Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің біріккен әуе қорғанысы жүйесін құру мен жетілдіру жөніндегі нормативтік құжаттар туралы шешімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 30 желтоқсан N 6-II


     Мәскеуде 1996 жылғы 12 сәуірде жасалған Тәуелсіз Мемлекеттер 
Достастығына қатысушы мемлекеттердің біріккен әуе қорғанысы жүйесін құру 
мен жетілдіру жөніндегі нормативтік құжаттар туралы шешім бекітілсін. 
     
     Қазақстан Республикасының 
             Президенті 
     

       Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің
          әуе қорғанысы біріккен жүйесін құру мен жетілдіру
                 жөніндегі нормативтік құжаттар туралы
                           Шешім
                         Ресми түрде
                    куәландырылған мәтін
        
     
     1. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшыларының Кеңесi 
"Тәуелсiз 

Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру мен жетiлдiру мүддесi үшiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кедендiк және басқа жеңiлдiктердi беру жөнiндегi ұсыныстарды қаржыландыру тәртiбi мен әзiрлеу туралы" 1995 жылғы 3 қарашадағы Шешiмге сәйкес төмендегiлердi шештi:
      Мыналар бекiтiлсiн:
      а) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi Кеңесi жанындағы әуе қорғанысы мәселелерi жөнiндегi үйлестiру комитетiн жыл сайын қаржылай жоспарлау, құруды, қалпына келтiру мен жетiлдiрудi қаржыландыру туралы Ереже (1 қосымша);
      б) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру мен жетiлдiру үшiн қару-жарақ, әскери техника мен басқа да материалдық құралдар тапсырыстарын орналастыру мен орындау тәртiбi туралы Ереже (2 қосымша);
      в) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру мен жетiлдiруде кедендiк және басқа жеңiлдiктердi беру, қару-жарақты, әскери техника мен басқа да материалдық құралдарды тарифтiк емес шектеулерден босату туралы Ереже (3 қосымша).
      2. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің әуе қорғанысы біріккен жүйесін құру туралы Келісімге қатысушы-мемлекеттерге тиісті ішкі мемлекеттік процедураларды орындағаннан кейін өздерінің ұлттық заңдарын жоғарыда аталған бекітілген ережелерімен сәйкес келтіру ұсынылсын.
      3. Осы Шешім оған қол қойылған күннен бастап, ал бұл қажет

мемлекеттер үшін тараптардың олардың тиісті ішкі мемлекеттік 
процедураларды орындағаны туралы жазбаша мәлімдемелерінен кейін күшіне 
енеді.
     
     Мәскеу қаласында 1996 жылдың 12 сәуіріне бір түпнұсқа данада жасалды. 
Түпнұсқа данасы осы Шешімге қол қойған әрбір мемлекетке оның мөр басып 
куәландырылған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 
Атқарушы Хатшылығында сақталады.
     
     Әзірбайжан Республикасының          Молдова Республикасының
     Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін
     
     Армения Республикасының             Ресей Федерациясының
     Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін
     
     Беларусь Республикасының            Тәжікстан Республикасының
     Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін
     
     Грузия Үкіметі үшін                 Түркменстан Үкіметі үшін
     
     Қазақстан Республикасының           Өзбекстан Республикасының
     Үкіметі үшін                        Үкіметі үшін
     
     Қырғыз Республикасының              Украина Үкіметі үшін
     Үкіметі үшін
       


                                      1 Қосымша

Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру мен жетiлдiру жөнiндегi нормативтiк құжаттар туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшылары Кеңесiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi шешiмiмен бекiтiлген


      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе
       қорғанысы бiрiккен жүйесiн, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер
      Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi Кеңесi
      жанындағы әуе қорғанысы мәселелерi жөнiндегi Үйлестiру Комитетiн
        жыл сайын қаржылай жоспарлау, құруды, қалпына келтiру мен
                  жетiлдiрудi қаржыландыру туралы
                               Ереже

                          Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру мен жетiлдiру мүддесi үшiн қаржыландыру тәртiбi мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кедендiк және басқа жеңiлдiктердi беру жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу туралы" (ТМД ӘҚ БЖ) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшылары Кеңесiнiң 1995 жылғы 3 қарашадағы Шешiмi негiзiнде жасалды. Ол "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру туралы" (бұдан былай - Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер) 1995 жылғы 10 ақпандағы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн жыл сайын қаржылай жоспарлау, құруды, қалпына келтiру мен жетiлдiрудi қаржыландыру және Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi Кеңесiнiң жанындағы әуе қорғанысы мәселелерi жөнiндегi Үйлестiру Комитетiнiң (бұдан былай - ТМД ӘК, жөнiндегi Үйлестiру Комитетi) қызметiн қаржыландыру тәртiбiн анықтайды.
      2. Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң бюджеттерiнен қаржыландыру тиiстi жалпы бағдарламалар немесе жобаларды iске асырудағы мүдделi тараптардың шарттары негiзiнде жалпы бағдарламалар мен жобаларға тікелей қаражаттың бөлінуімен жүзеге асырылады.
      Әуе қорғанысын жетiлдiрудiң негiзгi бағыттарын іске асыру жөнiндегi жұмыстардың өздерiне қатысты бөлiктерiн қаржыландыруды әрбір мемлекет өз күшiмен жүзеге асырады.
      3. Жалпы бағдарламалар мен жобалар дегенде ТМД ӘҚ БЖ құру мен жетiлдiру жөнiндегi Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң бiрлескен шаралары түсiнiледi.
      4. Жұмыстардың өздерiне қатысты бөлiгi дегенде ӘҚ ұлттық жүйелерiн құру мен жетiлдiру жоспарларын iске асыру жөнiндегi шаралар түсiнiледi.
      5. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi Кеңесiнiң (ТМД ӘҚ жөнiндегi Комитетiнiң) ұсынысы бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшыларының Кеңесiмен бекiтiлетiн ТМД ӘҚ БЖ құру мен дамытуға қаражат бөлудiң жыл сайынғы Жоспары қаржыландыруға негiз болып табылады.
      6. ТМД ӘҚ БЖ құру мен дамытуға қаражат бөлу Жоспары бойынша ақшаны бөлудi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшыларының Кеңесi немесе Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық Комитетiнiң кезектi бекiтуiмен ТМД ӘҚ БЖ жөнiндегi Үйлестiру Комитетi жүзеге асырады. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi Кеңесi жанындағы әуе қорғанысы мәселелерi жөнiндегi Үйлестiру Комитетiнiң төрағасы қаражаттың уәкiлеттi реттеушiсi болып табылады. Түсiп тұратын ақшалай қаражат Ресей Федерациясының Орталық банкiсiнде белгiленген тәртiппен ашылатын ағымдағы есепте болады.
      7. Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер ТМД ӘҚ БЖ құру мен дамыту мүддесі үшін қару жарақ пен әскери техниканы (Қ және ӘТ) шығару мен алып келуді Әскери мақсаттағы атқарылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулердi тарифтiк емес шектеулердiң (реттеулердiң), шараларын қолданусыз, кедендiк алымдар мен төлемдерсiз, кедендiк шекаралар мен Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң аумағында транзит бостандығы қағидасын сақтай отырып жүзеге асырады.
      8. ТМД ӘҚ БЖ үшiн қару-жарақты, әскери техниканы және басқа материалдық құралдарды жеткiзiп тұру, жөндеу, техникалық алып жүру жұмыстар өндiрiсi және әскери мақсаттағы қызмет көрсетулердi ұсынуды Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер келiсiлген, оның iшiнде ішкі мемлекеттiк бағалар мен тарифтер бойынша жүзеге асырады.
      9. ТМД ӘҚ БЖ-ны құру және дамыту жөнiндегi жалпы бағдарламалар мен жобаларды орындауға байланысты жұмыстардың құпиялық дәрежесi ТМД ӘҚ жөнiндегi үйлестiру комитетiнiң шешiмiмен айқындалады және қаржы-өндiрiстiк қарым-қатынастардағы субъектiлер үшiн мiндеттi болып табылады.
      10. ТМД ӘҚ жөнiндегi Үйлестiру Комитетi ТМД ӘҚ БЖ үшiн жалпы бағдарламалар мен жобалардың тапсырушысы болып табылады.
      ТМД ӘҚ БЖ үшiн жеке жұмыстар бөлiгiндегi қару-жарақ, әскери техника мен басқа да материалдық құралдар тапсырысын Келiсiмге қатысушы-мемлекеттерi қорғаныс министрлiктерiнiң тапсырыс берушiлерi жүзеге асырады.

                   Қаржылай жоспарлау

      11. ТМД ӘҚ БЖ-ны құру және жетiлдiру жөнiндегi жалпы бағдарламалармен және жобалармен көзделмеген қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу шығыстарын жоспарлау тәртiбi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшылары Кеңесiнiң 1994 жылғы 9 қыркүйектегi "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң қару-жарағы мен әскери техникасын жөндеу туралы Шешiмiмен сәйкес кедендiк және басқа салық түрiндегi жеңiлдiктердi берудi ескере отырып жүзеге асырылады.
      12. ТМД ӘҚ БЖ-ның бiрлескен шараларын өткiзу жоспары мен оның шығыс сметасын ТМД ӘҚ жөнiндегi Үйлестiру комитетi әзiрлейдi және Достастыққа қатысушы-мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi Кеңесiнiң бекiтуiне ұсынылады. Аталған жоспарда ТМД ӘҚ жөнiндегi Үйлестiру комитетiнiң қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар көзделген.
      13. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi Мемлекетаралық комиссиясымен келiсiлген жалпы бағдарламалар мен жобаларға қатысатын Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер тиiстi тапсырушылар арқылы "Граниттің Мемлекетаралық қаржы-өнеркәсiптiк тобымен ("Граниттің" МҚӨТ) ТМД ӘҚ жөнiндегi Үйлестіру комитетiне ұсынылатын тиістi бағдарламалар мен жобаларды iске асыру үшiн шарттар (келiсiмдер) жасасады.

                            Қаржыландыру

      14. Жалпы бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыруды оны iске асыруға мүдделi Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер жүргiзедi.
      Әрбiр бағдарлама мен жоба үшiн тiкелей төлем мөлшерi белгiленедi.
      15. Жалпы бағдарламалар мен жобаларға арналған төлемдердi мүдделі Келiсiмге қатысушы мемлекеттер осы бағдарламаларды iске асыру жөнiндегi шешiмдерде белгiленген мерзiмдерде ТМД ӘҚ БЖ-ның қаржы реттеушiсi есебiне аударады.
      16. ТМД ӘҚ БЖ-ны құру және дамыту жөнiндегi жалпы бағдарламалар мен жобаларға, сондай-ақ ТМД ӘҚ жөнiндегi Үйлестiру комитетiнiң жұмысын қамтамасыз етуге арналған қаражатты пайдалану туралы қаржылық есептi оның төрағасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшыларының Кеңесiне бекiтуге ұсынады.
      17. ТМД ӘҚ БЖ-ны құру және дамыту жөнiнде бекiтiлген Жоспарларды iске асыру шарттық мiндеттемелерiн бұзу жөнiндегi жауапкершiлiк қаржы-өндiрiстiк қатынастардың субъектiлерi арасындағы шарттарда (келiсiмдерде) белгiленедi. Тараптардың мiндеттемелердi орындамауына немесе тиiстi түрде орындамауына байланысты даулар Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотында шешiледi (оның мәртебесi туралы Келiсiмге қол қойған мемлекеттер үшiн).
      18. Қару-жарақ пен әскери техниканы жөндеу, жаңғырту, сондай-ақ ТМД ӘҚ БЖ-ның әскери техникасы мен қару-жарағын қалпына келтiруге көмек көрсету жауынгерлiк даярлықта ұстау пайдалану және техникалық қызмет көрсетуге байланысты жұмыстарды қаржыландыруды (мамандар мен техниканы тасымалдауды қоса) "Граниттің" МҚӨТ-мен жасасқан шарттар (келiсiмдер) негiзiнде Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер жүзеге асырады.
      ТМД ӘҚ БЖ-ны құру мен дамытуға қаражат бөлудiң жыл сайынғы жоспарында көзделмеген ТМД ӘҚ БЖ-ның әскери техникасы мен қару-жарағының жауынгерлiк даярлығын қалпына келтiру жөнiндегi жұмыстарды қаржыландыру "Граниттің" МҚӨТ-нiң Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер қорғаныс министрлiктерiнiң тапсырыс берушілерімен жасалған шарттарда белгіленетiн тәртiп бойынша Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң бюджеттiк қаржысы есебiнен жүзеге асырылады.
      19. ТМД ӘҚ БЖ үшiн жаңа қару-жарақ пен әскери техниканы әзiрлеу жөнiндегi ғылыми-зерттеу және тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗЖ және ТКЖ) қаржыландыруды Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшыларының Кеңесi қабылдаған шешiмдерге сәйкес Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мүдделi мемлекеттер жүзеге асырады. Нақты бағдарламаларға қаражат бөлу осы Ереженiң 15-тармағына сәйкес әзiрлеушi-мемлекетке қаржы аудару арқылы жүзеге асырылады.
      20. Бiрлескен жедел оқу-жаттығуларын, оқу-әдiстемелiк жиындарды қаржыландыруды ТМД ӘҚ БЖ-ның бiрлескен шараларын өткiзу Жоспарын және Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң әрқайсысының қатысу дәрежесiн ескере отырып, Келiсiмге қатысушы мүдделi мемлекеттер жүзеге асырады.
      21. Әскери-оқу орындарында және ӘҚ оқу орталықтарында әскери

мамандарды оқыту Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң ӘҚ полигондарында ТМД 
ӘҚ БЖ-ның жауынгерлiк топтарын оқыту жөнiндегi шығыстарды қаржыландыруды 
әрбiр мемлекет шарттық негiзде өз күшiмен жүзеге асырады.
     22. ТМД ӘҚ БЖ-ның құрамына бөлiнген әскерлердi ұстау жөнiндегi 
шығыстарды қаржыландыру Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң өз күшiмен 
жүзеге асырылады.
     23. ТМД ӘҚ БЖ үшiн жалпы бағдарламалар шеңберiнде ТМД ӘҚ жөнiндегi 
Yйлестiру комитетiнiң жұмысын қамтамасыз етуге байланысты шығыстарды 
қаржыландыруды Келісімге қатысушы мүдделi мемлекеттер жүзеге асырады.
     24. Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер бөлген қаражаттың келiп түсуi мен 
жұмсалуына қаржылай бақылау жасауды қаржы қатынастарының субъектiлерi 
жүзеге асырады.
     
                                         2 Қосымша
                                  1996 жылғы 12 сәуiрдегi
                                  Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына
                                  қатысушы-мемлекеттердiң әуе
                                  қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру
                                  мен жетiлдiру жөнiндегi нормативтiк
                                  құжаттар туралы Тәуелсiз
                                  Мемлекеттер Достастығы үкiмет
                                  басшылары Кеңесiнiң Шешiмiмен
                                  бекiтiлген
     
     Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе
     қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру мен жетілдiру үшін қару-жарақ, 
     әскери техника мен басқа да материалдық құралдар тапсырыстарын
                орналастыру және орындау тәртiбi туралы
                                Ереже
     


      1. Осы Ереже 1995 жылғы 3 қарашадағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру мен жетiлдiру мүддесi үшiн материалдық-техникалық қамтамасыз ету, кедендiк және басқа да жеңiлдiктердi беру жөнiндегi ұсыныстарды қаржыландыру тәртiбi мен әзiрлеу туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшылары Кеңесiнiң Шешiмiне сәйкес әзiрлендi.
      2. 1995 жылғы 10 ақпандағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру туралы Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң (бұдан былай - Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер) бюджеттiк қаржысы есебiнен бөлiнетiн қаржы қаржыландыру көзi болып табылады.
      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн (бұдан былай - ТМД ӘҚ БЖ) құру үшiн қару-жарақ, әскери техника мен басқа да материалдық құралдар тапсырыстарын қаржыландыру Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн, сондай-ақ Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң Қорғаныс министрлерi Кеңесi жанындағы әуе қорғанысы мәселелерi жөнiндегi Үйлестiру комитетiн (бұдан былай - ТМД ӘҚ БЖ ҮК) жыл сайын қаржылай жоспарлау, құруды, қалпына келтiру мен жетілдіруді қаржыландыру туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырылады.
      3. Қару-жарақ, әскери техника мен басқа да материалдық құралдар тапсырысы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшыларының Кеңесi бекiткен ТМД ӘҚ БЖ-ны құру және дамытуға қаражат бөлу Жоспарының негiзiнде жүргiзіледi.
      Өз атынан оның төрағасы өкiлеттiк ететiн ТМД ӘҚ жөнiндегi Yйлестiру комитетi ТМД ӘҚ БЖ үшiн жалпы бағдарламалар мен жобалардың тапсырыс берушiсi болып табылады.
      ТМД ӘҚ БЖ үшiн Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң кәсiпорындарында жасалатын қару-жарақ пен әскери техника жөнiндегi Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң мемлекеттiк қорғаныс тапсырыстарын қалыптастыру белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      ТМД ӘҚ БЖ үшiн жеке жұмыстар бөлiгiндегi қару-жарақ, әскери техника мен басқа да материалдық құралдар тапсырысын Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiнiң тапсырыс берушiлерi жүзеге асырады.
      4. ТМД ӘҚ БЖ жөнiндегi Үйлестiру комитетi жоспарланатын жылдың алдындағы жылдың 1 наурызына дейiн Ресей Федерациясы Қарулы Күштерiнiң Қару-жарақ бастығына Достастықтың үкiмет басшылары Кеңесi бекiткен ТМД ӘҚ БЖ-ны құру және дамытуға қаражат бөлу Жоспарын жiбередi, ал Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң кәсiпорындарында жасалатын қару-жарақ пен әскери техника тiзбесi жөнiндегi оның көшiрмесi мемлекеттiк қорғаныс тапсырыстары мен бюджеттiк тапсырысқа оларды кейiннен енгiзу үшiн осы мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiне жiберіледi.
      5. Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерi ТМД ӘҚ БЖ үшiн қару-жарақ, әскери техника мен басқа да материалдық құралдардың тiзбесi жөнiндегi мемлекеттiк қорғаныс тапсырыстарының көшiрмесiн оларды "Граниттің Мемлекетаралық қаржы-өнеркәсiптік тобына жеткiзетiн (бұдан былай - "Граниттің" МҚӨТ) ТМД ӘҚ жөнiндегi Үйлестiру комитетiне жiбередi.
      6. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әскери-экономикалық ынтымақтастығы жөнiндегi мемлекетаралық комиссиясымен келiсiлген жалпы бағдарламалар мен жобаларға қатысатын Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер "Граниттің Мемлекетаралық қаржы-өнеркәсiптiк тобымен ("Граниттің" МҚӨТ) ТМД ӘҚ жөнiндегi Үйлестiру комитетiне ұсынылатын тиiстi бағдарламалар мен жобаларды іске асыру үшін шарттар (келiсiмдер) жасасады.
      7. Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер қорғаныс министрлiктерiнiң тапсырыс берушi басқармалары ТМД ӘҚ БЖ-ны құру мен дамытуға қаражат бөлу Жоспары және Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң мемлекеттiк қорғаныс тапсырыстары негiзiнде "Граниттің" МҚӨТ-мен бiрлесе отырып ТМД ӘҚ БЖ үшiн қару-жарақ, әскери техника мен басқа да материалдық құралдарды әзiрлеу мен жеткізіп тұру жөнінде шарттар жасасады.
      8. Қару-жарақ, әскери техника мен басқа да материалдық құралдарға тапсырыс берушiлер мен жеткiзiп тұрушылар арасындағы өзара қарым-қатынастар әскери ұйымдар үшiн өнiмдердi жеткізіп тұру жөнiндегi қолданылып жүрген құжаттар, сондай-ақ Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер қабылдаған құқықтық және нормативтiк құжаттар негiзiнде реттеледi.
      Тапсырыс берушiлер шарттардың дер кезiнде және дұрыс жасалуы мен орындалуына, сондай-ақ олар бойынша төлемдердiң уақытылы жүргiзілуіне бақылау жасауға мiндеттi.
      9. ТМД ӘҚ БЖ үшiн қару-жарақ пен әскери техниканы әзiрлеу белгiленген тәртiппен бекiтiлген техникалық шарттарға сәйкес және қолданылып жүрген стандарттар бойынша жүргiзiледi. ТМД ӘҚ БЖ үшiн Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң кәсiпорындарында жасалатын қару-жарақ пен әскери техниканы қабылдауды осы мемлекеттердiң қорғаныс министрлiктерiнiң әскери өкiлдiктерi жүргiзедi.
      ТМД ӘҚ БЖ үшiн Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер жеткiзiп тұратын қару-жараққа, әскери техника мен жинақтаушы бұйымдарға техникалық шарттарға сәйкес кепiлдiк мерзiмi белгіленедi.
      10. Қару-жарақ пен әскери техникаға тапсырыс берушiлер ТМД ӘҚ БЖ үшiн дайын өнiмдер бойынша есеп айырысуды жасалған шарттарға сәйкес жеткiзiп тұрушылардың есептерiн төлеу жолымен жүргiзедi.
      11. ТМД ӘҚ жөнiндегi Үйлестiру комитетi ТМД ӘҚ БЖ-ны құру және дамытуға қаражат бөлу Жоспарын iске асыруды қамтамасыз ету және жасалатын шарттарды сөзсiз орындау мақсатында ТМД ӘҚ БЖ үшiн қару-жарақ пен әскери техниканың әзірлеушi-кәсiпорындарға алдын ала төлем беру көлемiн анықтайды.
      12. Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң кәсiпорындары ТМД ӘҚ БЖ үшiн қару-жарақ пен әскери техника өндiрiсiн қамтамасыз етуге арнайы жинақтаушы бұйымдарды өзара жеткiзiп тұруды:
      бас әзiрлеушi-кәсiпорындармен шарттар жасасу;
      "Граниттің" МҚӨТ-нiң арнайы жинақтаушы бұйымдарды әзiрлеушi-кәсiпорындармен жасасқан және тапсырыс берушiлермен келісілген тікелей шарттар жасасу жолымен жүргізеді.
      13. "ТМД ӘҚ БЖ үшiн" деген бұйымның арналу мәртебесiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң қорғаныс министрлерi Кеңесi Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық комитетiмен бiрлесе отырып белгiлейдi. Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң шекаралары арқылы ТМД ӘҚ БЖ үшiн қару-жарақ, әскери техника мен басқа да материалдық құралдарды кедендiк ресiмдеу мен тасу тәртiбi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру және жетiлдiру кезiнде кедендiк әрi басқа да жеңілдiктердi беру және қару-жарақты, әскери техника мен басқа да материалдық құралдарды тарифтiк емес шектеулерден босату туралы Ережемен белгiленедi.
      14. Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер ТМД ӘҚ БЖ үшiн жеткiзілiп тұратын қару-жарақ пен әскери техниканы қайта экспорттауға, сондай-ақ ол туралы ТМД ӘҚ жөнiндегi Үйлестiру комитетiнiң жазбаша келiсiмiнсiз осы Келiсiмге қатыспайтын мемлекеттерге техникалық ақпаратты хабарлауға құқы жоқ.
      15. Келiсiмнен шығатын қатысушы-мемлекеттер жекелеген Келiсiммен белгiленген тәртiп бойынша ТМД ӘҚ БЖ-ны қалпына келтiру мен жетiлдiруге көмек көрсету жөнiндегi Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң шығындарының орнын толтырады.
                                          3 Қосымша

1996 жылғы 12 сәуiрдегi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру және жетiлдiру жөнiндегi нормативтiк құжаттар туралы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiмет басшылары Кеңесiнiң Шешiмiмен бекiтiлген


        Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң
        әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру және жетiлдiру кезінде
      кедендiк және басқа жеңілдiктердi беру және қару-жарақ, әскери
         техника мен басқа да материалдық құралдарды тарифтік емес
                      шектеулерден босату туралы
                                Ереже

      1. 1995 жылғы 10 ақпандағы "Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесiн құру туралы" Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер (бұдан әрi қарай - Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер) Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердiң әуе қорғанысы бiрiккен жүйесi (ТМД ӘҚ БЖ) мүддесiнде қолданылатын (орындалатын) әскери мақсаттағы өнiмдер, атқарылатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтер Тiзбесiне сәйкес (бұдан әрi қарай - Тiзбе, осы Ережеге қосымша) әскери мақсаттағы қару-жарақты, әскери техниканы, материалдық-техникалық және көлiк құралдарын, атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізіп тұруға жеңiлдiктер беруге кепiлдiк бередi.
      2. Келiсiмге қатысушы-мемлекеттер Тiзбеге сәйкес әскери мақсаттағы өнiмдердi, атқарылатын жұмыстар мен көрсетiлетiн қызметтердi алып келу мен шығаруды Келiсiмге қатысушы-мемлекеттердiң кеден шекаралары мен аумақтарында транзит бостандығы қағидасын сақтай отырып, тарифтiк емес шектеулер (реттеу), кеден алымдары мен төлемдері шараларын қолданбай-ақ жүзеге асырады.
      3. Келісімге қатысушы-мемлекеттер ТМД ӘҚ БЖ-ның мүддесі үшін кәсіпорындарда өндірілген әскери мақсаттағы өнімдерді, атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді қосылған құнға салынатын салықтан, арнайы салықтан және түскен пайдаға салынатын салықтан босатады.
      4. Тізбеге сәйкес ТМД ӘҚ БЖ үшін әскери мақсаттағы қару-жарақты, әскери техниканы, материалдық-техникалық және көлік құралдарын, атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізіп тұру 1995 жылғы 3 қарашадағы "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің әуе қорғанысы біріккен жүйесін құру және жетілдіруде көмек көрсету туралы" Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары Кеңесінің Шешімі негізінде жүзеге асырылады.
      Келісімге қатысушы-мемлекеттердің тиісті мемлекеттік органдары үшін кедендік және басқа да жеңілдіктерді беру, ТМД ӘҚ БЖ-ны құру мен жетілдіру үшін жеткізіліп тұратын қару-жарақты, әскери техника мен басқа да материалдық құралдарды тарифтік емес шектеулерден босатуға осы Ереженің

негізінде жасалған Келісімге қатысушы-мемлекеттердің нормативтік 
құжаттары, сондай-ақ Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына 
қатысушы-мемлекеттердің қорғаныс министрлері Кеңесі жанындағы Әуе 
қорғанысы мәселелері жөніндегі Үйлестіру комитетімен келісілген 
қаржы-өндірістік қатынастар субъектілері арасындағы шарттар негіз болып 
табылады.
     
 
                         Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына
                         қатысушы-мемлекеттердің әуе қорғанысы 
                         біріккен жүйесін құру мен жетілдіру
                         кезінде кедендік және басқа да жеңілдіктерді
                         беру және қару-жарақты, әскери техника мен
                         басқа да материалдық құралдарды тарифтік
                         емес шектеулерден босату туралы
                         Ережеге қосымша
     
        Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің
    әуе қорғанысы біріккен жүйесі мүддесінде қолданылатын (орындалатын)
     әскери мақсаттағы өнімдердің, атқарылған жұмыстар мен көрсетілген
                            қызметтердің
                              Тізбесі 
 _____________________________________________________________________
 Санаты    ! Өнімдер, атқарылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер
 _____________________________________________________________________    
   1.      Зениттік ракеталық жүйелер мен кешендер, зениттік
           басқарылатын ракеталар мен ұрыс іс-қимылдарын жүргізуге
           арналған осындай құралдар
  1.1      2 санаттағы тауарларға ҚЖКЖ топтық және жөндеу жиынтықтары   
  1.2      2 санаттағы тауарларға қосымша және тыл арнайы мүліктері,
           қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдар
  1.3      2, 2.1, 2.2 санаттағы тауарларға техникалық (нормативтік-
           техникалық, конструкторлық, технологиялық, бағдарламалық)
           құжаттама.
  1.4      2, 2.1, 2.2, 2.3 санаттағы тауарларға қатысты Тапсырыс          
           берушінің мүддесі үшін орындалған әскери мақсаттағы атқарылатын 
           жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.
  1.5      Әскери-жөндеу кәсіпорындарында қару-жарақ пен әскери
           техниканы жөндеу және жасау
  _______________________________________________________________________
    2      Әскери мақсаттағы басқарудың автоматтандырылған жүйелері
           (автоматтандыру құралдарының кешендері), радиолокациялық,
           радионавигациялық аппараттар, дистанциялық басқару радио.
           аппаратурасы және әуе жағдайына радиолокациялық бақылау жасау
           құралдары (табу радиолокациялық станциялары)
   2.1     3 санаттағы тауарларға ҚЖКЖ топтық және жөндеу жиынтықтары
   2.2     3 санаттағы тауарларға қосымша және тыл арнайы мүліктері,
           қосалқы бөлшектер мен жинақтаушы бұйымдар
   2.3     3, 3.1, 3.2 санаттағы тауарларға техникалық (нормативтік-
           техникалық, конструкторлық, технологиялық, бағдарламалық)
           құжаттама.
   2.4     3, 3.1, 3.2, 3.3 санаттағы тауарларға қатысты Тапсырыс          
           берушінің мүддесі үшін орындалатын әскери мақсаттағы            
           атқарылатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер.
   2.5     Әскери-жөндеу кәсіпорындарында қару-жарақ пен әскери
           техниканы жөндеу және жасау.
 _________________________________________________________________________

     
      "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің
      әуе қорғанысы біріккен жүйесін құру мен жетілдіру жөніндегі
         нормативтік құжаттар туралы" жобаға Грузияның
                        Ерекше пікірі
     
     Грузия Шешімге ескертумен қол қойды:
     "Грузияның ұлттық заңдарын ескере отырып"
     Грузияның ӘҚ жүйесін жетілдіру жөніндегі жекелеген мәселелер Ресей 
Федерациясымен екі жақты негізде шешіледі.
     
                                           Грузияның Мемлекеттік
                                           министрі

     
              Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-
         мемлекеттердің әуе қорғанысы біріккен жүйесін құру мен
         жетілдіру жөніндегі нормативтік құжаттар туралы Шешімге
                      Украинаның ескертпелері 
     
     "1. Шешімнің 2 және 3 тармақтарын, сондай-ақ "біріккен" сөзін Шешім 
мен Ереженің бүкіл мәтіні бойынша алып тастау. 
     2. Шешім Украина үшін оны Украина Парламенті бекіткеннен кейін күшіне 
енеді. 


      3. Украина ұлттық заңдарын ескере отырып оның әлеуетін жоспарларды

іске асыруда пайдаланған жағдайда тек нақты бағдарламаларды қаржыландыруға 
қатысатын болады". 
     
     12 сәуір 1996 жыл. 
     
     Ұсынылған мәтін 1996 жылғы 12 сәуірде Мәскеу қаласында болып өткен 
Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкімет басшылары Кеңесінің отырысында 
қабылданған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің әуе 
қорғанысы біріккен жүйесін құру және жетілдіру жөніндегі нормативтік 
құжаттар туралы Шешімнің түпнұсқасының көшірмесі болып табылатынын 
куәландырамын. Жоғарыда аталған Шешімнің түпнұсқа данасы Тәуеліз 
Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақталады.
     
     Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы
     Атқарушы хатшысының
     бірінші орынбасары
     
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады