Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 238 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 5 ақпанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5531 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 19.12.2015 № 254 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз.

       "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қаржы жүйесінің тұрақтылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 23 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Орталық депозитарийдің қызметті жүзеге асыру ережесі осы қаулының 1-қосымшасына сай бекітілсін.

      2. Агенттік Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 27 мамырдағы N 128 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4265 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      4. Орталық депозитарий 2009 жылдың 1 қазанына дейінгі мерзімде өзінің ішкі құжаттарын осы қаулының талаптарына сәйкестендірсін.

      5. Бағалы қағаздар нарығының субъектілерін және жинақтаушы зейнетақы қорларын қадағалау департаменті (М.Ж. Хаджиева):

      1) Заң департаментiмен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;

      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне, Орталық депозитарийге мәлімет үшін жіберсін.

      6. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ө.Кенже) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      7. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары А.Ө. Алдамбергенге жүктелсін.

Төрайым

Е. Бахмутова


  Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын және қаржы ұйымдарын
реттеу мен қадағалау агенттігі
Басқармасының
2008 жылғы 29 желтоқсандағы
N 238 қаулысымен бекітілген

Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру
ережесі

      Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру жөніндегі осы ереже

      Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы "Ақша төлемi мен аударымы туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы, "Бағалы қағаздар рыногы туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 2 шілдедегі Заңдарына сәйкес әзірленді және орталық депозитарийдің бағалы қағаздар рыногындағы қызметін жүзеге асыру талаптары мен тәртібін белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       1. Осы Ережелердің мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) депонент клиенті - номиналды ұстаушы қызметін көрсету туралы олармен жасалған шартқа сәйкес депонент қызметін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) есеп айырысу ұйымы - орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша ұлттық валютада (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) және шетел валютасында (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында және шетелде кастодиандық қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, халықаралық және шетел депозитарийлері және кастодиандар) ақшаны аударуды және есепке алуды жүзеге асыратын ұйым;

      3) есепке алу ұйымы – тіркеуші, кастодиан банк, қаржы құралдарын есепке алу үшін орталық депозитарийдің атына жеке шоттар ашылған халықаралық және шетелдік депозитарийлер;

      4) қосалқы шот – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын депонентке (депонент клиентіне) немесе ұйымдарға тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған жеке шот шеңберінде ашылатын қосалқы шот;

      5) резерв орталығы - орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын электронды деректердің сақталуын жүзеге асыратын ұйым;

      6) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       2. Алынып тасталды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.

      3. Орталық депозитарийдің ұйымдық құрылымына мыналарды жүзеге асыратын жекелеген бөлімшелер енгізіледі:

      1) депозитарлық қызмет;

      2) қаржы құралдары бойынша кіріс төлеу және оларды өтеу кезінде, сондай-ақ депоненттердің және олардың клиенттерінің ақшасын есепке алу және сақтау үшін ағымдағы шоттарды ашу және жүргізу барысында қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу үшін ақшаны аудару;

      3) тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу;

      4) қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі клиринг қызметі;

      5) тәуекелдерді басқару;

      6) ішкі аудит.

      Осы тармақтың 4) тармақшасында белгіленген талап орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелер жөніндегі клиринг қызметін жүзеге асырған кезде қолданылады.

      Осы тармақта көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлеріне басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқаруға жол берілмейді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (01.08.2012 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       3-1. Орталық депозитарий меншікті активтер есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін құрамы үш адамнан кем емес инвестициялық комитетті құрады.

      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.

       3-2. Инвестициялық комитеттің құрамына мыналар кіреді:

      1) орталық депозитарийдің атқарушы органының мүшелері;

      2) тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын орталық депозитарийдің бөлімшесінің басшысы.

      Ескерту. 3-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.

       3-3. Орталық депозитарийдің атқарушы органы инвестициялық комитетінің мүшелерін сайлауды жүзеге асырады.

      Ескерту. 3-3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (01.08.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       3-4. Инвестициялық комитеттің қызметінің тәртібі орталық депозитарийдің ішкі құжаттарымен белгіленеді.

      Ескерту. 3-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.

       4. Орталық депозитарий:

      1) рейтингтік агенттіктерді;

      2) ақпараттық-талдау қызметін көрсететін ұйымдарды;

      3) орталық депозитарийдің қызметіне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды;

      4) тіркеушіні;

      5) клиринг немесе есеп айырысу ұйымдарын (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін қоспағанда) қоспағанда, заңды тұлғалардың құрылуына және қызметіне қатыспайды.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       4-1. Орталық депозитарий тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі Нұсқаулықты бекіту туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы № 62 қаулысында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4175 тіркелген) белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.08.24 № 276 (01.08.2012 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       4-2. Орталық депозитарий мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді орталық депозитарий ережелерінің жинағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      Ескерту. 4-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       5. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің резервтік көшірмесін жасауды және оларды сақтауды күн сайын жүзеге асырады.

      Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсатсыз кіруден қорғалуға жатады және оларды жаңартылған резервтік көшірмелермен ауыстырғанға дейін сақталады.

      Резервтік көшірмелерді сақтау резерв орталығында не қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның сейфтік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясын иеленген ұйымда ақпараттың сыртқы тасымалдағыштарында жүзеге асырылады.

      Резервті көшірмелерді сақтау шартын жасаған (бұзған) күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде орталық депозитарий бұл туралы уәкілетті органға шарт жасаған (бұзған) ұйымның атауын, сондай-ақ шарт жасалған күн мен оның нөмірін көрсете отырып хабарлайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

2. Депозитарлық қызмет көрсету шарты және
банк шотының шарты

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       6. Депоненттер, олардың клиенттері, орталық депозитариймен тиісті шарт жасасқан эмитенттер және уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар орталық депозитарийдің депозитарлық қызметті жүзеге асыруы кезіндегі клиенттері болып табылады.

      Орталық депозитарий банк шоттарын ашу мен жүргізу жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде орталық депозитарийдің клиенттері болып уәкілетті органның лицензиясы негізінде және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын, орталық депозитариймен банк (ағымдағы немесе корреспонденттік) шоты шарттарын жасаған депоненттер және ұйымдар болып табылады.

      Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық банкі Басқармасының 2011.11.25 № 180 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

       7. Орталық депозитарийдің ережелер жиынтығын сақтау орталық депозитарийдің депоненттері болып табылатын және (немесе) орталық депозитарий қызметін пайдаланатын барлық субъектілер үшін міндетті болып табылады.

      Орталық депозитарий өз клиенттері мен сауда-саттықты ұйымдастырушыларды ережелер жиынтығындағы барлық өзгерістер мен толықтыруларды, сондай-ақ ұсынылатын қызметтерді төлеу мөлшері мен тәртібіндегі өзгерістер туралы оларды қолданысқа енгізген күнге дейін он бес күнтізбелік күннен кешіктірмей хабарлайды.

      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.

       8. Орталық депозитарий уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын депоненттермен және ұйымдармен депозитарлық қызмет көрсету шарттарын және банк шоты шарттарын жасайды. Шарттар жазбаша нысанда жасалуы тиіс.

      Орталық депозитарий бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметін көрсету кезінде депозитарлық қызмет көрсету шартында Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес номиналды ұстау туралы шарттың нормалары болуы тиіс.

      Банк шоты шартын жасау талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен белгіленеді.

3. Орталық депозитарийдің депозитарлық қызметі

      Ескерту. 3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       9. Орталық депозитарий өз клиенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары мен өзге қаржы құралдары жөніндегі мәмілелерін тіркеу, құқықтарын есепке алуды жүргізу және растау мақсатында жеке шоттарын (қосалқы шоттарын) ашады және күнін, уақытын әрі оларды жүргізу негіздерін көрсете отырып, жеке шоттар (қосалқы шоттар) бойынша барлық операциялардың есебін жүргізеді.

      10. Орталық депозитарий клиенттерінің қаржы құралдарын есептеу орталық депозитарийдің өзіне тиесілі қаржы құралдардан бөлек баланстан тыс шоттарда жүргізіледі.

      11. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоттар мынадай заңды тұлғаларға ашылады:

      1) бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның берген лицензиясына ие;

      2) бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның лицензиясына ие;

      3) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне;

      4) бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға уәкілетті органның берген лицензиясына ие;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес лицензиясыз дилерлік қызметті жүзеге асырушыларға;

      6) шетел депозитарийлері мен кастодиандарға.

      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жоғарыда аталған заңды тұлғаларға бір ғана жеке шот ашылады.

      Жеке шотты ашу орталық депозитарий клиентті тиісті тексеру бойынша "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасы Заңында (бұдан әрі – Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген шараларды қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз); өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       12. Осы Ереженің 11-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың жеке шоттарында атына осы жеке шот ашылған орталық депозитарий клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған бір ғана қосалқы шот ашылады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

       13. Депоненттер мен олардың клиенттерінің қаржы құралдарының бөлек есепке алынуын қамтамасыз ету үшін депоненттің жеке шотында мынадай қосалқы шоттар ашылады:

      1) депонент атына ашылған және депонентке тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты;

      2) депонент клиентінің атына ашылған және депоненттің белгілі бір клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған ұстаушының қосалқы шоты;

      3) номиналды ұстаушының атына ашылған және номиналды ұстаушыға берілген қаржы құралдарын есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты. Номиналды ұстаушының қосалқы шоты мыналарға ашылады:

      шетелдік депозитарийдің және кастодианның клиентіне;

      басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодианның клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент номиналды ұстаушысына;

      кастодиан клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының резиденті емес номиналды ұстаушысына;

      4) эмитент атына ашылған және эмитент бағалы қағаздардың қайталама рыногында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған эмитенттің қосалқы шоты;

      5) эмитент атына ашылған және осы эмитенттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған жарияланған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған эмитенттің қосалқы шоты.

      Жеке шотта депоненттің бір ғана қосалқы шоты ашылуы мүмкін.

      14. Орталық депозитарийдің депоненті номиналды ұстаушы есебінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен кастодиандық, брокерлік және дилерлік қызметті қоса атқарған кезде:

      1) осы Ереженің 13-тармағының 2), 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар номиналды ұстау қызметін көрсету арқылы брокерлік қызмет корсету туралы жасалған шартқа сәйкес депонентпен ұсынылған қосалқы шотты ашуға бұйрық негізінде ашылады;

      2) осы Ереженің 13-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар кастодиандық қызмет көрсету шартына сәйкес депонентпен ұсынылған қосалқы шотты ашуға берілген бұйрықтың негізінде мыналардың атына ашылады:

      кастодиандық қызмет көрсетуге берілген оларға тиесілі қаржы құралдарын есепке алатын Қазақстан Республикасының резиденттерінің;

      басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының номиналды ұстаушы резиденттерінің;

      Қазақстан Республикасының резидент еместерінің номиналды ұстаушыларының.

      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.

       15. Орталық депозитарий клиенттерінің жеке шоттарын (қосалқы шоттарын) ашу және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен белгіленеді.

      16. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен жасалған мәмілелерді тіркеу жөніндегі операцияларды және ақпараттық операцияларды мыналардың:

      1) осы Ереженің 11-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың тиісті бұйрықтарының;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушының бұйрықтарының;

      3) клиринг ұйымының бұйрықтары;

      4) эмитентің бұйрығы және тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шот бойынша жүргізілген осы эмитент шығарған қаржы құралдарын айырбастаған кездегі қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу бойынша операциялар туралы хабарламасы (есебі);

      4-1) егер тіркеуші операцияны эмитенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырған жағдайда, тіркеушіге орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша тіркелген операциялар туралы хабарлау (есеп);

      5) орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленген тәртіпте орталық депозитариймен шарт жасаған депонент клиентінің бұйрығы негізінде жүзеге асырады.

      Ақпараттық операциялар орталық депозитарийдің ережелер жиынтығында көзделген жағдайларда депонент клиенттерінің бұйрықтары негізінде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       17. Орталық депозитарий бұйрықты алған сәттен бастап күнтізбелік үш күн ішінде оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды мынадай жағдайларда ресімдейді:

      1) орталық депозитарий клиентінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясын қолдану тоқтатыла тұрғанда немесе айырғанда (қаржы құралдарын басқа депоненттерге номиналды ұстауға аудару немесе қаржы құралдарын орталық депозитарийдің номиналды ұстауынан шығару бойынша операциялар мен ақпараттық операцияларды қоспағанда);

      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бағалы қағаздарды айналысқа жіберуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға (ақпараттық операцияларды қоспағанда) уәкілеттік берілген уәкілетті орган немесе мемлекеттік органдар бағалы қағаздарды айналысқа жіберуді тоқтата тұрған немесе тоқтатқан кезде;

      3) бағалы қағаздар шығару талаптарына сәйкес бағалы қағаздар айналысы тоқтатыла тұрған немесе тоқтатылған кезде (ақпараттық операцияларды, номиналды ұстаушы ауысқан кезде немесе осындай бағалы қағаздарды өтеу кезінде жүргізілетін қажетті операцияларды, сондай-ақ жинақтаушы зейнетақы қорларына ашылған қосалқы шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ашылған қосалқы шоттарға есепке алу операцияларын қоспағанда);

      4) бұйрық орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен белгіленген нысанға сәйкес келмеген кезінде;

      5) бұйрықтың толтыру үшін міндетті деректемелерінің болмауы, сондай-ақ түзетулер немесе түзетілген жерлер болған кезде;

      6) бұйрықтардағы қойылған қол үлгілері (мөр бедерлері) нотариат куәландырған үлгілерге (бедерлерге) сәйкес келмегенде;

      7) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот (қосалқы шот) оқшауланғанда;

      8) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктер қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) (қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарына)) қаржы құралдарын есептен шығару (есепке алу) бойынша операциялар жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген қаржы құралдарына ауыртпалық салынғанда;

      9) орталық депозитарий клиенттерінің шоттарында (қосалқы шоттарында) қаржы құралдарының және (немесе) ақшаның қажетті саны болмаған кезде;

      10) қарсы бұйрық болмаған кезде, егер оны ұсыну қажеттігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленсе;

      11) қаржы құралдарын номиналды ұстауға (ұстаудан) енгізуге (шығаруға) орталық депозитарийдің бұйрығын есепке алу ұйымының орындамағаны туралы хабарламаны алған кезде;

      12) мәміле Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмеген кезде;

      13) орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленгеннен өзге жағдайларда.

      Жазбаша бас тарту почтамен және (немесе) қолға беру арқылы және (немесе) электронды почтамен және (немесе) факсимильді және (немесе) телексті және (немесе) телеграфтық хабармен немесе орталық депозитарийдің ережелер жинағында көзделген өзге де ықтимал байланыс түрлері арқылы жіберіледі.

      Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       18. Орталық депозитарий құжат нысанында шығарылған қаржы құралдарын және клиенттердің олар бойынша құқықтары туралы жазбаларды, оның ішінде көрсетілген ақпаратты көшіру жүйесін және жазбаларды сақтаудың қауіпсіз жүйесін пайдалану арқылы сақтау үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді.

      19. Орталық депозитарий құжат нысанында шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыруды өзінің орталық депозитарий клиенттерінің жеке шоттарындағы (қосалқы шоттарындағы) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде көрсетілген қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу және куәландыру арқылы жүзеге асырады.

      Орталық депозитарий қаржы құралдары бойынша клиенттердің құқықтарын орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзінді жазбаны беру арқылы растайды.

      20. Орталық депозитарий материалсыздандырылған қаржы құралдарын Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген тәртіппен сақтауды жүзеге асырады.

      21. Номиналды ұстаудағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу бойынша және оларды өтеген кезде төлем агентінің функцияларын орындау мақсатында орталық депозитарий бір мезгілде клиенттерге номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар (қосалқы шоттар) мен банк шоттарын ашады.

      22. Орталық депозитарий депоненттерінің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алу баланстан тыс шоттарда бөлек жүзеге асырылады.

      Клиенттердің және депоненттердің ақшасын есепке алуды орталық депозитарий екі банктік шоттар ашу жолымен жеке жүзеге асырады.

      Ескерту. 22-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.

       22-1. Орталық депозитарий күн сайын бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашылған шотта бар және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған әрбір клиенттің ақша сомасы туралы брокерлерден және (немесе) дилерлерден мәліметтерді қабылдауды қамтамасыз етеді.

      Бағалы қағаздардың орталық депозитарийінде ашылған шотта бар және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған әрбір клиенттің ақша сомасы туралы брокерлер және (немесе) дилерлер ұсынған мәліметтерді орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі клиенттің қосалқы шоты жабылған күннен бастап бес жыл ішінде сақтауы тиіс.

      Ескерту. 22-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.

       23. Қаржы құралдарымен мәмілелерді жасаған кезде ақша бойынша есеп айырысуды орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша орталық депозитарий немесе есеп айырысу ұйымы жүзеге асырады.

      24. Орталық депозитарий қаржы құралдарын номиналды ұстау бойынша функцияларды орындау аясында орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәлімет болмаған оның клиентінің артықшылығы бар сатып алу құқығын іске асыруға өтінімді депоненттен алғаннан кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей осы өтінімді эмитентке жібереді.

      25. Орталық депозитарий номиналды ұстау қызметін көрсету мақсатында өз атына:

      1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде номиналды ұстаушының жеке шотын;

      2) қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодиан банктерде, халықаралық және шетелдік депозитарийлердегі жеке шоттарын;

      3) орталық депозитарий кірісті төлеген кезде және(немесе) орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын өтеген кезде алатын ақшаны есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау үшін кастодиан банктерде, халықаралық және шетелдік депозитарийлерде банк шоттарын ашады.

      26. Мемлекеттік бағалы қағаздарды және олар бойынша құқықтарды есепке алуды орталық депозитарий Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.

      Орталық депозитарийдің мемлекеттік бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерге депозиторлық қызмет көрсетудің жүзеге асыру шарты мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен және орталық депозитарийдің ережелер жиынтығымен айқындалады.

      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010.02.01 N 5 қаулысымен.

       27. Орталық депозитарий клиенттер және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар алдында олардың жеке шоттарының (қосалқы шоттарының), банк шоттарының және көрсетілген шоттар бойынша жасалатын операциялардың жай-күйі туралы есеп береді.

      Клиенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (қосалқы шоттарынан) және банк шоттарынан үзінді-көшірмелерді ұсыну мерзімі орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленеді.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       27-1. Тіркеушінің сұратуы негізінде орталық депозитарий орталық депозитарийдің ережелер жинағында белгіленген тәртіппен айналыс мерзімі өткен, эмитенттің оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамауы нәтижесінде осы талап ету құқығы туындаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргішін беруді жүзеге асырады және тіркеушіге және уәкілетті органға осындай эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының берілген сәйкестендіргіші туралы мәліметтерді жібереді.

      Орталық депозитарий бір мезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жібере отырып, тіркеушіге:

      депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған эмитенттің жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін орталық қосалқы шотындағы және эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін қосалқы шотындағы айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы;

      Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шотындағы оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы мәліметті жібереді.

      Ескерту. Ереже 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       27-2. Орталық депозитарий тіркеушіден орталық депозитарийге бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шот бойынша айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу бойынша жүргізілген операциялар туралы хабарламаны (есепті) алғаннан кейін депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оқшаулауды жүргізуге құқығы бар мемлекеттік органдардың актілері, Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің негізінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) есептен шығару және осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық салу, сенімгерлікпен басқару) сақтай отырып, эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу жөніндегі операцияларды жүргізеді және депоненттерге:

      айналыс мерзімі өткен және эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент жол берген дефолт;

      эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына берілген сәйкестендіргіш;

      орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәліметтер қамтылған хабарлама жібереді.

      Орталық депозитарий орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен эмитенттің айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргіштері тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 27-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 215 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       27-3. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің негізінде эмиссиялық бағалы қағаздардың оқшаулауын алу бойынша операцияны жүргізген күнінен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей тіркеушіге ол туралы хабарлама жібереді.

      Ескерту. Ереже 27-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.08.2013 № 215 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2014.08.27 № 168 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

       27-4. Орталық депозитарий тіркеушіден қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдары акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесін және тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотынан үзінді-көшірмелер алған күні орталық депозитарийдің тіркеушідегі жеке шоты бойынша операцияларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті жеке шоттарда (қосалқы шоттарда) көрсетеді және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген операциялар туралы есептерді депоненттерге жібереді.

      Ескерту. Ереже 27-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

4. Жеке шоттардың бірыңғай жүйесін жүргізу
жөніндегі қызмет

      Ескерту. 4-тарау алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.03.26 № 122 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Қаулысымен.

5. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімдері жүйесін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет

      Ескерту. Ереже 5-тараумен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       28. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімдерінің жүйесін (бұдан әрі - тізілім) жүйесін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет екінші деңгейдегі банктер, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және инвестициялық портфельді басқару қызметін жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - субъектілер) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша берген ақпаратты қабылдаудан, жүргізуден және сақтаудан тұрады.

      Осы тармақтың талабы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне қолданылмайды.

      Ескерту. 28-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 22.10.2014 № 191 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

       29. Орталық депозитарийдің тізілімді жүргізу тәртібі, сондай-ақ субъектілер беретін ақпарат форматына қойылатын талаптар орталық депозитарийдің қағидалар жиынтығында белгіленеді.

      30. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу орталық депозитарийдің бағдарламалық қамтамасыз етуінде электрондық түрде жүзеге асырылады және осы Қағидалардың 1, 2, 3, 4-қосымшаларына сәйкес ақпаратты қамтиды.

      31. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орталық депозитарийдің тізілім жүргізу шеңберінде қалыптастырылатын деректер базасына кіруге рұқсаты бар.

      32. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкін туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша ақпаратты уақытылы ұсынбау не ұсынбау туралы хабардар ету мақсатында Орталық депозитарий бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиісті ақпарат жібереді.

      33. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы ақпаратты сақтау мерзімі шарттың қолданылу мерзімі тоқтаған күннен бастап 5 жылды құрайды.

  Орталық депозитарий қызметін
жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша

      ______________ - ______________________ аралығындағы кезеңге

      (екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің,

      инвестициялық портфельді басқарушының атауы)

туынды қаржы құралдарымен (фьючерс) мәмілелер
туралы ақпарат

      Ескерту. Ереже 1-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       1. Шарт жасалған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт жасалған күнді көрсету қажет.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күнді көрсету қажет.

      3. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйін мынадай кодтауға сәйкес көрсету қажет:

      T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

      P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылып тұрған;

      D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

      E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.

      4. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      5. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      6. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      7. Номиналды сома (клиенттердің қаражаты есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      1. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта базалық активті ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында жеткізу күнін көрсету қажет.

      2. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта базалық активті ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ. КК.АА. дейінгі нысанында жеткізу кезеңін көрсету қажет.

      3. Шарт бойынша есеп айырысу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша есеп айырысу күнін көрсету қажет.

      4. Шарт бойынша ақы төлеу мерзімі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейінгі нысанында шарт бойынша ақы төлеу мерзімін көрсету қажет.

      5. Есептеу әдісінің коды.

      Осы тармақта мына кодтауға сәйкес есептеу әдісін көрсету қажет:

      D – жеткізу;

      C – есептеу;

      DC –жеткізу-есептеу.

      6. Шарттың фьючерстік бағасы: ашу бағасы.

      Осы тармақта шарттың сауда мерзімі басталған кезде қалыптасқан бағасын көрсету қажет.

      7. Шарттың фьючерстік бағасы: спот бағасы.

      Осы тармақта шарттың ағымдағы нарықтық бағасын көрсету қажет.

  Орталық депозитарий қызметін
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша

      ______________ - _________________ аралығындағы кезеңге

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы ақпарат
(опцион)

      Ескерту. Ереже 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       (екінші деңгейдегі банктердің, брокердің және (немесе) дилердің,

      инвестициялық портфельді басқарушының атауы)

      1. Шарттың жасалған күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарт жасау күнін көрсету қажет.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі басталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарттың қолданылу мерзімі басталған күнді көрсету қажет.

      3. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күнді көрсету қажет.

      4. Осы тармақтағы туынды қаржы құралдарын жіктеу коды мыналарды көрсету қажет:

      1) Опционның түрі:

      сатып алушыға опцион бойынша базалық (базистік) активті сатуға немесе базалық (базистік) активті сатушының (опционның базалық (базистік) активі болып табылатын шарт бойынша сатушы) пайда алу құқығын беретін опцион (Пут опционы);

      сатып алушыға опцион бойынша базалық (базистік) активті сатып алуға немесе базалық (базистік) активті сатып алушының (опционның базалық (базистік) активі болып табылатын шарт бойынша сатып алушы) пайда алу құқығын беретін опцион (Колл опционы).

      2) Опционның типі:

      Америкалық опцион – опционды сатып алушы опционның орындау құқығын жүзеге асыру мерзімі ішінде оны кез келген күні орындалуын талап етуге құқылы;

      Еуропалық опцион - опционды сатып алушы опцион орындалуының шартта көзделген күні ғана орындалуын талап етуге құқылы;

      Бермудтық опцион - опционды сатып алушы шартта белгіленген күні оның орындалуын талап етуге құқылы.

      3. Базалық (базистік) актив бойынша атрибут:

      үлестік құралдар (акциялар, пайлар, акцияларға депозитарлық қолхаттар);

      борыштық қаржы құралдары (облигациялар, пайыздық ставкалар);

      тауарлар;

      валюта;

      шарт;

      индекс;

      активтер тобы;

      басқалар.

      5. Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің коды.

      Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің кодын мынадай түрде көрсету қажет:

      егер валюта базистік актив болып табылса, валютаның коды көрсетіледі, оның бірлігіне қатысты орындау бағасы белгіленеді;

      егер бағалы қағаз туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі болып табылса, ISIN (бағалы қағаздарды сәйкестендіруге арналған халықаралық нөмірлеу жүйесі) немесе ҰСН (Ұлттық сәйкестендіру нөмірі) коды мұндай активтің коды болып табылады;

      егер пайыздық ставка туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі болып табылса, мұндай активке орталық депозитарий белгілеген тәртіпте код беріледі.

      Бағалы қағазда ISIN (ҰСН) коды болмаған кезде тиісті код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі; - егер туынды қаржы құралының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.

      6. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйін мынадай кодтауға сәйкес көрсету қажет:

      T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

      P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылып тұрған;

      D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

      E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.

      7. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      8. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      9. Шарттың номиналды сомасы.

      Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      10. Пайызбен белгіленген мөлшерлеме.

      Осы тармақта белгіленген пайыздық мөлшерлемені көрсету қажет.

      11. Баға белгілеу күні және уақыты.

      Осы тармақта жеткізілмейтін туынды қаржы құралдары үшін баға белгілеу күні және уақыты көрсетіледі.

      12. Белгіленген мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) коды.

      Осы тармақта белгіленген мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) кодын көрсету қажет.

      13. Құбылмалы мөлшерлеме коды.

      Осы тармақта құбылмалы мөлшерлеме кодын көрсету қажет.

      14. Құбылмалы мөлшерлеменің (амортизация) ұлғаю коды.

      Осы тармақта құбылмалы мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) кодын көрсету қажет.

      15. Ең жоғарғы мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін көрсету қажет.

      16. Ең төменгі мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін көрсету қажет.

      17. Базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің коды.

      Осы тармақта шартқа сәйкес валютаны (дананы, тоннаны, баррельді, литрді және т.б.) қоспағанда, базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің кодын көрсету қажет. Кодта тиісті өлшемнің өзге сандық мәні (мың дана, миллион тонна, он текше метр және т.б.) көзделеді.

      18. Базалық (базистік) активтің номиналды сомасы (саны).

      Осы тармақта базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің сандық мәнін көрсету қажет.

      19. Опцион бағасы (сыйлықақысы).

      Осы тармақта опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валютадағы сандық мәнін көрсету қажет.

      20. Опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валюта коды.

      Осы тармақта опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валютада кодын көрсету қажет.

      21. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күнін көрсету қажет.

      22. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу кезеңін көрсету қажет.

  Орталық депозитарий қызметін
жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша

Туынды қаржы құралдарымен (форвард) мәмілелер туралы ақпарат

      Ескерту. Ереже 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       (екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің,

      инвестициялық портфельді басқарушының атауы)

      ______________ - _____________ аралығындағы кезең

      1. Шарт жасалған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт жасалған күнді көрсету қажет.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күнді көрсету қажет.

      3. Туынды қаржы құралының жіктеу коды.

      Осы тармақта базалық (базистік) активтердің түрлерін көрсету қажет;

      - үлестік құралдар (акциялар, пайлар);

      - үлестік қаржы құралдары (облигациялар, пайыздық ставкалар);

      - тауарлар;

      - валюта;

      - шарт;

      - индекс;

      - аралас инвестициялық портфель;

      - өзге.

      4. Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің коды.

      Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің кодын мынадай түрде көрсету қажет:

      егер базистік актив валюта болып табылса орындау бағасы белгіленетін бірлікке қатысты валюта коды көрсетіледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі бағалы қағаз болып табылса осындай активтің коды ISIN (Бағалы қағаздарды сәйкестендірудің халықаралық нөмірлеу жүйесі) немесе ҰСН (Ұлттық сәйкестендіру нөмірі) болып табылады;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі пайыздық ставка болып табылса осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.

      Бағалы қағазда ISIN (ҰСН) болмаған кезде орталық депозитарийде айқындалған тәртіпте белгіленеді тиісті коды беріледі; - егер туынды қаржы құралының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, онда осындай активке орталық депозитарий белгіленген тәртіпте код беріледі.

      5. Шарт бойынша міндеттемелер жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйін мынадай кодтауға сәйкес көрсету қажет:

      T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

      P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылып тұрған;

      D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

      E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.

      6. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      7. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      8. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      9. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      10. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күнін көрсету қажет.

      11. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейінгі аралығындағы нысанында базалық активті жеткізу кезеңін көрсету қажет.

      12. Баға белгілеу күні және уақыты.

      Осы тармақта жеткізілмейтін туынды қаржы құралдары үшін баға белгілеу күні және уақыты көрсетіледі.

      13. Шарт бойынша есептеу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша есептеу күнін көрсету қажет.

      14. Шарт бойынша ақы төлеу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша ақы төлеу кезеңін көрсету қажет

      15. Есептеу әдісінің коды.

      Осы тармақта есептеу әдісін мынадай кодтауға сәйкес көрсету қажет:

      D – жеткізу;

      C – есептік;

      DC - жеткізу-есептік

      16. Форвард бағасы берілген валюта коды.

      Осы тармақта форвард бағасы берілген валюта кодын көрсету қажет.

      17. Форвард бағасы төленетін валюта коды.

      Осы тармақта форвард бағасы төленетін валюта кодын көрсету қажет.

      18. Шарттың форвард бағасы: ашылу бағасы.

      Осы тармақта сауда кезеңі басталған кезде болған шарттың бағасын көрсету қажет.

      19. Шарттың форвард бағасы: спот бағасы.

      Осы тармақта шарттың ағымдағы нарықтық бағасын көрсету қажет.

  Орталық депозитарий қызметін
жүзеге асыру ережесіне
4-қосымша

      ______________ - ______________________ аралығындағы кезеңге

      (екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің,

      инвестициялық портфельді басқарушының атауы)

туынды қаржы құралдарымен (своп) мәмілелер туралы ақпарат

      Ескерту. Ереже 4-қосымшамен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 03.02.2014 № 11 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

       1. Шарт жасалған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт жасалған күнді көрсету қажет.

      2. Шарттың қолданылу мерзім басталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі басталған күнді көрсету қажет.

      Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күнді көрсету қажет.

      3. Туынды қаржы құралын жіктеу коды.

      Осы тармақта активтердің базалық (базистік) түрлері бойынша своптық әртүрлілігін былайша көрсету қажет:

      валюталық своп;

      пайыздық;

      валюталық-пайыздық своп;

      тауарлық своп;

      бағалы қағаздардың немесе индекстің свопы;

      өзге активтер немесе аралас активтер свопы.

      4. Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активтерінің коды.

      Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активтерінің кодын мынадай түрде көрсету қажет:

      егер базистік актив валюта болып табылса, орындау бағасы белгіленетін бірлікке қатысты валюта коды көрсетіледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі бағалы қағаз болып табылса, осындай активтің коды ISIN (Бағалы қағаздарды сәйкестендірудің халықаралық нөмірлеу жүйесі) немесе Ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) болып табылады. Бағалы қағазда ISIN/ҰСН коды болмаған кезде, тиісті код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі пайыздық мөлшерлеме болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.

      5. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйін мынадай кодтауға сәйкес көрсету қажет:

      T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігі жағдайларына байланысты бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

      P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша уақытша тоқтатылған;

      D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

      E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.

      6. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      7. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      8. Номиналды сома (өз қаражаты есебінен).

      Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада клиенттер қаражаты есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      9. Номиналды сома (клиенттер қаражаты есебінен).

      Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада клиенттердің өз қаражаты есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      10. Номиналды сома көрсетілген валюта коды.

      Осы тармақта номиналды сома көрсетілген валюта кодын көрсету қажет.

      11. Пайызбен белгіленген мөлшерлеме.

      Осы тармақта белгіленген пайыздық мөлшерлемені көрсету қажет.

      12. Белгіленген мөлшерлеменің амортизациясының (ұлғаю) коды.

      Осы тармақта белгіленген мөлшерлеменің амортизациясының (ұлғаю) кодын көрсету қажет.

      13. Құбылмалы мөлшерлеме коды.

      Осы тармақта құбылмалы мөлшерлеме кодын көрсету қажет.

      14. Құбылмалы мөлшерлеме амортизациясының/ұлғаю коды.

      Осы тармақта құбылмалы мөлшерлеме амортизациясының/ұлғаю кодын көрсету қажет.

      15. Ең жоғарғы мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегін көрсету қажет.

      16. Ең төменгі мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегін көрсету қажет.

      17. Базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің коды.

      Осы тармақта шартқа сәйкес валютаны (дананы, тоннаны, баррельді, литрді және т.б.) қоспағанда, базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің кодын көрсету қажет. Кодта тиісті өлшемнің өзге сандық мәні (мың дана, миллион тонна, он текше метр және т.б.) көзделуі мүмкін.

      18. Базалық (базистік) активтің номиналды сомасы (саны).

      Осы тармақта базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің сандық мәнін көрсету қажет.

      19. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күнін көрсету қажет.

      20. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу кезеңін көрсету қажет.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады