О праве доступа к правосудию и правомочиях Верховного Суда Республики Казахстан по пересмотру судебных актов

Нормативное постановление Верховного суда Республики Казахстан от 15 января 2016 года № 1.


      ОБЪЯВЛЕНИЕ

      Отмечая необходимость разъяснения вопросов, возникающих в практике применения законодательства о доступе к правосудию и правомочиях Верховного Суда Республики Казахстан (далее – Верховный Суд) по пересмотру судебных актов и по результатам изучения судебной практики, пленарное заседание Верховного Суда

      постановляет:

      1. При реализации конституционного принципа о праве каждого на судебную защиту своих прав и свобод следует исходить из разъяснений постановлений Конституционного Совета Республики Казахстан (далее – Конституционный Совет) от 29 марта 1999 года № 7/2 и от 1 декабря 2003 года № 12 о том, что:

      норма пункта 2 статьи 13 Конституции Республики Казахстан (далее – Конституция) означает право любого человека и гражданина обратиться в суд за защитой и восстановлением нарушенных прав и свобод, с реализацией этого права на основе и в порядке, установленном законом;

      принцип равенства перед законом, гарантированный пунктом 1 статьи 14 Конституции, означает, что именно в законах определяются конкретные условия и обстоятельства, позволяющие реализовать права и свободы человека и гражданина;

      право на судебную защиту является конституционной гарантией прав и свобод человека и гражданина, которое принадлежит гражданину Республики Казахстан, иностранцу и лицу без гражданства.

      2. Пункт 3 статьи 4 Конституции устанавливает, что международные договоры, ратифицированные Республикой, являются составной частью действующего права, имеют приоритет перед законами и применяются непосредственно, кроме случаев, когда из международного договора следует, что для его применения требуется издание закона. В этой связи при применении законодательства Республики Казахстан, регламентирующего право на доступ к правосудию или судебную защиту, необходимо учитывать следующие общепризнанные нормы и принципы международного права:

      каждый человек имеет право на эффективное восстановление в правах компетентными национальными судами в случаях нарушения его основных прав, предоставленных ему конституцией или законом (статья 8 Всеобщей декларации прав человека, принята резолюцией 217 А (III) Генеральной Ассамблеи ООН от 10 декабря 1948 года);

      все лица равны перед судами и трибуналами, каждый имеет право при рассмотрении любого уголовного обвинения, предъявляемого ему, или при определении его прав и обязанностей в каком-либо гражданском процессе, на справедливое и публичное разбирательство дела компетентным, независимым и беспристрастным судом, созданным на основании закона (пункт 1 статьи 14 Международного пакта о гражданских и политических правах, Нью-Йорк, 16 декабря 1966 года, ратифицирован Законом Республики Казахстан от 28 ноября 2005 года № 91-III, вступил в силу в Республике Казахстан 24 апреля 2006 года).

      3. Правосудие в соответствии с пунктом 1 статьи 75 Конституции осуществляется только судом. Основные характеристики правового механизма реализации в судах конституционного права каждого на судебную защиту даны в разъяснениях Конституционного Совета о том, что:

      право каждого на судебную защиту своих прав и свобод включает и право на судебное обжалование действий и решений, которые повлекли или могут повлечь ущемление (нарушение) прав и свобод человека и гражданина (постановления Конституционного Совета от от 29 марта 1999 года № 7/2 и от 24 января 2007 № 1);

      сама по себе подача жалобы на решение, вступившее в законную силу, не влечет его обязательного пересмотра (постановление Конституционного Совета от 24 февраля 1997 года № 1/2);

      право каждого на судебную защиту реализуется на основе и в порядке, установленном законом (постановления Конституционного Совета от 29 марта 1999 года № 7/2 и от 1 ноября 2000 года № 19/2).

      Сноска. Пункт 3 с изменением, внесенным нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      4. Согласно статье 81 Конституции, Верховный Суд является высшим судебным органом по гражданским, уголовным и иным делам, подсудным местным и другим судам, в предусмотренных законом случаях рассматривает отнесенные к его подсудности судебные дела и дает разъяснения по вопросам судебной практики.

      Реализуя указанные конституционные полномочия, Верховный Суд обеспечивает единообразное толкование и применение закона при осуществлении судопроизводства.

      Единообразие судебной практики, характеризующееся едиными подходами к толкованию и применению судами норм права, достигается не только посредством принятия Верховным Судом нормативных постановлений, разъясняющих вопросы судебной практики, но и в результате пересмотра в кассационном порядке судебных актов нижестоящих судов. При этом деятельность Верховного Суда по пересмотру судебных актов, направленная на обеспечение их законности, обоснованности и справедливости, имеет определяющее значение для формирования судебной практики.

      Сноска. Пункт 4 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      5. Достижение единообразия судебной практики обусловлено задачами обеспечения законности, защиты конституционных прав и свобод человека и гражданина, поэтому пересмотр в кассационном порядке сопряжен с их высокой общественной значимостью, а также значением для развития права, его единообразного толкования и применения.

      Исходя из указанных задач, процессуальным законодательством в качестве оснований кассационного пересмотра судебных актов определены:

      нарушение единообразия в толковании и применении судами норм права (подпункт 3) части 6 статьи 438 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – ГПК), подпункт 3) части шестой статьи 169 Административного процедурно-процессуального кодекса Республики Казахстан (далее - АППК); подпункт 3) части пятой статьи 851 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях (далее - КоАП);

      угроза тяжких необратимых последствий для жизни, здоровья людей либо для экономики и безопасности Республики Казахстан, нарушение прав и законных интересов неопределенного круга лиц или иных публичных интересов (подпункты 1), 2) части 6 статьи 438 ГПК) подпункты 1), 2) части шестой статьи 169 АППК; подпункты 1), 2) части пятой статьи 851 КоАП;

      неправильное применение уголовного и уголовно-процессуального законов, повлекшее конкретные судебные ошибки (часть 1 статьи 485 УПК);

      посягательство на государственные либо общественные интересы, на безопасность государства, угроза тяжких необратимых последствий для жизни и здоровья людей, осуждение к пожизненному лишению свободы (подпункты 1), 2) части 2 статьи 485 УПК).

      Таким образом, в целях обеспечения верховенства права и единообразия судебной практики преодоление юридической силы судебного акта в кассационном порядке носит исключительный, то есть ограниченный особыми основаниями характер.

      Возможность кассационного пересмотра судебных решений при указанных процессуальных условиях является дополнительной юридической гарантией реализации конституционного права каждого на судебную защиту своих прав и свобод.

      Сноска. Пункт 5 с изменениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда РК от 22.12.2022 № 10 (вводится в действие со дня первого официального опубликования).

      6. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, является общеобязательным и вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Председатель


Верховного Суда


Республики Казахстан


Судья


Верховного Суда


Республики Казахстан,


секретарь пленарного заседания

К. МАМИ


Сот төрелігіне қол жеткізу құқығы және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының сот актілерін қайта қарау бойынша өкілеттіктері туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 1 Нормативтік қаулысы.

      ХАБАРЛАНДЫРУ

      Сот төрелігіне қол жеткізу және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының (бұдан әрі - Жоғарғы Сот) сот актілерін қайта қарау бойынша өкілеттіктері туралы заңнаманы қолдану практикасында туындайтын мәселелерді түсіндірудің қажеттілігін атап көрсете отырып және сот практикасын зерделеудің нәтижелері бойынша Жоғарғы Соттың жалпы отырысы

      қаулы етеді:

      1. Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығы туралы конституциялық принципті іске асыру кезінде Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің (бұдан әрі - Конституциялық Кеңес) 1999 жылғы 29 наурыздағы № 7/2 және 2003 жылғы 1 желтоқсандағы № 12 қаулыларындағы:

      Қазақстан Республикасы Конституциясының (бұдан әрі - Конституция) 13-бабы 2-тармағының нормасы кез келген адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын қорғау және қалпына келтіру үшін сотқа жүгінуге құқығы бар екені, осы құқық заңмен белгіленген негізде және тәртіппен іске асырылатыны;

      Конституцияның 14-бабының 1-тармағымен кепілдендірілген заң алдында тең болу принципі адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруға мүмкіндік беретін нақтылы шарттар мен жағдаяттардың нақ осы заңдарда айқындалатыны;

      сот арқылы қорғалу құқығы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының конституциялық кепілдіктері болып табылатыны, ол Қазақстан Республикасының азаматына, шетелдікке және азаматтығы жоқ адамға тиесілі болатыны туралы түсіндірмелерін негізге алған жөн.

      2. Конституцияның 4-бабының 3-тармағында Республика бекіткен халықаралық шарттардың қолданыстағы құқықтың құрамдас бөлігі болып табылады, зандардан басымдығы болады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару талап етілетін жағдайдан басқа реттерде тікелей қолданылады деп белгіленген. Осыған байланысты сот төрелігіне немесе сот арқылы қорғалуға қол жеткізу құқығын регламенттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасын қолдану кезінде халықаралық құқықтың мынадай жалпы жұрт таныған нормалары мен принциптерін ескеру қажет:

      әр адам, оның конституциямен немесе заңмен оған берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайларда құқықтарын құзыретті ұлттық соттардың тиімді қалпына келтіруіне құқығы бар (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1948 жылғы 10 желтоқсандағы 217 А (III) қарарымен қабылданған Адам құқықтарының жалпыға ортақ декларациясының 8-бабы);

      соттар мен трибуналдар алдында жұрттың бәрі тең, әрбір адам өзіне тағылған кез келген қылмыстық айыптауды қарау кезінде немесе қайсыбір азаматтық процесте оның құқықтары мен міндеттерін анықтау кезінде заң негізінде құрылған құзыретті, тәуелсіз және әділ сот арқылы істің әділетті және ашық қаралуына құқылы (Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактінің 14-бабының 1-тармағы, Нью-Йорк, 1966 жылғы 16 желтоқсан, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы № 91-III Заңымен ратификацияланды, Қазақстан Республикасында 2006 жылғы 24 сәуірде күшіне енді).

      3. Конституцияның 75-бабының 1-тармағына сәйкес сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Әркімнің сот арқылы қорғалу конституциялық құқығын соттарда іске асырудың құқықтық механизмінің:

      әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кемсітілуіне (бұзылуына) әкеп соққан немесе әкеп соғуы мүмкін әрекеттер мен шешімдерге сотқа шағымдану құқығын да қамтитыны (Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 29 наурыздағы № 7/2 және 2007 жылғы 24 қаңтардағы № 1 қаулылары);

      заңды күшіне енген сот шешіміне шағым берудің өзі оны міндетті түрде қайта қарауға әкеп соқпайтыны (Конституциялық Кеңестің 1997 жылғы 24 ақпандағы № 1/2 қаулысы);

      әркімнің сот арқылы қорғалу құқығы заңмен белгіленген негізде және тәртіппен жүзеге асырылатыны туралы негізгі сипаттамалары (Конституциялық Кеңестің 1999 жылғы 29 наурыздағы № 7/2 және 2000 жылғы 1 қарашадағы № 19-2 қаулылары) Конституциялық Кеңестің түсіндірмелерінде берілген.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      4. Конституцияның 81-бабына сәйкес Жоғарғы Сот жергілікті және басқа да соттардың соттылығына жататын азаматтық, қылмыстық және өзге де істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген жағдайларда өзінің соттылығына жататын сот істерін қарайды және сот практикасының мәселелері бойынша түсініктемелер береді.

      Жоғарғы Сот аталған конституциялық өкілеттіктерді іске асыра отырып сот ісін жүргізуді жүзеге асыру кезінде заңды біркелкі түсіндіруді және қолдануды қамтамасыз етеді.

      Соттардың құқық нормаларын түсіндіру мен қолданудың бірыңғай жолдарымен сипатталатын сот практикасының біркелкілігіне сот практикасының мәселелерін түсіндіретін Жоғарғы Соттың нормативтік қаулыларын қабылдау арқылы ғана емес, сонымен бірге төмен тұрған соттардың сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қараудың нәтижесінде де қол жетеді. Осы ретте Жоғарғы Соттың сот актілерінің заңдылығын, негізділігін және әділдігін қамтамасыз етуге бағытталған қызметінің сот практикасын қалыптастыру үшін айқындаушы маңызы бар.

      Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      5. Сот практикасының біркелкілігіне қол жеткізу заңдылықты қамтамасыз ету, жеке адамның және азаматтың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қорғау міндеттеріне байланысты, сондықтан кассациялық тәртіппен қайта қарау олардың жоғары қоғамдық маңызына, сондай-ақ құқықты дамытудағы мәніне, оны біркелкі түсіндіруге және қолдануға ұласады.

      Көрсетілген міндеттер негізге алынып, процестік заңнамамен:

      соттардың құқық нормаларын түсіндіруіндегі және қолдануындағы біркелкіліктің бұзылуы (Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі - АПК) 438-бабы 6-бөлігінің 3) тармақшасы Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі - ӘРПК) 169-бабы алтыншы бөлігінің 3) тармақшасы; Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 851-бабы бесінші бөлігінің 3) тармақшасы);

      адамдардың өмірі, денсаулығы не Қазақстан Республикасының экономикасы мен қауіпсіздігі үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соғуы мүмкін болатын жағдайлар, адамдардың әлдеқандай тобының құқықтары мен заңды мүдделерінің немесе өзге де жария мүдделердің бұзылуы (АПК-нің 438-бабы 6-бөлігінің 1), 2) тармақшалары, ӘРПК-нің 169-бабы алтыншы бөлігінің 1), 2) тармақшалары; ӘҚБтК-нің 851-бабы бесінші бөлігінің 1), 2) тармақшалары;

      нақтылы сот қателіктеріне әкеп соққан қылмыстық және қылмыстық-процестік заңдардың дұрыс қолданылмауы (ҚПК-нің 485-бабының 1-бөлігі);

      мемлекеттік немесе қоғамдық мүдделерді, мемлекеттің қауіпсіздігін қозғаған не адамдардың өмірі, денсаулығы үшін орны толмас ауыр салдарларға әкеп соқтыруы мүмкін болған, адам өмір бойына бас бостандығынан айыруға сотталуы (ҚПК-нің 485-бабы 2-бөлігінің 1), 2) тармақшалары) заңды күшіне енген сот актілерін кассациялық тәртіппен қайта қарауға негіздер ретінде айқындалды.

      Осылайша, құқық үстемдігін және сот практикасының біркелкілігін қамтамасыз ету мақсатында сот актісінің заңдық күшін кассациялық тәртіппен еңсеру айрықша, яғни белгілі бір негіздермен шектелген ерекше сипат алады.

      Көрсетілген процестік шарттар кезінде сот шешімдерін кассациялық қайта қараудың мүмкіндігі әркімнің өзінің құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау жөніндегі конституциялық құқығын іске асырудың қосымша заңдық кепілі болып табылады.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Жоғарғы Сотының 22.12.2022 № 10 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) нормативтік қаулыларымен.

      6. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес, осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына енгізіледі, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының Төрағасы

Қ.МӘМИ.

Қазақстан Республикасы


Жоғарғы Сотының судьясы,


жалпы отырыс хатшысы

Қ.ШАУХАРОВ.