Ескерту. Күші жойылды - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 29.01.2013 № 15/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
РҚАО ескертпесі:
Мәтінде авторлық орфография және пунктуация сақталған.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңының 6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 сәуірдегі № 394 қаулысымен бекітілген, «Жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау және төлеу» мемлекеттік қызмет стандартына сәйкес, Есіл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Есіл ауданының мұқтаж азаматтарының жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетілсін:
1) нақты жағдайлардың күшіне шұғыл әлеуметтік көмекті қажет ететін отбасыларға (азаматтарға):
онкологиялық ауруларға бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде және туберкулезбен ауыратындарға сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, нақты жағдайлардың күшіне әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға, жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
төтенше жағдайларда, өрт, су басу, және басқа табиғи немесе техногенді сипаттағы апат салдарында – бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш көлемінде;
2) мүгедектерге емделуіне немесе санаторлық-курорттық емделуін төлеуге жылына бір рет он бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) зейнеткерлерге 80, 90, 100 жас мерейтой күндеріне жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлердегі аз қамтылғандар, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге жылына бір рет жылдық оқуының құнының мөлшерінде оқуының төлеміне;
5) колледждердің және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімде оқитын мүгедек-студенттерге, жылына бір рет жылдық оқуының құнының мөлшерінде оқуының төлеміне;
6) колледждердің және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімде оқитын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-студенттерге, жылына бір рет жылдық оқуының құнының мөлшерінде оқуының төлеміне;
7) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқандарға, емделуіне жылына бір рет бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
8) ай сайын зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың тізімдеріне сәйкес, өтініш берусіз коммуналдық қызметтеріне:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне 2,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9) зейнетақы төлеу жөніндегі Мемлекеттік орталықтың тізімдеріне сәйкес, өтініш берусіз мерекелік күндерге біржолғы әлеуметтік төлемдер:
8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне «Алтын Алқа», «Күміс Алқа» алқаларымен марапатталған көп балалы аналарға, бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
9 мамыр Жеңіс күніне:
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне он бес мың теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген тұлғаларға бес мың теңге мөлшерінде;
Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген тұлғалардың басқа санаттарына үш мың теңге мөлшерінде;
Балаларды қорғау күніне - 16 жасқа дейінгі мүгедек балаларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
Қарттар және мүгедектер күніне - ең төменгі зейнетақы алатын зейнеткерлерге және 1, 2, 3 топтар мүгедектеріне екі мың теңге мөлшерінде;
10) атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын әйелдерге, жүктілік мерзімінде қосымша тамақтануына алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жылына бір рет;
11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына облыстық бюджеттен бөлінетін трансферттер есебінен ай сайын жүз пайыз мөлшерде коммуналдық қызмет ақысының шығындарын өтеуге.
Ескерту. 1 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.06.22 № 8/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.11.27 № 12/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
2. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек алу үшін қажетті құжаттар тізбесі белгіленсін:
1) онкологиялық ауруларға және туберкулезбен ауыратындарға:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы;
әлеуметтік жеке кодын беру туралы куәлігінің көшірмесі (әрі-қарай-ӘЖК);
салық төлеушінің тіркеу нөмірі куәлігінің көшірмесі (әрі-қарай-СТН);
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
2) кірісі ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасынан төмен, нақты жағдайлардың күшіне әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтарға:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
отбасы мүшелерінің кірісі туралы мәлімет;
тұрмыстық – материалдық жағдайын тексеру актісі;
3) төтенше жағдайларда, өрт, су басу, және басқа табиғи немесе техногенді сипаттағы апат салдарында:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінен анықтама;
4) мүгедектерге емделуіне немесе санаторлық-курорттық емделуін төлеуге:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
емханалық емделуде болғаны немесе шығару эпикризі туралы медициналық мекеменің анықтамасы;
5) зейнеткерлерге 80, 90, 100 жас мерейтой күндеріне:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
6) колледждердің күндізгі бөлімінде оқитын ауылдық жерлердегі аз қамтылғандар, көп балалы отбасыларынан шыққан студенттерге оқуының төлеміне:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оқу орнымен жасаған келісім шарт көшірмесі;
оқу орнынан анықтама;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін растайтын құжаттың көшірмесі;
7) колледждердің және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімде оқитын мүгедек-студенттерге оқуының төлеміне:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оқу орнымен жасаған келісім шарт көшірмесі;
оқу орнынан анықтама;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
8) колледждердің және жоғары оқу орындарының күндізгі бөлімде оқитын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жетім-студенттерге оқуының төлеміне:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
оқу орнымен жасаған келісім шарт көшірмесі;
оқу орнынан анықтама;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
ата-анасының өлім туралы куәліктерінің көшірмесі;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектеріне, Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарынан мүгедек болған тұлғаларға, сондай-ақ азаматтық немесе әскери мақсаттағы объектілердегі басқа да радиациялық апаттар мен авариялардың зардаптарын жоюға қатысқан, сондай-ақ ядролық сынақтар мен жаттығуларға тікелей қатысқандарға емделуіне:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
дәрігерлік кеңес комиссиясының қорытындысы;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
соғысқа қатысушының куәлігінің көшірмесі немесе Чернобыль атом электр станциясындағы апат салдарын жоюға қатысқанын растайтын куәлігінің көшірмесі;
10) атаулы әлеуметтік көмек алушы болып табылатын әйелдерге, жүктілік мерзімінде қосымша тамақтануына:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
ӘЖК көшірмесі;
СТН көшірмесі;
жеке шотының нөмірі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
өтініш берушінің (отбасының) атаулы әлеуметтік көмек алушының қатарына жататындығын растайтын анықтама;
жүктілігін растайтын, медициналық мекеменің анықтамасы;
11) Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларына коммуналдық қызмет ақысының шығындарын өтеуге:
өтініш;
өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
тұратын жерін тіркеуді растайтын құжаттың көшірмесі;
коммуналдық қызметтің төленгендігін растайтын құжаттардың (түбіртектер, чектер, жүкқұжаттар) көшірмесі.
Ескерту. 2 тармаққа өзгеріс енгізілді - Ақмола облысы Есіл аудандық мәслихатының 2012.06.22 № 8/5 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі); 2012.11.27 № 12/4 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімдерімен.
3. Күші жойылды деп танылсын:
«Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 24/6 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-118 тіркелген, 2010 жылғы 28 мамырдағы № 21 аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) Есіл аудандық мәслихатының шешімі;
«Есіл аудандық мәслихатының 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 24/6 «Қажет ететін азаматтардың жеке категорияларына әлеуметтік көмек көрсету туралы» шешіміне өзгерту мен толықтырулар енгізу туралы» 2010 жылғы 21 шілдедегі № 27/8 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 1-11-126 тіркелген, 2010 жылғы 10 қыркүйектегі № 36 аудандық «Жаңа Есіл» газетінде жарияланған) Есіл аудандық мәслихатының шешімі.
4. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы Б.Мұхаметжанов
Аудандық мәслихат
хатшысы С.Құдабаев
КЕЛІСІЛДІ
Есіл ауданының әкімі Қ.Рахметов