Об утверждении Правил заключения Контракта (договора) на государственное геологическое изучение недр

Постановление Правительства Республики Казахстан от 18 января 2012 года № 99. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 21 июля 2015 года № 552

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 21.07.2015 № 552 (вводится в действие со дня его первого официального опубликования).

ПРЕСС-РЕЛИЗ

      В соответствии с подпунктом 48) статьи 16 Закона Республики Казахстан от 24 июня 2010 года «О недрах и недропользовании» Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила заключения Контракта (договора) на государственное геологическое изучение недр.
      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней со дня первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                       К. Масимов

Утверждены       
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 18 января 2012 года № 99

Правила
заключения контракта (договора)
на государственное геологическое изучение недр

1. Общие положения

      1. Настоящие Правила заключения контракта (договора) на государственное геологическое изучение недр (далее – Правила) разработаны в соответствии с Законом Республики Казахстан от 24 июня 2010 года «О недрах и недропользовании» и определяют порядок заключения контракта (договора) на государственное геологическое изучение недр (далее – контракт (договор) между уполномоченным органом по изучению и использованию недр (далее – Уполномоченный орган) и физическим или юридическим лицом (далее – Заявителем).
      2. Государственное геологическое изучение недр может финансироваться за счет бюджетных средств или других источников, не запрещенных законодательством Республики Казахстан.
      3. Порядок заключения контракта (договора) на государственное геологическое изучение недр, финансируемое за счет бюджетных средств, осуществляется в соответствии с нормами Закона Республики Казахстан от 21 июля 2007 года «О государственных закупках» и постановления Правительства Республики Казахстан от 27 декабря 2007 года № 1301 «Об утверждении Правил осуществления государственных закупок».

2. Порядок заключения контракта (договора)
на государственное геологическое изучение недр

      4. Для заключения контракта (договора) на проведение государственного геологического изучения недр в уполномоченный орган заявителем подается заявка, которая содержит:
      1) предмет и цель контракта (договора);
      2) срок проведения работ, пространственные границы запрашиваемой территории, ее площадь;
      3) для юридических лиц:
      наименование заявителя, его местонахождение, государственную  принадлежность;
      сведения о руководителях и участниках или акционерах заявителя - юридического лица;
      копии документов о государственной регистрации в качестве юридического лица и регистрации в налоговых органах;
      4) для физических лиц:
      фамилия и имя заявителя, юридический адрес, гражданство;
      копии документов, удостоверяющих личность заявителя, о регистрации заявителя в налоговых органах, о регистрации заявителя в качестве субъекта предпринимательской деятельности;
      5) копии документов, подтверждающих наличие специализированной техники и (или) оборудования для проведения геологического изучения недр;
      6) для юридических лиц – наличие в штате специалиста(ов), имеющего(их) среднее специальное или высшее образование по геологическим специальностям;
      7) для физических лиц – копия диплома (свидетельства) об окончании среднего специального или высшего учебного заведения по геологической специальности;
      8) справка с банка второго уровня, подтверждающая финансовые возможности заявителя для проведения соответствующих работ в области государственного геологического изучения недр.
      5. Заявка, предоставленная заявителем, письменно возвращается Уполномоченным органом в течение пяти рабочих дней после поступления с указанием причин возврата в случаях:
      1) подачи заявки с нарушением требований пункта 4 настоящих Правил;
      2) представления заявителем неполных или недостоверных сведений;
      3) если заявленная площадь попадает на контрактную территорию или на территорию особо охраняемых природных территорий, в случаях, предусмотренных Законом Республики Казахстан от 7 июля 2006 года «Об особо охраняемых природных территориях».
      6. В случае поступления в уполномоченный орган на запрашиваемую территорию двух или более заявок одновременно решение о заключении контракта (договора) принимается уполномоченным органом с учетом рекомендации комиссии, основанной на технических и финансовых возможностях заявителей (наличие более современной техники и оборудования, возможность наибольших финансовых вложений). Комиссия создается при уполномоченном органе с привлечением представителей компетентного органа и численностью не менее семи человек.
      Решение комиссии принимается большинством голосов и оформляется в виде протокола, который подписывается всеми членами комиссии.
      В случае равенства голосов голос председателя комиссии является решающим.
      7. Уполномоченный орган в течение десяти рабочих дней со дня поступления заявки письменно уведомляет заявителя о возможности заключения контракта (договора) с указанием срока предоставления проектно-сметной документации на проведение работ в области государственного геологического изучения недр (далее – проектно-сметная документация).
      8. В случае, предусмотренном в пункте 6 настоящих Правил, уведомление о возможности заключения контракта (договора) направляется заявителю в течение пятнадцати рабочих дней со дня поступления заявки с указанием срока предоставления проектно-сметной документации.
      Остальным заявителям направляется мотивированный отказ в заключении контракта (договора) с приложением протокола комиссии в течение пятнадцати рабочих дней со дня поступления заявки.
      9. Для заключения контракта (договора) заявителем в течение трех месяцев со дня получения уведомления о возможности заключения контракта (договора) в уполномоченный орган предоставляется проектно-сметная документация.
      Срок предоставления проектно-сметной документации продлевается  уполномоченным органом по письменному обращению заявителя, но не более чем на шесть месяцев, в случае обращения заявителя не менее чем за десять рабочих дней до истечения срока, указанного в уведомлении уполномоченного органа.
      10. Если в сроки, определенные уполномоченным органом, заявителем не предоставлена проектно-сметная документация, уполномоченный орган направляет заявителю мотивированный отказ в заключении контракта (договора).
      11. Проектно-сметная документация разрабатывается заявителем в соответствии с инструкциями по составлению проектно-сметной документации на проведение геологического изучения недр, утвержденными уполномоченным органом в области регулирования индустриальной политики.
      12. Уполномоченный орган организует и проводит экономическую экспертизу проектно-сметной документации в соответствии с Правилами проведения экономической экспертизы проектно-сметной документации объектов, связанных с проведением работ по государственному геологическому изучению и мониторингу недр, консервации, ликвидации нефтегазовых и гидрогеологических скважин, утвержденными уполномоченным органом в области регулирования индустриальной политики.
      При отрицательной экономической экспертизе уполномоченный орган письменно возвращает заявителю проектно-сметную документацию на доработку с приложением заключения экономической экспертизы.
      Срок предоставления доработанной проектно-сметной документации заявителем в каждом случае не должен превышать одного месяца.
      13. Контракт (договор) заключается в течение десяти рабочих дней после получения заявителем положительной экономической экспертизы на проектно-сметную документацию и подписывается первым руководителем уполномоченного органа и заявителем или уполномоченным представителем заявителя.

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 99 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 552 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.07.2015 № 552 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңының 16-бабының 48) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 18 қаңтардағы
№ 99 қаулысымен 
бекітілген    

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған
келісімшарт (шарт) жасасу қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге арналған келісімшарт (шарт) жасасу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңына сәйкес әзірленді және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі - Уәкілетті орган) мен заңды немесе жеке тұлға (бұдан әрі - Өтініш беруші) арасында жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) (бұдан әрі - келісімшарт (шарт) жасасу тәртібін айқындайды.
      2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу бюджет қаражаты есебінен немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қаржыландырылуы мүмкін.
      3. Республикалық бюджет есебінен қаржыландырылатын жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу тәртібі «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының нормаларына және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы № 1301 қаулысына сәйкес жүзеге асырылады.

2. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге
арналған келісімшарт (шарт) жасасу тәртібі

      4. Өтініш беруші Уәкілетті органға жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу жүргізуге келісімшарт (шарт) жасасу үшін өтінім береді, өтінім мыналарды қамтуы тиіс:
      1) келісімшарт (шарт) нысанасы және мақсаты;
      2) жұмыстарды өткізу мерзімі, сұралған аумақтың кеңістіктік шекарасы, оның ауданы;
      3) заңды тұлғалар үшін;
      өтініш берушінің атауы, оның орналасқан жері, мемлекеттік тиесілігі;
      өтініш беруші - заңды тұлғаның басшылары және қатысушылары немесе акционерлері туралы мәліметтер;
      заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелуі және салық органдарында тіркелуі туралы құжаттардың көшірмесі;
      4) жеке тұлғалар үшін;
      өтініш берушінің тегі мен аты, заңды мекенжайы, азаматтығы;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын, өтініш берушінің салық органдарында тіркелуі туралы, өтініш берушінің кәсіпкерлік қызмет субъектісі ретінде тіркелуі туралы құжаттардың көшірмелері;
      5) жер қойнауын геологиялық зерттеулер жүргізу үшін мамандандырылған техника және (немесе) жабдықтардың болуын растайтын құжаттардың көшірмесі;
      6) заңды тұлғалар үшін - штатта геологиялық мамандықтар бойынша арнайы орта немесе жоғары білімі бар маманның (мамандардың) болуы;
      7) жеке тұлғалар үшін - геологиялық мамандық бойынша арнайы орта немесе жоғары оқу орынын бітіргені туралы дипломының (куәлігінің) көшірмесі;
      8) жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласында тиісті жұмыстар жүргізу үшін өтініш берушінің қаржылық мүмкіндігін растайтын екінші деңгейдегі банктердің анықтамасы.
      5. Мынадай:
      1) өтінім осы Қағидалардың 4-тармағының талаптарын бұза отырып, берілген;
      2) өтінім беруші өтінімде толық емес немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынған жағдайларда;
      3) егер мәлімделген аудан «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі Заңында көзделген жағдайларда келісімшарт аумағына немесе айрықша қорғалатын табиғи аумақтарға жататын болса, Уәкілетті орган өтініш беруші ұсынған өтінім келіп түскен күннен кейін бес жұмыс күні ішінде қайтару себебін көрсете отырып, өтінімді жазбаша түрде кері қайтарады.
      6. Уәкілетті органға сұралып отырған аумаққа бір уақытта екі немесе одан да көп өтінім келіп түскен жағдайда келісімшарт (шарт) жасасу туралы шешімді уәкілетті орган өтінім берушілердің техникалық және қаржылық мүмкіндіктеріне негізделген комиссия ұсынысын ескере отырып, қабылдайды (барынша қазіргі заманғы техникалардың және жабдықтардың, мейлінше көп қаржылық салымдар мүмкіндігінің болуы). Комиссия құзыретті органның өкілдерін тартумен және саны жеті адамнан кем емес уәкілетті органның жанынан құрылады.
      Комиссияның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады және хаттама түрінде ресімделеді, хаттамаға комиссияның барлық мүшелері қол қояды.
      Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
      7. Уәкілетті орган өтінім түскен күннен бастап он жұмыс күн ішінде жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу саласындағы жұмыстарды жүргізуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманы (бұдан әрі - жобалық - сметалық құжаттама) ұсыну мерзімін көрсете отырып, келісімшарт (шарт) жасау мүмкіндігі туралы өтінім берушіге жазбаша түрде хабарлайды.
      8. Осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген жағдайда келісімшарт (шарт) жасасу мүмкіндігі туралы хабарлама өтінім берушіге жобалау-сметалық құжаттамаларды ұсыну мерзімін көрсетілген өтінім түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
      Қалған өтінім берушілерге комиссия хаттамасын қоса бере отырып, келісімшарт (шарт) жасаудан дәлелді бас тарту өтінім түскен күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде жіберіледі.
      9. Келісімшарт (шарт) жасау мүмкіндігі туралы хабарлама алған күннен бастап үш ай ішінде келісімшарт (шарт) жасау үшін уәкілетті органға жобалау-сметалық құжаттама ұсынылады.
      Жобалау-сметалық құжаттаманы ұсыну мерзімін уәкілетті орган өтінім берушінің жазбаша өтініші бойынша, уәкілетті органның хабарламасында көрсетілген мерзім өткенге дейін кемінде он жұмыс күні бұрын өтінім беруші ұсыныс жасаған жағдайда кемінде алты айдан аспайтын мерзімге ұзартады.
      10. Егер уәкілетті орган көрсеткен мерзімде өтінім беруші жобалау-сметалық құжаттаманы ұсынбаса уәкілетті орган өтінім берушіге келісімшарт (шарт) жасасудан дәлелді бас тарту жібереді.
      11. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын геологиялық зерттеу жүргізуге жобалау-сметалық құжаттарды жасау жөніндегі нұсқаулыққа сәйкес өтінім беруші жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлейді.
      12. Индустриялық саясатты реттеу саласындағы уәкілетті орган бекіткен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингі, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізуге байланысты объектілердің жобалық-сметалық құжаттамаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес уәкілетті орган жобалық-сметалық құжаттамаға экономикалық сараптау ұйымдастырады және жүргізеді.
      Теріс экономикалық сараптама кезінде уәкілетті орган экономикалық сараптама қорытындысын қоса бере отырып, өтінім берушіге жобалық-сметалық құжаттаманы жазбаша түрде пысықтауға қайтарады.
      Жөнделген жобалық-смета құжаттамасын ұсыну мерзімі әрбір жағдайда бір айдан аспауы тиіс.
      13. Келісімшарт (шарт) өтінім беруші жобалық-сметалық құжаттамаға оң экономикалық сараптама алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде жасалады және оған уәкілетті органның бірінші басшысы мен өтінім берушінің немесе өтінім берушінің уәкілетті өкілі қол қояды.