Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 254 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 1 ақпанда № 12957 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 29 қарашадағы № 307 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2018 № 307 қаулысымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асырудың қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Бағалы қағаздар субъектілерінің қадағалау департаменті (Хаджиева М.Ж.) заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Құқықтық қамтамасыз ету департаментімен (Досмұхамбетов Н.М.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;

      3) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс департаменті (Қазыбаев А.Қ.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында ресми жариялауға жіберуді қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары О.А. Смоляковқа жүктелсін.

      6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ұлттық Банк
Төрағасы
Д. Ақышев

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 254 қаулысымен бекітілді

Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асырудың қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Бағалы қағаздар рыногы туралы" 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Бағалы қағаздар рыногы туралы заң) әзірленді және орталық депозитарийдің қызметін жүзеге асырудың талаптары мен тәртібін белгілейді.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) депонент клиенті – номиналды ұстау қызметтерін көрсетуге депонентпен жасалған шартқа сәйкес депоненттің қызметтерін пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;

      2) есеп айырысу ұйымы – орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша ұлттық валютада (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі) және шетел валютасында (Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығында және шетелде кастодиандық қызметті жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банктер, халықаралық және шетелдік депозитарийлер мен кастодиандар) ақша аударуды және есепке алуды жүзеге асыратын ұйым;

      3) есепке алу ұйымы - тіркеуші, кастодиан банк, қаржы құралдарын есепке алу үшін орталық депозитарийдің атына жеке шоттар ашылған халықаралық және шетелдік депозитарийлер;

      4) қосалқы шот - уәкілетті органның лицензиясы негізінде немесе Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыратын депонентке (депонент клиентіне) немесе ұйымдарға тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған жеке шот шеңберінде ашылатын қосалқы шот;

      5) резервтік орталық - орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректердің сақталуын жүзеге асыратын ұйым;

      6) уәкілетті орган – қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган.

      3. Орталық депозитарийдің ұйымдық құрылымына:

      1) депозитарлық қызметті;

      2) қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу кезінде, қаржы құралдары бойынша кірісті төлеу және оларды өтеу кезінде ақша аударымдарын жүзеге асыруды, сондай-ақ депоненттердің және олардың клиенттерінің ақшасын есепке алуға және сақтауға арналған ағымдағы шоттарды ашуды және жүргізуді;

      3) тіркеушінің акцияларын ұстаушылардың тізілімдері жүйесін жүргізуді;

      4) қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті;

      5) тәуекелдерді басқаруды;

      6) ішкі аудитті жүзеге асыратын жекелеген бөлімшелер кіреді.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінің 4) тармақшасында көрсетілген бөлімшенің болуы туралы талап орталық депозитарийге, ол қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша клирингтік қызметті жүзеге асырған кезде қолданылады.

      Осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген бөлімшелердің қызметкерлері клирингтік қызметті жүзеге асыратын бөлімшені қоспағанда, басқа бөлімше қызметкерлерінің функциялары мен міндеттерін қоса атқармайды.

      4. Орталық депозитарий өз активтерінің есебінен қаржы құралдарымен мәмілелерді жүзеге асыру бойынша инвестициялық шешімдерді қабылдау үшін құрамында 3 (үш) адамнан кем болмайтын инвестициялық комитетті құрады.

      5. Инвестициялық комитеттің құрамына:

      1) орталық депозитарийдің атқарушы органының мүшелері;

      2) орталық депозитарийдің тәуекелдерді басқаруды жүзеге асыратын бөлімшесінің басшысы кіреді.

      6. Инвестициялық комитеттің мүшелерін сайлауды орталық депозитарийдің атқарушы органы жүзеге асырады.

      7. Инвестициялық комитет қызметінің тәртібі орталық депозитарийдің ішкі құжаттарында белгіленеді.

      8. Орталық депозитарий:

      1) рейтингтік агенттіктерді;

      2) ақпараттық-талдамалық қызметтерді көрсететін ұйымдарды;

      3) орталық депозитарийдің қызметіне техникалық қолдау көрсетуді жүзеге асыратын ұйымдарды;

      4) тіркеушіні;

      5) клирингтік немесе есеп айырысу ұйымдарын (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі қоспағанда) қоспағанда, заңды тұлғалардың құрылуына және қызметіне араласпайды.

      9. Орталық депозитарий тіркеушінің акцияларын ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 167 қаулысымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9803 болып тіркелген Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі тіркеуші қызметін жүзеге асыру қағидаларына және орталық депозитарийдің қағидалар жинағына сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      10. Орталық депозитарий мемлекеттік бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімдері жүйесін орталық депозитарийдің қағидалары жинағында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

      11. Орталық депозитарий клирингтік ұйымдарға және (немесе) ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының орталық қарсы агенттеріне қызметтерді Қағидаларда және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленген талаптар және тәртіп бойынша көрсетеді.

      12. Орталық депозитарий күнделікті орталық депозитарийдің есепке алу жүйесін құрайтын электрондық деректерді резервтік көшіруді және сақтауды жүзеге асырады.

      Резервтік көшірмелер ақпаратқа рұқсат етілмеген кіруден қорғалуға тиіс және оларды жаңартылған резервтік көшірмелерге ауыстырғанға дейін сақталады.

      Резервтік көшірмелерді сақтау сыртқы ақпарат тасымалдағыштарда резервтік орталықта не уәкілетті органның сейфтік операцияларды жүзеге асыруға лицензиясы бар ұйымда жүзеге асырылады.

      Орталық депозитарий резервтік көшірмелерді сақтау шарты жасалған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде бұл туралы уәкілетті органға шарт жасалған (бұзылған) ұйымның атауын, сондай-ақ шарттың күні мен нөмірін көрсете отырып, хабарлайды.

2. Депозитарлық қызмет көрсету шарты және банк шотының шарты

      13. Депозитарлық қызметті жүзеге асырған кезде орталық депозитарийдің клиенттері Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 78-бабы 3-тармағында көрсетілген тұлғалар болып табылады.

      Орталық депозитарий банк шоттарын ашу және жүргізу операцияларын жүргізген кезде орталық депозитарийдің клиенттері Бағалы қағаздар рыногы туралы заңның 78-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген, орталық депозитариймен банк шоты (ағымдағы және корреспонденттік) шартын жасаған ұйымдар болып табылады.

      14. Орталық депозитарийдің қызметтерін пайдаланатын субъектілер орталық депозитарий қағидаларының жинағын сақтайды.

      Орталық депозитарий өз клиенттеріне және сауда-саттықты ұйымдастырушыларға қағидалар жинағына барлық өзгерістер мен толықтырулар туралы, сондай-ақ ұсынылатын қызметтерге ақы төлеудің мөлшеріндегі және тәртібіндегі өзгерістер туралы оларды қолданысқа енгізу күніне дейінгі күнтізбелік 15 (он бес) күннен кешіктірмей хабарлайды.

      15. Орталық депозитарий Бағалы қағаздар рыногы туралы Заңның 78-бабы 3-тармағының 1), 2), 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көрсетілген клиенттермен депозитарлық қызмет көрсету шарттарын және банк шоты шарттарын жасайды. Шарттар жазбаша түрде жасалуға тиіс.

      Орталық депозитарий бағалы қағаздарды номиналды ұстау қызметтерін көрсеткен кезде депозитарлық қызмет көрсету шартында Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасына сәйкес номиналды ұстау туралы шартының нормалары қамтылады.

      Банк шотын жасаудың талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының банктер және банк қызметі туралы заңнамасында және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.

3. Орталық депозитарийдің депозитарлық қызметі

      16. Орталық депозитарий өз клиенттерінің эмиссиялық бағалы қағаздары мен өзге де қаржы құралдары жөніндегі мәмілелерін тіркеу, құқықтарын есепке алуды жүргізу және растау мақсатында жеке шоттарды (қосалқы шоттарды) ашады және күндерін, уақытын және оларды жүргізу үшін негіздерін көрсете отырып, жеке шоттар (қосалқы шоттар) бойынша барлық операциялардың есебін жүргізеді.

      17. Орталық депозитарий клиенттерінің қаржы құралдарын есепке алу орталық депозитарийдің өзіне тиесілі қаржы құралдардан бөлек баланстан тыс шоттарда жүргізіледі.

      18. Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоттар мынадай:

      1) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында кастодиандық қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар;

      2) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаларға;

      3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіне;

      4) уәкілетті органның бағалы қағаздар нарығында дилерлік қызметті жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғаларға;

      5) дилерлік қызметті лицензиясыз Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын заңды тұлғаларға;

      6) шетелдік депозитарийлерге және кастодиандарға;

      7) "Астана" Халықаралық қаржы орталығының аумағында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеуді жүзеге асыратын ұйымға ашылады.

      Орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жоғарыда аталған заңды тұлғаларға бір жеке шоты ғана ашылады.

      Жеке шотты ашу орталық депозитарий "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" 2009 жылғы 28 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңында (бұдан әрі - Қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заң) көзделген клиентті тиісінше тексеру жөніндегі шараларды қабылдағаннан кейін жүргізіледі.

      Ескерту. 18-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018 № 230 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      19. Қағидалардың 18-тармғының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген заңды тұлғалардың жеке шоттарында атына осы жеке шот ашылған орталық депозитарий клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есеп аулға арналған бір қосалқы шот қана ашылады.

      20. Депоненттердің және олардың клиенттерінің қаржы құралдарын бөлек есепке алуды қамтамасыз ету үшін депоненттің жеке шотында мынадай қосалқы шоттар ашылады:

      1) депоненттің атына ашылатын және депонентке тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған депоненттің қосалқы шоты;

      2) депоненттің атына ашылатын және депонент қайталама бағалы қағаздар нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, депоненттің сатып алған меншікті бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      3) депоненттің атына ашылатын және осы депоненттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, депоненттің жария етілген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      4) депонент клиентінің атына ашылатын және депоненттің белгілі бір клиентіне тиесілі қаржы құралдарын есепке алуға арналған ұстаушының қосалқы шоты;

      5) номиналды ұстаушының атына ашылатын және номиналды ұстауға берілген қаржы құралдарын есепке алуға арналған номиналды ұстаушының қосалқы шоты.

      Номиналды ұстаушының қосалқы шоты:

      шетелдік депозитарийдің және кастодианның клиентіне;

      басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодианның клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент номиналды ұстаушысына;

      кастодианның клиенті болып табылатын Қазақстан Республикасының бейрезидент номиналды ұстаушысына ашылады;

      6) эмитенттің атына ашылатын және эмитент бағалы қағаздардың қайталама нарығында сатып алған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, эмитенттің сатып алған бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты;

      7) эмитенттің атына ашылатын және осы эмитенттің орналастырылмаған қаржы құралдарын есепке алуға арналған, эмитенттің жария етілген бағалы қағаздарды есепке алуға арналған қосалқы шоты.

      21. Орталық депозитарийдің депоненті номиналды ұстаушы ретінде клиенттердің шоттарын жүргізу құқығымен кастодиандық, брокерлік және дилерлік қызметті қоса атқарған кезде:

      1) Қағидалардың 20-тармағының 4), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар номиналды ұстау қызметтерін көрсетумен брокерлік қызметтерді көрсету туралы шартқа сәйкес депонент ұсынған қосалқы шотты ашу жөніндегі бұйрықтың негізінде ашылады;

      2) Қағидалардың 20-тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген қосалқы шоттар депонент кастодиандық қызмет көрсету шартына сәйкес:

      Қазақстан Республикасының резиденттерінің атына, оларға тиесілі кастодиандық қызмет көрсетуге берілген қаржы құралдарын есепке алу үшін;

      басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған қаржы құралдарын есепке алу үшін Қазақстан Республикасының резидент номиналды ұстаушылардың атына;

      Қазақстан Республикасының бейрезидент номиналды ұстаушыларының атына ұсынған қосалқы шотты ашу жөніндегі бұйрықтың негізінде ашылады.

      22. Орталық депозитарий клиенттерінің жеке шоттарын (қосалқы шоттарын) ашу және жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар рыногы туралы заңнамасында және орталық депозитарий қағидаларының жинағында белгіленеді.

      Жасырын жеке шоттарды және қосалқы шоттарды, сондай-ақ ойдан шығарылған аттарға жеке шоттарды және қосалқы шоттарды ашуға жол берілмейді.

      23. Орталық депозитарий қаржы құралдарымен мәмілелерді тіркеу бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды:

      1) Қағидалардың 13-тармағында көрсетілген заңды тұлғалардың тиісті бұйрықтарының;

      2) сауда-саттықты ұйымдастырушының бұйрықтары;

      3) клирингтік ұйымның және (немесе) орталық қарсы агенттің бұйрықтары;

      4) тіркеушінің бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде орталық депозитарийге ашылған жеке шот бойынша жүргізілген осы эмитент шығарған қаржы құралдарын конвертациялау немесе айырбастау кезінде қаржы құралдармен жасалған мәмілелерді тіркеу жөніндегі операциялар туралы хабарламасы (есебі);

      5) тіркеуші осындай операцияларды эмитенттің бұйрығы негізінде жүзеге асырған жағдайлардағы тіркеушінің орталық депозитарийдің жеке шоты бойынша тіркелген операциялары туралы хабарламасының (есебінің);

      6) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен орталық депозитариймен шарт жасаған депонент клиентінің бұйрығы негізінде жүзеге асырады.

      Депонент клиенттері орталық депозитарийге оның қағидалар жинағында көзделген тәртіппен және талаптармен өтініш берген кезде орталық депозитарий депонент клиенттерінің бұйрықтары негізінде ақпараттық операцияларды жүзеге асырады.

      Ескерту. 23-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      24. Орталық депозитарий бұйрықты алған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде оның орындалмау себептерін көрсете отырып, жазбаша бас тартуды мына:

      1) орталық депозитарий клиентінің бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыруға арналған лицензиясының қолданылуын тоқтата тұрған немесе айырған (қаржы құралдарын басқа депоненттерге номиналды ұстауға аудару немесе қаржы құралдарын орталық депозитарийдің номиналды ұстауынан шығару бойынша операцияларды және ақпараттық операцияларды қоспағанда);

      2) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұруға немесе тоқтатуға (ақпараттық операцияларды қоспағанда) уәкілеттік берілген уәкілетті орган немесе мемлекеттік органдар бағалы қағаздар айналысын тоқтата тұрған немесе тоқтатқан;

      3) бағалы қағаздар шығарылымының талаптарына сәйкес бағалы қағаздардың айналысын тоқтата тұрған немесе тоқтатқан (ақпараттық операцияларды, номиналды ұстаушы ауысқан кезде қажетті немесе осындай бағалы қағаздарды өтеу кезінде жүргізілетін операцияларды, сондай-ақ ерікті жинақтаушы зейнетақы қоры ашқан қосалқы шоттардан бағалы қағаздарды есептен шығару және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына ашылған қосалқы шоттарға есепке алу жөніндегі операцияларды қоспағанда);

      4) бұйрық орталық депозитарийдің қағидалары жинағында белгіленген нысанға сәйкес келмеген;

      5) бұйрықтың толтыру үшін міндетті деректемелері болмаған, сондай-ақ түзетулер немесе түзетілген жерлер болған;

      6) бұйрықтардағы қойылған қол үлгілері (мөр бедерлері) нотариат куәландырған үлгілерге (бедерлерге) сәйкес келмеген;

      7) "Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 65-бабының 6-1-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бұйрықта көрсетілген бағалы қағаздар және (немесе) жеке шот (қосалқы шот) оқшауланған;

      8) "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" 1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес біреуіне қатысты қайта құрылымдау жүргізілген банктер қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде тіркелген тұлғалардың жеке шоттарынан (шоттарына) (қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарына)) қаржы құралдарын есептен шығару (есепке алу) бойынша операцияларды жүргізуді қоспағанда, бұйрықта көрсетілген қаржы құралдарына ауыртпалық салынған;

      9) орталық депозитарий клиенттерінің шоттарында (қосалқы шоттарында) қаржы құралдарының және (немесе) ақшаның қажетті саны болмаған;

      10) егер қарсы бұйрықты ұсыну қажеттілігі Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгілен болса, қарсы бұйрық болмаған;

      11) орталық депозитарийдің қаржы құралдарын номиналды ұстауға (ұстаудан) енгізуге (шығаруға) бұйрығын есепке алу ұйымының орындамағаны туралы хабарламаны алған;

      12) мәміле Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес келмеген жағдайларда;

      13) орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген өзге жағдайларда ресімдейді.

      Жазбаша бас тарту почтамен және (немесе) қолға беру арқылы және (немесе) электрондық почтамен және (немесе) факсимильді және (немесе) телексті және (немесе) телеграфтық хабармен немесе орталық депозитарийдің қағидалар жинағында көзделген өзге де ықтимал байланыс түрлері арқылы жіберіледі.

      25. Орталық депозитарий құжаттама нысанында шығарылған қаржы құралдарын және клиенттердің олар бойынша құқықтары туралы жазбаларды, оның ішінде көрсетілген ақпаратты көшіру жүйесін және жазбаларды сақтаудың қауіпсіз жүйесін пайдалану арқылы сақтау үшін қажетті жағдайларды қамтамасыз етеді.

      26. Орталық депозитарий құжаттама нысанында шығарылған қаржы құралдарын материалсыздандыруды өзінің орталық депозитарий клиенттерінің жеке шоттарындағы (қосалқы шоттарындағы) номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде көрсетілген қаржы құралдары бойынша құқықтарын есепке алу және куәландыру арқылы жүзеге асырады.

      Орталық депозитарий қаржы құралдары бойынша клиенттердің құқықтарын орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде жеке шоттан (қосалқы шоттан) үзінді-көшірмені беру арқылы растайды.

      27. Орталық депозитарий материалсыздандырылған қаржы құралдарын Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен сақтауды жүзеге асырады.

      28. Номиналды ұстаудағы қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша, сондай-ақ бағалы қағаздар бойынша кірісті төлеу бойынша және оларды өтеген кезде төлем агентінің функцияларын орындау мақсатында орталық депозитарий бірмезгілде клиенттерге номиналдық ұстауды есепке алу жүйесінде жеке шоттар (қосалқы шоттар) мен банк шоттарын ашады.

      29. Орталық депозитарий депоненттерінің және оның клиенттерінің ақшасын есепке алу баланстан тыс шоттарда бөлек жүзеге асырылады.

      Орталық депозитарий клиенттердің және депоненттердің ақшасын есепке алуды екі банктік шоттар ашу жолымен жеке жүзеге асырады.

      30. Орталық депозитарий күн сайын брокерлерден және (немесе) дилерлерден әрбір клиенттің орталық депозитарийде ашылған шотындағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған ақша сомасы туралы мәліметтерді қабылдауды қамтамасыз етеді.

      Брокерлер және (немесе) дилерлер әрбір клиенттің орталық депозитарийде ашылған шотындағы және эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен мәмілелер жасауға арналған ақша сомасы туралы ұсынған мәліметтерді орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі клиенттің қосалқы шоты жабылған күннен бастап 5 (бес жыл) ішінде сақтауы тиіс.

      31. Орталық депозитарий немесе есеп айырысу ұйымы орталық депозитарийдің тапсырмасы бойынша қаржы құралдарымен мәмілелер жасалған кезде ақша бойынша есеп айырысуды жүзеге асырады.

      32. Орталық депозитарий бағалы қағаздарды номиналды ұстау бойынша функцияларды орындау аясында орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ол туралы мәлімет болмаған оның клиентінің артықшылықпен сатып алу құқығын іске асыруға өтінімді депоненттен алғаннан кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей осы өтінімді эмитентке жібереді.

      33. Орталық депозитарий номиналды ұстау қызметін көрсету мақсатында өз атына:

      1) бағалы қағаздарды ұстаушылардың тізілімі жүйесінде номиналды ұстаушының жеке шотын;

      2) қаржы құралдарын есепке алу үшін кастодиан банктерде, халықаралық және шетелдік депозитарийлердегі номиналды ұстаудың жеке шоттарын;

      3) орталық депозитарий кірісті төлеген кезде және(немесе) орталық депозитарийдің номиналды ұстауындағы қаржы құралдарын өтеген кезде алатын ақшаны есептеу үшін, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде қаржы құралдарымен мәмілелерді жасау үшін кастодиан банктерде, халықаралық және шетелдік депозитарийлерде банк шоттарын ашады.

      34. Орталық депозитарий мемлекеттік бағалы қағаздарды және олар бойынша құқықтарды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес есепке алады.

      Орталық депозитарийдің мемлекеттік бағалы қағаздарға депозитарлық қызмет көрсетуді жүзеге асырудың талаптары мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында және орталық депозитарийдің қағидалар жиындығында айқындалады.

      Ескерту. 34-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      35. Орталық депозитарий клиенттер және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылар алдында олардың жеке шоттарының (қосалқы шоттарының), банк шоттарының және көрсетілген шоттар бойынша жасалатын операциялардың жай-күйі туралы есеп береді.

      Клиенттердің және (немесе) бағалы қағаздарды ұстаушылардың жеке шоттарынан (қосалқы шоттарынан) және банк шоттарынан үзінді-көшірмелерді ұсыну мерзімі орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.

      36. Орталық депозитарий тіркеушінің сұратуы негізінде орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен айналыс мерзімі өткен, эмитенттің оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамауы нәтижесінде осы талап ету құқығы туындаған эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргішін беруді жүзеге асырады және тіркеушіге және уәкілетті органға осындай эмиссиялық бағалы қағаздардың ұлттық сәйкестендіргіш нөмірін көрсете отырып, эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына берілген сәйкестендіргіші туралы мәліметтерді жібереді.

      Орталық депозитарий бірмезгілде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді жібере отырып, тіркеушіге:

      орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде ашылған эмитенттің жарияланған бағалы қағаздарды есепке алу үшін қосалқы шотындағы және эмитенттің сатып алынған бағалы қағаздарды есепке алу үшін қосалқы шотындағы айналыс мерзімі өткен және эмитент оларды өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған, эмиссиялық бағалы қағаздардың саны туралы;

      Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай құқықтары бар мемлекеттік органдардың актілері негізінде бағалы қағаздарды ұстаушылардың қосалқы шотындағы оқшауланған бағалы қағаздардың саны туралы мәліметті жібереді.

      37. Орталық депозитарий тіркеушіден орталық депозитарийге бағалы қағаздар ұстаушыларының тізілімі жүйесінде ашылған жеке шот бойынша айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу бойынша жүргізілген операциялар туралы хабарламаны (есепті) алғаннан кейін депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан осындай эмиссиялық бағалы қағаздарды (номиналды ұстауды есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес оқшаулауды жүргізуге құқығы бар мемлекеттік органдардың актілері, Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің негізінде оқшаулау операциясы жүргізілген эмиссиялық бағалы қағаздарды қоспағанда) есептен шығару және осы бағалы қағаздар бойынша туындаған міндеттемелерді (ауыртпалық салу, сенімгерлікпен басқару) сақтай отырып, эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу жөніндегі операцияларды жүргізеді және депоненттерге:

      айналыс мерзімі өткен және эмитент эмиссиялық бағалы қағаздарды өтеу бойынша міндеттемелерін орындамаған эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша эмитент жол берген дефолт;

      эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарына берілген сәйкестендіргіш;

      орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде депоненттердің және олардың клиенттерінің қосалқы шоттарынан айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздарды есептен шығару және эмитенттің осындай эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын есепке алу бойынша жүргізілген операциялар туралы мәліметтер қамтылған хабарлама жібереді.

      Орталық депозитарий орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленген тәртіппен эмитенттің айналыс мерзімі өткен эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарының сәйкестендіргіштері тізілімін жүргізуді жүзеге асырады.

      38. Орталық депозитарий орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес осындай құқыққа ие мемлекеттік органдардың актілері және Кірістерді жылыстатуға қарсы іс-қимыл туралы заңда көзделген терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар мен тұлғалар тізбесінің негізінде эмиссиялық бағалы қағаздардан оқшаулауды алу бойынша операцияны жүргізген күнінен кейінгі келесі жұмыс күннен кешіктірмей тіркеушіге ол туралы хабарлама жібереді.

      39. Орталық депозитарий тіркеушіден қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдары акционерлерінің жалпы жиналысы шешімінің көшірмесін және тізілімдер жүйесіндегі орталық депозитарийдің жеке шотынан үзінді-көшірмелер алған күні орталық депозитарийдің тіркеушідегі жеке шоты бойынша операцияларды орталық депозитарийдің есепке алу жүйесіндегі тиісті жеке шоттарда (қосалқы шоттарда) көрсетеді және орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген операциялар туралы есептерді депоненттерге жібереді.

      39-1. Орталық депозитарий осы Қағидалардың 18-тармағының 1) және (немесе) 2) тармақшаларында тармақшаларында көрсетілген қызметтің бір лицензияланатын түріне (шағын түріне) уәкілетті орган берген лицензияларға ие қаржы ұйымдары қайта ұйымдастырылған жағдайда қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған және оған қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының лицензиясы қайта ресімделген қаржы ұйымының бұйрығы негізінде және оны алған күні мыналарды жүзеге асырады:

      1) қаржы ұйымдары қосылған кезде:

      қосылу нәтижесінде пайда болған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының клиенттеріне қосалқы шоттар ашу;

      қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының жеке шоттары шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және қосылу нәтижесінде жаңадан пайда болған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған осы клиенттердің қосалқы шоттарына оларды одан әрі есепке енгізу;

      қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының жеке шоттары шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарын жабу;

      2) бір қаржы ұйымын екіншіге біріктірген кезде:

      біріктіруі жүзеге асырылатын қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде біріктіру сәтінде қосалқы шоттар ашылған клиенттерді қоспағанда, біріктіруі жүзеге асырылатын қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде біріктірілетін қаржы ұйымының клиенттеріне қосалқы шоттар ашу;

      біріктірілетін қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және біріктіруі жүзеге асырылатын қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған осы клиенттердің қосалқы шоттарына оларды одан әрі есепке жазу;

      біріктірілген қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарын жабу.

      Қағидалардың 18-тармағының 1) және (немесе) 2) тармақшаларында көрсетілген уәкілетті органның лицензиясына ие қаржы ұйымы бөлу нысанда қайта ұйымдастырылған кезде орталық депозитарий қайта ұйымдастыру нәтижесінде құрылған және оған қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының лицензиясы қайта ресімделген қаржы ұйымының бұйрығы негізінде және оны алған күні мыналарды жүзеге асырады:

      уәкілетті органның лицензиясы қайта ресімделген, бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының клиенттеріне қосалқы шоттар ашу;

      бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарындағы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есептен шығару және бөлу нәтижесінде жаңадан пайда болған, оған уәкілетті органның лицензиясы қайта ресімделген қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған осы клиенттердің қосалқы шоттарына оларды одан әрі есепке жазу;

      бөлу нысанында қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде ашылған клиенттердің қосалқы шоттарын жабу.

      Қаржы ұйымы бөліп шығару нысанында қайта ұйымдастырылған кезде бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) бөліп шығарылуы жүргізілген қаржы ұйымы клиенттерінің қосалқы шоттарында есептелуі жалғастырылады.

      Қаржы ұйымдары қосылу нысанында қайта ұйымдастырылған кезде мұндай қаржы ұйымдарының клиенттерінде екі және одан көп қосалқы шот болған жағдайда орталық депозитарий қосылу нәтижесінде жаңадан пайда болған қаржы ұйымының жеке шоты шеңберінде осы клиентке бір қосалқы шот ашуды жүзеге асырады. Қосалқы шот деректемелері ретінде қайта ұйымдастырылған қаржы ұйымдарының клиенті орталық депозитарийге өзгерістерін ұсынған қосалқы шоттың деректері қабылданады.

      Қаржы ұйымдары біріктіру нысанында қайта ұйымдастырылған кезде біріктірілетін ұйым клиентінде біріктіруі жүзеге асырылатын қаржы ұйымының қосалқы шоты болған жағдайда орталық депозитарий осы клиенттің бағалы қағаздарын (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) көрсетілген қосалқы шотқа есепке жазылады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдары клиенттерінің қосалқы шоттарынан (қосалқы шоттарына) бағалы қағаздарды есептен шығару (есепке жазу) операцияларын орталық депозитарий егер мұндай операцияларды тіркеу бағалы қағаздардың меншік иелерін ауыстыруға әкеп соқпаған жағдайда ғана жүзеге асырады.

      Егер қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымының және (немесе) оның клиенттерінің қосалқы шоттарында мәмілелер жасауға шектеулер белгіленген бағалы қағаздар (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтар) есепте болса, Қағидалардың осы тармағында көрсетілген іс-қимылдарды орталық депозитарий осы бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) есепке алу жүзеге асырылатын қаржы ұйымының және (немесе) оның клиенттерінің қосалқы шоттарында осындай салынған шектеулер туралы және осы шектеулерді салған адамдарға осындай бағалы қағаздарды (эмитенттің эмиссиялық бағалы қағаздар жөніндегі міндеттемелері бойынша талап ету құқықтарын) оларға салынған шектеулермен одан әрі есепке алу жүзеге асырылатын қосалқы шоттардың жаңа деректемелері көрсетіле отырып жүргізілген операциялар туралы мәліметтерді бір мезгілде көрсете отырып, жүзеге асырады.

      Осы тармақтың бірінші және екінші бөліктерінде көрсетілген операциялар жүргізілгеннен кейін орталық депозитарий қайта ұйымдастырылатын қаржы ұйымдарына орталық депозитарийдің есепке алу жүйесінде тіркелген операциялар туралы есептерді операция жүргізілген күннен кейінгі келесі жұмыс күнінен кешіктірмей жібереді.

      Ескерту. 4-тарау 39-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.10.2016 № 259 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.

5. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімдері жүйесін қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет

      40. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімдерінің жүйесін (бұдан әрі - тізілім) қалыптастыру және жүргізу жөніндегі қызмет екінші деңгейдегі банктер, бағалы қағаздар нарығында брокерлік және (немесе) дилерлік қызметті жүзеге асыратын ұйымдар және инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар (бұдан әрі - субъектілер) ұйымдастырылған және ұйымдастырылмаған нарықтарда туынды қаржы құралдарымен жасалған мәмілелер бойынша ұсынған ақпаратты қабылдаудан, жүргізуден және сақтаудан тұрады.

      Осы тармақтың талабы уәкілетті органға қолданылмайды.

      41. Орталық депозитарийдің тізілімді жүргізу тәртібі, сондай-ақ субъектілер беретін ақпарат форматына қойылатын талаптар орталық депозитарийдің қағидалар жинағында белгіленеді.

      42. Тізілімді қалыптастыру және жүргізу орталық депозитарийдің бағдарламалық қамтамасыз етуінде электрондық түрде жүзеге асырылады. Тізілімде Қағидаларға 1, 2, 3 және 4-қосымшаларға сәйкес туынды қаржы құралдарымен (фьючерстермен, опциондармен, форвардтармен және своптармен) жасалған мәмілелер туралы ақпарат қамтылады.

      43. Уәкілетті органда орталық депозитарийдің тізілім жүргізу шеңберінде қалыптастырылатын дерекқорына кіруге рұқсаты бар.

      44. Орталық депозитарий уәкілетті органға субъектілер тізілімге енгізу үшін туынды қаржы құралдарымен мәмілелер бойынша ақпаратты уақытылы ұсынбауы не ұсынбауы туралы хабарлау мақсатында 5 (бес) жұмыс күні ішінде тиісті ақпаратты уәкілетті органға жібереді.

      45. Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы ақпаратты сақтау мерзімі тізілімге ол туралы ақпарат енгізілген шарттың қолданылу мерзімі тоқтаған күннен бастап 5 (бес) жылды құрайды.

  Орталық депозитарийдің
қызметін жүзеге асырудың
қағидаларына 1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Туынды қаржы құралдарымен (фьючерс) мәмілелер туралы ақпарат

      ______________ - _________________ аралығындағы кезеңге

      _____________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің,

      инвестициялық портфельді басқарушының атауы)

      1. Шарт жасалған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт жасалған күн көрсетіледі.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн көрсетіледі.

      3. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйі мынадай кодтауға сәйкес көрсетіледі:

      Т – шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      С – міндеттемелер бойынша орындау мерзімі өткен;

      Р – міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша тоқтатыла тұрған;

      D – тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

      Е – шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.

      4. Орталықтың ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      5. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      6. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшері көрсетіледі.

      7. Номиналды сома (клиенттердің қаражаты есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада клиенттің қаражаты есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшері көрсетіледі.

      8. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта базалық активті ЖЖЖ.КК.АА. нысанында жеткізу күні көрсетіледі.

      9. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта базалық активті ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейінгі нысанында жеткізу кезеңі көрсетіледі.

      10. Шарт бойынша есеп айырысу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша есеп айырысу күні көрсетіледі.

      11. Шарт бойынша ақы төлеу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейінгі нысанында шарт бойынша ақы төлеу мерзімі көрсетіледі.

      12. Есептеу әдісінің коды.

      Осы тармақта мына кодтауға сәйкес есептеу әдісі көрсетіледі:

      D - жеткізу;

      С - есептеу;

      DC – жеткізу-есептеу.

      13. Шарттың фьючерстік бағасы: ашу бағасы.

      Осы тармақта шарттың сауда мерзімі басталған кезде қалыптасқан бағасы көрсетіледі.

      14. Шарттың фьючерстік бағасы: спот бағасы.

      Осы тармақта шарттың нарықтық бағасы көрсетіледі.

  Орталық депозитарийдің
қызметін жүзеге асырудың
қағидаларына 2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер туралы ақпарат (опцион)

      ______________ - _________________ аралығындағы кезеңге

      _____________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктердің, брокердің және (немесе) дилердің,

      инвестициялық портфельді басқарушының атауы)

      1. Шарттың жасалған күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарт жасау күні көрсетіледі.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі басталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарттың қолданылу мерзімі басталған күн көрсетіледі.

      3. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанындағы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн көрсетіледі.

      4. Туынды қаржы құралдарын жіктеу коды.

      Осы тармақта мыналар көрсетіледі:

      1) Опционның түрі:

      сатып алушыға опцион бойынша базалық (базистік) активті сатуға немесе базалық (базистік) активті сатушының (опционның базалық (базистік) активі болып табылатын шарт бойынша сатушы) пайда алу құқығын беретін опцион (Пут опционы);

      сатып алушыға опцион бойынша базалық (базистік) активті сатып алуға немесе базалық (базистік) активті сатып алушының (опционның базалық (базистік) активі болып табылатын шарт бойынша сатып алушы) пайда алу құқығын беретін опцион (Колл опционы).

      2) Опционның типі:

      Америкалық опцион - опционды сатып алушы опционның орындау құқығын жүзеге асыру мерзімі ішінде оны кез келген күні орындалуын талап етуге құқылы;

      Еуропалық опцион - опционды сатып алушы опцион орындалуының шартта көзделген күні ғана орындалуын талап етуге құқылы;

      Бермудтық опцион - опционды сатып алушы шартта белгіленген күні оның орындалуын талап етуге құқылы.

      3) Базалық (базистік) актив бойынша атрибут:

      үлестік құралдар (акциялар, пайлар, акцияларға депозитарлық қолхаттар);

      борыштық қаржы құралдары (облигациялар, пайыздық мөлшерлемелер);

      тауарлар;

      валюта;

      шарт;

      индекс;

      активтер тобы;

      басқалар.

      5. Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің коды.

      Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің кодын мынадай түрде көрсету қажет:

      егер валюта базистік актив болып табылса, валютаның коды көрсетіледі, оның бірлігіне қатысты орындау бағасы белгіленеді;

      егер бағалы қағаз туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі болып табылса, ISIN (бағалы қағаздарды сәйкестендіруге арналған халықаралық нөмірлеу жүйесі) немесе ҰСН (Ұлттық сәйкестендіру нөмірі) коды мұндай активтің коды болып табылады;

      егер пайыздық мөлшерлеме туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі болып табылса, мұндай активке орталық депозитарий белгілеген тәртіпте код беріледі.

      егер туынды қаржы құралының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.

      6. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйі мынадай кодтауға сәйкес көрсетіледі:

      T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

      P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылып тұрған;

      D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

      E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.

      7. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      8. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      9. Шарттың номиналды сомасы.

      Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада шарттың номиналды сомасының мөлшері көрсетіледі.

      10. Пайызбен белгіленген мөлшерлеме.

      Осы тармақта белгіленген пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.

      11. Баға белгілеу күні және уақыты.

      Осы тармақта жеткізілмейтін туынды қаржы құралдары үшін баға белгілеу күні және уақыты көрсетіледі.

      12. Белгіленген мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) коды.

      Осы тармақта белгіленген мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) коды көрсетіледі.

      13. Өзгермелі мөлшерлеме коды.

      Осы тармақта өзгермелі мөлшерлеме коды көрсетіледі.

      14. Өзгермелі мөлшерлеменің (амортизация) ұлғаю коды.

      Осы тармақта өзгермелі мөлшерлеменің амортизация (ұлғаю) коды көрсетіледі.

      15. Ең жоғарғы мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегі көрсетіледі.

      16. Ең төменгі мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегі көрсетіледі.

      17. Базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің коды.

      Осы тармақта шартқа сәйкес валютаны (дананы, тоннаны, баррельді, литрді және т.б.) қоспағанда, базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің коды көрсетіледі.

      Кодта тиісті өлшемнің өзге сандық мәні (мың дана, миллион тонна, он текше метр және т.б.) көзделеді.

      18. Базалық (базистік) активтің номиналды сомасы (саны).

      Осы тармақта базалық (базистік) активті өлшеу бірлігінің сандық мәні көрсетіледі.

      19. Опцион бағасы (сыйлықақысы).

      Осы тармақта опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валютадағы сандық мәні көрсетіледі.

      20. Опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валюта коды.

      Осы тармақта опцион бағасы (сыйлықақысы) берілетін валютада коды көрсетіледі.

      21. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күні көрсетіледі.

      22. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу кезеңі көрсетіледі.

  Орталық депозитарийдің
қызметін жүзеге асырудың
қағидаларына 3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Туынды қаржы құралдарымен (форвард) мәмілелер туралы ақпарат

      ______________ - _________________аралығындағы кезеңге

      _____________________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің,

      инвестициялық портфельді басқарушының атауы)

      1. Шарт жасалған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт жасалған күн көрсетіледі.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн көрсетіледі.

      3. Туынды қаржы құралының жіктеу коды.

      Осы тармақта базалық (базистік) активтердің түрлері көрсетіледі;

      - үлестік құралдар (акциялар, пайлар);

      - үлестік қаржы құралдары (облигациялар, пайыздық ставкалар);

      - тауарлар;

      - валюта;

      - шарт;

      - индекс;

      - аралас инвестициялық портфель;

      - өзге.

      4. Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің коды.

      Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активінің коды мынадай түрде көрсетіледі:

      егер базистік актив валюта болып табылса орындау бағасы белгіленетін бірлікке қатысты валюта коды көрсетіледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі бағалы қағаз болып табылса осындай активтің коды ISIN (Бағалы қағаздарды сәйкестендіру үшін халықаралық нөмірлеу жүйесі) немесе ҰСН (Ұлттық сәйкестендіру нөмірі) болып табылады, бағалы қағазда ISIN (ҰСН) болмаған кезде тиісті орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі пайыздық мөлшерлеме болып табылса осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.

      егер туынды қаржы құралының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, онда осындай активке орталық депозитарий белгіленген тәртіпте код беріледі.

      5. Шарт бойынша міндеттемелер жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйі мынадай кодтауға сәйкес көрсетіледі:

      T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

      P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша тоқтатылып тұрған;

      D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

      E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.

      6. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      7. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      8. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      9. Номиналды сома (меншікті қаражат есебінен).

      Осы тармақта номиналды сома берілген валютада меншікті қаражат есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшерін көрсету қажет.

      10. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күні көрсетіледі.

      11. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. дейінгі аралығындағы нысанында базалық активті жеткізу кезеңі көрсетіледі.

      12. Баға белгілеу күні және уақыты.

      Осы тармақта жеткізілмейтін туынды қаржы құралдары үшін баға белгілеу күні және уақыты көрсетіледі.

      13. Шарт бойынша есептеу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша есептеу күні көрсетіледі.

      14. Шарт бойынша ақы төлеу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт бойынша ақы төлеу кезеңі көрсетіледі.

      15. Есептеу әдісінің коды.

      Осы тармақта есептеу әдісі мынадай кодтауға сәйкес көрсетіледі:

      D - жеткізу;

      C - есептік;

      DC - жеткізу-есептік

      16. Форвард бағасы берілген валюта коды.

      Осы тармақта форвард бағасы берілген валюта коды көрсетіледі.

      17. Форвард бағасы төленетін валюта коды.

      Осы тармақта форвард бағасы төленетін валюта коды көрсетіледі.

      18. Шарттың форвард бағасы: ашылу бағасы.

      Осы тармақта сауда кезеңі басталған кезде болған шарттың бағасы көрсетіледі.

      19. Шарттың форвард бағасы: спот бағасы.

      Осы тармақта шарттың ағымдағы нарықтық бағасы көрсетіледі.

  Орталық депозитарийдің
қызметін жүзеге асырудың
қағидаларына 4-қосымша

      Ескерту. 4-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.01.2018 № 11 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

Туынды қаржы құралдарымен (своп) мәмілелер туралы ақпарат

      ______________ - _____________ аралығындағы кезеңге

      (екінші деңгейдегі банктің, брокердің және (немесе) дилердің,

      инвестициялық портфельді басқарушының атауы)

      1. Шарт жасалған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарт жасалған күн көрсетіледі.

      2. Шарттың қолданылу мерзімі басталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі басталған күн көрсетіледі.

      3. Шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күн көрсетіледі.

      4. Туынды қаржы құралын жіктеу коды.

      Осы тармақта активтердің базалық (базистік) түрлері бойынша своптық әртүрлілігін былайша көрсету қажет:

      валюталық своп;

      пайыздық;

      валюталық-пайыздық своп;

      тауарлық своп;

      бағалы қағаздардың немесе индекстің свопы;

      өзге активтер немесе аралас активтер свопы.

      5.Туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активтерінің коды.

      Осы тармақта туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активтерінің коды мынадай түрде көрсетіледі:

      егер базистік актив валюта болып табылса, орындау бағасы белгіленетін бірлікке қатысты валюта коды көрсетіледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі бағалы қағаз болып табылса, осындай активтің коды ISIN (Бағалы қағаздарды сәйкестендірудің халықаралық нөмірлеу жүйесі) немесе Ұлттық сәйкестендіру нөмірі (ҰСН) болып табылады. Бағалы қағазда ISIN (ҰСН) коды болмаған кезде, тиісті код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі пайыздық мөлшерлеме болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі;

      егер туынды қаржы құралдарының базалық (базистік) активі тауар болып табылса, осындай активке код орталық депозитарий белгілеген тәртіппен беріледі.

      6. Шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйінің коды.

      Осы тармақта шарт бойынша міндеттемелердің жай-күйі мынадай кодтауға сәйкес көрсетіледі:

      T - шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігі жағдайларына байланысты бұзу салдарынан шарттың мерзімінен бұрын тоқтатылғанын қоспағанда, шарт бойынша міндеттемелер тиісінше тоқтатылған немесе мерзімінен бұрын тоқтатылған;

      C - міндеттемелер бойынша орындаудың мерзімі өткен;

      P - міндеттемелерді орындау шартта көзделген негіздемелер бойынша уақытша тоқтатылған;

      D - тараптың шарт талаптарын немесе тараптардың біреуінің дәрменсіздігіне байланысты жағдайларды бұзуы салдарынан міндеттемелер тоқтатылған;

      E - шартта көзделген жағдайдың немесе оқиғаның басталу нәтижесінде шарттың қолданылу мерзімі ұзартылған.

      7. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді жүзеге асыруға жауапты қатысушының коды.

      8. Орталық депозитарийдің ішкі құжаттарына сәйкес жасалған төлемдерді алатын қатысушының коды.

      9. Номиналды сома (өз қаражаты есебінен).

      Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада клиенттер қаражаты есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшері көрсетіледі.

      10. Номиналды сома (клиенттер қаражаты есебінен).

      Осы тармақта мұндай номиналды сома берілген валютада меншікті қаражаты есебінен жасалған шарттың номиналды сомасының мөлшері көрсетіледі.

      11. Номиналды сома көрсетілген валюта коды.

      Осы тармақта номиналды сома көрсетілген валюта коды көрсетіледі.

      12. Пайызбен белгіленген мөлшерлеме.

      Осы тармақта белгіленген пайыздық мөлшерлеме көрсетіледі.

      13. Белгіленген мөлшерлеменің амортизациясының (ұлғаю) коды.

      Осы тармақта белгіленген мөлшерлеменің амортизациясының (ұлғаю) кодын көрсету қажет.

      14. Өзгермелі мөлшерлеме коды.

      Осы тармақта Өзгермелі мөлшерлеме кодын көрсету қажет.

      15. Өзгермелі мөлшерлеме амортизациясының (ұлғаю) коды.

      Осы тармақта өзгермелі мөлшерлеме амортизациясының (ұлғаю) коды көрсетіледі.

      16. Ең жоғарғы мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің жоғарғы шегі көрсетіледі.

      17. Ең төменгі мөлшерлеме.

      Осы тармақта пайыздық мөлшерлеменің төменгі шегі көрсетіледі.

      18. Базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің коды.

      Осы тармақта шартқа сәйкес валютаны (дананы, тоннаны, баррельді, литрді және т.б.) қоспағанда, базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің коды көрсетіледі.

      Кодта тиісті өлшемнің өзге сандық мәні (мың дана, миллион тонна, он текше метр және т.б.) көзделуі мүмкін.

      19. Базалық (базистік) активтің номиналды сомасы (саны).

      Осы тармақта базалық (базистік) активтің өлшем бірлігінің сандық мәні көрсетіледі.

      20. Базалық активті жеткізу күні.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу күні көрсетіледі.

      21. Базалық активті жеткізу кезеңі.

      Осы тармақта ЖЖЖЖ.КК.АА. бастап ЖЖЖЖ.КК.АА. нысанында базалық активті жеткізу кезеңі көрсетіледі.

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 254 қаулысымен бекітілді

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын
нормативтік құқықтық актілерінің тізбесі

      1. "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5531 тіркелген).

      2. "Орталық депозитарийде тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптар жөніндегі нұсқаулықты бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 1 ақпандағы № 5 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6100 тіркелген) 2-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу мәселелері бойынша толықтырулар және өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2010 жылғы 4 қазандағы № 151 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6633 тіркелген).

      4. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі Басқармасының 2011 жылғы 25 қарашадағы № 180 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7386 тіркелген, 2012 жылғы 14 сәуірде "Егемен Қазақстан" газетінде № 152-156 (27229) жарияланған).

      5. "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Орталық депозитарий қызметін жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 238 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 122 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7587 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған).

      6. "Бағалы қағаздарды ұстаушылар тізілімдерінің жүйесін жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымның тәуекелдерді басқару жүйесінің болуына қойылатын талаптарды бекіту және Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 тамыздағы № 276 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7993 тіркелген, 2012 жылғы 27 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" газетінде № 852-856 (27927) жарияланған) бекітілген Өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      7. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы құралдарымен операцияларды тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2013 жылғы 27 тамыздағы № 215 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8799 тіркелген, 2013 жылғы 14 қарашада "Заң газеті" газетінде № 171 (2372) жарияланған).

      8. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 11 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9264 тіркелген, 2014 жылғы 16 сәуірде "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген "Туынды қаржы құралдарымен мәмілелер тізілімін қалыптастыру мәселелері бойынша толықтырулар мен өзгерістер енгізілетін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 2-тармағы.

      9. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 27 тамыздағы № 168 Қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9796 тіркелген, 2014 жылғы 12 қарашада "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 9-тармағы.

      10. "Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 191 Қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9894 тіркелген, 2014 жылғы 28 қарашада "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) бекітілген Қазақстан Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау мен қадағалау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін нормативтік құқықтық актілері тізбесінің 3-тармағы.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады