О внесении изменений и дополнений в некоторые нормативные правовые акты Республики Казахстан по вопросам ведения системы реестров держателей ценных бумаг

Постановление Правления Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций от 4 октября 2010 года № 151. Зарегистрировано в Министерстве юстиции Республики Казахстан 9 ноября 2010 года № 6633. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка Республики Казахстан от 19 декабря 2015 года № 254

      Сноска. Утратило силу постановлением Правления Национального Банка РК от 19.12.2015 № 254 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      В целях совершенствования нормативных правовых актов Республики Казахстан регулирующих деятельность субъектов рынка ценных бумаг, Правление Агентства Республики Казахстан по регулированию и надзору финансового рынка и финансовых организаций (далее - Агентство) ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Утратил силу постановлением Правления Национального Банка РК от 27.08.2014 № 167 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      2. Внести в постановление Правления Агентства от 29 декабря 2008 года № 238 "Об утверждении Правил осуществления деятельности центрального депозитария" (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 5531), следующие изменения и дополнения:
      в Правилах осуществления деятельности центрального депозитария, утвержденных указанным постановлением:
      в пункте 41:
      в части первой слова "случаях приостановления действия, лишения или прекращения действия" заменить словами "случае лишения";
      в части второй слова "уполномоченного органа" заменить словом "эмитента";
      дополнить пунктами 41-1, 41-2 и 41-3 следующего содержания:
      "41-1. В случае, предусмотренном пунктом 67-1 Правил ведения системы реестров держателей ценных бумаг, утвержденных постановлением Правления Агентства от 25 февраля 2006 года № 62 (зарегистрированным в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов под № 4175), центральный депозитарий принимает от регистратора документы, составляющие систему реестров держателей ценных бумаг эмитентов, на бумажном и электронном носителях и обеспечивает их хранение.
      41-2. Документы на электронных носителях, принятые центральным депозитарием в соответствии с пунктом 41-1 настоящих Правил, подлежат хранению до момента их передачи новому регистратору в порядке, установленном пунктом 41-3 настоящих Правил.
      Документы на бумажных носителях, принятые центральным депозитарием в соответствии с пунктом 41-1 настоящих Правил, подлежат хранению в течение пяти лет с даты их приема на хранение.
      В течение всего срока хранения документов, принятых центральным депозитарием в соответствии с пунктом 41-1 настоящих Правил, центральный депозитарий не осуществляет информационные операции и операции по лицевым счетам в системах реестров держателей ценных бумаг таких эмитентов, за исключением операций по аннулированию выпуска ценных бумаг.
      41-3. Документы, составляющие систему реестров держателей ценных бумаг эмитента, принятые центральным депозитарием в соответствии с пунктом 41-1 настоящих Правил, передаются центральным депозитарием по акту приема-передачи новому регистратору на основании решения эмитента о выборе регистратора общества и копии заключенного с новым регистратором договора.
      Акт приема-передачи подписывается первыми руководителями центрального депозитария, эмитента и регистратора и заверяется их печатями. Содержание и порядок оформления акта приема-передачи определяется сводом правил центрального депозитария.".
      3. Настоящее постановление вводится в действие по истечении четырнадцати календарных дней со дня его государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан.
      4. Департаменту надзора за субъектами рынка ценных бумаг и накопительными пенсионными фондами (Хаджиева М.Ж.):
      1) совместно с Юридическим департаментом (Сарсенова Н.В.) принять меры к государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления;
      2) в десятидневный срок со дня государственной регистрации в Министерстве юстиции Республики Казахстан настоящего постановления довести его до сведения заинтересованных подразделений Агентства, Объединения юридических лиц "Ассоциация финансистов Казахстана".
      5. Службе Председателя Агентства (Кенже А.А.) принять меры по опубликованию настоящего постановления в средствах массовой информации Республики Казахстан.
      6. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на заместителя Председателя Агентства Алдамберген А.У.

      Председатель                               Е. Бахмутова

Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2010 жылғы 4 қазандағы № 151 Қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2010 жылғы 9 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 6633 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 167 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      2. Агенттік Басқармасының «Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесінде:
      41-тармақта:
      бірінші бөліктегі «лицензиясының қолданылуының тоқтатыла тұруы, айыру немесе тоқтату» деген сөздер «лицензиясынан айыру» деген сөздермен ауыстырылсын;
      екінші бөліктегі «уәкілетті органның» деген сөздер «эмитенттің» деген сөзбен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы 41-1, 41-2 және 41-3-тармақтармен толықтырылсын:
      «41-1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысымен (Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 4175 тіркелген) бекітілген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесін жүргізу ережесінің 67-1-тармағында көзделген жағдайда орталық депозитарий қағаз және электронды тасымалдауыштағы бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттарды тіркеушіден қабылдап алады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді.
      41-2. Осы Ереженің 41-1-тармағына сәйкес қабылданған электронды тасымалдауыштағы құжаттар осы Ереженің 41-3-тармағында белгіленген тәртіпте оларды жаңа тіркеушіге өткізгенге дейін сақталуға тиіс.
      Осы Ереженің 41-1-тармағына сәйкес қабылданған қағаз тасымалдауыштағы құжаттар сақталуға қабылданған күннен бастап бес жыл ішінде сақталуға тиіс.
      Осы Ереженің 41-1-тармағына сәйкес орталық депозитариймен қабылданған құжаттар сақталудың барлық мерзім ішінде орталық депозитарий бағалы қағаздар шығарылымын жою операцияларын қоспағанда, ақпараттық операциялар мен осындай эмитенттердің бағалы қағаздарын ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйелеріндегі жеке шоттар бойынша операцияларды жүзеге асырмайды.
      41-3. Осы Ереженің 41-1-тармағына сәйкес орталық депозитариймен қабылданған эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттары орталық депозитариймен қоғамның тіркеушісін таңдау және оған осы эмитенттің бағалы қағаздарын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін құрайтын құжаттарды өткізу туралы эмитенттің шешімі негізінде жаңа тіркеушіге қабылдау-өткізу актісі бойынша өткізіледі.
      Қабылдау-өткізу актісіне орталық депозитарийдің, эмитенттің және тіркеушінің бірінші басшылары қол қояды және олардың мөрлерімен расталады. Қабылдау-өткізу актісінің мазмұны және оны ресімдеу тәртібі орталық депозитарийдің ережелер жинағында айқындалады.».
      3. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлiгiнде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күнтізбелік күннен кейін қолданысқа енгiзiледi.
      4. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап, он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жеткізсін.
      5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
      6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

      Төрайым                                    Е. Бахмутова