Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан

Решение Есильского районного маслихата Акмолинской области от 29 января 2013 года № 15/4. Зарегистрировано Департаментом юстиции Акмолинской области 27 февраля 2013 года № 3665. Утратило силу решением Есильского районного маслихата Акмолинской области от 10 июля 2013 года № 19/3

      Сноска. Утратило силу решением Есильского районного маслихата Акмолинской области от 10.07.2013 № 19/3 (вводится в действие со дня подписания).

      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии со статьей 56 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года, статьей 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года «О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан», Есильский районный маслихат РЕШИЛ:
      1. Оказать социальную помощь отдельным категориям нуждающихся граждан Есильского района:
      1) онкологическим больным и больным туберкулезом один раз в год в размере пятнадцати месячных расчетных показателей;
      2) гражданам, пострадавшим от пожара, наводнения единовременно в размере пятидесяти месячных расчетных показателей;
      3) женщинам в период беременности, являющимися получателями адресной социальной помощи, на дополнительное питание один раз в год в размере шести месячных расчетных показателей;
      4) гражданам (семьям), имеющим доход ниже прожиточного минимума, нуждающимся в экстренной социальной поддержке один раз в год в размере пятнадцати месячных расчетных показателей:
      на оперативное лечение (операция);
      на приобретение лекарственных препаратов, не входящих в Перечень лекарственных средств и изделий медицинского назначения для бесплатного обеспечения населения в рамках гарантийного объема бесплатной медицинской помощи на амбулаторном уровне с определенными заболеваниями (состояниями) и специализированными лечебными продуктами, утвержденный приказом и.о. Министра здравоохранения Республики Казахстан от 4 ноября 2011 года № 786;
      на погребение несовершеннолетних детей;
      5) студентам из малообеспеченных, многодетных семей из сельской местности, обучающимся на очном отделении в колледжах, на оплату за обучение один раз в год в размере стоимости годового обучения за счет целевых текущих трансфертов, выделяемых из областного бюджета;
      6) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на расходы за оплату коммунальных услуг и абонентской платы за услуги телефонной связи ежемесячно в размере ста процентов, за счет целевых текущих трансфертов, выделяемых из областного бюджета;
      7) бывшим несовершеннолетним узникам концлагерей на расходы за оплату коммунальных услуг без подачи заявления, согласно списков Есильского районного отделения Акмолинского областного филиала «Государственный центр по выплате пенсий» ежемесячно в размере одного месячного расчетного показателя;
      8) единовременные социальные выплаты к праздничным датам без подачи заявления, согласно списков Есильского районного отделения Акмолинского областного филиала «Государственный центр по выплате пенсий»:
      ко Дню Победы:
      участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере десяти месячных расчетных показателей;
      лицам, приравненным к участникам и инвалидам Великой Отечественной войны в размере трех месячных расчетных показателей;
      другим категориям лиц, приравненным к участникам Великой Отечественной войны в размере двух месячных расчетных показателей;
      ко Дню пожилых людей и инвалидов:
      пенсионерам, получающим минимальную пенсию в размере полуторамесячного расчетного показателя;
      инвалидам, детям - инвалидам в размере полуторамесячного расчетного показателя.
      2. Определить перечень документов, необходимых для получения социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан:
      1) онкологическим больным и больным туберкулезом:
      заявление;
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копия документа удостоверяющего местожительство;
      номер лицевого счета;
      заключение врачебной консультативной комиссии;
      2) гражданам, пострадавшим от пожара, наводнения:
      заявление;
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копия документа удостоверяющего местожительство;
      номер лицевого счета;
      справка с отдела по чрезвычайным ситуациям;
      3) женщинам в период беременности, являющимися получателями адресной социальной помощи, на дополнительное питание:
      заявление;
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копия документа удостоверяющего местожительство;
      номер лицевого счета;
      справка, подтверждающая принадлежность заявителя (семьи) к получателям адресной социальной помощи;
      справка медицинского учреждения, подтверждающая беременность;
      4) гражданам (семьям), имеющим доход ниже прожиточного минимума, нуждающимся в экстренной социальной поддержке:
      заявление;
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копия документа удостоверяющего местожительство;
      номер лицевого счета;
      сведения о доходах совместно проживающих членов семьи;
      направление органов здравоохранения на оперативное лечение;
      заключение врачебной консультативной комиссии на приобретение лекарственных препаратов;
      копия свидетельства о смерти на погребение несовершеннолетних детей;
      5) студентам из малообеспеченных, многодетных семей из сельской местности, обучающимся на очном отделении в колледжах, на оплату за обучение:
      заявление;
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копия документа удостоверяющего местожительство;
      номер лицевого счета;
      копия договора с учебным заведением;
      справка с места учебы;
      справка, подтверждающая принадлежность к данной категории;
      6) участникам и инвалидам Великой Отечественной войны на расходы за оплату коммунальных услуг и абонентской платы за услуги телефонной связи:
      заявление один раз в год;
      копия документа, удостоверяющего личность заявителя;
      копия документа удостоверяющего местожительство;
      подтверждающие документы об оплате коммунальных услуг (квитанции, чеки, накладные - ежемесячно).
      3. Признать утратившими силу:
      решение Есильского районного маслихата «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» от 20 февраля 2012 года № 2/5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-11-151, опубликовано 30 марта 2012 года в районной газете «Жаңа Есіл»);
      решение Есильского районного маслихата «О внесении изменения и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 20 февраля 2012 года № 2/5 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» от 22 июня 2012 года № 8/5 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 1-11-158, опубликовано 6 июля 2012 года в районной газете «Жаңа Есіл»);
      решение Есильского районного маслихата «О внесении изменения и дополнений в решение Есильского районного маслихата от 20 февраля 2012 года № 2/5 «Об оказании социальной помощи отдельным категориям нуждающихся граждан» от 27 ноября 2012 года № 12/4 (зарегистрировано в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов № 3561, опубликовано 11 января 2013 года в районной газете «Жаңа Есіл»).
      4. Настоящее решение вступает в силу со дня государственной регистрации в Департаменте юстиции Акмолинской области и вводится в действие со дня официального опубликования.

      Председатель
      сессии районного маслихата,
      секретарь районного маслихата              С.Кудабаев

      СОГЛАСОВАНО

      Аким Есильского района                     К.Рахметов

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 15/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2013 жылғы 27 ақпанда № 3665 болып тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 10 шілдедегі № 19/3 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 10.07.2013 № 19/3 (қол қойған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл ауданының мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
      1) онкологиялық ауруларға және туберкулезбен ауыратындарға жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) өрттен, су тасқынынан жапа шеккен азаматтарға, бір жолғы елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын әйелдерге, жүктілік кезінде, жылына бір рет қосымша тамақтануына алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен нақты жағдайлардың күшіне әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға (отбасыларына), жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде:
      жедел емдеуге (ота);
      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен бекітілген, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне кірмейтін дәрілік препараттар сатып алуға;
      кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге;
      5) колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жердегі аз қамтылғандар, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен жылына бір рет жылдық оқуының құнының мөлшерінде оқуының төлеміне;
      6) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен ай сайын жүз пайыз мөлшерінде коммуналдық қызмет ақысының шығындарын және телефон байланысының қызметі үшін абоненттік ақысын төлеуге;
      7) бұрынғы кәмелетке толмаған концлагер тұтқынында болғандарға, «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Ақмола облыстық филиалы Есіл аудандық бөлімшесінің тізімдеріне сәйкес, өтініш берусіз коммуналдық қызмет ақысының шығындарына төлеуге ай сайын бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      8) «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» Ақмола облыстық филиалы Есіл аудандық бөлімшесінің тізімдеріне сәйкес, өтініш берусіз мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік төлемдер:
      Жеңіс күніне:
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға үш айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      Қарттар және мүгедектер күніне:
      ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге, бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      мүгедектерге, мүгедек-балаларға бір жарым айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
      2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленсін:
      1) онкологиялық ауруларға және туберкулезбен ауыратындарға:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі;
      дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы;
      2) өрттен, су тасқынынан жапа шеккен азаматтарға:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі;
      төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімнен анықтама;
      3) атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын әйелдерге, жүктілік кезінде, қосымша тамақтануына:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі;
      өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушының қатарына жататындығын растайтын анықтама;
      жүктілігін растайтын, медициналық мекеменің анықтамасы;
      4) кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен нақты жағдайлардың күшіне әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға (отбасыларына):
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі;
      бірге тұратын отбасы мүшелерінің кірісі туралы мәлімет;
      жедел емдеуге денсаулық сақтау органының жолдамасы;
      дәрілік препараттар сатып алуға дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы;
      кәмелетке толмаған балаларды жерлеуге қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі;
      5) колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жердегі аз қамтылғандар, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге, оқуының төлеміне:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі;
      оқу орнымен жасаған келісім шарт көшірмесі;
      оқу орнынан анықтама;
      осы санатқа жататындығын растайтын анықтама;
      6) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызмет ақысының шығындарын және телефон байланысының қызметі үшін абоненттік ақысын төлеуге:
      жылына бір рет өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
      коммуналдық қызметтің төленгендігін растайтын құжаттар (түбіртектер, чектер, жүкқұжаттар – ай сайын).
      3. Күші жойылды деп танылсын:
      «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-11-151 тіркелген, 2012 жылғы 30 наурызда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) Есіл аудандық мәслихатының шешімі;
      «Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 22 маусымдағы № 8/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1-11-158 тіркелген, 2012 жылғы 6 шілдеде аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) Есіл аудандық мәслихатының шешімі;
      «Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 27 қазандағы № 12/4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3561 тіркелген, 2013 жылғы 11 қаңтарда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) Есіл аудандық мәслихатының шешімі.
      4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы,
      аудандық мәслихат хатшысы                  С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Есіл ауданының әкімі                       Қ.Рахметов