Алматыда 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Өнеркәсіптік авариялардың, табиғи апаттардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Өнеркәсіптік авариялардың, табиғи апаттардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 1, 7-құжат) (2000 жылғы 18 қаңтарда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 93 бет) Бұдан былай Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі өнеркәсіптік авариялар мен табиғи апаттардың екі ел үшін әкелетін қауіп-қатерін түсіне отырып;
өнеркәсіптік авариялардың, табиғи апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық екі мемлекеттің әл-ауқаты мен қауіпсіздігіне жәрдемдесуі мүмкін екендігін мойындай отырып;
өнеркәсіптік авариялардың, табиғи апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы ғылыми-техникалық ақпараттармен алмасу, Тараптар үшін пайдалы болуы мүмкін екенін ескере отырып;
өнеркәсіптік авариялардың, табиғи апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жою жөніндегі келісілген саясат жүргізуді талап ететін екі елдің өзара байланысты экологиялық жүйелерінің болуын, сондай-ақ қоршаған Ортаның өзара келісілген мониторингін ұйымдастыруын ескере отырып;
Тараптардың біреуінің күштерімен және құралдарымен жою мүмкін емес төтенше жағдайлардың пайда болуы мүмкіндігін және осыдан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу және олардың зардаптарын жою мақсатымен Тараптардың үйлескен іс-әрекеттерінің қажеттігін назарға ала отырып;
Біріккен Ұлттар Ұйымының, басқа да халықаралық ұйымдардың өнеркәсіптік авариялардың, табиғи апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы рөлін ескере отырып;
1993 жылғы 22 қаңтардағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттер қол қойған Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы өзара әрекеттестік туралы Келісімнің тиісті баптарына сүйене отырып;
Тараптар мүшесі болып табылатын, тиісті халықаралық ұйымдар шеңберіндегі қолданыстағы жалпыға ортақ нормалар мен ережелерді құрметтей және мойындай отырып,
төмендегілер жөнінде келісті:
1-бап
Осы Келісімде қолданылатын терминдер мынадай мағыналарға ие:
"Сұрастырушы Тарап" - екінші Тарапқа жәрдем көрсету жөніндегі топтарды, тиісті жабдықтар және қамтамасыз ету материалдарын жіберу туралы өтініш жасаушы Тарап;
"Ұсынушы Тарап" - екінші Тараптың жәрдем көрсету жөніндегі топтарды, тиісті жабдықтау және қамтамасыз ету материалдарын жіберу туралы өтінішін қанағаттандыратын Тарап;
"жәрдем көрсету жөніндегі топтар" - қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген мамандар топтары, көлік құралдары, жәрдем көрсету жөніндегі топтар;
"жабдықтар" - көмек көрсету үшін пайдаланылатын материалдар, техникалық құралдар, көлік құралдары, жәрдем көрсету жөніндегі топтардың жабдықтары мен жеке жабдықтар;
"қамтамасыз ету материалдары" - табиғи апаттардың немесе авариялардың нәтижесінде зардап шеккен тұрғындардың арасында ақысыз бөлуі үшін арналған материалдық құралдар;
"құзыретті орган" - осы Келісімді іске асыруға байланысты жұмыстарды үйлестіру үшін Тараптар тағайындайтын орган.
2-бап
Тараптар мынадай салаларда ынтымақтастықты жүзеге асыратын болады:
1. Тараптардың өнеркәсәптік авариялардың, табиғи апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жою саласындағы мүмкіншіліктерін арттыру мақсатындағы әдістерді әзірлеу және шараларды қабылдау.
2. Ақпаратпен шұғыл алмасуды ұйымдастыру:
а) Тараптар мемлекеттері аумағында трансшекаралық таратылуы алғы шарттары бар өнеркәсіптік авариялар және табиғи апаттар туралы;
б) Тараптардың өзара көмек туралы сұраныстары мен ұсыныстары,
сондай-ақ тиісті халықаралық ұйымдардан жәрдем жөнінде. 3. Пайда болған өнеркәсіптік авариялар мен табиғи апаттардың зардаптарын жою жөніндегі өзара көмек көрсету. 4. Тараптардың өнеркәсіптік авариялар мен табиғи апаттардың зардаптарын жою саласындағы халықаралық ұйымдармен ынтымақтастығын қамтамасыз ету. Жоғарыда көрсетілген салалардағы ынтымақтастық тең құқықтық және өзара тиімділік принциптеріне негізделеді. 3-бап Осы Келісім шеңберіндегі ынтымақтастыққа мыналар кіреді: 1. Қауіпті техногендік және экологиялық процестердің, сондай-ақ табиғи құбылыстардың мониторингін ұйымдастыру және жүзеге асыру. 2. Өнеркәсіптік аварияларды, табиғи апаттарды болжау және олардың зардаптарын бағалау. 3. Мамандарды даярлау және қайта даярлау. 4. Ақпаратпен және технологиялармен алмасу. 5. Біріккен конференцияларды, семинарларды және жұмыс мәжілістерін ұйымдастыру. 6. Зерттеу жобаларын бірлесе жоспарлау, әзірлеу мен жүзеге асыру және оларды көрсету. 7. Мақалалар, баяндамалар және тематикалық зерттеулерді дайындау. 8. Тараптардың құзыр ететін органдары арасында байланыстарды қамтамасыз етуді. 9. Өнеркәсіптік авариялар мен табиғи апаттар зардаптарын жою.
10. Құзыретті органдармен келістірілуі мүмкін өнеркәсіптік авариялардың, табиғат апаттардың алдын алу және олардың зардаптарын жоюға байланысты кез келген өзге қызмет.
4-бап
Тараптар осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру үшін құзыретті органдары құрылу мерзімдерін, міндеттерін және жұмыс тәртібін анықтайтын төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы ынтымақтастық жөніндегі Қазақ-Грузия комиссиясын құрады. Комиссияның отырысы жыл сайын, сондай-ақ егер Тараптардың құзыретті органдары басқаша келіспесе, қажеттілікке орай, Қазақстан Республикасында және Грузияда өткізіледі.
5-бап
Қазақстан Республикасы үшін құзыретті орган Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті болып табылады.
Грузия үшін құзыретті орган Грузия Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі департаменті болып табылады.
Тараптардың әрқайсысы, егер құзыретті орган өзіне жүктелген міндеттерді орындау жөніндегі өкілеттіктерден айырылған жағдайда, екінші Тарапқа кешіктірмей мәлімдейді. Мәлімдеуші Тарап барынша қысқа мерзім ішінде, бірақ мәлімдеме сәтінен 30 күннен кешіктірмей, екінші Тарапқа Тараптардың бұрынғы құзыретті органының орнын басушы мекеменің атын хабарлайды.
6-бап
Екі Тараптың құзыретті органдары осы Келісімнің орындалуын үйлестіру мақсатында тікелей байланыстар орнатады.
Бірлескен қызметті жоспарлау мен үйлестіру және осы Келісімнің жүзеге асырылуы барысын қарастыру үшін қажеттігіне қарай тараптардың құзырлы органдары өкілдерінің кездесулері өткізіледі.
7-бап
Ақпараттармен алмасуды қоса алғанда, осы Келісімге сәйкес барлық қызметтер, сондай-ақ осы Келісім негізінде басқа да қызметтерді жүзеге асыру Тараптардың әрқайсысының заңдарына сәйкес өткізіледі және олардың әрқайсысының қажетті қаражаттары ескеріледі.
Осы Келісіммен қарастырылған және өнеркәсіптік авариялар мен апаттардың нәтижесінде пайда болған зардаптарды жою жөніндегі көмек көрсетуге тікелей байланысы жоқ қызметтерге қатысушы басқа Тараптар өкілдерін қабылдаушы Тарап, егер Тараптармен басқаша келісілмеген болса, қабылдаушы Тараптың аумағына келуге байланысты барлық шығындарды төлейді.
Қабылдаушы Тараптың аумағына келу және қайтадан қайту жол ақысын жіберуші Тарап төлейді.
8-бап
Өнеркәсіп авариялары мен табиғи апаттардың салдарын жою, қай Тараптың аумағында пайда болса соның күштерімен және құралдарымен жүзеге асырылады.
Егер апаттың көлемі зардап шеккен Тараптың өз бетімен оқшаулап және жоя алмайтындай жағдайда болса, ол көмек сұрау туралы ресми жолдау жіберген кезде, екінші Тарап авариялық құтқару жұмыстарын жүргізуге көмек береді.
Апат аймағында авариялық-құтқару және басқа шұғыл жұмыстарды орындайтын барлық күштерін іс-әрекетіне басшылықты сұрастыратын Тараптың құзыретті органы, ал екі Тараптың мемлекеттері аумақтарын қамтыған апаттар аймағында екі Тараптың құзыретті органдары бірлесе жүзеге асырады.
Авариялық-құтқару, авариялық қалпына келтіру және басқа жұмыстар келтірілген шығындардың орнын кейін толтыру жағдайындағы басқа да жұмыстарды орындау мүмкіндігін ескеретін Тараптардың күштері мен құралдарын сұрастырған Тараптың есебінде немесе Тараптардың келісім шарттарына байланысты өтемсіз көмек түрінде тартылуы мүмкін.
Ұсынушы Тарап көмек көрсету жөніндегі топтарға қатысушылардың (мамандардың) егер бұл осы Келісім ережелері жүзеге асыру кезінде болса жаралануына немесе қаза болуына байланысты шығындар өтем ақыларын және орнын толтыруды өзіне алады.
9-бап
Өнеркәсіптік авариялары және табиғи апаттар жағдайында көмек болған жерге, ол сол аумаққа кідіріссіз адамдарды, материалдық бағалы заттарды құтқару, қоршаған ортаны қорғау үшін қажетті жабдықтармен және көмек көрсету жөніндегі топтарды жіберу жолымен материалдарымен қамтамасыз етілген көмек көрсетіледі.
Көмек көрсету үшін келген топтардың жабдықталуы ең болмағанда 7 тәулік бойы автономиялық қызмет жүргізу үшін жеткілікті болуға тиіс. Осы топтардың қызмет етуі үшін қажетті барлық қорлары біткеннен кейінгі қамтамасыз етуді, егерде Тараптардың басқаша келісімі болмаса сұрастырған Тарап жүзеге асырады.
Көмек көрсету жөніндегі топтар сұрастырған Тараптың есебі бойынша орналастырылады. Қажет жағдайда оларға сұрастырған Тарап тиісті өтемсіз медициналық көмек көрсетеді.
10-бап
Тараптар көмек көрсетудің тиімділігі мен қажетті жеделдігін қамтамасыз ету мақсатында көмек көрсету жөніндегі топтардың мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде ұлттық заңдармен белгіленген нысаншылықтарды жүзеге асыруды ең аз мөлшерге дейін шектеуге міндеттенеді.
Көмек көрсету жөніндегі топтардың жетекшісі шекараның кесіп өту пунктінде жәрдем көрсету жөніндегі топтың бағытын куәландыратын топтық сертификатты көрсетеді, ал топтың барлық мүшелері шет елдік паспорттарын немесе олардың жеке басын куәландыратын басқа да құжаттарын көрсетеді.
Көрсетілген сертификат тиісті Тараптың құзыретті органы береді.
Айрықша шұғыл жағдайларда топтық сертификат, кейінгі топтық сертификатты ресімдеуді жасаумен өткізу пунктінде жәрдем көрсету жөніндегі топ мүшелерінің тізімімен ауыстырылуы мүмкін.
11-бап
Тараптар жәрдем көрсету жөніндегі топтардың жабдықтары мен қамтамасыз ету материалдарын осы Келісім бойынша ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін оңайлатылған түрде және Тарап мемлекеттерінің заңдарына сәйкес басымдылық тәртіппен екі Тараптардың аумағына кіру және шығу кезіндегі кедендік ресімдеуді жүргізуге жәрдемдеседі.
Жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдары кедендік төлемдерден босатылады және көмек көрсету жөніндегі операциялар кезінде пайдалануға немесе бөлінуге тиіс немесе олар аяқталған соң сұрастырған Тараптың аумағынан әкетіледі.
Егер де ерекше жағдайлармен жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдарын алып шығу мүмкіндігі болмаса, онда ұсынушы Топтың құзыретті органдары сұрастырушы Тараптың кеден қызметтеріне бұндай жабдықтар мен қамтамасыз ету материалдарының шығу тегі пайдалану дәрежелері және сақталуы, саны мен тұрған жері туралы ақпарат беруге тиіс.
Көмек көрсету қажеттігі жағдайында сұрастырушы Тараптың заңдарына сәйкес жедел медициналық оның мемлекеті аумағына құрамында есірткі заттары бар қажетті көлемде медициналық дәрі-дәрмектерді әкелулерге рұқсат етіледі. Мұндай медициналық дәрі-дәрмектер Тараптардың әрқайсысы белгілеген ережелерге сәйкес тек қана білікті мамандарымен пайдаланылады.
12-бап
Жәрдем көрсету жөніндегі топтар көтерген шығындардың, әкелінген жабдықтардың жоғалуына немесе толық не жартылай жойылуына байланысты шығындарды қоса алғанда, орнын толтыру тәртібі Тараптардың уағдаластыруы бойынша реттеледі.
13-бап
Көмек көрсету жөніндегі жұмыстар аяқталғаннан соң ұсынушы Тарап сұрастырушы Тараптың құзыретті органына жүргізілген жұмыстар туралы жазбаша баяндама жібереді.
Сұрастырушы Тараптың құзыретті органы ұсынушы Тараптың құзыретті органына төтенше жағдайдың сипаты, түрі және алынған көмектің көлемі, жүргізілген жұмыстардың қорытындылары көрсетілген, жәрдем көрсету жөніндегі топтардың қызметі туралы қорытынды баяндама жібереді.
14-бап
Осы Келісім шеңберінде жүзеге асырылатын қызметтерге байланысты, әрбір Тарап өз мемлекетінің заңдарына сәйкес екінші Тараптың олардың құзыретті органдармен байланысты не болмаса байланысты еместігіне қарамастан, өкілдерінің өз аумағына келуі мен одан кетуіне, сондай-ақ тиісті, мекемелерге, ұйымдарға және ақпарат көздеріне қол жеткізуін
қамтамасыз ететін болады. 15-бап Осы Келісім шеңберінде жүргізілген қызметтің нәтижесінде алынған ақпарат, Тараптар заңдарына сәйкес жариялануға жатпайтын ақпаратты қоспағанда, Тараптардың құзыретті органдарының басқаша түрде жазбаша келісімі болмаса, Тараптардың әдеттегі және ережелері негізінде жарияланады. 16-бап Осы Келісім Тараптардың халықаралық келісімдер мен халықаралық ұйымдарға қатысуларынан туындайтын құқықтары мен міндеттерін қозғамайды. 17-бап Осы Келісімді түсіндіру және қолдану құзырлы органдар арасында консультациялар шешуге болмайтын пікір аймақтарында дипломатиялық арналар бойынша реттеледі. 18-бап
Тараптардың өзара уағдаластыру бойынша осы Келісімге, осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамалармен ресімделетін қажетті толықтырулар мен өзгертулер енгізілуі мүмкін.
19-бап
Осы Келісім оның күшке енуі үшін қажетті Тараптардың мемлекет ішілік процедураларды орындағаны жөніндегі соңғы жазбаша мәлімдеме күнінен бастап күшіне енеді және 5 жыл бойы қолданыста болады. Егер Тараптардың ешқайсысы кезекті бес жылдық мерзімнің бітуіне дейін алты ай қалғанға дейін осы жазбаша түрде мәлімдемесе, оның қолданысы келесі бес жылдық мерзімдерге
ұзартылатын болады. Осы Келісім қызметінің тоқтатылуы оның қызметінің тоқтатылуына дейін басталған, бірақ Келісім қызметінің тоқтатылуы сәтіне дейін аяқталмаған қызметтің қай қайсысына болса да таратылмайды. 1997 жылғы 11 қарашада Алматы қаласында екі данада, әрқайсысы қазақ, грузин, орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндерінің күші бірдей. Осы Келісім ережелерін талқылау мақсаты үшін орыс тілінде мәтін пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Грузияның Үкіметі Үкіметі үшін үшін Мамандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.