О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан по общим вопросам судебной деятельности

Нормативное постановление Верховного Суда Республики Казахстан от 28 ноября 2024 года № 3.

      1. Внести изменения и дополнения в следующие нормативные постановления Верховного Суда Республики Казахстан:

      1. "О применении норм международных договоров Республики Казахстан" от 10 июля 2008 года № 1 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативными постановлениями Верховного Суда Республики Казахстан от 21 апреля 2011 года № 1, от 30 декабря 2011 года № 5):

      1) в заголовок, реквизиты заголовка, преамбулу и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      2) по всему тексту слова "преступлений", "преступление", "преступления" заменить соответственно словами "уголовных правонарушений", "уголовное правонарушение", "уголовного правонарушения";

      3) в пункте 6:

      слова "сфер уголовно-правовых и административно-правовых отношений" заменить словами "уголовно-правового законодательства и законодательства об административных правонарушениях";

      цифры "416, 417" заменить цифрами "466, 467";

      цифры "423", "425", "56" заменить соответственно цифрами "476", "501", "62";

      4) в пункте 7:

      слова "1 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях" заменить словами "8 Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях";

      слова "158 и 159 УК" заменить словами "162 и 163 УК";

      5) в пункте 8:

      слова "части 4 статьи 6" заменить словами "части четвертой статьи 7";

      цифры "501" заменить цифрами "553";

      6) в пункте 9 цифры "413, 416, 417" заменить цифрами "466, 467, 472";

      7) в пункте 10 слова "статей 412, 415 УПК и статей 364, 365 и 366" заменить словами "433, 436 УПК и частей первой, второй, третьей и четвертой статьи 427";

      8) в пункте 14:

      слова "статьи 141-1" заменить словами "части второй статьи 146";

      слово "третьего" заменить словом "другого";

      9) в пункте 15:

      цифру "5" заменить цифрой "4";

      слова "глава 55" заменить словами "главами 58-62";

      2. "О некоторых вопросах применения принципа языка судопроизводства" от 22 декабря 2016 года № 13 (с изменениями и дополнениями, внесенными нормативным постановлением Верховного Суда Республики Казахстан от 11 декабря 2020 года № 6):

      1) в реквизиты заголовка и по всему тексту на казахском языке вносятся изменения, текст на русском языке не меняется;

      2) в пункте 1 абзац второй изложить в следующей редакции:

      "Согласно статье 3 Закона Республики Казахстан от 11 июля 1997 года № 151-І "О языках в Республике Казахстан" законодательство Республики Казахстан о языках основывается на Конституции, состоит из данного закона, иных нормативных правовых актов, касающихся употребления и развития языков.";

      3) пункт 3 изложить в следующей редакции:

      "3. В соответствии с требованиями статьи 14 Гражданского процессуального кодекса Республики Казахстан (далее – ГПК) язык судопроизводства устанавливается определением суда в зависимости от языка, на котором подан в суд иск.

      В стадии подготовки дела к судебному разбирательству суд должен выяснить, в достаточной ли степени истец (заявитель) владеет языком, на котором подан иск, понимает ли суть и содержание судопроизводства. В случае поступления соответствующего письменного ходатайства от истца (заявителя) суд выносит мотивированное определение об изменении языка судопроизводства. Учитывая принцип равноправия сторон, суд обязан выяснить мнение по этому вопросу и у ответчика.";

      4) в пункте 7 цифры "39" заменить цифрами "56-4".

      2. Согласно статье 4 Конституции Республики Казахстан настоящее нормативное постановление включается в состав действующего права, является общеобязательным и вводится в действие со дня первого официального опубликования.

      Председатель Верховного Суда
Республики Казахстан
А. Мергалиев
     
      Судья Верховного Суда
Республики Казахстан,
секретарь пленарного заседания
Г. Альмагамбетова

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының кейбір нормативтік қаулыларына сот қызметінің жалпы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2024 жылғы 28 қарашадағы № 3 Нормативтік қаулысы

      1. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының мынадай нормативтік қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1. "Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы" 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2011 жылғы 21 сәуірдегі № 1, 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 5 нормативтік қаулыларымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырып мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы";

      2) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы"

      3) кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Конституцияға сәйкес келетін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары және өзге де міндеттемелері Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі болып табылады.

      Азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін сот арқылы қорғауды қамтамасыз етуде халықаралық шарттар маңызды рөл атқарады, сондықтан қажет болған жағдайларда соттар Қазақстан Республикасы юрисдикциясының шеңберінде халықаралық құқық нормаларын басшылыққа алуға міндетті.

      Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын дұрыс және біркелкі қолдануды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жалпы отырысы қаулы етеді:";

      4) 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қазақстан Республикасында Қазақстан Республикасының Конституциясында (бұдан әрі - Конституция) және Республика таныған халықаралық құқық нормаларында белгіленген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі.

      Конституцияның 13-бабының 2-тармағына сәйкес әркімнің өзінің құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

      Қазақстан Республикасы өзінің аумағында және юрисдикциясында болатын барлық тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын Конституцияға және қабылданған халықаралық міндеттемелерге сәйкес қамтамасыз етуге міндеттенеді.

      2. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабы 6) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарты деп Қазақстан Республикасы шетелдік мемлекетпен (немесе шетелдік мемлекеттермен) не халықаралық ұйыммен (немесе халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан халықаралық келісімді түсіну керек, мұндай келісім бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжатта жасалғанына, сондай-ақ нақты атауына (мысалы, конвенция, пакт, келісім және т.с.с.) қарамастан, халықаралық құқықпен реттеледі.

      Қазақстан Республикасының атынан жасалатын халықаралық шарттар мемлекетаралық шарттар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан - үкіметаралық шарттар, орталық атқарушы органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың атынан - ведомствоаралық шарттар болып табылады.

      3. Конституцияға сәйкес белгіленген тәртіппен жасалған және Қазақстан Республикасының Парламенті ратификациялаған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары оның заңдарының алдында басым болады (Конституцияның 4-бабы 3-тармағы).

      Қолдану үшін заң шығару талап етілмейтін халықаралық шарттардың ережелері Қазақстан Республикасында тікелей қолданылады.

      Өзге жағдайларда халықаралық шартпен қатар ратификацияланған халықаралық шарттың ережелерін іске асыру үшін қабылданған тиісті заңды да қолдану қажет.

      1995 жылғы Конституция қабылданғанға дейін жасалған, ратификациялауға жатпайтын Қазақстан Республикасының бірқатар халықаралық шарттары қолданыста болады және Республика заңнамасынан басымдығын, егер осындай басымдық Республика заңдарында құқықтық қатынастардың тиісті салалары үшін тікелей көзделсе, сақтайды.

      Егер қолданыстағы Конституция қабылданғанға дейін Қазақстан Республикасы жасаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағыдан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

      Егер қолданыстағы Конституция қабылданғаннан кейін Қазақстан Республикасы жасаған, ратификацияланбаған халықаралық шартта Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасындағыдан өзге қағидалар көзделсе, онда соттар Конституцияның 4-бабы 3-тармағының ережелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің көрсетілген қаулыларын басшылыққа алуға міндетті. Конституциялық ережелердің және Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын ратификацияланған (немесе ратификацияланбаған) халықаралық шарттардың арасында қайшылық туындаған кезде қолдану басымдығы конституциялық нормаларда болады.

      4. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын қолдану мүмкіндігі туралы мәселені шешкен кезде соттар Қазақстан Республикасының халықаралық шарты-шартта көзделген немесе оған қатысушылар келіскен тәртіппен және мерзімде күшіне енетінін негізге алуға тиіс. Уағдаластық болмаған жағдайда халықаралық шарт келіссөзге қатысатын барлық мемлекеттер өздері үшін шарттың міндеттілігі жөнінде келісімді білдіргеннен кейін бірден күшіне енеді (1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 24-бабы).

      Қазақстан Республикасы шартқа қол қою, құжаттар алмасу, шартты ратификациялау, оны қабылдау, бекіту, шартқа қосылу арқылы не келісуші тараптар уағдаласқан кез келген басқа да тәсілмен халықаралық шарттың өзі үшін міндетті екеніне келісім білдірген жағдайда халықаралық шарт қолданылуға жатады.

      Егер шарттың кері күші жөнінде шартта тікелей көзделмесе, 1969 жылғы Халықаралық шарттар құқығы туралы Вена конвенциясының 28-бабына сәйкес халықаралық шарттардың кері күші болмайды. Бұл ретте Конституцияның 77-бабы 5) тармақшасының талаптары сақталуы тиіс.

      5. "Қазақстан Республикасы Конституциясының 54-бабының 7) тармақшасын ресми түсіндіру туралы" 2006 жылғы 18 мамырдағы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі қаулысының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарды ратификациялау туралы және халықаралық шарттарға қосылу туралы актілерінің заңдық күші мен құқықтық салдарлары бір-біріне тең болады. Осыған байланысты Қазақстан үшін міндеттілігі Республика Парламенті қабылдаған халықаралық шарттарға қосылу туралы нормативтік құқықтық актілермен бекітілген халықаралық шарттар Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттармен теңестіріледі.

      Конституцияның 4-бабының 4-тармағына сәйкес және "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 24-бабының мәніне орай, ресми жарияланған және күшіне енген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары қолданылады.

      Азаматтардың құқықтары, бостандықтары және міндеттеріне қатысты ресми жарияланбаған халықаралық шарттар қолданылуға жатпайды.

      6. Тікелей қолданылатын және қолдану үшін заңдар шығарылуы талап етілмейтін ратификацияланған халықаралық шарттар істерді шешу кезінде материалдық (қылмыстық-құқықтық заңнаманы және әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы заңнаманы) немесе процестік құқық нормалары ретінде, атап айтқанда:

      азаматтық істерді қарау кезінде, егер соттың қарау нысанасы болған қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында Қазақстан Республикасының заңындағы қағидалардан өзге қағидалар белгіленсе;

      азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында Қазақстан Республикасының азаматтық процестік немесе қылмыстық-процестік заңдарындағы қағидалардан өзге сот ісін жүргізу қағидалары белгіленсе;

      азаматтық және қылмыстық істерді қарау кезінде, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қатынастар, оның ішінде шетелдік тұлғалардың қатысуымен реттелсе (мысалы, Қазақстан Республикасы Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 466, 467-баптарында санамаланған істерді, АПК-нің 476-бабында көзделген жекелеген процестік әрекеттерді жүргізу жөніндегі шетелдік соттардың тапсырмалары туралы, АПК-нің 501-бабында көзделген шетелдік соттар мен төреліктердің шешімдерін орындау туралы, Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі - ҚПК) 62-тарауына сәйкес шетелдік мемлекеттің соты құқық бұзушылықтар жасады деп айыптаған және соттаған адамдарды беру жөніндегі шешімдерге шағымдар туралы істерді қарау кезінде);

      әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау кезінде, егер Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамада көзделгеннен басқа сот ісін жүргізу қағидалары белгіленсе, қолданылады.

      7. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің (бұдан әрі - ҚК) 1-бабының бірінші бөлігіне және Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі - ӘҚБтК) 8-бабының бірінші бөлігіне сәйкес қылмыстық және әкімшілік заңнама Қазақстан Республикасының тиісті кодекстерінен ғана тұрады. Қылмыстық немесе әкімшілік жауаптылықты көздейтін өзге заңдар олар аталған кодекстерге енгізілгеннен кейін қолданылуға жатады.

      Құқық бұзушылықтар құрамдарының белгілерін көздейтін халықаралық-құқықтық нормалар ҚК-нің нормасы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын қолдану қажеттігін тікелей белгілеген (мысалы, ҚК-нің 162 және 163-баптары) жағдайларда қолданылуға тиіс.

      ҚК-нің нормалары Қазақстан Республикасының халықаралық шартында тыйым салынған құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылықтың басталуын көздейтін істі қараған кезде сот Қазақстан Республикасының халықаралық шартындағы қылмыстық жазаланатын іс-әрекеттердің барлық белгілері қылмыстық заңға енген-енбегенін, ратификациялау мәселесін, шарттың күшіне енген күнін және т.б. анықтау мақсатында Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдерінің мазмұнын және қылмыстық заң нормаларын зерттеуге тиіс.

      8. ҚК-нің 7-бабының төртінші бөлігіне сәйкес шетел мемлекетінің дипломатиялық өкілдері және иммунитетке ие өзге де азаматтар Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда олардың қылмыстық жауаптылығы туралы мәселе халықаралық құқық нормаларына (атап айтқанда, 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясына, 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясына сәйкес) және Қазақстан Республикасының басқа да халықаралық шарттарына сәйкес шешіледі.

      Аталған жағдайда дипломатиялық қызметшілердің иммунитеті туралы, яғни тиісті адамдарды өзі тұратын елде жасаған құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін қылмыстық қудалаудан, ұстаудан және қамаққа алудан, айғақ беруден, үй-жай мен құжаттарды тексеруден босату туралы сөз болып отыр. Дипломатиялық иммунитетке ие адамдардың тізімі ҚПК-нің 553-бабында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгіленген.

      9. Шетел мемлекетіне талап қою, оны үшінші тұлға ретінде іске қатыстыруға тарту, талап қоюды қамтамасыз ету және өндіріп алуды қолдану тәртібімен мүлікке тыйым салу мен ұстау туралы, сондай-ақ шетел мемлекеттерінің Қазақстан Республикасында аккредиттелген дипломатиялық өкілдерінің және Қазақстан Республикасының заңында немесе халықаралық шарттарында көрсетілген өзге де адамдардың азаматтық құқықтық жауаптылығы туралы мәселелерді шешкен кезде АПК-нің 466, 467, 472-баптарының нормаларын және 1961 жылғы Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясын, 1963 жылғы Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясын және Қазақстан Республикасының басқа да халықаралық шарттарын басшылыққа алу керек.

      10. Сот төрелігін жүзеге асыру кезінде соттар ҚПК-нің 433, 436-баптарының және АПК-нің 427-бабының бірінші, екінші, үшінші және төртінші бөліктерінің мәні бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын соттың дұрыс қолданбауы сот актісінің күшін жоюға немесе оны өзгертуге негіз болатынын назарға алуы қажет. Халықаралық шарттың нормаларын дұрыс қолданбау соттың халықаралық шарттың қолданылуға жататын нормасын қолданбауынан не халықаралық шарттың қолданылуға жатпайтын нормасын қолдануынан немесе соттың халықаралық шарттың нормаларын қате түсіндіруге жол беруінен көрінуі мүмкін.

      Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарының нормаларын, оның кіріспесін, қосымшаларын, сондай-ақ халықаралық шартқа қатысты кез келген келісімдер мен құжаттарды қоса алғанда, түсіндіруді сот 1969 жылғы 23 мамырдағы Халықаралық шарттардың құқығы туралы Вена конвенциясының 31-33-баптарында көзделген қағидаларды сақтай отырып, шарттың нысанасы мен мақсатының негізінде жүзеге асыруға тиіс.

      11. Қажет болған жағдайларда соттар Парламент 2005 жылғы 28 қарашада ратификациялаған Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіге (бұдан әрі - АСҚХП) қатысушы ретінде Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындауды қамтамасыз ету үшін оның нормаларын басшылыққа алуға тиіс.

      12. АСҚХП-ның 14-бабының бірінші бөлігіне сәйкес соттардың алдында адамдардың бәрі тең және әрбір адамның өзiне тағылған кез келген қылмыстық айыптауды қарау кезiнде немесе қайсыбір азаматтық процесте оның құқықтары мен мiндеттерiн анықтау кезiнде заң негiзiнде құрылған сот арқылы iсiнің әдiлеттi және жария талқылауына құқығы бар, ешбір адамды заң бойынша ісі соттылығына жатқызылған сол сотта және сол судьяның оның ісін қарауы құқығынан айыруы мүмкін емес.

      Бұл норма Қазақстан Республикасы соттарының тұрақты судьяларына ғана емес, сонымен қатар алқабилер қатысатын сот ісін жүргізуге де қатысты.

      13. АСҚХП-ның 9-бабының бірінші бөлігіне сәйкес әрбір адамның бостандыққа және жеке басының өмiрiне қолсұғылмауына құқығы бар. Ешкiм де ерiксіз қамауға алынуға немесе күзетпен ұсталуға тиiс емес. Бұл құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұсталған әрбір адамның оны ұстап алудың заңдылығына баға беру және бұлтартпау шарасы туралы мәселені шешу үшін соттың алдына баруға құқығы бар екендігін білдіреді. Сондықтан судьялар ҚПК-нің 14-бабының талаптарына сәйкес қамауға алуды санкциялау кезінде құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен адамды ұстаудың негізділігі мен заңдылығына баға беруі керек.

      Бұл ретте АСҚХП-ның 9-бабының үшінші бөлігіне сай қамаққа алынған немесе ұсталған әрбір адамның ақылға қонымды мерзімнің ішінде істің сот талқылауында қаралуына немесе сотқа дейін босатылуына құқығы бар.

      Сот талқылауын ақылға қонымды мерзімде аяқтау заңнамада белгіленген сот ісін жүргізу шектерін, сонымен қатар қаралып отырған істің нақты мән-жайларының негізінде неғұрлым қысқа мерзімде сот ісін жүргізуді аяқтау мүмкіндігін көздейді.

      14. Бұлтартпау шарасы ретінде айыпталушыны (күдіктіні) қамаққа алуға санкция беру, қамаққа алу мерзімін ұзарту туралы шешім қабылдау, айыпталушының сотқа дейінгі іс жүргізуді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың заңсыз әрекеттеріне келтірілген шағымдарын шешу кезінде соттар АСҚХП-ның 7, 9 және 14-баптарында көзделген күзетпен ұсталып отырған адамдардың құқықтарын сақтау қажеттігін ескеруге тиіс.

      Қамақтан босату туралы өтінішхатты немесе қамаққа алу мерзімінің ұзартылуына шағымды қараған кезде сот АСҚХП-ның 7-бабын және Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 29 маусымда қосылған Азаптау және басқа да адамгершілікке жат немесе қадір-қасиетті қорлайтын әрекеттер мен жазалауларға қарсы конвенцияны (БҰҰ Бас Ассамблеясының 1984 жылғы 19 желтоқсандағы 39/46 Резолюциясымен қабылданған) назарға алуы тиіс.

      АСҚХП-ның 10-бабының бірінші бөлігіне сәйкес айыпталушыларды күзетпен ұстау жағдайлары адамның жеке басының қадір-қасиетін құрметтеу туралы халықаралық талаптарға сай болуы керектігін ескеру қажет.

      Азаптауды заңсыз әрекет жасау мен жазалаудың өзге түрлерінен ажырату үшін ҚК-нің 146-бабы екінші бөлігінің диспозициясында көрсетілген адамдардың азапталушыдан немесе басқа адамнан мәліметтер алу немесе мойындату не ол жасаған немесе жасады деп күдік келтірілген әрекет үшін жазалау, сондай-ақ оны немесе үшінші адамды қорқыту немесе мәжбүрлеу мақсатымен немесе кез келген сипаттағы кемсiтуге негiзделген кез келген себеп бойынша қасақана тән зардабын және (немесе) психикалық зардапты қасақана келтіру азаптау деп түсінілетінін ескерген жөн.

      Қалыптасқан халықаралық практикаға сәйкес: ауыр тән зардабына және психикалық зардап шектіруге ұшырату, тікелей пиғылдың болуы, тиісті әрекеттердің осы мақсатқа бағытталуы және қарқындылығы азаптау белгілері болып табылады. Азаптауды саралау кезінде зардап шектірудің ұзақтығын және тәсілдерін, жәбірленушінің жынысын, жасын және денсаулық жағдайын ескеру қажет.

      Қатыгез және адамгершілікке жатпайтын әрекеттер деп азаптауға қарағанда, неғұрлым төмен қарқындылығымен ерекшеленетін және денені қатты ауырту мен жан азабын ұзақ уақыт келтірумен байланысы жоқ тән зардабына және психикалық зардапқа ұшыратуға бағытталған әрекеттерді түсіну керек.

      Жәбірленушінің қорқыныш, үрей және кемсіну сезімдерін тудырып, қорлауға, ерік-жігерін басуға және өзге де жағымсыз салдарларға әкеп соғатын әрекеттерді қадір-қасиетті қорлайтын әрекеттер деп түсіну керек.

      15. ТМД елдерінің азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша өзара ынтымақтастығы 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен ратификацияланған, 1994 жылғы 19 мамырда күшіне енген, 1994 жылғы 28 наурыздағы өзгерістерімен Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы конвенцияға (Минск, 1993 жылғы 22 қаңтар), (бұдан әрі - Минск конвенциясы), 2004 жылғы 10 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңымен ратификацияланған, 2004 жылғы 27 сәуірде күшіне енген Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы конвенцияға (Кишинев, 2002 жылғы 7 қазан), (бұдан әрі - Кишинев конвенциясы), Азаматтық процестік (АПК-нің 4-бөлімі) және Қылмыстық-процестік (ҚПК-нің 58-62-тараулары) кодекстерге және басқа да нормативтік құқықтық актілерге, халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.

      Кишинев конвенциясының 120-бабының 3-тармағына сәйкес қатысушы мемлекеттер арасында Минск конвенциясы мен оның 1997 жылғы 28 наурыздағы Хаттамасының күші жойылған.

      Сонымен қатар Кишинев конвенциясының 120-бабының 4-тармағына сәйкес Кишинев конвенциясына қатысушы мемлекеттер және Кишинев конвенциясы күшіне енбеген Кишинев конвенциясына қатысушы мемлекет арасындағы қатынастарға Минск конвенциясы қолданылады.

      Минск, Кишинев конвенцияларының ережелерін орындауға уәкілетті Қазақстан Республикасының орталық және өзге де мемлекеттік органдарының тізбесі кейінгі өзгерістермен және толықтырулармен "Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы" 1993 жылғы 22 қаңтардағы Конвенцияны және Азаматтық, отбасылық және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және құқықтық қатынастар туралы 2002 жылғы 7 қазандағы конвенцияны орындау бойынша шаралар туралы" 2004 жылғы 31 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысында белгіленген.

      16. Қазақстан Республикасының халықаралық шартының нормаларын қолданған және түсіндірген кезде техникалық-заң сипатындағы мәселелерді түсіндіруді талап ететін мәселелер туындағанда Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдардың (мемлекетаралық құрылымдардың) актілері мен шешімдерін қолдану, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасына (мысалы, халықаралық шарттың қолданылу мерзіміне, шартқа қатысушы мемлекеттердің құрамына қатысты мәселелерді анықтау, халықаралық шартқа қатысушы елдердің ескертпесі бар-жоғын және халықаралық шартты шетелдерде қолданудың сот практикасына қатысты мәселелерді және тағы басқаларды анықтау үшін) жүгіну қажет.

      17. Конституцияның 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.";

      2. "Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолданудың кейбір мәселелері туралы" 2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6 нормативтік қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен):

      1) тақырыптағы деректемелер мынадай редакцияда жазылсын:

      "2016 жылғы 22 желтоқсандағы № 13 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулысы";

      2) 1-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасындағы тiл туралы" 1997 жылғы 11 шiлдедегі № 151-І Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына сәйкес Қазақстан Республикасындағы тiл туралы заңнама Конституцияға негiзделедi, осы заңнан, тiлдердi қолдануға және дамытуға қатысты өзге де нормативтiк құқықтық актiлерден тұрады.";

      3) 2, 3, 4, 5, 6, 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Сот ісін жүргізу тілі қағидатын қолдану сот процесіне қатысатын адамдардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ететін құқықтық кепіл болып табылады.

      3. Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің (бұдан әрі – АПК) 14-бабының талаптарына сәйкес сот ісін жүргізу тілі сотқа талап қою берілген тілге байланысты сот ұйғарымымен белгіленеді.

      Сот істі сот талқылауына дайындау сатысында талап қоюшының (арыз берушінің) талап қою берілген тілді жеткілікті деңгейде білетін-білмейтінін, сот ісін жүргізудің мәні мен мағынасын түсінетін-түсінбейтінін анықтауға тиіс. Сот талап қоюшыдан (арыз берушіден) тиісті жазбаша өтінішхат түскен жағдайда сот ісін жүргізу тілін өзгерту туралы уәжді ұйғарым шығарады. Тараптардың тең құқықтылығы қағидатын ескере отырып, сот осы мәселе бойынша жауапкердің де пікірін анықтауға міндетті.

      4. Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚПК) 30-бабында Қазақстан Республикасында қылмыстық сот ісі қазақ тілінде жүргізілетіні, сот ісін жүргізуде қазақ тілімен қатар ресми түрде орыс тілі, ал қажет болған кезде басқа да тілдер қолданылатыны көзделген.

      Сотқа дейінгі тергеп-тексеру кезінде қылмыстық процесті жүргізетін орган (лауазымды адам) күдіктіге (айыпталушыға) сот ісін жүргізу тіліне қатысты құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде қорғаушының көмегіне жүгіну құқығын түсіндіруге тиіс.

      5. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің (бұдан әрі – ӘҚБтК) 738-бабының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізу мемлекеттік тілде жүргізіледі, ал қажет болған кезде іс жүргізуде орыс тілі немесе басқа да тілдер мемлекеттік тілмен тең қолданылады.

      Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілеттік берілген судья, органдар (лауазымды адамдар) әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамдарға сот ісін жүргізу тіліне қатысты құқықтары мен міндеттерін түсіндіріп, олардың мүдделерін қорғауды заңда белгіленген тәртіппен қамтамасыз етуге тиіс.

      6. Заңнамаға сәйкес іс бойынша іс жүргiзiлiп жатқан тiлдi бiлмейтiн немесе жеткілікті деңгейде бiлмейтiн iске қатысатын адамдардың ана тiлiнде немесе өздері бiлетiн басқа тiлде мәлiмдемелер жасау, түсiнiктемелер мен айғақтар беру, сотта сөз сөйлеу құқығы қамтамасыз етіледі және қорғалады.

      Сот ісі жүргізіліп отырған тілді білмейтін немесе жеткілікті деңгейде білмейтін адамдарға сот ісі жүргізіліп отырған тілде сөйлеген сөздерді түсінбейтін немесе жеткілікті деңгейде түсінбейтін, өздерінің ойлары мен пікірлерін сол тілде еркін білдіре алмайтын, сондай-ақ әңгімелесу, мәтіндерді оқу кезінде, ауызша және (немесе) жазбаша түрде сұрақтарға жауап бергенде, басқа да қиындықтарға тап болатын адамдар жататынын назарда ұстаған жөн.

      7. Процесті жүргізетін органдар сот ісін жүргізуге қатысатын адамдарға заң бойынша оларға қажетті, басқа тілде жазылған іс материалдарының аудармасын сол адамдар білетін немесе түсінетін тілдерге өтеусіз аудару және аудармашының қызметтерін тегін пайдалану құқығын қамтамасыз етуге тиіс.

      ҚПК-нің 81-бабы бірінші бөлігінің, АПК-нің 56-4-бабы екінші бөлігінің және ӘҚБтК-нің 758-бабы бірінші бөлігінің талаптарына сәйкес аудармашы ретінде іске қатысып отырған органдар мен адамдарға қызметі тәуелсіз, іс үшін маңызы бар мән-жайларды аударуға біліктілігі жеткілікті мүдделі емес адам тартылады.

      Процеске қатысушылар білетін тілде сот ісін жүргізуге және осыған орай аудармашының қатысуына байланысты шығындар іске қатысатын адамдардың өздері білетін сол немесе басқа тілді пайдалану құқықтарын іске асыру үшін кедергі бола алмайды.";

      4) 7-1-тармақта:

      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "ҚПК-нің 30-бабы бесінші бөлігіне сәйкес процеске қатысушыларға табыс етілуге жататын құжаттардың жазбаша аудармасы міндетті түрде қамтамасыз етілуге тиіс.";

      екінші абзацтағы "тапсырылуы" "қамауға алуға" деген сөздер тиісінше "табыс етілуге" "күзетпен ұстауға" деген сөздермен ауыстырылсын;

      үшінші абзацтағы "тапсырылуға", "қысқарту" деген сөздер тиісінше "табыс етілуге", "тоқтату" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "беріледі" деген сөз "табыс етіледі" деген сөзбен ауыстырылсын;

      5) 8-тармақта:

      бірінші абзацтағы "ісінен өзге тілде" деген сөздер "ісін жүргізу тілінде емес, өзге тілде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      екінші абзацтағы "ұсынылған кезде" деген сөзден кейін "олардың" деген сөзбен толықтырылсын;

      6) 9-тармақтағы "жеткілікті түрде", "қорғаушының" деген сөздер тиісінше "жеткілікті деңгейде", "адвокаттың" деген сөздермен ауыстырылсын;

      7) 9-1-тармақтағы "жауапқа тартылып жатқан" деген сөздер "жауаптылыққа тартылатын" деген сөздермен ауыстырылсын;

      8) 10-тармақтың бірінші абзацындағы "іріктеген кезде" деген сөздер "іріктеу кезінде" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9) 11, 12, 13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "11. Іс бойынша қабылданған процестік құжаттар сот ісін жүргізу тілінде жасалады.

      Процестік құжаттарды жасаған кезде олардың мазмұны мен сот ісін жүргізу тілінің лингвистикалық (тілдік) қағидаларына қойылатын талаптарға назар аудару қажет.

      Процестік заңнамада көзделген жағдайларда сот ісін жүргізу тілін білмейтін адамдар үшін куәландырылған құжаттардың көшірмелерін аудармамен қоса беру іс жүргізуді жүзеге асыратын органдардың міндеті болып табылады.

      12. Процеске қатысушылар іс бойынша жасалған процестік әрекеттерге, сондай-ақ іс бойынша шығарылған сот актілеріне шағымдар (наразылықтар) келтірген кезде іс бойынша белгіленген сот ісін жүргізу тілі туралы талапты сақтауға міндетті.

      Бұл талап сақталмаған жағдайда келтірілген шағымдар (өтінішхаттар, наразылықтар) процестік заңнаманың нормаларына сәйкестендіру үшін кері қайтарылуға жатады.

      13. Сот ісін жүргізу тілі туралы заңнама талаптарын сақтамау процестік заңды елеулі түрде бұзу болып табылады және шығарылған сот актілерінің күшін жоюға әкеп соғады.

      Істі соттың іс жүргізуіне қабылдау туралы мәселені шешу сатысында сот ісін жүргізу тілін бұзушылықтар анықталған жағдайда сот ҚПК-нің 323-бабының талаптарына сәйкес бұзушылықтарды жою үшін істі прокурорға қайтарады.";

      12) 14-тармақта:

      екінші абзацтағы "тиіс екендігін" деген сөздер "тиіс екенін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      төртінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V", "азаматтарының" деген сөздер тиісінше "2013 жылғы 29 қаңтардағы № 73-V Қазақстан Республикасының", "азаматының" деген сөздермен ауыстырылсын;

      13) 15-тармақтағы "алғаш" деген сөз "алғашқы" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабына сәйкес осы нормативтік қаулы қолданыстағы құқық құрамына қосылады, жалпыға бірдей міндетті болып табылады және алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
А. Мерғалиев
      Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы,
жалпы отырыс хатшысы
Г. Әлмағамбетова