Астанада 1998 жылғы 30 желтоқсанда жасалған Шағын және орта кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған Несие Желісі 27 000 000 неміс маркасы сомасында Қаржы министрлігі бөлген Майндағы Франкфрут, Кредитанштальт фюр Видерауфбау ("КфВ") мен Қазақстан Республикасы ("Қарыз алушы") арасындағы қарыз беру туралы шарт бекітілсін. Қазақстан Республикасының Президенті Шағын және Орта кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған Несие Желісі - 27.000.000 НМ сомасында Қаржы министрлігі бөлген Майндағы Франкфурт, Кредитанштальт Фюр Видерауфбау ("КфВ") мен Қазақстан Республикасы ("Қарыз алушы") арасындағы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы қарыз беру туралы Шарт Германия Федеративтiк Республикасының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Yкiметi арасындағы 1997 жылғы 22 мамырдағы және 26 қарашадағы Қаржылық ынтымақтастық туралы келiсiмдердiң ("Yкiметаралық келiсiмдер") негiзiнде, Заем алушы мен КфВ мынадай Заем туралы Шартқа қол қояды: Заем туралы осы Шарттың негiзiнде, тағайындалуы алдында болатын Алматы сауда банкi, Қазкоммерцбанк және Даму банкi (жиынтықталып "Даму Банктерi" деп аталатын барлық банктер) мен КфВ жұмыс кешенінiң орындалуын мұқият реттейтiн Жобаны қаржыландыру туралы Шартқа қол қояды. 1-бап Пайдаланудың сомасы мен мақсаты 1.1. КфВ 27.000.000 немiс маркасына дейiн сомада, I-траншада 12.000.000 немiс маркасын құрайтын, ІІ-траншада 15.000.000 немiс маркасын құрайтын, Заемды Заем алушыға бередi.
1.2. Заем алушы 2-бапта айтылған ережелер бойынша Даму Банктерiне Заемды оның толық көлемiнде одан әрi берудi жүргiзедi. Алғаш қолданғанда Даму банктерi Заемды тек қана несиелердi қайта қаржыландыру ("Түпкi Несиелер") үшiн пайдаланады, оны оларға шағын және орта кәсiпорындардың инвестицияларын ("Жобаларын") қаржыландыру үшiн бередi. Алғаш қолданған кезде, Заемның жартысынан кем емес қаражатты шетел валютасындағы шығыстарды қаржыландыру үшiн пайдалану көзделiп отыр, бұдан басқа iшкi шығыстардың да қаржыландырылуы мүмкiн.
1.3. Шығыстарға байланысты салықтар мен басқа да мемлекеттiк алымдарды Түпкi Заем алушы көтередi, ал сондай-ақ импорттық баждар Түпкi несиелердiң қаражаттарынан қаржыландыруға жатпайды.
2-бап
Даму Банктерiне Заемдарды одан әрі беру
2.1. Заем алушы әрбiр жағдайда жылдығы 5%-тi құрайтын ставка бойынша және Заем туралы Шарт күшiне енген күннен бастап, 3 жыл жеңiлдiк кезеңiн қоса, 10 жылға Несие беру туралы жеке Шарттың негiзiнде Даму Банктерiне Заемды одан әрi берудi жүргiзедi.
2.2. Заем алушы 2.1-бапқа сай, Заем алушының 4.2-бапқа сай төлейтiн проценттерiнен артық сомадағы көлемде Дамушы Банктер оған төлейтiн проценттердiң сомасын ("Барабар қаражаттар") арнаулы шотқа енгiзедi. Мұндай қаражаттар, даму саясатының көзқарасы үшiн жәрдемдесу ерекше қолайлы болып саналатын, жобаларды жүзеге асыру үшiн, Заемның қаражаттары алғаш рет төленгеннен кейiн бiр жылдан кешiктiрмей, Заем алушы мен КфВ арасында жасалуға тиiстi келiсiмге сәйкес Заем алушының билiгiнде болады.
2.3. Заемның қаражаттары алғаш төленгенге дейiн Заем алушы 2.1-бапта айтылған және алдын-ала КфВ-ның мақұлдауы алынуға тиiстi Несие Беру туралы Шарттың бiр көшiрмесiн КфВ-ға бередi. Несие Беру туралы Шартқа өзгерiстер енгiзу үшiн келiсiм талап етiледi.
2.4. Заемды одан әрi беру осы Шарттан туындайтын КфВ-ға қатысты
төлемдiк мiндеттер үшiн Даму Банктерi жауап бередi дегендi бiлдiрмейдi. 3-бап Заемның қаражаттарын төлеу 3.1. КфВ Заемның қаражаттарын Даму Банктерiнiң талап-тiлегi бойынша жобалардың орындалу барысына сәйкес төлейдi. Даму Банктерi мен КфВ әрқайсысы жеке келiсiм, атап айтқанда, Заемның талап етiлген сомасы келiсiмге сәйкес пайдаланылып отырғанын куәландыру арқылы Заем қаражаттарын төлеу процесiн реттеп отырады. 3.2. КфВ 2002 жылдың 30 желтоқсанынан кейiн Заемның қаражаттарын төлеуден бас тарта алады. 4-бап Заем беруге келiскенi үшiн делдалдық ақыны, проценттердi төлеу және Заемды өтеу
4.1. Заем алушы жылдығы 1/4% құрайтын Заемның әлi төленбеген қаражаттарына қатысты Заемды беруге келiскенi үшiн делдалдық ақы төлейдi. Заем беруге келiскенi үшiн делдалдық ақы, Шартқа қол қойылған соң үш айдан кейiн басталатын және Заем қаражаттарын төлеудiң шоты дебетке жазылған күнi аяқталатын уақыт аралығы үшiн есептеледi.
4.2. Заем алушы жылына 1 Транш бойынша Заемның 2,0% және жылына II Транш бойынша Заемның 0,75 % төлейдi. Проценттер 4.9-бапта көрсетiлген КфВ шотына қаражаттарды қайтаруға қатысты несиеге жазған күнге дейiн Заем қаражаттарын төлеу дебет шотына жазған күннен бастап есептеледi.
4.3. Заем алушы Заем беруге келісім беру үшін комиссиондық, әрбір
алты ай өткен оң әр жылдың 30 маусымында және 30 желтоқсанында проценттер - мерзімі өткен төлемдер үшін сомалар төлейді. Бірінші рет Заем беруге келісім бергені үшін делдалдық проценттерді бірінші төлегеннен бастап бірге төленуге жатады. 4.4. Заем алушы Заемды мынадай шкала бойынша өтейді: _________________________________________________________________________ І Транша ІІ Транша Барлығы _________________________________________________________________________ 30 маусым 2009 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2009 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2010 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2010 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2011 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2011 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2012 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2012 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2013 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2013 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2014 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2014 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2015 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2015 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2016 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2016 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2017 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2017 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2018 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2018 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2019 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2019 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2020 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2020 300.000,00 250.000,00 550.000,00 Тасымал 7.200.000,00 6.000.000,00 13.200.000,00 _________________________________________________________________________ І Транша ІІ Транша Барлығы _________________________________________________________________________ Тасымал 7.200.000,00 6.000.000,00 13.200.000,00 30 маусым 2021 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2021 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2022 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2022 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2023 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2023 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2024 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2024 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2025 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2025 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2026 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2026 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2027 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2027 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2028 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2028 300.000,00 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2029 - 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2029 - 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2030 - 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2030 - 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2031 - 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2031 - 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2032 - 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2032 - 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2033 - 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2033 - 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2034 - 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2034 - 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2035 - 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2035 - 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2036 - 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2036 - 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2037 - 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2037 - 250.000,00 550.000,00 30 маусым 2038 - 250.000,00 550.000,00 30 желтоқсан 2038 - 250.000,00 550.000,00 4.800.000,00 9.000.000,00 13.800.000,00 12.000.000,00 15.000.000,00 27.000.000,00
4.5. Егер Заемды өтеуге жарналар оларды төлеу мерзімі жеткен кезде КфВ өкіміне түспесе, онда КфВ мерзімі өткен төлемдерге қатысты проценттік ставкасын 4.9-бапта аталған Заемды өтеу сомасының КфВ шотына несие жазған күнге дейін жоғарыда аталған жарналарды төлеу мерзімі ретінде тағайындалған күннен басталған жылы 3% құрайтын үстеме бағамен негізгі проценттік ставканың сомасына мерзiмi өткен төлемдерге қатысты проценттiк ставканы көтеруi мүмкiн. "Негiзгi Проценттiк Ставка" тиiстi төлем мерзiмi ретiнде белгiленген күнi қолданылып жүрген мөлшерде негiзгi ретiнде ГФР Федералдық Банкi жариялаған проценттiк ставка болып табылады. Төленбеген проценттер туралы сөз болған жағдайда, КфВ оған төлем мерзiмiнiң өткендiгiнен келтiрiлген шығындарын өтеудi талап етуiне болады. Мұндай өтеудiң сомасы жылына 3 % құрайтын үстеме ақымен бiрге төлем мерзiмi ретiнде белгiленген күнi негiзгi проценттiк ставка бойынша мерзiмi өткен проценттердi төлеген кезде алуы мүмкiн сомадан аспауы керек.
4.6. Заем беруге келiсiм беру үшiн комиссиондықты есептеу үшiн негiз ретiнде проценттердi - 4.5-Бапқа сәйкес мерзiмiн өткiзгенi үшiн есептелетiн сомаларды 360 күндi қоса алғандағы жыл және 30 күндi қоса алғандағы ай белгiленедi.
4.7. Заемның төленбеген немесе мерзiмiнен бұрын өтелген сомалар заемды өтеудегi барлық төленбеген жарналарға, егер жекелеген жағдайларда - атап айтқанда, КфВ-ның қалауы бойынша мұндай сомалардың елеусiздiгiнiң салдарынан бiрдей есептеледi.
4.8. КфВ түсетiн төлемдердiң сомасын осы Шартқа немесе КфВ мен Заем алушы арасындағы өзге де Заем туралы Шартқа сәйкес жүзеге асырылуға жататын төлемдерге есептеудi жүргiзе алады.
4.9. Заем алушы барлық төлемдердiң сомасын қарсы талаптардың өзара есепке алуын қоспағанда, Майндағы Франкфурт, Кредитанштальт Фюр Видерауфбау (КфВ) (BLZ 500 204 006 S.W.I.Ғ.Т.: КҒWIDЕҒҒ) - N 25.3949.1811 шотына Германия Федеративтiк Республикасының валютасында аударады.
5-бап
Заем Қаражаттарын Төлеудi Тоқтату және Мерзiмiнен бұрын Өтеу
5.1. Заем алушы кез келген уақытта:
а) 8-бапқа сәйкес өз мiндеттемелерiн орындаған жағдайда, Заем сомасының әлi талап етiлмеген сомасын төлеуден бас тартуына және
b) Заемды өтеудi мерзiмiнен бұрын толығымен немесе iшiнара жүргiзуiне болады.
5.2. КфВ мынадай жағдайларда, егер:
а) Заем алушы олардың мерзiмi жеткен кезде КфВ-ға қатысты төлем мiндеттемелерiн орындамаса;
b) осы Шартқа немесе КфВ мен Даму Банкi арасында жасалған Жобаны Қаржыландыру туралы Шартқа сәйкес немесе арнайы келiсiмдерге сәйкес бұзылса;
с) әлдеқандай Даму Банктерi Заем сомаларының мақсат бойынша пайдаланылғанына дәлелдеме бере алмаса, немесе;
d) осы Заемның мақсатына немесе осы Шартқа сәйкес Заем алушы өзiне қабылдаған төлем мiндеттемелерiнiң орындалуына мүмкiндiк бермейтiн немесе елеулi қауiп төндiретiн төтенше жағдай туса, Заем қаражаттарын төлеудi тоқтата алады.
5.3. Егер 5.2-бапта, а), b) немесе с)-тармақшаларында айтылған жағдай туса және олар КфВ-да белгiленген және кемiнде 30 күндi құрайтын мерзiм iшiнде жойылмаса, КфВ:
а) 5.2-бапта, а) немесе b)-тармақшаларында айтылған жағдайлар туса, Заемның барлық төленбеген сомасын дереу өтеудi, сондай-ақ жинақталған барлық проценттердi төлеудi және қосымша борыштық мiндеттемелердi төлеудi талап ете алады;
b) 5.2-бапта с) тармақшасында айтылған жағдай туса, әңгiме болып отырған Даму Банкiнiң тағайындауы бойынша орындалуына дәлелдеме беру мүмкiн болмаған Заемның сомасын дереу өтеудi талап ете алады.
6-бап
Шығыстар мен мемлекеттiк алымдар 6.1. Заем алушы осы Шартқа сәйкес салықтарды, басқа да мемлекеттiк алымдарды немесе өзге де шығыстарды шегерместен, барлық төлемдердi жүргiзедi және Заемның қаражаттарын төлеу кезiнде туындайтын аударулар мен аударымдарға байланысты шығыстарды өзiне қабылдайды. 6.2. Заем алушы Германия Федеративтiк Республикасынан тысқары осы Шартты жасасу және атқару кезiнде пайда болатын салықтарға және басқа мемлекеттiк алымдарға байланысты барлық шығыстарды көтередi. 7-бап Заем беру және Өкiлеттiк жанындағы Заңдардың Ережесiн Сақтау
7.1. Заем алушы Заем қаржысының бiрiншi төлемiне дейiн оның негiзгi заңына және осы Шартқа сәйкес оның барлық мiндеттемелерiн өзiне алу үшiн басқа құқықтық ескертпелердi ол барлық талаптарды орындағанын олар белгілеген дәлелді тәсілмен белгіленген уақытта КфВ-ға ұсынады.
7.2. Осы Шартты атқару кезінде Қазақстан Республикасының Қаржы министрі және КфВ-ға қатысты олар тағайындаған тұлғалар және олар куәландырған негізде бекітілген қолдардың үлгілерімен заем алушыны таныстырады. Өкілеттікке байланысты өкілдік оларды болдырмау туралы анық көрсетілген хабарламаны уәкілетті өкілден тиісті түрде тек КфВ арқылы алған сәтте ғана тоқтатылады.
7.3. Осы Шартқа өзгерістер немесе толықтырулар, сондай-ақ айырбастау
осы Шарт негізінде жүргізілетін Шарттағы тараптар арасындағы өтініш пен хабарлама осы Шарт негізінде жүргізіледі, жазбаша түрде ұсынылады. Өтініш пен хабарламалар төменде көрсетілген немесе екінші тарапқа хабарлайтын Шарттағы көрсетілген мекен-жайға олар түскеннен кейін алынған болып саналады: КфВ мекен-жайы: Қайта Құрудың Kreditanstalt fuer Wiederaufbau Несиелендіру мекемесі Postfach 11 11 41 Абонементтік Пошта жәшігі 11 11 41 60046 Frankfurt am Main 60046 Майндағы Франкфурт Bundesrepublik Deuschland Германия Федеративтік Республикасы Теlеfах: (069) 74 31-29 44 Телекс: 4 15 25 60 kw d Теlех: 4 15 25 60 kw d Телефакс: (069) 74 31-29 44 Заем алушының мекен-жайы Republic Kasachtan Қазақстан Республикасы Finanzministerium Қаржы министрлігі Коміtее fuer externe Kredite Абылайхан даңғылы 93/95 93/95, Abylay Khan Avenue Сырттан қарыз алу жөніндегі Almaty 480091 / Kasachstan комитет Теlеfах: 007-3272-696152 Телефакс: 007-3272-696152 7.4. Осы Шартқа КфВ және Заем алушы арасындағы тек құқықтық қатынастарға қатысты өзгерістер енгізу үшін Даму Банкінің келісімі қажет етілмейді. 7.5. Үшінші Даму Банкін тағайындау КфВ және Заем алушының біріккен құзырына жатқызылған. 8-бап Заем туралы Шартты атқару
8.1. Заем алушы Заем туралы немесе жобаны қаржыландыру туралы Шарттың атқарылуына немесе мақсатына нақты қауiп төндiруге мәжбүр ететiн немесе төзбестiк жасайтын барлық жағдайлар туралы КфВ-ны тез арада өз бастамасы бойынша хабардар етедi.
8.2. Заем алушы Жобаны Қаржыландыру туралы Шартты атқару немесе олардың осы Шартқа сәйкес, атап айтқанда, Жобаны Қаржыландыру туралы Шартты атқару үшiн қажеттi барлық рұқсатты беруге өздерiнiң мiндеттерiн орындау кезiнде әрбiр Даму Банкiне қолдау көрсететiн болады.
9-бап
Өзге Ережелер
9.1. Еуропа Экономикалық және Валюта Одағын құру туралы заңдарға және ережелерге сәйкес Германия Федеративтiк Республикасында заңды төлем қаржысы ретiнде ЕУРО-ның енуiне байланысты мыналардың күшi бар:
Германия Федеративтiк Республикасында 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап немiс маркасына және заңды төлем қаржысына барлық сiлтемелер валютамен қайта есептеудiң ресми курсы бойынша ЕУРО-ға сiлтеменi бiлдiредi. Бұл барлық алдағы төлемдердiң ЕУРО-да жүзеге асырылатындығын бiлдiредi. Осы Шартқа сәйкес 1999 жылдың 1 қаңтарынан 2001 жылдың 31 желтоқсаны аралығындағы өтпелi кезең iшiнде төлемдер ЕУРО немесе немiс маркасында жүргiзiлуi мүмкiн.
9.2. Егер осы Шарттың қандай да болмасын ережесi заңды күшiн жоятын болса, онда бұл оның қалған ережелерiн қозғамайды. Осының салдарынан туындаған кемiстiк осы Шарттың тиiстi мақсатты ережесiмен толықтырылады.
9.3. Осы Шартқа сәйкес Заем алушыға талапқа кепiлдiкке келуге немесе беруге болмайды.
9.4. Осы Шарт Германия Федеративтiк Республикасында қолданылып жүрген заңдармен реттеледi. Атқару орыны Майндағы Франкфурт болып табылады. Осы Шартты пайымдауда күмәндiк болған жағдайда оның немiс тілдегi тексi айқындаушы болып табылады.
9.5. Егер Шартта тараптар осы Шартқа байланысты өзара келiсiм бойынша даулы мәселелердi, туындайтын барлық даулы мәселелердi сондай-ақ, осы Шарт және Даулы Мәселелердi Төрелiк Қарау туралы Шартқа заң күшiне қатысты барлық даулы мәселелердi шеше алмаған жағдайда осы Шарттың
құрамдас бөлігі болып табылатын Даулы Мәселелерді Төрелік Қарау туралы шартқа сәйкес төрелік өндіріске ұсынылады. 9.6. 1997 жылғы 26 желтоқсандағы Үкіметаралық Келісімі тек күшіне енгеннен кейін Заем туралы осы Шарт күшіне енеді. Төрт дана етіліп екі неміс және орыс тілдерінде жасалған мәтіннің күші бірдей. Майндағы Франкфурт Алматы 1998 жылғы 30 желтоқсан 1998 жылғы 24 желтоқсан Кредитанштальт Фюр Қазақстан Республикасы Видерауфбау Шағын және Орта кәсіпкерлікке көмек көрсетуге арналған Несие Желісін Қаржы министрлігі бөлген Майндағы Франкфурт, Кредитанштальт Фюр Видерауфбау ("КфВ") мен Қазақстан Республикасы ("Қарыз алушы") арасындағы 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заем туралы шарттың 9.5-бабына сілтеме жасай отырып, Даулы Мәселелерді Төрелік Қарау туралы Шарт КфВ және Заем алушы мына төмендегілер туралы келісті: 1-бап Егер тараптар Шартта өзара келiсiм бойынша даулы мәселелердi шеше алмаса Заем туралы шартқа байланысты туындаған барлық мұндай мәселелер, сондай-ақ Заем туралы шартқа және Даулы Мәселелердi Төрелiк қарау туралы шартқа қатысты заңды жағдайлардың даулы мәселелерiн түпкiлiктi және айрықша тәртiпте төрелiк сот шешедi. 2-бап Төрелiк өндiрiсте КфВ және Заем алушы тараптар болып табылады. 3-бап 3.1. Төрелiк төралқа үш мүшеден тұрады, олар былайша тағайындалады: - бiр төрешiнi - КфВ тағайындайды, - екiншi төрешiнi - Заем алушы тағайындайды,
- үшiншi төрешi ("Супертөрешi") - тараптар арасындағы уағдаластық негiзiнде немесе - егер мұндай уағдаластыққа жауап берушi талап ету талап-тiлегiн алғаннан кейiн 60 күн iшiнде қол жеткiзбесе, тараптардың бiрiнiң ұсынысы бойынша - Халықаралық Сауда Палатасының Төрағасы, қосалқы тәртiпте - Халықаралық Сауда Палатасы Швейцария Ұлттық Тобының Төрағасы болады.
3.2 Егер осы ережеге сәйкес тағайындалған төрешi өзiнiң мiндеттерiн орындауға ниетi болмаса немесе орындай алмаса немесе бұдан әрi орындауға ниетi болмаса немесе орындай алмаса, онда бастапқы төрешi тағайындалған тәртiпте оның құқықтық мұрагерi тағайындалады. Құқықтық мұрагерге бастапқы тағайындалған төрешiнiң барлық өкiлдiктерi мен мiндеттерi берiледi.
4-бап
4.1. Даулы мәселелерге байланысты iстердiң төрелiк өндiрiсi тараптардың бiрiнiң екiншiсiне деген талап ету талап-тiлегi негiзiнде жүргiзiледi. Талап ету талап-тiлегiнде талап ету талабының түрi, мүмкiндiгiнше кемшiлiктердi қалпына келтiру тәсiлi немесе оның орнына қанағаттанғысыз орындалған мiндеттемелер мен талап етушiнiң талабы бойынша тағайындалған төрешiнiң тегi көрсетiледi.
4.2. Жауап берушi талап ету талап-тiлегiн алғаннан кейiн 30 күн iшiнде талап етушiге ол тағайындаған төрешiнiң тегiн көрсетедi.
5-бап
Супертөрешi төрелiк сот отырысының күнiн белгiлейдi. Егер тараптар істі төрелiк қарау өткiзiлетiн жердi анықтамаса, онда оны да супертөрешi белгiлейдi.
6-бап
Төрелiк сот өз құзыретiнiң шегiн анықтайды. Ол төрелiк өндiрiстiң жалпы танылған принциптерiн назарға ала отырып, өзiнiң жұмысын өздiгiнен анықтайды. Екi тарапқа кез-келген жағдайда жарғылық өтiнiшпен кезектi отырысқа қатысуға мүмкiндiк берiледi. Тараптардың бiрi келмей қалған жағдайда төрелiк сот шешiмiн қабылдауға барынша құқылы. Төрелiк
сорттың барлық шешiмдерi кемiнде екi төрешiмен бекiтiлуi керек. 7-бап Төрелiк соттың шешiмiн төрелiк төраға жазбаша түрде анықтайды және негiздейдi. Шешiмге кемi екi адам қол қойғанда төрелiк соттың шешiмi деп саналады. Мұндай шешiмнiң мiндетті күшi бар және түпкiлiктi болып саналады. Осы Шартқа қол қою кезiнде тараптар соттың шешiмiн орындауға мiндеттенедi. 8-бап
8.1. Тараптар төрешiлердiң жұмыстарымен қатар төрелiк өндiрiс барысында ақы төлеудi қажет ететiн көрсетiлген қызметтердiң сомасын да белгiлейдi.
8.2. Егер тараптар iстi бiрiншi тыңдағанға дейiн төлем сомасын келiсуге қол жеткiзе алмаса, онда төрелiк төралқа онда бұл жағдайға қажет соманы белгiлейдi. Әрбiр тарап ол үшiн өндiрiске байланысты туындаған шығындарды өзi көтередi. Төрелiк төралқаның жұмысына байланысты шығындарды процесте жеңiлiс тапқан тарап көтередi. Егер әрбiр тарап процесте iшiнара ұтып, iшiнара жеңiлiс тапқан жағдайда шығыстар тиiсiнше бөлінедi.
8.3. Төрелiк сот тежеуге байланысты барлық мәселелер бойынша
түпкiлiктi шешiм қабылдайды. 8.4. Тараптар 8.1-бапта айтылған тұлғалардың жұмыстарына жасалған төлемдер үшiн ортақ жауап бередi. 9-бап Тараптар мен төрелік төралқаның төрелік өндірістік жүзеге асыруға байланысты хабарлары мен талап-тілектері жазбаша түрде ұсынылады. Талап-тілектер мен хабарлар төменде көрсетілген немесе тараптардың екінші тарапқа хабарлайтын Шарттағы көрсетілген мекен-жайға олар түскеннен кейін алынған болып саналады: КфВ мекен-жайы: Қайта Құрудың Kreditanstalt fuer Wiederaufbau Несиелендіру мекемесі Postfach 11 11 41 Абоненттік пошта жәшігі 11 11 41 60046 Frankfurt am Main 60046 Майндағы Франкфурт Bundesrepublik Deuschland Германия Федеративтік Республикасы Теlеfах: (069) 74 31-29 44 Телекс: 4 15 25 60 kw d Теlех: 4 15 25 60 kw d Телефакс: (069) 74 31-29 44 Заем алушының мекен-жайы Republic Kasachtan Қазақстан Республикасы Finanzministerium Қаржы министрлігі Коміtее fuer externe Kredite Абылайхан даңғылы 93/95 93/95, Abylay Khan Avenue Сырттан қарыз алу жөніндегі Almaty 480091 / Kasachstan комитет Теlеfах: 007-3272-696152 Телефакс: 007-3272-696152 Төрт данадағы түпнұсқалар бірдей күшке ие; неміс және орыс тілдерінде екі данадан. Майндағы Франкфурт, Алматы 1998 жылғы 30 желтоқсан 1998 жылғы 24 желтоқсан Кредитанштальт Фюр Қазақстан Республикасы Видерауфбау Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Кобдалиева Н.М.