Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу кодексінің 154-бабы бірінші тармағы 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігі туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Конституциялық кеңесінің қаулысы 2000 жылғы 1 қараша N 19/2

      Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi құрамында Төрағаның мiндетiн атқарушы Н.I.Өкеев, Кеңес мүшелерi Ж.Д.Бұсырманов, А.Есенжанов, Қ. Ә.Омарханов және В.Д.Шопин қатысқан, өтiнiш субъектiсiнің өкiлi - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының азаматтық iстер жөнiндегi сот алқасының төрағасы Н.Т.Суханованың қатысуымен өткен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің K990411_ 154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының (бұдан әрi - АIЖК) K951000_ Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi жөнiндегi ұсынымын қарады.
      Ұсынылған материалдарды зерделеп, баяндамашы В.Д.Шопиннiң және өтiнiш субъектiсi өкiлiнің сөйлеген сөздерiн тыңдап, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мынаны анықтады:
      1. Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесiне 2000 жылғы 2 қазанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргiзу кодексiнің K990411_ 154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының K951000_ Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгi жөнiндегi ұсынымы келiп түстi.
      Ұсынылған материалдардан көрiнiп тұрғанындай, азамат А.С.Бусаревтің Бас прокуратураның әрекетiн заңсыз деп тану, сондай-ақ оның ар-намысы мен қадiр-қасиетiн қорғау туралы Жоғарғы Сотқа берген талап арызы жүгiну үшiн себеп болған. Жоғарғы Сот 2000 жылғы 3 тамыздағы ұйғарымымен, аталмыш дау бұл соттың соттауына жатпайды және арызды әрекетке қабiлетсiз адам берген деген негiзбен талап арызды қайтарып жiберген. А.С.Бусарев өзiнің жеке шағымында, бұл ұйғарым адамның сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын шектейтiн заңға негiзделген деп дәлелдей отырып, оның күшiн жоюды сұраған.
      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төралқасы, А.С.Бусаревтің Жоғарғы Соттың ұйғарымына берген жеке шағымын қарап, арызды әрекетке қабiлетсiз адамның беруi секiлдi негiзбен талап арызды қайтарып жiберу шынында да заңда - Республика АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасында көзделгенiн, ал АIЖК-нің 63-бабы бiрiншi тармағына сәйкес, әрекетке қабiлетсiз азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сотта олардың заңды өкiлдерi қорғайтынын атап көрсеткен. Сонымен бiрге, Жоғарғы Соттың Төралқасы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 13-бабы 2-тармағының және 39-бабы 3-тармағының негiзiнде, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасы әрекетке қабiлетсiз адамның сот арқылы қорғалу құқығын белгiлi бiр шамада шектейдi деген ұйғарымға келген, өйткенi талап арызбен сотқа оның өзiнiң тiкелей жүгiну мүмкiндiгiн жоққа шығарады және осы құқығын жүзеге асыруды әрекетке қабiлетсiз адамның емес, оның заңды өкілінің ерiк білдiруiмен байланыстырады. Баяндалғанға орай, Жоғарғы Соттың Төралқасы А.С.Бусаревтің жеке шағымы бойынша iс жүргiзудi тоқтата тұрып, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестiгiн тексеру туралы өтiнiшпен Конституциялық Кеңеске жүгiнген.
      2. Жоғарғы Соттың АIЖК-нiң аталған нормасының Конституцияға сәйкестiгi жөнiндегi ұсынымын қарау кезiнде Конституциялық Кеңес мынаны ескердi.
      АIЖК-нің K990411_ 154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының нормасында: "Судья талап арызды, егер: ...3) арызды әрекетке қабiлетсiз адам берсе, қайтарып жiбередi" - деп белгiленген. Жоғарғы Сот бұл норманың, әркiмге өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқық беретiн Конституцияның 13-бабы 2-тармағына қатысты конституциялылығына күмәнданған. Бұл орайда, Конституцияның K951000_ 39-бабы 3-тармағына сай, осы құқық ешбiр жағдайда да шектелуге жатпайды.
      Алайда Конституцияның 13-бабы 2-тармағынан, әрбiр адам, жасына, психикалық хал-жайына қатыссыз сотқа өзi жүгiнуi, өз қалауы бойынша сотта қорғалудың тәсiлi мен рәсiмiн таңдауы мүмкiн екендiгi келiп шықпайды. Конституцияның 13-бабы 2-тармағында баянды етiлген сот арқылы қорғалу құқығы заңда белгіленген негiзде және сол тәртiппен жүзеге асырылады, Конституциялық Кеңес өзінiң 1999 жылғы 29 наурыздағы "Қазақстан Республикасы Конституциясы K951000_ 13-бабының 2-тармағына, 14-бабының 1-тармағына, 76-бабының 2-тармағына ресми түсiндiрме беру туралы" N 7/2 S990007_ қаулысында бұл жәйттi атап көрсеткен болатын. Атап айтқанда, Республиканың iс жүргiзу заңдарының нормалары әрбiр адамның сот арқылы қорғалу құқығының жүзеге асырылуын қамтамасыз ете отырып, кәмелетке толмағандар және әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдар үшiн ерекше ережелердi белгiлейдi.
      3. Қаралып отырған ұсынымға қатысты қолданыста, АIЖК-нiң K990411_ 46-бабының үшiншi тармағында және 63-бабының бiрiншi тармағында әрекетке қабiлетсiз деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн сотта олардың заңды өкiлдерi қорғайтыны белгiленген. Осы ережеге сәйкес, АIЖК-нің 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасына сай, судья талап арызды, егер оны әрекетке қабiлетсiз адам берген болса, қайтарып жiбередi. Материалдардан көрiнiп тұрғанындай, АIЖК-нің аталған нормалары, Жоғарғы Соттың А.С.Бусаревке талап арызды қайтарып жiберуiне негiздердің бiрi болған.
      Конституциялық Кеңес АIЖК-нiң K990411_ 154-бабы бiрiншi тармағы
3) тармақшасының Конституцияның 13-бабы 3-тармағына сәйкестiгiне күмәндануға негiз жоқ деп есептейдi. Азаматтық және азаматтық iс жүргiзу заңдарының азаматты әрекетке қабiлетсiз деп тану, оған қамқорлық орнату және оның құқықтарын сақтаудың ерекше ережелерiн белгiлеу туралы нормалары мұндай адамдардың заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің K941000_ 26-бабы бiрiншi тармағына сай жүйке ауруы немесе ақыл-есінің кемдiгi салдарынан өз әрекеттерiнің мәнiн түсiне алмайтын немесе не iстегенiн бiлмейтiн азамат әрекет қабiлеттiлiгi жоқ деп танылады, соған байланысты оған қорғаншылық белгiленедi. Қамқоршылық және қорғаншылық институты бұл санаттағы азаматтардың заңды мүдделерiн қамтамасыз ету және қорғау үшiн жетпей жатқан әрекет қабiлеттiлiгiн толықтырып отырады. Әрекетке қабiлетсiз азаматтарға қатысты мемлекет, олардың заңды өкілдерi, прокурор, мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, ұйымдар мен жеке азаматтар арқылы олардың құқықтарын, бостандықтарын және қорғалатын мүдделерiн жүзеге асырудың механизмiн белгiлеген және заңмен бекiткен (АIЖК-нің 46-бабы үшiншi тармағы, 55-бабының үшiншi тармағы, 56 және 63-баптары).
      Конституцияның 13-бабында көзделген құқықтар мен бостандықтарды ешбiр жағдайда да шектеуге жол бермейтiн Конституцияның 39-бабы 3-тармағының нормасына келер болсақ, онда бұл жоғарыда баяндалған, АIЖК-нiң 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасы сот арқылы қорғалу құқығына нұқсан келтiрмейтiнiне, керiсiнше, әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамдардың бұл конституциялық құқығын жүзеге асыруына кепiлдiктi күшейтуге септiгiн тигiзетініне дәлел болады.
      Осылайша, АIЖК-нiң K990411_ 154-бабы бiрiншi тармағының 3) тармақшасы Конституциямен баянды етiлген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтiрмейдi және әрекетке қабiлетсiз адамның сот арқылы қорғалуға конституциялық құқығын шектемейдi. Онда баянды етiлген ереже Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы келмейдi.
      Баяндалғанның негiзiнде және Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабы 2-тармағын және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы" конституциялық заң күшi бар U952737_ Жарлығының 17-бабы 4-тармағының 1) тармақшасын, 32, 33, 37 және 41-баптарын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Азаматтық iс жүргізу кодексiнің K990411_ 154-бабы бiрiншi тармағы 3) тармақшасының нормасы Қазақстан Республикасының Конституциясына қайшы емес деп танылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 74-бабы

3-тармағына сәйкес қаулы оны қабылдаған күннен бастап күшiне енедi, 
шағымдануға жатпайды, Республиканың бүкiл аумағында жалпыға бiрдей 
міндеттi және Қазақстан Республикасы Конституциясының 73-бабы 4-тармағында 
көзделген жағдайды ескерiп, түпкiлiктi болып табылады.
     3. Осы қаулы республикалық ресми басылымдарда қазақ және орыс 
тiлдерiнде жариялансын.
     
     Қазақстан Республикасы
     Конституциялық Кеңесі
     Төрағасының міндетін атқарушы
     
     Мамандар:
       Багарова Ж.А.
       Шарипова М.Е.
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады