ЗҚАИ-ның ескертпесі.
Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 10087 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген Өңдеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларының 11-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2020 жылға ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы қаулының 2 қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің кейбір қаулылары күші жойылды деп танылсын.
3. Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан облысы әкімі | Д. Ахметов |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 мамыры № 168 қаулыға 1 қосымша |
2020 жылға ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативі
р/с № | Ауылшаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделетін өнімдердің атауы | Сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің бірлігіне субсидиялар нормативі, теңге/л және теңге/кг |
1 | Сүт | Сары май | 30 |
2 | Сүт | Ірімшік | 11 |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2020 жылғы 25 мамыры № 168 қаулыға 2 қосымша |
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігің күшін жоюға жататын қаулыларының тізбесі
1. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 80 "Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіру үшін оны сатып алуға арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4491 болып тіркелген, 2016 жылғы 28 сәуірде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2016 жылғы 3 мамырда "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 13 мамырда "Дидар", 2016 жылғы 12 мамырда "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
2. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2017 жылғы 29 наурыздағы № 78 "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 80 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 4977 болып тіркелген, 2017 жылғы 5 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2017 жылғы 4 мамырда "Дидар" және"Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысы.
3. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2019 жылғы 20 мамырдағы № 170 "Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 24 наурыздағы № 80 "Кепілдендірілген сатып алу бағасы мен сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірі 5961 болып тіркелген, 2019 жылғы 28 мамырда Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде, 2019 жылғы 6 маусымда "Дидар" және "Рудный Алтай" газеттерінде жарияланған) қаулысы.