Вашингтонда 1999 жылғы 3 тамызда жасалған Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы (Атырау қаласының сумен жабдықталуының және санитариясының пилоттық жобасы) Заем туралы келісім бекітілсін.
Қазақстан Республикасының Президенті
Заем N 4486 - KZ
Қазақстан Республикасы мен
Халықаралық Қайта Жаңарту және Даму Банкі
арасындағы
Заем туралы Келісім
(Атырау қаласын Сумен жабдықтау және санитариясының пилоттық жобасы)
1999 жылғы 3 тамыз
Заем N 4486 - KZ
Заем туралы Келісім
Қазақстан Республикасы (Заем алушы) мен Халықаралық қайта құру және
Даму Банкі (Банк) арасындағы 1999 жылғы 3 тамыздағы Келісім. (А) Заем алушы сипаттамасы осы Келiсiмнiң (Жоба) 2-қосымшасында келтiрiлген жобаның жүзеге асырылатындығына және басымдылығына көз жеткiзгеннен кейiн Жобаны қаржыландыруға көмек сұрап, Банкке өтiнiш жасағандығын Назарға ала отырып, және Банк, атап айтқанда, жоғарыда айтылғанының негiзiнде осы Келісімде айтылатын шарттармен және ережелермен Заем алушыға Заем беруге келiсiм бергендiгiн Назарға ала отырып, Тараптар осы Келiсiмде Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мына төмендегiлер туралы келiседi: I Бап Жалпы ережелер: Айқындамалар 1.01 Бөлiм
Банктiң 1997 жылғы 2 желтоқсанда қоса алғандағы енгiзiлген өзгерiстерiмен бiрге (Жалпы Шарттар) 1995 жылғы 30 мамырдағы "Заем туралы Келiсiмдерге қолданылатын Жалпы Шарттар мен Бiрыңғай Валютадағы Заемдар үшiн Кепiлдiктер" осы Келiсiмнiң құрамдас бөлiгi болып табылады.
1.02 Бөлiм
Егер контекст басқаша талап етпейтiн болса, Жалпы Шарттарда берiлетiн айқындама оларда көрсетiлетiн тиiстi мағынада болады және кейінгi қосымша терминдер мынадай мағынаға ие:
(а) "Қаржылық және Өндірiстiк Қызметтің Орындалуы туралы Жыл сайынғы Келiсiмдер" осы Келiсiмнің 3.01 (d) Бабына сай және дүркiн-дүркiн өзгерiстер енгiзiлуi мүмкiн осы келiсiмнiң 7-қосымшасының 3-тармағында баяндалған немесе айтылған шарттарға сәйкес Жобаны Атырау Облыстық Әкiмшiлiгiмен және "Водоканал" ұйымымен орындау барысында жыл жасалатын қаржылық және өндiрiстiк қызметтiң орындалуы туралы нақты жылға арналған келiсiмдi бiлдiредi.
(b) "Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi" Заем алушының Атырау Облыстық Әкiмшiлiгiн немесе оның кез келген құқықтық мұрагерiн бiлдiредi;
(с) "Атырау қаласы" Заем алушының Атырау қаласын немесе оның кез келген құқықтық мұрагерiн бiлдiредi;
(d) "СРК" Заем алушының Ауыл шаруашылығы министрлiгi жанындағы Су Ресурстары жөнiндегi Комитетiн немесе оның кез келген құқықтық мұрагерiн бiлдiредi;
(е) "ҚМ" Заем алушының Қаржы Министрлiгiн немесе оның кез келген құқықтық мұрагерiн бiлдiредi;
(f) "Жобаның Орындалуы туралы Келiсiм" 1999 жылғы дүркiн-дүркiн өзгерiстер енгiзiп отыруы мүмкiн ҚМ, СРК, Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi мен Атырау қаласы арасындағы Жобаны орындауда функцияларды бөлу туралы келiсiмдi бiлдiредi;
(g) "Жобаның Орындалуы мен Көмекшi Заем туралы Келiсiм" дүркiн-дүркiн өзгерiстер енгiзiлiп отыруы мүмкiн осы Келiсiмнiң 3.01 (d) Бабына сәйкес Атырау облыстық Әкiмшiлiгi мен "Водоканал" ұйымы арасында жасалатын келiсiмдi бiлдiредi және мұндай термин Жобаның Орындалуы мен Көмекшi Заем туралы Келiсiмге және Қаржылық және Өндiрiстiк Қызметтiң Орындалуы туралы Жыл сайынғы Келiсiмдерге барлық қосымшаларды қамтиды;
(h) "ЖБЕ" осы Келiсiмнiң 4.02 (а) Бөлiмiне сәйкес дайындалатын жобаны басқару туралы есептi бiлдiредi;
(i) "Жобаны Дайындауға арналған қарыз": 1998 жылғы 25 қарашада Банк атынан және 1998 жылғы 3 желтоқсанда Заем алушы атынан қол қойылған келiсiм-хатқа сәйкес Банктiң Заем алушыға беретiн жобаны дайындауға арналған қарызды бiлдiредi;
(j) "Арнайы шот" осы Келiсiмнiң 2.02 (Ь) Бөлiмiнде айтылған шотты бiлдiредi;
(k) "Көмекшi Заем туралы Келiсiм" дүркiн-дүркiн өзгерiстер енгiзiлiп отыруы мүмкiн осы Келiсiмнiң 3.01 (d) Бөлiмiне сәйкес ҚМ мен Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi арасында жасалатын келiсiмдi бiлдiредi және мұндай термин Көмекшi Заем туралы Келiсiмге барлық қосымшаларды қамтиды; және
(1) "Водоканал" ұйымы: "Атырау Горводоканал" ұйымын, Атырау
Қаласында құрылған және 1991 жылғы 12 желтоқсанда Әдiлет министрлiгiнiң Атырау Облыстық Департаментiнде тiркелген мемлекеттiк қалалық кәсiпорынды немесе оның кез келген құқықтық мұрагерiн бiлдiредi. 1.03 Бөлiм Жобаны ұйымдастыру-атқарушыға арналған Жалпы Шарттарға әрбiр сiлтеме "Водоканал" ұйымына сiлтеме болып саналады. II Бап Заем 2.01 Бөлiм
Банк Заем туралы Келiсiмде баяндалған немесе айтылған шарттар мен ережелер негiзiнде Заем алушыға он алты миллион бес жүз мың (16,500,000 АҚШ доллары) АҚШ долларына тең сомаға заем беруге келiсiм бередi.
2.02 Бөлiм
(а) Заем сомасы осы Келiсiмнiң 2-қосымшасының ережелерiне сәйкес шеңберiнде және заем қаржысынан қаржыландыруға жататын Жоба үшiн қажеттi және Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлардың, жұмыстардың және қызмет көрсетулердiң сәйкес келетiн құнына қатысты орын алатын (немесе, егер Банк оған келiсiм берсе, тұрса) шығыстар үшiн Заем Шотынан ала алады.
(b) Заем алушы Жобаның мақсаты үшiн Банк үшiн қолайлы шарттармен және ережелермен коммерциялық банкте АҚШ долларында арнайы депозиттiк шот аша және жүргiзе алады.
Арнайы Шотқа арналған салымдар мен одан төлемдер осы Келiсiмнiң 6-қосымшасының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
(с) Күшiне енгеннен кейiн тез арада Банк Заем алушы атынан Арнайы Шоттан сома алады және алынған және өзiне мұндай күнге соманы төлеуге көрсетiлмеген Жобаны Дайындауға арналған Қарыздың негiзгi сомасын өтеу және ол бойынша барлық төленбеген алымдарды төлеу үшiн талап етiлетiн
соманы төлейдi. Жобаны Дайындауға арналған Қарыздың рұқсат етiлген сомасының алынбаған қалдығы бұдан кейiн күшiн жояды. 2.03 Бөлiм Қорытынды Күнi 2004 жылғы 30 қыркүйегi немесе Банк белгiлейтiн осындай неғұрлым кеш мерзiм болып табылады. Банк мұндай неғұрлым кеш мерзiм туралы тез арада Заем алушыға хабарлайды. 2.04 Бөлім Заем алушы Банкке Заем сомасының бiр процентiн (1 %) құрайтын сомада комиссия төлейдi. Күшiне Енген Күнiн - күнi немесе содан кейiн тез арада Банк Заем алушының атынан жоғарыда аталған комиссияның сомасын Заем шотынан алады және оны өзiне өзi төлейдi. 2.05 Бөлiм
Заем алушы дүркiн-дүркiн алынбайтын Заемның негiзгi сомасы бойынша жылына бiр проценттiң төрттен үшiн құрайтын (1 %-тiң 3/4) ставка бойынша несие беру мiндеттемесi үшiн Банкке комиссиялық төлейдi.
2.06 Бөлiм
(а) Заем алушы алынған және ЛИБОР базалық ставкасы қосылған ЛИБОР Жиынтық Спредiне тең Проценттер Есептелетiн әрбiр Кезең үшiн ставка бойынша дүркiн-дүркiн төлеуге ұсынылмаған сомалар бар Заемның негiзгi сомасы бойынша проценттер төлейдi.
(b) Осы Бөлiмнiң мақсаттары үшiн:
(i) "Проценттер Есептелетiн Кезең" осы Келiсiм күнiнен бастап Проценттердi бiрiншi Төлеу Күнiне дейiн қоса алғандағы, одан кейiнгi күн - оны қоспағандағы және бастапқы кезеңнен кейiн - Проценттердi Төлеу Күнiнен бастап Проценттердi Төлеу Күнiн қоса алғандағы, одан кейiнгi күн - оны қоспағандағы бастапқы кезеңдi бiлдiредi.
(ii) "Проценттердi Төлеу Күнi" осы Келiсiмнiң 2.07 Бөлiмiнде аталған кез келген мерзiмдi бiлдiредi.
(iii) "ЛИБОР базалық ставкасы" Проценттер Есептелетiн әрбiр Кезеңге қатысты: негiзделген Банк белгiлейтiн және жылға процентпен көрсетiлетiн Проценттер есептелетiн мұндай Кезеңдегi бiрiншi күнгi баға бойынша алты айға арналған АҚШ долларындағы салымдар үшiн банкаралық депозиттер бойынша ұсыныстардың (немесе - сөз Проценттер Есептелетiн мұндай Кезеңнiң бiрiншi күнi немесе тiкелей мұндай күнге сәйкес келетiн күнi болатын Проценттердi Төлеу Күнiн - Күнгi баға бойынша Проценттер Есептелетiн бастапқы Кезең туралы болған жағдайда) Лондондық ставкасын бiлдiредi.
(iv) "ЛИБОР Жиынтық Спредi" Проценттер Есептелетiн әрбiр Кезеңге қатысты мыналарды бiлдiредi:
(a) бiр проценттiң үштен төртiн (1 %-тiң 3/4);
(b) Проценттер Есептелетiн мұндай Кезең үшiн алынған (немесе қосылған) орташа өлшенген маржа банкаралық депозиттер бойынша ұсыныстардың Лондондық ставкаларынан немесе Банктің қарыз алуына қатысты алты айға арналған салымдар үшiн өзге де бақылау ставкаларынан немесе заемдарды бiрыңғай валютада қаржыландыру үшiн Банк аударатын төлемге ұсынылмаған сомалар бар олардың бөлiмдерiнен немесе Заемды қамтитын олар беретiн олардың бөлiмдерiнен төмен (немесе жоғары); бұл Банк негiзделiп белгiлегендей және жылына процентпен берiледi.
(с) Банк Заем алушыны тез арада олардың айқындауы бойынша Проценттер Есептейтiн әрбiр Кезең үшiн ЛИБОР базалық ставкасы мен ЛИБОР Жиынтық Спредi туралы хабар етедi.
(d) 2.06 Бөлiмде айтылатын проценттiк ставканы белгiлеуге ықпал ететiн нарықтық тәжiрибедегi өзгерiстер болып жатқан жағдайда, Банк тұтас алғанда оның заем алушылары мен Банктiң мүддесiнде жоғарыда аталған Бөлiмде көзделетiн проценттiк ставкадан өзге Заемға қолданылатын ставканы айқындау үшiн негiздi қолдануды белгiлейдi, Банк Заемға қолданылатын проценттiк ставкаларды айқындау үшiн негiздi жаңа негiз туралы Заем
алушыға кемiнде алты (6) ай бұрын хабарлай отырып өзгертуi мүмкiн. Негiз хабарлама үшiн мерзiм өткеннен кейiн күшiнде болады, егер Заем алушы Банкке жоғарыда аталған уақыт iшiнде мұндай негiзге өзiнiң қарсылығы туралы хабарламаса мұндай жағдайда жоғарыда аталған өзгерiс Заемға қолданылмайды. 2.07 Бөлiм Проценттер мен басқа да алымдар әрбiр жылдың 15 ақпаны мен 15 тамызында шоттар бойынша төленбеген сомалар бойынша жарты жылда бiр рет төленуге жатады. 2.08 Бөлiм Заем алушы Заемның негiзгi сомасын осы Келiсiмге 3-қосымшада келтiрiлген Заемды өтеудiң бағанына сәйкес мерзiмiн ұзартып өтейдi. III БАП Жобаны орындау 3.01 Бөлiм
(а) Заем алушы Жобаның мiндеттерiне қатысты өзiң мiндеттемелерi туралы хабарлайды және бар талаптарға және күтiлген нәтижелерге жетуiне сәйкес және осы тиiстi әкiмшiлiк, қаржылық, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты инженерлiк және техникалық тәжiрибеге сәйкес және қажеттiлiгiне қарай тез арада Жобаға байланысты талап етiлетiн қаражат, объектiлер, қызмет көрсетулер мен өзге де ресурстар ұсынады.
(b) Заем алушы Заем туралы Келiсiмге сәйкес оның өзге де мiндеттемелерiн қандай да бiр шектеусiз немесе қандай да бiр өтiнусiз Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi арқылы бар талаптарға және күтiлген нәтижелерге жетуiне сәйкес және осы тиiстi әкiмшiлiк, қаржылық, қоршаған ортаны қорғаумен байланысты инженерлiк және техникалық тәжiрибеге сәйкес Жобаның А, В және С.1 Бөлiктерiн "Водоканал" ұйымын орындауды қамтамасыз етедi және "Водоканал" ұйымына мұндай мiндеттемелердi орындау мүмкiндiгiн беру үшiн қажеттi немесе керек барлық шаралар қабылдайды және қабылдауды қамтамасыз етедi және мұндай орындауға кедергi келтiретiн немесе бөгет болатын қандай да бiр шаралар қабылдамайды және қабылдауға рұқсат етпейдi.
(с) Осы Бөлiмнiң (а) және (Ь) тармақтарының ережелерiн шектемей және Заем алушы мен Банк өзгеше келiскен жағдайларды қоспағанда, Заем алушы Жобаны ҚМ, СРК, Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi мен Атырау қаласы арқылы орындайды және "Водоканал" ұйымының Жобаның А,В және С.1 бөлiктерiн барлығы осы Келiсiмге 5-қосымшада мазмұндалған Жобаның Орындалуы туралы Келiсiмге және Орындалу Бағдарламасына сәйкес орындауын қамтамасыз етедi.
(d) Жобаның мақсаттары үшiн Банк мақұлдаған шарттармен және ережелерде КМ мен Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi арасында жасалған көмекшi заем туралы келiсiмге (Көмекшi Заем туралы Келiсiм) сәйкес Заем қаражатын Атырау Облыстық Әкiмшiлiгiне қайта бередi және Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi жұмыстарды қамтамасыз етедi және "Водоканал" ұйымы Заем алушы мен "Водоканал" ұйымы арасында жасалатын жобаның орындалуы мен көмекшi заем туралы келiсiмге (Жобаның Орындалуы мен Көмекшi Заем туралы Келiсiм) және Банк мақұлдаған шарттармен және ережелермен қаржылық және шаруашылық қызметтiң орындалуы туралы жыл сайынғы келiсiмдерге (Қаржылық және Шаруашылық қызметтiң Орындалуы туралы Жыл Сайынғы Келiсiмдер) сәйкес осы Келiсiмге 1-қосымшаның 1-тармағындағы кестеде (1) және (3) Санаттар бойынша дүркiн-дүркiн аударылатын Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар бередi. Банкпен өзгеше шешiм мұндай шарттар мен ережелер қабылдаған жағдайдан басқа жағдайларда, осы Келiсiмге 7-қосымшада баяндалған немесе айтылған шарттар мен ережелердi қамтиды.
Заем алушы өзiнiң құқығын Көмекшi Заем туралы Келiсiмге, Жобаның Орындалуы туралы Келiсiмге сәйкес жүзеге асырады және Жобаның Орындалуы мен Көмекшi Заем туралы Келiсiмге және Қаржылық және Шаруашылық Қызметтiң Орындалуы туралы Келiсiмге сәйкес Атырау Облыстық Әкiмшiлiгiмен өзiнiң құқықтарын жүзеге асыруды қамтамасыз етедi, осылайша, Заем алушы мен Банктiң мүдделерiн қорғау және Заем мақсаттарын орындау үшiн және Банк өзгеше шешiм қабылдаған жағдайлардан басқа жағдайларда - Заем алушы қайта табыстауды, түзетулер енгiзудi, күшiн жоюды немесе Көмекшi Заем туралы Келiсiмнен және Жобаның Орындалуы туралы Келiсiмнен бас тартуды болдырмауды және Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi қайта табыстауды, түзетулер енгiзудi, күшiн жоюды немесе Жобаның Орындалуы туралы Келiсiмнен және Көмекшi Заем туралы Келiсiмнен және Қаржылық және Шаруашылық Қызметтiң Орындалуы туралы Жыл Сайынғы Келiсiмнен немесе оның қандай да бiр
ережелерiнен бас тартуды болдырмауды қамтамасыз етедi. 3.02 Бөлiм Банк өзге шешiм қабылдамаған жағдайлардан өзге жағдайларда, тауарлар сатып алу, жұмыстарды қамтамасыз ету және консультанттардың Жоба үшiн талап етiлетiн және Заем қаражатынан қаржыландырылатын өзiнiң қызмет көрсетулерiн ұсыну осы Келiсiмге 4-қосымшаның ережелерiмен реттеледi. IV БАП Қаржылық Мiндеттемелер 4.01 Бөлiм
(а) Заем алушы 1999 жылғы 30 маусымнан кешiктiрмей үнемi қолданылатын тиiстi бухгалтерлiк принциптерге сәйкес есеп құжаттары мен шоттарды қоса алғанда, қаржылық қызметтi басқару жүйесiн белгiлейдi және осыдан кейiн тұрақты жүргiзедi және Жобаға байланысты операциялардың, қаражат пен шығыстардың көрсетiлуi бойынша талаптарға сәйкес Банк үшiн қолайлы нысанда қаржылық есептер дайындайды.
