"Акционерлік қоғамдар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Заңы 1999 жылғы 15 желтоқсан N 497-І


      "Акционерлік қоғамдар туралы" 1998 жылғы 10 шілдедегі Z980281_ Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1998 ж., N 17-18, 223-құжат; 1999 жылғы 3 және 7 тамызда "Егемен Қазақстан" және 1999 жылғы 3 және 5 тамызда "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 1999 жылғы 16 шілдедегі Z990436_ Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      47-бапта:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "6. Жалғыз акционері бар қоғамда акционерлердің жалпы жиналысы өткізілмейді; осы Заңмен және қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді мұндай акционер өзі дербес қабылдайды және олар жазбаша түрде ресімделуге тиіс.";
      мынадай мазмұнды 6-1 және 6-2-тармақтармен толықтырылсын:
      "6-1. Егер қандай да болмасын тұлға қоғамның барлық дауыс беруші акцияларын иеленген жағдайда ол осы Заңмен және қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді акционерлердің жалпы жиналысын өткізбестен, осы шешімдер барлық немесе жекелеген санаттардың артықшылықты акцияларымен куәландырылған құқықтарға нұқсан келтірмесе және ол құқықтарды шектемесе, өзі дербес қабылдауға құқылы және олар жазбаша түрде ресімделуге тиіс.
      6-2. Егер осы баптың 6 және 6-1-тармақтарымен белгіленген жағдайда қоғамның жалғыз акционері немесе қоғамның барлық дауыс беруші акцияларын иеленген тұлға заңды тұлға болып табылса, онда осы Заңмен және қоғамның жарғысымен акционерлердің жалпы жиналысының құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша шешімдерді заңдарға немесе оған (оларға) берілген өкілеттіктерге сәйкес осы заңды тұлғаның осындай шешімдерді қабылдауға құқықтары бар органы, лауазымды адамы (лауазымды адамдары) немесе қызметкері (қызметкерлері) қабылдайды.";

     63-баптың 1-тармағының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
     "Қоғамның акционері болып табылмайтын және акционердің - заңды 
тұлғаның мүдделерін білдіруші ретінде директорлар кеңесіне сайлануға 
ұсынылмаған (ұсыным жасалмаған) жеке тұлға (бұдан әрі - сыртқы тұлға) 
директорлар кеңесінің мүшесі болып сайлануы мүмкін. Сыртқы тұлғалардың 
саны директорлар кеңесі құрамының отыз процентінен аспауға тиіс.".
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
     Оқығандар:
          Қасымбеков Б.А. 
          Икебаева Ә.Ж. 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады