Қазақ КСР-інің Еңбек туралы заңдар кодексіне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 5 сәуір N 362-I

      1972 жылғы 21 шілдеде Қазақ КСР Заңымен бекітілген Қазақ КСР-інің Еңбек туралы заңдар кодексіне (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Ведомостары, 1972 ж., N 31 (917) қосымша; 1973 ж., N 51; 1974 ж., N 37; 1977 ж., N 11; 1980 ж., N 12, N 24, N 45, 141-құжат; 1982 ж., N 2, 25-құжат; 1983 ж., N 46, 500-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1985 ж., N 45, 457-құжат; 1986 ж., N 25, 242-құжат; N 28, 275-құжат; N 49, 507-құжат; 1987 ж., N 18, 227-құжат; N 43, 518-құжат; 1988 ж., N 16, 160-құжат; N 27, 277-құжат; 1989 ж., N 49, 445-құжат; 1990 ж., N 43, 404-құжат; N 44, 410-құжат; N 50, 467-құжат; 1991 ж., N 26, 348-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 6, 112-құжат; N 13-14, 316-құжат; 1993 ж., N 3, N 41, 56-құжаттар; 1994 ж., N 9-10, 147-құжат; 1995 ж., N 21, 126-құжат; N 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 6, 66-құжат; 1998 жылы 25 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1998 жылғы 17 желтоқсандағы Z980323_ Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      159-бапта:
      бірінші бөлігінде "сонымен қатар, олардың қалауына қарай, бала бір жарым жасқа толғанға дейінгі оны күтіп-бағу жөніндегі ішінара ақы төленетін демалыс осы кезеңге еңбек стажының ұзақтығына қарамастан мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен жәрдемақы төлей отырып беріледі" деген сөздер "ұйымда жұмыс істеу ұзақтығына қарамастан жұмыс берушінің қаражаты есебінен осы кезең үшін жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы төлей отырып беріледі." деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөлігі алып тасталсын;
      162-бапта:
      бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      "Жүктілігі және босануы бойынша жәрдемақы, сондай-ақ тікелей перзентханадан бала асырап алған әйелдерге (еркектерге) жәрдемақы жүктілігі және босануы бойынша бүкіл демалыс ішінде немесе бала асырап алған күннен бастап демалыс кезеңі ішінде және бала туылған күннен бастап елу алты күн өткенге дейін орташа айлық жалақы есебінен, бірақ Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен айлық есептік көрсеткіштің он еселенген шамасынан аспайтын мөлшерде төленеді.".
      екінші бөлігі алып тасталсын;
      17-тараудың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17-тарау. Қызметкерлерді әлеуметтік қамсыздандыру";
      232-бап алып тасталсын;
      233-бап мынадай редакцияда жазылсын:
      "233-бап. Қызметкерлерді жұмыс берушілердің қаражаты есебінен әлеуметтік қамсыздандыру
      Қызметкерлерге, ал тиісті жағдайларда олардың отбасы мүшелеріне жұмыс беруші өз қаражаты есебінен уақытша жұмысқа жарамсыздығы бойынша (соның ішінде жұмыста мертігуі мен кәсіптік ауруы бойынша, жүктілігі мен босануы бойынша) әлеуметтік жәрдемақы беруге міндетті.
      Әлеуметтік қамсыздандыру Қазақстан Республикасының заң актілерінде белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
      Аталған жәрдемақыларды төлеу жөніндегі өз міндеттемелерін

орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жұмыс беруші Қазақстан 
Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";
     234-баптың бірінші бөлігінде "он бес еселенген" деген сөздер "он 
еселенген" деген сөздермен ауыстырылсын;
     235-баптағы "толық табысы мөлшерінде" деген сөздер "орташа айлық 
жалақысының есебінен, бірақ айлық есептік көрсеткіштің он еселенген 
шамасынан артық емес мөлшерде Қазақстан Республикасының Үкіметі 
белгілейтін тәртіппен" деген сөздермен ауыстырылсын.
     
     Қазақстан Республикасының 
           Президенті 
     
     Оқығандар:
          (Қасымбеков Б.А.) 
          (Үмбетова А.М.) 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады