Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау мен импорттау кезіндегі жанама салықтарды алу принциптері туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 24 маусым N 400-I


     Алматыда 1997 жылғы 11 қарашада жасалған Қазақстан 
Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы тауарларды 
(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) экспорттау мен импорттау кезіндегі 
жанама салықтарды алу принциптері туралы келісім бекітілсін.
     
     Қазақстан Республикасының
             Президенті 
     
                Қазақстан Республикасының Үкiметi
                  мен Грузия Үкiметi арасындағы
           тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетулердi)
             экспорттау және импорттау кезiндегі өзара
             жанама салықтардың принциптерi туралы
                            Келісім 
     
     (2000 жылғы 5 шілдеде күшіне енді - ҚР халықаралық шарттары 
                бюллетені, 2001 ж., N 5, 45-құжат) 
     
     Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Грузия Yкiметi, одан әрі
Тараптар,
     сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға, шаруашылық 
субъектiлерi үшiн тең мүмкiндiктердi тағайындауға және адал бәсекелестiк 
үшiн жағдайлар жасауға,
     халықаралық сауданың жалпы нормалары мен тәртiптерiн бағдарға алып,
     мына төмендегiлерге келiстi:
     
                           1-Бап
                    Жалпы айқындамалар
     
     Осы Келiсiмнің мақсаты үшiн:
     а) "жанама салықтар" терминi қосылған құнға салынған салықтарды
және акциз салықтарын немесе алымдарын бiлдiредi;


      б) "нөлдiк ставка" терминi Тараптар мемлекеттерiнiң салық туралы заңдарымен тағайындалған есептеу тәртiптерiне сәйкес қосылған құнға нөл процент ставкасы бойынша салынған салықтарды бiлдiредi;
      в) "белгiлеу орнының принципi" терминi бiр Тараптың кедендiк аумағымен экспорт кезiнде нөлдiк ставканы қолдану және екiншi Тараптың ұлттық заңдарымен бекiтiлген қолданыстағы ставка бойынша импорт кезiнде салық салуды бiлдiредi;
      г) "құзыреттi органдар" терминi қазақстан жағынан - Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiн, грузин жағынан - Грузин Қаржы министрлiгiн білдiредi.

                            2-Бап
               Экспорттау кезiнде салық алу принциптерi

      Тараптар бiр Тараптың аумағынан басқа Тараптың аумағына экспортталатын тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) жанама салықтар салынбайды.

                            3-Бап
              Импорттау кезiнде салық алу принциптерi

      1. Басқа Тарап аумағынан экспортталып бiр Тарап аумағына импортталатын тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсетулер) импорттаушы мемлекетте, оның заңдарына сәйкес, жанама салықтар салынады. Тараптың-импорттаушының кедендiк аумағына тауарлар әкелiнген кезде жанама салық салуды кеден органдары жүзеге асырады.
      2. Басқа Тараптың аумағынан экспортталған импорт тауарларына (жұмыстарына, қызмет көрсетулерге) салық салу кезiнде Тараптар олардың iшкi рыногтарында өндiрiлетiн (сатылатын) ұқсас тауарлар үшiн (жұмыстар, қызмет көрсетулер) бекiтiлген сондай салық ставкаларын, жеңiлдiктердi және есептеу тәртiбiн қолданады.

                          4-Бап
                 Даулы мәселелерді шешу

      Осы Келiсiмнiң ережелерiн түсiндiруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық дауларды және пiкiр қайшылықтарды Тараптардың құзiреттi органдары консультациялар мен келiссөздер арқылы шешедi.

                         5-Бап
                      Күшiне енуi

      1. Осы Келiсiм барлық қажеттi мемлекетiшілік рәсiмдердi орындағандығы туралы Тараптардың хабарланған күнiнен бастап күшiне енедi.
      2. Осы Келiсiм тек оның күшiне енген күнiнен кейiн ғана ұсынылатын тауарларға (жұмыстарға, қызмет көрсетулерге) қатысты қолданылады.
      3. Кез келген Тарап Келiсiм әрекет ету кезiнде туындаған қаржылық және басқа да мiндеттемелердi реттегеннен соң шығуынан алты ай бұрын екiншi Тарапқа жазбаша ескерту жiберiп, осы Келiсiмнiң әрекетiн тоқтатуға болады.
      4. Тараптар қажет болғанда осы Келiсiмдi жүзеге асыру барысын және оған толықтырулар мен өзгерiстер енгiзудiң мақсатқа лайықтығын бағалау үшiн консультациялар жүргiзетiн болады. Бұндай консультациялардың мерзiмiн Тараптар қосымша анықтайды.

     Алматы қаласында "11" қарашада 1997 жылы екi түпнұсқа данада 
әрқайсысы қазақ, грузин және орыс тiлдерiнде жасалды, барлық мәтiндердің де
күшi бiрдей.
     Осы Келiсiмнiң қазақ және грузин тiлдерiндегi мәтiнi бойынша 
Тараптар арасында пiкiр қайшылығы пайда болған жағдайда негiзге орыс
тiлiндегi мәтiн алынады.
     
     Қазақстан Республикасының                     Грузия
        Үкіметі үшін                            Үкіметі үшін
     
     Мамандар:
       Қасымбеков Б.А. 
       Нарбаев Е.Ә. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады