О некоторых вопросах оказания посреднической помощи гражданам по трудоустройству за границей

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июня 1999 года N 862. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 19 января 2012 года № 124

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 19.01.2012 № 124 (вводится в действие по истечении 21 календарного дня после первого официального опубликования, но не ранее 30.01.2012).

      Сноска. Заголовок в редакции постановления Правительства РК от 11 июня 2007 г. N  480 (вводится в действие с 9 августа 2007 г.).

      С целью реализации Законов Республики Казахстан "О миграции населения" и "О занятости населения" Правительство Республики Казахстан постановляет:  См. Z1100000477
     Сноска. Преамбула с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 22 июня 2005 г.  N 612 (порядок введения в действие см. п.2); от 11 июня 2007 г. N  480 (вводится в действие с 9 августа 2007 г.).

     1. Утвердить прилагаемые:
     Правила оказания посреднической помощи гражданам по трудоустройству за границей.  <*>
     Сноска. Пункт 1 с изменениями, внесенными постановлениями Правительства РК от 19 июня 2001 г. N 836; от 24 апреля 2006 года N  316; от 11 июня 2007 г. N 480 (вводится в действие с 9 августа 2007 г.).
     2. Министерству труда и социальной защиты населения Республики Казахстан: 
     в случае необходимости по согласованию с Министерством иностранных дел Республики Казахстан вносить предложения в Правительство Республики Казахстан о заключении международных договоров по вопросам трудовой деятельности граждан Республики Казахстан за границей; 
     ежегодно вносить на утверждение в Правительство Республики Казахстан квоту на привлечение иностранных граждан, нанимаемых работодателями за пределами Республики Казахстан, для работы на территории республики в целом и по группам профессий; 
     ежегодно по итогам работы представлять информацию в Правительство Республики Казахстан о привлечении иностранной рабочей силы и вывозе рабочей силы из Республики Казахстан за границу. 
     3. Министерству иностранных дел Республики Казахстан производить выдачу въездных виз иностранным гражданам для трудовой деятельности при наличии разрешения на привлечение иностранной рабочей силы, выданного местным исполнительным органом.  <*>
     Сноска. В пункт 3 внесены изменения - постановлением Правительства РК от 22 июня 2005 г.  N 612 (порядок введения в действие см. п.2).
     4. Признать утратившим силу постановление Правительства Республики Казахстан от 4 июня 1997 года N 924  P970924_ "О лицензировании деятельности, связанной с привлечением в Республику Казахстан иностранной рабочей силы, а также вывозом рабочей силы из Республики Казахстан за границу" (САПП Республики Казахстан, 1997 г., N 24, ст.215). 
     5. Настоящее постановление вводится в действие с 1 июля 1999 года и подлежит опубликованию. 

      Премьер-Министр 
     Республики Казахстан

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан   
от 25 июня 1999 года N 862 

  Правила 
выдачи лицензий на деятельность, связанную с 
привлечением иностранной рабочей силы и вывозом 
рабочей силы из Республики Казахстан за границу  <*>

       Сноска. Правила исключены   постановлением Правительства РК от 11 июня 2007 г. N  480 (вводится в действие с 9 августа 2007 г.).

Утверждены         
постановлением Правительства
Республики Казахстан    
от 25 июня 1999 года N 862
 

  Правила 
условия и размеры внесения гарантийного 
и залогового взносов  <*>

      Сноска. Правила исключены (см.  п.1 постановления Правительства РК от 25 июня 1999 года N 862).

                                              Утверждены
                                   постановлением Правительства
                                       Республики Казахстан
                                    от 25 июня 1999 года N 862

                                 Правила 
                 оказания посреднической помощи гражданам 
                    по трудоустройству за границей 

                              1. Общие положения

      1. Основные понятия, используемые в настоящих Правилах: 
      1) иностранный работодатель - иностранное юридическое или физическое лицо, с которым работник состоит в трудовых отношениях; 
      2) трудовое посредничество - содействие населению при трудоустройстве со стороны уполномоченного органа по вопросам занятости, а также физических и юридических лиц любой формы собственности, занимающихся трудовым посредничеством; 
      3) уполномоченный орган по вопросам занятости - государственный орган, обеспечивающий реализацию государственной политики в сфере занятости на региональном (областном, городском, районном в городах, районном) уровне (в дальнейшем - уполномоченный орган); 
      4) центральный исполнительный орган - Министерство труда и социальной защиты населения Республики Казахстан. 

                    2. Порядок оказания посреднической 
                  помощи в трудоустройстве за границей 

      2. Граждане имеют право на самостоятельный поиск работы и трудоустройство за границей. 
      3. Физические и юридические лица, имеющие лицензии на деятельность, связанную с вывозом рабочей силы из Республики Казахстан за границу, могут оказывать посредническую помощь гражданам в трудоустройстве за границей. 
      4. Посредническая помощь физических и юридических лиц гражданам по трудоустройству за границей заключается: 
      1) в полном и достоверном информировании граждан о возможности получения и условиях работы за границей через средства массовой информации и индивидуально; 
      2) в сборе сведений о работодателях за границей, желающих нанять иностранную рабочую силу; 
      3) в сборе сведений о гражданах, желающих трудоустроиться за границей; 
      4) в оформлении контракта между иностранным работодателем и гражданином; 
      5) в оформлении разрешительных документов на вывоз граждан за границу; 
      6) в консультировании по законодательству и поведению в зарубежных странах. 
      6. Физические и юридические лица заключают договор с иностранным работодателем об оказании посреднических услуг в подборе работников. 
      Договор должен содержать обязательство иностранного работодателя о гарантировании возврата работников в Республику Казахстан, подтверждаемое документами о внесении гарантийного и залогового взноса в банки страны трудоустройства.  <*>
      Сноска. В пункт 6 внесены изменения постановлением Правительства РК от 24 апреля 2006 года N  316 .
      7. Граждане, желающие трудоустроиться за границей, заключают договор с юридическими или физическими лицами об оказании посреднических услуг в подборе работы. 
      8. Физические и юридические лица, оказывающие посредническую помощь гражданам но трудоустройству за границей, должны ежемесячно направлять информацию в уполномоченный орган по месту нахождения о вывозе рабочей силы за границу.
      9. Физические и юридические лица, оказывающие посредническую помощь по трудоустройству за границей, должны гарантировать возврат граждан к месту постоянного жительства в Республике Казахстан.
      10. Возраст вывозимых граждан не должен быть моложе 18 лет.
      11. Уполномоченный орган обязан ежеквартально представлять центральному исполнительному органу отчет о вывозимой рабочей силе.
      12. Нарушение настоящих Правил влечет ответственность согласно законодательству Республики Казахстан.   

Азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу жөнінде делдалдық көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2007.06.11.  N 480 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының  "Көшi-қон туралы" және  "Халықтың жұмыспен қамтылуы туралы" Заңдарын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
       Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз), 2007.06.11.  N 480 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

      1. Қоса берiлiп отырған: 
      Азаматтарға шетелде жұмысқа орналасу жөнiнде делдалдық көмек көрсетудiң тәртiбi бекiтiлсiн. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2001.06.19.  N 836 , 2006.04.24. N  316 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі), 2007.06.11.  N 480 (2007 жылғы 9 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

         2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi: 
      қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiм бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдегi еңбек қызметiнiң мәселелерi жөнiнде халықаралық шарттар жасасу туралы ұсыныс енгізсін; 
      жыл сайын жұмыс берушiлер Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде жалдайтын шетелдiк азаматтарды тұтастай алғанда және мамандықтар тобы бойынша республиканың аумағында жұмыс істеу үшiн тартуға арналған квотаны Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге енгiзсiн;
      жыл сайын жұмыс қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметiне шетелдiк жұмыс күшiн тарту және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығару туралы ақпарат ұсынсын.

      3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шетелдiк азаматтарға жергілiктi атқарушы орган берген шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсаты болған жағдайда келу визаларын берудi жүргiзсiн.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      4. "Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға, сондай-ақ жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметті лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1997 жылғы 4 маусымдағы N 924  қаулысының Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., N 24, 215-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      5. Осы қаулы 1999 жылдың 1 шiлдесiнен бастап қолдануға енгізiледi және жариялауға жатады.      

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы         
Yкiметiнiң               
1999 жылғы 25 маусымдағы         
N 862 қаулысымен           
бекiтiлген              

  Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн
Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға
байланысты қызметке лицензиялар берудiң
Тәртібі

        1. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшін
        Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға
        байланысты қызметке лицензиялар берудiң тәртiбi

      1. Заңды және жеке тұлғалардың шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметтi жүзеге асыру үшiн осындай қызметтi жүзеге асыруға арналған лицензиясы болуы тиiс.

      2. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия берудi Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитеті (Алматы қаласы бойынша - Алматы қаласының атқарушы органы) жүргiзедi.
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      3. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке арналған лицензия: 
      1) қызмет ауқымы бойынша - қолданылу мерзiмi шектеусiз берiлетiн бас лицензия болып табылады; 
      2) аумақтық сала бойынша - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитеті берген шетелдiк жұмыс күшiн әкелуге арналған лицензия Қазақстан Республикасының шетелдiк азаматтардың келуiне ашық барлық аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде (Алматы қаласынан басқа) қолданылады. Алматы қаласының атқарушы органы берген лицензияның күшi Алматы қаласының аумағында және Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қолданылады.
       Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      4. Лицензия алу үшiн мынадай құжаттар: 
      1) белгiленген үлгiдегi өтiнiш; 
      2) лицензиаттың қызметтiң лицензияланатын түрiмен айналысу құқығына арналған бiлiктiлiк талаптарына сай екендiгiн растайтын құжаттар;
      2-1) мемлекеттік тiркелгенi туралы куәліктің (заңды тұлғалар үшiн) немесе жеке кәсiпкер ретінде есепке қойылғаны туралы куәліктің көшiрмесi; 
      3) қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығы үшiн алым енгiзгенін растайтын құжат ұсыну қажет.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      5. Шетелдiк заңды және жеке тұлғалар, егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде өзгедей көзделмесе, лицензияны Қазақстан Республикасының заңды және жеке тұлғалары сияқты шарттармен алады.

      6. Заңды тұлғалардың өтінішi бойынша шешiм бiр ай мерзiмнен, ал шағын кәсiпкерлiк субъектiлерi үшiн өтiнiш берiлген күнінен бастап он күндiк мерзiмнен кешiктiрiлмей қабылданады. 

      7. Лицензия, егер: 
      1) қызметтің белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға аталған субъектi үшiн заң актiлерiмен тиым салынса; 
      2) лицензиялар туралы заңдарға сәйкес талап етілетiн барлық құжаттар ұсынылмаса; Өтініш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiзде қаралады;
      3) кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына алым енгiзiлмесе; 
      4) өтiнiш берушi белгiленген бiлiктiлiк талаптарына сай жауап бермесе; 
      5) өтiнiш берушiге қатысты соттың оған қызметтiң осы түрiмен айналысуға тыйым салатын шешiмi болса берiлмейдi.
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      8. Лицензия беруден бас тарту туралы шешiм лицензия беру үшiн белгiленетiн мерзiмде өтiнiш иесiне жазбаша түрде жiберiледi.

      8-1. Егер лицензия белгіленген мерзiмде берiлмесе немесе өтiнiш берушіге бас тарту негiзсiз болып көрінсе, ол бiр ай мерзiмде бұл iс-әрекеттерге сот тәртібiмен шағымдануға құқылы.
       Ескерту. 8-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 қаулысымен.

      9. Лицензия иелiктен шығарылмайтын, яғни лицензиат басқа жеке немесе заңда тұлғаға бере алмайтын болып табылады.

      9-1. Лицензия өзiнiң қолданылуын:
      1) лицензиялар керi қайтарып алынған;
      2) азаматтың кәсiпкерлiк қызметi тоқтатылған, бiр түрдегі заңды тұлғаның басқа түрдегi заңды тұлға болып қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруiн) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
      3) лицензия лицензиарға ерiктi түрде қайтарылған жағдайларда ғана тоқтатады.
      Ескерту. 9-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      10. Лицензияны керi қайтарып алу: 
      1) лицензиат лицензиядағы талаптарды орындамаған; 
      2) сот лицензиатқа қызметтiң оның жүзеге асыруға лицензиясы бар түрiмен айналысуға тыйым салған; 
      3) ол бойынша лицензиар лицензияның қолданылуын уақытша тоқтатқан себептерi жойылмаған;
      4) лицензия алу кезiнде лицензиат көрiнеу жалған ақпарат берген.
       Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      11. Лицензиар тоқтата тұрудың себептерiн көрсете отырып, лицензияның қолданылуын алты ай мерзiмге дейiн тоқтата тұруға құқылы.

      11-1. Сот шағын кәсiпкерлiк субъектісi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтінiшi бойынша жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекше жағдайларда көрсетілген мерзiмде сотқа қуыным өтiнiшiн мiндетті түрде ұсына отырып, 3 күннен аспайтын мерзiмге шағын кәсiпкерлiк субъектісi лицензиясының қолданылуын сот шешiмінсiз тоқтата тұруға жол беріледi. Бұл ретте тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

      12. Лицензияның қолданылуы анықталған жолсыздықтар жойылғаннан кейiн лицензиардың шешiмi бойынша жаңартылады, ол туралы лицензиарға жазбаша түрде хабарланады.

      13. Лицензия керi қайтарылып алынған немесе оның қолданылуы тоқтатыла тұрған жағдайларда кәсiпкерлiк қызметтiң жекелеген түрлерiмен айналысу құқығына арналған алым қайтарылуға жатпайды.

      14. Лицензиаттың лицензияның тоқтатыла тұруына және керi қайтарылуына байланысты барлық мәселелер бойынша лицензиардан жазбаша түрде растау алуға құқығы бар.

      15. Лицензиар лицензияның берiлуi, керi қайтарылып алынуы, қолданылуының тоқтатыла тұруы және жаңартылуы туралы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне, Сыртқы iстер министрлiгiне, Қорғаныс министрлiгiне және Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне ақпарат бередi.

      16. Лицензияны жоғалтып алған (жоғалған) жағдайда, көшiрме лицензиар белгiлеген шарттарға сәйкес берiледi.     

                 2. Лицензиялық ережелердің сақталуына 
                жауапкершiлiк және оны бақылау 

        17. Лицензиялық нормалар мен ережелердiң сақталуын бақылау  Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң Көшi-қон комитетi мен оның аумақтық органдарына (Алматы қаласы бойынша Алматы қаласының атқарушы органына) жүктеледi.
       Ескерту. 17-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

     18. Лицензия алмастан шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн шетелге шығаруға байланысты қызметке тыйым салынады.

     19. Лицензиялық нормалар мен осы Тәртiптi бұзу - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.     

               3. Қызметтiң лицензияланатын түрiне
                 қойылатын білiктiлiк талаптары 

         20. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия алуға үмiткер заңды немесе жеке тұлғаға (бұдан әрi - өтінiш берушi) қойылатын біліктілiк талаптары:
      1) жоғары немесе орта арнаулы заңгерлiк білiмi бар қызметкерлердiң;
      2) офис үшін меншiкті немесе жалға алған жұмыс орнының;
      3) еңбек биржаларымен, Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi ақпараттық-талдау орталығымен өзара iс-әрекетті қамтамасыз ететiн компьютерлер мен телекоммуникациялық жабдықтардың;
      4) шетелдiк жұмыспен қамту агенттіктерiмен ынтымақтастығы туралы шарт көшiрмесiнiң немесе шетелдiк жұмыс берушінің өтінiш берушімен ынтымақтасу ниетi туралы растамасының (жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке арналған) болуын қамтиды.
       Ескерту. 20-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

         21. <*>
      Ескерту. 21-тармақ алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2005.06.22.  N 612 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) қаулысымен.

Қазақстан Республикасы       
Үкiметiнiң             
1999 жылғы 25 маусымдағы      
N 862 қаулысымен         
бекiтiлген            

  Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың
Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан
Республикасы азаматтарының шетелде еңбек және
кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруының тәртiбi

  1. Жалпы ережелер 

       1. Осы Тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар: 
      1) кепiлдiктi және кепiл жарналар - шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың қолданылу кезеңiнде жұмыс берушiнiң қызметкердiң алдындағы мiндеттемелерiн қамтамасыз етуiнiң тәсілдері; 
      2) шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi шетелдiк жұмыс күшiн жолдауды жүзеге асыратын жұмыс берушiге беретiн белгiленген үлгiдегi құжат; 
      3) жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын, басшысы (әкiмшiлiгi) бiлдiретiн ұйым (заңды тұлға) не жеке тұлға; 
      4) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган аймақтық (облыстық, аудандық, қалалардағы аудандық, аудандық) деңгейде жұмыспен қамту саласында мемлекеттiк саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган); 
      5) орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi. 

  2. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың 
Қазақстан Республикасының аумағында еңбек және 
кәсiптiк қызметiн жүзеге асыруының тәртiбi

        2. Шетелдiктер (Қазақстан Республикасының аумағындағы заңды тұлғаның құрылтайшыларын қоса алғанда) мен азаматтығы жоқ адамдар (бұдан әрi - шетелдiк азаматтар) жұмыс берушiмен жасалған келiсiмшарттың (еңбек шартының, келiсiмнiң) негiзiнде Қазақстан Республикасының аумағында еңбек және кәсiптiк қызметтi жүзеге асыра алады.<*> 
       Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.05.15.  N 709 қаулысымен.

         3. Шетелдiк азаматтар, егер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осы лауазымға тағайындалуы немесе қызметтiң осы түрiмен айналысуы Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесiлiгiне байланысты болса, жекелеген лауазымдарға тағайындала немесе еңбек қызметiнiң жекелеген түрiмен айналыса алмайды.

      4. Шетелдiк азаматтардың еңбек қатынастарында Қазақстан Республикасының азаматтары сияқты құқығы болады және сондай жауаптылықта болады.

      5. Шетелдiк азаматтардың Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істеуiнiң тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жұмыс берушi мен шетелдiк азамат арасында жасалған келiсiм шарттың (еңбек шартының, келiсiмнiң) талаптарымен айқындалады.

      6. Келiсiмшарт (еңбек шарты, келiсiм) мiндеттi түрде жұмыс берушi мен қызметкер туралы деректердi, келiсiм-шарттың нысанасы туралы шартты, еңбекақы төлеудің, жұмыс және демалыс уақытының, өмiрi мен денсаулығын сақтандырудың, жұмыстағы жазатайым оқиғалардан сақтандырудың шарттарын, тараптардың мiндеттемелердi орындауы мен жауаптылығын, еңбек дауларын шешудiң тәсілдері туралы, қызметкердi тұрақты тұратын жерiне жұмыс берушiнiң есебiнен қайтару туралы, келiсiм-шартты қолданудың және оны бұзудың мерзiмдерi туралы негiзгi шарттарды қамтуға тиiс. Келiсiм-шарттың өзге шарттарын тараптар айқындайды.

      7. Жұмыс берушiлер орталық атқарушы органнан белгiленген квоталар шегiнде берiлетiн шетелдiк азаматтарды тартуға рұқсат алуға (1-қосымша) мiндеттi. 
      Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында олар берiлген лауазымдар шеңберiнде қолданылады.<*> 
       Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.05.15. N  709 қаулысымен. 

         8. Орталық атқарушы орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру туралы шешiм қабылдаған кезде мемлекеттiң iшкi еңбек рыногын қорғау жөнiндегi мүдделерiн басшылыққа алады. 

      9. Егер: 
      1) бұл адамдар ресми дипломатиялық, консулдық өкiлдiктер мен халықаралық ұйымдардың құрамына кiретiн болса немесе Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық келiсiмдердiң шеңберiнде сарапшы болып табылатын болса, <*> 
      2) бұл адамдар арнаулы орта және жоғары оқу орындарында оқитын болса; 
      3) бұл адамдар Қазақстан Республикасында ресми тiркелген бiрлестiктерiнiң дiни қайраткерлерi болатын болса; 
      4) бұл адамдар шетелдiк бұқаралық ақпарат құралдарының қызметкерлерi болып табылатын болса және Қазақстан Республикасында тiркелген болса; 
      5) бұл адамдар Қазақстан Республикасында тұруына ыхтияр хаты болса шетелдік жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсат талап етiлмейдi. 
      6) бұл адамдар шетелдік заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің басшылары (бірінші басшылары) болып табылады.<*> 
       Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2000.05.15. N   709 , 2000.11.14. N  1709 қаулыларымен.

         10. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат келiсiмшарттың (еңбек шартының, келiсiмнiң) қолданылу мерзiмiне берiледi.

      11. Жұмыс берушілер өздерi орналасқан жерi бойынша уәкiлеттi органға шетелдiк жұмыс күшін тарту үшiн қажетті құжаттармен қоса (2-қосымша) орталық атқарушы органның атынан өтiнiш беруi тиiс.

      12. Өтiнiшке: 
      1) тегiн, атын, әкесiнiң атын, туған күнi мен жылын, шыққан елін, мамандығы мен білімін, Қазақстан Республикасында қолданылатын қызметтердің, мамандықтардың және жұмыстардың бiрыңғай тарифтiк анықтамалығына (3-қосымша) сәйкес шақырылатын қызметтерi көрсетiле отырып, жұмыс берушiлердiң қолы мен мөрi бар бес данада әкелiнетiн, жұмыс күшiнiң тiзiмi; 
      2) жұмыс берушiнiң жалданушы қызметкерлермен келiсiмшартының (еңбек шартының, келiсiмнiң) көшiрмесi; 
      3) халықаралық үлгiдегi медициналық анықтама - ВИЧ-ке тексеру анықтамасы қоса берiледi.

      13. Шетелдiк жұмыс күшi, тартылған жерi бойынша уәкiлеттi органдар ұсынылған құжаттар негiзiнде, екi аптадан аспайтын мерзiм iшiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсатты берудiң мүмкiндiгi туралы негiзделген қорытынды шығарады және оны ұсынылған құжаттармен бiрге орталық атқарушы органға жолдайды.

      14. Орталық атқарушы орган жұмыс берушiлердiң шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беру туралы өтiнiшiн екi аптадан аспайтын мерзімде, ал шағын субъектiлер үшiн он күннiң iшiнде қарайды. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған рұқсаттың мерзiмi лицензиар шешiм қабылдаған күннен бастап есептеледi.

      15. Жұмыс берушiге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат беруден: 
      1) талап етiлетiн құжаттарды ұсынбаған; 
      2) құжаттар ресiмделуiнiң осы Тәртiптiң шарттарына сәйкес келмеуi жағдайында бас тартылды.

      16. Орталық атқарушы орган шетелдiк жұмыс күшiн тартуға берiлген рұқсаттар туралы Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне, Сыртқы iстер министрлiгiне, Шекара әскерлерiнiң қолбасшысына хабарлайды.

      17. Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе келiсiмдерде жұмыс күшiн ауыстырудың өзгеше ережелерi белгiленген жағдайда халықаралық шарттың (келiсiмнiң) ережелерi қолданылады. 

      18. Жұмыс берушi кепiлдiктi және кепiл жарналарын енгiзу жолымен келiсiмшарттың мерзiмi аяқталған соң, шетелдiк жұмыс күшiн әкетуге кепiлдiк бередi.

      19. Осы Тәртiптi бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.

  3. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек 
және кәсiптiк қызметтi жүзеге асыруының тәртiбi 

      20. Қазақстан Республикасының әскери қызметте жүрген азаматтарынан басқа азаматтарының шетелдегi еңбек қызметiне құқығы бар.

      21. Қазақстан Республикасының азаматтары шетелде еңбек қызметiн өз бастамашылығымен немесе заңды немесе жеке тұлғалардың тарапынан еңбекке орналастыру бойынша делдалдық көмектiң нәтижесiнде жүзеге асырады.

      22. Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелде еңбек және кәсiби қызметтi жүзеге асыруының шарттары, еңбекке орналастыру мемлекеттiң жұмыспен қамту заңдарына сәйкес, жұмыс берушiлермен келiсiмшарттарда айқындалады.

      23. Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек қызметiн жүзеге асыру мақсатында шетелге баруын шектеуге мынадай жағдайларда:
     1) егер олар мемлекеттік құпияны құрайтын мәлiметтерге ие болса - осы жағдаяттардың қолданылуы аяқталғанға дейiн;
     2) егер оларды қылмыстық жауапқа тартуға негiз болса - iс бойынша iс жүргiзу аяқталғанға дейiн;
     3) егер олар қылмыс жасағаны үшiн сотталған болса - жазасын өтегенге немесе жазадан босатылғанға дейiн;
     4) егер олар сот жүктеген мiндеттемелердi орындаудан жалтарса - мiндеттемелердi орындағанға дейін;
     5) егер оларға сотта азаматтық талап-арыз ұсынылса - іс бойынша iс жүргiзу аяқталғанға дейiн;
     6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген өзге де негiздер бойынша жол берiледi.

     24. Жұмыс берушi, келiсiм-шарт (еңбек шарты, келiсiмi) бұзылған немесе тоқтатылған жағдайда, Қазақстан Республикасы азаматының өзінің тұрақты тұратын жерiне қайтып оралуына кепiл енгізуге міндетті.     

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың        
Қазақстан Республикасының аумағында және         
Қазақстан Республикасы азаматтарының           
шетелде еңбек және кәсіби қызметтерді           
жүзеге асыруының тәртіптеріне                
1-қосымша                            

  Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі    Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған
Рұқсат
(тізімдері қоса берілмесе жарамсыз)

      N________                                  1999 ж.____"___"
     Жұмыс беруші ________________________________________________________________
            (заңды тұлға үшін: атауы, мекен-жайы,
________________________________________________________________
          тіркелу нөмірі, тіркелген күні:     ________________________________________________________________
     жеке тұлға үшін тегі, аты, әкесінің аты, төлқұжаттық деректері, тұратын мекен-жайы)     ________________________________________________________________
     Рұқсат қолданылатын аумақ
______________________________________
_______________________________________________

     Әкелінетін жұмысшылар мен мамандардың саны
_____________________
     Мамандықтары бойынша жұмыс орындары
____________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

     Шыққан елі
_____________________________________________________
     Рұқсат беру үшін негіздеме
_____________________________________
________________________________________________________________
            (аумақтық органның ұсынысы)
________________________________________________________________
     Рұқсаттың қолданылу мерзімі _________ бастап _____________
дейін                        (күні, айы, жылы)  (күні. айы, жылы)

     Ерекше 
     жағдайлар
_______________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________

     Мөрі:                                          Қолы:

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың         
Қазақстан Республикасының аумағында және         
Қазақстан Республикасы азаматтарының            
шетелде еңбек және кәсіби қызметтерді           
жүзеге асыруының тәртіптеріне               
2-қосымша                          

     _____________________________________________________________
             (рұқсат беретін органның толық атауы)     

     _____________________________________________________________
            (жеке немесе заңды тұлғаның толық атауы)
     _____________________________________________________________      

                               Өтініш

     Қазақстан Республикасы ___________________________ облысының
     аумағына ______________ мерзімге шетелдік жұмыс күшін тартуға 
     рұқсат беруді сұраймын     

                     Жұмыс беруші туралы мәліметтер     

     1. Меншік нысаны ___________________________________________
     2. Құрылған жылы ___________________________________________
     3. Тіркеу туралы куәлік ____________________________________
     ____________________________________________________________
                 (заңды тұлға үшін: N, кім және қашан берген)
     ____________________________________________________________
      (жеке тұлға үшін:т.а.ә., төлқұжаттық деректері, тұратын мекен-жайы)
     4. Мекен-жайы ______________________________________________
     5. Қоса берілетін құжаттар _________________________________
     ____________________________________________________________
     ____________________________________________________________
     ____________________________________________________________
     "Қолданылып жүрген Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру
     туралы ережемен және Тиісті төлемдер туралы нұсқаулықпен 
     таныстық"
     Басшы ______________                         _______________
 
           "___"___________1999 ж. 

     Өтініш қарауға 1999 ж. "____"______________ қабылданды
     ____________________________________________________________
                     (жауапты адамның қолы)     

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың       
Қазақстан Республикасының аумағында және        
Қазақстан Республикасы азаматтарының          
шетелде еңбек және кәсіби қызметтерді          
жүзеге асыруының тәртіптеріне              
3-қосымша                           

___________________________________________________________________
NN  Аты-жөні Туған  Баратын  Мамандығы Білімі Ұйымдағы  БТБА сәйкес
р/р          күні   елі                       лауазымы  лауазымы

1. 
2.
3.
2.
3.       

Қазақстан Республикасы           
Үкiметінің                  
1999 жылғы 25 маусымдағы           
N 862 қаулысымен                
бекітілген                    

  Кепiлдiктi және кепiл жарналарды енгізудің тәртiбi,
шарттары және мөлшерлерi

       Ескерту. Қосымша алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2006.04.24. N  316 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулыcымен.

Қазақстан Республикасы         
Үкiметінің                
1999 ж. 26 маусымдағы         
N 862 қаулысымен           
бекітілген               

  Азаматтарға шетелде жұмысқа орналастыру жөнiнде
делдалдық көмек көрсетудiң
тәртібі

  1. Жалпы ережелер 

      1. Осы Тәртiпте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар:
      1) шетелдiк жұмыс берушi - қызметкер еңбек қатынасында тұратын шетелдiк заңды немесе жеке тұлға;
      2) еңбек делдалдығы - жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi органның, сондай-ақ еңбек делдалдығымен айналысатын меншіктің кез келген нысанындағы жеке заңды тұлғалардың тарапынан еңбекке орналастыру кезiнде халыққа жәрдем көрсету; 
      3) жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi орган - аймақтық (облыстық, қалалық, қалалардағы аудандық, аудандық) деңгейде жұмыспен қамту саласында мемлекеттік саясатты iске асыруды қамтамасыз ететiн мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi органы); 
      4) орталық атқарушы орган - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi. 

  2. Шетелге жұмысқа орналасуға делдалдық 
көмек көрсетудiң тәртiбi

      2. Азаматтардың шетелде өз бетiмен жұмыс iздеуге және еңбекке орналасуға құқығы бар. 

      3. Қазақстан Республикасынан шетелге жұмыс күшiн шығаруға байланысты қызметке лицензиясы бар жеке және заңды тұлғалар азаматтарға шетелге еңбекке орналастыруда делдалдық көмек көрсете алады.

      4. Жеке және заңды тұлғалардың азаматтарға шетелге еңбекке орналастыру жөнiндегi делдалдық көмегi: 
      1) шетелге жұмысқа тұру мүмкiндігi мен жұмыс жағдайлары туралы азаматтарды бұқаралық ақпарат құралдары арқылы және жеке, толық және анық ақпараттандырудан; 
      2) шетелдiк жұмыс күшiн жалдағысы келетiн шетелдегі жұмыс берушiлер туралы мәлiметтер жинаудан; 
      3) шетелге еңбекке орналасқысы келетiн азаматтар туралы мәлiметтер жинаудан; 
      4) шетелдiк жұмыс берушi мен азаматтың арасындағы келiсiм-шартты ресiмдеуден; 
      5) азаматтарды шетелге шығаруға арналған рұқсат құжаттарын ресiмдеуден; 
      6) шет елдердегi заңдар мен өзiн өзi ұстау жөнiнде консультациялар беруден тұрады.

      6. Жеке және заңды тұлғалар шетелдiк жұмыс берушiмен жұмысшы таңдауда делдалдық қызмет көрсету туралы шарт жасасады.
      Шарт жұмысқа орналастыратын елдiң банктерiне кепiлдiк берiлген және кепiл жарна енгiзiлгенi туралы құжаттармен расталатын, қызметкерлердiң Қазақстан Республикасына қайтып келу кепiлдiгi туралы шетелдiк жұмыс берушiнiң мiндеттемесiн қамтуға тиіс.
       Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2006.04.24. N  316 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулыcымен.

      7. Шетелге еңбекке орналасқысы келетін азаматтар заңды немесе жеке тұлғалармен жұмыс таңдауда делдалдық қызмет көрсету туралы шарт жасасады.

      8. Азаматтарға шетелде еңбекке орналасуда делдалдық көмек көрсететін жеке және заңды тұлғалар орналасқан жері бойынша уәкілетті органға ай ай сайын жұмыс күшін шетелге шығару туралы ақпарат жолдауы тиiс.

      9. Шетелде еңбекке орналасу жөнiнде делдалдық көмек көрсететiн жеке және заңды тұлғалар азаматтардың Қазақстан Республикасындағы тұрақты тұратын жерiне қайтып келуiне кепiлдiк беруi тиiс.

      10. Шетелге шығарылатын азаматтардың жасы 18-ден жас болмауы керек.

      11. Уәкiлеттi орган тоқсан сайын орталық, атқарушы органға шығарылатын жұмыс күшi туралы есеп ұсынуға мiндетті.

      12. Осы Тәртiптi бұзу - Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соқтырады.