Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексін күшіне енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 13 шілдедегі N 412-1 Заңы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 31 қазандағы № 377-V Кодексімен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР 31.10.2015 № 377-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

      1-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі, осы Заңмен күшіне енгізудің өзге мерзімдері белгіленген ережелері қоспағанда, 1999 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енгізілсін. 

      2-бап. "Қазақ ССР Азаматтық істер жүргізу кодексін бекіту туралы" 1963 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақ ССР Заңымен бекітілген Қазақ ССР-інің Азаматтық істер жүргізу кодексінің (Қазақ ССР Жоғары Советі мен Үкіметінің Ведомостары, 1964 ж., N 2; 1965 ж., N 49; N 52; Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1967 ж., N 15; N 50; 1968 ж., N 8; 1972 ж., N 47; 1974 ж., N 46; 1977 ж., N 29; 1980 ж., N 50, 215-құжат; 1981 ж., N 36, 612-құжат; 1982 ж., N 2, 23-құжат; N 4, 53-құжат; 1983 ж., N 41, 435-құжат; 1984 ж., N 36, 447-құжат; 1985 ж., N 19, 192, 193-құжаттар; N 49, 514-құжат; 1988 ж., N 2, 19-құжат; N 15, 148-құжат; N 16, 159-құжат; 1990 ж., N 11, 110-құжат; 1991 ж., N 28, 373-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 11-12, 294-құжат; N 24, 597-құжат; 1993 ж., N 8, 161-құжат; N 17, 419, 424-құжаттар; 1995 ж., N 23, 140-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 1-2, 8-құжат; N 11, 152-құжат; 1998 ж., N 13, 194-құжат; N 17-18, 224-құжат) 1999 жылғы 1 шілдеден бастап күші жойылды деп танылсын. 
      Қазақстан Республикасының аумағында қолданылып жүрген заңдар мен нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкестендірілуге тиіс. 
      Бұдан былай Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне сәйкестендірілгенге дейін заңдар мен нормативтік құқықтық актілер Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне қайшы келмейтін бөлігінде қолданылады.

      3-бап. Мынадай заң актілерінің күші жойылды деп танылсын: 
      1. "Қазақ ССР-інің Азаматтық және Азаматтық істер жүргізу кодекстерін күшіне енгізу тәртібі туралы" 1964 жылғы 25 сәуірдегі Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумы Указының нормалары (Қазақ ССР Жоғарғы Советі мен Үкіметінің Ведомостары, 1964 ж., N 20; Қазақ ССР Жоғарғы Советінің Ведомостары, 1983 ж., N 46, 500-құжат) Азаматтық іс жүргізу кодексіне қатысты бөлігінде; 
      2. "Қазақстан Республикасының төрелік соты туралы" 1992 жылғы 17 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 5, 101-құжат; 1993 ж., N 17, 417-құжат); 
      3. "Қазақстан Республикасы төрелік соттарының шаруашылық дауларын шешу тәртібі туралы" 1992 жылғы 17 қантардағы Қазақстан Республикасының Заңы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 5, 102-құжат; 1993 ж., N 17, 417-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 13-14, 205-құжат); 
      4. "Қазақстан Республикасының төрелік соттары туралы" Қазақстан Республикасының Заңын және "Қазақстан Республикасы төрелік соттарының шаруашылық дауларды шешу тәртібі туралы" Қазақстан Республикасының Заңын күшіне енгізу туралы" 1992 жылғы 17 қантардағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., N 5, 103-құжат). 

      4-бап.   <*>
      Ескерту. 4-бап алып тасталды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N  238 Заңымен.

      4-1-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің 28-бабында белгiленген iстердiң мамандандырылған қаржылық соттарда соттылыққа жатқызылуы мұндай соттардың құрылуына қарай қолданылады. Мамандандырылған қаржылық соттар құрылғанға дейiн iстердiң бiрiншi сатыдағы соттарда соттылыққа жатқызылуы осы Кодекстiң 27-бабында белгiленген ережелер бойынша айқындалады.
      Ескерту. 4-1-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2006.06.05. N  146 Заңымен.

      5-бап. Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiнiң 30-бабымен белгiленген iстердiң мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттардың соттауына жатқызылуы осындай соттардың құрылуына қарай қолданылады. Ауданаралық мамандандырылған экономикалық соттар құрылғанға дейiн iстердi бiрiншi сатыдағы соттардың соттауына жатқызу осы Кодекстiң 27-бабында белгiленген ережелер бойынша анықталады.
      Ескерту. 5-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N  238 Заңымен.

      6-бап. Тиiстi органдар Қазақстан Республикасының iс жүргiзу заңдарына сәйкес қабылдаған iс жүргiзу әрекеттерi мен iс жүргiзу шешiмдерi, осы Заңмен олардың атын өзгертуге байланысты, заңды күшiн жоймайды.
      Ескерту. 6-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2001.07.11. N  238 Заңымен.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады