"Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы" 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 Есіл аудандық мәслихатының шешіміне өзгеріс және толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012 жылғы 27 қарашадағы № 12/4 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2012 жылғы 27 желтоқсанда № 3561 тіркелді. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2013 жылғы 29 қаңтардағы № 15/4 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 29.01.2013 № 15/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      РҚАО ескертпесі:
      Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына, «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 2012 жылға коммуналдық қызмет шығындарына әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қосымша шаралар туралы» Ақмола облысы әкімдігінің 2012 жылғы 9 ақпандағы № А-2/59 қаулысына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Есіл аудандық мәслихатының «Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2012 жылғы 20 ақпандағы № 2/5 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-151 тіркелген, 2012 жылғы 30 наурызда аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс және толықтырулар енгізілсін:
      1 тармақтың 8) тармақшасындағы екінші азат жол алынып тасталсын;
      1 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен ай сайын жүз пайыз мөлшерде коммуналдық қызмет ақысының шығындарын өтеуге.»;
      2 тармақ келесі мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
      «11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызмет ақысының шығындарын өтеуге:
      өтініш;
      өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
      тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
      коммуналдық қызметтің төленгендігін растайтын құжаттардың (түбіртектер, чектер, жүкқұжаттар) көшірмесі.».
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


      Аудандық мәслихат
      сессиясының төрағасы                       В.Казимиров

      Аудандық
      мәслихат хатшысы                           С.Құдабаев

      КЕЛІСІЛДІ

      Есіл ауданының әкімі                       Қ.Рахметов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады