Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы N 612 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2012.01.19 № 124 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн еткен соң, бірақ 2012.01.30 ерте емес қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi  ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. "Шетелдiк жұмыс күшін тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға лицензия беру мәселелерi жөніндегi тәртіптердi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметінiң 1999 жылғы 25 маусымдағы N 862  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 29, 280-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілсін:

      кiрiспедегi "Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Лицензиялау туралы" 1995 жылғы 17 сәуiрдегi N 2200 Заң күшi бар Жарлығын," деген сөздер алынып тасталсын, "Қазақстан Республикасының" деген сөздерден кейін "Лицензиялау туралы"," деген сөздермен толықтырылсын;

      3-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі" деген сөздер "жергілiктi атқарушы орган" деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекiтілген Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензиялар берудiң тәртiбiнде:
      2-тармақтағы және 3-тармақтың 2) тармақшасындағы "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгiнiң Көшi-қон комитеті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      4-тармақ мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
      "2-1) мемлекеттік тiркелгенi туралы куәліктің (заңды тұлғалар үшiн) немесе жеке кәсiпкер ретінде есепке қойылғаны туралы куәліктің көшiрмесi;";

      7-тармақтың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын:
      "Өтініш берушi көрсетiлген кедергiлердi жойған кезде өтiнiш жалпы негiзде қаралады;";

      мынадай мазмұндағы 8-1-тармақпен толықтырылсын:
      "8-1. Егер лицензия белгіленген мерзiмде берiлмесе немесе өтiнiш берушіге бас тарту негiзсiз болып көрінсе, ол бiр ай мерзiмде бұл iс-әрекеттерге сот тәртібiмен шағымдануға құқылы.";

      мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
      "9-1. Лицензия өзiнiң қолданылуын:
      1) лицензиялар керi қайтарып алынған;
      2) азаматтың кәсiпкерлiк қызметi тоқтатылған, бiр түрдегі заңды тұлғаның басқа түрдегi заңды тұлға болып қайта құрылуын (ұйымдық-құқықтық нысанының өзгеруiн) қоспағанда, заңды тұлға қайта ұйымдастырылған немесе таратылған;
      3) лицензия лицензиарға ерiктi түрде қайтарылған жағдайларда ғана тоқтатады.";

      10-тармақ 3) тармақшадағы "жойылмаған" деген сөзден кейiн ";" белгiсi қойылып, мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
      "4) лицензия алу кезiнде лицензиат көрiнеу жалған ақпарат берген";

      мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
      "11-1. Сот шағын кәсiпкерлiк субъектісi лицензиясының қолданылуын тоқтата тұруды лицензиардың, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың өтінiшi бойынша жүргiзедi.
      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген ерекше жағдайларда көрсетілген мерзiмде сотқа қуыным өтiнiшiн мiндетті түрде ұсына отырып, 3 күннен аспайтын мерзiмге шағын кәсiпкерлiк субъектісi лицензиясының қолданылуын сот шешiмінсiз тоқтата тұруға жол беріледi. Бұл ретте тоқтата тұру туралы акт сот шешiмi шығарылғанға дейiн қолданылады.";

      17-тармақтағы "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлiгінiң Көшi-қон комитетi" деген сөздермен ауыстырылсын;

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "20. Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға және жұмыс күшiн Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке лицензия алуға үмiткер заңды немесе жеке тұлғаға (бұдан әрi - өтінiш берушi) қойылатын біліктілiк талаптары:
      1) жоғары немесе орта арнаулы заңгерлiк білiмi бар қызметкерлердiң;
      2) офис үшін меншiкті немесе жалға алған жұмыс орнының;
      3) еңбек биржаларымен, Жұмыспен қамту мәселелерi жөнiндегi ақпараттық-талдау орталығымен өзара iс-әрекетті қамтамасыз ететiн компьютерлер мен телекоммуникациялық жабдықтардың;
      4) шетелдiк жұмыспен қамту агенттіктерiмен ынтымақтастығы туралы шарт көшiрмесiнiң немесе шетелдiк жұмыс берушінің өтінiш берушімен ынтымақтасу ниетi туралы растамасының (жұмыс күшін Қазақстан Республикасынан шетелге шығаруға байланысты қызметке арналған) болуын қамтиды.";

      21-тармақ алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнiнен бастап он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады