БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 ақпандағы № 110 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10525 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
осы бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қағидаларын бекіту туралы";
осы бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қоса беріліп отырған қағидалары бекітілсін";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың бірыңғай қағидаларында:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қағидалары";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асырудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 10-12) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алуды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Тұрғын үй қорын мемлекеттік есепке алу "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесінен (бұдан әрі – ЖМБМК АЖ), үйлердің апаттығы жөніндегі жергілікті атқарушы органдардан, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінен елді мекендердегі шаруашылық бойынша есепке алудан және жалпы мемлекеттік статистикалық байқаулардан әкімшілік деректер негізінде қалыптастырылатын тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу арқылы жүзеге асырылады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркелімін жүргізу жөніндегі әдістемелік ұсынымдарды әзірлеуді "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 12-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органдар жүргізеді.";
8 және 9-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бюроға ЖМБМК АЖ-ден берілуге жататын ақпараттар тізбесі осы Қағидаларға 2-қосымшада келтірілген.
9. Бюроға ЖМБМК АЖ-ден ақпараттар беру үшін мемлекеттік органдардың бірыңғай көліктік ортасы пайдаланылады. Ақпараттарды беру күн сайын жүзеге асырылады.";
11 және 12-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"11. Тұрғын үй қорының статистикалық тіркеліміне жергілікті атқарушы органдардан үйлердің апаттылығы және жалпымемлекеттік статистикалық байқаулар бойынша ақпарат негізінде өзгерістер енгізу "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес мерзімдерде жүзеге асырылады".
12. Тұрғын үй қорының жай-күйі туралы статистикалық ақпарат "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабына сәйкес мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган бекіткен статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес таратылуға жатады.";
1-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын есепке алуды жүзеге асырудың қағидаларына 1-қосымша"; |
2-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын есепке алуды жүзеге асырудың қағидаларына 2-қосымша"; |
3-қосымшаның оң жақ жоғарғы бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының тұрғын үй қорын есепке алуды жүзеге асырудың қағидаларына 3-қосымша"; |
1-қосымша келесі мазмұндағы 38, 39, 40 тармақтармен толықтырылсын:
"38. Үй санаты
39. үй жайдың түрі
40. пәтердің мекен жайының тіркеу коды";
келесі мазмұндағы 10-1 тармақпен толықтырылсын:
"10-1. Жергілікті атқарушы органдардан үйлердің апаттылығы туралы Бюроға ұсынылатын ақпараттардың тізбесі осы Қағидаларға 4-қосымшада келтірілген.".;
осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрі |
Е. Нагаспаев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттігі
Ұлттық статистика бюросы