Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 "Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 22 маусымдағы № 8/5 шешімі. Ақмола облысы Есіл ауданының Әділет басқармасында 2012 жылғы 4 шілдеде № 1-11-158 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 15/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 29.01.2013 № 15/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

       РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография мен пунктуация сақталған.
      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-151 тіркелген, 2012 жылғы 30 наурызда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақтың 1) тармақшасындағы екінші азат жол жаңа редакцияда баяндалсын:
      «онкологиялық ауруларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және туберкулезбен ауыратындарға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;»;
      1 тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын әйелдерге, жүктілік мерзімінде қосымша тамақтануына алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет.»;
      2 тармақ келесі мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
      «10) атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын әйелдерге, жүктілік мерзімінде қосымша тамақтануына:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      ӘЖК көшірмесі;
      СТН көшірмесі;
      жеке шотының нөмірі;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушының қатарына жататындығын растайтын анықтама;
      жүктілігін растайтын, медициналық мекеменің анықтамасы.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрайымы                       Т.Жүсіпова

      Аудандық мәслихат
      хатшысы                                    С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Есіл ауданының әкімі                       Қ.Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады