Об утверждении Единых правил осуществления государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан

Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 19 февраля 2015 года № 110. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 26 марта 2015 года № 10525.

      В соответствии с подпунктом 10-12) статьи 10-2 Закона Республики Казахстан "О жилищных отношениях" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Утвердить прилагаемые Единые правила осуществления государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан.

      2. Комитету по делам строительства, жилищно-коммунального хозяйства и управления земельными ресурсами Министерства национальной экономики Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) государственную регистрацию настоящего приказа в Министерстве юстиции Республики Казахстан;

      2) в течение десяти календарных дней после государственной регистрации настоящего приказа его направление на официальное опубликование в периодических печатных изданиях и в информационно-правовой системе "Әділет";

      3) размещение настоящего приказа на интернет-ресурсе Министерства национальной экономики Республики Казахстан.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на курирующего вице-министра национальной экономики Республики Казахстан.

      4. Настоящий приказ вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

Министр

Е.Досаев


  Утверждены
приказом Министра
национальной экономики
Республики Казахстан
от 19 февраля 2015 года № 110

Единые
правила осуществления государственного учета
жилищного фонда Республики Казахстан
1. Общие положения

      1. Настоящие Единые правила осуществления государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан (далее - Правила) разработаны в соответствии с подпунктом 10-12) статьи 10-2 Закона Республики Казахстан от 16 апреля 1997 года "О жилищных отношениях" и Закона Республики Казахстан от 19 марта 2010 года "О государственной статистике" и определяют единый порядок осуществления государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан.

      2. Основной задачей государственного учета жилищного фонда Республики Казахстан является получение информации о наличии, местоположении, количественном и качественном составе, техническом состоянии, уровне благоустройства и стоимости жилищ всех форм собственности и изменении этих показателей.

      3. Жилищный фонд - находящиеся на территории Республики Казахстан жилища всех форм собственности. Жилищный фонд Республики Казахстан включает частный и государственный жилищные фонды.

      4. В жилищный фонд не входят нежилые помещения в жилых домах.

2. Государственный учет жилищного фонда
Республики Казахстан

      5. Государственный учет жилищного фонда осуществляется путем ведения статистического регистра жилищного фонда, формируемого на основе данных из Государственной базы данных "Регистр недвижимости" Министерства юстиции Республики Казахстан (далее - ГБД РН), из местных исполнительных органов по аварийности домов, похозяйственного учета в населенных пунктах и общегосударственных статистических наблюдений.

      6. Разработка методических рекомендаций по ведению статистического регистра жилищного фонда, а также его ведение возлагается на Комитет по статистике Министерства национальной экономики Республики Казахстан (далее - Комитет).

      7. Перечень информации, содержащейся в статистическом регистре жилищного фонда, приведен в приложении 1 к настоящим Правилам.

      8. Перечень информации, подлежащей передаче из ГБД РН в Комитет, приведен в приложении 2 к настоящим Правилам.

      9. Для передачи информации из ГБД РН в Комитет используется единая транспортная среда государственных органов. Передача информации осуществляется ежедневно.

      10. Перечень информации, подлежащей обновлению в статистическом регистре жилищного фонда на основании регистрационных записей похозяйственного учета, приведен в приложении 3 к настоящим Правилам.

      11. Внесение изменений в статистический регистр жилищного фонда на основании информации из местных исполнительных органов по аварийности домов и общегосударственных статистических наблюдений производится в сроки, согласно плану статистических работ на соответствующий год, утверждаемому уполномоченным органом.

      12. Статистическая информация о состоянии жилищного фонда подлежит распространению в соответствии с планом статистических работ на соответствующий год, утверждаемым уполномоченным органом.

      13. Конфиденциальность информации, содержащейся в статистическом регистре жилищного фонда, гарантируется в соответствии с законодательством Республики Казахстан в области государственной статистики.

  Приложение 1
к Единым правилам
государственного
учета жилищного фонда
Республики Казахстан

Перечень
информации, содержащейся
в статистическом регистре жилищного фонда

      1. Адрес объекта

      2. Код КАТО

      3. Кадастровый номер

      4. Год ввода в эксплуатацию

      5. Код РКА

      6. Ситуация дома

      7. Этажность

      8. Тип жилого дома

      9. Материал стен

      10. Причина выбытия дома

      11. Количество квартир

      12. Количество жилых квартир

      13. Наличие электроплиты

      14. Наличие газа сетевого

      15. Наличие газа сжиженного

      16. Наличие отопления от ТЭЦ

      17. Наличие отопления печного

      18. Наличие отопления от индивидуальной установки

      19. Наличие горячего водоснабжения

      20. Наличие горячего водоснабжения от индивидуальных водонагревателей

      21. Наличие водопровода

      22. Наличие канализации

      23. Наличие ванны или душа

      24. Наличие электричества

      25. Номер квартиры

      26. Ситуация квартиры

      27. Этаж

      28. Количество комнат

      29. Количество проживающих

      30. Количество домохозяйств

      31. Общая площадь жилища

      32. Жилая площадь жилища

      33. Вид собственности

      34. Сумма сделки по договору купли-продажи

      35. Сумма сделки по договору купли-продажи на дату

      36. Стоимость для целей налогообложения

      37. Дата проведения оценки для целей налогообложения

  Приложение 2
к Единым правилам
государственного
учета жилищного фонда
Республики Казахстан

Перечень информации, подлежащей передаче из ГБД РН
в Комитет по статистике

      Сведения о жилых домах

      1. Адрес объекта

      2. Код КАТО

      3. Код РКА

      4. Кадастровый номер

      5. Материалы наружных стен

      6. Год ввода в эксплуатацию

      7. Этажность

      8. Количество квартир

      9. Количество жилых квартир

      10. Наличие электроплиты

      11. Наличие газа сетевого

      12. Наличие отопления от ТЭЦ

      13. Наличие отопления печного

      14. Наличие отопления от индивидуальной установки

      15. Наличие горячего водоснабжения

      16. Наличие горячего водоснабжения от индивидуальных водонагревателей

      17. Наличие водопровода

      18. Наличие канализации

      19. Наличие ванны или душа

      Сведения о жилых помещениях (квартирах)

      1. Код РКА

      2. Кадастровый номер

      3. Номер квартиры

      4. Правообладатели

      5. Этаж

      6. Количество комнат

      7. Общая площадь жилища

      8. Жилая площадь жилища

      9. Форма собственности

      10. Сумма сделки по договору купли-продажи

      11. Дата сделки

      12. Стоимость для целей налогообложения

      13. Дата проведения оценки для целей налогообложения

  Приложение 3
к Единым правилам
государственного
учета жилищного фонда
Республики Казахстан

Перечень
информации, подлежащей обновлению
в статистическом регистре жилищного фонда
на основании регистрационных записей
похозяйственного учета

      1. Адрес объекта

      2. Тип жилого дома

      3. Вид собственности

      4. Количество комнат

      5. Материалы наружных стен жилого дома

      6. Наличие электроплиты

      7. Наличие газа сетевого

      8. Наличие газа сжиженного

      9. Наличие отопления от ТЭЦ

      10. Наличие отопления печного

      11. Наличие отопления от индивидуальной установки

      12. Наличие горячего водоснабжения

      13. Наличие горячего водоснабжения от индивидуальных водонагревателей

      14. Наличие водопровода

      15. Наличие канализации

      16. Наличие ванны или душа

      17. Наличие электричества

      18. Общая площадь жилища

      19. Жилая площадь жилища

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10525 тіркелді.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң күнтiзбелiк он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-12) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай тәртібін айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алудың негізгі міндеті барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлердің болуы, орналасқан орны, сандық және сапалық құрамы, техникалық жағдайы, абаттандыру деңгейі мен құны және осы көрсеткіштердің өзгерістері туралы ақпарат алу болып табылады.

      3. Тұрғын үй қоры – Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын үй. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.

      4. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайлар кірмейді.

2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу

      5. Тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Жылжымайтын мүлік тіркелімі" мемлекеттік дерекқорының (бұдан әрі – ЖМТ МДҚ), авариялық үйлер бойынша жергілікті орындаушы органдардың деректері негізінде қалыптасатын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін, елді мекендерде әр шаруашылық бойынша есепке алуды және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      6. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу, сондай-ақ оны жүргізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жүктеледі.

      7. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

      8. Комитетке ЖМТ МДҚ-дан берілуге жататын ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

      9. Комитетке ЖМТ МДҚ-дан ақпараттар беру үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы пайдаланылады. Ақпараттарды беру күн сайын жүзеге асырылады.

      10. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбалары негізінде тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      11. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміне жергілікті атқарушы органдардың авариялық үйлер және жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулары бойынша ақпаратының негізінде өзгерістер енгізу уәкілетті орган бекіткен тиісті жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мерзімдерде жүргізіледі.

      12. Тұрғын үй қорының жай-күйі туралы статистикалық ақпарат уәкілетті орган бекітетін тиісті жылға арналған статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес таратылуға жатады.

      13. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттың құпиялылығына Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес кепілдік беріледі.

  Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алуды жүзеге асырудың
бірыңғай қағидаларына
1-қосымша

Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар тізбесі

      1. Объектінің мекенжайы

      2. Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуішінің коды

      3. Қадастрлық нөмірі

      4. Пайдалануға берілген жылы

      5. Мекенжайдың тіркеу коды

      6. Үйдің жағдайы

      7. Қабаттылығы

      8. Тұрғын үй типі

      9. Қабырғаларының материалы

      10. Үйдің істен шығу себебі

      11. Пәтерлер саны

      12. Тұрғын пәтерлер саны

      13. Электр плитасының болуы

      14. Газ желісінің болуы

      15. Сұйытылған газдың болуы

      16. ЖЭО-дан жылытудың болуы

      17. Пешпен жылытудың болуы

      18. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы

      19. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      20. Жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      21. Су құбырының болуы

      22. Кәріздің болуы

      23. Ваннаның немесе себезгінің болуы

      24. Электрдің болуы

      25. Пәтердің нөмірі

      26. Пәтердің жай-күйі

      27. Қабаты

      28. Бөлмелер саны

      29. Тұрғындар саны

      30. Үй шаруашылықтары саны

      31. Тұрғын үйдің жалпы алаңы

      32. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы

      33. Меншік түрі

      34. Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы

      35. Сатып алу-сату шарты жасалған күнгі мәміле сомасы

      36. Салық салу мақсатындағы құны

      37. Салық салу мақсатында бағалау жүргізілген күн

  Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алуды жүзеге асырудың
бірыңғай қағидаларына
2-қосымша

Статистика комитетіне ЖМТ МДҚ–дан беруге жататын ақпараттар тізбесі

      Тұрғын үй туралы мәліметтер

      1. Объектінің мекенжайы

      2. Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуішінің коды

      3. Мекенжайдың тіркеу коды

      4. Кадастрлық нөмірі

      5. Сыртқы қабырғасының материалдары

      6. Пайдалануға берілген жылы

      7. Қабаттылығы

      8. Пәтерлер саны

      9. Тұрғын пәтерлер саны

      10. Электр плитасының болуы

      11. Газ желісінің болуы

      12. ЖЭО-дан жылытудың болуы

      13. Пешпен жылытудың болуы

      14. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы

      15. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      16. Жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      17. Су құбырының болуы

      18. Кәріздің болуы

      19. Ванна немесе себезгінің болуы

      Тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы мәліметтер

      1. Мекенжайдың тіркеу коды

      2. Кадастрлық нөмірі

      3. Пәтердің нөмірі

      4. Құқық иелері

      5. Қабаты

      6. Бөлмелер саны

      7. Тұрғын үйдің жалпы алаңы

      8. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы

      9. Меншік нысаны

      10. Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы

      11. Мәміле күні

      12. Салық салу мақсатындағы құны

      13. Салық салу мақсатында бағалау жүргізілген күн

  Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын мемлекеттік
есепке алуды жүзеге асырудың
бірыңғай қағидаларына
3-қосымша

Әр шаруашылық бойынша тіркеу жазбалары негізінде тұрғын
үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуға жататын
ақпараттар тізбесі

      1. Объектінің мекенжайы

      2. Тұрғын үй типі

      3. Меншік түрі

      4. Бөлмелер саны

      5. Тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларының материалы

      6. Электр плитасының болуы

      7. Газ желісінің болуы

      8. Сұйытылған газдың болуы

      9. ЖЭО-дан жылытудың болуы

      10. Пешпен жылытудың болуы

      11. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы

      12. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      13. Жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      14. Су құбырының болуы

      15. Кәріздің болуы

      16. Ванна немесе себезгінің болуы

      17. Электрдің болуы

      18. Тұрғын үйдің жалпы алаңы

      19. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы