О внесении изменения в постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 24 марта 2016 года № 80 "Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции, по которой устанавливаются гарантированная закупочная цена и закупочная цена"

Постановление Восточно-Казахстанского областного акимата от 29 марта 2017 года № 78. Зарегистрировано Департаментом юстиции Восточно-Казахстанской области 25 апреля 2017 года № 4977. Утратило силу постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 25 мая 2020 года № 168

      Сноска. Утратило силу постановлением Восточно-Казахстанского областного акимата от 25.05.2020 № 168 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ.
      В тексте документа сохранена пунктуация и орфография оригинала.

      В соответствии с подпунктом 5) пункта 1 статьи 27 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 12-6) пункта 2 статьи 7 Закона Республики Казахстан от 8 июля 2005 года "О государственном регулировании развития агропромышленного комплекса и сельских территорий", в целях реализации приказа Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 26 ноября 2014 года № 3-2/615 "Об утверждении Правил субсидирования затрат перерабатывающих предприятий на закуп сельскохозяйственной продукции для производства продуктов ее глубокой переработки" (зарегистрированного в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 10087), Восточно-Казахстанский областной акимат ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Восточно-Казахстанской областного акимата "Об утверждении норматива субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции, по которой устанавливаются гарантированная закупочная цена и закупочная цена" от 24 марта 2016 года № 80 (зарегистрированное в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за номером 4491, опубликованное в газетах "Дидар" от 13 мая 2016 года № 54 (17294), "Рудный Алтай" от 12 мая 2016 года № 54 (19806) следующее изменение:

      приложение к указанному постановлению изложить в новой редакции согласно приложению к настоящему постановлению.

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Исполняющий обязанности акима
      Восточно-Казахстанской области Н. Сактаганов

  Приложение к постановлению
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от "29" марта 2017 года № 78
  Утвержден постановлением
Восточно-Казахстанского
областного акимата
от "24" марта 2016 года № 80

Норматив субсидий закупаемой сельскохозяйственной продукции, по которой устанавливаются гарантированная закупочная цена и закупочная цена

   № п/п

Наименование сельскохозяйственной продукции

Наименование продуктов глубокой переработки

Норматив субсидий на единицу закупаемой сельскохозяйственной продукции, тенге/л и тенге/кг

1

Молоко

Сливочное масло

12,0

2

Молоко

Сыр твердый

20,0


"Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 80 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 78 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2017 жылғы 25 сәуірде № 4977 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 мамырдағы № 168 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.05.2020 № 168 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына сәйкес, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10087) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1."Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4491, 2016 жылғы 13 мамырда "Дидар" № 54 (17294), 2016 жылғы 12 мамырда "Рудный Алтай" № 54 (19806) газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      аталған қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шығыс Қазақстан облысы
      әкімінің міндетін атқарушы Н.Сақтағанов

  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2017 жылғы "29" наурыз
№ 78 қаулысына қосымша
  Шығыс
Қазақстан облысы әкімдігінің
2016 жылғы 24 наурыздағы
№ 80 қаулысына қосымша

Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі

   р/с

Ауылшаруашылық өнімінің атауы

Терең өңделетін өнімдердің атауы

Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/л және теңге/кг

1

Сүт

Сары май

12,0

2

Сүт

Ірімшік

20,0