Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу қағидасын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Индустрия және Жаңа Технологиялар Министрінің 14 маусымдағы 2011 жылындағы № 184 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2011 жылы 14 шілдеде № 7069 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 11 мамырдағы № 325 бұйрығымен

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды – ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 № 325 (29.06.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 20-бабының 30) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің жобалық-сметалық құжаттамасына экономикалық сараптама жүргізу қағидасы бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Тұрғанбаев) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі А.П. Рауға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Премьер-Министрінің орынбасары -


Қазақстан Республикасы Индустрия


және жаңа технологиялар министрі

Ә.Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары -
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрінің
2010 жылғы 14 маусымдағы
№ 184 бұйрығымен бекітілген

Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою жұмыстарын жүргізумен байланысты объектілердің жобалау-сметалық құжаттамаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидасы
1. Жалпы ережелер

      1. Осы жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою жұмыстарын жүргізумен байланысты объектілердің жобалау-сметалық құжаттамаларына экономикалық сараптама жүргізу қағидасы (бұдан әрі - Қағида) "Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 24 маусымдағы Заңы 20-бабының 30) тармақшасына сәйкес әзірленді (бұдан әрі - Заң) және жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою жұмыстарын жүргізумен байланысты объектілердің жобалау-сметалық құжаттамаларына экономикалық сараптама жүргізу тәртібін регламенттейді.

      2. Осы қағидада мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

      1) жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган – жер қойнауын геологиялық зерттеу, тиімді және кешенді пайдалану саласында мемлекеттік саясатты және бақылауды іске асыру бойынша функцияларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жер қойнауын пайдалану саласындағы өзге де функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      2) жобалау-сметалық құжаттама (бұдан әрі - ЖСҚ) - жоба (геологиялық-әдістемелік және өндірістік-техникалық бөлімдер) мен сметаны қамтитын – құжаттамалар жиынтығы;

      3) құзыретті орган - егер Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге арналған келісім шарттарды қоспағанда, бірлескен барлауға, өндіруге, бірлескен барлауға және өндіруге келісімшарттар жасауға және оларды орындауға байланысты құқықтарды Қазақстан Республикасының атынан іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      4) орындаушы - жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органмен жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу мен мониторингілеуге, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялауға, жоюға шарт жасасқан, мемлекеттік сатып алу немесе бір көзден мемлекеттік сатып алу талаптары бойынша конкурстың жеңімпазы;

      5) экономикалық сараптама - жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою саласында объектілер бойынша бюджет қаражатын жұмсаудың ұтымдылығы мен тиімділігін тексеру мақсатында жүзеге асырылатын жобалау-сметалық құжаттамаларды талдау және бағалау.

      3. Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеу және мониторингілеу, мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою бойынша жұмыстарды жүргізумен байланысты объектілердің ЖСҚ экономикалық сараптамасын жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган дайындық кезеңі мен жобалау сатысындағы жұмыстарды жүргізу барысында жүргізеді.

2. Экономикалық сараптама жүргізу

      4. Экономикалық сараптама әрбір жекелеген жағдайда материалдардың қиындығы мен көлемін негізге ала отырып, осы Қағидаға 1-қосымшада көрсетілген мерзімде, тиісті құжаттар келіп түскен сәттен бастап жүргізіледі.

      5. Экономикалық сараптаманы жүргізу үшін орындаушы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға екі данада ЖСҚ жібереді.

      6. ЖСҚ-ның экономикалық сараптамасы:

      1) ЖСҚ-ның Қазақстан Республикасының қолданыстағы еңбек, салық және бюджет заңнамаларының талаптарына сәйкестігін тексеруді;

      2) ЖСҚ-ны нормативтік-техникалық бағалауды (жобаның есеп айырысу бөлімінде қабылданған уақыт мөлшерінің жұмыс түрлері бойынша еңбек шығындары мен бағаларды анықтау кезіндегі қолданыстағы уақыт мөлшеріне сәйкестігі, жұмыс тәжірибесін қолданудың негізділігі);

      3) сметаның және жобаның өндірістік-техникалық (есеп айыру) бөлімінің жобаның геологиялық-әдістемелік бөліміне және конкурсты жеңіп алу негізінде жасалған конкурстық ұсынысқа немесе бір көзден мемлекеттік сатып алу талаптарына сәйкестігін бағалау.

      7. Геологиялық міндеттерді шешу үшін қажет жұмыс түрлері мен көлемдерін айқындау негізінде тау кен-геологиялық жағдайды нақтылау кезінде, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамаларын өзгерту және жұмыстардың сметалық құнын нақтылау кезінде жұмыстарды жүргізу барысында жасалған ЖСҚ-ға толықтырулар мен өзгерістер қайтадан экономикалық сараптамадан өтуге тиіс.

      8. Жобаны толықтыру (өзгерту) бойынша жұмыстардың сметалық құнының жиынтық есебін орындаушы 2-қосымшаға сәйкес жүргізеді және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға екі данада экономикалық сараптамаға ұсынады.

      Қосымша сараптамалық қорытынды жұмыстардың жалпы құны немесе жұмыстардың жекелеген бірліктерінің құны өзгерген жағдайда беріледі.

3. Экономикалық сараптаманың қорытындысы

      9. Экономикалық сараптаманың нәтижелері бойынша жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган экономикалық сараптаманың қорытындысын береді.

      Экономикалық сараптаманың қорытындысы екі данада жасалады, оның бір данасы орындаушыға жіберіледі, екінші данасы жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органда сақталады.

      10. Жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган берген экономикалық сараптаманың қорытындысы бойынша даулы мәселелер туындаған жағдайда, орындаушы құзыретті органға негізді наразылық білдіреді.

      Құзыретті орган орындаушының наразылығының негізділігін қарау үшін он күндік мерзімде жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті орган өкілдерінің қатысуымен келісім комиссиясын құрады.

      Келісім комиссиясының шешімі хаттамамен ресімделеді және жер қойнауын зерттеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органға жіберіледі.

      Орындаушының наразылығы негізді деп танылған жағдайда ЖСҚ қайтадан экономикалық сараптамаға жіберіледі.

      Пысықталған ЖСҚ қайтадан қараған және (немесе) экономикалық сараптамаға ұсынған кезде, оны қарау осы Қағидада белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

  Жер қойнауын мемлекеттік
геологиялық зерттеу және
мониторингілеу, мұнай-газ
және гидрогеологиялық
ұңғымаларды консервациялау,
жою жұмыстарын жүргізумен
байланысты объектілердің
жобалық-сметалық құжаттамаларына
экономикалық сараптама жүргізу
қағидасына 1-қосымша

Экономикалық сараптамаға және сараптамалық қорытынды дайындауға ұсынылған жобалау-сметалық құжаттамаларды қарау мерзімдері

р/с

№№

Жұмыс түрлерінің атауы

Өлшем бірлігі

ЖСҚ қарау мерзімі жұмыс күндерінде

1

2

3

4

1

Геохимиялық бұрғылау жұмыстарынсыз, алаңдарды жете зерттей отырып геологиялық түсіру

ЖСҚ

10

2

Геохимиялық бұрғылау жұмыстарымен, алаңдарды жете зерттей отырып геологиялық түсіру

ЖСҚ

13

3

Өңірлік геологиялық түсіру жұмыстары, түсіру кезіндегі жалпы іздестірулер, тереңнен геологиялық картаға түсіру, геологиялық-минерагендік картаға түсіру және басқалары

ЖСҚ

14

4

Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану жағдайына мониторинг жүргізу

ЖСҚ

6

5

Жер қойнауын геологиялық зерттеу бойынша іздеу-бағалау жұмыстары

ЖСҚ

18

6

Іздеу-барлау жұмыстары

ЖСҚ

12

7

Геофизикалық жұмыстар (сейсмикалық барлаудан басқа)

ЖСҚ

10

8

Сейсмикалық барлау жұмыстары

ЖСҚ

13

9

Гидрогеологиялық және инженерлік-геологиялық жұмыстар

ЖСҚ

14

10

Жерасты сулары және қауіпті геологиялық процестер мониторингін жүргізу жұмыстары

ЖСҚ

11

11

Мұнай-газ және гидрогеологиялық ұңғымаларды консервациялау, жою жұмыстары

ЖСҚ

11

12

Мұнай мен газды терең бұрғылау

ЖСҚ

12

13

Дала жұмыстарынсыз тақырыптық, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-әдістемелік, конструкторлық жұмыстар

ЖСҚ

9

14

Бұл да, дала жұмыстарымен бірге

ЖСҚ

11

15

Терең бұрғылау

ЖСҚ

16

16

Құрылымдық бұрғылау

ЖСҚ

10

17

Жұмыстардың барлық түрлеріне жеке дара баға белгілеу каталогы

Каталог

11

18

Уақытша жобалау-сметалық нормалар

Норма

7

19

Геоэкологиялық жұмыстар

ЖСҚ

11

20

СМ2Д нысаны бойынша сметаны қайта есептеу

Смета

5

  Жер қойнауын мемлекеттік
геологиялық зерттеу және
мониторингілеу, мұнай-газ
және гидрогеологиялық
ұңғымаларды консервациялау,
жою жұмыстарын жүргізумен
байланысты объектілердің
жобалық-сметалық құжаттамаларына
экономикалық сараптама жүргізу
қағидасына 2-қосымша

      ЖОБАНЫ ТОЛЫҚТЫРУ (ӨЗГЕРТУ) БОЙЫНША ЖҰМЫСТАРДЫҢ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНЫНЫҢ ЖИЫНТЫҚ ЕСЕБІ

      объект бойынша: (объектінің толық атауы)

      СМ2Д – НЫСАНЫ

р/с №

Жұмыстардың атауы

Өлш. бірл.

Жоба бойынша толық сметалық құны

Бір жылғы (күнгі) жағдай бойынша банк орындаған және төлеген

Жылға (күнге) өтетін ауыспалы қалдық

жұмыс көлемі

жұмыс бірлігін ің құны

толық сметалық

көлемі

сомасы

көлемі

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10












      кесстенің жалғасы

Жобаға өзгеріс пен толықтыруда көзделген азайту – көбейту +

Кейін орындалуға тиіс (СМ-2Д жасалған күні)

Толықтырулар мен өзгерістерді ескере отырып жоба бойынша толық сметалық құны

көлемі

сомасы

көлемі

жұмыс бірлігі нің құны

сомасы

көлемі

сомасы

11

12

13

14

15

16

17









      Құрастырды:

      Ұйымның басшысы (қолы) Т.А.Ә.

      Бас бухгалтер (қолы) Т.А.Ә.

      Орындаушы (қолы) Т.А.Ә.

      Тексерді:

      Басқарма басшысы (қолы) Т.А.Ә.

      Бас сарапшы (қолы) Т.А.Ә.

      Сарапшы (қолы) Т.А.Ә.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады