1-бап. "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" 1998 жылғы 16 желтоқсандағы Z980318_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 23, 427-құжат; 1999 ж., N 7, 227-құжат; 1999 жылғы 29 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "1999 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 28 маусымдағы Z990406_ Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгеріс енгізілсін:
5-1-бапта "есеп айырысуларды жүргізу кезінде өтелмеген 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша шаруашылық жүргізуші субъектілердің берешегін өтеу есебінен көзделсін" деген сөздер "шаруашылық жүргізуші субъектілердің республикалық бюджетке төленетін төлемдер бойынша есеп айырысуды жүргізу кезінде
қалыптасқан берешегін, бірақ 1998 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша пайда болған берешегінің сомасынан аспайтын берешегін өтеу есебінен көзделсін" деген сөздермен ауыстырылсын. 2-бап. Осы Заң жарияланған күнінен бастап күшіне енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Кобдалиева Н.М.