Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 110 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 наурызда № 10525 тіркелді.

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қоса беріліп отырған қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген соң күнтiзбелiк он күн ішінде мерзімдік баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануын;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау салаға жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Е. Досаев


  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 19 ақпандағы
№ 110 бұйрығымен
бекітілген

Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-12) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алудың негізгі міндеті барлық меншік нысанындағы тұрғын үйлердің болуы, орналасқан орны, сандық және сапалық құрамы, техникалық жағдайы, абаттандыру деңгейі мен құны және осы көрсеткіштердің өзгерістері туралы ақпарат алу болып табылады.

      3. Тұрғын үй қоры – Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық меншік нысанындағы тұрғын үй. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қоры жеке және мемлекеттік тұрғын үй қорларын қамтиды.

      4. Тұрғын үй қорына тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайлар кірмейді.

2. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу

      5. Тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ), үйлердің апаттығы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен елді мекендердегі шаруашылық бойынша есепке алудан және жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардан әкімшілік деректер негізінде қалыптастырылатын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Тұрғын үй қоры статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшада келтірілген.

      8. Бюроға ЖМБМК АЖ-ден берілуге жататын ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Бюроға ЖМБМК АЖ-ден ақпараттар беру үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы пайдаланылады. Ақпараттарды беру күн сайын жүзеге асырылады.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10. Әр шаруашылық бойынша есепке алудың тіркеу жазбалары негізінде тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуға жататын ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшада келтірілген.

      10-1. Жергілікті атқарушы органдардан үйлердің апаттылығы туралы Бюроға ұсынылатын ақпараттардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.

      Ескерту. Қағидалар 10-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміне жергілікті атқарушы органдардан үйлердің апаттылығы және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша ақпарат негізінде өзгерістер енгізу "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тұрғын үй қорының жай-күйі туралы статистикалық ақпарат "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес таратылуға жатады.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттың құпиялылығына Қазақстан Республикасының мемлекеттік статистика саласындағы заңнамасына сәйкес кепілдік беріледі.

  Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын есепке алуды жүзеге асырудың қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміндегі ақпараттар тізбесі

      Ескерту. 1-қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Объектінің мекенжайы

      2. Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуішінің коды

      3. Қадастрлық нөмірі

      4. Пайдалануға берілген жылы

      5. Мекенжайдың тіркеу коды

      6. Үйдің жағдайы

      7. Қабаттылығы

      8. Тұрғын үй типі

      9. Қабырғаларының материалы

      10. Үйдің істен шығу себебі

      11. Пәтерлер саны

      12. Тұрғын пәтерлер саны

      13. Электр плитасының болуы

      14. Газ желісінің болуы

      15. Сұйытылған газдың болуы

      16. ЖЭО-дан жылытудың болуы

      17. Пешпен жылытудың болуы

      18. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы

      19. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      20. Жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      21. Су құбырының болуы

      22. Кәріздің болуы

      23. Ваннаның немесе себезгінің болуы

      24. Электрдің болуы

      25. Пәтердің нөмірі

      26. Пәтердің жай-күйі

      27. Қабаты

      28. Бөлмелер саны

      29. Тұрғындар саны

      30. Үй шаруашылықтары саны

      31. Тұрғын үйдің жалпы алаңы

      32. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы

      33. Меншік түрі

      34. Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы

      35. Сатып алу-сату шарты жасалған күнгі мәміле сомасы

      36. Салық салу мақсатындағы құны

      37. Салық салу мақсатында бағалау жүргізілген күн

      38. Үй санаты

      39. үй жайдың түрі

      40. пәтердің мекен жайының тіркеу коды

  Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын есепке алуды жүзеге асырудың қағидаларына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Статистика комитетіне ЖМТ МДҚ–дан беруге жататын ақпараттар тізбесі

      Тұрғын үй туралы мәліметтер

      1. Объектінің мекенжайы

      2. Әкімшілік-аумақтық обьектілер жіктеуішінің коды

      3. Мекенжайдың тіркеу коды

      4. Кадастрлық нөмірі

      5. Сыртқы қабырғасының материалдары

      6. Пайдалануға берілген жылы

      7. Қабаттылығы

      8. Пәтерлер саны

      9. Тұрғын пәтерлер саны

      10. Электр плитасының болуы

      11. Газ желісінің болуы

      12. ЖЭО-дан жылытудың болуы

      13. Пешпен жылытудың болуы

      14. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы

      15. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      16. Жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      17. Су құбырының болуы

      18. Кәріздің болуы

      19. Ванна немесе себезгінің болуы

      Тұрғын үй-жайлар (пәтерлер) туралы мәліметтер

      1. Мекенжайдың тіркеу коды

      2. Кадастрлық нөмірі

      3. Пәтердің нөмірі

      4. Құқық иелері

      5. Қабаты

      6. Бөлмелер саны

      7. Тұрғын үйдің жалпы алаңы

      8. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы

      9. Меншік нысаны

      10. Сатып алу-сату шарты бойынша мәміле сомасы

      11. Мәміле күні

      12. Салық салу мақсатындағы құны

      13. Салық салу мақсатында бағалау жүргізілген күн

  Қазақстан Республикасының
тұрғын үй қорын есепке алуды жүзеге асырудың қағидаларына
3-қосымша

      Ескерту. 3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы жаңа редакцияда - ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 15.04.2025 № 126 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Әр шаруашылық бойынша тіркеу жазбалары негізінде тұрғын
үй қорының статистикалық тіркелімін жаңартуға жататын
ақпараттар тізбесі

      1. Объектінің мекенжайы

      2. Тұрғын үй типі

      3. Меншік түрі

      4. Бөлмелер саны

      5. Тұрғын үйдің сыртқы қабырғаларының материалы

      6. Электр плитасының болуы

      7. Газ желісінің болуы

      8. Сұйытылған газдың болуы

      9. ЖЭО-дан жылытудың болуы

      10. Пешпен жылытудың болуы

      11. Жеке қондырғыдан жылытудың болуы

      12. Ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      13. Жеке су жылытқыштардан ыстық сумен жабдықтаудың болуы

      14. Су құбырының болуы

      15. Кәріздің болуы

      16. Ванна немесе себезгінің болуы

      17. Электрдің болуы

      18. Тұрғын үйдің жалпы алаңы

      19. Тұрғын үйдің тұрғын алаңы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады