Ташкентте 1998 жылғы 31 қазанда жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өндірістік кооперация туралы келісім бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өндірістік кооперация туралы Келісім Бұдан былай Тараптар деп аталатын, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі,
1998 жылғы "31" қазандағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының арасындағы Мәңгілік достық туралы шарттың ережелерін, сондай-ақ Шартқа қатысушы мемлекеттердің Бірыңғай экономикалық кеңістік пен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын құру туралы негізге алынған құжаттарды басшылыққа ала отырып,
экономикалық, өнеркәсіптік және ғылыми-техникалық ынтымақтастық тұрақты және ұзақ мерзімді негіздегі қарым-қатынастарды дамытудың маңызды және қажетті элементі болып табылатынын түсіне отырып,
Тараптардың өндірістік және ғылыми-техникалық әлеуеттері арасындағы қалыптасқан технологиялық байланыстарды есепке ала отырып,
Тараптар мемлекеттерінің нарықтық қатынастар негізінде ортақ экономикалық кеңістік құрудағы шаруашылық қызметінің тікелей өндірістік өзара іс-қимылдарының шешуші рөлін мойындай отырып,
кәсіпорындар мен салалар арасында өндірістік кооперацияны қолдау және өзара дамыту үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етуге ұмтыла отырып,
елдер арасындағы экономикалық өзара іс-қимылдың қол жеткен деңгейіне сүйене отырып,
ДСҰ-ның тарифтер мен сауда туралы Бас келісімінің негізгі принциптеріне сәйкес көп тарапты сауда жүйесін нығайтуға жәрдемдесуге және сауда саласындағы қарым-қатынастарды дамытуға бел байлағандықтарын білдіре отырып,
ұдайы экономикалық өркендеуді қамтамасыз ету, Тараптар мемлекеттері азаматтарының тіршілік сапасын жақсарту, жұмыспен қамтуды ұлғайту, материалдық және адам ресурстарын тиімді пайдалану және айналадағы ортаны қорғау мақсаттарын басшылыққа ала отырып,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тараптар тікелей өндірістік байланыстары негізінде меншіктің барлық нысандарындағы кәсіпорындар, салалық және салааралық кешендер арасындағы кооперацияны жүзеге асыруға және дамытуға жәрдемдесетін болады.
2-бап
Тараптар халықаралық мамандандыру мен өндірісті кооперациялау, оларды жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз ету, өнеркәсіп салаларында басымдықтарды айқындау, бірлескен жобалар мен бағдарламаларды әзірлеу және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында қажетті іс-шаралар қолданатын болады.
3-бап
Тараптар:
кооперация бойынша тауарлар жеткізілімі деп шикізат, материалдар, тораптар, бөлшектер, қосалқы бөлшектер, әзірлемелер, жартылай өнімдер, жинақтаушы бөлшектер мен технологиялық өзара байланысты және негізгі өнімді бірлесіп жасау үшін қажетті салалық және салааралық мақсаттағы басқа да бұйымдардың жеткізілімі түсінілетіндігіне;
қызметтер көрсету деп жобалау, жөндеу жұмыстары, техникалық қызмет көрсету мен технологиялық операциялар, ғылыми-зерттеу және технологиялық әзірлемелер түсінілетіндігіне;
кеден режимдері шеңберінде "қайта өңделген тауарлардың" жеткізілімі деп Тараптар мемлекеттерінің кеден заңдарында белгіленген шарттарға сәйкес тауарларды жеткізу түсінілетіндігіне келісті.
4-бап
Тараптар өндірістік кооперация туралы салалық және салааралық келісімдер жасауға жәрдемдесетін болады.
Тараптар тиісті салалық және салааралық келісімдер негізінде шаруашылық қызметтің субъектілері жасасатын шарттар (келісім-шарттар) өндірістік кооперацияның және тікелей байланыстардың негізгі нысаны болып табылады деп есептейді.
5-бап
Өндірістік кооперация туралы салалық және салааралық келісімдерде кооперацияға қатысатын және өнімдер өндірісінің (жұмыстар, қызмет көрсетудің) мамандандырылуын сақтайтын кәсіпорындар мен ұйымдардың тізбелері, сондай-ақ өнімнің (жұмыстар, қызметтер көрсетудің) кооперацияланған жеткізілімдерінің номенклатурасы мен көлемдері айқындалатын болады.
6-бап
Тарап мемлекеттерінің кеден шекаралары арқылы өнімдерді кедендік ресімдеу мен өнімдерді өткізу үшін негіз осы Келісімнің 4-бабында көзделген шарттар (келісім-шарттар) болып табылады.
Өндірістік кооперация шеңберінде жеткізілетін өнімдерді
(жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) декларациялауды және есепке алуды Тараптардың кеден органдары өз мемлекеттерінің заңдарына сәйкес жүзеге асырады. 7-бап Кооперацияланған жеткізілімдерге (тауарларды, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді) қосымша құн салығын және акциздер салу Тараптардың тиісті келісімдерінде белгіленеді. Аталған өнімдерді (жұмыстар, қызметтер көрсету) кедендік ресімдеу үшін алымдар Тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес жалпы шарттармен алынады. 8-бап Алыс-беріс шикізаттан кооперация бойынша өндірілетін өнімдерді жеткізу Тараптар мемлекеттерінің заңдарына сәйкес жүзеге асырылатын болады. 9-бап
Өндірістік кооперация шеңберінде жеткізілетін шикізат, материалдар мен жинақтаушы бұйымдар мемлекет аумағынан өндірістік кооперация шеңберінде шикізат, материалдар мен жинақтаушы бұйымдар жеткізілген Тараптардың уәкілді органының тиісті алдын ала жазбаша келісімінсіз үшінші елдерге қайта экспорттауға жатпайды.
10-бап
Тараптар өндірістік саладағы интеграциялық процестерді дамыту мақсатында кәсіпорындар мен салалардың кооперациялық байланыстардың реттеу бөлігінде шаруашылық қызмет объектілеріне қатысты өздерінің ұлттық заңдарының нормаларын үйлестіру және жақындастыру жөнінде дәйекті жұмыс жүргізетіндіктері туралы уағдаласты.
11-бап
Тараптар қажет жағдайларда кең ғылыми өндірістік және экспортқа бағытталған салаларда кооперацияны дамытуға ынталандыратын кредиттер мен инвестициялар беру шарттарын, сондай-ақ импортты алмастыратын өнімдер шығаруға келісетін болады.
12-бап
Тараптар проблемаларды бірлесіп пысықтауды, оларды шешуді мүдделі министрліктер мен ведомстволарға тапсыра отырып былай ұйымдастыратын болады:
маркетингтік, лизингтік зерттеулер жүргізу мен көрмелер ұйымдастыру, қызметтер көрсету;
әріптестер іздеуде, шарттарды (келісім-шарттарды) әзірлеуде,
жасасуда және орындауда жәрдемді қамтамасыз ететін қазіргі заманғы ақпараттық коммуникацияларды дамыту; мамандарды даярлау жөніндегі бірлескен шараларды жүзеге асыру. 13-бап Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамайтын бөлігі болып табылатын және осы Келісім сияқты тәртіпте күшіне енетін жеке хаттамалармен ресімделеді. 14-бап Осы Келісімге қатысу оған қол қойған Тараптардың өндірістік кооперация саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың кез келген басқа екі жақты және көп жақты нысандарда қатысу құқықтарын шектемейді. 15-бап
Осы Келісімді қолдануға байланысты даулар Тараптар арасындағы консультациялар және келіссөздер жолымен шешілетін болады.
16-бап
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажет мемлекетішілік процедураларды орындағаны туралы соңғы жазбаша мәлімдемесі күнінен бастап күшіне енеді.
Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады және Тараптардың бірі
Келісім күшінің тиісті кезеңі аяқталғанға дейін алты айдан кешіктірмей оның қолданысын тоқтату туралы өз ниетін екінші Тарапқа жазбаша нысанды мәлімдегенге дейін келесі бесжылдық кезеңдерге өздігінен ұзартылатын болады. Ташкент қаласында 1998 жылғы 31 қазанда әрқайсысы қазақ, өзбек және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру мақсаты үшін орыс тіліндегі мәтін пайдаланылады. Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін №"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Өндірістік кооперация туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының қазақша аудармасының сапасы бойынша Қорытынды
Ұсынылып отырған Заңның мәтіні - шағын, 6 бет. Сөйлемдік, тілдік құрылысы жағынан мемлекеттік тілге қойылатын талаптарға біршама сай келеді.
Кездесетін кемшіліктер көп болмағанмен, негізінен жекелеген баламалардың қолданысына байланысты, сол сияқты бірен-саран қалып қойған сөздер кездеседі. Мысалы, 1-беттің 6-абзацында "взаимовыгодного развития" деген сөздер "өзара дамыту" деп аударылған, "тиімді" деген сөз қалып қойған. 7-бапта "(предоставление работ, услуг)" деген сөздерде "предоставление" деген сөз қалып қойған. 16-бапта "с даты получение" деген сөздерде "получение" деген сөз қалып қойған. Дәл аударылмаған баламаларға келсек, 1-беттің 9-абзацындағы "экономического роста" деген сөздер "экономикалық өркендеу" деп
аударылған, ал 16-бапта "процедуры" деген сөздің "рәсімдер" деген баламасы бола тұра, аударылмай сол күйінде "процедуралар" деп алыныпты. Алайда бұл кемшіліктер Келісімнің мазмұнына айтарлықтай нұқсан келтіріп тұрған жоқ деп есептейміз. Редакциялық-баспа бөлімінің меңгерушісі Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.) (Нарбаев Е.Ә.)