(b) Заем алушы:
(i) осы Бөлiмнiң (а) тармағында айтылған есептi құжаттарын, шоттарды жүргiзедi және қаржылық есептер мен аудитi Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлар үнемi қолданған Банк үшiн қолайлы аудит өткiзудiң тиiстi стандарттарына сәйкес жүргiзiлген әрбiр қаржылық жыл бойынша есеп құжаттары мен Арнайы Шот бойынша шоттар дайындайды;
(іі) Банкке мүмкiндiгiнше тез арада, бiрақ, кез келген жағдайларда, мұндай әрбiр жыл аяқталғаннан кейiн алты айдан кешiктiрмей:
(А) аудитi мұндай тәсiлмен жүргiзiлген мұндай жыл бойынша осы Бөлiмнiң (а) тармағында айтылған қаржылық есептердiң расталған көшiрмелерiн, және
(В) мұндай есептер, есеп құжаттары мен шоттар бойынша қорытынды және Банк негiзделiп сұрау салған мұндай көлем мен осындай егжей-тегжейде жоғарыда аталған аудиторлар жүргiзген осындай аудит туралы есеп бередi;
және
(ііі) Банкке және олардың аудитiне Банк дүркiн-дүркiн негiздеп сұрау салып отыратын жоғарыда аталған аудиторларға қатысты осындай есеп құжаттары мен шоттарға қатысты осындай басқа да ақпарат бередi.
(с) Заем Шотынан қаражат алуға қатысты барлық шығыстар бойынша ЖБЕ немесе шығыстар туралы есептердiң негiзiнде жүргiзiлдi, Заем алушы:
(i) осындай шығыстарды көрсететiн есептiк құжаттар мен арнайы шоттарды осы Бөлiмнiң (а) тармағына сәйкес жүргiзедi немесе жүргiзудi қамтамасыз етедi;
(ii) Банк Заем Шотынан соңғы алу жүргiзiлген қаржы жылғы аудит туралы есеп алғаннан кейiн кемiнде бiр жылдың iшiнде осындай шығыстарды растайтын барлық есеп құжаттарын (келiсiм-шарттарды, тапсырыстарды, шот-фактураларды, жіберу қағаздарын, квитанциялар мен басқа да құжаттарды) сақтайды;
(iii) Банктiң өкiлдерiне осындай есеп құжаттарын қарауға уәкiлеттiк бередi; және
(iv) осындай есеп құжаттары мен шоттар осы Бөлiмнiң (Ь) тармағында айтылған жылдық аудитке енгiзiлуiн және мұндай аудит туралы есеп ЖБЕ жүгiнуге болатындығына не болмайтындығына қатысты жоғарыда аталған аудиторларға шығарылған арнайы қорытындыны құрайтындығын немесе осындай қаржы жылының iшiнде олармен байланысты қаражат алуды растау үшiн оларды дайындауда пайдаланылатыны iшкi бақылаудың рәсiмдерiмен және қаражатымен бiрге берiлген шығыстар туралы есептердi қамтамасыз етедi.
4.02 бөлiм
(а) Осы Келiсiмнiң 4.01 бөлiмiнiң ережелерiн шектеусiз Заем алушы оған 2000 жылғы 15 ақпаннан кешiктiрмей немесе Банк белгiлейтiн осындай неғұрлым кеш мерзiмге әрқайсысында төмендегiлер айтылатын Банк үшiн қолайлы жобаны басқару туралы тоқсан сайынғы есептер (ЖБЕ) дайындауға мүмкiндiк беру үшiн белгiленген мерзiмдерде банк үшiн қолайлы жоғарыда аталған 4.01 бөлiмiнiң (а) тармағында айтылған қаржылық қызметтi басқару жүйесiн күшейту жөнiнде iс-әрекет жоспарын орындайды.
(i) (А) жиынтығында және жоғарыда айтылған есеп жататын кезең үшiн iс жүзiндегi көздер мен Жоба үшiн қаражатты қолданылуы және жоспарланып отырған көздер мен жоғарыда келтiрiлген есеп жататын кезеңнен кейiнгі ұзақтығы алты ай кезеңге Жоба үшiн қаражаттың қолданылуы туралы деректер айтылады, және
(В) жоғарыда келтiрілген есеп пен жоғарыда келтiрiлген есеп жататын кезеңнен кейiнгi ұзақтығы алты ай кезең iшiнде Заем қаражатынан қаржыландыруға ұсынылатын шығыстар жататын кезең iшiнде Заем қаражатынан қаржыландырылатын шығыстар жеке көрсетiледi;
(ii)(А) жиынтық түрде және жоғарыда келтiрiлген есеп жататын кезең
үшiн Жобаны орындаудың iс жүзiндегi барысы сипатталады, және (В) орындаудағы iс жүзiндегi және алдын ала болжамдалған бақылау сандар арасындағы алшақтықтар баяндалады, және (ііі) жоғарыда келтiрiлген есеп жататын кезең аяғында Заем қаражатынан қаржыландырылатын келiсiмшарттарға сәйкес Жобаға және шығыстарға байланысты сатып алулармен iс жағдайлары баяндалады. (b) осы кезең үшiн ЖБЕ-нi Заем алушы осы бөлiмнiң (а) тармағында айтылатын iс-қимыл жоспарын орындау бойынша Банкке қолайлы ережелерге сәйкес әзiрлейдi және күнтiзбелiк тоқсан аяқталғаннан кейiн 45 күннен кешiктiрмей Банкке тапсырады. V БАП Банктi Құқықтық Қорғау Құралдары 5.01 Бөлiм Жалпы Ережелердiң 6.02 (р) Бөлiмiне сәйкес мынадай қосымша жағдайлар көрсетiледi:
(а) Көмекшi Заем туралы Келiсiмге түзетулер енгiзiлдi, оның әрекетi тоқтатылды, оның күшi жойылды, тоқтатылды немесе бұл Атырау облыстық Әкiмшiлiгiнiң Жобаны орындау мүмкiндiктерiне елеулi және жағымсыз кейiпте ықпал ететiндiктен одан бас тартылды;
(b) Жобаны Орындау туралы Келiсiмге түзетулер енгiзiлдi, оның әрекетi тоқтатылды, оның күшi жойылды, тоқтатылды немесе бұл ҚМ-нiң, СРК, Атырау Облыстық Әкiмшiлiгiнiң немесе Атырау Қаласының Жобаны орындау мүмкiндiктерiне елеулi және жағымсыз кейiпте ықпал ететiндiктен одан бас тартылды;
(с) Жобаны Орындау және Көмекшi Заем туралы Келiсiмге түзетулер енгiзiлдi, оның әрекетi тоқтатылды, оның күшi жойылды, тоқтатылды немесе бұл "Водоканал" ұйымының Жобаның А, В, С.1 Бөлiктерiн орындау мүмкiндiктерiне елеулi және жағымсыз кейiпте ықпал ететiндiктен одан бас тартылды; және
д) "Водоканал" ұйымының тарапынан Жобаны Орындау және Көмекшi Заем
туралы Келiсiмге сәйкес оның мiндеттерiн орындамауы орын алды. 5.02 Бөлiм Жалпы Ережелердiң 7.01 (к) Бөлiмiне сәйкес мынадай қосымша жағдайлар, атап айтқанда - осы Келiсiмнiң 5.01 Бөлімiнде аталып отырған, орын алып отырған және Банк бұл туралы Заем алушыға хабарлама берген күннен кейiнгi ұзақтығы алпыс (60) күн кезең iшiнде жалғасып отырған кез келген жағдайлар көрсетiледi. VI БАП Күшiне Енетiн Күнi; Әрекетiн Тоқтатуы 6.01 Бөлiм
Төмендегi оқиғалар Жалпы Ережелердiң 12.01 (с) мағынасында Заем туралы Келiсiмнiң күшiне енуiне қосымша жағдайлар ретiнде көрсетiледi:
(а) Көмекшi Заем туралы Келiсiм ҚМ мен Атырау Облыстық Әкiмшiліктiң атынан ресiмделген;
(b) Жобаны Орындау және Көмекшi Заем туралы Келiсiм Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi мен "Водоканал" ұйымының атынан ресiмделген; және
(с) Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi осы Келiсiмнiң 4.01 (Ь) (i) Бөлiмiнде айтылатын аудиторларды тағайындады, СРК мен Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi қаржы және сатып алулар жөнiндегi консультанттарды тағайындады, барлығы - Банкке қолайлы құзырет шегiне сәйкес және Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi Банк үшiн қолайлы бухгалтерлiк есеп жүйесiн бағдарламалық қамтамасыз етудi белгiледi.
6.02 Бөлiм
Төменде Банкке тапсырылатын қорытындыға немесе қорытындыларға енгiзілетiн Жалпы Ережелердiң 12.02 (с) Бөлiмiнiң мағынасында қосымша мәселелер көрсетiледi:
(а) Көмекшi Заем туралы Келiсiмдi ҚМ мен Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi тиiстi негiзде мақұлдаған немесе бекiткен және оның ережелерiне сәйкес ондағы тараптардың әрқайсысы үшiн мiндеттi заңдық күшi бар; және
(b) Жобаны Орындау туралы Келiсiмдi ҚМ, СРК, Атырау Облыстық Әкiмшiлiк және Атырау қаласы тиiстi негiзде мақұлдаған немесе бекiткен және оның ережелерiне сәйкес ондағы тараптардың әрқайсысы үшiн мiндеттi заңдық күшi бар; және
(с) Жобаны Орындау және Көмекшi Заем туралы Келiсiмдi Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi немесе "Водоканал" ұйымы тиiстi негiзде мақұлдаған немесе бекiткен және оның ережелерiне сәйкес ондағы тараптардың әрқайсысы үшiн мiндеттi заңдық күшi бар; және 6.03 Бөлiм Осы Келiсiмнiң күнінен кейiнгi тоқсан (90) күннен кейiн келген күн Жалпы Ережелердiң 12.04 Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн көрсетiледi. VIІ Бап Заем алушының өкiлi; Мекен-жайлары 7.01 Бөлiм Заем алушының Министрi немесе Қаржы Министрiнiң Орынбасары Жалпы Ережелердiң 11.03 Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн Заем алушының өкiлi ретiнде тағайындалады. 7.02 Бөлiм Жалпы Ережелердiң 11.03 Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн мынадай мекен-жайлар көрсетiледi: Заем алушының мекен-жайы: Ministry of Finance Қазақстан Республикасы 60 Republic Avenue Қаржы министрлігі 473000 Astana Республика Алаңы, 60 Republic of Kazakhstan 473000 Астана Теlех: 264126 (FILIN) Телекс: 264126 (FILIN) Банктің мекен-жайы: International Bank Америка Құрама Штаттары for Reconstruction Халықаралық Қайта Құру and Development және Даму Банкі 1818 H Strееt, N.W. 1818 Н көшесі, Солтүстік-Батыс Wаshingtоn, D.С. 204333 Вашингтон, Колумбия United States of America Округі 204333 Cable аdrеss: Телеграфтық мекен-жайы: INTBAFRAD INTBAFRAD Wаshingtоn, D.С. Wаshingtоn, D.С. Теlех: 248423 (MCI) or Теlех: 248423 (MCI) or 64145 (MCI) 64145(MCI) Осы Келісімдегі өздерінің тиісті негіздегі уәкілетті өкілдері арқылы әрекет ететін тараптар Америка Құрама Штаттарының Колумбия округінде жоғарыда басында аталған жылы мен күні өз аттарынан осы Келісімге қол қойылуын қамтамасыз етті. Қазақстан Республикасы Құжатқа қол қоюға уәкілетті ресми тұлғаның қолы ______________ Уәкілетті Өкіл Халықаралық қайта құру және Даму Банкі Құжатқа қол қоюға уәкілетті ресми тұлғаның қолы _____________ Еуропа Орталық Азия Аймағы бойынша Вице-Президенттің міндетін атқарушы 1-Қосымша Заем Қаражатын алу 1. Төменде келтіріліп отырған кестеде Заем қаражатынан қаржыландырылатын Ұстанымдардың санаты, әрбір Санат бойынша Заем сомасын аудару және әрбір Санатта осылайша қаржыландырылатын ұстанымдар бойынша шығыстардың процентімен көрсету беріліп отыр: __________________________________________________________________________ Санаты Аударылатын Заем Қаржыландырылатын сомасы (АҚШ Шығыстар, долларына сәйкес %-пен есептеумен көрсетіліп отыр) __________________________________________________________________________ (1) Инженерлік-құрылыс 11, 180, 000 80% жұмыстары (2) Консультанттардың 2, 500, 000 100% қызметі (3) Тауарлар 620, 000 100% шетелдік шығыстар, 100% жергілікті шығыстар ("франко-зауыт" шығындары) және 80% сатып алулар осы жердің шегінде жүзеге асырылатын басқа да ұстанымдар бойынша жергілікті шығыстар (4) Қосымша 500, 000 80% Пайдалану Шығындары (5) Жобаны Әзірлеуге 1,000,000 Осы Келісімнің 2.02 арналған Қарызды (с) Бөліміне сай Қайта қаржыландыру есептелетін сома (6) Делдалдық Алым 165, 000 Осы Келісімнің 2.04 Бөліміне сай есептелетін сома (7) Бөлінбегені 535, 000 Жиыны 16,500,000 2. Осы Ереженің мақсаты үшін:
(а) "шетелдік шығындар" термині Заем алушының елінен өзге қандай да бір елдің Заем алушының елінен өзге қандай да бір елдің аумағынан жеткізілетін немесе көрсетілетін тауарларға немесе қызмет көрсетулерге валютамен шығыстарын білдіреді;
(b) "жергiлiктi шығыстар" терминi Заем алушының аумағынан жеткiзiлетiн немесе көрсетілетiн тауарлар мен қызмет көрсетулерге валютамен Заем алушының шығыстарын білдiредi.
(с) "Қосымша Пайдалану Шығындары" терминi Жобаны орындау себептi келтiрiлген қосымша пайдалану шығындарын, кеңсе бұйымдарының, коммуналдық қызметтердiң, байланыс қызметтерiнiң, көлiктiк қызмет көрсетудiң құнын қоса алғанда, басқаруға және ағымдағы бақылауға байланысты шығыстарды, сапарларға шығу шығындарын, аудит жүргiзу жөнiндегi қызметтердi және қадағалауға байланысты шығыстарды қоса алғанда, бiрақ Заем алушының еңбекақысы мен жалақысын есептемегенде, консультанттар қызметiнiң құнын бiлдiредi.
3. 1-тармақта келтiрiлген ережелерге тәуелсiз қаражатты алудың
ешқайсысы осы Келiсiмнiң күнiне дейiнгi шығыстарға қатысты жасалған төлемдерге байланысты жүргiзiлмейдi. 4. Банк шығыстардың: (а) әрқайсысының құны АҚШ долларына сәйкес есептегенде кемiнде 75,000-ды құрайтын келiсімшарттарға сәйкес тауарларға; (Ь) әрқайсысының құны АҚШ долларына сәйкес есептегенде кемiнде 100,000-ды құрайтын келiсiмшарттарға сәйкес жұмыстарға; және (с) Банк Заем алушыға хабарламасында көрсететiн шарттар мен ережелерге сәйкес қосымша пайдалану шығындарына, бәрiне қатысты Заем Шотынан шығыстар туралы есептер негiзiнде жасалған қаражатты алуды талап ете алмайды. 2-Қосымша Жобаны Сипаттау Жобаның мақсаты қолдануға жарамды және таза ауыз сумен Атырау қаласын қамтамасыз етуде және сарқынды суларды қоршаған орта үшiн тиiмдi, сенiмдi және қауiпсiз түрде жоюда "Водоканал" ұйымының мүмкiндiктерiн арттыру болып табылады. Жоба Заем алушы мен Банк осындай мақсаттарға жету үшiн дүркiн-дүркiн келiсе алатын өзгерiстер енгiзілетiн мынадай бөлiктерден тұрады: А Бөлiгi Сумен қамтамасыз ету және Сарқынды Суларды Жою Жүйесiн Жаңғырту Вокзал жанындағы шағын аудандар мен Атырау қаласының Орталығында су құбырларын жаңғырту және ауыстыру жаңа су шығаратын сорғыш станцияларды салу, инвертирленген сифон салу канализациялық құбырларды ауыстыру және жаңғырту және сорғыш станцияларды және түтiктi құбыр жүйесiн жаңғырту арқылы сумен жабдықтау және канализация жүйелерiн жетiлдiру. В Бөлiгi Авариялық Жағдайлардағы Жөндеу Жұмыстары Авариялық жағдайларда сумен жабдықтау және канализация жүйелерiн жөндеу және есептеуiштердi, сорғыштарды ауыстыру және "Водоканал" ұйымының пайдалану шығындарына тез арада және елеулi жақсартулар енгiзетiн және тауарлар мен жұмыстарды қаржыландыру арқылы пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыратын Жобаны орындау уақытында "Водоканал" ұйымы айқындайтын басқа да жұмыстар. С Бөлiгi Жобаны Басқару және Институционалдық Нығайту
1. Су ағынын басқаруды суды тұтынуды зерделеу сарқынды суларды және дренажды суларды жою варианттарын зерделеу қаржы және бухгалтерлiк есеп жүйесiн енгiзу және қаржы және шаруашылық қызметтi орындау туралы келісiм-шарттың жобасын дайындауды қоса алғандағы "Водоканал" ұйымының институционалдық, басқару және қаржылық мүмкiндiктерiн жоғарылатудағы техникалық көмек.
2. Қаланың инфрақұрылымын қайта құрудың орта мерзімді жоспарын әзірлеуді қоса алғанда, Атырау Қаласында институционалдық мүмкіндіктерді жоғарылатудағы, қаржы қызметін басқаруды және әкімшілендіруді күшейтудегі техникалық көмек.
3. Қаржылық қызмет пен бухгалтерлік есепті басқару жүйесін әзірлеу
мен енгізуді, осы Келісімнің IV Бабында айтылатын шоттарды және қаржылық есептерді, жоғарыда айтылатын шоттардың аудитін және қаржылық есептерді әзірлеуді қоса алғанда, сыртқы аудитті жүргізу жөніндегі қызметтерді қоса алғанда, қосымша пайдалану шығындарын қаржыландыру арқасында, СРК мен Атырау Облыстық Әкімшілікке Жобаны басқарудағы, орындаудағы және қадағалаудағы техникалық көмек. Жобаны 2004 жылғы 31 наурызда аяқтау болжанып отыр. 3-Қосымша Заемды Бөліп Төлем Өтеудің Кестесі __________________________________________________________________________ Төлемнің Шарттасылған Мерзімі Негізгі Соманы Өтеу (АҚШ долларымен) __________________________________________________________________________ 2005 жылғы 15 ақпанда 365,000 2005 жылы 15 тамызда 375,000 2006 жылғы 15 ақпанда 385,000 2006 жылы 15 тамызда 395,000 2007 жылғы 15 ақпанда 405,000 2007 жылы 15 тамызда 415,000 2008 жылғы 15 ақпанда 425,000 2008 жылы 15 тамызда 440,000 2009 жылғы 15 ақпанда 450,000 2009 жылы 15 тамызда 460,000 2010 жылғы 15 ақпанда 475,000 2010 жылы 15 тамызда 485,000 2011 жылғы 15 ақпанда 500,000 2011 жылы 15 тамызда 515,000 2012 жылғы 15 ақпанда 530,000 2012 жылы 15 тамызда 545,000 2013 жылғы 15 ақпанда 555,000 2013 жылы 15 тамызда 575,000 2014 жылғы 15 ақпанда 590,000 2014 жылы 15 тамызда 605,000 2015 жылғы 15 ақпанда 620,000 2015 жылы 15 тамызда 635,000 2016 жылғы 15 ақпанда 655,000 2016 жылы 15 тамызда 675,000 2017 жылғы 15 ақпанда 690,000 2017 жылы 15 тамызда 710,000 2018 жылғы 15 ақпанда 730,000 2018 жылы 15 тамызда 750,000 2019 жылғы 15 ақпанда 770,000 2019 жылы 15 тамызда 775,000 - Бұл бағандағы сандар Жалпы Ережелердің 4.04 (d) Бөлімінде көзделетінінен басқа, өтеуге жататын соманы АҚШ долларымен беріп отыр. ____________________________________________________________________ - Бұл бағанадағы сандар Жалпы Ережелердің 4.04 (d)Бөлімінде көзделетінінен басқа, өтеуге жататын соманы АҚШ долларымен беріп отыр. 4-Қосымша Сатып алулар және Консультанттардың қызметі І Бөлім Тауарлар Сатып алу және Жұмыстарды Қамтамасыз ету А Бөлігі Жалпы ережелер
1995 жылдың қаңтарында Банк жариялаған және 1996 жылдың қаңтары мен тамызында, 1997 жылдың қыркүйегiнде және 1999 жылдың қаңтарында (Ереже) қайта қаралған "ХКДБ-ның Заемдары мен ХДА Несиелерi бойынша Сатып алулар Тәртiбiнiң" I Бөлiмiнiң ережелерiне және осы Бөлiмнiң мынадай ережелерiне сәйкес тауарлар сатып алынады және жұмыс қамтамасыз етiледi.
В Бөлiгi
Халықаралық Бәсекелес Сауда-саттықтар
1. Осы Бөлiмнiң С Бөлiгiнде өзгеше көзделген жағдайларды қоспағанда, Қағиданың II Бөлiмiнiң ережелерiне және оған Қосымшаның 5-тармағына сәйкес жасалған келiсiмшарттарға сай тауарлар сатып алынады және жұмыстар қамтамасыз етiледi.
2. Төмендегi ережелер осы В Бөлiгiнiң 1-тармағының ережелерiне
сәйкес жасалған келісімшарттарға сай сатып алынатын және қамтамасыз етілетiн тауарлар мен жұмыстарға қолданылады. (а) Алғашқы бағалау Жобаның А Бөлiгiне сай жұмыс жүргiзуге арналған келiсiм шарттарды жасасуға талапкерлердi алғашқы бағалау Қағиданың 2.9 және 2.10 тармақтарының ережелерiне сәйкес жүргiзiледi. С Бөлiгi Сатып алулардың Басқа да Рәсiмдерi 1. Елден Тысқары жерлердегi Сатып алулар
Құны бағалауларға сай АҚШ долларына сәйкес есептегенде кемiнде 200,000-ды құрайтын, келiсiмшарттарға сай және АҚШ долларына сәйкес есептегенде жиынтығы 500,000-нан аспайтын тауарлар Қағиданың 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес елден тысқары жерлерде сатып алу рәсiмдерi негiзiнде жасалған келiсiмшарттарға сай сатып алынады.
2. Ел Шегiндегi Сатып алулар
Құны бағалауларға сай АҚШ долларына сәйкес есептегенде кемiнде 75,000-ды құрайтын, келiсiмшарттарға сай және АҚШ долларына сәйкес есептегенде жиынтығы 200,000-нан аспайтын тауарлар Қағиданың 3.5 және 3.6-тармақтарының ережелерiне сәйкес ел шегiндегi сатып алу рәсiмдерi негiзiнде жасалған келiсiмшарттарға сай сатып алынады.
3. Екіншi дәрежелi жұмыстарды Қамтамасыз ету
Құны бағалауларға сай АҚШ долларына сәйкес есептегенде кемiнде 100,000-ды құрайтын, келiсiмшарттарға сай және АҚШ долларына сәйкес есептегенде жиынтығы 600,000-нан аспайтын жұмыстар белгiленген талаптарға жауап беретін ел iшiндегi үш (3) мердiгерден жазбаша шақыруға жауап ретiнде алынған ұсыныстар негiзiнде жасалған тұрлаулы, бекiтiлген бағалы келiсiмшарттарға сай қамтамасыз етіле алады. Шақыру қажет болса, аяқтау мерзiмi талап ететiн негiзгi сипаттамаларды, Банк үшiн қолайлы келiсiмнiң негiзгi нысанын және тиiстi сызбаларды қоса алғанда, жұмыстардың егжей-тегжейлi сипаттамасын қамтиды. Тапсырыс талап етiлетiн жұмыстар үшiн бағаның ең төмен белгiленуiн ұсынатын және келiсiмшартты ойдағыдай орындау үшiн жеткiлiктi тәжiрибесi мен қаражаты бар мердiгерге берiледi.
D Бөлiгi
Банктiң Сатып алулар туралы Шешiмдеріне Шолу
1. Сатып алуларды Жоспарлау
Сауда-саттыққа байланысты алғашқы баға алуға немесе сауда-сатыққа қатысуға шақыру туралы хабарлаудан бұрын Қағидаға қосымшаның 1-тармағының ережелерiне сәйкес Жобаға байланысты ұсынылып отырған сатып алулардың жоспары Банктiң қарауына және мақұлдауына ұсынылады. Барлық тауарларды сатып алу және барлық жұмыстарды қамтамасыз ету Банк мақұлдаған сатып алулардың жоспарына және жоғарыда аталған 1-тармақтың ережелерiне сәйкес жүргiзiледi.
2. Алғашқы Шолу
(а) Осы Ереженiң В.1 Бөлiгiне сай ие болған әрбiр келiсiмшартқа қатысты Қағидаға Қ-қосымшаның 2 және 3-тармақтарында айтылатын рәсiмдер қолданылады.
(b) Осы Ереженiң С.1 Бөлiгiне сай ие болған әрбiр келiсiмшартқа және осы Ереженiң С.2 немесе С.3 Бөлiктерiне сай жасалған алдыңғы екi келiсiмшартқа мынадай рәсiмдер қолданылады:
(i) қандай да бiр жеткiзiп берушiнi таңдағанға немесе қандай да бiр келiсiмшартты атқарғанға дейiн Заем алушы сатып алулардың рәсiмдерiне сай Банкке алынған ұсыныстарды салыстыру және бағалау туралы есеп бередi.
(ii) қандай да бiр жеткiзiп берушiнi таңдағанға немесе сатып
алулардың рәсiмдерiне сай ие болған қандай да бiр келiсiмшартты атқарғанға дейiн Заем алушы Банкке айрықшалаудың және келiсiм жобасының көшiрмесiн тапсырады; және (iii) Қағидаға 1-Қосымшаның 2 (f) және 2 (g)- тармақтарында айтылатын рәсiмдер қолданылады. 3. Кейiнгi Шолу осы Бөлiктiң 2-тармағының ережелерiмен реттелмейтiн әрбiр келiсiмшартқа қатысты Қағидаға 1-Қосымшаның 4-тармағында айтылатын рәсiмдер қолданылады. II Бөлiм Консультанттарды Жалдау А Бөлiгi Жалпы Ережелер Консультанттардың қызметтерi 1997 жылдың қаңтарында Банк жариялаған және 1997 жылдың қыркүйегiнде және 1999 жылдың қаңтарында қайта қаралған Кірiспе Бөлiгiнiң және "Қағиданың: Дүниежүзiлiк Банк Заем алушыларының Консультанттарды Iрiктеуi және Жалдауы" IY Бөлiмiнiң ережелерiне және осы Қосымшаның II Бөлiмiнiң мынадай ережелерiне сәйкес сатып алынады. В Бөлiгi Сапа мен Құнға негiзделген Ірiктеу Консультанттардың қызметтерi осы Бөлiмнiң С Бөлiгiнде өзгеше көзделген жағдайда консультанттарды сапа мен құнға негiзделген iрiктеуге қолданылатын Консультанттар туралы Қағиданың II Бөлiмiнiң ережелерiне, оған 1-Қосымшаның 3-тармағына, оған 2-Қосымшаға және олардың 3.13-тен бастап 3.18-дi қоса алғандағы тармақтарына сәйкес жасалған келiсiмшарттарға сай сатып алынады. С Бөлігі Консультанттарды Іріктеудің Басқа да Рәсімдері 1. Бірыңғай Көзден Іріктеп алу
АҚШ долларына сәйкес есептегендегі бағалауға сай құны жиынтығында 100,000 АҚШ долларын аспайтын қаржылық техникалық көмек жөніндегі қызметтер Жобаның С1. Бөлігіне сәйкес Консультанттар туралы Қағиданың 3.8-ден бастап 3.11-ді қоса алғандағы тармақтарының ережелеріне сәйкес
Банктің алдын ала келісімімен сатып алынады. 2. Жеке меншік Консультанттар Консультанттар туралы Қағиданың 5.01-тармағында айтылатын талаптарға сәйкес келетін Жобаның С Бөлігіне сәйкес қызметтер жеке меншік консультанттармен Консультанттар туралы Қағиданың 5.1-ден бастап 5.3-ті қоса алғандағы тармақтарының ережелеріне сәйкес жасалған келісімшарттарға сай сатып алынады. D Бөлігі Банктің Консультанттарды Іріктеуді қарауы 1. Іріктеуді Жоспарлау
Консультанттарға ұсыныстар туралы қандайда да бір сұрау салуларды бергеннен бұрын консультанттарды іріктеудің ұсынылып отырған жоспары Банкке Консультанттар туралы Қағидаға 1-Қосымшаның 1-тармағының ережелеріне сәйкес Жобаға байланысты оның қарап, мақұлдауына тапсырылады. Консультанттардың барлық қызметтерін іріктеу Банк және жоғарыда айтылған 1-тармақтың ережелері мақұлдаған іріктеу жоспарына сәйкес жүргізіледі.
2. Алдын ала Қарау
(а) Консультациялық фирмаларды жалдау туралы әрбір келісімшартқа қатысты Консультанттар туралы Қағидаға 1-Қосымшаның 1, 2 (2 (а)-тармақтың үшінші тармақшасынан өзгеше) және 5-тармақтарында аталатын рәсімдер қолданылады.
(b) Жеке меншік консультанттарды жалдау туралы әрбір келісімшартқа
қатысты Банкке оның алдын ала қарап, мақұлдауына біліктілігі, қызмет стажы, құзыретінің шегі және консультанттарды жалдау шарты туралы мәліметтер беріледі. Келісімшарт жоғарыда аталған мақұлдау берілгеннен кейін ғана жасалады. 3. Кейінгі Қарау Осы Бөліктің 2-тармағының ережелерімен реттелмейтін әрбір келісімшартқа қатысты Консультанттар туралы Қағидаға 1-Қосымшаның 4-тармағында айтылатын рәсімдер қолданылады. 5-Қосымша Орындау Бағдарламасы 1. Заем алушы:
(а) Заем алушы мен Банк арасында келісілген Жобаны орындау және оның мақсаттарына жету көрсеткіштеріне сәйкес стратегия жүргізеді және тиісті талаптарға жауап бере отырып, оған тұрақты негізде ағымдағы бақылау мен бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін рәсімдерді сақтайды;
(b) осы тоқсан ішінде Жобаның орындалуы баяндалатын есепті Банкке қолайлы құзырет шегіне сәйкес әзірлейді және Жобаны орындау кезінде әрбір жылдың әрбір тоқсаны аяқталғаннан кейін үш аптадан кешіктірмей Банкке тапсырады;
(с) "Водоканал" ұйымының қызметi мен жұмысының нәтижелерiне жартыжылдық шолудың қорытындыларын қоса алғанда, осы жыл iшiнде Жобаның орындалуы баяндалатын ссептi Банкке қолайлы өкiлдiктер шегiне сәйкес әзiрлейдi және Жобаны орындау кезiнде әрбiр жылдың 31 қаңтарынан кешiктiрмей Банкке тапсырады;
(d) осы Бөлiмнiң (а) тармағына сай орындалған ағымдағы бақылау мен бағалау бойынша қызметтiң нәтижелерi бiрiктiрiлетiн жоғарыда аталған есептiң күнiне дейiнгi кезең iшiнде Жобаны орындауда қол жеткен нәтижелер туралы және Жобаның ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету және осындай күннен кейiнгi кезең iшiнде оның мақсаттарына жету үшiн ұсынылып отырған шаралар айтылатын есептi Банкке қолайлы өкілдiктер шегiне сәйкес әзiрлейдi және 2001 жылғы 30 маусымнан кешiктiрмей немесе шамамен осындай мерзiмде Банкке тапсырады; және
(е) Банкпен 2001 жылғы 31 шiлдеге немесе осыдан кешiрек мерзiмге дейiн Банк сұрау салатын осы тармақтың (d) тармақшасында айтылатын есепке шолу жүргiзедi және осыдан кейiн Жобаның ойдағыдай орындалуын қамтамасыз ету және жоғарыда аталған есептегi нәтижелерге және ұсыныстарға және мәселе бойынша Банктiң пiкiрiне сүйене отырып, осындай күннен кейiнгi кезең iшiнде оның мақсаттарына жету үшiн талап етiлетiн барлық шараларды қолданады.
2. Жалпы Ережелердің 9.07 Бөлiмiнiң мақсаттары үшiн және оның шектеулерiнсiз Заем алушы Банкке қолайлы осы мақсат үшiн Заем алушы мен Банк арасында келiсiлуi мүмкiн ережелер негiзiнде және Қорытынды Күннен кейiнгi алты (6) айдан немесе осыдан кешiрек мерзiмнен кешiктiрмей Банкке Жоба бойынша алдағы жұмыстың жоспарын және Банкке жоғарыда айтылған жоспар бойынша Заем алушымен пікір алмасудың тиісті мүмкіндігін береді.
3. Атырау Облыстық Әкімшілігі 2001 жылғы 30 қыркүйекке дейін 7-қосымшаның 2(g) тармақшасына сәйкес "Водоканал" ұйымының жоспарланып отырған шығыстары негізгі қызметтен жеткілікті болу үшін, "Водоканал" ұйымының жоспарланып отырған шығыстарын жабу үшін қамтамасыз етуге жеткілікті "Водоканал" шығыстарын жабу үшін қамтамасыз етуге жеткілікті "Водоканал" ұйымына суды пайдаланғаны және сарқынды суларды жойғаны үшін алымдар жинауға уәкілеттік беретін ережелерді қабылдайды.
6-Қосымша
Арнайы Шот
1. Осы Ереженiң мақсаттары үшiн:
(а) "қолайлы Санаттар" терминi осы Келiсiмге 1-қосымшаның 1-тармағында кестеде көрсетiлетiн (1), (2), (3) және (4) Санаттарды бiлдiредi;
(b) "қолайлы шығыстар" терминi Жоба үшiн талап етiлетiн және осы Келiсiмге 1-қосымшаның ережелерiне сәйкес қолайлы Санаттар бойынша дүркін-дүркiн аударылатын Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарлар мен қызмет көрсетулердiң тиiстi құнына қатысты шығыстарды бiлдiредi; және
(с) "Рұқсат Етiлген Аударымдар" терминi АҚШ долларына қайта есептегенде Заем Шотынан алынатын және осы Қосымшаның 3 (а) тармағына сәйкес келетiн жағдайда Арнайы Шотқа депозитке салынатын 1,000,000 құрайтын соманы бiлдiредi, алайда, егер Банк өзгеше шешпесе, Рұқсат Етiлген Аударымдар Заем Шотынан алынатын қаражаттың жиынтық сомасы қосылған Жалпы Шарттар 5.02 Бөлiмге сәйкес Банк өзiне алған арнайы мiндеттемелер бойынша барлық төлемге көрсетiлмеген жалпы сома АҚШ долларына қайта есептегенде 4,000,000 тең болмаса немесе асып кетпесе, АҚШ долларына қайта есептегенде 500,000 құрайтын сомамен шектеледi.
2. Төлемдер Арнайы Шоттан осы Қосымшаның ережелерiне сәйкес қолайлы шығыстарға қатысты ғана жүргiзiледi.
3. Банк Арнайы Шот тиесiлi түрде ашылғандығы туралы қолайлы растама алғаннан кейiн, Рұқсат Етiлген Аударымдардан қаражат алу және Арнайы Шотты толтыру үшiн кейiннен қаражат алу мынадай тәсілде жүргізіледі:
(а) Рұқсат Етiлген Аударымдардың қаражатын алу үшiн Заем алушы Банкке Рұқсат Етiлген Аударымдардың жиынтық сомасынан аспайтын соманы немесе сомаларды Арнайы Шотқа депозитке салу туралы сұрау салу немесе сұрау салулар бередi.
Осындай сұрау салудың немесе сұрау салулардың негiзiнде Банк Заем алушы атынан Заем алушы сұрай салған осындай соманы немесе сомаларды Заем Шотынан алады және Арнайы Шотқа депозитке салады.
(b) (i) Арнайы Шотты толтыру үшiн Заем алушы Банкке Банк белгiлейтiн тұрақтылықпен Арнайы Шотқа депозитке салу туралы сұрау салуды бередi.
(ii) Мұндай әрбiр сұрау салудың алдынан немесе сол сәтте Заем алушы Банкке осы Қосымшаның 4-тармағына сәйкес талап етiлетiн құжаттар мен өзге де растамаларды, толықтыру сұрау салынған қатысты төлем мен төлемдердi бередi.
Мұндай әрбiр сұрау салудың негiзiнде Банк Заем алушы атынан Заем алушы сұрау салған және жоғарыда аталған құжаттарда көрсетiлетiн және қолайлы шығыстарға қатысты Арнайы Шоттан төлеуге өзгеше растамада көрсетiлетiн мұндай соманы Заем Шотынан алады және Арнайы Шотқа депозитке салады. Мұндай барлық салымдарды Банк бұл тиісiнше жоғарыда аталған құжаттармен және өзгеше растамалармен негiзделетiн қайта есептеуге сәйкес тиiстi сомаларда қолайлы Санаттар бойынша Заем Шотынан алады.
4. Арнайы Шоттан 3аем алушы жүргiзген әрбір төлем бойынша Заем алушы Банк негізделіп сұрау салатын осындай мерзiмдерде Банкке осындай төлем мұндай құжаттар мен қолайлы шығыстарға қатысты ғана жүргiзілгендiгiн көрсететiн өзгеше растамалар бередi.
5. Осы Қосымшаның 3-тармағының ережелерiне тәуелсiз Банк одан әрi Арнайы Шотқа депозитке салуды жүргiзбеуi мүмкін:
(а) егер қандай да бiр уақытта Банк қаражаттарды кейiннен алуды Жалпы Шарттар Y Баптың ережелерiне және осы Келiсiмнiң 2.02. Бөлiмiнiң (а) тармағына сәйкес Заем алушы тұтастай тiкелей Заем Шотынан жүргiзуi керектiгiн айқындаса;
(b) егер Заем алушы Банкке осы Келісімнің 4.01. (Ь) Бөлiмiнде көрсетiлген мерзiм iшiнде Банкке ұсыну Арнайы Шот бойынша есеп құжаттары мен шоттарының аудитіне қатысты жоғарыда аталған Бөлiмге сәйкес талап етiлетiн аудит туралы қандай да бiр есептердi бермесе;
(с) егер қандай да бiр уақытта Банк Заем алушының Жалпы шарттар
6.02. Бөлiмнiң ережелерiне сәйкес Заем Шотынан қаражат алуды жүргiзу құқығын тұтастай немесе iшiнара тоқтата тұру жөнiндегi өзiнiң болжамы туралы Заем алушыны хабардар етсе; немесе
(d) жиынтығында қолайлы Санаттар бойынша аударылатын Заемның алынбаған сомасы алынған Жобаға қатысты Жалпы Шарттар 5.02 Бөлімге сәйкес Банк өзіне алған арнайы мiндеттемелер бойынша төлемге көрсетiлмеген барлық сомалардың жиынтығы қайта есептеуге сәйкес Рұқсат Етiлген Аударымның екі сомасына көбейтілгенге тең болғанда. Осыдан кейін қолайлы Санаттар бойынша аударылған Заемның қалған алынбаған сомасын Заем Шотынан алған кезде Банк Заем алушыға хабарламасында анықтаған сондай рәсiмдер сақталады.
Мұндай одан әрi қаражат алу осындай хабарлама күнгi Арнайы Шотта сақтауға қалған барлық осындай сомалар қолайлы шығыстар бойынша төлемдердi жүзеге асыруға пайдаланылатындығына қандай Банк көз жеткiзгеннен кейін және сол шамада жүргiзiледi.
6. (а) Егер Банк қандай да бiр уақытта қандай да бiр төлем Арнайы Шоттан:
(i) шығыстарға қатысты немесе осы Қосымшаның 2-тармағына сәйкес қолайсыз сомада жүргiзiлсе; немесе
(ii) Банкке берiлген растамалармен негiзделмесе, Заем алушы Банктiң хабарламасын алғаннан кейiн тез арада:
(А) Банк сұрау салуы мүмкiн осындай қосымша растама бередi;
(В) Арнайы Шотқа (немесе, егер Банк сұрау салса, банкке қайтарады) осындай төлемнің сомасына тең соманы немесе осылайша қолайлы немесе негiзделген болып табылмайтын оның бөлiктерiн депозитке салады.
Егер Банк өзгеше шешiм қабылдамаса, Банк Заем алушы осындай растама бермейінше немесе жағдайға байланысты осындай депозитке салуды жүргiзбейiнше Арнайы Шотқа ешқандай да депозитке салуды жүргiзбейдi.
(b) Егер Банк қандай да бiр уақытта Арнайы Шотқа төлеуге көрсетiлмеген қандай да бiр сома қолайлы шығыстар бойынша бұдан әрi төлемдердi жабу үшiн қажет етiлмейтiндiгiн айқындаса, Заем алушы Банктiң хабарламасын алғаннан кейiн тез арада Банкке төлемге көрсетiлмеген осындай
соманы қайтарады. (c) Заем алушы Банкті хабардар ете отырып, Банкке Арнайы Шотта сақтауда тұрған қаражаттың барлығын немесе бөлiгiн қайтара алады. (d) Осы Қосымшаның (а), (Ь) және (с) тармақтарына сәйкес жүргiзiлген Банкке қаражатты қайтару Жалпы Шарттарды қоса алғанда, осы Келiсiмнiң тиiстi ережелерiне сәйкес бұдан әрi алу немесе күшiн жою үшiн несиеге жазылады. 7-Қосымша Жобаның Орындалуы және Көмекшi Заем туралы Келiсiмнiң Шарттары мен Ережелерi; Қаржылық және Шаруашылық Қызметтiң Орындалуы туралы Жыл Сайынғы Келiсiмнiң Рәсiмдерi мен Шарттары және Ережелерi 1. Жобаның Орындалуы және Көмекші Заем туралы Келісім мыналарды қарастырады:
(а) көмекшi заемның негiзгi сомасын "Водоканал" ұйымы ұзақтығы бес жыл жеңiлдiк берiлген кезеңдi қоса алғанда, жиырма жылдың iшiнде жарты жылдық жарналарға тең Заем алушының валютасымен өтейдi.
(b) "Водоканал" ұйымы өтеуге жататын көмекші заемның негізгі сомасы АҚШ долларына қайта есептегенде (бұл өтеу күнiне немесе өтеудiң тиiстi күнiне белгiленгендей) - Заем қаражатынан қаржыландырылатын және Жобаның Орындалуы және Көмекшi Заем туралы келiсiмге сәйкес "Водоканал" ұйымы беретiн жұмыстар мен тауарларға қатысты Заем Шотынан алынатын валютаның немесе валюталардың құнын құрайды.
с) проценттер АҚШ долларымен берiледi және осы Келiсiмнiң
2.05 (а) Бөлiмiне сәйкес Заем алушы кезең-кезеңмен төлеуге жататын ставкаға тең ставка бойынша көмекшi заемның төлемге алынған және көрсетiлмеген қалдық бойынша есептеледi; жеңiлдiк берiлген кезең уақытында төлеуге жататын кез келген проценттер көмекшi заемның негiзгi сомасына қарағанда күрделенуi мүмкiн:
(d) кезең-кезеңмен алынатын көмекшi заемның сомасы бойынша несие беру мiндеттемесi үшiн комиссиялық осы Келiсiмнiң 2.04 Бөліміне сәйкес Банкке Заем алушы төлейтін несие беруге мiндеттеме үшiн процентпен көрсетiлген комиссиялық сомаларға теңеледi.
2. Жобаның Орындалуы және Көмекшi Заем туралы Келiсiм мыналарды талап етедi, атап айтқанда, "Водоканал" ұйымы:
(а) құзыреттi мамандардың тиiстi санының көмегiмен бiлiктi және қызмет атқарған мерзiмi жеткiлiктi басшы персоналдардың тиiстi талаптар мен қол жеткен нәтижелерге сәйкес және қоршаған ортаны қорғауға, байланысты тиімді рационалдық, техникалық инженерлік, қаржылық және басқарушылық практикаға сәйкес орындауды және жоба бойынша жұмыс iстеудi;
(b) өздерiнiң кәсiпорындарын, машиналарын, жабдықтары мен өзге де мүлiктерiн қажеттiгiне қарай дүркiн-дүркiн - тез арада пайдалануды және ұстауды - барлығы қоршаған ортаны қорғауға байланысты тиiмдi, инженерлiк және техникалық практикаға сәйкес оларды жөндеу және жаңарту жөнiндегi барлық қажеттi жұмыстарды жүргiзудi;
(с) есептiлiктiң тиiмдi тәжiрибесiне сәйкес "көрсету бойынша тиiстi талаптарға жауап беретiн Водоканал" ұйымының жұмысына және қаржылық жағдайына есеп құжаттары мен шоттарды жүргiзудi және Жобаға байланысты операцияларды, қаражаттар мен шығыстарды жеке-жеке тiркеудi;
(d) есеп Заем алушы мен Банк үшiн қолайлы тәуелсiз аудиторлар үнемi қолданатын аудиттi жүргiзудiң тиiстi принциптерiне сәйкес жүргiзілген әрбiр қаржы жылы үшiн Жобаға байланысты есеп құжаттарын, шоттарды жүргiзудi және қаржылық есептердi дайындауды және Заем алушыға осындай әрбiр ай аяқталғанын кейін алты (6) кешiктiрмей осындай тәсiлмен жүргiзiлген аудиттi және 3аем алушы мен Банк негізделіп сұрау салған көлемде және осындай нақтылаумен аудиторлар өткiзген аудит туралы есептi берудi;
(е) Заем алушыға жекелеген тәртiппен немесе егер Банк осылай сұрау салса Банк өкiлдерiмен бiрлесiп, Жобаға, оларды пайдалануға байланысты қаржыландырылатын тауарларды және жұмыс алаңдарын, кәсiпорындар мен ғимараттарға және Жобаға қатысты "Водоканал" ұйымының қаржылық есеп құжаттарын қоса алғанда, барлық тиiстi есеп жазбалары мен құжаттарға тексеру жүргiзуге мүмкiндiк берудi;
(f) мұндай сақтандыруды тәуекелге қарсы жауапты сақтандырушылармен және Заем қаражатынан қаржыландырылатын тауарларды сатып алуға тасымалдауға және жеткiзуге байланысты тәуекелдердi болдырмайтын сақтандыруды қоса алғанда, тиiмдi жұмыс тәжiрибесiмен келiсілетін сомаға, пайдалану немесе қондыру орнын, мұндай тауарларды алмастыру немесе жөндеу бойынша берiлген залалдан мұндай сақтандыруға сәйкес кепілдікті таңдауға және қолдау көрсетуге;
(g) (і) әрбiр қаржы жылы бойынша Жобаны орындау барысында "Водоканал" ұйымының жоспарланған кiрiсi негiзгi қызметтен "Водоканал" ұйымының осы қаржы жылындағы жоспарланған шығыстарын жабуға жеткiлiктi болуын қамтамасыз етудi;
(ii) әрбiр қаржы жылының 1 тамызына немесе осы күнге дейiн Жобаны орындау барысында Атырау Облыстық Әкiмшілiгi "Водоканал" ұйымы дайындаған және Банк үшiн қолайлы болжамдардың негiзiнде "Водоканал" ұйымы осындай жылға және одан кейiнгi қатысты жоғарыда аталған тармақтың (g) (i) тармағындағы талаптарды сақтай алуына шолу және ол аяқталғаннан кейiн мұндай шолудың көшiрмесiн Банкке бередi;
(ііі) егер қандай да бiр осындай шолуда "Водоканал" ұйымы осындай шолу жататын "Водоканал" ұйымының қаржылық жылына қатысты (g) (i) тармағында айтылған талаптардан сақтай алмаса, Атырау Облыстық Әкiмшiлiгi мұндай талаптар сақталуы үшін барлық қажетті шараларды (құрылымды түзетудiң шектеусiздiгiн және оның ставкалар деңгейiн қоса алғанда) тез арада қабылдайды және қамтамасыз етедi; және
(iv) осы (g) тармақшасының мақсаттары үшiн:
(А) "негізгі қызметтен алынатын жоспарланған кірістер" терминi: ұйымның жұмысына қатысты барлық көздерден жиналған кiрiстердiң сомасын, "Водоканал" ұйымынан алынған тұтыну салымдарын, ағымдағы субсидияларды және құрылысқа көмекке тұтыну жарналарын бiлдiредi.
