1. 5-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"5-бап. Осы Заңда пайдаланылатын ұғымдар
Салық заңдарында пайдаланылатын ұғымдар мынаны бiлдiредi:
1) активтер - тiркелген активтердi, оның iшiнде материалдық емес және ағымдағы қаражатты қамтитын есептiк санат;
2) бонус - пайдалы қазбаларды геологиялық зерттеуге, өндiруге байланысты төлем;
3) ұтыстар - жеке және заңды тұлғалардың конкурстарда, жарыстарда (олимпиадаларда), фестивальдарда салымдар (ойынға қатысатын), лотереялар бойынша алатын заттай және ақшалай түрдегi табыстарының кез келген түрлерi;
4) ойын бизнесiнен алынатын түсiм - ұтысы шегерiлiп тастала отырып, ойын бизнесiнен алынатын ақша сомасы;
5) пайданың iшкi нормасы - жүргiзiлетiн инвестициялардың өтелу коэффициентi;
6) сыйақы (мүдде) - алынған кредиттер, лизингке алынған мүлiк үшiн және алынған депозиттер және бағалы борыш қағаздары бойынша төлемдер;
7) жылдық есептiк көрсеткiш - жыл iшiндегi айлық есептiк көрсеткiштердiң жиынтығы;
8) грант - белгiлi бiр мақсаттарға (мiндеттерге) қол жеткiзу үшiн мемлекеттер, мемлекеттер үкiметтері, мемлекеттiк, халықаралық және қоғамдық ұйымдар мен жеке тұлғалар Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасының Үкiметiне, заңды тұлғаларға (оның ішінде резидент еместерге), олардың филиалдарына, өкiлдiктерiне және өзге де оқшауланған құрылымдық бөлiмшелерге, сондай-ақ жеке тұлғаларға өтеусіз негiзде берiлетiн мүлiк;
9) алыс-берiс шикiзаты - дайын өнiм етiп өңдеу мақсатымен меншiк иесiнiң дайындаушыға берiлетiн өнiмi;
10) дивидендтер - Заңды тұлға оның қатысушылары (акционерлерi) арасында бөлетiн таза табыстың бiр бөлiгi, сондай-ақ заңды тұлғаны тарату кезiнде мүлiктi бөлуден түскен табыс та дивиденд деп түсiнiледi, бұған инфляцияны ескере отырып жарғылық капиталға қосылған қатысушының (акционердiң) меншiктi өз мүлкiнiң жарналары кiрмейдi;
11) ұзақ мерзiмдi келiсiм-шарт - бiр жылдан астам уақытқа жұмыстар орындауға (қызметтер көрсетуге) жасалған келiсiм-шарт (шарт);
12) қатысу үлесi - акционерлiк қоғамдарды қоспағанда, бiрлесiп құрылатын ұйымдарға, консорциумдарға заңды және жеке тұлғалардың мүлiкпен үлес қосып қатысуы;
13) шетелдiк заңды және жеке тұлғалар үшiн қазақстандық көзден алынатын табыс:
а) осындай табыстың қай жерде төленгенiне қарамастан Қазақстан Республикасындағы еңбек шарты (келiсiм-шарты) немесе мердiгерлiк (жалдау) шарты бойынша табыс;
б) осындай табыстың қай жерде төленгенiне қарамастан Қазақстан Республикасында тауарлар өндiруден, жұмыстар орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған табыс;
в) кәсiпкерлiк қызметтен алынатын табыс:
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекеме алатын табыс;
Қазақстан Республикасында тауар сатудан пайда болатын табыс;
Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекеме арқылы жүзеге асырылатын қызмет сияқты немесе соған ұқсас сипаттағы кәсiпкерлiк қызметтен пайда болатын табыс;
егер ол Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тұрақты мекемеге шегерiм ретiнде есептелетiн болса, басқарушылық, қаржылық және сақтандыру қызметтерiнен алынатын табыс;
егер ол Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан тұрақты мекемеге және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттерiне шегерiм ретiнде есептелетiн болса, жұмыстардың (қызметтердiң) барлық түрлерiнен, сондай-ақ жұмыстар орындауға, қызметтер көрсетуге арналып жасалған келісiм-шарттар бойынша және тауарларды беруге арналған сыртқы экономикалық келiсiм- шарттар бойынша мiндеттемелердi орындамағаны үшiн айыппұл санкцияларынан алынатын табыс;
ғ) резидент-заңды тұлғадан және мұндай заңды тұлғаға қатысу үлесiн iске асырудан түсетiн дивидендтер нысанындағы табыс, бұған ашық акционерлiк қоғамдардың бағалы қағаздарын сату кезiнде инфляцияға орай түзетулердi ескерген құн өсiмiнен түскен табыс қосылмайды;
д) резиденттерден не Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемесi немесе мүлкi бар адамнан алынған, егер бұл адамның берешегi оның тұрақты мекемесiне немесе мүлкiне қатысты болса, сыйақы (мүдде) нысанындағы табыс;
е) Қазақстан Республикасында құқықтарды немесе мүлiктi пайдалану құқығын iске асыру, пайдалану немесе беру кезiнде пайда болатын роялти нысанындағы табыс;
ж) Қазақстан Республикасында тұрған жылжымайтын мүлiктен алынатын табыс, бұған мұндай мүлiкке қатысу үлесiн iске асырудан алынатын табыс қосылады;
з) резидентке Қазақстан Республикасының аумағында мүлiктi сатудан түсетiн өзге де табыстар;
и) зейнетақы, егер оны резидент төлейтiн болса;
к) Қазақстан Республикасында тәуекелдi сақтандыру немесе қайта сақтандыру шарттары бойынша төленетiн сақтандыру төлемдерi нысанындағы табыс;
л) Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттер арасындағы халықаралық байланыста немесе тасымалдарда телекоммуникациялық немесе көлiк қызметтерiн көрсетуден алынатын табыс;
м) Қазақстан Республикасындағы қызмет негiзiнде туындайтын осының алдындағы тармақшаларда қамтылмаған басқа да табыстар;
14) сауда-делдалдық қызметтен алынатын табыс сатып алу-сату операцияларынан және делдалдық қызметтер көрсетуден алынған табыс;
15) тауар импорты - Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аумағына еркiн айналыс үшiн тауарлар шығару;
16) тарихи шығындар - осы келiсiм-шарттық аумақты барлау мен онда ашылған кен орындарын жайғастыруға байланысты және осы кен орындарын пайдалану кезiнде өтелуге тиiс мемлекеттiң бұрынғы шығындары;
17) жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жер қойнауын пайдаланушы мен Қазақстан Республикасының Үкiметi жер қойнауын пайдалану жөнiндегi операцияларды жүргiзуге уәкiлдiк берген құзыреттi орган арасындағы шарт;
18) жанама салықтар - салық төлеушiнiң табысына немесе мүлкiне тiкелей байланысты емес, бағаға немесе тарифке үстеме түрiнде белгiленетiн, тауарлар мен қызметтерге салынатын салық (қосылған құнға салынатын салық пен акциздер);
19) лизинг - осы Заңның 43-бабына сәйкес анықталатын келiсiм;
20) тұлға - заңды немесе жеке тұлға;
21) айлық есептiк көрсеткiш - республикалық бюджет туралы Заңда зейнетақыларды, жәрдемақылар мен өзге де әлеуметтiк төлемдердi есептеу үшiн, сондай-ақ айыппұл санкцияларын, салық және басқа да төлемдерді қолдану үшiн жыл сайын белгiленетiн көрсеткiш;
22) есептеу әдiсi - салық есебiнiң әдiсi, оған сәйкес табыстар мен шегерiмдер төлем жасау уақытына қарамастан жұмыс орындалған, қызмет көрсетiлген, сату және табысқа енгiзу мақсатымен мүлiк жөнелтiлген кезден бастап есепке алынады;
23) халықаралық тасымалдар - Қазақстан Республикасының аумағынан (аумағына) басқа мемлекеттердiң аумағына (аумағынан) тауарлар, жолаушылар, жүктер, почта тасымалдау, сондай-ақ транзит;
24) салық жылы - күнтiзбелiк жыл;
25) салық патентi (бұдан әрi - патент) - салық төлеушiлердiң жекелеген санаттары үшiн оңайлатылған салық режимiн белгiлейтiн құжат;
26) салық сараптамасы - Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен заңдарға сәйкес салық режимiн айқындау, оның iшiнде жер қойнауын пайдаланушылардың арнаулы төлемдер мен салықтарын белгiлеу мақсатымен Қазақстан Республикасының Үкiметi уәкiлеттiк берген құзыреттi орган жасасатын келiсiм-шарттың жобасына, оған толықтырулар мен өзгерiстерге жүргiзiлетiн талдау мен баға берудi қамтитын мiндеттi сараптама;
27) жылжымайтын мүлiк - үйлер, ғимараттар, көпжылдық екпелер және жермен тығыз байланысты өзге де мүлiк, яғни олардың мақсатына қисапсыз зиян келтiрмейiнше олардың орнын ауыстыру мүмкiн болмайтын объектiлер;
28) резидент емес - осы баптың 36-тармақшасына сәйкес резидент деп танылмайтын заңды немесе жеке тұлға;
29) негiзгi құрал-жабдықтар - сатып алу сәтiнде құны 40 айлық есептiк көрсеткiштен кем болмайтын, қызмет мерзiмi бiр жылдан астам материалдық активтер;
30) меншiктi акцияларын бастапқы орналастыру - эмитенттiң жарғылық капиталды қалыптастыру кезiнде акцияларды орналастыруы;
31) тұрақты мекеме:
а) уәкiлдiк берiлген тұлға арқылы жүзеге асырылатын қызметтi қоса алғанда, салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметтi толық немесе iшiнара жүзеге асыратын тұрақты қызмет орны;
б) құрылыс алаңы, монтаждау немесе жинау объектiсi, сондай-ақ осындай объектiлермен байланысты бақылау қызметiн жүзеге асыру;
в) табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын қондырғы немесе конструкция, табиғи ресурстарды барлау үшiн пайдаланылатын бұрғылау қондырғысы немесе кеме, сондай-ақ солармен байланысты бақылау қызметiн жүзеге асыру;
г) қызметтер, соның iшiнде консультациялық қызметтер көрсету;
32) тiкелей салықтар - салық төлеушiнiң табысынан немесе мүлкiнен тiкелей төленетiн салықтар;
33) жұмыстар - нәтижелерiнiң материалдық көрiнiсi болатын және жеке және заңды тұлғалардың қажеттерiн қанағаттандыру үшiн сатылуы мүмкiн қызмет;
34) iске асыру - жұмыстар орындау, қызметтер көрсету, сату, айырбастау, тегiн беру мақсатымен тауарлар тиеп жөнелту, сондай-ақ кепiлге салынған тауарларды кепiл ұстаушының меншiгiне беру;
35) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi - салық мiндеттемелерi бар заңды немесе жеке тұлғаға салық қызметiнiң беретiн нөмiрi;
36) резидент:
басталған немесе аяқтала келген салық жылының кез келген жүйелi 12 айлық кезеңiнде 183 күн және одан да ұзақ күндер Қазақстанда болған немесе шет елде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметiнде жүрген жеке тұлға. Егер келген жылының алдындағы жылда Қазақстанның резидентi болса ғана жеке тұлға оның келуiнiң алдындағы кезең үшiн резидент ретiнде қаралады.
Егер ол өзiнiң Қазақстанға келуi аяқталатын жылдан кейiнгi жылы резидент болса ғана жеке тұлға Қазақстанға келген соңғы күннен кейiнгi кезең үшiн резидент ретiнде қаралады;
Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған немесе оның нақты басқару органдары (тиiмдi басқару орыны) Қазақстан Республикасында орналасқан заңды тұлға;
37) роялти:
а) пайдалы қазбаларды өндiру және техногендiк құралымдарды қайта өңдеу процесiнде жер қойнауын пайдалану құқығы үшiн;
б) авторлық құқықтарды, бағдарламамен қамтамасыз етудi, патенттердi, сызбаларды немесе модельдердi, тауар белгiлерiн немесе құқықтың басқа да ұқсас түрлерiн пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; өнеркәсiп, сауда немесе ғылыми-зерттеу жабдықтарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн, ноу-хауды пайдаланғаны үшiн; кино фильмдердi, бейнефильмдердi, дыбыс жазбаларын немесе өзге де жазба құралдарын пайдаланғаны немесе пайдалану құқығы үшiн; осыған байланысты техникалық көмек көрсетiлгенi үшiн төленетiн төлем;
38) жер қойнауын пайдаланушының үстеме пайдасы - жер қойнауын пайдаланушының осы Заңда белгiленген нормативтен тыс алған қосымша табыстары;
39) өзiндiк құн - тауарларды, жұмыстарды және қызметтер көрсетудi сатып алуға, өндiруге және сатуға байланысты шығындар;
40) отбасы - бiрге тұратын және ортақ шаруашылық жүргiзетiн жұбайлар, балалар мен ата-аналар;
41) жиынтық жылдық табыс - заңды және жеке тұлғалардың күнтiзбелiк жыл iшiнде түрлi көздерден алған табысы;
42) күмәндi мiндеттемелер - сатып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша, сондай-ақ есептелген еңбекақы төлеу қоры бойынша туындаған және туындаған кезден бастап екi жыл iшiнде қанағаттандырылмаған мiндеттемелер;
43) күмәндi талаптар - тауарлар өткiзу, жұмыстар орындау, қызметтер көрсету (Қазақстан Республикасының резидентi еместерге өткiзудi қоспағанда) нәтижесiнде пайда болған және белгiленген тәртiппен ресiмделген тиiстi құжаттармен расталған табыс есептелген күннен бастап екi жыл iшiнде қанағаттандырылмаған талаптар;
44) мамандандырылған аукцион - мемлекеттiк бюджет алдындағы берешегiн өтеу үшiн салық төлеушiден алынған мүлiкпен, сондай-ақ тәркiленген немесе мұрагерлiк құқығы бойынша мемлекетке берiлген мүлiкпен сауда өткiзетiн орын;
45) қызмет көрсету - нәтижелерiнiң материалдық көрiнiсi болмайтын қызмет, осы қызметтi жүзеге асыру процесiнде сатылады және тұтынылады;
46) қаржылық қызмет көрсету:
а) банк операциялары;
б) ұйымдардың Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лицензиялануға тиiс бағалы қағаздар рыногында қызмет атқару жөнiндегi қызметтер көрсетуi, сондай-ақ бағалы қағаздар рыногының кәсiпқой қатысушыларының қызмет көрсетулерi;
в) сақтандыру және қайта сақтандыру жөнiндегi операциялар;
г) чектермен, вексельдермен, депозиттiк сертификаттармен жүргiзiлетiн операциялар;
д) негiзгi құрал-жабдықтар лизингi;
е) зейнетақы активтерiн басқару жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;
ж) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту жөнiндегi, зейнетақы активтерiнен алынған инвестициялық табыстарды бөлу мен есепке алу жөнiндегi қызметтерi;
47) таза табыс - осы табыс бойынша есептелген табыс салығы алып тасталған салық салынатын табыс;
48) сатып алу бағасы - тауарлардың сатып алу құны, сондай-ақ тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) берушiлер қосымша құн салығының сомасын көрсете отырып, фактура-шоттар берген және қосымша құн салығының сомасы осы заңға сәйкес есепке алуға жатқызылған, оларды сатып алу мен сатуға байланысты жұмсалған шығыстардың құны;
49) тауарлар экспорты - Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тауарлар әкету;
50) электрондық құжат - белгiленген электрондық форматта жасалған және берiлген, электрондық санмен қолтаңба түсiру арқылы шартбелгi салынып, расталған және ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнде iске қосылып, түпнұсқаландырудан өткеннен кейiн бастапқы құжат күшi бар құжат;
51) электрондық қолтаңба - электрондық құжаттардың түпнұсқалылығын, тұтастығын және авторлығын қамтамасыз ететiн арнайы криптографиялық құрал.".
2. 6-баптың 7-тармағы "Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi" деген сөздерден кейiн "жеке баланс пен банктiк шоттар болған кезде" деген сөздермен толықтырылсын;
3. 11-бапта:
2) тармақшадағы "олардың құнын инфляцияға орай түзетудi ескере отырып" деген сөздер алып тасталсын;
14) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"14) осы Заңның 20-6-бабының 1-тармағына және 47-бабына сәйкес табысқа кiретiн сомалар;";
мынадай мазмұндағы 17) тармақшамен толықтырылсын:
"17) кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылмайтын объектілердi пайдалану кезiнде алынатын табыстардың шығындардан артуы;";
4. 16-бапта "осы Заңның 20-бабы 10-тармағының үшiншi бөлiгiнде және 46-бабы 1-тармағының екiншi бөлiгiнде көрсетiлген жағдайларды қоспағанда" деген сөздер алып тасталсын.
5. 17-баптың 3-тармағы алып тасталсын;
6. 20-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"20-бап. Тiркелген активтер
1. Тiркелген активтер - салық төлеушiнiң бухгалтерлiк балансында ескерiлетiн және кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылатын негiзгi құрал-жабдықтар мен материалдық емес активтер.
2. Тiркелген активтердің құны осы Заңда белгіленген тәртiппен және шарттарда амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерiмге жатқызылады.
3. Осы Заңның 5-бабының 29) тармақшасына сәйкес негiзгi құрал-жабдықтар болып табылмайтын материалдық активтердiң құны олар кәсiпкерлiк қызметте пайдаланылған жағдайда бiр мезгiлде шегерiмге жатқызылуға тиiс.
4. Материалдық емес активтерге кәсiпкерлiк қызметте ұзақ мерзiмдi кезең iшiнде (бiр жылдан артық) пайдаланылатын материалдық емес объектiлерге заңды (құрылтайшылар мен қатысушылардың шығындарын қоса алғанда) және жеке тұлғалардың жұмсаған шығындары жатады.
Амортизациялауға жататын материалдық емес активтердiң құнына, егер олар салық төлеушiнiң салық салынатын табысын есептеген кезде шегерiлiп тасталған болса, оларды сатып алу немесе өндiру жөнiндегi шығындар кiрмейдi. 5. Амортизациялық аударымдар негiзгi құрал-жабдықтардың мынадай түрлерiне есептеледi: 1) үйлер; 2) ғимараттар; 3) берiлiс құрылғылары; 4) жұмыс және қуат машиналары мен жабдықтары; 5) компьютерлер, жер-жердегi құрылғылар мен деректердi өңдеу жөнiндегi жабдықтар; 6) көлiк құралдары; 7) аспаптар; 8) өлшеу және реттеу приборлары мен құрылғылары, зертханалық жабдықтар, өндiрiстiк және шаруашылық мүкәммал мен керек-жарақтар; 9) жұмыс малы; 10) көпжылдық екпелер; 11) алдыңғы тармақшаларда аталмаған негiзгi құрал-жабдықтардың басқа түрлерi. Көпжылдық екпелер мен жұмыс малы бойынша амортизациялық аударымдар, осы аталған активтердi салық төлеушi кәсiпкерлiк қызметте пайдаланған жағдайда есептеледi. 6. Амортизациялық аударымдар негiзгi құрал-жабдықтардың мынадай түрлерiне есептелмейдi: 1) жер; 2) кiтапхана қоры; 3) өнiм малы; 4) мұражай құндылықтары; 5) сәулет және өнер ескерткiштерi; 6) жалпы жұрт пайдаланатын автомобиль жолдары, тротуарлар, бульварлар, скверлер; 7) аяқталмаған күрделi құрылыс; 8) фильм қорына жататын объектiлер; 9) сахналық-қойылым құралдары; 10) хайуанаттар паркiндегi және басқа да ұқсас мекемелердегi жануарлар дүниесiнiң экспонаттары; 11) сақталуда, жаңғыртуда және олар толығымен тоқтап қалған жағдайда техникалық қайта жарақтандыруда, монтаждауда, орнатуда, пайдалануға беру сәтiне дейiн қоймаларда тұрған объектiлер. 7. Амортизациялық аударымдар материалдық емес активтердiң мынадай түрлерiне есептеледi: 1) лицензиялық келiсiмдер; 2) сауда маркалары мен тауар таңбалары; 3) патенттер; 4) бағдарламалық қамтамасыз ету; 5) табиғи ресурстарды, жердi пайдалану құқықтары; 6) өнеркәсiптiк үлгiлер; 7) ұйымдастырушылық шығындар.
8. Өздерiн өндiруге (сатып алуға) iс жүзiнде шығындар жұмсалмаған материалдық емес активтер амортизациялауға жатпайды.".
7. Мынадай мазмұндағы 20-1, 20-2, 20-3, 20-4, 20-5, 20-6, 20-7, 20-8 және 20-9-баптармен толықтырылсын:
20-1-бап. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық
аударымдарды есептеу
1. Амортизациялық аударымдарды есептеу үшiн тiркелген активтер функционалдық белгiсi бойынша топтарға бiрiктiрiлген амортизациялық iшкi топтар бойынша бөлуге жатады.
2. Тiркелген активтер бойынша амортизациялық аударымдарды анықтау үшiн есептi кезең салық жылы болып табылады.
3. Салық төлеушi салық жылының шегiнде өзге есептi кезең (ай, тоқсан) белгiлеуге және амортизациялық аударымдарды ай сайын немесе тоқсан сайын есептеуге құқылы.
4. Салық төлеушi амортизациялық аударымдарды есептеу үшiн қолданатын кезең, сондай-ақ амортизацияның қолданылатын нормалары салық жылы iшiнде өзгертiлмеуге тиiс.
5. Әрбiр iшкi топ бойынша амортизациялық аударымдар амортизация нормасын есептi кезеңнiң аяғындағы iшкi топтың құндық балансына қолдану арқылы есептеледi, бiрақ ол осы Заңның 20-4-бабымен белгiленген шектен жоғары болмауы керек.
Салық төлеушi таратылған немесе қайта құрылған жағдайда амортизациялық аударымдар салық жылындағы қызмет кезеңiне түзетiледi.
6. Үйлер, құрылыстар және ғимараттар бойынша амортизациялық аударымдар әрбiр объектi бойынша жеке-жеке айқындалады.
7. Салық төлеушi амортизациялық аударымдарды әрбiр тiркелген актив бойынша жеке-жеке есептеуге құқылы.
Бұл ретте, iшкi топтардың құндық балансы салық төлеушi әрбiр объект сайын жүргiзетiн есептiң деректерi негiзiнде айқындалады.
20-2-бап. Амортизациялық iшкi топтардың құндық балансын айқындау
1. Есептi кезеңнiң басында әрбiр амортизациялық iшкi топ бойынша iшкi топтың құндық балансы деп аталатын қорытынды сома айқындалады.
2. Салық жылының аяғына iшкi топтың құндық балансы:
осының алдындағы салық жылында есептелген, сондай-ақ осы Заңның 20-6-бабына және 21-бабының 2-тармағына сәйкес жасалатын түзетулердi ескере отырып, амортизация сомасына кемiтiлген осының алдындағы салық жылының аяғындағы iшкi топтың құндық балансы ретiнде айқындалатын салық жылының басындағы iшкi топтың құндық балансы
қосу (алу)
салық жылының басында жұмсалған тiркелген активтердi қайта бағалау сомасы, сондай-ақ осы Заңның 20-8-бабына сәйкес айқындалған қайта бағалау сомасы
қосу
осы Заңның 20-3-бабында айқындалған құн бойынша есептi кезеңде келiп түскен тiркелген активтер
алу
осы Заңның 20-3-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша есептi кезеңде шығып қалған тiркелген активтер ретiнде анықталады.
20-3-бап. Тiркелген активтердiң түсуi және шығуы
1. Түсiп жатқан тiркелген активтер:
а) сатып алу, өтеусiз алу кезiнде, жарғылық капиталға салым ретiнде - осы Заңның 46-бабына сәйкес айқындалған құн бойынша;
б) консервацияда, жаңғыртуда және олар толығымен тоқтап қалған жағдайда техникалық жағынан қайта жарақтандыруда тұрған негiзгi құрал-жабдықтар объектiлерiн пайдалануға берген кезде - осы Заңның 20-5-бабына сәйкес айқындалатын қалдық құн бойынша iшкi топтардың құндық балансында ескерiледi.
2. Шығарылып жатқан тiркелген активтер:
а) сату, өтеусiз беру кезiнде, жарғылық капиталға салым ретiнде -
сату құны бойынша; б) негiзгi құрал-жабдықтар объектiлерiн есептен шығару, жоғалту, жою, бүлдiру, айырылып қалу, оларды консервациялауға, жаңғыртуға және олар толығымен тоқтап қалған жағдайда техникалық жағынан қайта жарақтандыруға беру кезiнде - осы Заңның 20-5-бабына сәйкес айқындалған қалдық құн бойынша iшкi топтардың құндық балансында ескерiледi. 20-4-бап. Тіркелген активтер амортизациясының шекті нормалары 1. Амортизациялауға жататын тіркелген активтер амортизацияның мынадай шекті нормаларымен ішкі топтар бойынша бөлінеді: _________________________________________________________________ топ Тіркелген активтердің Амортиза. Жаңа негізгі (ішкі атауы цияның құрал-жабдықтар топ) шекті бойынша аморти. N нормасы зацияның қосымша (%) нормасы (%) _________________________________________________________________ І Үйлер, құрылыстар 1 Үйлер, құрылыстар 8 ІІ Ғимараттар 1 Мұнай және№газ ұңғымалары 20 2 Мұнай-газ қоймалары 10 3 Кеме жүзетін, су каналдары 10 4 Көпірлер 7 5 Бөгеттер, плотиналар 7 6 Өзен және теңіз айлақ ғимараттары 7 7 Кәсіпорындардың темір жол қатынастары 8 8 Жағаны нығайту және жағаны қорғау құрылыстары 7 9 Резервуарлар, цистерналар, бактар және басқа да ыдыстар 8 10 Ішкі шаруашылық және шаруашылық аралық суландыру желісі 7 11 Жабық коллекторлық-дренаждық жүйе 7 12 Ұшу-қону алаңдары, жолдары, әуе кемелері тұратын орындар 8 13 Парктер мен хайуанаттар парктерінің ғимараттары 8 14 Спорттық-сауықтыру ғимараттары 10 15 Жылыжайлар мен көшетханалар 10 16 Өзге де ғимараттар 7 _________________________________________________________________ ІІІ Беріліс құрылғылары 1 Электр берілісі және байланыс құрылғылар мен желілері 10 2 Ішкі газ құбырлары мен өткізгіш құбырлар 8 3 Су құбыры, канализация және жылу желілері 7 4 Тағы басқалар 7 _________________________________________________________________ ІҮ Күш-қуат машиналары және жабдықтары 1 Жылу техникалық-жабдықтары 15 15 2 Турбиналық жабдықтар және турбиналық газ құрылғылары 15 15 3 Электр двигательдері мен дизель-генераторлары 10 10 4 Кешенді құрылғылар 8 5 Өзге де күш-қуат машиналары мен жабдықтар (ұшқыр көлікті қоспағанда) 7 _________________________________________________________________ Ү Қызмет түрі бойынша жұмыс машиналары мен жабдықтары (ұшқыр көлікті қоспағанда) 1 Қара және түсті металлургия машиналары мен жабдықтары 20 20 2 Химия өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары 20 20 3 Мұнай өңдеу және мұнай-химия өнеркәсібі машиналары мен жабдықтары 20 20 4 Мұнай-газ өндіру машиналары мен жабдықтары 15 15 5 Жүк көтергіштігі 40 тоннадан жоғары карьерлік автосамосвалдарды қоса алғанда, тау-кен рудасы өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары 25 25 6 Электрондық өнеркәсіп жабдықтары 20 20 7 Құрылыс материалдарын өндіретін машиналар мен жабдықтар 20 20 8 Ағаш өңдеу, целлюлоза-қағаз өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары 20 20 9 Полиграфия өнеркәсібінің машиналары мен жабдықтары 15 15 10 Жеңіл өнеркәсіп машиналары мен жабдықтары 20 20 11 Тамақ, балық, ет және сүт өнеркәсібінің жабдықтары 20 20 12 Сауда және қоғамдық тамақтандыру машиналары мен жабдықтары 5 5 13 Көлік, машиналар мен механизмдер шығаруға арналған жабдықтар 20 20 14 Ауылшаруашылық тракторлары, машиналары мен жабдықтары 20 20 15 Құю өндірісіне арналған машиналар мен жабдықтар, абразив және алмас өндірісінің жабдықтары 20 20 16 Коммутацияларды және деректерді берудің цифрлық электронды жабдығы, сан жүйелерінің, оларды берудің жабдықтары, сандық өлшегіш байланыс техникасы 25 17 Спутник, ұялы байланыс, радиотелефон, пейджинг және транкинг байланысы жабдықтары 15 18 Беру жүйелері коммутацияларының ұқсас жабдықтары 10 19 Киностудиялардың мамандандырылған жабдықтары, медициналық және микробиологиялық өнеркәсіп жабдықтары 8 20 Өзге де салалардың машиналары мен жабдықтары 10 _________________________________________________________________ ҮІ Басқа да машиналар мен жабдықтар (ұшқыр көлікті қоспағанда) _________________________________________________________________ 1 Өнеркәсіптік тракторлар 20 20 2 Темір кескіш жабдықтар 15 15 3 Компрессорлық машиналар мен жабдықтар 15 15 4 Ұста-пресс жабдықтары 15 15 5 Сорғылар 20 20 6 Көтеру-көлік, тиеу-түсіру машиналары мен жабдықтары, жер қазу, карьерлік және жол-құрылыс жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар 15 15 7 Тіреу жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар, уату-тарту, сұрыптау, байыту жабдықтар 20 20 8 Су асты-техникалық жұмыстарына арналған машиналар мен жабдықтар 20 20 9 Электрмен дәнекерлеуге және кесуге арналған машиналар мен жабдықтар 10 10 10 Технологиялық процестерге арналған барлық түрдегі ыдыстар 8 8 11 Өзге де машиналар мен жабдықтар 10 _________________________________________________________________ ҮІІ Ұшқыр көлік 1 Темір жол жылжымалы тіркемесі 15 15 2 Теңіз, өзен флоты, балық өнеркәсібі флоты 10 3 Автомобиль көлігінің жылжымалы тіркемесі, өндіріс көлігі (жеңіл автомобильдер мен таксиді қоспағанда) 10 4 Жеңіл автомобильдер мен такси 7 5 Магистральдық өткізгіш құбырлар 15 15 6 Коммуналдық көлік 10 10 7 Әуе көлігі 15 15 8 Өзге де көлік құралдары 7 _________________________________________________________________ ҮІІІ Компьютерлер, жер-жердегі құрылғылар мен деректерді өңдеу жөніндегі жабдықтар 1 Компьютерлер 30 2 Жер-жердегі құрылғылар мен деректерді өңдеу жөніндегі жабдықтар 20 _________________________________________________________________ ІХ Басқа топтарға енгізілмеген тіркелген активтер 1 Көпжылдық екпелер 8 2 Материалдық емес активтер 15 3 Офис жиһазы 10 4 Аспаптар, өндірістік және шаруашылық мүкәммал мен керек-жарақтар 8 5 Көшіру-көбейту техникасы 15 6 Өлшеуіш және реттегіш приборлар және құрылғылар, зертханалық жабдықтар 10 7 Тағы басқалар 7 2. Егер есепті кезең ай (тоқсан болып) табылатын болса, амортизациялық аударымдардың нормасы мынадай формула бойынша анықталады: n = (1 - (1-0,01N1/t) х 100, мұнда n - амортизацияның ай сайынғы (тоқсан сайынғы) нормасы; N - амортизацияның жылдық нормасы; t - салық жылындағы есепті кезеңдердің саны.
