Мәскеуде 1996 жылғы 17 мамырда жасалған Сыртқы шекарада дағдарысты жағдайлар туындаған кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара әскерлерінің өзара әрекет жасауы туралы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Ресми емес аударма Сыртқы шекарада дағдарысты жағдайлар туындаған кезде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің шекара әскерлерінің өзара әрекет жасауы туралы Келісім ТМД елдерiнiң ережесiне, Коллективтік қауiпсіздiк келiсiмге, сүйене отырып, ТМД елдерiнің басқа елдер арасындағы шекарасын тиiмдi күзетуді ТМД елдердi өз ұлттық заңымен, Хельсенки актіне сүйене отырып халық және мемлекет қауiпсiздігiн, бейбiтшiлiк үшiн сырткы шекараны шешімді, және бiрлесiп қорғау үшiн ТМД елдерi төменгі келiсімге келiсiп қол қойды. Төменгi келiсiмдерге келiсілдi: 1-шi бап Төменгі келiсiмдегi терминдер мына мағыналарды түсiндiредi: "Сыртқы шекара - ТМД-ға кiретiн мемлекеттердің басқа мемлекеттермен (ТМД-ға кiрмейтiн) шекаралас шекара бөлiгi. "Шекара әскерi" - ТМД-ға кіретiн елдердiң шекара әскерi.
"Дағдарысты жағдай" - бiрлесiп шешудi талап ететiн сыртқы шекара бөлігіндегі әскери, саяси және әлеуметтік қақтығыс.
"Шекаралық топтар" - сыртқы шекара бөлiгінде дағдарысты жағдай туған кезде, сыртқы шекараны күзетудi күшейту үшiн ТМД елдерiнен бөлiнген шекара әскерi мен қаржыны біріктіріп бiрiккен шекаралық әскери күш құру.
2-шi бап
ТМД-ға кіретін бiр мемлекеттiң (басқа ТМД-ға кiрмейтiн) мемлекетпен шекаралас сыртқы шекарасында да дағдарысты жағдай туған кезде ТМД-ға кiретiн бiр немесе бiрнеше мемлекеттiң өтiнiшi бойынша, сыртқы шекараның дағдарыс туған немесе туатын жағдай болатын бөлiгiнде кеңес бередi және сыртқы шекара бөлiгiнде дағдарыс жағдайдың шиеленiспеуi үшiн көмек көрсетудiң жолдарын қарастырады.
3-шi бап
Сыртқы шекара бөлiгiнде дағдарыс жағдай туған кезде, сыртқы шекарадағы жағдайды қалыпқа келтiру үшiн ТМД-ға кiретiн әр ел өз заңына сүйене отырып және мүмкiншiлiгiне қарай әскери күш құрады.
ТМД елдерiнiң шекаралық топтарының күшi, қаржысы және дағдарыс жағдай болған сыртқы шекара бөлiгiнде болу шарты әрбiр белгiлi жағдайға байланысты шешiледi.
Шекаралық топтарды басқару ТМД елдерiнiң шекара әскерлерiнiң ұсынысы бойынша және сыртқы шекарасы бөлiгiнде дағдарыс жағдай туған мемлекеттiң осындай органдарымен келiсе отырып, ТМД елдерiнiң басшыларының кеңесiмен тағайындалған шекаралық әскери қолбасшыға жүктеледi.
ТМД-ға кiретiн елдер шекаралық топтар қолбасшының дағдарыс жағдай
туған шекаралық ауданда қолданатын басшылық ететiн құқығы мен мiндеттерiн белгiлейдi. 4-шi бап ТМД-ға кiретiн елдер шекаралық топтарды ақшалай қаражатпен қамтамасыз етудi өз мiндеттерiне алады. Дағдарыс жағдай туған шекаралық аудандағы шекаралық топтардың iс-әрекетiн қаржыландыру жолы, ақшалай қаржы өлшемi және материалды техникалық қаржыландыру ТМД елдерiнiң басшыларының кеңесiмен анықталады. 5-шi бап
ТМД-ға кiретiн елдер шекаралық топтардың дағдарыс жағдай туған сыртқы шекара ауданында болу уақыт мерзiмiн, ауданға кiрiп шығу уақыт мерзiмiн және мерзiмiн ұзартуды анықтайды.
6-шы бап
Дағдарыс жағдай туған шекаралық аудандағы шекаралық топтардың әскери қызметкерлерi сыртқы шекарасында дағдарыс жағдай туған мемлекеттiң конституциясы мен заңын мойындайды.
Сыртқы шекара бөлiгiнде дағдарыс жағдай туған ТМД-ға кiретiн мемлекеттiң жерiнде болған шекаралық топ әскери қызметкерлерiнiң юрисдикция сұрақтары төменгi келтiрiлгендей реттеледi:
1. Шекраралық топ әскери қызметкерлерiнiң уақытша жерiнде болған мемлекеттiң жерiнде iстеген әскери қылмыстарына осы мемлекеттiң заңы қолданылады. Осы баптың 1-шi пунктi төменгi жағдайларда қолданылмайды:
а) егер шекаралық топ әскери қызметкерлерiнiң әскери қылмысты iстерi олардың тұрғылықты жерiндегi халқы мен мемлекетiне қарсы болса;
б) егер шекаралаық топтар әскери қызметкерлерiнiң әскери қылмысты iстерi уақытша жерiнде болған мемлекеттiң әскерiнде болғандармен iстелiнсе.
Осы пункттiң "а" және "б" бөлiмiнде көрсетiлген iстермен тұрғылықты мемлекеттiң заңына сүйене отырып сот және басқа компетенттi органдар айналысады.
7-шi бап
Сыртқы шекарасында дағдарыс жағдай туған мемлекетке көмекке келген шекаралық топқа казармалық және әскери қызмет қорымен, аэродроммен, көлiкпен, байланыспен, телефон-телеграф байланысымен, радиобайланыспен және ақшалай қаржыландыру сыртқы шекара бөлiгiнде дағдарыс жағдай туған ТМД-ға кiретiн мемлекетке жүктеледi.
ТМД-ға кiретiн елдер шекара топтарының әскери қызметкерлерiне құқықтың және әлеуметтiк қорғауды кепiлдiкке алады.
8-шi бап
Сыртқы шекара бөлiгiнде дағдарыс жағдай туған ТМД-ға кiретiн мемлекет
және басқа ТМД мемлекеттерi дағдарыс жағдай туған шекара ауданындағы шекара топтарын қажеттi ақпараттармен қамтамасыз етiп отырады. Дағдарыс жағдай туған шекаралық аудандағы қимыл-әрекет жайлы шекаралық топ қолбасшысы ТМД-ға кiретiн елдердi өз уақытында құлағдар етiп отырады. ТМД елдерi сыртқы шекараның дағдарыс жағдай туған аудандарындағы қимыл-әрекет жасауды бақылау жасау үшiн қосымша келiсiм жасайды. 9-шы бап ТМД-ға кiретiн өзара келiсiммен осы Келiсiмге қосымша өзгертулер енгiзуге болады. Осы келiсiмдi түсiну және қолдану туралы келiспеушiлiк ТМД елдерiнiң келiсiмi мен өзара кеңесi арқылы шешіледi. 10-шы бап Осы Келiсiм, осы Келiсiм күшiне ену үшiн ТМД елдерiнiң iшкi мемлекеттiк жағдайды тазалауды орындау туралы үшiншi депозитарияны өткiзгеннен кейiн күшiне енедi. 11-шi бап Келiсiм мерзiмi бес жыл және әр бес жылдан кейiн келесi бес жылға автоматты түрде ұзартылады. Кемiнде алты ай бұрын депозитаридi жазбаша түрде ескерту арқылы ТМД-ға кiретiн әр ел осы келiсiмнен шығуына болады. Осы Келiсiмге қосылуға басқа да ТМД-ға кiретiн мемлекеттерге есiк ашық. 1996 жылдың 17 мамырында Москва қаласында орыс тiлiнде түпнұсқа бiр дана болып жасалынды. Түпнұсқа данасы ТМД елдерiнiң атқару секретариатында сақталады, ол осы Келiсiмге қол қойған әр ТМД мемлекеттерiне осы Келiсiмнiң бекiтiлген көшiрмесiн табыс етедi (жiбередi). Азірбайжан Республикасы үшiн Молдова Республикасы үшін Армения Республикасы үшiн Россия Федерациясы үшін Беларусь Республикасы үшiн Тәжікстан Республикасы үшін Грузия үшiн Түркменстан үшін Қазақстан Республикасы үшiн Өзбекстан Республикасы үшін Қырғыз Республикасы үшiн Украина үшін Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.