(В) "жоспарланған операциялық шығыстар" терминi басқаруды қоса алғанда, ұйымның жұмысына қатысты барлық шығыстарды, тиесілi ұстауларды және салықтар мен салықтың орнындағы төлемдерді (амортизацияға резервтi және басқа да қолма-қол ақшасыз ағымдағы алымдардан басқа), "Водоканал" ұйымының жұмысына қатысты барлық борыштар бойынша төлеуге жататын проценттердi және неғұрлым iрi амортизациялық аударымдарды немесе заемды бiрте-бірте өтеудi, барлық қолма-қол төленетiн дивидендтердi және таратылмаған пайданы өзге де қолма-қол ақшамен бөлудi және күрделi шығындардан өзге қолма-қол ақшаның өзге де ағындарын білдіреді;
(С) "қысқа мерзiмдi мiндеттемелер" терминi төлеу мерзiмi таяған және төлеуге жататын немесе қазiргi уақыттағы жағдайда кредиторлық берешектi, клиенттердiң қарыздарын, борышқа қызмет көрсету талаптарын, салықтар мен салықтың орнындағы төлемдерi және дивидендтердi қоса алғанда, он екi айдың iшiнде төлеу талап етiлетiн барлық мiндеттемелердi бiлдiредi;
(D) "күрделi шығындар" терминi ұйымның жұмысына байланысты құрылысқа есептелген проценттердi қоса алғанда негiзгi қаражатқа байланысты енгiзiлген барлық шығыстарды бiлдiредi;
(Е) осы тармақтың мақсаттары үшiн заем алушының валютасына басқа валютада төлеуге жататын борышты аударып бағалауға қажеттi болып табылатын барлық кезде, мұндай бағалау мұндай басқа валюта мұндай борышқа қызмет көрсету мақсаттары үшiн мұндай бағалау сәтiнде қол жететiн қолданылып жүрген заңды айырбас бағамының негiзiнде немесе мұндай бағам болмаған кезде Банк үшiн қолайлы айырбас бағамының негiзiнде жүргiзiледi.
(Һ) Жобаны орындау кезінде суды пайдаланғаны және сарқынды суларды жойғаны үшiн сомаларды белгiлеу және алу табысты өтеуiн қамтамасыз ететiн, мұның iшiнде, "Водоканал" ұйымының суды пайдаланғаны және сарқынды суды жойғаны үшiн сомалар алымының орташа жылдық ставкалары 2000 жылғы 30 маусымда кемiнде 70 процент 2001 жылғы 30 маусымда кемiнде 70 процент және 2003 жылғы 30 маусымда кемiнде 85 процент болуы керек.
(i) (i) егер "Водоканал" ұйымының кiрiстерi мен шығыстарының негiзделген болжамы қабылданатын борыштың мерзiмiнде ең аз дегенде 1.3 есе аспаса "Водоканал" ұйымының әрбiр қаржы жылындағы таза кiрiстерiн бағалауға сәйкес қабылданатын борышты қоса алғанда, "Водоканал" ұйымының барлық борыштары бойынша осындай жылы "Водоканал" ұйымының борышына қызмет көрсету жөнiндегi бағалауға сәйкес талапты көрсетпесе, өзiне қандай да бiр борышты қабылдамауды қамтамасыз етудi;
(i) осы тармақшаның мақсаттары үшiн:
(А) "борыш" терминi: өтеу мерзiмi оның шарттарына сәйкес ол алғашқы қабылданған күннен кейiн бір жылдан көп уақытта болған кез келген берешектi бiлдiредi;
(В) борыш мынадай жағдайларда қабылданды деп есептеледi:
(А) осындай борышты көздейтiн заем туралы келiсiм-шартқа немесе келiсiмге немесе өзге құжаттарға сәйкес немесе оны төлеу шарттары өзгерген осындай келiсiм-шарт, келiсiм немесе құжат күнi; және
(В) мұндай кепiлдi көздейтiн келiсiм күшiне енген күнгi кепiлдiкке берiлген келiсiмге сәйкес;
(С) "таза кiрiстер" терминi мыналар арасындағы айырмашылықты бiлдiредi:
(аа) егер олар мұндай кiрiстер жататын ұзақтығы он екi ай уақыт аралығының iшiнде күшiнде болса да борыш қабылданған уақытта қолданылатын "Водоканал" ұйымының ставкаларын назарға алу үшiн өзгерiстер енгiзiлген ұйымның жұмысына байланысты барлық көздердiң кiрiс сомасы мен негiзгi емес қызметтiң кiрiсiнiң; және
(bb) басқаруды, тиесiлi ұстауды, салықтарды және салықтардың орнындағы төлемдерді қоса алғанда, бірақ амортизация үшін резервті, қолма-қол ақшасыз ағымдағы алымды және проценттерді және борышқа төленетін өзге де сомаларды қоспағанда, ұйымның жұмысына байланысты барлық шығыстар сомасы;
(D) "негiзсiз емес қызметтен түскен кiрiстер" терминi:
ұйымның жұмысына қатысты көздерге қарағанда барлық көздерден түсетiн кiрiстер мен жоғарыда айтылған кiрiстердi жасау кезiнде орын алған салықтар мен салықтардың орнындағы төлемдердi қоса алғандағы кiрiстердiң арасындағы айырмашылықты білдiредi;
(Е) "борышқа қызмет көрсету жөнiндегi талаптар" терминi:
өтеудiң (егер мұндайлар бар болса, амортизация қорына төлемдердi қоса алғанда) борыштың жиынтық сомасы мен проценттердi және оған төленетiн өзге де сомаларды бiлдiредi;
(Ғ) осы тармақтың мақсаттары үшiн заем алушының валютасына басқа валютада төлеуге жататын борышты аударып бағалауға қажеттi болып табылатын барлық кезде, мұндай бағалау мұндай басқа валюта мұндай борышқа қызмет көрсету мақсаттары үшiн мұндай бағалау-сәтiнде қол жететiн қолданылып жүрген заңды айырбас бағамының негiзiнде немесе мұндай бағам болмаған кезде Банк үшін қолайлы айырбас бағамының негізінде жүргізіледі.
(о) Заем алушы немесе Банк негiздеп сұрау салған "Водоканал" ұйымының басқаруына, жұмысына және қаржылық жағдайына қатысты барлық осындай ақпаратты Заем алушыға дайындауды және тез арада берудi;
(k) банкке қолайлы мыналар енетін іс-қимыл жоспарын келісуді:
(i) өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін алу негізінде шоттарды жазуды енгізу және 2001 жылғы 1 қаңтарға дейін немесе Жобаға сәйкес қайта құру жұмыстары орындалып болған уақытқа дейін, осы оқиғалардың қайсысы бұрын болатындығына тәуелсіз Жобаны орындау ауданында сату;
(ii) ұйымдастырушылық, басқарушылық, қаржылық, коммерциялық, техникалық және инвестициялық жоспарлауды күшейту және "Водоканал" ұйымының бағалау мүмкіндігін арттыру;
(l) заем алушыға "Водоканал" ұйымы өзінің міндеттемелерін Жобаны Орындау және Көмекші Заем туралы Келісімге сәйкес орындамаған кезде көмекші заемнан қаржыландырылатын тауарларды және жұмыстарды пайдалануға "Водоканал" ұйымының құқығын тоқтата тұру немесе тоқтату құқығын беру;
(m) және ЖОба аяқталған кезде - Заем алушы үшін қолайлы тәсілде және мерзімде Заем алушыға Жобаның аяқталуы туралы есепті ұсыну.
3. Жобаның Орындалуы және Көмек Заем туралы Келісім нақты жылға арналған Қаржылық және Шаруашылық Қызметтің Орындалуы туралы Жыл Сайынғы Келісімдермен толықтырылады. Қаржылық және Шаруашылық Қызметтің Орындалуы туралы Жыл Сайынғы Келісімнің дайындалуына және орындалуына байланысты мынадай рәсімдер орындалады:
(а) әрбір күнтізбелік жылдың 15 желтоқсанына дейін Атырау - қосымшаның 4-тармағында айтылған шарттар мен ережелерден тұратын әрбір күнтізбелік жылға Облыстық Әкімшілігі ұсынылып отырған Қаржылық және Шаруашылық Қызметтің Орындалуы туралы Жыл Сайынғы Келісім (оның жобасын) дайындайды және мұндай ұсынылып отырған Қаржылық және Шаруашылық Қызметтің Орындалуы туралы Жыл Сайынғы Келісімді Банкке оның қарауына және түсініктемені беруіне сынады; және
(b) Банк қарағаннан кейін және ұсынылып отырған Қаржылық және оның
жағынан Шаруашылық Қызметтің Орындалуы туралы Жыл Сайынғы Келісімдерге қатысты қарсылық болмаған кезде Атырау Облыстық Әкімшілігі мен "Водоканал" ұйымы тез арада Қаржылық және Шаруашылық Қызметтің Орындалуы туралы Жыл Сайынғы Келісім жасайды. 4. Әрбір Қаржылық және Шаруашылық Қызметтің Орындалуы туралы Жыл Сайынғы Келісім бір жылдың ішінде "Водоканал" ұйымы қол жеткізуі керек шаруашылық және қаржылық мақсаттарды қамтиды. Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.