қызмет адамы осы баптың ережелерiмен көзделген өз функцияларын орындау барысында консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiмет орындарынан көмек сұрай алады. 18-Бап Өкілдігін жіберген мемлекеттің кемесіне қатысты жүзеге асырылатын мәжбүр етушілік шараларынан қорғау
1. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң соттары және басқа да құзыреттi органдары өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесiне қатысты мәжбүр етушiлiк шараларын жүзеге асыруды немесе оның бортында ресми тергеу жүргiзудi көздеген болса, онда олар осындай iс-шараларды жүзеге асыру барысында консулдық қызмет адамының немесе оның өкiлi қатыса алуы үшiн бұл туралы күнiбұрын консулдық қызмет адамына мәлiмдейдi. Егер консулдық мекемеге күнiбұрын мәлiмдеу мәселенiң шұғыл болуына байланысты уақыттың тарлығынан мүмкiн болмаса, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары iс-шаралар жүзеге асырылысымен бiрден консулдық мекемеге мәлiмдейдi және консулдық қызмет адамының өтiнiшi бойынша қысқа мерзiмдерде өздерiнiң iс-шараларына қатысты толық ақпарат бередi.
2. Консулдық орналасқан мемлекет 1-тармаққа сәйкес осыған ұқсас шаралар жағалауда кеме капитанына немесе экипаж мүшелерiне қабылданған жағдайларда да осы баптың 1-тармағының ережелерi қолданылады.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары жүзеге асыратын әдеттегi паспорттық, кедендiк және санитарлық бақылауға, сондай-ақ олардың теңiздегi навигация қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге немесе сулардың ластануын болдырмауға бағытталған шараларына қолданылмайды.
4. Консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары бұл кеме капитанының немесе консулдық қызмет адамының өтiнiшi бойынша немесе олардың келiсiмiмен жасалатын жағдайларды қоспағанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң тыныштығын, қауiпсiздiгi мен қоғамдық тәртiбiн бұзбаған болса, өкiлдігін жiберген мемлекеттiң әуе кемесiнiң iшкi iстерiне араласа алмайды.
19-Бап
Өкілдігін жіберген мемлекеттің апатқа
ұшыраған кемелеріне көмек көрсету
1. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесi консулдық орналасқан мемлекеттiң iшкi суларында және аумақтық теңiздерiнде апатқа ұшыраса, қайраңға отырып қалса немесе басқалай залал шексе, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары мүмкiндiгiнше қысқа мерзiмде бұл туралы консулдық мекемеге хабарлайды, сондай-ақ жолаушылары мен экипаж мүшелерiн, кеменi, оның жүгiн және басқа да мүлiктi құтқару үшiн қабылданған шаралар туралы мәлiмдейдi.
2. Консулдық қызмет адамы өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң апатқа ұшыраған кемесiне, экипаж мүшелерiне және жолаушыларға көмек көрсету үшiн шаралар қабылдауға, сондай-ақ осы мақсаттарда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдарынан көмек сұрауға құқы бар.
3. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң апатқа ұшыраған кемесi, оның жабдықтары немесе жүгi консулдық орналасқан мемлекеттiң жағалауына жақын жерден табылса немесе осы мемлекеттiң портына жеткiзiлсе және де мұның барысында кеме капитаны, кеменiң иесi, пароход компаниясының өкiлi немесе қамсыздандыру агентi болмаса, немесе олардың осы мүлiктi сақтау жөнiндегi шараларды қабылдауға немесе оларға иелiк етуге шамалары келмесе, онда консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi органдары бұл туралы мүмкiндiгiнше тез арада консулдық мекемеге хабарлайды.
Консулдық қызмет адамы, оған ерекше сенiмхатсыз өкiлдiгiн жiберген
мемлекеттiң кеме иесiнiң атынан апатқа ұшыраған кеменi және одан бөлiнiп қалған мүлiктi сақтау немесе иелiк ету бойынша шаралар қабылдай алады. 4. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң зақымдар алған кемесi, оның жабдықтары мен азық-түлiгi консулдық орналасқан мемлекетте сату немесе пайдалану үшiн әкелiнбеген болса, онда оларға консулдық орналасқан мемлекет кедендiк баж салығын салмайды немесе өзге де соған ұқсас алымдарды алмайды. 20-Бап Өкілдігін жіберген мемлекеттің әуе кемесі Осы Конвенцияның өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң кемесiне қатысты ережелерi өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекеттiң арасындағы басқа екi жақты келiсiмдер немесе екi мемлекетте қатысушысы болып табылатын көп жақты келiсiмдердің ережелерiне қайшы келмеген жағдайда тиiсiнше өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемелерiне қолданылады. 21-Бап Сот құжаттарын беру және сот тапсырмаларын орындау Консулдық қызмет адамы қолданыстағы халықаралық келiсiмдерге сәйкес немесе мұндай келiсiмдер болмаған жағдайда консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне қайшы келмейтiн кез келген басқа тәртiпте сот және сотқа қатысты емес құжаттарды беру немесе сот тапсырмаларын я болмаса өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң соттары мен басқа құзыреттi органдары үшiн айғақтамаларды алып тастау жөнiндегi тапсырмаларды орындау құқығына ие. 22-Бап Консулдық округте және одан тысқары жерде консулдық қызметтерді атқару Консулдық қызмет адамы консулдық мiндеттерiн тек қана өзiнiң консулдық округiнде атқара алады. Консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмi бойынша ол консулдық мiндетiн сонымен бiрге консулдық округтен тысқары жерде де атқара алады. 23-Бап Консулдық орналасқан мемлекет органдарымен қарым-қатынас Өз мiндеттерiн атқару кезiнде консулдық қызмет адамы консулдық округттiң құзыреттi орындарына, сондай-ақ осы мемлекеттiң заңдары, ережелерi және салт-дәстүрлерi рұқсат ететiн дәрежеде консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi орталық органдарына өтiнiш жасай алады. 24-Бап Үшінші бір мемлекетте консулдық міндеттерді атқару Консулдық орналасқан мемлекет пен үшiншi бiр мемлекеттiң жазбаша мәлiмдесiнен кейiн, өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мемлекетте тiркелген консулдық мекемеге үшiншi бiр мемлекетте консулдық мiндеттердi орындауды, егер осы мемлекеттiң бiреуiнiң тарапынан айқын түрде қарсылық бiлдiрiлмесе, тапсыра алады. 25-Бап Үшінші бір мемлекеттің атынан консулдық міндеттерді атқару Үшiншi мемлекеттiң өтiнiшi бойынша консулдық орналасқан мемлекеттiң тиiстi жазбаша хабарламасынан кейiн өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекемесi, егер консулдық орналасқан мемлекет бұған қарсы болмаса, үшiншi бiр мемлекеттiң атынан консулдық орналасқан мемлекетте консулдық мiндеттердi атқара алады. ІІІ Бөлім Артықшылықтар мен иммунитеттер 26-Бап Консулдық мекеменің міндеттерін атқару үшін жағдай жасау
1. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекемелердiң мiндеттерiн жемiстi түрде атқаруы үшiн барлық мүмкiндiктердi жасауы тиiс.
2. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық мекеме қызметкерлерiне тиiсiнше құрметпен қарауға және консулдық мекеме қызметкерлерi өз мiндеттерiн нәтижелi атқара алуы үшiн және осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдалана алуы үшiн барлық тиiстi шараларды қабылдауға мiндеттi.
27-Бап
Консулдық және тұрғын үй-жайлар
1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет немесе оның өкiлдерi консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына сәйкес өзаралық ұстанымдар негiзiнде:
а) ғимаратты немесе ғимараттардың бiр бөлiгiн консулдық мекеменiң үйi, консулдық мекеме басшысының резиденциясы және консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматы болып табылмайтын және осы мемлекетте тұрғылықты мекен-жайы жоқ басқа консулдық мекеме қызметкерлерiне арналған тұрғын үйлер ретiнде жеке меншігіне сатып алуға немесе жалға алуға;
b) пайдалануға тегiн берiлетiн жер учаскелерiнде ғимараттар салуға немесе осы мақсатта оны соған лайықтауға құқылы.
2. Консулдық орналасқан мемлекет өкiлдiгiн жiберген мемлекетке осы баптың 1-тармағының ережелерiне сәйкес консулдық үй алуға жәрдемдеседi және қажет болған жағдайда өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық мекеме қызметкерлерi үшiн жарамды тұрғын үй алуына көмектеседi.
3. Осы баптың 1-тармағының ережелерi өкiлдiгiн жiберген мемлекеттi осы жер учаскелерi, ғимараттар немесе ғимараттардың бiр бөлiгi орналасқан аймақта қолданылатын консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн орындау мiндеттерiнен босатпайды.
28-Бап
Мемлекеттік жалау мен елтаңбаны пайдалану 1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме үйiнде өзiнiң мемлекеттiк елтаңбасы және өкiлдiгiн жiберген мемлекет пен консулдық орналасқан мемлекет тiлдерiнде консулдық мекеме аты жазылған тақта бекiтiп қоюға құқылы. 2. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет консулдық мекеме үйіне, консулдық мекеме басшысының резиденциясына және оның өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде пайдаланатын көлiк құралдарына өзiнiң мемлекеттiк жалауын қадап қоюға құқылы. 29-Бап Консулдық үйлерге және консулдық мекеме қызметкерлерінің тұрғын үйлеріне тиіспеушілік
1. Консулдық мекемелерге және консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үйлерiне тиiсуге болмайды. Консулдық орналасқан мемлекеттiң өкiмет орындары өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекеттегi консулдық мекемесiнiң басшысының немесе дипломатиялық өкiлдiк басшысының немесе олардың бiреуi тағайындаған адамның келiсiмiнсiз консулдық үйге және консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үйлерiне кiре алмайды. Консулдық үйде өрт шыққан немесе азаматтардың қауiпсiздiгi мен консулдық үйге тiкелей жақын жердегi консулдық орналасқан мемлекет мүлкiнiң сақталуына қауiп төндiретiн өзге табиғат апатының кезiнде бұндай келiсiм қысқа мерзiм iшiнде берiледi.
2. Консулдық орналасқан мемлекет консулдық үйлерiн және консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үйлерiн баса-көктеп кiруден немесе зиян шектiруден қорғау үшiн және консулдық мекеменiң кез келген тыныштығын бұзушылықты немесе оның қасиетiн қорлауды болдырмау үшiн барлық қажеттi шараларды қабылдаудың арнайы мiндетi жүктеледi.
3. Консулдық үйлер, олардың үй-ішiлiк заттары, консулдық мекеменiң
мүлкi, сондай-ақ оның көлiк құралдары мемлекеттiк қорғаныс және қоғамдық зәрулiк мақсатында реквизициялаудың кез келген түрiне қарсы иммунитетпен пайдаланады. Жоғарыда аталған мақсаттар үшiн үйлерге иелiк құқығынан айыру қажет болған жағдайда консулдық мiндеттердiң орындалуын бұзушылықты болдырмау үшiн барлық мүмкiн болған шаралар қабылданады және өкiлдiгiн жiберген мемлекетке тез арада тиiстi және тиiмдi өтемақы төленедi. 30-Бап Консулдық архиві мен құжаттарына тиіспеушілік Консулдық архив пен құжаттарға қай уақытта болмасын және олардың жерде орналасқанына қарамастан тиiсуге болмайды. 31-Бап Жүріп-тұру еркіндігі
Консулдық орналасқан мемлекет бұл мемлекеттiк қауiпсiздiкке байланысты кiруге тыйым салынған немесе кiру тәртiбi шектелiп отыратын аймақтар туралы заңдар мен ережелерге қайшы келмейтiндей ретте өзiнiң аумағында консулдық мекеменiң барлық қызметкерлерiнiң жүрiп-тұруы және сапарға шығуы еркiндiгiн қамтамасыз етуге тиiстi;
32-Бап
Қарым-қатынас еркіндігі
1. Консулдық орналасқан мемлекет барлық ресми мақсаттар үшiн консулдық мекеме қарым-қатынастарының еркiндiгiне рұқсат беруге және қорғауға тиiс. Өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң үкiметiмен, дипломатиялық өкiлдiгiмен, сондай-ақ басқа да консулдық мекемелерiмен қарым-қатынас жасаған кезде консулдық мекеме кодталған және шифрленген хабарламаларды, дипломатиялық немесе консулдық курьерлердi, дипломатиялық немесе консулдық вализдердi қоса алғанда барлық жарамды байланыс құралдарын пайдалана алады. Қарапайым байланыс құралдарын пайдаланған кезде консулдық мекемеге де дипломатиялық өкiлдiкке қолданылатын тарифтер қолданылады. Консулдық мекеме радиохабарлағышты тек қана консулдық орналасқан мемлекеттiң келiсiмiмен орната алады және пайдалана алады.
2. Консулдық мекеменiң ресми хат-хабарларына тиiсуге болмайды. Ресми хат-хабар деп консулдық мекемеге және оның қызметiне қатысты барлық хат-хабар түсiнiледi. Консулдық вализа ашып-қаралмауға немесе ұсталып-тоқтатылмауға тиiс. Консулдық вализа мөрленуге және оның сипатын бiлдiретiн, көзге көрiнерлiктей сыртқы белгiлерi болуға тиiс және оның iшiнде консулдық мекеменiң ғана ресми пайдалануына арналған тек қана ресми хат-хабарлар, құжаттар және заттар салуға болады.
3. Тек өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң консулдық орналасқан мемлекетте тұрақты тұрмайтын азаматы ғана консулдық курьер бола алады. Консулдық курьер оның мәртебесi мен консулдық вализаны құрайтын орындар саны көрсетiлетiн ресми құжатпен қамтамасыз етiледi. Консулдық курьер консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында болған кезiнде дипломатиялық курьермен бiрдей құқықтарды, артықшылықтарды және иммунитеттердi пайдаланады.
4. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет, оның дипломатиялық өкiлдiктерi және консулдық мекемелерi консулдық курьерлердi аd hос тағайындай алады. Мұндай жағдайларда осы баптың 3-тармағының ережелерi, онда айтылған иммунитеттер осындай курьердiң өзiне сенiп тапсырылған консулдық вализаны тиiстi жерiне жеткiзген сәтiнде тоқтатылатынын қоспағанда, қолданылады.
5. Консулдық вализа өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң әуе кемесiнiң командирiне немесе кеме капитанына тапсырыла алады. Бұл командир немесе капитан консулдық вализаны құрайтын орындар саны көрсетiлген ресми құжатпен қамтамасыз етiледi, әйтсе де ол консулдық курьер болып саналмайды. Консулдық орналасқан мемлекеттiң тиiстi құзыреттi органдарымен келiсiм бойынша консулдық қызмет адамы консулдық вализаны әуе кемесiнiң командирiнен немесе кеме капитанынан тiкелей және кедергiсiз түрде қабылдай алады немесе тапсыра алады.
6. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң құзiреттi органдарының
вализаның iшiнде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген хат-хабардан басқа бiр нәрсе бар деп шамалауға салмақты негiздерi болса, олар өздерiнiң қатысуымен вализаның өкілдiгiн жiберген мемлекеттiң уәкiлеттi өкiлiнiң ашуын талап ете алады. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң құзiреттi орындары бұл талапты орындаудан бас тартса, вализа жiберiлген орынға қайтарылады. 33-Бап Консулдық алымдар мен баж салықтары 1. Консулдық мекеме консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағында консулдық актiлер жасағаны үшiн өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде көзделген алымдар мен баж салықтарын жинай алады. 2. Осы баптың 1-тармағында және осындай алымдар мен баж салықтарын жинағаны туралы түбiртекте аталатын алымдар мен баж салықтары нысанында жиналатын сомалар консулдық орналасқан мемлекетте барлық алымдар мен баж салықтарынан босатылады. 34-Бап Консулдық қызмет адамының жеке басына тиіспеушілік
1. Консулдық қызмет адамдарын құзiреттi сот орындарының қаулылары негiзiнде ауыр қылмыс жасаған жағдайдан басқа кезде тұтқындауға иә қамауға алуға болмайды.
2. Осы баптың 1-тармағында көрсетiлген жағдайларды қоспағанда заңды күшiне енген сот қаулыларын орындаудан басқа кезде, консулдық қызмет адамдарын түрмеге отырғызуға және ешқандай нысандарда жеке басының еркiндiгiн шектеуге болмайды.
3. Егер консулдық қызмет адамына қарсы қылмысты iс қозғалса, бұл адам құзiреттi орындарға келуге мiндеттi. Соған қарамастан iс жүргiзу кезiнде оның ресми тұлға екендiгiне байланысты құрмет көрсетiлуi тиiс және осы баптың 1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, оның консулдық мiндеттерiн орындауы үшiн мейлiнше аз кедергi жасалуы керек. Консулдық қызмет адамын осы баптың 1-тармағына сәйкес ұстау қажеттiгi туындаса, оған қарсы соттық қудалау барынша қысқа мерзiмде басталуы керек.
35-Бап
Юрисдикцияға қарсы иммунитет
1. Консулдық қызмет адамдары консулдық орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк юрисдикциясына қарсы иммунитеттi пайдаланады, бұған мынадай:
а) ол бойынша өкiлдiгiн жiберген мемлекет атынан тiкелей немесе жанама түрде әрекет етпейтiн, консулдық қызмет адамы жасасқан шарттан туындайтын;
b) өтемiн үшiншi бiр адам талап етiп отырған, консулдық орналасқан мемлекетте, жол көлiгi құралдары, кеме немесе әуе кемесi келтiрген шығындардың салдарынан туындайтын;
с) егер олар тек өкiлдігiн жiберген мемлекет атынан бұларды консулдық мақсаттарға пайдаланбайтын болса, консулдық орналасқан мемлекет аумағындағы қозғалмайтын жекеменшiк мүлiкке жататын;
d) олардың өсиеттi орындаушы, мұра мүлiктiң қамқоршысы, мұрагер немесе мұра құқығынан айырылушы ретiнде, өкiлдiгiн жiберген мемлекет атынан емес, жеке адам ретiнде көрiнетiн кездегi мұраға қалдыруға қатысты;
е) олардың консулдық орналасқан мемлекетте өздерiнiң ресми қызметтерiнен тыс жүзеге асырылатын кез келген қызметтерiне жататын азаматтық талаптар қосылмайды.
2. Егер консулдық орналасқан мемлекет осы баптың 1-тармағында
баяндалған ережелерге байланысты атқару шараларын қабылдаған жағдайда, консулдық қызмет адамының жеке басына тиiспеушiлiк және олардың тұрғын үйлерiне тиiспеушiлiк бұзылмауға тиiстi. 3. Консулдық мекеме қызметкерлерi мен көмекшi қызмет адамдары осы баптың 1-тармағының (а) және (Ь) тармақшаларында айтылған азаматтық талаптарды қоспағанда, олардың қызметтiк мiндетiне байланысты консулдық орналасқан мемлекеттiң қылмыстық, азаматтық және әкiмшiлiк юрисдикциясына жатпайды. 36-Бап Куәгерлік жауап беру міндеткерлігі
1. Консулдық мекеме қызметкерлерi консулдық орналасқан мемлекетте сот немесе әкiмшiлiк процедураларында куәгер ретiнде жауап беру үшiн шақыртыла алады.
1.2. Консулдық мекеме қызметшiлерi немесе қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерi осы баптың 2-тармағында айтылған жағдайларды қоспағанда, жауап беруден бас тарта алмайды.
1.3. Егер консулдық қызмет адамы жауап беруден бас тартатын болса, онда оған ешқандай да күштеу немесе жазалау шаралары қолданыла алмайды.
2. Консулдық мекеме қызметкерлерi өздерiнiң мiндеттерiн атқаруға байланысты мәселелер жөнiнде жауап беруге немесе өздерiнiң мiндетiне қатысты ресми хат-хабарларды немесе құжаттарды тапсыруға мiндеттi емес. Олар өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң заңдары бойынша сарапшы ретiнде куәгерлiк жауап беруден бас тартуға құқылы.
3. Өздерiне консулдық мекеменiң әлдебiр қызметкерiнiң немесе қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерiнiң жауап беруi қажет болған консулдық орналасқан мемлекеттiң құзыреттi өкiметi бұл адамдардың өз мiндеттерiн атқаруына кедергi келтiрмеуi тиiс. Осы өкiмет орындары бұлайша ету мүмкiн болған жағдайда бұл адамның өз үйiнде немесе консулдық мекеме үйiнде оның берген жауабын тыңдай алады немесе одан жазбаша жауап қабылдай алады.
37-бап
Еңбек ету борышы мен әскери міндеткерліктен босату
Консулдық мекеме қызметкерлерi консулдық орналасқан мемлекетте еңбек ету және қоғамдық жұмыс борышы мен әскери мiндеткерлiктiң кез келген нысанынан босатылады. Олар сондай-ақ шетелдiк азаматтарды тiркеуге, мекен-жайға рұқсат алуға, өкiлдiгiн жiберген мемлекет үшiн жұмыс атқаруға байланысты еңбек етуге қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерінде көзделген барлық мiндеткерлiктен және бұлар шетелдiк азаматтарға қатысты консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде көзделген болса, басқа да осындай талаптардан босатылады.
38-Бап
Консулдық мекемені салықтар
мен алымдардан босату
1. Консулдық орналасқан мемлекет салықтар мен алымдардан мыналарды босатады:
а) өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң немесе оның өкiлдiгiнiң атынан сатып алынған консулдық үйлер мен консулдық мекеме қызметкерлерiнiң тұрғын үйлерi, сондай-ақ аталған мүлiктi сатып алуға байланысты шарттар мен актiлер;
b) консулдық мекеменiң ресми мақсаттар үшiн заңды түрде сатып алған
қозғалмалы мүлкi мен көлiк құралдары, сондай-ақ оларды сатып алу, иелiк ету немесе ұстау. 2. Осы баптың 1-тармағының ережелерi мыналарға қатысты қолданылмайды: а) арнаулы қызметтер үшiн төлем ретiнде алынатын салықтар мен алымдар; b) өкiлдiгiн жiберген мемлекетпен немесе оның өкiлiмен шарт жасасқан адамнан консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес алынатын салықтар мен алымдар. 39-Бап Консулдық мекеме қызметкерлерін салық төлеуден босату
1. Консулдық мекеме қызметкерлерi консулдық орналасқан мемлекеттiң жеке бас, мүлiктiк, мемлекеттiк, аудандық және муниципальдық салықтары мен баж салықтарынан босатылады, бұған мыналар жатпайды:
а) әдетте тауарлар мен көрсетiлетiн қызметтер құнына қосылатын жанама салықтар;
b) осы Конвенцияның 38-бабының 1-тармағының ережелерiнде көзделгендердi есептемегенде консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағындағы қозғалмайтын жеке меншiк мүлiкке салынатын салықтар мен баж салықтары;
с) осы Конвенцияның 43-бабының 2-тармағының ережелерiнде көзделгендердi есептемегенде мұрагерлiк мүлiк салықтары немесе мұралық етуге баж салықтары немесе мүлiк иесiнiң алмасуына салықтар;
d) түсiм көзi консулдық орналасқан мемлекетте болып табылатын капиталдан түсетiн табысты қоса алғанда жеке табысқа салынатын салықтар мен алымдар және консулдық орналасқан мемлекеттегi коммерциялық және/немесе қаржы кәсiпорындарына жұмсалатын күрделi қаржыға салынатын салықтар;
е) қызмет көрсетудің нақты түрлерi үшiн алынатын алымдар;
f) осы Конвенцияның 38-бабының ережелерiнде көзделгендердi
есептемегенде тiркеу, соттық және реестрлiк баж салықтары, ипотекалық алымдар, елтаңбалық алымдар. 2. Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң өкiлдiгiн жiберген мемлекеттен алынатын еңбек жалақысына консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiне сәйкес еңбек жалақысынан алынатын салықтар мен басқа да алымдар салынбайды. 3. Консулдық орналасқан мемлекетте еңбек жалақысы табыс салығынан босатылмаған адамдарды жалға алған консулдық мекеме қызметкерлерi табыс салығын алуға байланысты осы мемлекеттiң заңдары мен ережелерi жалдаушыларға жүктеген мiндеттемелердi орындайды. 40-Бап Кедендік баж салығы мен кеден бақылауынан босату
1. Консулдық орналасқан мемлекет ондағы қабылданған заңдар мен ережелерге сәйкес әкелу мен әкетуге рұқсат етедi, сонымен қатар сақтауға, тасымалдауға және осындай қызмет түрлерiне алымдарды қоспағанда, барлық мынадай кедендiк баж салықтарынан босатады:
а) көлiк құралдарын қоса алғанда, консулдық мекеменiң қызметтiк пайдалануына арналған заттар;
b) консулдық қызмет адамының жеке пайдалануындағы заттар;
с) консулдық мекеме қызметкерлерi мен қызмет көрсететiн жұмысшылардың алғашқы мүлiк жинауына арналған үй жиhаздарын қоса алғанда, жеке пайдалануындағы заттар.
2. Осы баптың 1-тармағындағы (Ь) және (с) тармақшаларында көрсетiлген заттар тиiстi адамның тiкелей тұтынуы үшiн қажеттi санынан аспауы керек.
3. Консулдық қызмет адамының жеке жүктерi кедендiк тексерiстен босатылады. Егер консулдық орналасқан мемлекеттiң құзiреттi органдары жүк ішінде осы баптың Ь) және с) тармақшасында көрсетiлгендерден басқа заттардың барлығын орынды негiзде шамаласа, немесе консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiнде тасып әкелуi мен әкетiлуiне тыйым
салынған заттар немесе карантиндiк ережелерiне жататын жағдайларда ғана заттардың тексерiлуi мүмкiн. Мұндай жағдайда тексерiс тиiстi консулдық қызмет адамының немесе оның өкiлiнiң қатысуымен жүргiзiлуге тиiс. Егер өкiлдiгiн жiберген мемлекеттiң өкiмет орындары бұл талаптарды орындаудан бас тартса, онда аталған жүк жiберiлген орнына қайтарылып жiберiледi. 41-Бап Консулдық мекеме қызметкерлерінің отбасы мүшелерінің артықшылықтары мен иммунитеттері Консулдық қызмет адамдарының, консулдық мекеме қызметшiлерiнiң және қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерi осы Конвенцияның 42-бабының 2-тармағында түсiндiрiлген, осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес консулдық қызмет адамдары, консулдық мекеме қызметкерлерiнiң және қызмет көрсетушi персонал қызметкерлерiнiң пайдаланатын тиiстi артықшылықтары мен иммунитеттерiн пайдаланады. 42-Бап Артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланбайтын адамдар
1. Консулдық мекеме қызметкерлерi мен қызмет көрсетушi персоналдың қызметкерлерi, егер олар консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылса немесе онда тұрақты тұратын болса, 36-баптың 3-тармағында қарастырылған жағдайларды қоспағанда, осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланбайды.
2. Консулдық мекеме қызметкерлерiнiң отбасы мүшелерi, егер
көрсетiлген адамдар консулдық орналасқан мемлекеттiң азаматтары болып табылған немесе онда тұрақты тұрған жағдайда, артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланбайды. 3. Жеке үй қызметкерi осы Конвенцияның ережелерiнде қарастырылған артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланбайды. 43-Бап Консулдық мекеме қызметкерінің мұраға қалдырған мүлкі Консулдық мекеме қызметкерi немесе оның отбасы мүшесi қайтыс болған жағдайда консулдық орналасқан мемлекет:
а) көрсетiлген адамның консулдық орналасқан мемлекетте сатып алған және қайтыс болған кезiне дейiнгi әкетуге тыйым салынған мүлiктерiн қоспағанда, марқұмның қозғалмалы мүлкін алып кетуге рұқсат бередi;
b) қайтыс болған адамның бұл мемлекетке консулдық мекеменiң қызметкерi немесе оның отбасы мүшесi ретiнде келуiне байланысты алып келген немесе консулдық орналасқан мемлекетте сатып алған қозғалмалы мүлiктерiне ешқандай мемлекеттiк, аудандық немесе муниципалдық мұралық салықтар немесе мұрагерлiк алымдар алмайды.
44-Бап
Консулдық артықшылықтар мен иммунитеттердің
басталуы және аяқталуы
1. Консулдық мекеменiң әрбiр қызметкерi өзiнiң тағайындалған орнына барардағы консулдық орналасқан мемлекеттiң аумағына оның кiрген сәтiнен бастап немесе егер, ол осы мемлекеттiң аумағына келiп қойған болса, консулдық мекемедегi өзiнiң мiндетiн орындауға кiрiскен сәттен бастап осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
2. Консулдық мекеме қызметкерiнiң отбасы мүшелерi, бұл қызметкердiң артықшылықтары мен иммунитеттерiн пайдалана бастаған сәтiнен бастап немесе консулдық орналасқан мемлекеттің аумағына олардың енген сәтiнен бастап немесе олар оның отбасы мүшелерi болған сәтiнен бастап осы Конвенцияда көзделген артықшылықтар мен иммунитеттердi пайдаланады.
3. Консулдық мекеме қызметкерiнiң мiндетi тоқтатылғанда оның артықшылықтары мен иммунитеттерi, сонымен қатар оның отбасы мүшелерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi, осы адам консулдық орналасқан мемлекеттен кеткен соң немесе мұны iстеу үшiн ақылға сыйымды мерзiм
өткеннен кейiн тоқтатылады. 4. Консулдық мекеме қызметкерi қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелерi өздерiне берiлген артықшылықтар мен иммунитеттердi олардың консулдық орналасқан мемлекеттен кеткен сәтiне дейiн немесе консулдық орналасқан мемлекеттен кету үшiн ақылға сыйымды мерзiм өткенше пайдалануын жалғастырады. 45-Бап Артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарту
1. Өкiлдiгiн жiберген мемлекет осы Конвенцияның 35 және 36-баптарында көрсетiлген консулдық мекеменiң тиiстi қызметкерлерi пайдаланатын артықшылықтар мен иммунитеттерден бас тарта алады. Бас тарту барлық жағдайда консулдық орналасқан мемлекетке жазбаша нысанында айқын бiлдiрiлуi тиiс.
2. Осы Конвенцияның ережелерiне сәйкес консулдық мекеме
қызметкерi юрисдикциялық иммунитеттi пайдалана алатын жағдайда оған қатысты сот iсi қозғалғанда ол негiзгi талапқа тiкелей байланысты қандай да бiр қарсы талапқа қатысты иммунитетке сiлтеме жасау құқығынан айырылады. 3. Азаматтық немесе әкiмшiлiк iстер жөнiндегi юрисдикциялық иммунитеттен бас тарту сот шешiмiн орындауға қатысты иммунитеттен бас тартуды бiлдiрмейдi. Осындай бас тарту үшiн жеке жазбаша хабарландыру қажет. IV Бөлім Жалпы нұсқамалар 46-Бап Консулдық орналасқан мемлекеттің заңдары мен ережелерін құрметтеу
1. Осы Конвенцияға сәйкес артықшылықтар мен иммунитеттер берiлетiн барлық адамдар өздерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерiне зиян келтiрместен, жол қозғалысын реттейтiн заңдар мен ережелердi қоса алғанда, консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн құрметтеуге
мiндеттi. 2. Консулдық үй-жайлар консулдық мiндеттердi орындаумен сыйыспайтын мақсатта пайдалануға тиiстi емес. 3. Консулдық мекеме, консулдық мекеме қызметкерлерi мен олардың отбасы мүшелерi көлiк құралдарын сақтандыру жөнiндегi консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдары мен ережелерiн сақтауға мiндеттi. 47-Бап Дипломатиялық өкілдіктердің консулдық міндеттерді орындауы
1. Осы Конвенция ережелерi осы мәтiннен шығатын дәрежеде сонымен бiрге дипломатиялық өкiлдiктердiң консулдық мiндеттердi орындау жағдайларында да қолданылады.
2. Дипломатиялық өкiлдiктiң консулдық бөлiмге тағайындалған немесе өкiлдiктiң консулдық қызметiн орындау тапсырылған қызметкерлерiнiң аты мен тектерi консулдық орналасқан мемлекеттiң сыртқы iстер министрлiгiне немесе осы министрлiк көрсеткен органға хабарланады.
3. Консулдық қызметiн атқару кезiнде дипломатиялық өкiлдiк:
а) консулдық округтың жергiлiктi өкiметтерiне;
b) егер ол консулдық орналасқан мемлекеттiң заңдарына, ережелерi
мен дәстүрлерiне немесе тиiстi халықаралық келiсiмдерге қайшы келмейтiн болса, консулдық орналасқан мемлекеттiң орталық өкiмет орындарына өтiнiш жасай алады. 4. Осы баптың 2-тармағында айтылатын дипломатиялық өкiлдiк қызметкерлерiнiң артықшылықтары мен иммунитеттерi дипломатиялық қатынастарға қатысты халықаралық құқық қалыптарымен реттелiп отырады. V Бөлім Қорытынды ережелер 48-Бап Бекітілуі, күшіне енуі, күші жоюы
1. Осы Конвенция бекiтiлуге тиiстi және бекiту грамоталарымен алмасқан күннен бастап отызыншы күнi күшiне енедi.
2. Конвенция белгiсiз мерзiмге жасалып отыр және Уағдаласушы Тараптардың бiрi екiншi Уағдаласушы Тарапқа өзiнiң осы Конвенцияның қолданысын тоқтатқысы келетiнi жөнiнде жазбаша түрде хабарлаған күнiнен бастап алты ай өткенге дейiн қолданыста болады.
Осыны растау үшiн Уағдаласушы Тараптардың Уәкiлдерi осы Конвенцияға қол қойды және оны мөрмен бекiттi. Кишинеу қаласында 1997 жылғы 23 қазанда екi данада, әрқайсысы қазақ, молдован және орыс тiлдерiнде жасалды, сондай-ақ барлық мәтiндердiң күшi бiрдей. Осы Конвенция ережелерiн түсiндiруде пiкiр алшақтығы туындаған жағдайда орыс тiлiндегi мәтiн қолданылады. Қазақстан Республикасы Молдова Республикасы үшін үшін "Қазақстан Республикасы мен Молдова Республикасы арасындағы Консулдық конвенцияны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасына Анықтама парақ 1. Заң жобасының бастамашысы Қазақстан Республикасының (органның толық атауы) Үкіметі 2. Заң жобасын әзірлеу жөніндегі құрылған жоқ жұмыс тобының құрамы 3. Заң жобасы жөніндегі бас Халықаралық істер, қорғаныс комитет және қауіпсіздік жөніндегі комитет 4. Заң жобасының Қазақстан Республикасының Парламентінде тіркелген күні 23.10.1998 ж. 5. Заң жобасы бойынша Қазақстан Республикасы Парламенті тұрақты комитеттерінің қорытындысы 6. Заң жобасы бойынша ҚР Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасы ҚР Әділет министрлігімен, Үкіметінің, министрліктердің, ҚР Стратегиялық жоспарлау және ведомстволардың, басқа да реформалар жөніндегі агенттігімен, мемлекеттік органдар мен ҚР Ішкі істер министрлігімен, қоғамдық бірлестіктердің ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, қорытындысы ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігімен келісілген 7. Заң жобасының ғылыми өткізілген жоқ сараптамасы 8. Заң жобасы жөнінде баяндама Қазақстан Республикасы жасау кімге тапсырылды Сыртқы істер министріне Мамандар: Қасымбеков Б.А. Кобдалиева Н.М.