Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 25.05.2020 № 168 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына сәйкес, "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 10087) бұйрығын іске асыру мақсатында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1."Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 80 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4491, 2016 жылғы 13 мамырда "Дидар" № 54 (17294), 2016 жылғы 12 мамырда "Рудный Алтай" № 54 (19806) газеттерінде жарияланды) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған қаулыға қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы | |
әкімінің міндетін атқарушы | Н.Сақтағанов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы "29" наурыз № 78 қаулысына қосымша |
|
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 80 қаулысына қосымша |
Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі
р/с | Ауылшаруашылық өнімінің атауы | Терең өңделетін өнімдердің атауы | Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/л және теңге/кг |
---|---|---|---|
1 | Сүт | Сары май | 12,0 |
2 | Сүт | Ірімшік | 20,0 |