3. Пайдалануға берiлген жаңа машиналар мен жабдықтар бойынша бiрiншi салық жылында салық төлеушi, аталған тiркелген активтердi кәсiпкерлiк қызметiнде кемiнде үш жыл пайдалану шартымен осы баппен белгiленген көтерiңкi нормалар бойынша амортизациялық аударымдарды қосымша есептеуге құқылы.
Оларды үш жылдық кезең аяқталғанға дейiн iске асырған жағдайда жүргiзiлген шегерiм есептi кезеңдегi шегерiмдердi кемiту есебiнен өтеледi. Бұл норманы табиғи монополистер салық салу және босаған қаражатты күрделi салымдарды қаржыландыруға пайдалану мақсатында анықталатын таза табыс болған кезде қолданады. 20-5-бап. Тiркелген активтердiң қалдық құнын анықтау 1. Белгiлi бiр уақыт сәтiнде тiркелген активтердiң қалдық құны мынадаЙ формула бойынша анықталады: s = S (1-0,01n)t, мұнда s - белгiлi бiр уақыт сәтiндегi тiркелген активтердiң қалдық құны; S - 2-тармақтың ережесiн ескере отырып, iшкi топтың құндық балансына енгiзiлген тiркелген активтiң құны; n - амортизациялық аударымдардың қолданылатын нормасы; t - тiркелген активтi iшкi топтың құндық балансына енгiзу сәтiнен бастап өткен есептi кезеңдердiң саны.
2. Егер негiзгi құрал-жабдықтар қандай да болмасын белгiлi бiр iшкi топтың құрамына енгiзiлген күнiнен бастап олардың қалдық құнын айқындау сәтiне дейiн оларды қайта бағалау жүргiзiлген болса, белгiлi бiр уақыт сәтiндегi негiзгi құрал-жабдықтардың қалдық құны мынадай тәртiппен анықталады:
а) осы баптың 1-тармағына сәйкес негiзгi құрал-жабдықтарды тиiстi iшкi топтың құндық балансына енгiзiлген сәтiнен бастап қайта бағалауды жүзеге асыру сәтiне дейiнгi кезеңдегi негiзгi құрал-жабдықтардың қалдық құнын анықтау;
б) осы тармақтың а) тармақшасына сәйкес есептелген негiзгi құрал-жабдықтардың қалдық құнын салықтық мақсаттарда қолданылатын негiзгi құрал-жабдықтардың құнын арттыру индексiне көбейту арқылы негiзгi құрал-жабдықтардың қайта бағалау сомасын анықтау;
в) осы баптың 1-тармағына сәйкес белгiлi бiр уақыт сәтiндегi негiзгi құрал-жабдықтардың қалдық құнын анықтау керек. Бұл ретте, S-тi осы тармақтың б) тармақшасына сәйкес анықталған қайта бағалау сомасына арттырылған, осы тармақтың а) тармақшасына сәйкес есептелген қалдық құн деп ұғынған жөн.
20-6-бап. Тiркелген активтер бойынша басқа да
шегерiмдер
1. Егер шығып қалған тiркелген активтердiң құны салық жылының аяғындағы iшкi топтың құндық балансынан артып кеткен болса, арту мөлшерi салық төлеушiнiң жиынтық жылдық табысына енгiзуге жатады. Бұл ретте салық жылының аяғындағы осы iшкi топтың құндық балансы нөлге тең болып қалады.
2. Iшкi топтың барлық тiркелген активтерi шығып қалған кезде есептiк кезең аяғындағы осы iшкi топтың құндық балансы шегерiмге жатқызылады.
3. Егер осы Заңның 20-5-бабына сәйкес анықталған тiркелген активтiң қалдық құны есептiк кезең аяғында оның бастапқы құнының кемiнде 5 процентiн құраған жағдайда, салық төлеушiлер мұндай тiркелген активтiң қалдық құнын шегерiмге жатқызуға құқылы.
20-7-бап. Жалгерлiк, лизинг шарттарымен берiлетiн
(алынатын) тiркелген активтер
1. Ағымдағы жалгерлiк шарттарымен берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны жалға берушiнің топтарының құндық балансында есепке алынады.
2. Лизингке (лизинг бойынша) берiлген (алынған) тiркелген активтердiң құны лизинг алушы топтарының құндық балансында есепке алынады.
Бұл ретте, лизинг берушiнiң тиiстi iшкi тобының құндық балансы лизингке берiлген тiркелген активтердiң құнына кемiтiлуi тиiс.
20-8-бап. Негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау
1. Салық төлеушi салық салу мақсатында бухгалтерлiк есептi жүзеге асыру шартымен негiзгi құрал-жабдықтарға дербес қайта бағалау жүргiзуге құқылы.
Бұл ретте, салық салу мақсатында қолданылатын негiзгi құрал-жабдықтар құнының арту индексi бухгалтерлiк есепте тиiстi негiзгi құрал-жабдықтарға қайта бағалауды жүзеге асыру кезiнде пайдаланылған коэффициенттерден артып кетпеуге тиiс.
2. Уәкiлеттi орган белгiлейтiн негiзгi құрал-жабдықтар құнының арту индексiн қолдана отырып есептелген сомалар шегiнде негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау салық жылының басында жүргiзiледi.
Негiзгi құрал-жабдықтар құнының арту индексi салық жылының басындағы iшкi топтардың құндық балансына қолданылады.
Негiзгi құрал-жабдықтардың жекелеген объектiлерi бойынша қайта бағалауды жүзеге асырған кезде негiзгi құрал-жабдықтар құнының арту индексi тиiстi негiзгi құрал-жабдықтардың қалдық құнына қолданылады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған сомадан тыс жүргiзiлген қайта бағалау салық төлеушiнiң қалауы бойынша салық жылы iшiнде теңдей бөлiктермен жүргiзiледi.
Бұл ретте бухгалтерлiк есепте уәкiлетті орган белгiлейтiн негiзгi құрал-жабдықтар құнының арту индексiн қолдана отырып есептелген қайта бағалау сомасынан тыс алынған негiзгi құрал-жабдықтарды жете бағалау сомасына жете бағалаудың 15 проценттiк ставкасы бойынша табыс салығы салынады.
Табыс салығын төлеу жете бағалау өткiзiлген кезден бастап келесi ай iшiнде жүргiзiледi.
Жете бағалау сомасы негiзгi құрал-жабдықтардың баланстық құны және негiзгi құрал-жабдықтар құнының арту индексi қолданылып есептелген негiзгi құрал-жабдықтардың құны арасындағы айырмашылық ретiнде айқындалады.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетiлген артық сомаларды қайта бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударымдар шегерiлiмдерiне жатқызудан салық төлеушi есептiк кезең iшiнде шеккен зияндар салық салу мақсатында есептелмейдi.
5. Табиғи монополистердiң негiзгi құрал-жабдықтарды қайта бағалау табиғи монополиялар субъектiлерiнiң қызметiн реттеушi уәкiлеттi мемлекеттiк органның келiсiмi бойынша жүргiзiледi.
6. Құрылысы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк (үкiметтiк) кепiлдiгiмен қамтамасыз етiлген заем қаражатымен жүзеге асырылған, үйлердiң құнын шетелдiк валютада терiс бағамдық айырмашылық сомасына қайта бағалау сомасы салық төлеушiнiң жиынтық жылдық табысына енгiзiлмейдi.
20-9-бап. Тiркелген активтердi сатып алуға, сондай-ақ
меншiктi құрылысқа алынған кредиттер
(заемдар) үшiн сыйақы (мүдде)
1. Құрылыс жүргiзу кезеңiнде алынған кредиттер (заемдар) үшiн сыйақыны (мүдденi) қоспағанда, тiркелген активтердi сатып алуға алынған кредиттер (заемдар) үшiн сыйақы (мүдде) осы Заңның 16-бабында белгiленген тәртiппен шегерiмге жатады.
2. Лизингке алынған мүлiк үшiн сыйақы (мүдде) осы мүлiктiң құнын арттыруға жатады.
3. Меншiктi құрылыс жүргiзу кезiнде алынған кредиттер (заемдар) үшiн сыйақы (мүдде) құрылыс объектiсiнiң құнына енгiзiледi және амортизациялық аударымдарды есептеу арқылы шегерiмге жатқызылады.
Құрылыс аяқталғаннан кейiн төленген кредиттер (заемдар) үшiн алынған сыйақы (мүдде) осы Заңның 16-бабына сәйкес шегерiмге жатқызылады.".
8. 21-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"21-бап. Жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша
шегерiмдер
1. Шегерiм осы iшкi топқа кiретiн негiзгi құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар бойынша әрбiр iшкi топқа қатысты рұқсат етiледi.
2. Әрбiр iшкi топ бойынша негiзгi құралдарды жөндеуге жұмсалатын шығыстар сомасы iшкi топтың салық жылының аяғындағы құндық балансының 15 процентi шегiнде шегерiледi. Аталған шектен асатын сома iшкi топтың құндық балансын арттырады.
Егер салық төлеушi өзге есептi кезеңдi (ай, тоқсан) қолданатын болса, жөндеуге жұмсалатын шығыстар iшкi топтың есептi кезеңнің аяғындағы құндық балансына қарай анықталады.
3. Республикалық және жергiлiктi бюджеттерден алынған субсидиялардың есебiнен жүргiзiлген жөндеуге жұмсалатын шығыстар шегерiмге жатпайды және iшкi топтардың құндық балансын арттырмайды.
4. Егер тiркелген активтердiң есебi салық салу мақсатында әрбiр объектi бойынша жүргiзiлген жағдайда, осы баптың 2-тармағында белгiленген шектен тыс жөндеуге жұмсалатын шығыстар жөндеуге шығыстар жұмсалған тиiстi негiзгi құрал-жабдықтардың құнын арттыруға жатқызылады.".
9. 23-баптың 1-тармағының бiрiншi бөлiгiнде "осы Заңның 20-бабының 3-тармағында белгiленген 2-топтың негiзгi құрал-жабдықтары" деген сөздер "25 процент мөлшерiндегi" деген сөздермен ауыстырылсын;
10. 24-бап алып тасталсын;
11. 27-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Осы баптың жоғарыда аталған ережелерi осы Заңның 20-8-бабының 2-тармағында көрсетiлген артық сомаларды қайта бағалау нәтижесiнде есептелген амортизациялық аударылымдар шегерiлiмдерiне жатқызудан есептi кезең iшiнде келген зияндарға қолданылмайды.".
12. 34-бапта:
1-тармақта:
1-1) тармақшаның екiншi және үшiншi абзацтарындағы "30" деген цифр "51" деген цифрмен ауыстырылсын.
8) тармақшадағы "жаңа технологиялық жабдықтар" деген сөздер "негiзгi құралдар" деген сөздермен ауыстырылсын;
8-тармақтың екiншi абзацындағы "нақты мерзiмдерi" деген сөздерден кейiн "және мөлшерi" деген сөздер алып тасталсын.
13. 42-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"42-бап. Тауар-материалдық қорларды есепке алу тәртiбi
Салық мақсаттары үшiн тауар-материалдық қорларды есепке алу бухгалтерлiк есеп бойынша ережелерге сәйкес жүргiзiледi.".
14. 43-бапта:
атауында және мәтiн бойынша "(қаржылық жалдау)" деген сөздер алып тасталсын;
1-тармақ мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Бұл ретте лизингке (лизинг бойынша) берiлген (алынған) негiзгi
құрал-жабдықтардың құны лизинг шартымен анықталады."; 2-тармақтың 2) тармақшасындағы "немесе жалға беру аяқталғаннан кейiн белгiленген бағамен" деген сөздер алып тасталсын. 15. 45-бапта: атауында және мәтiнi бойынша "ұзақ мерзiмдi" деген сөздер "тiркелген" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтағы "(инфляцияға арналған түзетудi ескере отырып)" деген сөздер алып тасталсын. 16. 46-бапта: атауы мен мәтiнi бойынша "ұзақ мерзiмдi" деген сөздер тиiсiнше "тiркелген" деген сөздермен ауыстырылсын; 1-тармақтың екiншi бөлiгi алып тасталсын. 17. 50-баптың 4-тармағында:
1-тармақша: "төлем жасалған ай аяқталғаннан кейiн" деген сөздерден
кейiн ", шаруа (фермер) қожалықтарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; Мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "шаруа (фермер) қожалықтары жалдамалы қызметкерлердiң табыстарынан ұсталатын салық сомасын бiрыңғай жер салығын төлеу үшiн белгiленген мерзiмде енгiзедi."; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан тұрақты мекемелер және (немесе) Қазақстан Республикасының резиденттерi шегерiмге жатқызатын қазақстандық кiрiс көзiнен алынатын табыстар оларды шегерiмге жатқызған сәтте төленген болып есептеледi;". 18. ІІІ бөлiм мынадай редакцияда жазылсын: "ІІІ Бөлім. Қосылған құнға салынатын салық 10-тарау. Қосылған құнға салынатын салық жөніндегі жалпы ережелер 53-бап. Қосылған құнға салынатын салық ұғымы
Қосылған құнға салынатын салық дегенiмiз тауарлар (жұмыстар мен қызметтер) өндiрiсi мен айналымы процесiне қосылған құн өсiмiнiң бiр бөлiгiнiң бюджетке аударымы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына тауар импорттау кезiнде жасалатын аударым.
Бюджетке төлеуге жататын қосылған құнға салынатын салық сатылған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетiлген қызметтер үшiн есептелiп қосылған құнға салынатын салық сомасы мен сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар немесе көрсетілген қызметтер үшiн төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасының арасындағы айырма ретiнде анықталады.
53-1-бап. Қосылған құнға салық салу объектiсi
1. Салық салынатын айналым мен салық салынатын импорт қосылған құнға салық салу объектiсi болып табылады.
2. Салықтан босатылған және меншiктi өндiрiсiнiң мұқтажы үшiн жүзеге асырылатыннан басқа, Қазақстан Республикасының аумағында сатылатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналым, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген ережелерге сәйкес анықталатын айналым салық салынатын айналым болып табылады.
3. Салық салудан босатылғандарды қоспағанда, импортталатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
54-бап. Салық төлеушiлер
1. Заңды тұлға құрмай кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырушы заңды және жеке тұлғалар, сондай-ақ осы Заңның 53-1-бабына сәйкес салық салу объектiлерi бар тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асырушы Қазақстан Республикасының резидент еместерi қосылған құнға салынатын салық төлеушiлер болып танылады.
2. Меншiктi өндiрiсiндегi өнiмдердi (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi бiрыңғай жер салығын төлеушiлер болып табылатын тұлғалар қосылған құнға салынатын салық төлеушiлерге жатпайды.
Бiрыңғай жер салығын төлеушiлер болып табылатын тұлғалар меншiктi емес өндiрiсi өнiмдерiн (жұмыстарды, қызметтердi) сату кезiндегi қосылған құнға салынатын салық төлеудi осы Заңға сәйкес жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi салық төлеушiнiң өтiнiшi бойынша заңды тұлғаның бөлiмшелерiн қосылған құнға салынатын салықты дербес төлеушiлер ретiнде қарай алады.
4. Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына осы тауарларды импорттайтын заңды тұлғалар, олардың филиалдары мен өкiлдiктерi, жеке тұлғалар мен резидент еместер импортталатын тауарларға қосылған құнға салық төлеушiлер болып табылады.
5. Тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) Қазақстан Республикасының аумағында Қазақстандық көзден кiрiс алатын резидент еместер (Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратындардан басқа) сатқан кезде қосылған құнға салынатын салықты Қазақстан Республикасының резиденттерi, сондай-ақ аталған резидент еместермен есеп айырысуды Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер толық мөлшерiнде төлейдi.
55-бап. Халықаралық шарттар Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес қосылған құнға салынатын салықты есептеудiң өзге де тәртiбi белгiленуi мүмкiн. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда жұмыстардың (қызметтердiң) экспорты мен импортына салық салу көзделсе, осы Заңның 58 және 70-1-баптарында көзделген ставкалар тиiсiнше қолданылады. 11-тарау. Салық салынатын айналымды анықтау 56-бап. Салық салынатын айналымның мөлшерi
1. Салық салынатын айналымның мөлшерi қолданылатын бағалар мен тарифтерге сүйенiп, оларға қосылған құнға салынатын салықты енгiзбей сатылған тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны негiзiнде, бiрақ сауда-делдалдық қызмет үшiн оларды сатып алу бағасынан төмен болмайтындай етiп анықталады.
2. Тауарларды (жұмыстардың, қызметтердiң) айырбастау кезiнде немесе оларды өтемсiз берген кезде салық салынатын айналым, айырбастау немесе беру кезiнде салық төлеушiде қалыптасқан қосылған құнға салынатын халықты оларға енгiзбей, бағалар деңгейiн негiзге ала отырып, бiрақ осы баптың 9-тармағына сәйкес белгiленетiн іс жүзiндегi қалыптасқан шығындардан төмен болмайтындай етiп анықталады.
3. Берiлетiн тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құнына жалақы мен басқа да төлемдер заттай түрде төленген жағдайда осы Заңның 62-бабында көзделген ставкалар бойынша есептелiп, қосылған құнға салынатын салық сомасы енгiзiледi.
4. Егер тауарлар (жұмыстар, қызметтер) салық төлеушiге оның кәсiпкерлік мақсаты үшiн жеткiзiлсе, бiрақ салық төлеушi немесе өзге де тұлғалар жеке мақсаттарына өтемсiз пайдаланған болса, онда мұндай тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны салық салынатын айналым ретiнде қаралады.
5. Негiзгi құрал-жабдықтарды қоса алғанда, тауарлар бүлiнген, жойылған кезде (осы Заңның 64-бабына сәйкес қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды, сондай-ақ табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар нәтижесiнде пайда болған жағдайларды қоспағанда) осы тауарлардың құны салық салынатын айналым ретiнде қарастырылады.
Осы Заңның 64-бабына сәйкес қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды бүлдiрген, жоғалтқан кезде олардың есепке алу құны қосылған құнға салынатын салық салуға жатпайды.
6. Тауарларды сауда-делдалдық қызмет бойынша экспортқа сатқан кезде сату бағасы мен сатып алу бағасының арасындағы айырма Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асырылатын осындай тауарларды сату кезiнде қолданылатын осы Заңның 62-бабында белгiленген ставкалар бойынша салық салуға жатады.
7. Қосылған құнға салынатын салықты төлеушi таратылған жағдайда оның тауарларының қалдығы, оның iшiнде осы Заңның 64-бабына сәйкес есепке алу көзделген қосылған құнға салынатын салықпен бiрге бұрын сатып алынған негiзгi құрал-жабдықтар бюджетпен есеп айырысу мақсатында салық салынатын айналым ретінде қарастырылады.
8. Қосылған құнға салынатын салықпен бірге бұрын сатып алынған қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алу көзделмеген тауарларды сату кезiнде салық салынатын айналым сатып алу құны мен есепке алу құнының арасындағы айырма түрiнде алынған табыс болып табылады. Бұл орайда есептеу құны деп тауарлардың баланстық құны түсiнiледi.
9. Осы баптың 3-5, 7-тармақтарында көзделген жағдайлардағы салық салынатын айналымның мөлшерi қолданылатын бағалар мен тарифтерге сүйенiп, бiрақ iс жүзiнде қалыптасқан шығындардан кем болмайтындай етiп анықталады.
Осы баптың мақсаты үшiн салық төлеушiнiң iс жүзiнде қалыптасқан шығындарына тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны, сондай-ақ салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiмен байланысты ол бойынша жеткiзушiлер қосылған құнға салынатын салық сомасын көрсете отырып шот-фактурасын табыс еткен және ол бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасы осы Заңға сәйкес есепке алуға жатқызылған шығындары енедi.
10. Осы Заңның 75-бабына сәйкес акциздердi төлеушi болып табылатын салық төлеушілердегi акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомасының салық салынатын айналымына, ол бойынша акциздi төлеу жөнiнде пайда болатын мiндеттемелер енгiзiлмейдi.
56-1-бап. Құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезiндегi салық салынатын айналымды анықтау
1. Үйдi тұрғызу және жөндеу жөнiндегi құрылыс, құрылыс-монтаж, жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезiндегi салық салынатын айналым орындалған және тапсырысшы ақы төлеуге қабылдаған жұмыстардың құны болып табылады.
2. Меншiктi өндiрiстiк мұқтаждары үшiн шаруашылық әдiспен орындалған құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыру кезiнде пайдаланылған тауарлар, жұмыстар және қызметтер бойынша бұрын есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы есептен шығарылуға құрылыстың немесе объектiнiң құнын өсiруге жатқызылады. Аталған салық сомаларын есептен шығару құрылыс, құрылыс-монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыруға арналған тауарлардың, жұмыстар мен қызметтердiң берiлу шамасына қарай жүргiзiледi.
Шаруашылық әдiспен салынған объектi iске асырылған жағдайда бұрын объектiнiң құнын өсiруге жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы растайтын құжаттар бар болған жағдайда, оның құнынан шығарылып тастауға және есепке алуға жатқызылады.
56-2-бап. Тасымалдауды жүзеге асыру кезiнде салық салынатын айналымды
анықтау
1. Тасымалдауды жүзеге асырушы салық төлеушiлерде жол жүру билеттерiн сату кезiнде салық салынатын айналымға осындай салық төлеушiлердiң өз күшiмен көрсететiн тасымалдау бойынша қызметтер бөлiгiндегi билеттер құны енгiзiледi.
Жасалған шарттар бойынша басқа тасымалдаушылардың жол жүру билеттерiн сату кезiнде салық салынатын айналым билеттердi сату жөнiндегi қызметтердiң құны негiзiнде анықталады. Тасымалдаудың өз құны осы тасымалдауды тiкелей жүзеге асыратын салық төлеушiнiң салық салынатын айналымына енгiзiледi.
2. Тасымалдауды тiкелей жүзеге асырмайтын көлiктiк-экспедиторлық қызметтер көрсететiн салық төлеушiлерде тасымалдау құны салық салынатын айналымға енгiзiлмейдi.
56-3-бап. Туристiк қызметтердi көрсету кезiнде салық
салынатын айналымды анықтау
1. Қазақстан Республикасының аумағында туристiк қызметтер көрсететiн және бағыттар бойынша жолдамалар сататын салық төлеушiлерде жолдама құны салық салынатын айналым болып табылады.
2. Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде туристердiң болуына байланысты туристiк қызметтер көрсететiн және бағыттар бойынша жолдамалар сататын салық төлеушiлерде Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде туристерге қызмет көрсету жөнiнде шетелдiк әрiптестер атқаратын жолаушылар мен жүктердi тасымалдау құнынан және қызметтердiң құнынан басқа, осындай жолдамалар құны салық салынатын айналым болып табылады.
56-4-бап. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан
өнiм дайындау кезiнде салық салынатын
айналымды анықтау
1. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан өнiм дайындау кезiндегi салық салынатын айналым оларды қайта өңдеу (өңдеу, жөндеу) жөнiндегi қызметтердiң (жұмыстардың) құны болып табылады.
Егер олар Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес "Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу" режимiнде әкетiлген жағдайда Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлерде қайта өңдеуге (өңдеу, жөндеу) әкетiлген алыс-берiс шикiзаты мен материалдары салық салынатын айналымға енгiзiлмейдi.
Кеден аумағынан тыс жерлерде тауарларды қайта өңдеу режимi тауарлар экспорты режимiне өзгерген жағдайда, бұрын әкетiлген шикiзаттар мен материалдар немесе олардың қайта өңделген өнiмдерi осы Заңға сәйкес салық салынатын айналымға енгiзiледi.
2. Алыс-берiс шикiзаты мен материалдарынан жасалған тауарларды қайта өңдеу (өңдеу, жөндеу) жөніндегi қызметтер (жұмыстар) төленген жағдайда осы тауарлардың құны салық салынатын айналымға енгiзiледi.
56-5-бап. Көп айналымды ыдысты пайдалану кезiнде
салық салынатын айналымды анықтау
1. Егер дайын өнiм салынатын ыдыстың құны осы ыдысты сатып алу құнына тең кепiл баға болып табылса, көп айналымды ыдысты пайдаланатын тауарларды сатуды жүзеге асыратын салық төлеушiлерде ыдыс құны салық салынатын айналымға енгiзiлмейдi.
2. Көп айналымды емес ыдыс құны салық салынатын айналымға енгiзiледi.
56-6-бап. Кепiл мүлiктi сату кезiндегi салық
салынатын айналымды анықтау
1. Кепiл берушi кепiл ұстаушыға кепiл мүлiктi (тауарларды) беру кезiнде кепiл берушiдегi салық салынатын айналым мөлшерi заемға алынған қаражат мөлшерi негiзге алына отырып анықталады.
2. Кепiл мүлiктi (тауарларды) сату кезiнде кепiл ұстаушыдағы салық салынатын айналым мөлшерi сатылатын мүлiктiң құны негiзiнде, бiрақ кепiл берушi кепiл ұстаушыға оны берген құнынан төмен болмайтындай етiп анықталады. Аталған мүлiктi сатып алу құны ол бойынша есептелетiн сыйақы (мүдде) есепке алынбай, берiлген заем қаражаты құнының мөлшерi негiзге алына отырып анықталады.
56-7-бап. Жылуды, электр энергиясын, су мен газды
өндiру, бөлу және тасымалдау жөнiндегi қызметтер бойынша,
сондай-ақ машина жасау, химия өнеркәсiбi мен резеңке және
пластмасса бұйымдары өндiрiсi өнiмдерiн өндіру және
сату жөнiндегi салық салынатын айналымды анықтау
1. Жылуды, электр энергиясын, су мен газды өндiру, бөлу және тасымалдау жөнiндегi қызметтер бойынша салық салынатын айналымға олар бойынша төлем жасалған сату жөнiндегi айналымдар, сондай-ақ олар сатылған сәттен бастап 60 күн өткен айналымдар енгiзiледi.
2. Машина жасау, химия өнеркәсiбi мен резеңке және пластмасса бұйымдары өндiрiсi өнiмдерiн өндiру және сату жөніндегі салық салынатын айналымға олар бойынша төлем жасалған сату жөнiндегi айналымдар, сондай-ақ олар сатылған сәттен бастап 90 күн өткен айналымдар енгiзiледi.
56-8-бап. Салық салынатын айналымды өзгерту
1. Сатылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) құны өзгерген жағдайда, тиiсiнше салық салынатын айналымның мөлшерi өзгертiледi.
Салық төлеушiде салық салынатын айналымды өзгерту жеткiзiлген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн төлем алынған сәтте де жүргiзiледi, бұған шетелдiк валютамен осындай төлем алынған жағдайлар қосылмайды.
2. Салық салынатын айналымды азайту жағына өзгертуге жол берiлмейдi.
57-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан
босатылған айналымдар
1. Мынадай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымдар қосылған құнға салынатын салықтан босатылады:
1) салынған объектiнi бастапқы сатуды, қонақүйлерде тұрғаны үшiн ақы төлеудi қоспағанда, үйлер мен үй-жайларды сату және (немесе) жалға беру жөнiндегi;
2) автомобильдердi немесе көлiк құралдарын қойғаны және сақтағаны үшiн берген учаскеге ақы төлеудi қоспағанда, жердi иелену мен пайдалану құқығын сату және (немесе) жер учаскелерiн жалға беру жөнiндегi;
3) сейфтiк операцияларды, банкноттарды, монеталар мен құндылықтарды қайта жiберудi, сондай-ақ бағалы қағаздарды сақтау жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, қаржы қызметтерi;
4) почта маркалары (коллекциялықтан басқа), таңбаланған конверттер мен открыткалар, акциздiк алым маркалары;
5) егер олар балаларды, қарттарды және мүгедектердi қорғау және әлеуметтiк қамсыздандыру жөнiндегi қызметтердi, мәдениет, ғылым, дене шынықтыру мен спорт салаларындағы қызметтердi көрсетумен, дiни ұйымдардың жоралғылар мен рәсiмдер өткiзуiмен байланысты болса, коммерциялық емес ұйымдар жүзеге асыратын жұмыстар мен қызметтер;
6) уәкiлеттi мемлекеттiк органдар орындап, оларға байланысты мемлекеттiк баж алынатын қызметтер;
7) жерлеу-ғұрыптық қызметтер, бейiттер мен крематорийлер қызметтерi;
8) геологиялық барлау және геологиялық iздестiру жұмыстары;
9) лотерея билеттерiн сату жөнiндегi қызметтердi қоспағанда, оларды сату жөнiндегi айналымдар;
10) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi жүзеге асыратын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымдар;
11) халықаралық тасымалдауларға байланысты жүзеге асырылатын жұмыстар мен қызметтер;
12) Қазақстан Республикасы Мүгедектерi ерiктi қоғамының, Асырауында балалары бар мүгедек әйелдердiң "Бибi-Ана" республикалық қоғамының, Қазақ зағиптар қоғамының, Қазақ саңыраулар қоғамының тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымы (сауда-делдалдық қызметтен және акцизделетiн тауарларды өндiру мен сату жөнiндегi айналымдардан түскен тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымдардан басқа), сондай-ақ, егер осындай ұйымдар мынадай шарттарға сәйкес келсе, олардың өндiрiстiк ұйымдары:
мүгедектер осындай өндiрiстiк ұйымдар қызметкерлерi жалпы санының кем дегенде 51 процентiн құраса;
мүгедектердiң еңбегiне ақы төлеу қоры жалпы еңбекке ақы төлеу қорының кем дегенде 51 процентiн құраса;
осы тармақшада аталған қоғамдардың меншiгi болып табылатын және толығымен солардың қаражаты есебiнен құрылған болса;
алынған табыстар оларды құрған қоғамдардың жарғылық мақсаттарын iске асыруға жұмсалса;
13) мемлекеттiк меншiктi жекешелендiру;
14) жарғылық капиталға жарналар;
15) уәкілеттi мемлекеттiк орган паЙдалануға рұқсат еткен мектеп оқулықтарын және мектеп оқу құралдарын, балалар әдебиетiн, сондай-ақ арнаулы орта және жоғары оқу орындарына арналған оқу құралдарын шығару және (немесе) сату жөнiндегi айналымдар;
16) "SОS-Қазақстанның балалар қалашықтары" қорын ұйымдастырумен, салумен және олардың жұмыс iстеуiмен байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасы резиденттерi сатып алатын және көрсететiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер);
17) газет және журнал өнiмдерiн шығару және (немесе) сату жөнiндегi айналымдар;
18) дәрi-дәрмектер-субстанцияларды, соның iшiнде дәрiхана iшiнде дайындалатындарын; дәрiлiк заттарды; протез-ортопедия бұйымдарын; дәрiлiк заттар өндiрiсi үшiн материалдарды; медициналық мақсаттағы бұйымдарды және медициналық техниканы, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдарды және жиынтықтаушы заттарды қоса алғанда, дәрiлiк заттарды сату жөнiндегi айналымдар.
Салықтан босатылатын дәрiлiк заттардың, протез-ортопедия бұйымдарының, медициналық мақсаттағы бұйымдардың және медициналық техниканың, сондай-ақ материалдардың және олардың өндiрiсiне арналған жиынтықтағыштардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
19) Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң түзеу мекемелерi, қылмыстық-атқару жүйесi түзеу мекемелерiнiң республикалық мемлекеттiк кәсiпорындары жүзеге асыратын өздерi өндiрген тауарды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналым;
20) мектеп жасына дейiнгi балалар, орта, арнаулы орта және жоғары бiлiм беру саласында заңды тұлға құрмай, бiлiм беру қызметiн жүргiзу құқығына лицензиясы бойынша кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар жүзеге асыратын бiлiм беру қызметiн көрсету жөнiндегi айналымдар;
21) заңды тұлға құрмай, медициналық қызмет көрсету құқығына лицензиясы бойынша кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын заңды тұлғалар, сондай-ақ жеке тұлғалар жүзеге асыратын, косметологиялық қызметтi қоспағанда, медициналық қызмет көрсету жөнiндегi айналымдар;
22) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң мемлекеттiк кәсiпорындары әскери бөлiмдер үшiн жүзеге асыратын коммуналдық қызметтер көрсету жөнiндегi айналымдар;
23) осы Заңның 61-бабында аталғандардан басқа, тазартылған бағалы металдар - алтын мен платинаны сату жөнiндегi айналым;
24) мемлекеттер, мемлекет үкiметтерi және халықаралық ұйымдар желiсi бойынша берiлетiн грант қаржылары есебiнен жүзеге асырылатын тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату жөнiндегi айналымдар;
25) "Байқоңыр" кешенi объектiлерiнiң мүлкi негiзiнде құрылған республикалық мемлекеттiк кәсiпорын көрсететiн қызметтер;
26) анықтау, алдын ала тергеу органдарында және соттарда жеке және заңды тұлғалардың өкiлi болу және оларды қорғау жөнiндегi қызметтер.
2. Егер салық төлеушi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорынды немесе кәсiпорынның дербес жұмыс iстейтiн бөлiгiн басқа салық төлеушiге берген (сатқан) жағдайда, онда мұндай беру (сату) қосылған құнға салынатын салықтан босатылады. Осы ереже жер қойнауын пайдалануға келiсiм-шартпен берiлетiн құқықты басқа салық төлеушiге беруге де қолданылады.
12-тарау. Нөлдік ставка бойынша салық салынатын айналымдар
58-бап. Тауарлар экспорты
1. Осы баптың 5-тармағында көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасына тауарлар экспорты кезiнде қосылған құнға салынатын салық ескерiлген бағаны қолданатын мемлекеттерге тауарлар экспорты жағдайларын қоспағанда, тауарлар экспортына нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
2. Мыналар экспортталатын тауарларды растау болып табылады:
1) экспортталатын тауарлар жеткiзiлiмiне арналған келiсiм-шарт (шарт);
2) тауарларды экспорт режимiнде шығаруды жүзеге асырған кеден органының және қызмет аймағында тауар сол арқылы Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерлерге шығарылған өткiзу пунктi бар кеден органының белгiлерi соғылған кедендiк жүк декларациясы.
Тауарларды экспорт режимiнде құбырды пайдалану немесе электр желiлерi арқылы, не толық емес кезеңдiк декларациялау рәсiмiн қолдана отырып шығарған жағдайда, салық органына кедендiк ресiмдеудi жүргiзген кеден органының белгiлерi соғылған толық кедендiк жүк декларациясы берiледi;
3) Қазақстан Республикасының және аумағы арқылы тауар өткiзу көзделетiн транзит мемлекеттердiң шекаралық кеден органдарының белгiлерi соғылған тауарлардың iлеспе құжаттары. Тауарлар экспорты жүзеге асырылатын көлiк түрiне қарай коносамент немесе оның көшiрмесi, халықаралық автокөлiкпен тасымалдау туралы халықаралық тауар-көлiк жөнелтпе құжаты, халықаралық авиациялық жөнелтпе құжаты немесе темiржол жөнелтпе құжаты осындай құжаттар болып табылады.
Тауарларды экспорт, режимiнде құбырды пайдалану немесе электр желiлерi арқылы шығарған жағдайда, тауардың iлеспе құжаттары көшiрмелерiнiң орнына тауарларды қабылдау-тапсыру актiсi табыс етiледi;
4) қажет болған жағдайда салық органдары Қазақстан Республикасының аумағынан экспортталған тауарлардың еркiн айналымы үшiн шығару режимiнде кедендiк ресiмдеу жүргiзілген фактiсiн растау жөнiндегi өтiнiшпен Қазақстан Республикасының кеден органдары экспорт режимiнде ресiмдеген кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген тауарлар баратын елдiң органдарына жүгiне алады.
3. Осы баптың 2-тармағында аталған құжаттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден аумағынан экспорт режимiнде шығарылған тауарлар импорты елiнде ресiмделген кедендiк жүк декларациясының көшiрмесi, Қазақстан Республикасымен тауарлар экспортына нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарттар жасасқан Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлар экспортын растайтын құжаттар болып табылады.
4. Осы Заңның 69-бабының 1-тармағына сәйкес қайтарылуға тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасын анықтау кезiнде салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен ашылған шотына валюта түсiмi келiп түскен тауарлар экспорты ескерiледi.
5. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттар бар болған жағдайда, тауарлар экспортына осы шарттарда белгiленген тәртiппен қосылған құн салығы салынады.
Қазақстан Республикасымен тауарлар экспортына нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарттар жасаспаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерге тауарлар экспортына Осы Заңның 62-бабында көзделген ставкалар бойынша қосылған құн салығы салынады.
59-бап. Халықаралық тасымалдарға салық салу
1. Қазақстан Республикасымен тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортына нөлдiк ставка бойынша қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарт жасаспаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерде жүзеге асырылатын тасымалдауларды қоспағанда, жолаушыларды, тауарларды, жануарларды, жүктер мен поштаны халықаралық тасымалдауға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
2. Осы баптың 1-тармағындағы ереже халықаралық тасымалмен байланысты
жүзеге асырылатын жұмыстар мен қызметтерге қолданылмайды. 60-бап. Тоқыма, тiгiн, терi-аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өнiмдерiне салық салу Қазақстан Республикасының резиденттерi Қазақстан Республикасы аумағында сататын тоқыма, тiгiн, терi-аяқ киiм өнеркәсiбi салаларының өз меншiгiндегi өндiрiсiнiң өнiмдерiне нөлдiк ставка бойынша салық салынады. 61-бап. Тазартылған бағалы металдар - алтын мен платинаға салық салу Қазақстан Республикасының резиденттерi сататын өз меншігіндегі өндірісінің - тазартылған бағалы металдарына алтын мен платинаға нөлдiк ставка бойынша салық салынады. 13-тарау. Салықты есептеу және төлеу тәртібі 62-бап. Салық салынатын айналым бойынша қосылған құн салығының ставкалары
1. Қосылған құн салығының ставкасы, осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған жағдайларды қоспағанда, салық салынатын айналым мөлшерiнiң 20 процентiне теңестiрiледi.
2. Осы Заңның 58-61-баптарында көзделген тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтердi сату жөнiндегi айналымдарға нөлдiк ставка бойынша салық салынады.
3. Төменде келтiрiлген тiзбеге сәйкес тауарлар сату жөнiндегi айналымдарға 10 проценттiк ставка бойынша қосылған құн салығы салынады:
мал, тiрiлей салмағымен (iрi қара, жылқы, шошқа, қой, ешкi, түйе, қоян, жабайы жануарлар (марал, бұғы, киiк);
құс, тiрiлей салмағымен (тауық, қаз, үйрек, күрке тауық, мысыр тауығы);
ет (сом ет пен сүйектi еттiң барлық түрi (соның ішінде тарттырылған ет, туралған ет және басқалары) (сиыр етi, қой етi, шошқа етi, жылқы етi, түйе етi, қоян етi, ешкi етi, құстар мен жабайы жануарлар етi);
балық (тiрi, мұздатылған, жаңа тоңазытылған, кептiрiлген балық);
ұн (бидай ұны, қара бидай ұны, сұлы ұны, жүгерi ұны, арпа ұны, соя ұны, күрiш ұны, кебек, ет-сүйек ұны, балық ұны);
нан және нан-тоқаш өнiмдерi (тоқаш өнiмдерi (батондар, бөлкелер, бөлке өнiмдерi), май қосып иленген нан-тоқаш өнiмдерi, бараночка өнiмдерi (бубликтер, баранкалар, сушкалар, түтiкшелер, нан түтiкшелерi), сухари өнiмдерi (сухарилер, гренкалар, қытырлақ нандар);
макарон өнiмдерi (ашытылмаған қамырдан жасалынған макарон өнiмдерi: ұзын кеспелi макарондар, вермишель, кеспе өрнектi макарон өнiмдерi, рожкилер, ракушкалар және басқа да макарон өнiмдерi);
сүт және сүт өнiмдерi (балмұздақтан басқа) (ацидофилин, ацидофилдi сүт, йогурт, ряженка, айран, простакваша, кiлегей, қаймақ, iрiмшiк, сүзбе, сырлар (балқытылғанын, брынзаны, сулугунды және басқаларын қоса), сары май, қышқыл сүт сусындары (қымыз, шұбат және басқалары), құрғақ сүт өнiмдерi (балмұздаққа арналған құрғақ қоспалардан басқа): құрғақ сүт, құрғақ кiлегей, сүт консервiлерi, (қоюландырылған сүт, құнарландырылған сүт, қоюландырылған кiлегей, құнарландырылған кiлегей);
жұмыртқалар (құстардың барлық түрiнiң жұмыртқалары);
өсiмдiк майлары;
маргарин (сүттен, кiлегейден сүтсiз, бутербродтан, шоколадтан және басқаларынан жасалған маргарин);
жармалар (күрiш, сұлы жармасы, ақталған тары, қарақұмық, бидай жармасы, арпа жармасы, перловка жармасы, ұнтақ жармасы);
астық (бидай, арпа, тары, сұлы, қара бидай, күрiш, жүгерi, қарақұмық, дәндi бұршақ (бұршақ, нут, жасымық, ас бұршақ, соя);
майлы дақылдар (күнбағыс, рапс, мақсыр, мақта, қыша, зығыр);
құрама жем (жануарлар мен құстарды тамақтандыру үшiн олардың жетiлуiне қажеттi ұсақталған дәннен қоспалар қосылып дайындалған өнiм) қант, оның iшiнде қант шикiзаты;
тұз;
картоп;
көкөнiстер (саңырауқұлақтардан басқа) жас көкөнiстер, жаңа тоңазытылған, кептiрiлген көкөнiстер);
балалар мен диабет тағамы өнiмдерi;
шұжық өнiмдерi (қоғамдық тамақтану саласында өндiрiлгендерден басқа) (шұжықтардың барлық түрлерi, зельцтер, сосискилер, сарделькилер);
консервiленген ет (қоғамдық тамақтану саласында өндiрiлгендерден басқа) (бұқтырылған ет консервiлерi, тарттырылған ет консервiлерi, шошқа етiнен жасалған консервiлер);
балықтан жасалған азық-түлiк (қоғамдық тамақтану саласында өндiрiлгендерден басқа) (тұздалған, татымды тұздалған, маринадталған, ысталған, құрғатып қақталған, балық етiнiң жартылай фабрикаттары (балық филесi, тарттырылған балық етi), балық өнiмдерi, балық консервiлерi (табиғи қалпында, майға бұқтырылған, томат тұздығына бұқтырылған, балық паштетi);
көкөнiстен жасалған азық-түлiк (қоғамдық тамақтану саласында өндiрiлгендерден басқа) (ашытылған, тұздалған көкөнiстер, көкөнiс маринадтары, көкөнiс шырындары, көкөнiс консервiлерi) (салаттар, кетчуптер, уылдырықтар, тұздықтар, сироптар, сусындар); Қазақстан Республикасында өсiрiлетiн жемiстер (цитрустардан басқасы), жемiс-жидек; наубайшылық ашытқылар (қоғамдық тамақтану саласында өндiрiлгендерден басқа); сыра ашытатын солод (қоғамдық тамақтану саласында өндiрiлгендерден басқа). 63-бап. Бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығы Бюджетке төленуге тиiс қосылған құн салығының салық салынатын айналым бойынша сомасы осы Заңның 62-бабына сәйкес салық салынатын айналым бойынша есептелген салық сомасы мен осы Заңның 64-бабына сәйкес есепке алуға жататын салық сомасының арасындағы айырма ретiнде белгiленедi. 64-бап. Бюджетке түсетiн жарналарды анықтау кезiнде есепке алуға жатқызылатын қосылған құн салығы
1. Салық төлеушi нақты түскен тауарлар бойынша, негiзгi құрал-жабдықтарды қоса алғанда (үйлер мен жеңiл автомобильдерден басқа), салық салынатын айналымның мақсаты үшiн пайдаланылып отырған немесе пайдаланатын есептi кезең iшiнде атқарылған жұмыс немесе көрсетiлген қызмет бойынша, нөлдiк ставка бойынша айналымды қоса алғанда, табыс етiлген шот-фактураларына орай, салық төлеушiлер жеткiзушiлерге төлеуге тиiстi салық сомасы есепке алуға жатқызылған қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
Негiзгi құрал-жабдықтарды қоса алғанда (жеңiл автомобильдерден басқа), импортталатын тауарлар бойынша Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес ресiмделген, кедендiк жүк декларациясында көрсетiлген және кедендiк режим шарттарына сәйкес қайтарылуға жатпайтын салық, есепке алуға жатқызылатын қосылған құн салығының сомасы болып табылады.
2. Мемлекеттiк материалдық резервтен алынған тауарлар бойынша мемлекеттiк материалдық резервтер жөнiндегi уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген нысанда жазып берген, тиеуге арналған құжатта көрсетiлген қосылған құн салығының сомасы есепке алуға жатқызылады.
3. Негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуде атқарылған жұмыс бойынша қосылған құн салығының сомасы есепке алуға жатқызылуға тиiс.
Үйлердi жөндеуге жұмсалған шығындар бойынша қосылған құн салығы амортизациялық аударымдарды есептеуге арналған кезеңде салық төлеушiнiң қолданғаны үшiн осы Заңның 21-бабының 2-тармағына сәйкес шегерiмге жатқызылатын жөндеу жұмыстары бойынша шығыстар сомасы негiзге алынып есептелген мөлшерде есепке алуға жатқызылады, салықтың қалған сомасы үйдiң құнын арттыруға жатқызылады.
4. 3-тармақтың ережесi жалға берiлетiн негiзгi құрал-жабдықтарды жөндеуге қатысты да қолданылады.
Егер жалға берiлетiн негiзгi құрал-жабдықтарды, соның ішінде үйлердi жөндеу жөнiндегi шығындар жалдау ақысы құнына енгiзiлсе, сондай-ақ жалдау шартының мерзiмi аяқталған немесе ол бұзылған жағдайда жалдаушыда жөндеу құны салық салу объектiсi ретiнде қарастырылады.
5. Саудада өзара есеп айырысу қосылған құнға салынатын салық ескерiлген баға бойынша Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерден қосылған құнға салық салынып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша есепке алуға Қазақстан Республикасы аумағында осындай тауарларды өткiзу кезiнде қолданылатын қосылған құнға салынатын салық ставкасы бойынша анықталатын мөлшерде жеткiзушiге салық төлеушi салық төлеуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасы қабылданады. Бұл орайда қосылған құнға салынатын салық аталған тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) жеткiзушi табыс еткен шот-фактуралары негiзiнде есепке алуға жатқызылады, онда қосылған құнға салынатын салық бөлек жазып көрсетiледi.
Саудада өзара есеп айырысу қосылған құнға салынатын салық ескерiлген баға бойынша жүзеге асырылатын және осы Заңның 60-бабында көрсетiлген өткiзу жөнiндегi айналымдар мақсатына пайдаланылатын Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттерде қосылған құнға салық салынып алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша осындай тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткiзушiлерге төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық есепке алынбайды, олардың сатып алу құнына енгiзiледi.
6. Қосылған құнға салынатын салық, егер салық төлеушiнiң кәсiпкерлiк қызметiне жатпайтын шаралар өткiзуiне орай тауарлар алуға, жұмыстарға немесе қызметтерге байланысты төлеуге жататын болса, есепке алынбайды.
7. Есепке алуға жатқызылмайтын қосылған құнға салынатын салық осы бапқа сәйкес тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сатып алу құнын арттыруға жатқызылады және осы баптың 6-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнің шығындары құрамына енгiзiледi.
Үйлер мен жеңiл автомобильдер бойынша төленуге тиiс, есепке алуға жатқызылмайтын қосымша құнға салынатын салық амортизация сомасы арқылы салық төлеушiнiң шығындары құрамына енгiзiледi.
8. Осы баптың 5-тармағында аталған жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында қосылған құнға салынатын салықты төлеушi болып табылмайтын жеткiзушiлерге төленуге тиiс қосымша құнға салынатын салық сомасы есепке алуға жатқызылған жағдайда аталған сомалар есептен алып тасталуға және сатып алу құнын арттыруға жатқызылады.
64-1-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан
босатылған, iске асыру бойынша айналымдар
кезiнде қосылған құнға салынатын салықты
есепке алуға жатқызу ерекшелiктерi
1. Кезеңдiк ресiмдеу кезiнде де жеткiзушiлерге төленуге тиіс қосылған құнға салынатын салық, қосылған құнға салынатын салықтан босатылған айналымдар бойынша есепке алуға жатқызылмайды, салық төлеушiнiң шығындары құрамына, ал негiзгi құрал-жабдықтар бойынша оларды сатып алу құнын арттыруға енгiзiледi.
2. Салық салынатын және салықтан босатылған айналымдар кезiнде салық төлеушiнiң таңдауы бойынша немесе төпе-тең бөлектеу әдiсiмен белгiленген қосылған құнға салынатын салық сомасы қабылданады.
Таңдап алынған әдiс бойынша есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынған салықтың сомасын анықтауды салық төлеушi бүкiл салық жылының iшiнде жүзеге асырады.
3. Тепе-теңдiк әдiсi бойынша есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасы айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағына қарай анықталады.
Заңды және жеке тұлғалардың бағалы қағаздарды сатып алу-сату бойынша мәмiлелердi жүзеге асыруы кезiнде осы тармақтың мақсаттары үшiн жалпы айналымға бағалы қағаздарды өткiзу кезiнде алынған өсiм енгiзiледi.
4. Бөлектеу әдiсi бойынша есепке алуға жатқызылған қосылған құнға салынатын салық сомасын анықтау кезiнде салық төлеушi жеткiзушiлерге салық салынатын және салықтан босатылған айналымдар бойынша тауарлар, жұмыстар, қызмет көрсетулер үшiн төленуге тиiс қосылған құнға салынатын салық сомасының бөлек есебiн жүргiзедi.
Тек салық салынатын айналымдар мақсатында пайдаланылатын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қосылған құнға салынатын салық осы Заңның 64-бабында көзделген тәртiппен толық көлемiнде есепке алуға жатқызылады.
Босатылған айналымдар мақсатында пайдаланылған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша қосылған құнға салынатын салық есепке алуға жатқызылмайды.
Салық салынатын да, салықтан босатылған да айналымдар мақсатында пайдаланылатын жұмыстар мен қызмет көрсетулер бойынша айналымның жалпы сомасындағы салық салынатын айналымның үлес салмағы бойынша анықталған қосылған құнға салынатын салық сомасы есепке алуға жатқызылады.
64-2-бап. Күдiктi талаптар мен күдiктi мiндеттемелер
бойынша төленуге тиiс қосылған құнға
салынатын салық сомасына түзету енгiзу
1. Егер тиелген тауарлар, атқарылған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн төлемнiң бiр бөлiгi немесе бүкiл мөлшерi күмәндi талап туғызса, онда салық төлеушiнiң күмәндi талаптың туындауымен байланысты қосылған құнға салынатын салық ескерiлген есептi кезең аяқталғаннан кейiнгi екi жылдан соң ғана бюджетке төленуге тиiс жарна сомасын азайтуға құқығы бар.
Осы тармақта көзделген, салық төлеушi күмәндi талаптар бойынша қосылған құнға салынатын салық сомасын есепке алуға жатқызу құқығын пайдаланғаннан кейiн тиелген тауарлар, атқарылған жұмыстар немесе көрсетiлген қызметтер үшiн ақы алынған жағдайда салық салынатын айналым ақы төленген есептi кезеңдегi аталған ақы құнына өсiрiлуге тиiс.
2. Бұрын есепке алуға қабылданған қосылған құн салығының сомасы тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша күмәндi мiндеттемелердi есептен шығару кезiнде ол есепке алынған кезден бастап екi жыл өткеннен кейiн есепке алудан шығарып тасталуға тиiс.
Егер күмәндi мiндеттемелер есептен шығарылғаннан кейiн тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн салық төлеушi ақы төлеген жағдайда аталған тауарлар, жұмыстар, қызметтер бойынша салық сомасы есепке алуда сол ақы төленген есептi кезеңде қалпына келтiрiлуге тиiс.
64-3-бап. Көлiк-экспедиторлық ұйымдардағы қосылған құнға салынатын салықты есепке алуға жатқызу ерекшелiктерi
Жүк тасымалын жүзеге асыратын ұйымдар табыс еткен шот-фактураларда көрсетiлген қосылған құнға салынатын салық, осындай ұйымдардың тiкелей мұқтаждары үшiн жүзеге асырылатын тасымалдарды қоспағанда, көлiк-экспедиторлық ұйымдарда есепке алынуға жатпайды.
65-бап. Шот-фактура
1. Шот-фактура қосылған құнға салынатын салықты төлеушiлердiң барлығы үшiн мiндеттi құжат болып табылады. Қосылған құн салығы салынатын тауарларды тиеудi, жұмыстарды атқаруды немесе қызмет көрсетулердi жүргiзетiн салық төлеушi, осы баптың 4-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда аталған тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) алушы тұлғаға шот-фактура табыс етуге мiндеттi.
2. Шот-фактуралар нысанын және оны қолдану тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен және статистика жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органмен келiсім бойынша белгiлейдi.
Қосылған құнға салынатын салық бойынша есептесу кезiнде шот-фактурада мыналар көрсетiлуге тиiс:
1) рет нөмiрi және шот-фактураның жасалған күнi, айы, жылы;
2) тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткiзушi мен сатып алушының атауы, мекен-жайы және тiркеу нөмiрi;
3) жеткiзiлетiн (тиелетiн) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) атауы (сипаттамасы);
4) тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) салықсыз (салық салынатын айналым), ал акцизделетiн тауарлар бойынша - акцизсiз де құны;
5) акцизделетiн тауарлар бойынша акциз сомасы;
6) қосылған құнға салынатын салық ставкасы;
7) қосылған құнға салынатын салық сомасы;
8) қосылған құнға салынатын салық ескерiлген тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны;
9) жеткiзушiнiң мөрi (мөртабаны).
Шот-фактура тауарлар тиеп жiберiлген, жұмыстар атқарылған, қызметтер көрсетілген күннен кешiктiрілмей жазылады.
Тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердiң) құны және қосылған құнға салынатын салықтың сомасы шот-фактурада Қазақстан Республикасының ұлттық валютасымен көрсетiледi.
3. Осы Заңның 56-8-бабына сәйкес салық салынатын айналымды түзету құнына өзгерту кезiнде қосымша шот-фактура жазып берiледi, соның негiзiнде сатып алушының есепке алуға жатқызылатын салық сомасы өзгертiледi.
4. Халыққа тiкелей қолма-қол есеп айырысу бойынша тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) сату кезiнде тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткiзушiлер сатып алушыға қосылған құнға салынатын салық сомасы бөлек көрсетiлетiн кассалық чек бередi.
Жеткiзiп берген тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн халықпен банктердiң филиалдары арқылы есеп айырысуды жүзеге асырған кезде бухгалтерлiк есептi жүргiзу кезiнде негiз болып табылған алғашқы құжаттар қолданылады.
65-1 бап. Көлiк-экспедиторлық қызмет пен жол жүру
билеттерiн сату жөнiнде қызмет көрсету
кезiнде шот-фактураларды жасаудың
ерекшелiктерi
1. Көлiк-экспедиторлық қызмет көрсететiн, тасымалды тiкелей жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер тiкелей тасымалдаушы төлеуге табыс еткен қосылған құнға салынатын салық сомасы мен тасымалдың өз құны ескерілген салық салынатын айналымды көрсете отырып шот-фактура жазып бередi.
2. Көлiк-экспедиторлық қызмет көрсететiн салық төлеушiлер жүк жөнелтушiлер үшiн шот-фактураның қысқаша көшiрмесiн жазып беру тiкелей тасымалдаушылар табыс еткен шот-фактуралар негiзiнде жүргiзiледi, оларда жүк жөнелтушiге сiлтеме жасалады, әлде оларға әрбiр жөнелтушi бөлiгiнде тасымал құны көрсетiлген жүк тасымалы тiзiлiмi қоса тiркеледi.
3. Көлiк-экспедиторлық қызмет көрсететiн салық төлеушiлер жүк жөнелтушiге табыс еткен шот-фактураға тасымалдаушылар осы жүктi апарылуға тиiс жерiне дейiн жеткiзу жөнiндегi тасымалды жүзеге асырылған тасымал тiзiлiмiн мiндеттi түрде қоса тiркейдi, соның негiзiнде жөнелтушi қосылған құнға салынатын салықты көрсетiлген тасымал құны бойынша есепке алуға жатқызады.
4. Жол жүру билеттерiн сатуды жүзуге асыратын және тасымалды тiкелей жүзеге асырмайтын салық төлеушiлер жол ақысы құнын және билеттердi сату жөнiндегi қызметтердi есепке ала отырып, оларда билет құнын көрсетiп шот-фактуралар жазып бередi.
65-2-бап. Дипломатиялық және соларға теңестiрiлген
өкiлдiктерге салықты қайтарып беру
1. Шетелдiк дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң ресми пайдалануына, сондай-ақ осы өкiлдiктердiң дипломатиялық және әкiмшiлiк-техникалық қызметкерлерiнiң, соның iшiнде олармен бiрге тұратын отбасы мүшелерiнiң тiкелей өздерiнiң пайдалануына арналған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) бойынша дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктер жеткiзушiлерге төлеген қосылған құнға салынатын салық Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын тиiстi халықаралық шарттарда көзделетiн мөлшерде дипломатиялық және соларға теңестiрiлген өкiлдiктерге қайтарылуға тиiс.
2. Қазақстан Республикасында тiркелген дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң қосылған құнға салынатын салық сомасын қайтарып беру осы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер жасаған жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) және қосылған құнға салынатын салықтың төленген фактiсiн растайтын құжаттар көшiрмелерi (шот-фактуралар, чектер және т.б.) негiзiнде жүзеге асырылады.
3. Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген нысанда орындалады және жанама салықтар бойынша (қосылған құнға салынатын салыққа және акцизге) жеңiлдiктер беру кезiнде өзара iс-қимыл принципiн сақтау жөнiндегi Ноталар алмасуды растау үшiн оларды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктер табыс етедi. Жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) расталғаннан кейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi уәкiлеттiк берген салық органына берiлуге тиiс, ол салықты қайтарып беру iсiн жүргiзедi.
4. Бюджеттен қайтарылуға тиiс салық сомасы дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктердiң тиiстi шотына аударылады.
Егер жиынтық ведомостарға (тiзiлiмдерге) қоса тiркелген Құжаттарда Қосылған Құнға салынатын салық сомасы бөлек көрсетілмесе, салық бойынша қайтарып алуға құқық тауарларды (жұмыстарды, қызметтердi) жеткiзушiлердiң шот-фактураға қосылған құн салығы енгiзілгендiгi туралы растау алынған кезде ғана мүмкiн болады.
5. Дипломатиялық және оларға теңестiрiлген өкiлдiктерге салықтың қайтарылуын салық органдары Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiнен жиынтық ведомостар (тiзiлiмдер) алғаннан кейiнгi 20 күн iшiнде жүзеге асырады.
66-бап. Қосылған құнға салынатын салық жөнiндегi есептi кезең 1. Күнтiзбелiк ай қосылған Құнға салынатын салық бойынша бюджетпен нақтылы есеп айырысу жөнiндегi есептi кезең болып табылады. 2. Егер қосылған құнға салынатын салық бойынша тоқсан iшiндегi орташа айлық төлемдер 500 айлық есептiк көрсеткiштен аз болатын болса, онда тоқсан есептi кезең болып саналады. 67-бап. Декларацияны табыс ету және қосылған құнға салынатын салықты төлеу 1. Әрбiр салық төлеушi: 1) әрбiр есептi кезең үшiн қосылған құнға салынатын салық жөнiнде декларация тапсырып отыруға;
2) декларация табыс ету үшiн белгiленген мерзiмге дейiн немесе сол белгiленген күнi әрбiр есептi кезең үшiн бюджетке салық төлеуге мiндеттi.
2. Қосылған құнға салынатын салық жөнiндегi декларация әрбiр есептi кезең үшiн одан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрiлмей табыс етiледi.
3. Қазақстан Республикасының шикiзат (спирттiң барлық түрлерiнен басқа) өндiрушi резиденттерi оны Қазақстан Республикасының аумағында алғашқы өнеркәсiптiк қайта өңдеу үшiн сату кезiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша белгiлеген тәртiпте есепке алу әдiсiмен қосылған құнға салынатын салық төлейдi.
Осы тармақта көзделген шарттар сақталмаған жағдайда қосылған құнға салынатын салық осы Заңның 56-бабына сәйкес шикiзатты өткiзу кезiнен басталған өсiмақы қосыла отырып есептеледi.
68-бап. Қосылған құнға салынатын салық бойынша
ағымдағы төлемдер
1. Қосылған құнға салынатын салық жөнiнде тоқсан iшiнде 1000 айлық есептiк көрсеткiштен астам мөлшерде орташа айлық төлем төлейтiн салық төлеушi ағымдағы төлемдерiн айдың жиырма бесi күнi және есептi айдан кейiнгi айдың бесi күнi төлейдi.
Салық төлеушiнiң таңдауы бойынша бүкiл салық жылы ішiнде ағымдағы төлемдердiң мөлшерi өткен тоқсан бойынша және есептi кезеңнiң өткен кезеңi iшiндегi нақты айналым бойынша салық сомасының алтыдан бiрi мөлшерiнде анықталады.
2. Салық жөнiндегi ағымдағы төлемдердiң енгiзiлген сомалары төлемнiң есептi кезеңдегi декларацияда мәлiмделген салықтың есебiне қосылады.
3. Ағымдағы төлем артық төленген жағдайда артық төленген сома мерзiмi жөнiнен келесi ағымдағы төлемнiң мөлшерiн анықтаған кезде есептеледi.
4. Салықтың ағымдағы төлемдерiн дер кезiнде төлемегенi үшiн осы Заңның 164-бабына сәйкес өсiмақы қоса есептеледi.
69-бап. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасы
есептi кезеңге есептелген салық сомасынан
асып кеткен жағдайда бюджетпен өзара
қарым-қатынас
1. Есепке алуға жатқызылатын салық сомасының есептi кезеңге есептелген салық сомасынан артығы қосылған құнға салынатын салық бойынша алдағы төлемдердiң есебiне қосылады.
Нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналым бойынша салық төлеушiлерге мұндай сома қосылған құнға салынатын салық бойынша салық төлеушi табыс еткен декларация және қайтарылуға табыс етiлген салық сомасының растығын тексеру негiзiнде салық төлеушiнiң өтiнiшiн салық органы алған кезден бастап 60 күн iшiнде қайтарылады.
Егер өткен есептi кезеңде есепке алуға жатқызылатын салық сомасы есептелген салық сомасынан артық жиналып қалса және егер нөлдiк ставка бойынша салық салынатын айналымы бар салық төлеушi қосылған құнға салынатын салық сомасын өтеу туралы салық органына өтiнiш жасамаса, осы артылып қалған сома есептi кезеңнен кейiнгi кезеңге есептеледi.
2. Осы Заңның 62-бабының 3-тармағында белгiленген ставка бойынша салық салынатын, сату бойынша айналымдары салық жылы iшiнде салық салынатын айналымдардың жалпы сомасында 50 проценттен астамын құрайтын салық төлеушiлердiң таңдауы бойынша есепке алуға жатқызылатын қосылған құн салығының салық жылы iшiнде құралып, есептелген салық сомасынан артығы қосылған құнға салынатын салық бойынша алдағы төлем шотына есептеледi не салық салынатын табысты айқындаған кезде шегерiмге жатқызылады.
14-тарау. Импортталатын тауарларға салынатын қосылған
құн салығы
70-бап. Салық салынатын импорт мөлшерi
1. Осы Заңның 71-бабына сәйкес салықтан босатылғандардан басқа Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналыс үшiн импортталатын тауарлар салық салынатын импорт болып табылады.
2. Қазақстан Республикасы тауарлар импортына қосылған құн салығын салуды көздейтiн халықаралық шарттар жасаспаған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден тауарлар әкелген кезде салық салынатын импорт, олар шыққан ел - Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер болып табылмайтын, импортталатын тауарлар құны болып табылады.
Тауарлар шыққан ел кеден төлемдерiн алу үшiн Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес анықталады.
3. Егер экспорт елiнде белгiленген қосылған құнға салынатын салық ставкасы Қазақстан Республикасында белгiленген қосылған құнға салынған салық ставкасынан төмен болған жағдайда, Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерден шығарылған импортталатын тауарлардың құны салық салынатын импортқа енгiзiледi.
4. Салық салынатын импорт мөлшерiне Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес белгiленген кеден құны, сондай-ақ Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес тауарларды импорттау кезiнде төленуге тиiс алымдар сомасы енгiзiледi.
Акциздер сомасы мен кеден баждары салық салынатын импортқа енгiзiлмейдi.
70-1-бап. Салық салынатын импорт бойынша қосылған
құнға салынатын салық ставкалары
1. Салық салынатын импорт бойынша қосылған құнға салынатын салық ставкасы, осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетiлгеннен басқа жағдайларды қоспағанда, осы Заңның 70-бабында белгiленген салық салынатын импорт мөлшерiнiң 20 процентiне теңестiрiледi.
2. Осы Заңның 62-бабының 3-тармағында көрсетiлген импортталатын
тауарлар бойынша қосылған құнға салынатын салық ставкасы салық салынатын импорт мөлшерiнiң 10 процентiне теңестiрiледi. 3. Осы Заңның 70-бабының 3-тармағында көрсетiлген импортталатын тауарлар бойынша қосылған құнға салынатын салық, ставкалардағы айырмашылықтар бойынша төленедi. Ставкалардағы айырмашылық тауар жеткiзушiлер табыс еткен шот-фактурада көрсетiлген, қосылған құнға салынатын салық есептелген салық ставкасы мен осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес осы тауарлар импорты кезiнде Қазақстан Республикасында қолданылатын салық ставкасы арасында айқындалады. 71-бап. Қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын тауарлар импорты Мынадай тауарлардың импорты:
1) ұлттық валютаның, шетелдiк валютаның (нумизматикалық мақсаттарда пайдаланылатындарынан басқа), сондай-ақ бағалы қағаздардың импорты;
2) Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тауарларды бажсыз әкелу нормалары бойынша жеке тұлғалардың тауарлар импорты;
3) мемлекеттiк сыртқы займдар есебiнен алынған тауарлар импорты;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң өз қажеттiлiктерi үшiн жүзеге асыратын тауарлар импорты;
5) Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлеген тәртiппен гуманитарлық көмек ретiнде әкелiнген, акцизделетiн тауарлардан басқа, тауарлар импорты;
6) техникалық жәрдем көрсетудi қоса алғанда, мемлекеттер, мемлекеттердiң үкiметтерi, халықаралық ұйымдар желісі бойынша қайырымдылық мақсаттарда әкелінетін акцизделетін тауарлардан басқа тауарлар импорты;
7) шетелдер елшіліктері мен оларға теңестірілген өкілдіктер ресми пайдалануы үшін, сондай-ақ осы өкілдіктердің дипломатиялық және әкімшілік-техникалық қызметкерлерінің, олардың өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса, жеке пайдалануы үшін әкелінген және Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес салықтан босатылатын тауарлар импорты;
8) "Еркін айналым үшін тауарлар шығару" режимін қоспағанда, Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген кеден режимдері шеңберінде босатылатын, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізілген тауарларды әкелу;
9) субстанция дәрілерді, оның ішінде аптеканың ішінде дайындалғандарын қоса, дәрілік заттардың; протездік-ортопедиялық бұйымдардың; дәрілік заттар шығаратын материалдардың; медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдары, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар және жиынтықтаушы заттар импорты қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
Импорты қосылған құнға салынатын салықтан босатылатын дәрілік заттардың, протездік-ортопедиялық бұйымдардың, медициналық мақсаттағы және медициналық техника бұйымдарының, сондай-ақ оларды шығаруға арналған материалдар мен жиынтықтаушы заттардың тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді;
10) мемлекеттер, мемлекет үкіметтері және халықаралық ұйымдар желілері бойынша берілетін гранттар қаражаты есебінен жүзеге асырылатын тауарлар импорты қосылған құнға салынатын салықтан босатылады.
71-1-бап. Импортталатын тауарлар салынатын қосылған құн салығын
төлеу мерзімдері
1. Импортталатын тауарлар бойынша қосылған құн салығы, осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда салық төлеуші төлеуге тиіс қосылған құн салығын қоспағанда, кеден төлемдерін төлеуге арналған Қазақстан Республикасының кеден заңдарында белгіленген күнде төленеді.
Салық органдары өнеркәсiптiк қайта өңдеуге арналған импортталатын шикiзат пен материалдарға, сондай-ақ импортталатын суға, газға және электр энергиясына салынатын қосылған құн салығын төлеу мерзiмiн үш айға ұзартады.
Үш ай мерзiм iшiнде берешектердiң аталған сомасын өтеудi сатылған өнiм бойынша қосылған құн салығына орай бюджетпен өзара есептесу әдiсiмен салық органдары жүргiзедi. Өтелмеген берешек сомасына, аталған үш айлық мерзiм бiткеннен кейiнгi алғашқы күннен бастап, өсiмақы есептеледi.
Осындай шикiзат пен материалдарды өнеркәсiптiк қайта өңдеусiз сатқан
жағдайда қосылған құн салығы осы Заңның 63-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен өсiмақы қосылып есептеледi. 2. Салық төлеушi ауыл шаруашылығы өндiрiсiнде пайдаланылатын тауарлар импорты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн тiзбе бойынша осы Заңның 71-бабына сәйкес босатылғандарды қоспағанда, құрал-жабдық, шикiзат, материалдар, қосалқы бөлшектер мен дәрi-дәрмектер импорты бойынша қосылған құн салығын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша белгiлеген тәртiппен төлейді. 15-тарау. Тіркелмеген резидент емес үшін салынатын қосылған құн салығы 72-бап. Салық салынатын айналымды анықтаудың ерекшелiктерi
1. Осы Заңның 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында салық төлеушi болып танылмайтын резидент еместер Қазақстан Республикасының аумағында тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сату кезiнде аталған резидент еместердiң Қазақстан Республикасының аумағында жүзеге асыратын тауарлар (жұмыстар, қызметтер) сату бойынша айналымы салық салу объектiсi болып табылады.
Резидент емес үшiн бюджетке аударылуға тиiс қосылған құнға салынатын салықты есептеу кезiнде салық салынатын айналымға осы Заңның 36-бабына сәйкес табыстың төлем көзiнде ұсталатын салық сомасымен қоса, алынған тауарлар (жұмыстар, қызметтер) үшiн резидент емес төлеуге тиiс тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) құны енгiзiледi.
2. Осы баптың 1-тармағының ережесi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдер резиденттерi болып табылатын резидент еместерге қолданылмайды, олар Қазақстан Республикасына тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты кезiнде қосылған құнға салынатын салық ескерiлген бағаларды қолданады.
73-бап. Резидент еместер үшiн салық төлеу тәртiбi
1. Резидент еместер үшiн төленуге тиiстi қосылған құнға салынатын салық тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткiзiлген айдан кейiнгi айдың бесi күнiнен кешiктiрiлмей бюджетке аударылады.
Резидент еместер үшiн қосылған құнға салынатын салық сомасын бюджетке төлеу фактiсiн растайтын құжаттар болса, төленген салық сомасы салық төлеушiнiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер) жеткiзу жүзеге асырылған айдағы қосылған құнға салынатын салық бойынша есепке алуға жатқызылуға тиiс.
2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген тәртiп сыртқы сауда келiсiм-шарттары бойынша жүзеге асырылатын және Қазақстан Республикасының кеден заңдарына сәйкес кедендiк ресiмдеуден өткен тауарлар импортына қолданылмайды.".
19. 75-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшiншi абзацпен толықтырылсын:
"бензинмен (авиация бензинiн қоспағанда), дизель отынымен көтерме және бөлшек сауданы жүзеге асыратын";
20. 79-баптың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Ойын бизнесi бойынша (лотереялардан басқа) салық салу объектiсi - ойын бизнесiнен түскен түсiм, лотереялар бойынша (олардың үлгiлерi мен түрлерiне қарамастан) салық салу объектiсi лотереяны өткiзуден түскен мәлiмделген түсiм болып табылады.".
21. 80-бапта:
1-тармақта "1)-9)" деген сандардан кейiн ", 15" деген санмен толықтырылсын;
4-тармақта:
"ойын бизнесiнен" деген сөздерден кейiн "(лотереялардан басқа)" деген сөздермен толықтырылсын;
мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Лотереяларды өткiзуден алынған акциздердi төлеу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша белгiлейдi.".
22. 82-бап мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Лотереяларды өткiзуден алынған акциздердiң бюджетке төленген сомасы қайта есептеуге және қайтаруға жатпайды.".
23. 88-бап "Бағалы қағаздар эмиссиясын тiркегенi" деген сөздерден кейiн "және мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялар эмиссияларының ұлттық сәйкестендiрме нөмiрiн бергенi" деген сөздермен толықтырылсын;
24. 92-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Заңдарға сәйкес бағалы қағаздардың эмиссиялары шығарылмады деп танылған жағдайда бұрын төленген алым қайтарылмайды және бағалы қағаздардың одан кейiнгi эмиссиялары кезiнде есепке алынбайды. Бағалы қағаздардың эмиссиялары қайталанып тiркелген және бұрын шығарылмады деп танылған, мемлекеттiк тiркеуге жатпайтын акциялардың эмиссияларына ұлттық сәйкестендiрме нөмiрi берiлген жағдайда алым осы Заңда көзделген ставкалар бойынша төленуге тиiс.".
25. 94-бап мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
"5-1. Келiсiм-шартта көрсетiлмеген iлеспе пайдалы қазбаларды шығарған ретте жер қойнауын пайдаланушы олар бойынша осы Заңның 94-7-бабына сәйкес белгiленген тәртiппен төлем жүргiзедi.".
26. Мынадай мазмұндағы 94-7-баппен толықтырылсын:
"94-7-бап. Жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт
жасалғанға дейiн жер қойнауын
пайдаланушыларға салық салу
Жер қойнауын пайдаланушылар жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiм-шарт жасағанға дейiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейтiн мөлшерде және шарттарда республикалық бюджеттiң кiрiсiне роялти есебiне аударым жасайды.
Бұл орайда, салық салу объектiсi мен осы аударымдарды төлеудiң мерзiмдерiн белгiлеу де роялтилерге арналған тәртiппен жүргiзiледi.".
27. 96-1-баптың 2-тармағы "байланысты" деген сөзден кейiн ", бiрақ бастапқы мөлшерден кем емес болып" деген сөздермен толықтырылсын;
28. 99-2-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Роялтидiң тiркелген ставкасы белгiленген пайдалы қазбаларды қоспағанда, пайдалы қазбаларды өндiру жөнiндегi келiсiм-шарттардың мерзiмi ұзартылған жағдайда құзiреттi орган роялти ставкасын ұлғайту жағына қарай қайта қарауға құқылы.".
29. 100-баптың бiрiншi бөлiгiндегi "өндiрiлген пайдалы қазбалар мен жерасты сулары көлемiнің құны" деген сөздер "өндiрiлген пайдалы қазбалар мен жерасты суларының құн түрiнде есептелген көлемi" деген сөздермен ауыстырылсын;
30. 100-1-бапта:
1 және 2-тармақтардағы "орташа сату бағасы бойынша есептелген құны" деген сөздер "орташа сату бағасы негiзге алынып, құн түрiнде есептелген көлемi" деген сөздермен ауыстырылсын;
31. 100-2-баптың 1-тармағындағы "бағасы негiзiнде есептелетiн өндiрiлген көмiрсутектер көлемiнiң құны" деген сөздер "бағасы негiзге алынып өндiрiлген көмiрсутектердiң құн түрiнде есептелген көлемi" деген сөздермен ауыстырылсын;
32. 100-3-бапта:
1-тармақтағы "орташа бағасы бойынша есептелген құн" деген сөздер "орташа сату бағасы негiзге алынып, құн түрiнде есептелген көлемi" деген сөздермен ауыстырылсын;
2-тармақ "белгіленеді" деген сөздің алдынан ", 99-2-баптың 3-тармағының ережелері ескеріле отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
33. 101-бап мынадай мазмұндағы 2-1 және 2-2-тармақтармен толықтырылсын:
"2-1. Есептi кезеңде пайдалы қазбаларды (бiрiншi тауарлық өнiмдi) сату болмаған жағдайда, осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, сатудың орташа бағасына соңғы сату болған кезеңдегi пайдалы қазбаларды (бiріншi тауарлық өнiмдi) сатудың орташа бағасы қабылданады.
2-2. Осы Заңның 100-1-бабының 1-тармағында көрсетiлгендердi қоспағанда, пайдалы қазбаларды (бiрiншi тауарлық өнiмдi) сату мүлде болмаған жағдайда, есептi кезеңде роялтиге салық салу объектiсiн есептеу үшiн пайдалы қазбалар өндiруге жұмсалған iс жүзiндегi шығындар сатудың орташа бағасы ретiнде қабылданады.
Бұл орайда, жер қойнауын пайдаланушы пайдалы қазбалардың (бiрiншi тауарлық өнiмнiң) iс жүзiндегi сату бағасын негiзге ала отырып, роялтиге осыдан кейiнгi түзету жасауға мiндеттi.".
34. 104-7-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 15) тармақшамен толықтырылсын:
"15) үкiметаралық келiсiмдер бойынша немесе халықаралық қоғамдық ұйымдар желiсi бойынша төленетiн гранттардың қаражаттары есебiнен жасалатын төлемдер".
35. 104-10-баптың 2-тармағының бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуметтiк салық бойынша декларация тоқсаннан кейiнгi айдың 15-i күнiнен кешiктiрiлмей тапсырылады."
36. 123-баптың 3-тармағының 8) тармақшасындағы "нақты мерзiмi" деген сөздерден кейiнгi "мен мөлшерi" деген сөздер алып тасталсын.
37. 129-баптың 1) тармақшасы "ауыл шаруашылық техникасымен өндiрушiлер" деген сөздерден кейiн ", бірыңғай жер салығын төлеушiлердi қоса алғанда," деген сөздермен толықтырылсын;
38. 134-баптың 1-тармағының 5) тармақшасындағы "нақты мерзiмi" деген сөздерден кейiнгi "мен мөлшерi" деген сөздер алып тасталсын.
39. 138-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы бесiншi бөлiкпен толықтырылсын:
"Кәсiпкерлiк қызметi кезеңдiк сипаттағы (яғни кәсiпкерлiк қызметтi бiр айға жетпейтiн уақытта жүзеге асыратын) жеке тұлғалар бойынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiмен келiсiм бойынша қызмет түрлерiнiң тiзбесiн және бiржолғы талондар негiзiнде салық төлеу тәртiбiн айқындайды.";
40. 139-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"139-бап. Салық төлеушiлердi есепке алу
1. Аумақтық салық органдарында салық төлеушi ретiнде есепке қою қандайда бiр салық бойынша салық мiндеттемесiнiң туындауы мен орындалуына байланысты болатын, осы Заңда көзделген жағдайларға қарамастан жүзеге асырылады.
2. Заңды немесе жеке тұлғаны есепке қою олардың өтiнiштерi бойынша аумақтық салық органында, тиiсiнше Заңды тұлғаның орналасқан жері немесе жеке тұлғаның тұратын жерi бойынша жүргiзiледi. Бұл орайда, заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуге тұрған күннен бастап он жұмыс күнiнен кешiктiрмей, ал жеке тұлға - өзi келу тәртiбiмен өтiнiш беруге мiндеттi.
3. Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты мекеме құрмай кәсiпкерлiк қызметті жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының аумағында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруды бастағаннан не салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша басқа мiндеттемелер туындағаннан кейiн 10 күн iшiнде салық есебiне қою үшiн аумақтық салық органдарына өтiнiш бiлдiруге мiндеттi.".
41. Мынадай мазмұндағы 139-1-баппен толықтырылсын:
"139-1-бап. Салық органдарында есепке қою және есептен шығару
тәртiбi. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi
1. Есепке қою және есептен шығару туралы өтiнiштердiң нысанын Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
2. Заңды тұлға өтiнiш беру кезiнде есепке қою туралы өтiнiшпен бiрге
тiркеу туралы куәлiктiң, құрылтай құжаттарының белгiлеген тәртiппен расталған бiр дана көшiрмесiн табыс етедi. Есепке қою кезiнде салық төлеушiлер - жеке тұлғалар туралы мәлiметтердiң құрамына олардың дербес деректерi: 1) тегi, аты және әкесiнiң аты; 2) туған күнi, айы, жылы және туған жерi; 3) жынысы; 4) мекен-жайы; 5) жеке куәлiгiнiң немесе салық төлеушiнiң жеке басын куәландыратын өзге құжаттың нөмiрi енгiзiледi.
3. Аумақтық салық органдары салық төлеушi өтiнiш берген күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде салық төлеушiнi есепке қоюды жүзеге асыруға мiндеттi.
4. Әрбiр салық төлеушiге аумақтық салық органында Қазақстан Республикасының барлық аумағында бiрыңғай салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi берiледi.
5. Салық төлеушiнiң орналасқан жерi немесе тұрған жерi өзгерген жағдайда бұрынғы аумақтық салық органынан есептен шығару және жаңа аумақтық салық органында есепке қою салық төлеушiнiң бұрынғы тiркеу нөмiрi сақтала отырып, көрсетiлген аумақтық салық органдары белгiленген тәртiппен қажеттi құжаттарды (мәлiметтердi) алған күннен бастап он күн iшiнде жүргiзiледi.
6. Заңды тұлға (банкте жеке балансы және есеп шоты жоқ оның оқшауландырылған бөлiмшелерi) таратылған немесе қайта құрылған жағдайда не жеке тұлға кәсiпкерлiк қызметiн тоқтатқан жағдайда есептен шығаруды аумақтық салық органдары көрсетiлген заңды немесе жеке тұлғалардың өтiнiштерi бойынша жүргiзедi.
7. Аумақтық салық органдарында есепке қою фактiсi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлеген нысанда және тәртiппен салық төлеушiге берiлген құжаттармен расталады.
Аумақтық салық органы салық төлеушiге берiлетiн барлық құжаттарда оның тiркеу нөмiрiн көрсетедi.
8. Әрбiр салық төлеушi салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн заңды және жеке тұлғалардың кәсiпкерлiк қызметте қолданатын бланкаларында, құжаттарында, салық декларациясында және аумақтық салық органдарына берiлетiн өзге де құжаттарда көрсетедi.
Салық төлеушiлер есеп айырысу құжаттарында, оның iшiнде шот-фактураларында салық төлеушiнiң өз тiркеу нөмiрiн көрсетуге мiндеттi.
9. Салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрiн берудiң, өзгертудiң тәртiбiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi белгiлейдi.
10. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi есеп деректерi негiзiнде Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн жүргiзедi.
Салық төлеушiлердiң мемлекеттiк тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.".
42. Мынадай мазмұндағы 139-2-баппен толықтырылсын:
"139-2-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiнiң жүзеге асырыла
бастауының салық органдарында тiркелуi
1. Салық төлеушілер аумақтық салық органдарында тиісінше заңды тұлғаны, филиалын, өкілдігін орналасқан жерi бойынша, кәсiпкерлiк қызметпен шұғылданатын жеке тұлғаны тұратын жерi бойынша кәсiпкерлiк қызметтiң мынадай түрлерiн:
1) бензиннiң (авиация бензинiн қоспағанда), дизель отынының көтерме және бөлшек саудасын;
2) алкогольдi өнiмдер өндiрудi және сатуды;
3) шыны ыдыстарды қабылдауды;
4) лотереяларды ұйымдастыруды, өткiзудi және сатуды;
5) ойын бизнесiн жүзеге асыра бастағанын тiркеуге мiндеттi.
2. Лицензиялауды жүзеге асыратын органдар лицензия берiлгеннен кейiн 3 күн iшiнде лицензия алушыға лицензия берiлгендiгi туралы тиiстi аумақтық салық органдарын хабардар етуге мiндеттi.".
43. 144-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Салық төлеушiлер аумақтық салық органдарына салық декларацияларын: өзi келу тәртiбiмен; почтамен, табыс етiлгенi хабарланатын тапсырыс хатымен; заңды тұлға бастығының және (немесе) бас бухгалтерiнiң электрондық қол қоюымен расталған, ақпараттары компьютерлiк өңдеуге болатын электрондық түрде, бiрақ белгіленген мерзiмнен кешiктiрмей
және белгiленген нысандарға сәйкес табыс етуге құқылы. Осы Заңда белгiленген мерзiмнiң соңғы күнiне жиырма төрт сағат қалғанға дейiн почтаға, телеграфқа немесе өзге байланыс мекемелерiне тапсырылған салық декларациялары мерзiмiнде тапсырылды деп есептеледi.". 44. 147-баптың 1) тармақшасындағы "он" деген сөз "үш" деген сөзбен ауыстырылсын; 45. 42-тарау мынадай редакцияда жазылсын: "42-тарау. Салықтық құқық бұзушылық және оны жасағаны үшін жауапкершілік 160-бап. Салықтық құқық бұзушылық ұғымы
Тұлғалардың (салық төлеушiнiң, салық немесе басқа уәкiлеттi органның лауазымды тұлғасының) осы Заңда немесе соған сәйкес салық заңдары актiлерiнде шығарылатын белгiленген нормаларды және (немесе) ережелердi орындамауынан немесе тиiсiнше орындамауынан туындаған заңға қайшы iстер (әрекеттер немесе әрекетсiздiк) салықтық құқық бұзушылық деп танылады.
161-бап. Салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн
жауапқа тартудың жалпы ережелерi
1. Салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн ешкiм де Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген негiздерден және тәртiптен өзгеше реттермен жауапқа тартылмайды.
2. Бiр салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн ешкiмдi де қайталап салықтық жауапқа тартуға болмайды.
3. Заңды тұлғалардың салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауапқа тартылуы тиiстi негiздер болған жағдайда олардың лауазымды тұлғаларын Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде көзделген қаржылық, әкiмшiлiк, қылмыстық немесе өзге де жауапкершiлiктерден босатпайды.
4. Салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн салық төлеушiнiң жауапқа тартылуы оны тиесiлi салық сомасын төлеу мiндеттемесiнен босатпайды.
5. Салық төлеушi салық салу объектiсiн есепке алу, есептеу және салық төлеу кезiнде өзi жiберген қателiктердi өз бетiнше жөндеуге және заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi аумақтық салық органына хабарлауға құқылы.
162-бап. Салықтық санкциялар
1. Салықтық санкциялар салықтық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жауапкершiлiк өлшемi болып табылады.
2. Салықтық санкциялар осы Заңда көзделген мөлшерде өндiрiп алу (айыппұл, өсiмақы) түрiнде белгiленедi және қолданылады.
3. Бiр тұлға екi және одан да көп салықтық құқық бұзушылық жасаған жағдайда аса қатал емес санкция қатал санкцияның тасасында қалдырылмай, әрбiр құқық бұзушылық үшiн жеке-жеке салықтық санкция қолданылады.
163-бап. Салық органында есепке қою мерзiмiнiң бұзылуы
Салық төлеушiнiң осы Заңның 139-бабында белгiленген аумақтық салық органдарында есепке қою туралы өтiнiштi беру мерзiмiн бұзуы, сондай-ақ аумақтық салық органы лауазымды адамының салық төлеушiнi есепке қоюдан негiзсiз бас тартуы он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
163-1-бап. Кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген турлерiн
аумақтық салық органдарында тiркемей жүзеге
асырудың басталуы
Осы Заңның 139-2-бабында белгiленген кәсiпкерлiк қызметтің жекелеген түрлерін аумақтық салық органдарында осындай қызметтi жүзеге асыруды бастағанын тiркемей жүзеге асырған салық төлеушiлер, сондай-ақ аумақтық салық органы лауазымды адамының кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың басталуын тiркеуден негiзсiз бас тартуы жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
163-2-бап. Салық декларациясын тапсыру мерзiмiнің бұзылуы
1. Осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, салық төлеушiнiң есепте тұрған жерi бойынша аумақтық салық органына заңдарда белгiленген мерзiмде салық декларациясын тапсырмауы, осы декларация негiзiнде төлеуге жататын, бiрақ төленбеген салық сомасының он процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
2. Салық төлеушiнiң салық декларациясын осындай декларацияны тапсырудың заңдарда белгiленген мерзiмi аяқталғаннан кейiн 180 күннен астам уақыт iшiнде аумақтық салық органына тапсырмауы, осы декларация негiзiнде төленуге тиiстi, бiрақ төленбеген салық сомасының елу процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
163-3-бап. Кiрiстер мен шығыстарды және салық салу
объектiлерiн есепке алу ережелерiнің бұзылуы
1. Салық төлеушi кiрiстер мен шығыстарды және салық салу объектiлерiн есепке алу ережелерiн бұзса, егер осы iс-әрекет бiр есептiк кезеңде жасалған болса, он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
2. Осы баптың 1-тармағында көзделген iс-әрекет, егер бiр есептi кезеңнен астам уақыт iшiнде жасалса немесе кiрiстi төмендетуге әкеп соқса, жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады.
3. Осы баптың мақсаттары үшiн кiрiстер мен шығыстарды және салық салу
объектiлерiн есепке алу ережелерiнiң бұзылу ұғымы салық төлеушiнiң бастапқы құжаттарының, бухгалтерлiк есеп тiзiлiмдерiнiң болмауын, бухгалтерлiк есептiң шоттарында және қаржылық есептемелерде активтердiң және мiндеттемелердiң жүйелi түрде дер кезiнде көрсетілмеуiн немесе қате көрсетiлуiн бiлдiредi. 163-4-бап. Салық сомаларын төлемеу немесе толық төлемеу, ағымдағы төлем сомаларының мөлшерiн кемiтiп көрсету Салық салынатын базаны кемiтiп көрсету нәтижесiнде салық сомасын төлемеу немесе толық төлемеу немесе салықтық кезеңнiң қорытындылары бойынша салықты дұрыс есептемеу төленбеген салық сомасының 50 процентi мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады. Ағымдағы төлем сомасының мөлшерi кемiтiп көрсетiлгенi үшiн айына ағымдағы төлемдердiң кемiтiп көрсетiлген сомасының 50 процентi мөлшерiнде айыппұл салынады. 163-5-бап. Салық органы лауазымды адамының кәсiпкерлiк қызметке пайдаланылатын аумаққа немесе үй-жайға кiруiне заңсыз кедергi жасау
Осы Заңға сәйкес тексеру жүргiзетiн салық органы лауазымды адамының
салық төлеушi кәсiпкерлiк қызметке пайдаланатын аумаққа немесе үй-жайға (тұрғын үй-жайды қоспағанда) кiруiне салық төлеушiнiң заңсыз кедергi жасауы салық төлеушiден жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады. 163-6-бап. Салық органының сұрау салуы бойынша құжаттарды беруден бас тарту Салық төлеушiнiң осы Заңда белгiленген құжаттарды (оның iшiнде электрондық түрде) беруден бас тартуы жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл өндiрiп алуға әкеп соғады. 163-7-бап. Банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың жауапкершiлiгi
1. Осы Заңның 147-бабының талаптарын орындамайтын (орындамаған) банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға мынадай:
1) заңды және жеке тұлғалар осы Заңның 147-бабының 1) және 5) тармақшаларының талаптарын орындамаған жағдайда олардың банктегi шоттары бойынша жасаған шығыс операциялар сомасынан 5 процент өндiрiп алу санкциясы қолданылады.
Осы Заңның 147-бабының 1) тармақшасына қатысты санкция банктегi шот ашылғаннан кейiн банктiк төртiншi күннен бастап банктегi шот ашылғаны туралы аумақтық салық органына iс жүзiнде хабарлағанға дейiнгi кезең үшiн қолданылады;
2) заңды тұлғалардың банктегi шоттарынан салық сомаларын бюджетке аударып есептен шығару кезектiлiгiн сақтамағаны үшiн өсiмақы және салық төлеушi-клиенттердiң банктегi шоттарынан есептен шығарылған сомаларды бюджет кiрiсiне есептеудi (аударуды) кешiктiргенi үшiн, сондай-ақ салық төлеушiлердiң осы Заңның 164-бабында көзделген мөлшерде бюджетке төлемдер төлеуге арналған төлем тапсырмаларын орындамай қайтарғаны үшiн санкциялар сомасын өндiрiп алу түрiндегi санкциялар қолданылады. Салық төлеушiлерден бұл күндер үшiн өсiмақы алынбайды.
2. Банктерден клиенттердiң тапсырмалары бойынша салық төлемдерiн кешiктiргенi үшiн белгiленген мерзiмнен өтiп кеткен әрбiр күн үшiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы мөлшерiнде өсiмақы өндiрiп алынып, ол жергiлiктi бюджетке аударылады.
164-бап. Мерзiмi өткен салық төлемдерi бойынша өсiмақы
1. Уақтылы төленбеген салықтар, алымдар және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер сомалары, оның iшiнде ағымдағы және мәлiмделген аванстық төлемдер мерзiмi өткен әрбiр күн үшiн (төленген күндi қоса алғанда) осы сомалар төленген күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы мөлшерiнде өсiмақы есептеле отырып бюджетке өндiрiп алынады.
2. Салық төлеушiлердiң өтiнiшi бойынша қосылған құнға салынатын салықтың өтеуге жататын сомаларын қоспағанда, салықтардың, алымдардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң артық төленген сомаларын немесе қате ұсталған сомаларды уақтылы қайтармау мерзiмi өткен әрбiр күн
үшiн (төленген күндi қоса алғанда) осы сомалар төленген күнгi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы мөлшерiнде тұрақсыздық төлемi төлене отырып салық төлеушiге қайтарылады. 2-бап. Осы Заң 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қасымбеков Б.А. Икебаева Ә.Ж.